Құнанбай Өскенбайұлының өмірбаяны
1 өмір жолы
2 Абай жолы романындағы Құнанбай бейнесі
3 Құнанбай жайындағы өмірлік ақиқат материалдар
4 Аңыздар

Құнанбай “Ескі там” деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1846 ж. хорунжий атағы берілді. 1849 — 52 ж. Қарқаралы округінің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қаласында мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала генерал-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырды. Арқат-Аягөз бекеті аралығында поштаны тонап, хорунжийді өлтірген Табылды, Үдербай, Әбділда, Түңлікбай есімді қазақ жігіттерін Барлық тауында тығылып жүрген жерінен Аягөз округінің аға сұлтаны Барақ Солтабаевтың көмегімен Құнанбай патша өкіметіне ұстап береді. Осының арқасында оның үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқтатылып, хорунжий атағы қайтарылған. ұсталғандар Аягөз қаласыннда дарға асылып, атылғаннан кейін өзінің алданғанын түсінген Құнанбай биліктен бас тартып, қайтып мұндай іспен айналыспауға бекінеді. Омбы архивіндегі “Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі” деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 ж. Құнанбайдың қажылыққа кетуіне байланысты “істі жабу” туралы Mинскке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Құнанбай қажыға 1874 ж. барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған низамын”, шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға,
Пайдаланған әдебиет
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазакстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазакстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Құнанбай Өскенбайұлының өмірбаяны
Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей облысы Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауы -- 1886, сонда) -- би, аға сұлтан Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. 1834 ж. әкесінің орнына Күшік-Тобықты болысының старшындығына сайланады. Осыдан 1856 жылға дейін билік тізгінін қолынан шығармаған. 1846 ж. генерал Вишневскийдің ұлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты. Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: "Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған..., әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған" -- деп сипаттайды ("Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар", А., 1979).
Құнанбай "Ескі там" деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1846 ж. хорунжий атағы берілді. 1849 -- 52 ж. Қарқаралы округінің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қаласында мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала генерал-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырды. Арқат-Аягөз бекеті аралығында поштаны тонап, хорунжийді өлтірген Табылды, Үдербай, Әбділда, Түңлікбай есімді қазақ жігіттерін Барлық тауында тығылып жүрген жерінен Аягөз округінің аға сұлтаны Барақ Солтабаевтың көмегімен Құнанбай патша өкіметіне ұстап береді. Осының арқасында оның үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқтатылып, хорунжий атағы қайтарылған. ұсталғандар Аягөз қаласыннда дарға асылып, атылғаннан кейін өзінің алданғанын түсінген Құнанбай биліктен бас тартып, қайтып мұндай іспен айналыспауға бекінеді. Омбы архивіндегі "Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі" деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 ж. Құнанбайдың қажылыққа кетуіне байланысты "істі жабу" туралы Mинскке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Құнанбай қажыға 1874 ж. барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай -- аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын -- қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің "Сібір қазақтарына арналған низамын", шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Медресе салдырып, Әуез, ұабитхан, Кішкене молда секілді шариат білгірлерін аулына көшіріп әкеліп, бала оқыттырды. Сырттай Кенесары қозғалысына қарсы күрескер ретінде көрінгенімен, оған астыртын қолдау жасап, көмек берді. Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден -- Құдайберді, екінші әйелі өл-жаннан -- Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан -- Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Балаларының ішінде Абайдың болашағынан ерекше үміт күтіп‚ оны 13 жасынан қасына ертіп, билікке баулыған. Абай да әкесінің билік жолын үлгі тұтты. Ел арасында Құнанбай айтты деген нақыл сөздер кең таралған. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы деректерді жинап, бір ізге түсірген -- М.Әуезов, оның "Абай жолы" эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеологиялық ықпалына сай бұрмаланғанымен‚ жан-жақты сипатталып, шебер сомдалған.
Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келіп, оның соңғы 40 жылдық өмірін өз көзімен көріпөскен Абай 1895 ж. баласы Әбдірахман дүниеден қайтқанда шығарған Арғы атасы қажы еді... деген жоқтау, жұбату өлеңдер Құнанбай туралы бар шындықты айтып, әкесінің ел суйсінерлік ерен тұлғасынжасады. Абайдың суреттеуінше де Құнанбай - ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұнды: шерлі жоқ- `'жітіктердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам''. Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі - оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қаратанудың, сауаташудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына ете қажетті екенін ұғынып, өз аулынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 ж. шекара басқармасына қазақша-орысша сейлей алатын жазабілетін орыс мұғалімін жіберуді сұрап, хат жолдайды. Шекара бастығы Құнанбайдың бұл тілегін мақұлдайды. Бірақ екі тілді бірдей білетін мұғалімнің жоқ екенін айтып, тобықты еліндегі тілмәшті қызметтен бос уақытында еңбекақы төлеп, бала оқытуға пайдалануға кеңес береді.
Меккеге қажылық
Бұдан кейін Құнанбай Ескі там деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан Ғабдыназарұлы деген ноғайды мүғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп, өз балалары мен руластарының балаларын оқыта бастайды. Құдайберді, Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Халиуллалар алғашқы сауатын осы мектептен ашқан. Құнанбай балаларын одан әрі оқытуға ерекше ынталы болады. Ибраһимін Семейдегі діни медресеге береді. Халиулланы 1858 ж. Омбы кадет корпусына оқуға енгізеді. Оны бітірген соң Москвадағы әскери училищеде оқуына мүмкіндік жасайды. Құнанбай 1849 ж. Қарқаралыда мешіт, 1874-75 ж. қажылық жолмен Меккеге барып, онда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй - Тәкие салғызған. 1900 ж. Қазан қ-ның баспасынан жарық көрген, шығарушы семейлік Әбдірахман Жүсіплұының Қажы Әндірбай қалпе деген жыр үлгісімен жазылған кітабында Құнанбайдың Меккеге сапарына қатысты жолдар бар. Бұл сапар жайлы деректер 1883 ж. Қазанда басылған Маңызды мәселeлер деген кітапта Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиевтің кітабында да айтылады Әкесінің бұл сапары туралы Абайдың:
Меккеде уақып үй салып,
Пәтер қып, жаққан шырақты.
Бір құдайдың жолына,
Малды аямай бұлапты,-
деген жолдарын да оқимыз. Құнанбайдың қарсылас айтыс-тартысқа тұскен адамдары да аз болмаған, талай рет үстінен жазбаша шағым арыздарда түсіріп, тергеуге алынған. Ол дүшпаңдарын қатал жазалап, реті келгенде жер айдатып та жіберген. Күш жұмсап, елін шауып алған. Архив құжаттарыңда Бежей Ералыұлының 250 жылқысын тартып алғаны үшін қылмысты іс қозғалғаны, аға сұлтан болып тұрған көзінде елден заңсыз алым жинап, оны өзі пайдаланғаны, 5000-дай адамнан қол жиып, Ералыұлының аулына шабуыл жасағаны, оның 250 жылқысын айдап әкеткені, басқа кісілердің иелігіндегі шұрайлы жерлерді өз иелігіне алып, көп адамдарды аяусыз жазалап, бірнеше кісі өлімі болғаны, ақырында аға сұлтандықтан босатылып, Омбы қаласына шақыртылып, қамауға алынғаны, патша өкіметінің заңы бойынша 156-баппен жауапқа тар- тылғаны жайында мәліметтер сақталған. Құнанбайдың бұл ісіне Омбыдағы Батыс-Сібір әскери губернаторының кеңесінде қазақтар жөніндегі кеңесші қызметін атқарып жүрген Шыңғыс Уәлиханов араласып, оны түрмеден босатып, кепілдікке шығарып, ісін кайта қарау деген желеумен бұздырған. Онымен қоймай, Омбыдан Қарқаралы округіне өзі әкеп салып қайтқан. Шоқан Уәлихановта сол 1854 ж. Омбыда қызметте болған.
Құнанбай -- Бөжей арасы
Жер дауы Құнанбайдың қылмысты ісіңде үлкен орын алды. Соның бастысы - Бөжейдің жер дауы. Құнанбай -- Бөжей арасы 1846ж. дейін жақсы болған. Құнанбай оған үнемі қамқорлық жасап, өзімен тең ұстаған. Шешуі қиын дауларды да сенім білдіріп, Бөжейге жіберіп отырған. Өзімен бірдей күміс мөр де жасатқан. Өкіметтен старшина атағын, мақтау қағаздар да алып берген. Солай бола тұрса да, Құнанбай озбырлығы асқынып, аралары ашылып, ақыры үлкен жауласушылыққа айналады. 1853 ж. Бөжей өлгеннен кейінде Қаратай Сапақұлы, Кенжалы Әйтиұлы бастаған топ арызды тоқтатпай, Құнанбайды айыптап және болысты екіге бөлуді сұрап дамыл таппайды. Бөжей балалары - Жабай, Нұрмолдалар да губернатор Г. А. Колпаковскийге қайта-қайта арызданып, тартып алған жерлерін сүрайды. 1846 ж. басталған бұл дау, 1866 ж. Күшік-Тобықты болысының басқарушысы Құнанбайдың баласы Құдайберді өліп, оның орнына 20-21 жасқа жаңа толған ИбраҺим (Абай) Құнанбаев болыстыққа сайланғаннансоң ғана шешіледі. Құнанбайды айыптау ісінде талай кісі өлімі туралы айтылады. Бірақ тергеушілер Құнанбайдың мойнына қоятын айғақты дәлел таба алмайды. Құнанбайға тағылатын айыптың бірі - Қодар мен Қамқаның өлімі. Бірақ ол жайында архивтерде ешқандай дерек кездеспейді.
Құнанбай Қарағанды, Семей оязының дербес кемекшісі болды деген дерек бар. Ал, 70 тен асқанда Меккеге барып, қажы атанған Құнанбай енді бұдан әрі (жалған дүние сөзіне араласпай) шымылдықтың ішіңде тыныш жатып, құдайына құлшылық жасаумен өмірін өткізеді. Құнанбай жөнінде ел аузында аңыз-әңгімелер көп, оның ел арасындағы беделін жыр еткен Балта, Қуанышбай сияқты ақындардың өлең-жырлары бар. М. О. Әуeзовтың сөзімен айтқанда, Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол - феодалдық дәуірдің, өз табының бел баласы, ісі мен мінезінде заманының айқын таңбасы бар.
Құнанбай жайындағы өмірлік ақиқат материалдар Әуeзовтың Абай жолы эпопеясында көркемдік шешімін тапқан. Тобықты елінің Құнанбайынан - әдебиеттік кейіпкер Құнанбай бейнесі жасалған. Құнанбайды толық танып-білу - Абайды да мұқият оқып-зерттеуімізге септігін тигізеді.[1]
Қазақ шежіресінде Құнанбай бидің арғы ата-бабалары былайша таратылады: Арғын - Қотан - Дайырқожа - Карақожа - Кенжесопы - Тобықты
- Рыспетек - Мұсабай - Сүйірбас - Сары - Кішік - Өйтек - Олжай - Айдос
- Ырғызбай - Өскенбай - Құнанбай.
Ел аузындағы шежіре-ақындарға қарасақ, осы аталардың бәрі де шетінен осал кісі болмағанын көреміз. Ең әуелі "Арғынның арғы атасы - Қотан ақын" деген қанатты сөз елге жайылып кеткен.
Алашта Арғын ата туған зерек,
Өзгеден сол кісінің жәні бөлек.
Арғынның тұп атасы ақын Қотан,
Өлеңге бізден ұста болса керек,
- деген Жанақ ақынның өлеңі де бар. Демек, Арғын ұрпақтарының шетінен ақын, әнші, сөзге шешен ділмар боп өсіп-өнгені көрініп түр. Қотаннан кейінгі атасы Дайырқожа болса Әбілқайыр ханның оң тізесін басып отырған сенімді биі екен. Оның шешендік әділдігі жөнінде ел "Ақжол би" деп ұрандап кеткен. Сол Акжол биді Қара қыпшақ Қобыланды батыр өлтіреді. Сонда Қотан ақын баласын жоқтап:
Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!
Сексен асып таянғанда тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!..
деген екен. Сол дуалы ауыз Қотан ақын айтқан бұл жоқтау да осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Дайырқожаның бәйбішесінен Қарақожа одан Кенжесопы туады. Қанжығалы мен Тобықты осы Кенжесопыдан екен. Бұл екеуінен де кезінде ел билеген мықты кісілер шыққан. Тобықтыдан Рыспетек одан Мұсабай би туған. Мұсабай би әйгілі - Әз Жәнібек ханның белгілі, беделді шешен биі болған. Сол Мұсабайдан Сүйірбас, одан Әлі, Қожаберген, Сары деген батырлар шыққан. Олар атақты Есім ханның сенімді қолбасшы батырлары болып, талай жорық соғыстарға қатысқан. Түркістан шаһарын жаудан азат етер кезде Әлі батыр Түркістан ханы Тұрсынның Қоңырбике деген қызын алып келіп, інісі Сарыға қосыпты. Сарының бәйбішесінен Мәмбет сопы мен Кішік туады. Кішікті ел келе-келе "Күшік деп атап кетеді. Сол Кішіктің тоқалынан атақты Әнет (кейін ел "Әнет баба" деп кеткен) туады. Өнет баба - көріпкел әулие абыз екен. Ол алды артын болжап айта беретін қасиетті кісі болыпты. Әнет баба 1626 жылдары туып, 1723 жылғы жоңғар басқыншылығы кезіндегі бір соғыста алты баласымен бірге жау қолынан мерт болады. Екі қабат бір келіні аман қалып, одан ұл туады. Оның атын жақсы бабасының соңғы тұяғы деп "Бақай" қояды. Сол Бақайдан Әйтек ата ұрпағы тарайды. Әйтектің бәйбішесінен Олжай, ал тоқалынан Байбөрі, Қалқаман туады. Байбөрі ел басқарған беделді кісі болған соң "Бөкең" аталып кеткен. Осы күнгі "Бөкең балалары" сол Байбөріден таралған. Ал, Қалкаман өзі сері, әрі батыр жігіт екен. Ол өзінің Мамыр деген қарындасына ғашықтығынан жазықты боп калады. Әнет би оны өлім жазасына кеседі. Бидің бұйрығы бойынша Қалкаман садақ кезеніп тұрған жігіттердің алдынан шауып өте бергенде, ауыр жараланып аман қалады. Қалқаман еліне өкпелеп, Алатау асып кетеді. Ол Жетісуды жайлап отырған нағашысы Үйсіндер ауылына жетіп пана табады. Осы күнгі Алматы жанындағы "Қалкаман аулы" сол Қалқаманнан қалған үрім-бұтақтар.
Аңыз
Ал, Әйтектің үлкен баласы Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек тарайды. Жігітектің бәйбішесінен атақты Кеңгірбай би туған. Сол Кеңгірбайға билік тиген соңақ Тобықты еліне еркіндік орнаған. Оғанға дейін тобықты әр елдің талауында боп жүреді екен. Айдос момын ғана шаруа болыпты. Оның Айпара деген бәйбішесі сол ауылды билеген ақылды да, беделі асқан, ақын ана болған екен. Айпара ана жөнінде ел арасында мынадай аңыз таралған. 1723 жылдың жаугершілік кезінде Тобықты елі оңтүстікке қарай тайлы-таяғымен үдере көшеді. Жолда олар ашығып-арып әбден әбігершілік көреді. Кеше ғана көшіп кеткен бай ауылдың ескі жұртына жетсе, бір ақсақ түйе шөгіп жатады. Ауыл адамдары ол түйені союға бата алмай жүреді. Айпара "іздеп келгендерге өзім жауабын беремін" дейді де, түйені сойғызып, қырық жілік қылып, ашығып келе жатқандарға бөліп бермек болғанда "іздеушілер келе жатыр" дегенді есітіп еді. Айпара дереу түйенің етін терісіне орап, ошақ басына көмеді де, оның үстіне күрке тігіп алады. Күркенің оң жағына шалын өлген адамға ұқсатып жатқызып бүркеп тастайды. Іздеушілер келе бергенде, шалын жоқтап дауыстайды. Әлгілер қаралы үйді тінтуге батылы бармай, басқа үйлерді қарап, түйесінің етін таба алмай қайтып кетеді. Сөйтіп Айпараның ақыл-айласымен ашыққан ауыл адамдары түйенің етін бөлісіп жеп, аштықтан аман қалыпты деседі. Сол Айпара анадан Ырғызбай, Торғай, Көтібақ, Топай туады. Бұлардың ішінде Ырғызбай айбынды Абылай ханның айтулы биі болады. Ырғызбай биден Өскенбай, Өсер, Мырзатай, Жортар туады. Өскенбай бес әйел алып, өсіп-өнген ата болған. 1-ші әйелі Зереден - Құнанбай, Құтпанбет, 2-ші әйелі Таңшолпаннан - Төлепберді, Шыбар, Елеусіз, Ақмағамбет, 3-ші әйелі Мақыптан Жақып, 4- ші әйелінен Майбасар, 5-ші әйелі Күншеден Бейсенбі, Сұлтанбек, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz