Қаржы жүйесі: мәні, түсінігі және құрылымы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржының пайда болу тарихы
1. 2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні
1. 3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
2 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫМЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ
2. 1 ҚР қаржы жүйесінің құрлымы
2. 2 Жалпы мемлекеттік қаржылар-қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде
2. 3 ҚР қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі
3 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты - тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды [5] .
Қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
«Қаржы жүйесі» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. «Қаржы жүйесі» ақша қаражаттарының қорларын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын және де осы қатынастарды үйымдыстыратын органдарды қамтиды. Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды. Қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған.
Курстық жұмыстың мақсаты - қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрлымың, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесін еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен ҚР қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі, жетілдіру алғышарттары және осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:
- Қаржының пайда болу тарихымен таныстыру;
- Қаржы жүйесі ұғымы, экономикалық мәнің ашу;
- Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесі мен таныстыру;
- Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрлымы мен таныстыру;
- Жалпы мемлекеттік қаржылар-қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде мәселелердің мәнің ашу;
- Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі мен таныстыру;
- Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдірудің алғышарттарының маңызын ашу.
Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың маңыздылығы ерекше. Сондықтан бірінші бөлімде мен қаржының пайда болу тарихын, экономикалық мазмұнын, қаржы жүйесінің ұғымың, экономикалық мәнін және шет мемлекеттің қаржы жүйесін, дәлірек айтсақ, АҚШ мемлекетінің қаржы жүйесін қарастырамын. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымын және оның бағыттарың қарастырамын, және соңғы үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдірудің алғышарттарының бағыттарын қарастырамын.
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржының пайда болу тарихы
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған француздың «finance» сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды [5] .
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б. э. д. 430-365 жж. ) болды.
Аристотельдің (б. э. д. 384-322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту саласы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Қаржының пайда болуынын бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. «Қаржы» термині екі мағынадан тұрады: материалдық мағынада және экономикалық категория ретінде
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы - жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл саласын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да каржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығыңдары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Экономикалық категория ретінде қаржыға тән сипаттар:
- ақшалы сипат;
- тарату сипаты;
- қор құру сипаты;
- мақсатты сипат;
- эквивалентті сипат.
Қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржы қоғамның даму қажеттіліктеріне байланысты объективті түрде керек. Мемлекет қаржы қатынастарының объективтік қажеттілігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысанын қолдануы мүмкін: әр түрлі төлем түрлерін енгізу және жою, қаржы ресурстарының пайдалану нысанын өзгерту және т. б.
"Қаржы" ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Материалдық (ақшалай) мағынада қаржы деп мемлекеттің өз қармағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтады. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржы өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы - ақшалар болып табылады. Ал экономикалық категория ретінде қаржы деп мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтады. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды .
Қаржы белгілі бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез келген мемлекетте коғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
Мемлекеттің қаржысы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік болжам, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.
Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) - компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассодиация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысын құрайды.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) - меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты.
Тұрғындардың қаржысы -шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т. б. ) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бәлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретіңде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады. "Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
1. 2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні
«Қаржы жүйесі» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. «Қаржы жүйесі» ақша қаражаттарының қорларын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын және де осы қатынастарды үйымдыстыратын органдарды қамтиды. Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды. Қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынандай үш бөлікті қамтиды:
- қаржы қатынастарының жиынтығы;
- ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
- басқарудың қаржылық аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды. Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды: мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары және кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы жүйесі оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды жатқызады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелер. Сонымен қаржылар ақшалай құралдар қорының қалыптасу, бөлу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.
Қаржы жүйесі экономикалық мәні тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. [7. 52-б]
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады. Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл - ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды. Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т. б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
1. 3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz