Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғау. Науқастың әртүрлі функциональді қалыптары. Симс қалпы, Фаулер қалпы


Реферат
Тақырыбы :
“Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғау. Науқастың әртүрлі функциональді қалыптары. Симс қалпы, Фаулер қалпы. ”
Жоспар:
Негізгі бөлім:
- Науқастардың физикалық активтілігі
- Науқасты тасымалдау түрлері
- Науқастың функционалді қалыптары
Пайдаланылған әдебиеттер.
Емдеу мекемелерінде көбінесе ауруларға төрт физикалық активтілік ұсынылады. Оларға мыналар жатады.
Қатаң төсек режимі.
Төсек режимі.
Палаталық режим.
Ортақ режим.
Қатаң төсек режимі көбіне ауыр халдегі ауруларға арналған режим. Мұндай ауруларға төсектен тұруға немесе төсектен тұрып отыруға әрлі - берлі жүрүге, тіпті төсекте жатып қозғалуға тиым салынады. Барлық санитарлық - гигиеналық іс - шараларды яғни науқастың киімін ауыстыру, зәрін, нәжісін, яғни физиологиялық өтілімдерін өтеуге, тіпті тамақтандыруды медбике атқаруы тиіс. Мұндай режимнің қаншаға созылуын, науқас адамның жағдайына қарап тек дәрігер шешім қабылдайды . Бір сөзбен айтқанда науқаста мұқтаждық пайда болады. Адамның түсінігінде пайда болған, бейнеленген бір заттың, оның сезілетін психологиялық және физиологиялық тапшылығы. Әр адамның қалыпты түрде өсіп, дамуы үшін қанағаттандыратын қажетті негізгі өмірлік заңдары, маңызды мұқтаждары болады және де оны өзінің атқаруы өте маңызды. Көп мұқтаждықтың біреуінің болмасын қанағаттандыруы бұзылған жағдайда адамда жағымсыз жағдай (дискомфорт) дамиды. Психолог А. Маслау адамның барлық мұқтаждықтарының ішінен негізгі 14 өмірлік маңызды мұқтаждықтарын атап көрсеткен. Олар:
- Тыныс алу
- Тамақтану
- Су ішу
- Бөлу
- Шешіну
- Ұйықтау, демалу
- Таза болу
- Киіну
- Дене температурасын қолдау
- Қауіптен сақтану
- қимылдау
- Қатынасу
- Өмірлік құндылықтарының болуы
- Ойнау, оқу, жұмыс істеу
Яғни қатаң төсек режимінде науқас осы мұқтаждықтардың 90% - ын орындай алмайтындай жағдайда болуы мүмкін. Аурудың жағдайы күрт нашар болып жататын кездер де көптеп кездеседі.
Аурудың яғни науқастың жағдайы жақсы, ойдағыдай болса, дәрігер оған төсек режимін тағайындады. Бұл жағдайларда науқас төсектен тұрып отыруға мүмкіндік алады. Жеңіл түрде жаттығулармен, гимнастикамен төсекте орында қозғала алады. Емделуші көп уақыт төсекте өткізеді. Төсек орны ыңғайлы, таза, матрацтарының қаттылығы орташа болуы керек. Науқастың төсек жапқыштарында қатты тігістер кедергі келтірмеу керек. Отыруға ыңғайлы болу үшін төсектің басын көтеру керек, аяғын тізесіне дейін жиып отырғызу керек.
Палаталық режимде науқас төсегінен тұруға, кереуетінің жанындағы столға отыруға, палатаның ішінде әрлі-берлі жүріп қозғалуға мүмкіндігі бар. Әжетхана өтілімі, тамақтандырылу тек палата аймағында атқарылады. Науқас жеңіл атқарылатын іс-әрекетті өзі жүзеге асыра алады.
Ортақ режимде науқас өзіне көрсетілген мерзімде аурухана аймағында серуендеуге, теппешектермен көтерілуге, жолда (каридорда) өз мүмкіндігімен жүре алатын халге ие. Науқас өзі асханаға барып тамақтануға, әжетханаға баруға, гигиеналық ванналар мен душқа түсуге мүмкіндіктері бар. Ал егер дәрігердің айтқан міндеттеріне сүиенбей іс-әрекет жасаса, жағдайы керісінше нашарлап кету қаупі бар. Сондықтан науқас дәрігердің нұсқас дәрігердің нұсқауларын бұлжытпай орындау керек екендігін естен шығармауы тиіс. Науқастың ауру түріне байланысты төсектен орын алу әртүрлі жағдайда болып келеді: белсенді, енжарлық және амалсыз деп бөлінеді.
Белсенді науқас бұл жағдайда өзіндік қозғалады, төсегіне отырып, өзіне қызмет көрсетеді.
Ежнарлық, әрекетсіздік жағдай-науқас өте аз қозғалады, өз беттерімен басын көтеруге, қол - аяқ сүектерін қозғау қимылдары қиын жағдайда болады. Мұндай аурулар, әрине паралич, жүйке жүйе ауруларының жерінен болады (ессіз түрде де болуы мүмкін)
Шамасы аз болса да, өз-өзін күтуге шамасы бар. Аз да болса науқас өзін тәуірмін деп есептейді. Аяғын жерге түсіріп, немесе бір жаққа: оңға немесе солға бұрылып жатуды ұнатады. Ол төсекте жатса өзіне мінездеме бере алады. Ауыр яғни пассивті жағдайларда науқастың киімдерін ауыстыру қажетті болып табылады. Бұл міндеттің орындалуы тәртібі:
- Науқастың бас жақ денесін көтеру
- Ақырын кір көйлегін желкесіне дейін түру
- Науқасты екі қалпын көтеріп, оратылған былғаныш жүйдені басынан шешіп алу
- Жеңін шешу. Егер науқас қолы жарақаттанған болса, ең бірінші сау қолынан, содан соң жарақаттанған қолдан шешу
Төсектен тұруға қатаң тиым салынған жағдайда дәретке отыру үшін арнаулы ыдыс беріліп, қолайлы жағдай жасалады. Ауыр науқастарды дәретке отырғызғанда жуындырып отыру қажет.
- Науқасты шалқасынан жатқызып, аяғын бүріп қоямыз.
- Оң қолына мақта немесе салфетка алып, сол қолына марганцовка мен фурацилин ерітінділері бар 30-35гр жылы суы бар құман аламыз. Құманмен қоса Эсиарх сапты аяғы резеңке түтікшесін және қысқыш алуға болады.
- Жуындыру үшін 8-16 мақта томпондары қажет.
- Алдымен кіші жыныс мүшелерін жуу керек.
- Содан соң анустың маңайын, мақтаны ауыстыра отырып жуады. Бұл әрекеттермен қоса ауыр сырқатты емделушінің төсегін екі әдіспен ауыстыруға болады.
Науқасқа төсекте аунауға рұқсат етілген жағдайда қолданылады.
- Таза ақ жайманы ұзын бойымен жартысына дейін орау.
- Науқастың басын көтеріп жастықты алып тастау.
- Науқасты төсектің шетіне жылжытып, бірбүйіріне аудару.
- Төсектің бас жағына таза ақ жайманы төсеу.
- Науқасты жатқызып, келесі бүйіріне аудару, енді ол таза ақ жайманың үстінде болуы тиіс.
- Босаған жақтан кірлеген ақ жайманы алып тастап, мотрастың астына қайыру.
- Науқастың басына таза жастық ауыстырып салу.
Науқасты төсекте белсенді қозғалыстар рұқсат етілмеген жағдайда қолданылады.
- Таза ақ жайманы түгелдеq көлденең орау.
- Шапшаң қимылмен кір жайманың бас жағынан бел жағына дейін орап босаған жерге тза ақ жайма төсеу.
- Таза ақ жаймаға жастық салыңыз, науқасты жатқызыңыз.
- Жамбасты, науқастың аяғын көтеріп кір жайманы жылжытып, ақ жайма төсеу.
- Науқасты көрпемен жабу. Науқастардың төсегін 7-10 күнде 1рет. Ауыр науқастардың ақ жаймасын кірлеуіне байланысты ауыстырылады.
Еркеше атап өтетін тағы бір жайт-науқастардың тамақтану тәртібі.
Әдетте ауыр науқастар шыдамсыз, талап қойғыш, ренжігіш болып келеді. Мұны ауыр науқастың әсері деп қабылдау керек. Мұндай науқастар көбіне тамақ ішуден бас тартады. Тынымсыз науқасты тамақтандыруға көптеген әдіс - тәсілдер қолданылады. Науқасты тмақтандыру алдында емдеу шараларын жасап, іш құрылымын босату керек. қолымен жуғызу керек. Пассивті немесе қатаң төсектік режимде болса оны отырғызып, басын биіктеткен жөн. Ауыр науқасты тамақтандыру үшін алдына кішкене үстел орнатылған арнайы төсектер қолданылады. Науқас кеудесін сүлгімен, арнайы кленкамен жабу керек. Тағам жартылай сұйық және жылы болу тиіс. Науқастың тағамды дұрыс қабылдауына жағдай жасау керек.
Тамақтандырудан соң науқастың ауыз қуысын шайғызу керек. Кей жағдайда халі нашар науқастарды ауыз қуысы арқылы тамақтандыру мүмкін болмайды: ауыз қуысы аурулары, асқазан іш құрылысы ес - түссіз жағдайларда. Мұндай жағдайларда жасанды тамақтандырады.
Гастротома арқылы ауыз немесе мұрын қуысының зондтың көмегімен 2 медбике көмегімен - тағамдық сұйықтық ерітіндіні енгізу.
Ішіне тамызу аминқышқылын, натрий хлоридының изотондық ерітіндісін ( 37-38 0 С), глюкоза ерітіндісін жылыдай 300-500 мл мөлшерін тік ішек арқылы клизманың көмегімен енгізеді. Асқазанға жасалған операциялардан кейін, ісік болған жағдайда парентеральді тамақтандыруды белгілейді. Бұл үшін 5% глюкоза ерітіндісімен, амин қышқылын пайдаланады. Бұдан басқа В-тобының дәрумендерін, аскорбин қышқылын пайдаланады.
Жалпы алғанда дәрігер медбике науқас жағдайын бағалай отырып науқасқа режим орнатылады. Белгілері мен атқара алатын іс - әрекеттеріне байланысты режимдері белгіленеді және бұл белгіленулер бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Бұл ерекшеленулер науқастың сыртқы ішкі жағдайына байланысты ескеріледі.
Науқасты бөлімшеге жеткізу әдістерін ауру науқастың ауыр жағдайларына байланысты дәрігер анықтайды: зембілде, қолымен, каталкамен кресло-каталкамен, қолға алу, жаяу. Ең қолайлы, берік және сақтаныш науқастарды тасымалдау түрі - каталкамен. Науқасты кресло-каталкамен тасымалдау іс-қимылдарының жүйесі.
Кіші мейірбике аяқ тығырына аяғымен басып кресло - каталканы алдына еңкейтеді.
Науқасты аяқ тығырына тұруға сұраңыз, содан кейін науқасты сүйеу креслоға отырғызыңыз.
Кресло-каталканы негізгі орнына келтіріңіз.
Тасымалдауда науқастың қолдары кресло-каталканың сыртына шықпауын қадағалау керек.
Науқасты кушеткадан каталкаға және кері жатқызу үшеулеп қолайлы болады.
Каталканы кушеткаға перпендикулярлы қойып, каталканың бас жағын кушетканың аяқ жағына қою.
Үш медбике науқастың бір жағында тұрады: А) біреуі - науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салады. Ә) Екіншісі - жамбас пен санның жоғарғы жағынан. Б) Үшіншісі - санның орта жағынан және балтырынан.
Науқасты көтеріп, каталкаға 90 0 жағына айналу.
Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабу.
Бөлімшеге халі нашар науқас жіберілгендігі туралы хабарлау.
Науқасты оның медициналық картасын бөлімшесіне медициналық қызметкермен шығарып салу.
Бөлімшеде каталканың бас жағын төсектің аяқ жағына келтіріңіз, науқасты үшеулеп көтеріп 90 0 айналып төсекке жатқызу. Егер каталка болмаса 2-4 адам зембілді қолмен апарады. Басқышпен төмен қарай науқасты аяғымен алдына апарады, әрі алдыңғы жағын сәл көтереді.
Басқышпен жоғары қарай науқастың басы алдына апарады. Каталканы төсектің жанына әкелудің тәсілдері бар көлденеңнен, жақыннан, кезекпен. Ең қолайлы тәсіл көлденеңнен және жақыннан болып есептеледі. Науқасты көтермемен басқышпен көтергенде, бірінші жүрген адам көтермені қолын төмен түсіріп көтереді, ал екінші адам иығымен көтереді.
Төмен түскеде - бірінші адам иығында, екіншісі қолынтүсірген қалпында, аяқ жағын көтереді. Жалпы алғанда тасымалдау әрекеті абайлап жургізілуі тиіс. Ең болымсыз артық қимылдың өзі науқасқа, оның өміріне қалпына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан бұл міндетті әрбір медбике үлкен жауапкершілікпен атқаруы тиіс. Әсіресе бұл жағдайда ауруханаларда өзара ішкі тәртіп болуы шарт. Беймаз жүрушілер қатарын шектеп, баспалдақ - текпешектерде қатаң тәртіп ережелерін сақтау керек.
Науқасқа кері әсерін тигізетін сыртқы факторларды жою қажет. Науқасты тасымалдау құралына орналастырмас бұрын каталканың не зембілдің, кресло-каталканың барлық талаптарға сай, яғни науқасқа еш қауіпсіз екндігіне көз жеткізуіміз керек. тасымалдау құралдарының мықты, қозғалыс бөліктерінің ешбір ахаусыз жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізуіміз керек.
Бұл ауруларды психикалық және физикалық тынықтыру үшін, прафилактикалық комплекстер мен айықтыру үшін өткізілетін шаралар көбінесе мұндай жағдайлардаауру адамның ішкі организмін сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан қорғау болып табылады. Бұл сақтандыру режимі барлық медициналық персоналдардың міндетіне жуктеледі, олар дың қатарына: дәрігерлерді медбикелерді сондай-ақ лоборанттар мен санитарларды жатқызуымызға болады. Кәсіптік жұмыстағы қорғаныш ортасының қызметкерлерінің міндеттері:
Аурудың психикалық режимін сақтандыру
Науқастың физикалық активтілігін бақылау
Қатаң бақылау міндетін орындау
Әрбір бөлімнің медициналық қызметкерлері бір-бірімен ақырын, дауысты қатты көтермей сөйлесу қажет. Күндізгі және түнгі тыныштық күйде кіші медициналық персоналдің тазалық жасау уақытындағы іс-әрекеті науқастардың тыныштығын бұзылмауын қамтамасыз етуі тиіс.
Міндетті түрде кешкі сағат 22 00 -ден кейін теледидарлар мен телерадио хабарлары өшіріліп, жарықты сөндіру қажет.
Психологиялық тыныштыққа интеръерлердің жайлы болуы да әсер етеді: қабырғалар мен палаталардың ақшыл тусте болуы, жұмсақ жиһаз болуы қажет.
Медбикенің науқасқа айтқан әрбір сөзі аурудың айығушылыққа деген сенімін арттыру қажет.
Бір науқастың жағдайы күрт төмендесе, екінші науқасқа оның жағдайын көрсетпей ширимен жауып қою қажет, себебі, ондай жағдайды көрген науқастың психикасы өзгереді.
Науқастың физикалық жағдайына да көп көңіл бөлу.
Науқастың әр түрлі функционалдық қалыптары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz