Банк менеджментін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және принциптері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 БАНК МЕНЕДЖМЕНТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 4
1.1 Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері 4
1.2 Банк менеджментінің негізгі бағыттары 6

2 БАНКТЕРДЕГІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНЕ СИПАТТАМА 9
2.1 Банктердегі басқаруды ұйымдастыру 9
2.2 Банктерді басқару принциптері 11

3 БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 13

ҚОРЫТЫНДЫ 15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16
КІРІСПЕ

Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.
Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.
Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Сонымен менеджменттің басты ұғымы – бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялдық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менедждмент қабылддаған кез келген әрекет, кез келген шешім – бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне,басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады.Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұтмыс істесе,онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес,басшыларын ауыстырады.
Сонымен,менеджмент дегеніміз - ұжым (коллектив)жұмысын ұйымдастыру.Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда,қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды,олардың жұмысын жандандыруды,әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2010 ж.
2. Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2009 ж.
3. Бердалиев К. Менеджмент: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2011 ж.
4.Финансовый менеджмент: Учебник /Под ред.Павлова Л.Н.-М.:ЮНИТИ,2011г. - 269с.
5. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3
1
1.1
1.2
БАНК МЕНЕДЖМЕНТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері
Банк менеджментінің негізгі бағыттары
4
4
6

2
2.1
2.2

3
БАНКТЕРДЕГІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНЕ СИПАТТАМА Банктердегі басқаруды ұйымдастыру
Банктерді басқару принциптері

БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
9
9
11

13

15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

16

КІРІСПЕ

Менеджмент - ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.
Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.
Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Сонымен менеджменттің басты ұғымы - бұл басшылық.
Менеджмент ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялдық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менедждмент қабылддаған кез келген әрекет, кез келген шешім - бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне,басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады.Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұтмыс істесе,онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес,басшыларын ауыстырады.
Сонымен,менеджмент дегеніміз - ұжым (коллектив)жұмысын ұйымдастыру.Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда,қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды,олардың жұмысын жандандыруды,әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

1 БАНК МЕНЕДЖМЕНТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
0.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері

Банктік менеджмент -- бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.
Менеджмент -- ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.
Банктік менеджмент -- клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.
Басқару катынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзарабайланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау -- маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады.
Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі.
Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.
Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты -- неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.
Пайда алуға ұмтылу -- менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту -- кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. 2.166-172б
Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:
- нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін
бағыттау;
-мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі;
-өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешеңділігі;
- үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бір тұтастығы;
-жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау;
-бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсеңділікті материалдық және моралдық ынталандыру;
-мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу
-әрбір кызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, кызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты окуға деген қызығушылығы;
-ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану;
-қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі.
Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.
Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міңдеттері банктерге де тән болып саналады.
Банктік менеджментті тұтастай түрдегі "менеджмент" түсінігінен жеке түрғыда зерттеуге болмайды. "Менеджмент" - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл - адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы.
"Банктік менеджмент" - жетекшінің, жауапты қызметкерлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қарастыру көзделеді.
Адам -- басты түлға.
Машықтанған -- жетекші немесе жетекші -- кәсіби шебердің дұрыс екеңдігін түсіну маңызды болып табылады.
Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.
Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады.
Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар.
Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзаратиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады.
Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын айқындайды:
- ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъекті ретіндегі банктің
-несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен
банк сенімділігінің кепілі ретіңде банк балансының өтімдігін
камтамасыз ету;
-іскерлік байланыстардың ұзактығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылы-мына және сапасына деген клиенттердің қахеттіліктерін жо-гары деңгейде қанағаттандыру;
-аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық жөне әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үйлесімі;
- олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудын, қайта да-
ярлаудың жөне орналастырудың тиімді жүйесін жасау.

1.2 Банктік менеджменттің негізгі бағыттары

Процесс кезінде болашақтағы іс-әрекетті айқындайтын банк саясаты жоспарлау баңктік басқарудың неғұрлым жауапты бөлігі болып саналады.
Нақты бір банктің даму тұжырымдамасын қалыптастыру. соған сәйкес кезеңдерге арналған ағымдағы міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыру шарларын жасау, айтылған жұмыстардың құрамды бөлігі болып қатысады. Сондай-ақ несие, депозиттік, инвестициялық, пайыздық саясат - банк саясатының құрамды бөлігі болып саналады.
Коммерциялық банктердің экономикалық тұрғыдан негізделген банк саясатын қалыптастыруға көшуі: ұйымдық, экономикалық, ақпараттық сияқты, тым болмағанда үш мәселені анықтап алуды талап етеді.4. 233б.
Ұйымдық мәселе, негізгі идеялардың пайда болуынан бастап, оларды нақтылы шаралар түрінде жүзеге асырғанға дейінгі жоспарлаумен, банк саясатының тетіктерін жасаумен айналысатын бөлімдерді айқындап алуды болжайды.
Соған сәйкес саясат калыптастыру кезіндегі банктік менеджмент аналитикалық жұмыстардың құрамды бөлігі болып саналады. Банк ісіндегі маркетинг мыналарды білдіреді; аталмыш аймақтағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі көрсетілетін банк қызметтеріне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі көрсетілетін қызметтерді (несие беру, инвестициялау, кеңестер беру, аударымдар арқылы есеп айырысуларды ұйымдастыру, лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.) канағаттандырудағы аталмыш банктің алатын орнына баға беру; тиісті операцияларды әртүрлі банктердің жүзеге асыруына жұмсайтын шығындар мөлшерімен (нормасымен) салыстыру.
Маркетинг, ең алдымен, олардың орналасқан жерлеріндегі банктің нақты және әлеуетті клиенттерін анықгап алуды болжайды. Шетелдік тәжірибеде аумақтық болып құрылған көптеген коммерциялық банктер, елдің барлық аумағында өз банктерінің филиалдарын құра отырып, өзі қызмет көрсететін аумақтың шегінен шығып кетеді.
Банк бір мезгілде несие ресурстарының көлемі мен құрылымы, тиісті операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығындар деңгейі, банктің техникалық жарақталуы, кадрлардың біліктілігі көзқарасы тұрғысынан өзінің мүмкіндіктерін зерделейді.
Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағытттарының қатарына жатады; ол белгілі бір кезеңге белгіленген банктің саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас (двуединая) екі міңдетті: баланстың өтімдігін сақтай отырып, банктің табысты жұмысын қамтамасыз ету міндетін алдыға қояды. Бұл міндеттер қалыптасқан ахуалға жүйелі түрде талдаулар жасау негізінде ғана орындалады. Белгілідей, әр түрлі активтер банкке әртүрлі көлемде пайда әкеледі, тәуекел дәрежелері де әртүрлі. Сондықтан да банктер қаржыларды салу мерзімдеріне, олардың пайдалылығы мен тәуекел дәрежелеріне қатысты барлық активтердің жіктеуін жүргізуі тиіс.
Пассивтерді басқару процесі кезінде келесідей міндеттер шешілетін менеджменттің дербес бағытын білдіреді:
-міндетті резервтерді құруды қамтамасыз ететін бөліктен басқа, банкте кіріс әкелмейтін қаржылардың болуына жол бермеу;
-банктің клиенттер алдындағы тиісті міндеттемелерін орындауы және активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіруі;
-банктің "арзан" ресурстарды тарту есебінен кірістер алуын қамтамасыз ету.
Банктің меншікті қаржыларын басқарудың оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемінің өсуі кезінде банктің меншікті капиталын көбейту қажеттілігі туындайды. Меншікті капиталды басқару оның жеткілікті өлшемдерін негіздеуді, сондай-ақ осы жеткілікті бағалай білуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандауды болжайды. Банк шығарған акциялар бойынша дивидендтер саласындағы саясат меншікті капитадды басқарудың тиімді құралы болып қатысады. Дивидендтерді көбейту акция бағаларының көтерілуіне, осыған орай, қосымша акциялар сатудың мүмкіндігіне, меншікті акциялардың көбеюіне және соған сәйкес меншікті капиталдың өсуіне әкеледі.
Банк жұмысының тиімділігін (рентабельділігін) оның кірістері мен шығыстарын, несие беру мен инвестициялардан алынған шекті кірістер мен тартылған қаржылар бойынша шектеуге кірмейтін шығындарды, қаржылық нәтижелердің тұрактылығын қамтамасыз етуді, тәуекел шығындарын бақылауды болжайды. Күдікті және шығынды операцияларды, банктің алатын пайда көлеміне әсерін тигізетін алыпсатарлық операциялардың себептерін талдауға айрықша назар аударылады.
Банк қызметіндегі тәуекелдерді баскару тәуекел - менеджмент деп аталады. Банк қызметінде тәуекел әртүрлі операцияларды орындау кезінде катысады: несиені қайтару және ол үішн пайыздар төлеу тәуекелі, жабдықтаушының қаржыны уақытында алу тәуекелі, пайда алу тәуекелі, өтімдік тәуекелі және т.б. Тәуекелсіз кәсіпкерлік те жоқ. Сондықтан да басты мәселе соларды басқара білу болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесінде шеішлетін басты міндеттер мыналардан түрады: а) тәуекелдің туындауы мүмкін жағдайларын тани білу; б) болжанатын шығынның ауқымын бағалау; в) алдын алу тәсілдерін немесе оның орнын толтыру көздерін табу. Тәуекелді басқару шығындардың пайда болуының откен барлық жағдайларын, аталмыш нақты клиент үшін олардың көрініс беру ықтималдылығын болжау, болуы мүмкін шығынды алдын алу немесе орнын толтыру тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады.
Менеджменттің мазмұнына сондай-ақ еңбек ұжымын басқару тұжырымдамасын жасау да кіреді. Шетел тәжірибесінде менеджменттің екі үлгісі бар:
жапон үлгісі банк қызметінің жоғары түпкі нәтижелерге жетуіндегі ұжымның ролін тануға негізделеді;
американдық үлгі -- ұжымның бүкіл қызметінде шешуші рол атқаратын түлғаға бағдарланады.
Шешімдер қабылдау, бақылау жауапкершілігі мен ұйымдастыру, қол астындағылармен жетекшінің қарым-қатынасы, еңбекақы төлеу жүйесі, басқару сапасын бағалау, менеджерлер даярлау және т.б.с. сияқты басқарудың бүкіл жүйесі осы екі идеяға негізделіп құрылады.
Ұжымды басқарудың басты міндеттері оның әрбір мүшесінің өз әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру, адамдардың бойында энтузиазм мен қандай да бір істі орындауға деген ынта ықыласын туғызу үшін жағдай жасаудағы менеджердің қабілетінен тұрады.
Ұжым еңбегін ұйымдастырудағы менеджердін шеберлігі мен біліктілігі, оның ұжым мүшелері арасында міндеттерді айқын етіп бөле білуі, нақты міндеттер қоя білуі, тиісті міндеттерді орындауға белгіленген уақытты қарай отырып, оларды белгілі бір көрсеткіштермен (саңдық және сапалык) білдіре алу, ақпараттық база мен техникалық құралдарды қамтамасыз ету, оларды жедел және маңыздылықтарына қарай жіктей отырьш, тапсырмаларды орындаудың кезегін айқындау қабілетіне негізделеді. Коммерциялық банкті басқару көрсетілген екі бағыт бойышна бүкіл талаптардың орыфндалуына талап етеді. Банк операциялары күрделі және принципті. Банк қызмегін басқару сапасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Қаржылық ресурстарды басқару
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің мәселелері
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Банктік тәуекелді басқару
Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Банк менеджменті
Пәндер