Қазақстандағы инновациялық қызметті ұйымдастыру


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ: Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылымы
3: 5
:

1. 2

2

КІРІСПЕ:

Инновациялық процестің негізгі кезеңдері

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3:

9

12

: 2. 1
КІРІСПЕ: Кәсіпорындағы инновациялық қызметті ұйымдастыру
3: 12
: 2. 2
КІРІСПЕ: Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі
3: 15
:

3

3. 1

3. 2

КІРІСПЕ:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

ҚР-дағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері

Қазақстандағы инновациялық қызметті қаржыландыру механизмдерін жетілдіру

3:

19

19

22

:
КІРІСПЕ:

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3:

30

32

КІРІСПЕ

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өспелі глобализация және қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың дамуы айтарлықтай дәрежеде инновациялық және өндірістік инфрақұрылымның дәрежесіне, қазіргі ғылым, технология мен техника жетістіктерін қолдану дәрежесіне тәуелді.
Қазіргі әлемдік экономикада инновацияның алар орны орасан. Инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсауда. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңінде бәсекелестік күресте инновация өнімнің өзіндік құнын азайту, инвестиция ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды бағындырудағы аса тиімді әрі таптырмас құралға айналады.
Шетелдік тәжірибе дәлелдегендей, нарықтық экономикасаның субъектісі ретінде мемлекет өз әлеуметтік-экономиалық көрсеткіштеріне жету үшін ғылыми және инновациялық қызметті реттеуге қатысады. Ғылымның артықшыл бағыттарын таңдау жаңа білімдерді алу мүмкіндіктерін бағалаудан және елде қойылған міндеттерді шешуге қабілетті ғалымдардың шолуынан шыға, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың анықтаушы факторы ретінде технологиялардың ғылыми негіздерін өңдеу қажеттілігі күшінде жүргізілуі керек. Фундаменталды зерттеулердің бағыттары аса перспективті жарынды бағыттарға сәйкесітігіне тұрақты мониторингті талап етеді, әлемдік ғылымның даму үдерістерін және елдің стратегиялық басымдықтарын ескерумен Қазақстан әлемдік дәреже нәтижелеріне жете алатын проблемалар өзекті болып табылады. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларындағы ииновациялық даму ерекшеліктерін ескеру, инновациялық кәсіпкерліктің маңызды принциптерін, әдістерін, амалдарын баяндау, сонымен қатар отандық инновациялық кәсіпкерліктің қызметін дамыту болып табылады. Осы жұмыстың негізгі міндеттері:
1. Инновациялық кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қарастыру.
2. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің жағдайын талдау.
3. Нарық жағдайында ұлттық инновациялық кәсіпкерлік жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Бірінші тарауда инновацияның мәні мен маңызы, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудағы инновациялық басқару мақсаты мен міндеті қарастырылады.

Нарық жағдайында инновациялық кәсіпкерліктің проблемаларына, Қазақстанның ғылыми-техникалық потенциалына, индустриалды-инновациялық стратегиясына бағалау екінші тарауда жүргізіледі.
Қазіргі кезде Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікке жете көңіл аударылмайды, сонымен қатар, ұлттық инновациялық саясат барынша жетілдіруді талап етеді. Сондықтан үшінші тарауда инновациялық қызметтің тиімділігін жоғарлату бағыттары, Қазақстан экономикасы жағдайында инновациялық кәсіпкерлік жүйесін жетілдіру жолдары ұсынылады.
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу үрдісінің жүруімен сипатталады. Қазақстанның аймақтық дамуы тар ішкі нарықпен, өндірілген өнімнің бәсеке қабілетсіздігімен, ғылыми- инновациялық потенциалдың төмендеуімен, тұрғындардың әлеуметтік дифференциясының тереңдеуімен, байланыстырылған ішкі факторлардан, сондай-ақ сыртқы факторлардан да, атап айтқанда, қарым-қатынастардың тиімді нышандарының жетілмегенінен, әлемдік бірлестіктің мемлекеттерімен инновациялық жобаларды бірг еіске асыруынан, нарық коньюктурасасының
тербелуінен тәуелді болады. Бұл заман талабы, өйткені жахандану үрдісінен ешкім тыс қала алмайды. Шаруашылық жүйесінде болсын, әлеуметтік салаларда болсын, әлем елдерінің бір-бірімен бәсекелестігі күшейеді, одан әрі күшейе түседі. Ал енді осыған қабілеті мол елдер ұтады, жоқтары ұтылады. Қай елдің болса да дүние жүзіндегі орны, экономикасының төменділігі, әлеуметтік жағдайының дұрыстығы бұлардың инновацияны дұрыс қолдануымен байланысты.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудын, қорытындыдан тұрады.
Алғашқы тарауда инновациялық процестерді басқарудың теориялық аспектілері, инновация түсінігі, мәні, мақсаты және оның негізгі кезеңдері қарастырылған.

Екінші тарауда нарық жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлік процестерін басқару, Қазақстандағы экономиканың дамуына инновациялық кәсіпкерліктің әсері, индустриалды-инновациялық дамуды мемлекеттік реттеудің ерекшелігі, инновациялық үдерістердің жүзеге асыру барысы талданған.
Үшінші тарауда заманауи кәсіпорындардың инновациялық қызметін басқарудағы жаңа құрал ретіндегі Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті инновациялық негізде жүргізу бағыттары ұсынылған.
Курстық жұмысты орындаудың теориялық және әдістемелік негізі болып «2003-2015 жылдар Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму стратегиясын бегіту туралы» бағдарламасы мен стратегия мәліметтері, оқулықтар, оқу құралдары, мерзімді басылымдар, интернет ақпараттары, зерттеу жұмысының нәтижелері болып табылды.

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылымы

«Инновация» ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30- жылдарында Й. Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға əртүрлі анықтамалар берілген:

инновация дегеніміз жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;

инновация - практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс;

инновация - əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл.

Жалпы алғанда инновация дегеніміз - əкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.

Шет елдік зерттеушілер Э. Дж. Долан, Я. Корани, П. Хейне, П. Ф. Друкер, Н. Г. Менкью, Г. Хоскинг, Й. Шумпетер, В. Леонтьев жəне т. б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты.

Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта жазылған немесе мəселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған. Қазіргі уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл өзіне тəн арнайы мамандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді.

Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме-дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми-зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан-жақты зерттеу қажет.

Ч. Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне үрдістік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз - жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т. б. ) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.

Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына байланысты: салааралық, салаішілік, кəсіпорын ішіндегі инновация деп бөлінеді.

Салааралық ішіндегі инновация - екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация - белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кəсіпорын ішіндегі инновация - кəсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.

Атақты экономист Г. Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді:

1. Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар күрделі ғылыми зерттеулерді жəне аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.

2. Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге бағытталған.

3. Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік тəжірибеден өткен жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.

4. Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [31] .

Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми-зерттеулер жүргізу қажет және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы инфрақұрылым қажет.

Әдетте инновациялық инфрақұрылымның мынадай жүйелік буындарын бөліп көрсетуге болады:

өндірісті-технологиялық: технопарктер, инновациялы-технологиялық орталықтар, бизнес-инкубаторлар және т. б. ;

қаржылық: қорлардың әртүрлі типтері-бюджеттік, венчурлік, қамсыздандыру, инвестициялық;

ақпараттық: орталық-талдау, статистикалық, ақпараттық және т. б. ;

кадрлық: дайындау, қайта дайындау, оқу мекемелері (әсіресе инновациялық менеджмент саласынан), технологиялық аудит, маркетинг және т. б.

Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар жатады:

білім-инновациялық кешендер - жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі білікті кадрлар дайындау мен жаңа ой-пікірлер ұсынады;

бизнес-технологиялық кешендер - жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске енгізу мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;

қолдаушы кешендер.

Инновациялық қызметті басқару жүйелерін, тиімді құрылымдар мен институционалдық формаларды əзірлеу мен дамыту, оларды мемлекеттік қолдау Қазақстанның əлемдік нарыққа өту, ғылымды қажетсінетін тауарларды өндіру мен өткізудің негізгі шарты болып табылады. Алайда ҚР-ның Индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жырдарға арналған стратегиясында қазіргі кезде инновациялық инфрақұрылым субъектілері қажетті деңгейде жұмыстарын атқармайтыны жəне Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) қатысушылары үшін керекті қызметті көрсетпейтініне баса назар аударылып отыр.

Бұл жерде ең негізгі кемшілік - инновациялық инфрақұрылымда жүйеліліктің жəне негізгі элементтерінің құрылымдығының болмауы.

Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Инновациялық инфрақұрылым - ғылыми идеяның өндірісте қолдау тауып, нақты өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар мен қызметтерді орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады.

Инновациялық инфрақұрылымның негізгі міндеті инновациялық өнім өндірумен (қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен) айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсету деп топшыласақ, онда инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мемлекеттің техникалық, технологиялық, экономикалық, қаржы, әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік экономикадағы тұғырын көтеруге де, сыртқы нарықтарға шығып, ондағы өзінің орнын табуға немесе иеленуге де мүмкіндік жасайды деген байламға келуге болады.

Инновациялық инфрақұрылымның экономикалық маңызы елдің экономикалық даму стратегиясын айқындаумен, қосылған құны жоғары өнімдер өндірумен, шағын инновациялық кәсіпкерлікті жандандырумен және басқалармен анықталады (Қосымша А) .

Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы әрине республиканың экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Олардың қатарына әлемдік нарықтағы көмірсутек шикізатына бағаның күрт өсуі, қара және түсті металл өнімдеріне деген жоғары сұраныс, осыған байланысты қаржылық және коммерциялық кәсіпкерліктің қанат жаюы, еліміздегі табиғи ресурстарды игеруге қатысы бар халықаралық байланыстардың нығаюы сынды факторларды жатқызуға болады. Әйтсе де, бұл ерекшеліктер әлі де болса ұлттық экономиканың біржақты дамып отырғанын көрсетеді. Өйткені тек шикізатқа ғана бағытталған экономиканың белгілі бір кезеңде құлдырау қаупі жоғары болатыны белгілі. Бұның салдарын қазіргі кезде орын алған әлемдік қаржы дағдарысынан да байқау қиын емес.

Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық инфрақұрылымын ел аумағында инновациялық қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған субъектілердің ғана емес, сонымен бірге инновациялық қызметтің жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын ұйымдардың өзара байланысқан жүйесі ретінде қарастырған жоқ (Қосымша Б) .

Елімізде 2009 жылға дейінгі кезеңде ұлттық және өңірлік үлгідегі оннан астам технопарктер құрылып, тіркеуден өткен. Соңғы жылдары өңірлік технопарктерден «Алматы аймақтық технопаркі», Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркі, «UniScienTech» Қарағанды аймақтық технопаркі, Өскемен қаласындағы «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі, Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» аймақтық индустриалды-технологиялық паркі, Қызылорда қаласындағы «Қызылорда» технологиялық паркі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері құрылды. Бұл қатарға жоғары оқу орындарының аумағында ұйымдастырылған технопарктерді де (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті) жатқызуға болады. Ал ұлттық технопарктердің қатарына Алматыдағы «Alatau IT City Management» ақпараттық технологиялар паркі, Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі (Атырау қаласы), «Тоқамақ» ядролық технологиялар технопаркі (Курчатов қаласы), Ғарыштық мониторинг технопаркі (Приозерск қаласы), «Прогресс» биотехнология технопаркі (Степногорск қаласы) кіреді.

1. 2 Инновациялық процестің негізгі кезеңдері

Инновациялық процесс ғылыми зерттеулер негізінде нақтылы техникалық немесе технологиялық идеяларды жаңа технологияға айналдырудың тұрақты және үздік ағымы, оларды сапалы жаңа өнім алу мақсатында тікелей өндірісте қолдануға дейін жеткізу болып табылады. Инновациялық процесс идеяның пайда болуынан басталады және коммерциялық жүзеге асырумен аяқталады. Ол ғылымды, техниканы, экономиканы, кәсіпкерлікті және басқаруды біріктіреді, осылайша өндіріс, алмасу, тарату және тұтыну қатынастарының барлық жиынтығын қамтиды. Бұл процесс ғылыми-техникалық және ақыл-ой әлеуетін тиімді қолдануға бағытталған, бұл толық қонымды және заңды.

Идеяның туылуы, жаңалықтың жасалуы және таралуы кезінен бастап оны қолданғанға дейінгі кезең инновацияның тіршілік айналымы деп аталады. Жұмыс жүргізудің жүйелілігін ескерумен инновацияның тіршілік айналымы инновациялық процесс сияқты қаралады. Американдық экономист-ғалым Джеймс Брайт атап көрсеткендей, инновациялық процесс - ғылымды, техниканы, экономиканы, кәсіпкерлікті және басқаруды біріктіретін өзінше бірден-бір процесс. Ол жаңалық алудан тұрады және идеяның туындауынан оны коммерциялық жүзеге асыруға дейін созылады, осылайша барлық қатынастар жиынтығын қамтиды: өндіріс, алмасу, тұтыну. Оның негізгі белгісі - инновацияның міндетін аяқтау, тәжірибелік жүзеге асыру үшін жарамды нәтижесін алу.

Инновациялық іс-әрекеттің функционалдық бағыттанушылығы оны нарықтық ұйымдастыруда басынан бастап ақыл-ой еңбегі нәтижелерін оларды нарықта тауар ретінде жүзеге асыруға жарамды деңгейге дейін тездете жеткізуге бағытталуы керектігін ескере отырып, жеке ғалымдар, мысалы, В. А. Ванин, Н. Г. Ионов «инновациялық процесс» ұғымын «ғылыми-техникалық даму» ұғымымен ұқсастыра бастады. Біздің ойымызша, инновациялық процесті басқару объектісі сияқты өзіне тек маңызды іздену және іс жүзінде қолданылатын зерттеулерді, ғылыми-техникалық және технологиялық жұмыстарды ғана енгізбейді, сонымен қатар маркетингке жататын оның сатыларын да енгізеді.

Инновациялық кеңістікте идеядан тұтынуға дейінгі барлық тізбек қамтылады: «ғылым-техника-өндіріс-тұтыну», бұл жерде нарық тек өтімді стратегиясына ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық даму стратегиясына да шешуші әсер көрсетеді. Бұл кеңістікте тұтынушылық рөлін көтеру, дұрысында ғылым, өндіріс және тұтынуды интегралдау көлемдерін

тереңдету және ұлғайту бифуркация нүктесі болып табылады, ал орталық ғылыми-техникалық іс-әрекеттің өзін-өзі дамытуынан соңғы нақтылы өзгерістерге ауысады, атап айтқанда агроөнеркәсіп кешені салаларында.

Инновациялық процестерді кезеңдерге бөлудің бірнеше варианттары бар. Оларды біріктіре отырып, келесі бөлуді қабылдаймыз.

  1. Іс жүзінде қолданылу сипатындағы маңызды зерттеулер.
  2. Екінші кезеңде тәжірибелік-конструкторлық және эксперименттік зерттеулер жүзеге асырылады, олар мамандандырылған лабораторияларда, конструкторлық бюрода, тәжірибелі өндірісте де және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік бөлімшелерінде де жүргізіледі.
  3. Жаңа өнім жасау.
  4. Төртінші кезеңде коммерциялық процесі жүзеге асырылады.

Бұл тұжырымдамаға сәйкес, инновация негізгі маңызды зерттеуден басталады және өнімдерді пайдалану саласында аяқталады. Инновациялық процестің бұл үлгісі сызықтық үлгі деп аталады. Оның түсіндіруінде ірі зерттеу орталықтарында жаңа білімдер шындығында идеялар туғызады, осылай автоматты және орынды жүйелілікте жаңа өнімдер мен технологиялық процестер пайда болады. Бұл үлгіге сәйкес, жаңа ғылыми білім экономикалық өсуге автоматты түрде әкелуі керек (сурет 1) .

Сурет - 1. Инновациялық процестің сызықтық үлгісі

Бұл үлгі нарық пен экономикалық конъюнктураның әсерін, өнеркәсіп пен ғылым арасындағы байланысты, инновация әлеуетін, осы технологиялық және әлеуметтік ортада қолдану мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін, кәсіпкерлердің дәлелдері мен мүмкіндіктерін ескермейді.

Жаңалықты үздіксіз жетілдіру құрылымның сызықтығын бұзады, жеке жаңалықтарды табуды қиындатады, себебі жаңалықты дамытуға мүмкіндік жасайтын элементтердің көпшілігі, сонымен бірге басқа сипаттағы жаңалықтар болуы да мүмкін. Соңғы кездері инновациялық процесс пен инновациялық іс-әрекет туралы түсініктер инновациялық айналымның сатылары бойынша білімді сызықтық тізбекпен беру және нарыққа жаңа тауарды жылжыту туралы сияқты ғана емес, және құраушылар мен топтар арасындағы кері байланыстардағы құрылым болып та кеңінен таралды.

Инновациялық процестің сызықтық емес үлгісі былай қорытындыланды: жаңалықтың идеясынан оны жүзеге асыруға дейінгі жылжулар шамасы бойынша зерттеулер мен өңдеулер бірнеше рет қайталанады. Сонымен, ғылым инновациялық идеялар көзі, инновациялық іс-әрекеттер үшін алдын-ала жағдайлар жасау ғана болып табылмайды, ол инновациялық айналымның кез-келген сатысындағы мәселелерде қолданылуы мүмкін. Бұл үлгінің кемшілігі - инновациялық процестің кезеңдері өзара жеткіліксіз келісілген, кезеңдер арасында кері байланыс жолға қойылмаған.

Инновациялық процесс тиімділігін оны енгізгеннен кейін анықтауға болады, өйткені жаңалық нарықта пайда болғаннан соң ғана оның нарықтың жаңа қажеттігін қанағаттандыра алатындығы белгілі болады. Инновациялық процесс үлгісі инновациялық іс-әрекетте жеке құраушы бөліктерді бөліп шығаруға мүмкіндік береді, осынысымен инновацияны сатылар бойынша жоспарлау мүмкіндігін ашады: инновациялық кезеңдер міндеттеріндегі конъюнктуралық өзгерістерді ескереді.

Инновациялық процесте ғылыми-зерттеу, техникалық-технологиялық, өндірістік, сауда функцияларын бөліп шығару фирма мақсаттарымен анықталады, бұл процесс қолдағы бар қорларды бағалаудан, стратегиялық мақсатты анықтаудан басталады және жұмсалған қаражаттарды қайтарумен аяқталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
Инновациялық қызметті реттеу
Инновациялық гранттардың қаражаттары
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару
Инновацияның арттыру жолдары
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерді экономикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz