Экологиялық құқық


ЖОСПАР

Кіріспе2

Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері3

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық механизмі6

Зиян келтірушінің жауапкершілігінің нысандары9

Қорытынды11

Қолданылған әдебиеттер12


Кіріспе

Қоршаған табиғи ортаның қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану - қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы, ретінде жалпымемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.

Экологиялық құқық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдарының мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» - бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз - «Жер» туралы ғылым.

Құқықтық экология деп - қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз.

Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері

1997 жылы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 16 бабына сәйкес, табиғат пайдалануға берілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік орган табиғат пайдаланушыға беретін және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға (алып қоюға), қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға, табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемі, нормалары, ерекшеліктері және қолданылатын технологиясы көрсетілген құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

Табиғат пайдалануға рұқсат беру мазмұнына:

- рұқсат етілген табиғат пайдалану иесі туралы мағлұмат;

- табиғи ресурстың пайдалану мақсаты;

- табиғи ресурстың сипаттамасы;

- табиғатты пайдаланудың бастапқы мерзімімен табиғат пайдалану шешімінің әрекет ету мерзімі;

- табиғатты пайдыланғаны үшін ақы төлеу апарттары;

- табиғат пайдаланудың тәртібі, мөлшері, көлемі мен түрлері;

- табиғат пайдалануға рұқсат алған тұлғаның міндеттері;

- басқа да қажетті мәліметтер.

Табиғатты пайдалану шешімін (лицензиясын) 3 түрге бөлуге болады:

а) табиғи ресурстардың жеке (бөлек) түрлерін пайдалану құқығы;

б) қоршаған табиғи ортаға ластайтын заттарды, қалдықтарды, шығару, лақтырып тастауға, жинауға орналастыруға құқығы.

в) табиғатты кешенді пайдалану.

Соңғысы табиғи ресурстардың бірнеше түріне пайдалану құқығына ие.

Жалпы табиғат пайдаланушылардың құқықтарына мыналар жатады:

- табиғи ресурстарды мақсатына сай пайдалану құқығы;

- шаруашылық және басқа қызмет жүргізу тәсілін таңдау құқығы;

- табиғи ресурстарды мемлекет қажеттіліктері үшін алу кезіндегі келтірілген зиянды өтетіп алу құқығы;

- табиғи ресурстарды пайдалану кезінде заңсыз араласуынан қорғану құқығы;

Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 20 бабына сәйкес табиғат пайдаланушылардың міндеттеріне;

- табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға;

- шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды және қоршаған орта саласының нормативтерін сақтауға;

- берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;

- қоршаган ортаны қорғау және табиғи ресурстарды молайту жөніндегі шараларды белгіленген тәртіппен жүргізуге;

- табиғи ресурстарды пайдаланғаны , қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшін белгіленген ақыны дер кезінде төлеуге;

- қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуі бойынша қажетті ақпарат беруге;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да талаптарды сақтауға міндетті.

Табиғат пайдалану құқығы әр түрлі негіздерде тоқтатылуы мүмкін. Табиғат пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздеріне мыналарды жатқызуға болады:

- табиғат пайдаланушының табиғат пайдаланудан өз еркімен бас тарту;

- табиғи ресурстарды мемлекеттің қажеттіліктеріне алу;

- табиғат пайдалануға берілген шешімінің мерзімінің өтуі;

- табиғи ресурстарды пайдалану аймағында тұратын тұрғындардың, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі;

- табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалану тәртібін әрдайым бұзу;

- табиғат пайдаланушының табиғат пайдалануға берілген шешімде және заңда көрсетілген реттерде табиғи ресурстарды белгілі мерзім ішінде пайдаланбауы;

- табиғат пайдаланушының - заңды тұлганың жойылу, таратылуы;

- табиғат пайдаланушының - жеке тұлғаның қайтыс болуы;

- табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін әрдайым белгіленген төленетін төлемақыларды төлемеу;

- табиғатты пайдалануға берілген шешімде арнайы көрсетілген табиғатты пайдалану құқығын тоқтататын басқа да жағдайлардың пайда болуы.

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық механизмі

Экономика мен экологияның қарама-қайшылығы - қоршаған табиғи ортаны қорғаудың негізгі мәселелерінің бірі. Осы уақытқа дейін бұл мәселелерде әкімшілік-құқықтық әдістермен әсер ету тыйым салу, шектеулер қылмыстық және әкімшілік жаза шараларын қолдану арқылы шешуге тырысқан. Егер әкімшілік-құқықтықтық әдісі билік және бағыну қатынастарынан туындаса, онда экономикалық механизм атқарушының нақты мақсатқа жетудің материалдық қызығушылығына негізделеді. Экономикалық механизмнің құрамына тұрақты әрекет институттармен қатар нарық қатынастарына көшу қатынастары негізінде туындаған жаңа институттар кіреді.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизміне арналған тарау бар. Бұл тарауда қоршаған ортаны қорғаудың барлық экономикалық әдістері көрсетілген.

1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық және бағдарламалық-нысаналы құжаттар мен материалдарда ескеріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын индикативті жоспарлаудың жобаларында, табиғат пайдаланудың әртүрлі бағыттары жөніндегі ұлттық бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгізілді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экалогиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру: республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер; қоршаған ортаны қорғау қорларының қаражаты; экологиялық сақтандыру қаражаты, табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты; заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдықтары есебінен жүргізіледі.

2. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу.

Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлері үшін көзделген жалпы мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар табиғат пайдаланушылардан алынады.

3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу. Қоршаған ортаның ластанғаны үшін төленетін ақы ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алынады. Қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемдердің ставкаларын қоршаған ор-таны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен келісе отырып, Облыстардың әкімдері бекітеді.

4. Табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы төлеу. Табиғи ресурстарды қорғау мен толықтыру үшін ақы табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттік шығыстардың орнын толтыру өтемі ретінде алынады.

5. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды тиімді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға - табиғат пайдаланушыларға субсидиялар берудің экологиялық жағынан бағдарланған саясаты мен ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.

6. Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қор-шаған ортаны және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құрылатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сақтандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензилсы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді.


Зиян келтірушінің жауапкершілігінің нысандары

Жауаптылық - жүріп-тұру нормаларын орындау міндеттілігі сияқты оларды бұзғаны үшін қолайсыз салдарды алып жүру міндеттілігінен кқрініс табады. Жуаптылық институты - біздің қоғамдық өміріміздің барлық аясынан өтеді. Экология мәселесі бойынша бұл - мемлекеттің, адамның, қоғамның болашақ ұрпақ және табиғат пайдаланушы алдындағы жауапкершілігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Экологилық қылмыстың жалпы сипаттамасы
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Экологиялық құқық бұзушылық
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жерді қорғаудың мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz