Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару


Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
- Тарау.
Экономикадағы қаржы тәуекелінің мазмұны және оның түрлері.
- Қаржы менеджментіндегі қаржы тәуекелінің түрлерге бөлінеді.
- Қаржы тәуекелін басқару саясаты.
- Тарау.
Банктік тәуеклдердің пайда болу көздері мен жіктелуі.
2. 1 Банктік несиелік тәуекелді бағалау және басқару.
2. 2 Қаржы менеджментіндегі пайыз тәуекелділігі мен валюталық тәуекелдің маңызы.
- Тарау.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің қаржы менеджментіндегі тәуекелін болашақта жетілдіру жолдары.
І Тарау
Экономикадағы қаржы тәуекелінің
мазмұны және оның түрлері
1. 1 Қаржы тәуекелінің мазмұны және түрлері
Кәсіпорындардың қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелдікпен тығыз байланыста, оның ықпал ету деңгейі нарықтық экономикаға байланысты біршама артады. Кәсіпорынның қаржы әрекетіне ілеспелі тәуеклдікті, тәуекелдіктің ерекше тобына бөледі. Қаржы тәуекелдігі кәсіпорындардың жалпы “портфель тәуеклдігінде” маңызды роль атқарады. Қаржы тәуекелдігінің дамуы кәсіпорындардың қаржы нәтижесіне ғана әсер етіп қоймай, оның жалпы өндірістік- шаруашылық әрекетінің нәтижесіне әсер етуі экономикалық жағдайлардың және қаржы нарық коъюнктурасының тез қарқынмен өзгеруіне кәсіпорындардың қаржы қатынасы жүйесіне кеңеюіне, республика кәсіпорындарына жаңа қаржы технологиясының және инструменттерінің, басқадай факторлардың пайда болуымен байланысты.
Соныменен, қаржы тәуекелдігінің объективтілігі біршама факторлардың барлығымен байлынысты, олардың болуы түпкі нәтижесінде фирманың іс-әрекетіне байланысты емес.
Басқа жағынан қара, анда, қаржы тәуекелдігінің субъективті негізі бар, өйткені олар әр уақытта адамдар арқылы іске асырылады. Шындығында, тек қана кәсіпкер тәуелкелдік жағдайды бағалап, көптеген мүмкінді істің нәтижесін қалыптастырып, олардың ішінен қажеттісін адамның мінезіне, оның ақылы-ойына, психологиялық ерекшелігіне, білім деңгейіне және оның істеп жүрген жұмысындағы тәжірибесіне байланысты.
Қаржы тәуекелдігі - бұл, бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік ресурстан айырылуы мүмкіндігі немесе ресуртарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдіктің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Соныменен, қаржы тәуекелдігі алып-сатарлық тәуекелдік тобына жатады, өйткені іс әрекетіне байланысты шығынға ұшырауы немесе ұтысқа шығуы мүмкін.
Қаржы тәуекелдігі қаржы ағымдарының қозғалымымен байланысты пайда болады және негізінен қаржы ресурстары нарқында байқалады. Бұл тәуекелдіктер көп түрлілігімен сипатталады және оларды тиімді басқару үшін олардың әртүрлі белгілеріне байланыстыжіктеген жөн болады.
Сақтандырылатын тәуекел - бұл болатын мүмкінді оқиға немесе оқиғалар жиынтығында байланысты сақтандыру жасау. Сақтандыру қызметінің түрлерін жіктеу қаржы тәуекелдігін сақтандыруды анықтайды, онда сақтандырушының міндеті, оның сақтандыруға төленетін төлем мөлшері қаралады.
Сақтандыру келесі оқиғаларға сәйкес жасалынады:
- өндірістің тоқтап қалуы немесе өндіріс көлемінің айтылған жағдайларға байланысты кемуі;
- банкрот болуы;
- алдын ала болжанбаған шығындар;
- контрагенттің келісім шарттағы қаралған міндеттерін рындамауы.
Бірақта қаржы тәуекелінің бір тобы болады, олларды компания сақтандыруға кіріспейді, бірақ сол сақтандырылмаған тәуекел фирманың әлуетті қосымша пайдасының көзі болып есептеледі.
Кәсіпкерлік фирманың негізгі мақсаты тәуекелдікке ұқыпты болып, банкроттыққа ұрынатын шектен аспай жұмыс істеуі. Осыған байланысты қаржы тәуекелдігі қаржы шығыны деңгейі бойынша төмендегіше жіктеледі: мүмкінді тәуекел, сыни тәуекел, апатты тәуекел.
Мүмкінді қаржы тәуекел фирманың қаржы әрекетінен немесе белгілі бір қаржы жобасын іске асыруда жартылай немесе толық пайдадан айырылу. Бұл жағдайда пайдадан айырылу мөлшері күткен пайдадан кем.
Соныменен, бұл қаржы мәмілесі, белгілі тәуекелдіктің болуына қарамай, өзінің экономикалық тұрғыдан пайдалылығын сақтайды.
Келесі тәуекелдеңгейі өте қауіпті - сыни тәуекел. Бұл қаржы тәуекелдігінің түрі белгілі қаржы мәмілесін орындауға шыққан шығын мөлшерінің артықтығымен байланысты. Сонымен сыни тәуекелдіктің біріеші деңгейі кәсіпкерлік фирманың шығарған материалдық шығындарын қайтарғаннын кейінгі нолдік табыс алу қаупімен байланысты. Сонымен сыни тәуекелдіктің екінші деңгейі толық шығын мөлшеріндедегі шығынмен байланысты, яғни жоспарланған түсімнен айырылу мүмкіндігіне байланысты кәсіпкерлік фирмаға шығындарды басқадай көздер есебінен жабуға тура келеді.
Апатты тәуекел - оның қаржы шығыны кәсіпкерлік фирманың жартылай немесе толық мүлкінен айырылу жағдайын сипаттайды. Апатты тәуекел, әлбетте, фирманы банкроттыққа ұшыратады, өйткені бұл жағдайда фирма қаржы әрекетінің белгілі түріне салынған қаржысына ғана емес, фирманың тұтас мүлкінен айырылуына әкеп соқтырады. Көп жағдайда бұл жай, кәсіпкерлік фирманның болашақ пайдасынын есебінен сырттан қарыз алуына мәжбүр етеді, бірақта апатты қаржы тәуекелдік пайда болса, фирма алған несиені өз қаражаты есебінен қайтаруына тура келеді.
Пайда болу саласына: қарай қаржы тәуекелдігін сыртқы және ішкі тәуекелдікке бөлуге болдады. Сыртқы тәуекелдіктің пайда болу көзі кәсіпкерлік фирмаға сыртқы ортанының әсерінен, яғни бұл тәуекелдіктің фирманың жұмысына байланыстығы жоқ. Кәсіпкерлік фирма сыртқы қаржы тәуекелдігіне әсер ете алмайды, ол оны алдын ала болжап, өз әрекетінде оны есепке алуы тиіс. Бұл тәуекел түрі қаржы операциясы тән. Сыртқы қаржы тәуекелдігі экономикалық кезеңнің жекелеген сатысының өзгерген кезінде қаржы нарқы конъюнктурасыны өзгеруінде, фирмалар жұмысының қаржы саласы бойынша заңның өзгеруі нәтижесінде, мемлекеттегі саяси тәртіптің тұрақсыздығы және т. б. жағдайларға байланысты пайда болады, бірақта фирма өз жұмыс процесінде оларға ешқандай ықпал ете алмайды. Қаржы тәуекелдігінің бұл тобына инфляциялық, валюталық, пайыздық және басқада тәуекелдікті жатқызуға болады.
Ішкіқаржы тәуекелдігі - бұл тәуекелдік, кәсіпкерлік фирманың нақтылы іс-әрекетіне байланысты, яғни олардың көзі фирманың өзі болып саналады. Бұл тәуекелдікке себепші болушылар:
Фирмадағы біліктілігі нашар қаржы менеджері;
Фирмалардың активтерінің тиімсіз құрылымы;
Фирма басшылардың шамадан тыс қаржылық операцияға тәуекелдігі;
Шаруашылық етуші серіктерді дұрыс бағалмау;
Фирманың қаржы жағдайының тұрақсыздығы және т. б.
Ішкі қаржы тәуекелдіктің теріс жағдайларын кәсіпкерлік фирмалар көп жағдайда қаржы тәуекелдігін тиімді басқару есебінен дұрыстай алады, яғни фирмалардың қаржы тәуекелдігінің жалпы деңгейін төмендету, ішкі тәуекелдікті төмендету есебінен жетеді.
Болжау мүмкіншілігіне байланысты қаржы тәуекелдігі келесі 2 топқа бөлінеді: болжамдалатын және болжамданбайтын.
Болжамдалатын қары тәуекел - бұл тәуекелдің болуы экономиканың даму кезеңіне қаржы нарқының конъюнктурасы сатысының ауысуы, болжамды бәсекелестіктің дамуы және т. б. байланысты. Бірақта атап кететін жай қаржы тәуекелінің болжамдалуы салыстырмалы сипатта болады.
Қаржы тәуекелін жіктеудің келесі белгісі бойынша яғни әсер ету мерзімнің ұзақтығына сәйкес 2 топқа тәуекелдікке бөледі: тұрақты қаржы тәуекел және уақытша қаржы тәуекел. Тұрақты қаржы тәуекел - қаржы операциясын орындаудың барлық кезеңіне тән және тұрақты факторлардың әсерімен байланысты. Сонымен, тұрақты тәуекелге белгілі географиялық аймақта фирманың жұмысына немесе экономиканың белгілі бір саласына тоқтаусыз қауіп төндіретын тәуекелдіктер қатысы. Қаржы тәуекелдігінің бұл тобына валюталық және пайыздық тәуекелдікті жатқызады. Уақытша қаржы тәуекел - уақытша сипатта болады, фирма тәуекелдің бұл түрімен қаржы операциясының жекелеген кезеңін орындауда кездеседі. Уақытша қаржы тәуекелін өз кезегінде 2 топқа бөлуге болады: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тәуекелдіктер. Қысқа мерзімді тәуекелдікке, белгілі бір уақыт бөлігінде пайды болатын тәуекелдік жатады, мысалы несиелік және инвестициялық тәуекелдіктер.
Пайда болу объектісіне қарай қаржы тәуекелін 3 топқа бөлуге болады: кәсіпкерлік фирмамен орындалатын жекелеген қаржы операциясының тәуекелі; фирманың әртүрлі қаржы жұмысының тәуекелі; жалпы фирма жұмысының қаржы тәуекелі.
Жекелеген қаржы операциясының тәуекелі кәсіпкерлік фирманың белгілі ір қаржы операциясын орындауда кездесетің барлық кешенді қаржы тәуекелдігін сипаттйды.
Қаржы әрекеттіндегі тәуекелдің әртүрлі түріне - белгілі бір қаржы жұмысын орындауда кездесетін барлық қаржы тәуекелі жатады, мысалы, фирманың инвестициялық тәуекелімен сипатталады.
Фирма жұмысының жалпы қаржы әуекелі өзіне әртүрлі кешенді қаржы тәуекелдіктерді қосады олар кәсіпкерлік фирманың қаржы әрекетін орындауда пайда болады.
Бұл тәуекелдік фирмалардың ұйымдық-заңдылық түріне, оның капиталы және активтерінің құрылымына және басқадай факторларға байланысты. Мысалы: фирманың қаржы тұрақтығының кему тәуекелдігінің пайда болуының бірден-бір себебі, капитал құрылымының жетілдірілмеуіне байланысты нәтижесінде фирманың ақша ағымдарының кірісі және шығысыының баланстанбауына әкеп соқтырады.
Одан ары жіктеу мүмкіншілігіне қарай қаржы тәуекелдігін қарапайым және күрделі түріне жіктейді. Қарапайым қаржы тәуекелі - жекелеген түрттармағына бөлуге болмайтын тәуекел, мысалы инфляциялық тәуекел, оны ары қарай жіктеуге болмайды.
Күрделі қаржы тәуекел - бұл тәуекел өзіне оның кешенді әртүрлі түрі тармағын қосады. Қаржы тәуекеліне бұл түріне инвестициялық тәуекелді жатқызуға болады өз ретінде ол ары қарай көптеген түр тармағына жіктеледі.
Қаржы тәуекелін белгісі бойынша жіктеуден басқа түрлері бойынша төмендегіше жіктеледі:
Қаржы тәуекелінің түрлері
Инфляциялық тәуекел - қаржы мәселесін орындаудан күткен табыс және пайданың немесе инфляцияның өсуіне байланысты нақтылы капитал құнының құнсыздану мүмкіндігімен байланысты қаржы тәуекелінің түрі. Бұл тәуекелдің түрі тұрақты сипатта болады және инфляциялық экономикажағдайында кәсіпорынның бардық қаржы операциясына қатысты.
Инфляциялық тәуекелді минималдау әдісінің бірі - алдағы қаржы операциясынан алынатын аталымды құн табысының құрамына инфляциялық сый ақы мөлшерін қосу.
Салықтық тәуекел - кәсіпкерлік фирманың салықтық заңдардың коъюнктуралық өзгеру нәтижесінде немесе фирманың салық төлемдерін есептеуде жіберген қателіктері нәтижесінде зиян шегу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Сонымен, салықтық тәуекел бір мезгілде сыртқы қаржы тәуекелдігі тобына және ішкі тәуекелдер тобына жатады. Салықтық тәуекелге қосылатындар:
Жоспарланбаған салықтық мөлшерлеменің өсіру нәтижесінде бюджетке қосымше төлеу мүмкіндігі;
Салық қызметкерлерінің бірілген салық жеңілдігін тез өзгерту туралы шешім қабылдау нәтижесінде болатын мүмкіндігі шығын;
Бюджетке төлем қарызының біршамса өсуі ықпалшарасы айыбын өсіп қоймай, сонымен қатар, салық полициясының фирма жұмысын тоқтату қауыпы, оның шоттарына тиым салу, фирманың шаруашылық әрекетімен байланысты құжаттарын алу және т. б. шараларды қолдануға ықпал етеді. Осының барлығы түпкі нәтижесінде кәсіпкерлік кәсіпорының жойылуына әкеп соқтырады.
Фиманың бухгалтерия қызметкерлердің жіберген, салық қателіктерінің нәтижесінде мүмкінді шығынның пайда болуы.
Салық есебінде жіберілген қателіктер барынша қаржы ықпал шараымен жасалынады.
Несиелік тәуекел - контрактіге қатысушы серіктер келісім шарттағы міндеттемелерді тұтас немесе оның жекелеген жайларын орындай алмайтын мүмкіндігін сипаттайды. Несиелік тәуекелдің 2түрі болады: саудалық несие тәуекелі және банктік несие тәуекелі.
Саудалық несие тәуекелі - кәсіпкерлік фирманың қаржы жұмысында оның тауарлық немесе тұтынушыларға тұтыну несиесін берген жағдайда пайда болады.
Тауарларды жеткізушілер үшін бұл тәуекел тапсырыскерлердің келісім шарттағы міндеттемелеріне сәйкес төлем қабілеті; тапсырыскерлерге - жеткізушілердің тауарларды уақытында жеткізу мүмкіншілігі.
Несиелік тәуекелдің деңгейі, алынытын несиенің сомасының өсуіне және мерзіміне қарай артады. Несиелік тәуекелге ұшыру несие алу кезеңі бойынша сақталады. Кез келген несиелік тәуекелдегі әлует шығыны - барлық қарыз сомасы, ал нақты шығын әлует шығынан кем болуы мүмкін.
Несиелік тәуекел келесі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін:
өндірістің құлдырауы, фирманың өндірген өнімдеріне сұраныстың құлдырауы;
фирманың партнерлерімен келісім шарттағы қатынастарды орындамауынан;
фирманың активтерін түрлендірумен;
форс- және т. б.
Депозиттік тәуекел - фирмалардың банк депозитіне салымдарының пайда болатын мүмкінді шығын. Бұл тәуекел өте сирек кездеседі және ол көбінесе фирмалардың депозиттікоперация жасайтын банктерді дұрыс бағалмауы және таңдауынан болады. Атап кететін жай, депозиттік тәуекел жалпы сипатқа тән. Ол дамып келе жатқан сондай-ақ экономикасы дамыған елдергеде қатысты.
Валюталық тәуекел - халықаралық қаржы нарықтарында қолайсыз қысқы мерзімді немесе ұзақ мерзімді валюта бағасының ауытқу нәтижесінен шығын алу тәуекелі. Валюталық тәуекел - бірнеше незігі түрі тармағынан құралады:
Трансляциялық валюта тәуекелі көп ұлтты басты корпорацияларының қаржы есебімен шетелдік еншілес компаниянвң шоттарын шоқтандыру нәтижесінде пайда болады. Бұл тәуекелдің бухгалтерлік тегі бар және фирманың әртүрлі шетелдік валютамен есептелген активтері және пассивтерін есептеудің қажеттігімен байланысты.
Мысалы Ұлыбритания компаниясының АҚШ-та еншілес фирмасы бар, 01. 01. таза активтерінің құны 400 мың. ақш. долл. тең. Шоқтандырылған есеп жасау үшін АҚШ долл фунт стерлингке аудару қажет. Валютаның курсы 01. 01. - 1 фунт стерлинг = 1. 75 АҚШ долл тең болады. Сол жылдың 1 желтоқсанына 1 фунт стерлинг 1, 80 АҚШ долл. тең болады. Еншілес компанияның активтерінің құны 01. 01 - 229 мың. фунт стерлингі, ал 1 желтоқсанда 222 мың фунт стерлинг болды. Соныменен, қолайсыз валюта курсының өзгеру нәтижесінде бухгалтерлік шығын 7 мың фунт стерлингке тең болды.
Операциялық валюталық тәуекел іскерлік операциялар жасаған кезде пайда болады, ерекшелегі шетелдік валютаны алу, мәміле жасаған кезде емес, біршама уақыт өткеннен ғана төлем жасалынады. Бұндай тәуекел нақтылы түсім сомасының, бастапқы есеппен салыстырғанда, азаюына ықпал етеді.
Экономикалық валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруіне байланысты мүмкіндік алынатын пайданың немесе түсімнің қысқаруы. Бұл валюталық тәуекелдің әсерінен фирманың активтерінің және пассивтерінің құны, болашақ валюталық тәуекелдің өзгеруіне сәйкес, не өсіп немесе кемуі мүмкін.
Экономикалық валюта тәуекелі ұзақ мерзімді сиппатта болады, ол фирманың шығын жасауы бір валютамен, ал табыс басқа валютамен жасауына байланысты, нәтижесінде кез келген валюта бағамсының өзгеруі фирмалардың қаржы жағдайына әсер етеді.
Экономикалвқ валюта тәуекелінің 2 түрі тармағы ьолады:
тура экономикалық тәуекел - болашақ оерациялардан алынатын пайданың кемуімен сипатталады. ;
жанама экономикалық тәуекел - шетелдік өндіріскерлермен салыстырғанда баға бәсекелесінің белгілі бөлігінен айырылу. Тәуекелдің бұл түрі ұттіқ валютасы әлсіз мемлекеттің фирмалары үшін өте қауіпті
Инвестициялық тәуекел-фирмалардың инвестициялық жұмыстарды орындау процесінде пайда болатын мүмкінді қаржы шығыны.
Бұл әрекеттің мүмкінді түрлеріне сәйкес инвестициялық тәуекелді 2 негізгі түрге бөледі: қаржыны инвестицилау тәуекел және нақты инвестициялау тәуекелі.
Бұдан басқа, инвестициялық тәуекел бағалау деңгейіне, пайда болу себебіне, шығын түріне қарай жіктеледі.
- Бағалау деңгейіне қарай тәекел келесі түрлерге бөлінеді:
- Жалпы мемлекеттік;
- Салалық;
- Фирмалар деңгейіне бойынша;
Жекелеген инвесторларды жағдайымен байланысты.
Жалпымемлекеттік немесе жалыэкономикалық тәуекел - елдегі саяси және экономикалыұ жағдайлармен байланысты.
Салалық тәуекел индустриалдық талдау ьарысында бағаланады.
Талдаудың нәтижесі бойынша инвестордың корпорацияға салған қаражатымен қаншалықты тәуекелдікке барған жөнінде қорытынды жасалады.
Фирма деңгейіндегі тәуекел - компанияның қаржы жағдайын эксперттік талдау кезінде анықталады. Ол үшін: фирма жұмысының сипаты және көлемі анықталады. :
өндіріс деңгейі және фирманың менеджменті, оның репутациясы талданады.
Негізгі қаржы коэффиценттері есептелінеді және кәсіпорны қаржы жағдайы жөнінде қорытынды жасалынады.
Пайда болусебептеріне қарай тәуекелдер келісімі түрлерге бөлінеді:
әлеуметтік-құқықтық - қор нарығында «ойын тәртібінің тұрақсыздығынан» пайда болады.
Инфляциялық - бұл тәуекелдікте инфляция өз қарқынымен инвестиция табысының өсуінен озықта болады.
Нарықтық тәуекел - белгілі бір құнды қағаз түріне мүмкінді сұраныстың төмендеуі нәтижесінде пайда болады.
Операциялық тәуекел - жұмыс барысында ақпараттық жүйенің немесе компьютерік техниканың жұмысының тоқтап қалу нәтижесімен байланысты шығын.
Функционалдық тәуекел - құнды қағаздар портфелін құрастыру және басқарудағы жіберілген қателіктермен байланысты.
Селективті тәуекел - капитал салымында оның түрлерін дұрыс таңдамаумен байланысты тәуекел.
Қаржы тәуекелінің келесі түрі - пайыздық тәуекел.
Тәуекелдің бұл түрі қароды қарқында алдын-ала болжамбаған пайыздық мөлшерлеменің өзгеруінен пайда болады. Пайыздық тәуекел инвестицияға төленетін пайыздың төлем шығынның өзгеруіне яғни, меншік капиталға табыс мөлшерлемесінің өзгеруіне ықпал етеді.
Пайыздық тәуекелдің пайда болуына сыртқы кәсіпкерлік ортаның әсерінен қаржы қарқының конъюнктурасының өзгеруі әсер етеді.
Алдыменен пайыздық тәуекелмен банктер және инвестициялық компаниялар кездеседі, бірақ бұл қаржы тәуекл фирмаларғада сәйкес келеді, өйткені олар өз әрекеттерін қаржыландыруға банктен несие алады, сондай-ақ уақытша бос ақша қаражаттарын активтерге салып, пайыздық түрде табыс салуға әрекет жасайды.
1. 2 Қаржы тәуекелін басқару саясаты
Нарықтық экономика жағдайында қаржы жұмысын орындау арнай талдау әдісінсіз және тәуекелді басқарусыз мүмкін емес. Қаржы тәуекелін басқару жұмысы кәсіпкерлік кәсіпорындардың қаржысын тұрақтандыруды қамтамасыз етуде маңызды роль атқаруда.
Соңғы 30-40 жылдарда Батыс мемлекеттерде тәуекелді басқару ұғым және пән жүйесі ретінде дамыған, мақсаты кәсіпкерлік фирмалардың жұмыс процесінде пайда болған жағымсыз жағдайлардың немесе жағымсыз қаржы зардабынан қорғауды ұйымдастыруға көмек ету.
Фирманың қарды тәуекелдігін басқару қаржы менеджментінің айырықшалықты саласына жатады, ол шет елдерде соңғы жылдары ерекше салаға «тәуекел менеджментке» бөлінді.
Қаржы тәуекелін басқару фирмаларға экономикалық негізделген ұсыныстар және шаралар жасауды және іске асыруды қарайды, олар негізінен қаржы мәселесін немесе қаржы операцияларын жасағанда бастапқы тәуекелдік деғгейін азайтуға бағытталады.
Соныменен, тәуекелді басқару - фирмалардың қаржы саласында талдау жасау, сақтандыру ісі, кәсіпкерлік фирмалардың шаруашылық жұмысын талдау туралы білімді талап ететін қаржы менеджменттің айрықша саласы.
Фирмалардың қаржы тәуеклдігін басқару белгілі бір принциптерге негізделеді, олардың негізгілері:
Тәуеклдік шешімді қабылдауды түсіну;
Қаржы тәуекелін басқару мүмкіндігі;
Жасалатын қаржы мәселесін немесе операциясының тәуекелдік деңгейінің, одан алынатын табыс деңгейімен салыстырмалылығы;
Тәуекелдікті басқару тиімділікті;
Қаржы тәуекелдігін басқаруда уақыт факторының әсерін есептеу;
Фирманың қаржы стратегиясының фирманың қаржы тәуеклдігін басқару стратегиясымен салыстырмалылығы.
Қаржы менеджер егерде ол қаржы мәмлесінен немесе операциясынан лайықты түрде табыс алуға сенсе, саналы түрде тәукелді шешім қабылдауға барады.
Сонымен, фирмалардың қаржы жұмысынан тәуекелді толық кетіру мүмкін емес, өйткені қаржы тәуекелі - объективті құбылыс.
Осыған байланысты қаржы менеджері кәсіпкерлік фирманың қаржы жұмысын орындау процесінде кездесетін қаржы тәуекелін басқару мүмкіншілігі болуы керек. Қаржы портфелінің құрамына кіретін тәуекелдердің басым көпшілігі олардың объективті және субъективті табиғатына қарамай басқару процесінде бейтараптандыруға көнетін болуы тиіс. Тек осындай тәуекел түрлеріне қаржы менеджері барлық ішкі механизмдер арсеналвн қолдана отырып тәуекелдіктерді бейтараптандыра алады. Кәсіпкерлік фирмалар тәуекел деңгейі күткен табыс деңгейінен жоғары қаржылық мәміледен немесе операциядан бас тартуы қажет. Фирманың тәуекел қаржы операциясын жүргізу нәтижесіндегі мүмкінді қаржы шығынының мөлшері, фирмар капиталының, яғни ішкі тәуекелді сақтандыруды қамтамасыз ететін, бөлігіне сәйкес келуі тиіс. Керісінше болған жағдайда кәсіпорынға активтерінің белгілі бөлігінен айырылуқаупі туады.
Келесі принцип - ол тәуекелді басқарудың үнемділігі. Шындығында, кәсіпорынның қаржы тәуекелдігінің бейтараптандыруға шыққан шығыны, оның мүмкінді қаржы шығыны сомасынан аспауы тиіс, әйтпесе қаржы тәуекелін минималдауға бағытталған шаралардың мағынасы жойылады.
Қаржы тәуекелін басқаруда уақыт факторын есепке алудың маңызы зор. Кәсіпорындардың қаржылық операцияны орындау кезеңі неғүрлым ұзақ болса, оған келетін тәуекелдің ауқымы соғұрлым кең болады, осыған байланысты негативті қаржы зардабын бейтараптандыру мүмкіншілігі қамтамасыз етуде төмен болады.
Қаржы тәуекелін басқаруда уақыт факторын есепке алудың маңызы зор. Кәіпорындардың қаржылық операцияны орындау кезеңі неғұрлым ұзақ болса, оған келетін тәуекелдің ауқымы соғұрлым кең болады, осыған байланысты негативті қаржы зардабын бейтараптандыру мүмкіншілігін қамтамасыз етуде төмен болады.
Тәуекелді басқару процесінде кәсіпорынның қаржы стратегиясын есепке алудың маңызы зор. Қаржы тәуекелін басқару жүйесін - кәсіпорынның таңдаған қаржы стратегиясының жалпы белгілеріне, сондай-ақ қаржы саясатының жекелеген қаржы жұмысының бағыттарына негізделуі тиіс.
Қаралған принциптерді есепке ала отырып, кәсіпорын қаржы тәуекелін басқарудың арнайы саясатын қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz