Тәуекел хан
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1. Тәуекел хан. 5
1.1. ХVI . ХVII ғасырлардағы Орта Азия Шайбанилермен және
Аштарханилермен қарым.қатынастары. Тәуекел хан. 6
1.2. Ресеймен жақындасудың жолдарын қарастыру. 14
2. Тәуекелдің Орта Азияға жорығы. 17
2.1. Тәуекел ханның Ресей мемлекетімен сыртқы саясаты. 20
2.2. Қазақ ханымен келіссөздер жүргізу. 22
3. ҚОРЫТЫНДЫ 24
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Тақырыптың өзектілігі: Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты нәтижесінде Ташкент, Ферғана және бүкіл Түркістан, Сырдария аймақтарының қосып алынуы қазақ хандығының экономикасын, қоғамдық және саяси құрылысына аса күшті ықпал жасады. Мемлекеттік шекараның тұрақтауына жәрдемдесті. Қазақ Орта Азиялық саяси және экономикалық өзара қатынастардың жүйесіне де, тайпалар мен халықтардың Сырдария өзені аңғарында белгілі бір мекендеуіне де жағдай туғызды. Осы саясаттың арқасында, Қазақ хандығы мен Ресей мемлекеті арасындағы ынтымақтастық қалыптасты. Және де ішкі жағдай тұрақтанып, алауыздық жойылды.
Осы факторлар курстық жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: М. Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі», З.Е. Елешова «ХV – ХVI ғасырлардағы қазақ тарихы», Абусеитова «Казахское ханство во второй половине 16 века» еңбектерінде зерттелген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тәуекел ханның 16 жыл ел басқарғандағы қазақ ордасын нығайтуға қосқан тарихи еңбегін зерделеу, Тәуекел ханның тұсында елдің оңтүстігіндегі қазақ жерлерін қайтарудың басқа жолы болмағанда күш қолдануға амалсыз барғандығын, Тәуекелдің дипломатиясын зерттеу.
Қурстық жұмыстың міндеттері :1. Тәуекел ханға сипаттама беру;
2. Тәуекел ханның жеңісінің нәтижелерін көрсету;
3. Ішкі және сыртқы саясаттағы қатынастарын жүйелеп жазу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейінгі. 2 том. А; 1998.
2. Абусеитова. Кахзахское ханство. Во второй половине ХVI века
А-А, 1985г.
3. В.А. Мошеев. Джунгарское ханство. ХVII-ХVIIIв. А-А, 1991г.
4. Дашеров.К. История Казахского государство. ХV-ХХв. А, Дом
печати «Эдельвейс», Алматы, 2001г. 528с. 117-120б.
5. Шахимарден. Биографии исторических личностей Казахстана ХIVв.
Хроника6 факты, легенды, учебная пособие. А:-«Литера», 2001г-
161с. 31-34б.
7. Егемен қазақстан. 1998ж, 25 қараша. // Қазақстан тарихы 2005, №2
6-10б.
8. Қазақстан әдістемелік журнал. 2005 №2, Алматы 1-80.
10. // Азия Транзиты 2001. №6, 5-8б.
11. С. Кенжеахметұлы // Транзит №6, 2001 маусым, 6-7б.

КІРІСПЕ
4
1. Тәуекел хан.
5
1.1. ХVI – ХVII ғасырлардағы Орта Азия Шайбанилермен және
Аштарханилермен қарым-қатынастары. Тәуекел хан.
6
1.2. Ресеймен жақындасудың жолдарын қарастыру.
14
2. Тәуекелдің Орта Азияға жорығы.
17
2.1. Тәуекел ханның Ресей мемлекетімен сыртқы саясаты.
20
2.2. Қазақ ханымен келіссөздер жүргізу.
22
3. ҚОРЫТЫНДЫ
24
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
26
Тақырыптың өзектілігі: Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты нәтижесінде
Ташкент, Ферғана және бүкіл Түркістан, Сырдария аймақтарының қосып алынуы
қазақ хандығының экономикасын, қоғамдық және саяси құрылысына аса күшті
ықпал жасады. Мемлекеттік шекараның тұрақтауына жәрдемдесті. Қазақ Орта
Азиялық саяси және экономикалық өзара қатынастардың жүйесіне де, тайпалар
мен халықтардың Сырдария өзені аңғарында белгілі бір мекендеуіне де жағдай
туғызды. Осы саясаттың арқасында, Қазақ хандығы мен Ресей мемлекеті
арасындағы ынтымақтастық қалыптасты. Және де ішкі жағдай тұрақтанып,
алауыздық жойылды.
Осы факторлар курстық жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: М. Мағауиннің Қазақ тарихының
әліппесі, З.Е. Елешова ХV – ХVI ғасырлардағы қазақ тарихы, Абусеитова
Казахское ханство во второй половине 16 века еңбектерінде зерттелген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тәуекел ханның 16 жыл ел басқарғандағы
қазақ ордасын нығайтуға қосқан тарихи еңбегін зерделеу, Тәуекел ханның
тұсында елдің оңтүстігіндегі қазақ жерлерін қайтарудың басқа жолы
болмағанда күш қолдануға амалсыз барғандығын, Тәуекелдің дипломатиясын
зерттеу.
Қурстық жұмыстың міндеттері :1. Тәуекел ханға сипаттама беру;
2. Тәуекел ханның жеңісінің нәтижелерін көрсету;
3. Ішкі және сыртқы саясаттағы қатынастарын жүйелеп жазу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ
Тәуекел ханның тұсында қазақ хандығы саяси жағынан Хақназар
кезіндегідей өрлеу үстінде болды. Ол Орта Азияның сауда орталықтарына жол
ашу ісіндегі Хақназар ханның саясатын жалғастырады. Тәуекел мықты қолбасшы
ғана емес, көрнекті ел басы, дипломат, шебер саясаткер болған. Ол ата-
бабаларының ел басқару өнерін ғана емес, көршілес елдердің ішкі, сыртқы
саясаттарын, ел басқару өнерін зерттеп, бақылап отырған. Әсіресе өзінің
болашақ қарсыласы Бұхар хандығының соғыс өнері мен ел басқару жүйесін
танып, меңгереді. Абдаллах ханның ішкі саяси жағдайын, күш- қуатымен қатар
осал тұстарын да зерделейді.
Ал Бұхар хандығы сол кездегі Орталық Азиядағы қуатты мемлекеттердің
бірі саналатын. Қазіргі шекаралық бөлініс жүйесімен айтсақ, Иранның
солтүстік шығыс бөлігін, Ауғанстанды түгелге жуық, Пакистанның біраз жерін,
Өзбексан, Түркменстан, Тәжікстанды тұтасымен қамтып отырған, оның үстіне
қазақ халқына тиесілі Түркістан, Сауран, Отырар, Сайрам, Ташкент сияқты
қалалар орналасқан аймақты да өзіне қосып алған болатын.
Бұл осыдан екі ғасыр бұрын Әмір Темір империясына пара пар мемлекет
деуге болатындай еді. Сол заманның тарихшылары Абдаллах ханды шебер
саясатшы, құдіретті әмірші, жеңімпаз қолбасшы деп мадақтай келе, оның
сарайындағы сән салтанатты тамсанып жаза келе, егер қажет болса Абдаллах
хан бір аптада 500 мың әскер шығара алатынын көрсетеді.
1. Тәуекел хан.
Тәуекел хан - Әз-Жәнібектің немересі, Шығай ханның ұлы, даңқты
батыр, қолбасшы. Бүкіл Дешті Қыпшақта даңқы шыққан Тәуекел сұлтанның
батырлығы, ер жүректігі және табандылығы жөнінен оған ешкім теңесе
алмайды деп жазды тарихшы Хафиз Таныш.
Ата көріп оқ жонған Тәуекел хан әйгілі жауынгер - әскербасы
ғана емес, қабілетті хан әрі терең саясаткер еді. Ол 4-5 жыл
ішінде қазақ хандығының күш-қуатын арттырады, қазақ еліне оның
жауынгерлік ерлік дәстүрлерін басқа елдерге таныта біледі. Қатерлі
қазақ жауы әйгілі Абдолла билік еткен Бұқар-өзбек хандығын 1598
жылы жаулап алып, мемлекет іргесін оңтүстікке қарай кеңейтті.
Самарқанды бағындырып өз иелігіне қаратты. Тәуекел хан бастаған
осындай ұлы жорық, үлкен жеңіс сол заманның айта қаларлық оқиғасы
болды. Орта Азияны тітіреткен Абдолла тізе бүгіп, өлді. Хақназарды
опасыздықпен өлтірген Баба султанның басын Тәуекел өз қолымен
шапты.
Тәуекел хан Мәскеуге (1594ж) Иранға дипломатиялық қатынас
орнату мақсатымен елшілер жіберді. Сөйтіп, Қазақ халқының, оның
қуатты күшін көптеген мемлекеттер таныды. Көпшілігі оған бой
ұсынды. Сол замандағы көптеген ұрыстарда талантты қолбасшы Тәуекел
бастаған қазақ жасағы еліне жеңіспен оралып отырды. 1598 жылы 70
мың қолмен Бұқараны бағындыруға аттанып, осы майданда Тәуекел хан
ауыр жараланып, жорық үстінде шейіт болды.[1;6-7 б]
1. ХVI – ХVII ғасырлардағы Орта Азия Шайбанилермен және

ХVI ғасырдың 90-жылдарынан ХVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ
хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан
кетіп қалуы, Қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент
көтерілісі, 1594-1599 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті,
Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты
оқиғалармен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына
қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен
алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік
мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер
ауысуының солармен тікелей байланысы болды.
1580 жылдан кейін деректемелерде Хақназар хан туралы ешнәрсе
айтылмайды, ал оның немере інісі Шығай қазақ ханы деп аталған. Шығай
ханның тегі туралы мынадай мәлімет бар. Мәселен, қазақ хандары туралы
шежірелерде ол Жәдіктің баласы деп көрсетілген. Ол Ораз-Мұхаммедтің
шежіресінеде де Жәдік сұлтанның баласы деп аталған: Ұрұс хан, (оның )
баласы Құйрықшық хан, (оның) баласы Барақ хан, (оның) баласы Жәнібек хан,
(оның) баласы Жәдік хан, (оның) баласы Шығай хан, (оның) баласы Ондан
сұлтан, (оның) баласы Ораз-Мұхаммед хан². Шығай ханның анасы Абайхан
бикем болған. Мұхаммед Хайдардың айтуына қарағанда, Жәдік 1503 жылдан
кейін көп кешікпей өлген. 1582 жылғы оқиғаларға байланысты Шығай туралы
уақыты жағынан ең кейінгі мағлұмат Хафиз Тыныштың Шараф-наме-йи шахиінде
кездеседі.
Шығай хан ұзақ, 80 жылдай ғұмыр кешкен, алайда оның өмірі туралы
болмашы ғана мәліметтер сақталған.
1959 жылы ноғай мырзаларына жіберілген Семен Мальцев IV Иван патшаға
Ақназар патшаның, Шығай ханзада мен Жалым ханзаданың және олармен бірге
20 ханзаданың қазақ ордасы Ноғайға келіп, соғыс болды деп хабарлаған.
Г.Ф.Миллер Сібір ханы Көшімінің бауыры Ахметкерейдің Бұхария князі
Шығайдың қызын алғаны туралы ертедегі татар аңызын келтірді. Алайда Шығай
онымен жау болған және бір жолы адамдар жіберіп, олар Ахметкерейді алдап
шақырып алған да, оны Ертіс жағасында өлтірген. В.В.Вельяминов-Зернов
әлгі бұхария князі қазақ әміршісі, Жәдіктің ұлы Шығайдан басқа ешкім де
емес деп санайды. Хафиз Тыныштың Шараф-наме-йи шахиде Шығай көтеген
жылдар бойы қыр мен шөл даланың әміршісі болды деп те айтылады.
Сірә,Шығай ханның хан атағын алғанға дейін қазақтардың белгілі бір бөлігін
басқаруы да мүмкін. Тегінде, ол басқа қазақ хандарынан сырт жүрсе керек.
Мәселен, Хақназар ханның Баба сұлтанмен соғыстарын суреттегенде және басқа
да соғыс қимылдарын суреттегенде оның есімі аталмаған.
Хақназар хан өлгеннен кейін Шығай өзінің Абдаллах ханға адалдығын
дәлелдеу үшін Баба сұлтанға өз бетімен қарсы шыққан, ал ол, тегінде өзінің
болашаққа деген үмітін Абдаллах ханмен байланысты деп санаған болуы мүмкін.
Шығай мен Абдаллах арасында әлдебір байланыс болуыда ықтимал, өйткені,
Хафиз Таныштың айтуынша, Шығай хан көптен бері өзінің аса мәртебелі патша
ағзамның (Абдаллах ханның) жақтаушысы ретінде көрсетіп келген.
Қазақ ханы Шығайдың Шайбани ұрпағы, Орта Азияның билеушісі II
Абдаллах хан жағына шығуы ХVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ
хандығының елеулі саяси оқиғаларының бірі болды, ал қазақ хандарының билік
және Дешті Қыпшақ үшін күресте Шайбани ұрпақтарының ежелгі және бітіспес
жауы болып келгені мәлім. 1581 жылғы маусымда Шығай хан баласы Тәуекел
сұлтанмен және басқа балалармен бірге Абдаллах ханның ауылына келді.
Кейбір мемлекет тіректері мен (Абдаллах хан) шонжарларының араласуы арқылы
ол әділетті ханмен жүздесу құрметіне ие болды. Ұлы мәртебелі өзінің тән
мейірбандылықпен және қайырымдылықпен оған Шығай ханға құрмет пен
сыйластық көрсетті. Аса құрметпен алуан түрлі мейірбандық (Шығай ханға)
көрсетіп, оған (Абдаллах хан) Ходжент жерін иықта ретінде берді. Ол ақыл
айтып және сенімді көмек көрсетуге уәде берді және патшаларға лайық той
жасады. Шығай ханның Мауараннахрға кету себептері жақын араға дейін онша
айқын болмай келді. Бір зерттеушілер Мұны Абдаллах құдіретінің артуы және
өзінің дәрменсіздігін сезінуі Шығай ханды Абдаллах ханнан пана іздеуден
мәжбүр етті деп түсіндіреді. Ал басқа біреулері қазақтардың талас өзені
жағасында (Баба сұлтанмен күресте) қатты жеңіліс табуы оларды сыртқы саяси
қатынастарда әлсіретіп тастады, өйткені оларға бүлікшіл Баба сұлтанмен
Шағатай ұрпақтарынан шыққан моғол хандары екі жақтан қауіп төндірді деп
санайды. Тегінде, Шығай хан амалсыздан кеткен болса керек: оны басқа да
қазақ хандары қудалаған. Шынына келгенде, Шығайдың Абдаллах ханға кетуіне
бірнеше себептер болған және қазақ ханының бұл саяси қадамын сол
себептерді кешенді түрде алғанда ғана түсіндіріп бере алады. Бұл себептер
мейілінше елеулі болуға тиіс. Біз ХV ғасырдың аяғы –ХVI ғасырда Шайбани
ұрпақтары мен қазақ хандарының Дешті Қыпшақ даласында әскери үстемдік үшін
және сайып келгенде, Дешті Қыпшақтың көшпелілеріне жоғарғы билік жүргізу
үшін өліспей беріспейтін күрес жүргізгенін естен шығармауға тиіспіз.
Сондықтан Шығайдың Шайбани ұрпағына саяси жағынан бағынбақшы болған шешімі,
сырттай қарағанда ақылға сыймастай болып көрінеді. Бұдан бұрын біз ХVI
ғасырда далада қазақтар үшін мейілінше қолайсыз жағдай қалыптасқаны туралы
жазғанбыз: орыстардың Сібірге және Еділ бойымен Астраханға дейін өңмендеуі,
көшпелі ноғайлар (маңғыттар) қоныстарының Ертіске дейінгі бүкіл дерлік
қазақ даласына таралуы, башқұрттардың оңтүстікке ойысуы, ойраттардың
шығыстан батысқа қарай қарсы қозғалуы, оңтүстіктен Шағатай ұрпақтарынан
тарайтын моғол хандарының қысым жасауы, Шайбани ұрпақтарының Түркістанды
билеп-төстеуі және қырғыздардың тәуелсіздікке ұмтылуы-осының бәрі жинақтала
келіп, қазақтарды жетісуға ығыстырды. Орын алған жағдай өзара қырқыс
тұғызды, оларға сыртқы саяси қиыншылықтар қосылды. Қазақ әміршілері орын
алған жағдайдан шығыр жол іздеуге мәжбүр болды да, олар Орта Азия жағына
көз тікті.
Біріншіден, Абдаллах жағына барлық қазақтардың емес, Шығайдың қол
астында болған бөлігінің, қазақ әскерлеріндегі бірауызды және бірниетті
адамдар қосынының ғана өткенін де атап өткен жөн. Қазақтардың қалған
тайпалары басқа ханның (хандардың) немесе сұлтандардың қол астында қалған.
Біздіңше Хақназар ханнан кейін қазақ тайпаларының өзге бөлігін оның ұлдары
Мұңғатай сұлтан мен Дінмұхаммед сұлтан басқарған. Осыған байланысты Хафиз
Таныштың 1588 жылғы ташкент көтерілісіне қатысқан осы сұлтандар туралы
мағлұматтар назар аударарлық. Сол кезде қазақ билеушілері арасында ішкі
күрес жүріп жатқанын атап өту керек. Солардың арасында Абдаллах ханмен
бірлесе қимыл жасауды жақтаушылар мен оларды қарсыластары бөліп көрсетілген
болуы ықтимал. Сонымен, бұл күреске қазақтардың экономикалық жағынан
шашыраңқылығы, бөлшектенуі сұлтандардың ханға тәуелділігінің әлсіздігі
қосымша себептер болған, мұның өзі сұлтандардың оқшаулануына, олардың
автономияға ұмтылуына себеп болды.
Оның үстіне Шығай Абдаллах жағына 1581 жылы өткен, ал Абдаллахтың
ресми түрде 1583 жылы ғана өзбектердің ханы болғаны мәлім, яғни Шығай хан
өз жағына өткеннен кейін де Абдаллахтың тақ үшін күресте жоғарғы билікті
кез келген уақытта иеленіп кете алатын бақталастары көп еді, сондықтан ол
Шығай ханның қолдауына сүйену үшін оның өз жағына көшуіне мүдделі болған.
Абдаллах ханға қызмет ете жүріп, қазақ қосындарын бастаған Тәуекел оның
басқа да Шайбани ұрпақтарына қарсы күресі оларды қыруына белсене қатысты.
ХVI-ХVI ғасырлардағы Орта Азияның саяси өміріне белгілі бір күшті ру
басының басқа өзбекетерге өз билігін таратуға, өз пайдасына мемлекет
бірлігін қалпына келтіруге хандардың әуелііс жүзіндегі, сонан соң нақты
билігін жойып, жаңа әулеттің негізін қалауға ұмтылуы тән болғанын атап
өту керек.
Абдаллах ханның жаңа одақтастарына деген мүдделігі Шығай хан мен
Тәуекел сұлтанға Мауараннахрдан сойырғалдық 45иелікке қыстарды сыйға
тартуынан көрінді. Біздің жоғарыда айтқанымыздай, Баба сұлтанмен күресте
Абдаллахқа әуелі Хақназар хан көмек көрсетті, соңғысы өлгеннен кейін
Абдаллах Шығай ханға зор үміт артты. Шыныныда да, Шығайдың, Тәуекелдің және
басқа қазақ сұлтандарының көмегімен ол ақырында Баба сұлтанды құртып тынды.
Атап өтелік өз адамдарымен бірге Шығай ханның өзге де өзбек
сұлтандары арасында зор беделі болған. Мәселен, Хафиз Таныш былай дейді:
Абдаллах хан Жизаққа келген кезде, мұнда оның жеңімпаз әскеріне толып
жатқан қазақтарымен және ержүрек жауынгерлерімен бірге Шығай хан қосылды,
бұл оның ерекше ілтипатын бөленге еді. Абдаллах хан қырда, шөл далада
өскен, ұлы істерді істеген кезде қиыншылықтар көрген, көптеген жылдар бойы
уақыт дастарқанынан ащы мен тәтінің дәмін татқан қазақ сұлтандарының
бірі Шығай ханды оң қанаттығы алдыңғы қосынға тағайындады. Оның ұлы
ержүрекетігі, батылдығы және батырлығы жөнінен барлық әлемде бірден бір
адам және Дешті Қыпшақта даңқы шыққан Тәуекел сұлтанды да хан нақ соған
тағайындады.
1582 жылдың басында Абдаллах хан Баба сұлтан мен оның жақтастарына
қарсы кезекті Ұлытау жорығын жасады, ол бұл жолы табыспен аяқталды. Өзі
үшін соңғы жорық болған бұл жорыққа Шығай ханда қатысты. Шығай мен
Тәуекелдің қадалауынан Баба сұлтан ноғайларға қашты. Ол сонда жүргенде
ноғай мырзаларын өлтіріп, олардың жерін тартып алу үшін қаскүнемдік
әзірледі. Бұл қаскүнемдік ашылып қалды да, Ташкентті алу жолындағы күресті
қайта бастау мақсатымен Баба сұлтан Түркістан жағына бет алды. Мұны
Тәуекел сұлтан кездейсоқ біліп қойды: оның жауынгерлері Баба сұлтан
Түркістанға жасырын жіберген екі қалмақты ұстап алған еді, Баба сұлтанмен
оның қайтып келе жатқаны жөнінде солар айтқан болатын. Тәуекел оған қарсы
тез әскер жинады. Қақтығыс кезінде тәуекел баба сұлтанды өлтіріп, оның
басын Абдаллахқа апарып берді, ал Баба сұлтанның ұлы Латиф сұлтан мен оның
кейбір әмірлер тұтқынға алынды. Бұған сый ретінде Тәуекел мол тартулармен
қоса, Африкент уәлаятын үлеске алды.[2;408 б]
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа
вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1583 жылдың
бас кезінде-ақ Әндіжан мен Ферғана жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел
өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына
кетіп қалды.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде
түсіндірілмейді. Алайда бұл жөнінде бірсыпыра пікірлер айтуға болады.
Абдаллахтың тақтың заңды мұрагерлігі негізінде емес, өзінің
дипломатикалық ептілігі және соғыста жолының болғыштығы арқасында ғана хан
болғаны мәлім, ол бақталастарын тайдырып қана қойған жоқ, сонымен бірге
оларды түгелдей қырып тастады. Үміткерлердің едәуір бөлігін Абдаллах хан
Тәуекелдің қолымен жойған еді. Ақырында Абдаллах бүкіл Мауараннахрды
Шайбани мемлекетінің қол астына біріктіріп, бұл орйда өзіне бақталас
болуы мүмкін шайбани ұрпақтарының бәрін қырып-жойғаннан кейін сірә,
Тәуекелдің жағдайына да қауіп төнген болса керек. Өйткені ол да Жошы
ұрпағы болатын, сондықтан Абдаллах сияқты, ол да Орта Азиялық биліктен үміт
етуі мүмкін еді. Сірә, Тәуекелдің күдіктенуіне негіз болса керек. Сондай-ақ
Тәуекелдің Абдаллахтан өзі күткен нәрсесін алмаған да болуы мүмкін.
Абдаллахтың қазақтарға Түркістаннан төрт қала беруге уәде етіп,
бақталастарын жойғаннан кейін өз уәдесін орындамай қойғаны мәлім.
Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күрес бастайды. 1586 жылы ол
Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікке
шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуыл
жасады. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент тіпті Самарқанд сияқты
орталықтарға қатер төндірді. Ол ташкент жасағын талқандады, бірақ өзіне
Самарқандтан Абдаллахтың інісі Убайдаллах қарсы аттанғанда, Тәуекел
шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға
жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.
Хафиз Таныштың айтуынша, бұл көтеріліс Абдаллах ханға және оның
немере інісі, рустемнің ұлы, осы аймақтың билеушісі Өзбек сұлтанға қарсы
жасалған. Бұл кезде Абдаллах хан Геррата соғысып жүрген еді, оның болмауын
пайдаланып, Ташкент өңірінің және Шахрух пен Ходжент төңірегінің бай және
сыйлы адамдарының тобы қара ниетті қаратабандар қосындымен бірге
орындалмас үміт пен жүзеге аспайтын тілекке салынып, Піскентте үлкен жиын
өткізді және өзара шарт жасасып, ант берісіп нығайтып кеңесе бастады.
Сонымен көтерілісшілердіатақты адамдар, Абдаллах ханның әмірлері
басқарған.Бұл түсінікті де: өйткені Абдаллах таққа отырғаннан кейін көп
ұзамай-ақ шайбанилік шонжарлар арасында оның басқаруына наразылық туған.
Абдаллахқа дейін билік еткен барлық хандарды Шайбаниден тараған сұлтандар
сайлап келгені мәлім, ал Абдаллахты таққа көтеруге тек қана әмірлер
қатысқан еді. Таққа заңды құқығы болмаған және Ескендірдің өлгенін естіген
сұлтандар өзінен жасы үлкен үміткерді билеуші етіп жариялап қояр деп
қорыққан Абдаллах өзінің хан үйінен тараған барлық туыстарын жеңіп шығып,
өзбек тайпалары шонжарларының ең көрнекті өкілдерін өзіне бағындырып
алды. Өз қарсыластарының қай тобымен болса да, билік жолындағы күресте
Абдаллах мұсылман дінбасыларының ең ықпалды бөлігіне де сүйенді, ал ХVI
ғасырдың орта шеңінде олардың арасында едәуір жер меншігін иеленген және
осыған байланысты зор ықпал болған жуйбар шейхтары едәуір көрнекті рөл
атқарған.
Сөйтіп оппозицияда болған шайбанилік шонжарлардың бір бөлігі бүлік
шығарды. Бүлікшілер сырт пішіні Баба сұлтанға ұқсайтын қазақ сұлтаны
Жанәліні хан деп жариялады. Бұл хабар таралысымен-ақ көшпелі тайпалар мен
әскерлер тұтас топ-топ болып бүлікшілер қосынына қосыла бастады. Көп
ұзамай олардың саны 30 мың адамға дейін жетіп көбейді. Көтерілісшілер
өздеріне Шах-Назарды басшы етуге ұйғарды, сөйтіп олар Піскенттен соңғысының
сойырғалы болған Ходжакатқа беттеді.
Сонау 1586 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл
көтеріліске шыққан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда
келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске
қосылмады. Шынына келгенде, мұны біріншіден, Шығай хан, Тәуекел және
олардың жақтастары Абдаллах жағына өткеннен кейін қалған қазақ тайпаларын
сұлтандар басқарғанымен түсіндіруге болар. Екіншіден, Тәуекел 1582 жылдың
аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт
және табан тіресе күресуіне тура келді, сірә оның қарсыластары Хақназардың
нақ сол балалары блуы мүмкін. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда
ол оны заңды негізде алмаған еді. Мәселен, Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті
шабуын суреттей келіп, Ескендір мұншының өзі де өзіне хан атағын алған
қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді деп
хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар
арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның
содан кейін Москвамен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет
еткені анық болды.[3;25 ]

1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға
Құл-Мұхаммедті елші етіп жіберді. Елшілік Тәуекелдің жиені Ораз-
Мұхаммедті орыс тұтқынынан босату мақсатымен жіберілген болатын, ол 1580
жылы Көшіммен соғыс кезінде қолға түскен еді.
Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығығың жайы туралы бірқатар
қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхаммед былай деп хабарлаған:
Ал қазір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz