Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары



I Кіріспе бөлім.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары

ІІ Негізгі бөлім.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту
ІІ Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру
2.1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеу тілін дамыту барысында ТТШТ технологиясын қолдану
ІІІ Мазмұны
ІV Тақырыбы Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту бойынша жұмыс формасы
V Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу

VI Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.
Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич: ”Байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші [1,25-27 б.].
Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын
1.Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың пайдасы.//Бастауыш мектеп, 2004. 2.Тұрыскелдина М.Т.Дене шынықтыру оқыту әдістемесі (3 сынып)- Алматы1999.
3.Мухина С., «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы». Алматы, 1986.
4.Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту//Отбасы және балабақша, 2002, №1.-Б.
5.Алпысбаев Т. Қазақ халық әдебиеті. Т.З; Ертегілер. ─ Алматы, 1975.
6. Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы. 2011. 5-9б.
7. ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы заңы». 2002. 7-11б.
8. В.В.Воронковой . Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе. Под ред. М. 1991. 321с.
9. Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной школе. М., 2004. 362с.
10. Петрова В.Г., Белякова И.В. Кто они дети с отклонениями в развитии? – М, 1998. 207с.
11. Луцкина Р.К. Особенности развития устной и письменной речи учащихся вспомогательной школы в процессе обучения: Автореф … кан. пед. наук. М, 1974. 17с.
12. Омирбекова К.К. Формирование связной письменной речи учащихся 4-х классов вспомогательной школы (на материале сюжетных картин): Автореф … кан. пед. наук. М., 1985. 17 с.
13. Бектаева К.Б. Система работы над изложением в старших вспомогательной школы: Автореф. дисс. кан. пед. наук. М, 1982.18 с.
14. Абаева Г.А. Формирование устной связной речи слабовидящих детей 6-7 лет средствами казахского фольклора. Автореф. дис.кан. пед.наук. Алматы, 2006. 21б.
15. Выготский Л.С. Развитие устной речи. Собр. соч.: в 6-ти т. М.: просвещение, 1982. Т. 3, 160-172с.
16. Бектаева К.Б, Букежанова Г. «Ана тілі» (1, 2, 3, 4 сынып). Мектеп – 2003. 229б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
I Кіріспе бөлім.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары

ІІ Негізгі бөлім.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту
ІІ Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру
2.1. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеу тілін дамыту барысында ТТШТ технологиясын қолдану
ІІІ Мазмұны
ІV Тақырыбы Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту бойынша жұмыс формасы
V Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту жұмыс формасын зерттеу

VI Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.
Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич: "Байланыстырып сөйлеу - адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі" десе, Ф.А.Сохина: "Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады" деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу - отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші [1,25-27 б.].
Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.Баланың сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғн тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табылады[2, 112-146 б.].
Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын)түсіндіру[3,215-216б. ].
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларға жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Мысалы:
Қараңғыны түреді,
Ылғи жалғыз жүреді. Ай)
Домалап кетеді,
Қайта домалап жетеді. (доп)
Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Қаштым қатты - ақ
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ[4,135-184б].
Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда. Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.
Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
1. Денсаулық
2. Еңбек пен мамандық
3. Өнер
4. Имандылық пен адамгершілік
5. Патриоттық
6. Эстетикалық
7. Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті - мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойын арқылы өткізуге болады. Ұйқасын тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар[5,112-146 б.].
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Қорыта келгенде,сөз - тәрбиешінің еңбек құралы.Баланың ой - өрісін кеңейту, ақыл - ойын дамыту, мінез - құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі - мұғалімнің сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде мұғалімнің әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі болады. Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі - тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту- халық шығармашылығын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді.

Негізгі бөлім.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері

Байланыстыра сөйлеу дегеніміз қарым-қатынас пен өзара түсінісуді қамтамасыз ететін ашық мағыналы айтылым (логикалық үйлескен бірқатар сөйлемдер) болып табылады. Сұхбаттас үшін түсінікті болуы байланыстыра сөйлеудің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Байланыстыра сөйлеу дегеніміз - бұл өзінің заттық мазмұнының бүкіл маңызды жақтарын көрсете білетін тіл. Сөз екі себеппен байланыспауы мүмкін: осы байланыстар түсінікті болмағандықтан немесе осы байланыстар сөйлеуді тиісті дәрежеде айқындалмағандықтан.
Байланыстыра сөйлеу дегеніміз - бұл өзара байланысқан және тақырыбы жағынан біріккен, аяқталған үзінділердің бірыңғай мағыналық және құрылымдық тұтастығы.
Ана тіліне оқыту жүйесінде байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру тілдің дыбыстық жағын, сөздік құрамын, тілдің грамматикалық құрылымын меңгерумен өзара байланысты көрініп, тілдің семантикалық компонентімен жұмыс істеу ерекше орынға ие болады.
5-7 жаста сөйлеу ерікті дербес үдеріске айналады. Балаға сұхбаттасы анық түсінуі үшін сөйлеу кезінде мазмұнды жеткізе білу маңызды. Сұхбат, тыңдау, пайымдау, әңгімелер мен ертегілер құрастыру түріндегі ерекше сөйлеу іс әрекеті өзгешеленіп тұрады. Ол өзіндік мотивтер мен мақсаттарға ие болып, арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында ғана дамиды, мұнда ересек адам баланың сөзіне белгілі бір талаптар қояды (мазмұнды өз бетінше, мәнерлі жеткізе білу, мәжбүрлемеген сұхбатты қолдау, сұраққа жауап беру және т.б.), оларды қалай орындау керектігіне үйретеді. Сөйлеу интеллектуалды ақыл-ой қызметіне айналады.
Байланыстыра сөйлеудің негізгі функциясы - коммуникативті қызмет, негізгі екі формада - диалог пен монологта іске асырылады.
Диалогты сөйлеу тілдің коммуникативтік қызметінің ерекше айқын көрінісі болып табылады. Ғалымдар диалогты тілдік қарым-қатынастың бастапқы табиғи формасы, сөйлеу қатынасының классикалық формасы деп атайды. Диалогтың басты ерекшелігі я бір сұхбаттастың тыңдауымен және келесі сұхбаттастың сөйлеуімен кезектесіп отырады. Монологты сөйлеу - тыңдаушылардың жылдам реакциясына арналмаған, ұзақ уақыт ішінде орын алатын байланысқан, логикалық бірізді айтылым. Ол салыстырылмайтын едәуір күрделі құрылымға ие, бір адамның тыңдаушыларға бейтаныс ойын білдіреді. Сондықтан айтылым ақпараттың неғұрлым толық құрылымынан құралып, барынша ашық болып келеді. Монологты сөйлеу ішкі мотивтермен ынталандырылады, оның мазмұны мін тілдік құралдарын сөйлеушінің өзі таңдайды. Маңызды айырмашылықтарына қарамай, диалог пен монолог бір-бірімен өзара байланысты болып келеді.
Әңгімелесу тілі - ауызша сөйлесудің ең қарапайым түрі. Ол жағдайға байланысты, эмоционалды әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етеді.
Психологтардың пайымдауынша, байланыстыра сөйлеуде балалардың тілдік және ақыл-ой тәрбиесі тығыз байланысты болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігі байланыстыра сөйлеуді дамытуда біраз қиындықтарға кездеседі, мұның өзі тілдік жүйенің негізгі компоненттерінің жете дамымауымен байланысты. Балалардың бойында қабылдау, зейін, қиял сияқты жетекші психикалық үдерістердің дамуындағы екіншілік ауытқулардың болуы байланыстыра сөйлеуді дамытуда қосымша қиындықтар тудырады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың монологты байланыстыра сөйлеуді жеткіліксіз меңгеруі:
- әдеби мәтінді баяндауда логика мен бірізділіктің бұзылуымен;
- бір ғана байланыстыру типін қолданумен (формалды-шығармашылық, тізбекті есімдікті);
- сөздердің реті бұзылатын жай синткасистік құрылымды пайланауымен;
- жағдайлық элементтердің, кідірістердің, артық қимылдардың көп болуымен; интонациялық және лексикалық мәнерсіздікпен расталады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілінде бірыңғай мүшелерден құралған сөйлемдер саны арта түседі, жай және құрмалас сөйлемдердің көлемі ұлғаяды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай бала барлық шылауларды және оларды меңгеру ережедерін иегетін болады. Алайда, бірінші сыныпқа баратын балалардың өзінде мәтіннің негізгі бөлігін (55%) жай сөйлемдер құрайды.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үшін:
енжар және белсенді сөздікті белсенді қалыптастыру үшін (сөзді түсіну мен сөзді айту);
дыбыстардың айтылуын қалыптастыру: дыбыстардың анық артикуляциясы, сөздерді есту, сөздерді дыбыстық талдау дағдыларын меңгеру үшін;
грамматикалық дұрыс сөйлеуді дамыту үшін;
монологты және диалогты сөйлеу тілін қалыптастыру үшін;
мәнерлеп сөйлеудің интонациялық құралдарын пайдалана білуін дамыту үшін (тон, қарқын, ырғақ және т.б.);
мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуі мен тілдік қарым-қатынасын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән білуге құмарлықты (зерттеуші қызығушылық) пайдалана отырып, бала білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы болатындай педагогикалық технологияларды қолдану керек. Осындай іс әрекетте ғана баланың басты психикалық қасиеттері мен тұлғасы дамитын болады.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас құзіреттілігі шегінде ана тілінің негізгі нормалары мен ережелерін меңгеруі, оларды нақты жағдайда шебер пайдалана білуін қалыптастыру, негізгі коммуникативтік дағдыларды игеруі - мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдында тұрған негізгі міндет
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілі сабақтарында байланыстырып сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту

Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы міндеті - білім беру сапасын көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұжырымдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға да қатысты және 2002 жылы жарық көрген Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы заңында бекітілген. Осы заңды жүзеге асыру бағытында республикада ана тілінде оқытудың психологиялық және педагогикалық теориясы мен практикасын дамытудың жағымды нышандары жасалуда.
Соңғы жылдары зияты зақымдалған балаларға арналған көмекші мектептерде қазақ тілінде оқытатын сыныптар қарқынды түрде ашылуда. Жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдық оқытуға ауысуына байланысты және бүкіл білім беру жүйесінің осыған сәйкес қайта құрылуымен арнайы түзету мектептерінде дайындық сыныптар ашылуда. Бірақ қазақ тілінде оқытатын арнайы мектепке дейінгі мекемелерінде және бастауыш сыныптарында бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру жоқтың қасы. Бастауыш сыныптарында сөйлеу тілін дамыту бойынша қазақ тілінде оқу материалдары өңделіп жасалмаған. Оқу бағдарламасымен қамтамасыздандырылмағандықтан қосымша (екіншілік) ауытқулар пайда болуы мүмкін, мысалы сөйлеу тілінің дамымауы, байланыстыра сөйлеу тілінің қалыптаспауы т.с.с. Екіншілік ауытқулардың негізгі көрінісі балалардың толыққанды байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларының қалыптаспауы болып табылады, ал оның өз кезегінде қарым-қатынастың дамымауына әкеп соғады.
Нәтижесінде зияты зақымдалған балалардың әлеуметтенуі қиындай түседі, қоршаған орта туралы түсінігінің жеткіліксіздігіне себеп болады. Арнайы педагогикадағы оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болғандықтан, оқу-тәрбиелеу үрдісінің басты назарында негізгі міндетті жүзеге асыру тұру керек.
Ғылыми әдебиетті талдай келе, олигофренопедагогикада зияты зақымдалған балалардың ерекшелігін Ресей авторлардан В.В. Воронкова, А.К. Аксенова, В.Г. Петрова, ал Қазақстандық ғалымдардан Р.К. Луцкина, Қ.Қ. Өмірбекова, К.Ж. Бектаева зерттегенін анықтадық. Тифлопедагогика саласының белгілі маманы Ғ.Ә. Абаева көру кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қазақ фольклорын кең қолдануды қарастырады. Ал арнайы білім беру саласының ірі ғалымдары Қ.Қ.Өмірбекова, К.Ж. Бектаева зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айтуын, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын және байланыстырып сөйлеу тілінің компонеттерін қарастырған, осы мәселеге байланысты әдістемелік ұсыныстар берді.
Дегенмен, қазақ тілінде оқитын зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мәселесі жүйелеуді, толықтыруды және жаңа тиімді жолдарын іздестіруді қажет етеді.
Сөйлеу тілінің дамуы, ана тілінің байлығын меңгеру үрдісі қазіргі психологиялық зерттеулермен тығыз байланыста қарастырылады, себебі психология тұлға дамуының түрлі аспектілерін, психикалық процестердің дамуындағы сөйлеу тілінің ролін анықтап көрсетеді. Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттерді талдау барысында барлық зерттеушілер С.Л. Рубинштейн берген сипаттамасына сүйенетінін білдік. Оның пікірі бойынша барлық сөйлеушілер үшін, кез-келген сөйлеу тілі оның ойын, қалауын білдіріп тұрады, сондықтан байланыстырып сөйлеу тілі болып табылады екен, бірақ байланыс формасы даму барысында өзгеріп отырады. Л.С. Рубинштейн байланыстырып сөйлеу тілі туралы былай деп жазған: - Бұл оның өзінің мазмұны негізінде түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу тілі. Баланың сөйлеу тілі алдымен жағдаяттық сипатта болады, кейін даму барысында сөйлеу тілінің мазмұны мен қызметі өзгереді, бала оқыту кезінде байланыстырып сөйлеу тілін меңгереді.
Ана тілі сабағында меңгерілетін әңгімелер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар, тақырыпқа сай сюжеттік ойын түрлері баланың нақтылыққа, логикалық ойлауға, сөздік қорын және грамматикалық құрылымын жетілдіруге, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға зор ықпал етеді. Сондықтан, зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін ана тілі сабақтарында тақырыпқа сай түрлі ойындар арқылы дамыту тақырыбы қазіргі таңда өзекті деп білеміз. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған ойын түрлерін ұсынып отырмыз.
Оқушылар өзінің ойын немесе айтуға қажетті ақпаратты бөліктерге шартты түрде бөліп, мазмұнына сәйкес бейнелерді елестетіп, сол бойынша сөйлеу тілін жүйелеуге, бір-бірімен байланыстыруға дағдыландыру. Бұл жерде оқушыларға түрлі әрекеттерді орындау кезінде қалыптасқан біліктілігі мен дағдыларын қолдануға жаттықтыру қарастырылды. Яғни, жұмыстың соңғы кезеңінде оқушыларда қалыптасқан біліктілік пен дағдылары бекітілді. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушылары практикалық тұрғыда берілген тапсырмаларды орындай отыра, түрлі жағдаятта (түлі мәтінге байланысты) жоспар құруға, оны схема-сурет ретінде бейнелеуге және сол бойынша әңгімелеуге жаттығады. Оқушылардың іс-әрекеті іскерлік және сюжеттік-рольдік ойын түрінде жүзеге асты. Яғни, берілген тақырыпқа сәйкес оқушылар белгілі бір кейіпкердің рөліне еніп, сол тұрғыдан пікір-таласқа немесе әңгімелесуге қатысады. Ана тілі сабағында қолданған іскерлік ойындардың негізгі мақсаты - оқушының өз ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге үйрету, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру; өзіндік көзқарас қалыптастыра білуге және өз пікірін қорғауға дағдыландыру.
Мысалы, оқушылар белгілі бір тақырыпқа байланысты бөлінген кейіпкердің атынан сөйлеу үшін (байланыстырып әңгімелеу үшін) ойын кезінде оларға көмек ретінде қысқа тірек сөздер түрінде берілген карточкалар ұсынылды:
... түсті
(Қыс түсті),
балалар ... ... ..

(балалар далаға шықты),
Содан кейін ... ...
(содан кейін олар аққала жасады).

Яғни, мұғалім бастамасын беріп, оқушыға мазмұнын толықтыруға жағдай жасады. Бұндай жұмыс әңгіменің мазмұнын логикалық ретілігімен құруға ықпал етті. Мысалы:
Табиғатты аялайық (іскерлік ойын)
Кейіпкерлер: табиғат қорғаушысы, Жасыл әлем ұйымының мүшесі, тәртіпсіз бала.
Құрал-жабдықтар: тірек сөздер жазылған карточкалар(жасыл дала, өсімдіктерді күту, таза ауа,көшелерді сәндеу, гүлдер, кбелектер).
Табиғат қорғаушысы: Балалар, сендер айналаға қараңдаршы. Даланың барлығы жасыл түсті ағаш - олар бізге таза ауа береді. Ал алуан-алуан гүдер көшелерімізді сәндейді. Сондықтан, осы өсімдіктерге күтім жасап жүріңдер!
Тәртіпсіз бала: Мен өсімдіктерге күтім жасамаймын, өйткені олардың бізге қажеті жоқ. Мен жануарларды өсіргенді жақсы көремін.
Жасыл әлем ұйымының мүшесі: Сен айтып отырған жануарларға да ағаштар, гүлдер т.б. керек. Олар күн ыстық кезінде ағаштың көлеңкесінде дем алады, ал гүлдер көбелек және бал арасы сияқты жәндіктерге азық береді. Сол үшін табиғат барлығымызға таза күйінде керек.
Табиғат қорғаушысы: Түсіндің бе, табиғатты не үшін аялау қажет екенін?
Тәртіпсіз бала: Иә, табиғат адамдарға, жануарларға өмір сүру үшін керек. Мен енді табиғатты күтемін және аялаймын [11].

Айналаға қараңдаршы

Өсімдіктерге күтім жасау

Жануарларды жақсы көремін

Ал оқыған әңменің мазмұнын қайта айтып беру кезінде сюжеттік-рольдік ойын ұйымдастырылды. Яғни, әңгіменің мазмұны бойынша рольдерге бөліп, сол арқылы қойылым қойылды. Сюжеттік-рольдік ойынға қатысушы оқушы оқыған әңгіменің мазмұнын жақсы білуі шарт. Мысалы:
Мақтақыз бен мысық
(сюжеттік-рольдік ойын)
Кейіпкерлер: 1 оқушы - автор, 2 оқушы - Мақтақыз, 3 оқушы - мысық, 4 оқушы- сиыр, 5 оқушы - ағаш т.б.
1 оқушы: Бірде Мақтақыз үйін сыпырып жүріп мейіз тауып алады. Ол мысығын шақырады, мысығы келмей қояды. Мақтақыз мейізді өзі жеп қояды. Біраздан соң мысық келеді.
2 оқушы: -Мені неге шақырдың?- деп сұрайды
3оқушы: -Айтпаймын - дейді Мақтақыз
2 оқушы: -Онда мен сенің қатығыңды төгемін- деп мысық қатықты төгеді
3 оқушы: -Ал мен сенің құйрығыңды кесіп аламын-дейді Мақтықыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
2 оқушы (мысық): -Құйрығымды берші,- деп сұрайды.
3 оқушы (Мақтақыз): - Қатығымды төле
1 оқушы: Мысық сиырға барады да одан сүт сұрайды.
4 оқушы(сиыр): - Маған жапырақ бер. Мысық ағашқа барып жапырақ сұрайды, ағаш су сұрайды. Көшеде екі қыз шелекпен су алып келеді. Мысық олардан су сұрайды.
Қыздар сағыз алып кел дейді. Мысық дүкеншіге барады, дүкенші жұмытқа алып кел дейді, мысық тауықтарға барады. Олар тары сұрайды. Мысық тышқанды ұстап алады да: -Үйіңде не бар? Тез алып кел, - дейді [11].
(Сөйтіп ертегінің мазмұны сюжеттік-рольдік ойын арқылы толық жаңғыртылды).
Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған жұмыстар жүйесінің тиімділігін осы ойын арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту баланың сабаққа деген қызығушылығын оятады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеу тілін ана тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану оқытудың тиімділігін арттырады.

ІІ Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру
1. Байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы түсінік
Бала табиғатының, жаратылысының жалпы табиғи мүмкіндігінің бір
белгісі - кіші жас кезеңіндегі сөзге құлақ қойғыштық қабілет нышандары. Тәні таза, жаны сау бала қалай жетілсе, тілі де солай жетіледі. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесін жасаған әдіскер ғалымымыз С. Рахметова: Бала тілді ешбір ереже білмей-ақ, оқымай-ақ сөздерді қиыстырады, сөйлемдер құрастырады, ойын жеткізе алады. Мұның барлығы ауызша сөйлеу шеңберінде ғана. Бірақ, өкінішке орай, біздің мектептерімізге келетін балалар отбасының сөйлеу дәрежесінде екенін естен шығармауымыз керек. Қазіргі мәселе - балалардың ана тілін еркін меңгеруіне, сөзді таза қолданып, дұрыс құрастырып, сөз тіркестері мен сөйлемдерді өзара жүйесімен құрастырып жеткізе бермейтігінде. Көбінесе олардың сөздері жаттанды, не орысшадан тікелей аударған күйде келеді, - деп жазды [45]. Бұл үшін әдістемеде не істеліп келген және не істеліп жатыр? Бұл сұраққа жауап бере қою да оңай емес. Өйткені
қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту бойынша алғаш ғылыми еңбек жазған әдіскер ғалымымыз Ш. Сарыбаев сабақ практикалық сабақ болмайынша, яғни сабақ сөйлеу сабағы болмайынша, сол тілде үйренушінің байланыстырып сөйлеуі жүзеге аспайтынын кезінде ескерткен болатын.Байланыстырып сөйлеудің екі формасы бар: өзара ауызекі сөйлесу және ойды өз атынан, өзге адамның, не кітап мазмұны бойынша ауызша әңгімелеп айтуы. Бұл мәселе орыс тілді аудиторияда да, қазіргі қазақ тілді аудиториядағы орысша сөйлейтін балаларда бірдей дамытуды қажет етеді.
Сөз - ойдың сыртқы формасы. Ойың орысша болса, қазақша ой жеткізе
қою қиын. Байланысты тіл деп, кем дегенде, үш, әйтпесе одан да көп
сөйлемдерден тұратын ойды жүйелі құрастырылған мәтінмен жеткізуді
айтамыз.
Байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіруде нәтиже шығару үшін, сол тілде баланың сөздік қорының мол болуына қол жеткізілуі керек.
Тіл негізінен табиғи түрде, табиғи қалыптасқан ортада дамытылатын
құбылыс екендігі белгілі. Дей тұрғанмен, екі-үш тіл қатарынан қолданылатын ортада бір тілдің екіншісіне кедергі келтіретіні, бір тілдің екіншісін басып тұратыны байқалады. Сондықтан да тілді жасанды түрде де меңгерту мәселесі туындап отыр. Ол үшін қандай жолдар керек? Үй-ішінде тілі орысша шыққан баламен ата-анасы ана тіліне аударма түрде сөйлесуі керек пе? Жоқ, басқа жолдарын қарастырамыз ба? Сұрақтар, кедергілер көп. Балалардың байланысты сөйлеуі қазақ тілі, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру сабақтарындабіртіндеп үйретіледі. Балаға әр сабақта берілетін сөздерді өзге сөздермен мағыналық байланысқа түсетіндей етіп беру, баланың келесі сабақта сол сөздерден тіркестіріп бір ой шығаруға болатынын түсінуін қамтамасыз ету - олардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың басты жолы. Жеке сөздерді, бір ғана ұғым не бірнеше мағына беретін сөз бен сөз тіркестерін сызбадан, таңбадан көзбен көріп, көңілмен мейірлене қабылдағанда ғана балада байланыстыра сөйлеу пайда болады. Кеңес заманы тұсында одаққа кіретін он алты республиканың балабақшаларына, мектептің бастауыш сынып оқушыларына қанық бояулы қабырғаға ілетін суреттер топтамалары шығарылып тұратын.
Балалар тақырыптық суреттерді пайдаланып, көрмеген самолеттерінің, метролардың, т.б. аттарын біліп алатын, көрмегендерін
көңілдерімен армандап, сөйлемдер құрастыратын. Бүгінде компьютерді, суретті кітапшаларды қолданып, балалармен үлкендер мемлекеттік тілде сөйлесіп, үйреніп келе жатқанын мадақтап, бағалап отыру республикада тіл саясатын тұрақтандырудың бірден-бір амалы. Қазақ тілін ана тіліндей құрметтеп,мемлекеттік тілде балабақшадан бастап ауызша сөйлету негізі бағдарламаға сай етіліп, дұрыс салынса, байланыстыра сөйлеу мақсаты сонда нақты орындалады. Баланың байланыстырып сөйлеуіне қажетті құралдардың түр-түрлерін компьютермен жасап алудың жолдары көп. Әрбір тақырыптық лексикалық тілдік материалдар өтілгеннен соң, балалардан ауызша сөйлеу тестілері алынуы керек. Топ балаларының айналасындағы қарым-қатынас нысандарына сәйкес мазмұнды тақырыптық суреттер, жергілікті және балалар әдебиетіндегі классик жазушылардың шығармашылығынан лайықты мәтіндер топтамасы әзірленуі балаларды байланыстырып, өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге ыңғайлайды.
Сонымен, тіл дамытудың үш бағыты әр деңгейде, әрбір оқыту сатысында
баланы сөйлеуге жетелейтіндей деңгейде ұсталуы керек. Олар:
1. Балалардың лексикалық минимумының сөйлеуге бағыттайтындай етіліп
беріліп, олардың жетілдіріліп отырылуы;
2. Балалардың қарапайым грамматикалық білім деңгейлерінің әр сабақта
бекітіліп, жетілдіріліп отырылуы, яғни әр мәтіндегі әр тіркестің, сөйлемнің байланысына назар аудартып отыру. Осы екі деңгейдің грамматикалық, орфоэпиялық, мәнерлілік просодияларын ұстанған бала ғана байланыстырып сөйлеу деңгейіне жете алады. Осылардың сан алуан әдістерін сабақ мақсатына қарай таңдай білу - қазақ тілі мұғалімінің кәсіби міндеті.Сөйлетуге үйретудің арнайы шарттары бар. Барлық оқыту сатыларында оқытуда ол әрдайым екеу: біріншісі - адамға өз ойын басқаға сол тілде білдірудің қажеттігі болуы; екіншісі - сөйлеушінің басқа адамға жеткізетін мағлұматы болуы. Бұл орайда, топ ішінде өткізілетін сөз жарыстары, балабақшада Біз мемлекеттік тілде сөйлесеміз атты арнайы күндер мен апталықтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Монолог кітап стилінің тілі
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі
Пәндер