Қария науқастардың күтімі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы:

Қария науқастардың күтімі

Қарағанды 2014 ж.

Жоспар:

Негізгі бөлім:

  1. Қарттық - заңды түрде болатын соңғы жас кезеңі
  2. Сырқаттың жеке басының гигиенасы
  3. Теріні күту және ойылған жеріне профилактика жасау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қария науқастардың күтімі

Соңғы онжылдықтарда барлық тірі организмнің оның ішінде адамның

қартаю құбылыстарын зертейтін ғылым табысты дамып отыр. Бұл ғылым

геронтология деп аталады да қартаю белгілерін, механизмін, заңдылықтарын

зерттейді.

Қарттық - заңды түрде болатын соңғы жас кезеңі. Физиологиялық

қартаю ой және дене саулығының, белгілі бір дәрежеде жұмыс қабілетінің

қатынасы мен ықласы сақталуымен сипатталады. Физиологиялық қартаю -

организм мен түрлі жүйелердің тіршілік қызметін жалғастырытын

икемделгіш механизмдердің жаңа деңгейі. Жасыны қарай адам организмімен

барлық физиологиялық жүйелерде біртіндеп өзгерістер бола береді де

икемделудін, төменгі мүмкіндігіне жетеді.

Біздің елімізде егде адам қоғамның масылы емес, сол қоіамның ілтипаты

мен құрметіне бөленетін мүшесі. Елімізде халықтың әл-ауұатын, жалпы және

санитарлық мәденитін көрсету, мемлекетіміз бен қоғамыздың қамқорлығы

халқымыздың денсаулығын сақтап, оның ұзақ белсенді өмір сүруіне

мүмкіндіктер беріп отырғанын біз көріп отырмыз.

Қартаю процесінде адамның нерв жүйесінде ми тамырларының

атеросклероздық өзгеруімен тығыз байланысты бірқатар өзгерістер болады.

Жоғарғы нерв қызметі бұзылады, ол жұмыс қабілетінің төмендеуімен,

зейінінің, есінің нашарлауымен, ұйқысының бұзылуымен, көңіл күйінің

тұрақсыздығымен т. б. сипатталады.

Кексе және қарттық шақтағы сырқатты емдеудің негізгі факторының

бірі - теңестіру концепциясы негізінде дұрыс әрі сапалы тамақтандыру.

Сырқаттың жеке басының гигиенасы

Төсек-орнының салынуы

Сырқат ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның

жататын орны ыңғайлы әрі таза болуының маңызы зор. Сырқатқа кез келген

жағынан жақындау оңай болуы үшін кереуеттердің арақашықтығы кемінде

1. 5 болуы керек. Кереуеттің бас жағы қабырға жақта тұруы тиіс. Кереуетті

жылжытып тұру үшін оның аяғында шағын доңғалақтар болуы қажет.

Кереуетті осылайша қозғау тәсілі сырқатты мазаламайды.

Төсек-орын жапқыштарын және ішкі киімдерін ауыстыру

Төсек-орын жапқыштарын гигиеналық ваннаға түскен соң бір

аптадан ұзартпай ауыстыру керек. Қажет болуына орай қосымшада

ауыстырылады.

Төсек-орын жапқыштарын мейіркеш көмегімен ауыстыру керек.

Мейіркеш күн сайын ертемен кіші мейіркештің кірлеген жапқыштарды

тапсырып, жаңасын алғанын қадағалауы керек.

Сырқат жай күйіне қарай төсек орын жапқыштарын

ауыстырудың түрліше тәсілдері болады. Егер сырқат жүріп тұратын

жағдайда болса, онда ол төсек орын жапқыштарын кіші мейіркеш

көмегімен өзі ауыстырады. Егер сырқаттың басын көтеруіне рұқсат

етілсе, кіші мейіркеш оны орындыққа отырғызады да, ақ жаймасын өзі

ауыстырады.

Теріні күту және ойылған жеріне профилактика жасау

Сырқатты, әсіресе ауыр науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын

алады. Оның тазалығы мен тұтастығы аса маңызды шарт болып саналады,

Терінің жұмсақтығы мен серпінділігін сақтау үшін май және тері безде-

функциясының маңызы зор.

Мейіркеш өз аяғымен жүрген сырқаттың төсек орын жапқыштары мен

іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу графигін жасап

орындауы тиіс. Төсек тартып жатқан сырқаттарды камфора спирті бар

ерітінділермен дезинфекциялап күнделікті сүртіп қажет, ерітіндіні қолдану

алдында қыздару қажет.

Ауыз қуысының күтімі

Әлсізденген сырқаттың ауыз қуысында микроорганизмдер жиналады,

олар ауыз қуысының шырынды қабығын іріңдету және қолайсыз иіс шығару

мүмкін. Міне, сондықтан да ауыр науқастың ауыз қуысын күту ең бір

маңызды жұмыс, мұны мейіркеш әрдайым есінде сақтауы тиіс.

Жүре алатын сырқаттар таңертең және кешке күнделікті тісін тазалауы,

ал тамақ ішкен соң аузын шағындап тұз салған сумен немесе натрий

гидрокарбонатының сұйық ерітіндісімен шайқауы тиіс. Ауыр науқастар

өздігінен тісін тазалай алмайды, сондықтан әрбір тамақтанудан соң мейіркеш

домалақтанған мақтаны қасқышпен, оны ерітінділерді біреуіне немесе

қайнаған жылы суға салып сырқат тістері мен тілін сүртеді. Одан кейін

сырқат ауызын жақсылап шаюы керек. Ауыр науқастың ауыз қуысының

шырынды қабатында қабыну процестері стоматиттер жий пайда болады, олар

тамақ ішкенде ауырады, сілекей ағады, тіпті дене қызуы мүмкін.

Көз күтімі

Сырқат көзін күту мейіркештің ерекше назарын талап етеді. Көзден

ірің ақса, кірпіктері жабысын қалса 3% бор қышқылының жылы ерітіндісіне

салынған зарарсызданған дәкемен жуады.

Көз ауырғанда дәрі тамызып, көзге арналған май жағады.

Мұрын күтімі

Әлсізденген сырқат мұрын қуысын өздігінен тазалай алмаса,

мейіркеш оны күнделікті тазалап, қатқан қабықты алып тастауға тиіс. Ол

үшін ауырудың басын шалқайтып, оның мұрын қуысына вазелинге,

глицеринге немесе кез келген майлы ерітіндіге малынған шиыршықта-мақта

ендіреді де 2-3 минөттей айналдыра сүртеді, қатқан қабықтарды алып

тастайды. Процедура қарапайым болғанымен, дағды мен шыдамдылықты

талап етеді.

Шаш күтімі

Басты жуған соң бір аптадан кейін көптеген мөлшерде шаң, кір басып,

шаш майланады, сондықтан басты сабынмен немесе шампуньмен 7-10 күнде

бір рет жуып отыру қажет. Ұзақ уақыт төсек тартып гигиеналық режимді

сақтамаған сырқат басына кірден басқа сірке мен бит түсуі де мүмкін,

сондықтан мейіркеш сырқат шашын мұқият қарауы тиіс. Ұзақ төсек тартып

жатқан еркектер шашын қысқа етіп алып 7-10 күн сайын басын жуу керек.

Ұзын шашты әйелдердің шашын жиі тісті тарақпен күнделікті тарап отыру

керек, әрбір сырқаттың өз тарағы болуы тиіс. Бөгде адамның тарағымен

тарауға болмайды

Сырқаттарды тамақтандыру

Адам организміндегі барлық тіршілік процесінің негізгі организм мен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халі ауыр науқастар күтімі принциптері
Біліктілікті медициналық көмек
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
Күтім
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
НАУҚАСТЫҢ ҚҰЛАҚ КҮТІМІ
Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау
Эпилепсия ауруына жалпы сипаттама
Науқастың жеке басының тазалығы
Науқастың жеке басының тазалығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz