Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы



ЖОСПАР
1. Өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
2. Жамбыл бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Жамбыл өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
4. Ел аузынан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Руға, атаға, бай мен кедейге бөлінген ол кездегі ауыл ішінде Жамбыл кейбір ақындардың байларды мақтайтынын, керісінше, бірсыпырасының еңбекші халық мүддесін жақтайтынын көреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды.

Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «...Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», - депті.
Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, оғын жоқтау үшін пайдалану қажет екенін түсінген Жамбыл өзінің алғашқы ірілі-уақты өлеңдерінде-ақ байларды мінеп-шенеп отырады. Әсіресе Досмағамбетпен айтысында мұндай әлеуметтік теңсіздік тақырыбын ақын тереңнен қозғауға ұмтылады. Жамбыл өз өлеңдерінде бай мен билердің, төрелердің елге жасаған қиянаттарын әшкерелейді, халық мүддесін өз өлеңдеріне арқау етеді.

Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады.
Байлардың, патша әкімдерінің ақындық талантты тұншықтырмақ болған әрекеттеріне Жамбыл батыл қарсы шығады. 1913 жылы Алматы уездік әкімдерінің Николай Романов патшаның тұқымын мақтап жырла деген бұйрығын орындаудан бас тартады.

ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында Жамбыл белгілі ақын болады. Бұ кезде ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Патша династиясының 300 жылдығына арналып Алматыда көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қазақ байлары ақ үйлерін тігіп, қымбатты дүниелерін қойып, жасауларын жияды. Қазақ байлары мен әкімдерінің бұл жағымпаздық қылықтарын шенеп, Жамбыл «Өстепкеде» (көрмеде, орыстың «выставка» деген сөзінен алынған) деген өлең шығарады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...1
2. Жамбыл бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Жамбыл өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
4. Ел аузынан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Жамбыл Жабаев (1846-1945жж.)

Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні - көбіне діни насихат, ұрып-соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.

Руға, атаға, бай мен кедейге бөлінген ол кездегі ауыл ішінде Жамбыл кейбір ақындардың байларды мақтайтынын, керісінше, бірсыпырасының еңбекші халық мүддесін жақтайтынын көреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды.

Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: ...Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл, - депті.
Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, оғын жоқтау үшін пайдалану қажет екенін түсінген Жамбыл өзінің алғашқы ірілі-уақты өлеңдерінде-ақ байларды мінеп-шенеп отырады. Әсіресе Досмағамбетпен айтысында мұндай әлеуметтік теңсіздік тақырыбын ақын тереңнен қозғауға ұмтылады. Жамбыл өз өлеңдерінде бай мен билердің, төрелердің елге жасаған қиянаттарын әшкерелейді, халық мүддесін өз өлеңдеріне арқау етеді.

Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады.
Байлардың, патша әкімдерінің ақындық талантты тұншықтырмақ болған әрекеттеріне Жамбыл батыл қарсы шығады. 1913 жылы Алматы уездік әкімдерінің Николай Романов патшаның тұқымын мақтап жырла деген бұйрығын орындаудан бас тартады.

ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында Жамбыл белгілі ақын болады. Бұ кезде ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Патша династиясының 300 жылдығына арналып Алматыда көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қазақ байлары ақ үйлерін тігіп, қымбатты дүниелерін қойып, жасауларын жияды. Қазақ байлары мен әкімдерінің бұл жағымпаздық қылықтарын шенеп, Жамбыл Өстепкеде (көрмеде, орыстың выставка деген сөзінен алынған) деген өлең шығарады.

Үйсін, найман саңлағы,
Өстепкеде жиылдың.
Елде жүрген Егейлер
Қалада құр үйілдің.
Ұлық көрсең ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай
Жапырылып иілдің
Келтірдіңдер намысты,
Бек қорланып күйіндім.

Жоқшылықтан, қаналудан азып-тозған бейшара кедейлердің аянышты хәлі Жамбылға зор әсер етеді. Ол еңбекші халыққа себім, пайдам тисе екен деп ойлайды, солардың мүддесіне лайық өлең жырлар шығарады.
1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып, патшаның майдандағы қара жұмысқа адам алу туралы жарлығына қарсы үгіт айтады. Ел арасындағы толқуды көрген патша әкімдері халықты алдап, үгіт таратады. Бұған қазақ ақындарын да тартпақ болады. Осы мақсатпен патша әкімдері ел ішіндегі бір топ ақынды, ішінде Жамбыл да бар, Алматыға айдап әкеліп, ат қораға қамап қойып қорқытып, патшаның жарлығын қолдап жыр айтыңдар дейді.
Осы оқиға жөнінде Жамбыл:
Үгіт айт, патшаны мақта деді,
Болып жатқан соғысты жақта деді.
Жыр айтсаң, құдай менен пайғамбарды айт,
Онан басқа жырыңды таста деді, -
дейді.

Сөйтіп, әкімдердің бұл бұйрығын Жамбыл бастаған бір топ ақын орындамайды. Бір жеті қамап күштесе де, айтқанын істете алмаған патша әкімдері бұларды босатып жіберуге мәжбүр болады.
Халықтың азаттық көтерілісін патша үкіметінің жазалаушы отрядтары қарулы күшпен аяусыз басты. Көтеріліске қатысқан, оған басшылық еткен адамдарды қолға түсіріп, жазалап, атып-асып отырды. Бұл ауыр күндерді өз көзімен көрген Жамбыл Зілді бұйрық, Патша әмірі тарылды атты өлең-жырларын шығарды.
Бір жағынан, патша әкімдерінің, екінші жағынан, бай мен болыс-билердің қуғынына ұшырап, талан-таражға түскен халық қатты күйзеліске ұшырайды. Бұл кезде жасы 70-ке жетіп қалған Жамбыл өлеңнен қол үзеді.

Революция туралы Жамбыл Менің бақытым деген әңгімесінде: Мен шыңыраудан шығып, тамаша гүлдерді, жұпар иісті шөптерді, қыруар араларды, сымбатты үйлерді көрдім. Мен нағыз күнді көрдім. Таудың асыл тасындай таза ауада дем алдым. Менің жаным да алма ағашындай гүлдеді. Көзім жұлдыздай жайнап, кеудемді шаттық кернеді. Өлеңдерім Іле өзеніндей тасыды. Сен жасардым, 18 жасар жігіттей шығыма келдім, - дейді. Революция әкелген тәуелсіздік пен бостандық тек Жамбылдың ғана емес, бүкіл езілген еңбекші халықтың қуанышы болды.
20-жылдары Жамбыл бастаған халық ақындары қазақ аудандарындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласып, жаңа бостандық өмірді шаттық сезіммен жырлайды. Қазақстан тойына (1924), Замана ағымы (1927) атты ұзақ жырларында жамбыл қазақ еңбекшілерінің қол жеткен жеңістерін жырлайды.

1929 жылы Жамбыл колхозға мүше болып, өзі қайтыс болғанға дейін ол Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл атындағы колхозда тұрды.
1936 жылы Жамбыл халық өнерпаздарының республикалық слетіне қатынасып, ақындық жарысқа түседі. Осы слетте Жамбыл жыр, толғаулар шығарады.
Сол жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткізілді. Жамбыл осы онкүндікке қатысып, осы сапарда Халықтың сәлемі, Дастархан жыры, т.б. жырларын айтып, таратты.
Жамбылдың ақындығы бүкіл жұртшылыққа бірден танылды. Халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айрықша бағалап, кеңес өкіметі осы жолы Жамбылды Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтады.
Бұл құрмет, сый, қамқорлық Жамбылдың ақындық шабытын өрлетті. Бұл жылдары көптеген өлең-жырлар шығарды.

1937 жылы грузин халқының ұлы ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толды. Одақтың барлық халықтары бұл мерекені зор құрметпен атап өтті. Грузияда болған салтанатты жиынға Қазақстан делегациясының басы болып Жамбыл қатысты. Қарт ақын бұл сапарында көп жерлерді көріп, туысқан Грузия халқының ақыны Шота Руставели туралы, Отан туралы, Кавказға, Ақынға, Кавказға сәлем, Өмір жыры деген өлеңдерін шығарды.
1938 жылы мамыр айында Жамбылдың ақындық қызметінің 75 жылдық мерекесі өткізілді. Бұл күндері Жамбылды Кеңес Одағының барлық халықтары құттықтады. Шетелдердің прогресшіл мәдениет қайраткерлерінен де құттықтау телеграммалар келді. Мереке бір жағынан халқымыздың сан алуан, бай өнерінің, өсіп-өркендеген мәдениетінің зор айғағы болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Жамбылды Ленин орденімен наградтады.

1938 жылы КСРО Конституциясы негізінде Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш сайлауы өткізілді. Жамбылды осы сайлауда халық Жоғарғы Кеңесіне депутат етіп сайлады. Жоғарғы Кеңесінің 15-шілдедегі бірінші мәжілісін Жамбыл ашты.
Соғыс қарсаңында Жамбыл Москваға тағы да барып, ондаған оқу, өндіріс, мәдениет орындарымен танысады. Ақынның бұл кездегі бірсыпыра өлеңдері Правда газетінде басылады. Бұл өлеңдері туысқан республика халықтарының тілінде және шет тілдерге де аударылады. 1939 жылы үкімет Жамбылды Құрмет Белгісі орденімен наградтады.
Жамбыл өзінің Кеңес Одағының әрбір маңызды оқиға мен әрбір қол жеткен табысқа үнемі ақындық үнін қосып отырады.

Өтеген батыр, Сұраншы батыр сияқты тарихи тақырыпқа арналған поэмаларын ақын асқан шабытпен, жаңа мән, мағына беріп жырлады. Ақын ол екі поэмасын да бүгінгі заманмен, бүгінгі өз сезімі, өз қуанышымен аяқтайды. 1941 жылы үздік шығармалары үшін Жамбылға Мемлекеттік сыйлық берілді.
Соғыс жылдарын Жамбыл жалынды, өткір өлеңдерімен халқымызды бейбіт елімізге тұтқиылдан тиген жаудан кек алуға жігерлендірді.
Өмірінің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл 100 жасқа аяқ басқанда, 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды.

1946 жылы Жамбылдың туғанына жүз жыл толуын республикамыз үлкен мереке етіп өткізді. Жамбыл шығармаларының академиялық жинағы басылды. Кейінгі жылдарда ақын еңбектері бірнеше рет орыс тілінде басылып шықты. Ғалымдар Жамбыл поэзиясының ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Жамбыл үйі мұражайға айналдырылды. Байтақ Отанымыз бен шетелден келген қонақтар осы мұражайға келіп, ақынның өмірімен танысады, шығармаларын оқиды.
Жамбыл және музыка
20-Апрель, 2011 a

XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында ұлттың дәстүрлi мәдениетi (оның iшiнде поэзия, проза, музыка, қолөнер мен орындаушылық өнерi және т.б. түрлерi) өзiнiң жалғасын ары қарай тауып, оның көркемдiк құндылығы, кәсiби дамуы, жанрлық байлығы және стильдiк өзiндiк ерекшелiгi жағынан ең биiк шыңына жеттi. Ұлы Даланың кең байтақ жерiнде аймақтық сипатымен белгiленетiн, бiрақ бiртұтас қазақтың руханияттығын құрайтын ән мектептерi жалпы түрде қалыптасып, өз болмысын көрнектi өкiлдерiнiң шығармашылығында айқындады. Олар - Жетiсу өңiрiнен классикалық мұра қалдырған жыр алыбы Жамбыл, оның жолын қуушы дарабоз ақын - халық композиторы Кенен, асқан дарын иелерi Қалқа, Қапез, Бейсебай, Дәнеш, елiмiздiң оңтүстiк жағынан Нартай, Құтбай, Арқаның ән мектебiнен қазақтың жаңа мәдениетiнiң негiзiн көтерген классик-ақын Сәкен Сейфуллин, асқан сазгер, халық композиторлары Естай Беркiмбайұлы, Иса Байзақов, Мұхаметжан Өтелбайұлы, Ахат Құдайбердиев, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, ал Қазақстанның батыс аймағынан - Мұхит Мералыұлы, Шынтас, Шайқы, кеңес дәуiрiнiң зорлықпен орнатқан аласапыран заманында халық жауы атанып, тағдыр трагедиясынан мерт болған Аманғали, Сарышолақ, Ерғали және т.б. халық дарындары болды. Жалпы айтқанда, жоғарыда аты аталған өнер саңлақтарының шығармашылықтарында дәстүрлi ән жанрының жетекшi салалары - тұрмыс-салт, өсиет, автобиографиялык, лирикалық әндер, солармен қатар дастан мақамдары, айтыс сарындары, терме, толғау, желдiрме, толғаулар жетекшi орын алып, ұлттық мәдениетiмiздiң көркемдiк, тақырыптық түрлерiн байытты.

Ал кеңес дәуiрi болса, өз идеологиясын енгiзiп, оны тұрақтату үшiн, өнерпаздарға заман үрдiсiне, оның жүргiзген саясатына сәйкес туындылар шығарып, кеңес заманын мадақтауды мiндеттi түрде жүктедi. Ендi ұлт музыкасының байырғы түрлерi жаңа идеялармен сомдалып, жаңа дәуiрге үндес тақырыптармен мазмұндалды.

Көрнектi әрi сезiмтал суреткер әрдайым өз заманындағы тарихи кезеңнiң жаршысы болатыны белгiлi. Бұл тұрғыдан жыр алыбы, классик ақын, екi заманның куәгерi Жамбыл Жабаевтың (1846 - 1945ж.) шығармашылық жолы мысал бола алады. Атақты жырау, суырыпсалма айтыскер Жамбыл теңдесi жоқ поэтикалық дүниесiнде, музыкалық туындыларында өз халқының көпғасырлық мұрасын терең сiңiрiп, ұлттың көркемдiк дәстүрiн асқар Алатаудың шыңына көтердi. Өзiнiң сол таудан аққан сарқылмас бұлақтай өлеңдерiнде туған жерiн, елiнiң ой-арманын, тауқыметтi тағдырын, бақытты болашағын, есiмдерi аңызға айналған батыр ұлдарының ерлiктерiн паш еттi. Жамбылдың рухани мұрасында философиялық толғаулар, заман, адам, табиғат туралы, Отан және патриотизм, батырлық пен ерлiк, еңбек пен бақыт, адалдық пен әдiлет, достық пен адамдық, лирикалық және саяси-әлеуметтiқ өлеңдер, сықақ-сындар тақырыптық және жарлық түрде негiзгi орын алды. YenҰлы жырау халық өнерiнiң бай және көп жанрлы өзiндiк үлгiлерiн жаңа формалармен, жанрлармен өлшеусiз көркемдiкке жеткiзiп, XX ғасырдың теңдессiз алыбы атанды.

Жер жаннаты Жетiсу өңiрiнiң iрi тұлғасы бола тұра, Жамбыл әрдайым өзiнiң ұстазы Сүйiнбай Аронұлын (1815 - 1898ж):

Менiң пiрiм Сүйiнбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай!

Сырлы сұлу сөздердi -

Маған тартқан сыйындай!

Сүйiнбай деп сөйлесем,

Сөз келедi бұрқырап

Қара дауыл құйындай! - деген екен Жамбыл.

Сөйтiп ол талай-талай әйгiлi айтыстарда өзiнiң ақындық дарыны, өткiр тiлi, ақыл-ойының тапқырлығымен жеңiп шыққан.

Халық ақыны ұлт мәдениетiнде күрделi құбылыс болды. Сондықтан оның поэтикалық туындыларын жан-жақты әдебиеттанушылар - академик М.Әуезов, С.Қирабаев, Б.Кенжебаев, Н.Төреқұлов, С.Садырбаев, С.Бегалин, С.Қасқабасов және т.б. ғылыми, тарихи, әдеби тұрғыдан зерттедi. YenҰлы классик жазушы Мұхтар Әуезовтiң пiкiрiнше, Жамбыл шығармашылығында тек оның алдындағы тiкелей iзашарлардың - Махамбет, Сүйiнбай және басқалардың поэзиясынан ғана өзектенбей, сонымен қатар одан да ары кеңiрек және тереңiрек, көптеген ғасырлар бойы ұрпақтар мұрасы болған ертегi, эпос, тарихи әндер, аңыздар мен хикаялардан қоректенедi дейдi. Сонымен қатар жазушы: Жамбыл тұлғасында табиғи түрде жыраулық, айтыскер ақындық және азаматтық мотивтер үйлестiгiн тапқан деп бағалайды.

Ұлы жырау ерен қабiлеттiң иесi бола тұра, қазақ халқының эпикалық мұрасын терең игерген. Оның репертуарында, әсiресе, батырлық эпос ерекше орын алған. Жамбыл, деректерге сүйенсек, Қобыланды, Алпамыс, Сұраншы батыр, Өтеген батыр атты жыр-дастандарды домбыра сүйемелдеуiмен бiрнеше күндер бойы жырлайды екен. Сонымен қатар Жамбылдың орындауында қазақтың лиро-қиссалары Мұңлық-Зарлық, Қыз Жiбек, Тотықамалды белгiлi фольклоршы, ақын әрi кiтаби жазушы Жүсiпбек қажы Шайхисламов (1857 - 1937ж.) қағазға жазып алған.

Ж.Жабаевтың мұхиттай поэзиясы музыкалық мұрасымен бiртұтас болып, оның тұлғасын көркейте түседi. Ақынның термесiн тұңғыш рет 1936 жылы ноталық жазуға этномузыколог Б.Г.Ерзакович (1908 - 1997ж.) хаттаған. Ол кезде фольклоршы Қазақ радиосының музыкалық редакциясында қызмет еткен екен, ал Жәкеңнiң жасы 90-ға толыпты. Сол жылы Б.Г.Ерзакович Жәкеңнiң орындауында айтыс мақамын, дидактикалық Өсиет әнiн, Жаз жырын, Ел едiң құт дарыған Есiм-Малай деген туындыларын үнтаспаға түсiрiптi. Жамбылдың құдыреттi дарыны Жетiсу ән-күй меқтебiнен нәр алады. Оның музыкалық туындылары жүрекке жылы, сұлу сазды, жанға тартымды, көңiлдi сипатта болып келедi. Атаның қанымен, ананың сүтiмен нәрленген музыкалық шығармалары халық творчествосының барлық жанрларын, түрлерiн қамтиды - ол жоғарыда аталған әндерге қосымша лирикалық Угай-ай, арнау әндерi Жаныс ақынға, патриоттық ән Туған елiм, айтыс мақамдары, толғау-дастандары және 1943 жылы Отан соғысы қайтыс болған кенже ұлы Алғадайға арнаған жоқтау әндерi. Бұл аталған әндер тiзiмiне Жамбылдың Жетiсу ақындарының жыр сарындары деген жинақтан Жамбылдың Өмiр толғауы, Ақындарға арнауы, Балама хат, Әке әзiлi, Домалақ ене әндерiн және нотаға түсiрiлген бiрнеше айтыс мақамдарын қосымша дерек ретiнде келтiрудi жөн көрдiк. Сонымен қатар ақынның Угай-ай, Угәйiм, Тоқсан бес, Жаныс ақынға, Сарыбайға, Туған елiм әндерi Қазақ музыкасының Антологиясына ендi (6-том).

Жамбыл Жабаевтың өнерi күйшiлiк дәстүрiнде де кеңiнен орын алған. Ол өзiнiң бiр өлеңiнде былай дептi:

Домбыраны қолыма,

Он жасымнан алғанмын.

Дәл жетпiске келгенше,

Күй тартудан танбадым!

Ақын репертуарында Бозiнген зары, Көрұғлы сұлтан, Сүрмерген, Шортанбай күйi, Едiгенiң терiсқақпайы, Есiм-Саржан, Батыр Қалша және төрт жiгiт, Қырғыз Мұраталының күйi, Әбдiбектiң Кертолғауы, Абылай шайқасы, Ботаның зары, Өзбек күйi, Қырғыз күйi және т.б. болған, деп кезiнде профессор-филолог С.Садырбаев жазған.

Тағы да профессор С.Садырбаевтың мәлiметтерiн келтiрсек, Жәкең бауырлас қырғыз халқында жиi болып, той-думанның қадiрлi төрiнде орын алады екен. Кезектi бiр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Жыр алабы - Жамбыл
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Қырғыз бенен қазақтар
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Пәндер