Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығы және қоршған ортаның компонеттер


Ауыр металлдардың көптеген шоғырланулары өндірістік кәсіпорындардың маңайында, сонымен қатар қаланың ірі жанды жолдары жағалауында кездеседі.

Жоғарыда айтылған қаланың экологиялық проблемаларына байланысты денсаулық үшін экологиялық тәуекелдерді төмендетудің алғы шарттарын анықтау, объективті мәліметтерді алу үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу қажет.

Қаланың экологиялық жағдайына, тұрғындардың денсаулығы туралы статистикаға және осы проблемаларды біріктіріп кешенді зерттеудің қажеттілігіне негізделген.

Диплом жұмысының мақсаты болып, Өскемен қаласының қазіргі кездегі экологиялық жағдайын және тұрғындардың денсаулығын зерттеу, талдау және бағалау.

Аталған мақсатты жүзеге асыру барысында мынандай міндеттер шығады:

- қаланың негізгі өндірістік кәсіпорындарына сипаттама беру және қоршаған ортаны ластайтын көздерді анықтау;

- Өскемен қаласының ауа бассейнінің жағдайын және ластану проблемасын қарастыру;

- Өскемен қаласының су нысандарының экологиялық жадайын сипаттау;

- Өскемен қаласының шет жағындағы жерлердің жағдайына сипаттама беру;

- қала тұрғындарының денсаулық жағдайын зерттеу және бағалау;

- Өскемен қаласының экологиялық жағдайын және тұрғындарының денсаулығын жақсарту бойынша медициналық-экологиялық ұсыныстар беру.

Зерттеу объектісі болып Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығы және қоршған ортаның компонеттері.

Зерттеу нысаны ретінде Өскемен қаласының экологиялық жағдайының тұрғылықты халықтың денсаулығына әсерін анықтау.

Дипломның теориялық және әдістемелік зерттеу негізі болып қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттейтін еңбектер табылады. Осы жұмыста зерттеудің келесі әдістері қолданылады: материалды өңдеудің салыстырмалы, теориялық, кешенді әдістері, байланыстара талдау, статистиканың қазіргі заманғы әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы: Шығыс Қазақстан Гидротетеорологиялық жер беті суларының зертханалық бөлімінің зерттеу нәтижелері, Өскемен қаласының облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы, Шығыс Қазақстандық Мемсанэпидқадағалау басқармасының, Шығыс Қазақстандық Гидрометеорологиялық орталығы, Мемлекеттік статистика басқармасы қорынан статистикалық, сараптамалық деректі және басқа да ақпараттар пайдаланылған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қоршаған ортаның мониторинг жүйесінде Өскемен қаласының қазіргі экологиялық жағдайы зерттелініп, қала территориясында және тұрғындардың денсаулығына салыстырмалы анализ жасалынды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы қорытынды жұмыстың нәтижесі Өскемен қаласының және облыстың денсаулық сақтау мекемелерінде тұрғындарды сауықтырудың медициналық-экологиялық бағдарламаларын әзірлеуде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының қорытындылары 2008 жылы сәуірде 17 студенттік ғылыми - тәжірибелік конференцияның материалдары жинағында «Қазіргі Өскемен қаласының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығы» атты тақырыппен баяндама жасалынып, университетте жарық көретін екі ғылыми мақалалар жинағы басылып шықты. Біріншісі: Өскемен қаласының аумағындағы су объектілерінің жағдайы. Екіншісі: Қазіргі Өскемен қаласының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығы.

1 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК

КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Физико-географиялық шарты

Өскемен қаласы Ертіс өзенінің бойында, Қазақтың ұсақ шоқысы мен Кенді Алтай арасындағы шекарада орналасқан. Қазақтың ұсақ шоқысы Өскемен қаласынан батыс жаққа орналаса келе рельефтің таулы және орта таулы сипаты бар. Ұсақ шоқы рельефінің көлеңкесінде бөлек жатқан шоқылар бой көтерген, олардың ең жақыны Өскемен қаласының төменгі жағында 90 км қашықтықта орналасқан, ұзындығы 1606 м. Кеңді Алтай Батыс Алтайдың орта таулы және төменгі таулы ауданы болып келеді, бірнеше жоталардан тұрады, оның негізгілері Үлбі (1500-1900м), Ивановский (2800 м дейін), Уба(1000-2000м) .

Сипаттама Өскемен қаласының метостанциясындағы көп жылғы бақылаудың деректері бойынша келтірілген. Ауданның ауа райы - шұғыл-континентальды.

Тұрақты қар жабыны қарашаның екінші онкүндігінде, қазанның үшінші онкүндігінде пайда болады. Қарлы жабынның орта айлық биіктігі қыс мерзімінде біртіндеп арта түседі, ақпанның үшінші онкүндігінің соңында 20 см құрайды. Жердің қату тереңдігі ақпан айында орта есеппен 90 см-ге жетеді. Қарлы жабынның кету күні наурыздың екінші онкүндігіне (ерте), мамырдың екінші онкүндігіне (кеш) және сәуірдің бірінші онкүндігіне (орта көп жылғы) м/с келеді. Өскемен қаласының Ертіс өзені оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай орналасқан және таулы өзендермен бөлінген, оның көбін Үлбі және Уба өзендері алып жатыр.

Өскемен қаласы ауданындағы Ертіс өзенінің гидрологиялық режимі негізінен ағыс бойынша 90 км жоғары орналасқан Бұқтырма ГЭС режимімен анықталады. Өзеннің ені қалыпты жағдайда 300-400 м құрайды, тереңдігі 1, 7-2, 5 м, ағыстың жылдамдығы 0, 7-0, 8 м/сек. Желтоқсанның алғашқы күндерінде Ертіс өзенінде мұздар қалыптаса бастайды. Желтоқсан айының соңында мұздың қалындығы (орташа) 32 см, қаңтарда - 58 см, ақпанда - 77 см.

Үлбі өзеніндегі мұздың қалындығы ақпан айының соңында 74 см, Уба өзенінде - 83 см. Ертіс өзені суының көтерілуі орташа есеппен көп жыл бойы сәуір айының бірінші онкүндігінде байқалады. Көктемгі су көтерілудің ерте мерзімі наурыз айының екінші онкүндігінде, кешкісі - сәуірдің екінші онкүндігінде байқалады. Көктемгі мұз жүрудің ұзақтығы 7-14 күн. Таулы ағыстардағы көктемгі су көтерілу жазғыға ауысады.

Ертіс өзеніндегі су температурасының 0, 2 0 С (орта көп жылдық) ауысу күні сәуірдің екінші онкүндігіне келеді. Сәуірдің үшінші онкүндігіндегі Ертіс өзені суының температурасы 5 0 С құрайды, мамырдағы судың орта айлық температурасы - 10 0 C. Жаз бойында судың температурасы біртіндеп көтеріледі және тамызға қарай 17 0 С жетеді.

Жаз мезгілінде Үлбі өзенінде таудағы қар мен мұздың еруіне байланысты су деңгейінің жоғарғы көтерілуі қалыптасады.

Күзгі мезгілде судың температурасы біртіндеп төмендей бастайды: қыркүйекте - 13 0 C, қазанда - 7 0 C, қарашаның бірінші онкүндігінде - 3 0 C, қарашаның екінші онкүндігінде - 1 0 C, үшінші онкүндігінде - 0, 6 0 C. Күздегі су температурасының 0, 2 0 С арқылы ауысу күні қарашаның екінші онкүндігіне келеді. Күзгі мұз жүру орташа көп жылғы қарашаның бірінші жартысында басталады [1; Б. 44] .

Өскемен қаласы ауданының топырақты қабаты әр түрлі болып келеді. Ол таулы топырақтан және тау арасы даласынан тұрады. Көбінесе ашық-қоңыр түсті топырақтар кең тараған. Таулы аудандарда топырақтың көлдеңен зоналылығы көрінеді: таулы-бақтық, бақты-дала, таулы қаратопырақтар, қою-қоңыр, ала және қою-ала шөлді.

2005 жылы топырақтардың санитарлық-гигиеналық жағдайын бағалау бойынша жұмысты жүргізу кезіңде бактериологиялық және гельминтологиялық анализдерді алумен қатар топырақтың ауыр металлдармен химиялық ластануын зерттеу үшін 40 сынақтамалар алынды.

Ауыр металлдардың аудандық таралуында уланған спектордың азаюында және ластаудың негізгі көздерінен жоғалту салдары бойынша олардың шоғырлануының төмендеуінде анық байқалады. Морфологиялық қатынаста ластанудың картографиялық бейнесі Ертіс және Үлбі бойында бағдарланған тәулікті инверсиондық ағымдары бар желге бағынады.

Қала аумағындағы жердің ластануы концентрациялық-зоналық құрылымы бар, жоспарда Ертіс және Үлбі бойында күрделі инверсиялық әуе ағымдары бар дөңгеленген формасы бар. Ластанудың негізгі көзінен арылту шамасы бойынша ауыр металлдардың металлдық қысымының және сапалы құрамының, шоғырлануының төмендеуі байқалады.

  1. Қоршаған ортаны ластаудың көзі ретіндегі Өскемен қаласының негізгі өндіріс мекемелері

«Казцинк»АҚ. «Казцинк» акционерлік қоғамы 1997 жылдың басында құрылған. Оның құрылымы аумағы бес ірі өндіріс алаңдары - Өскемен, Зырян, Риддер, Серебрянка, Текеліде орналасқан сегіз бөлімшеден тұрады: Зырян, Риддер және Текелі кен-байыту кешендері, металлургиялық кешеннің Өскемен алаңы және Риддер мырыш зауыты, Риддер жөндеу-механикалық зауыты, Бұхтарма және Текелі энергетикалық кешені, Өскемен электротермикалық кешені.

Бай тарихы бар бұл өндірістердің әрқайсысы металл кендерін табу мен өңдеу саласында үлкен жетістіктерге жеткен. Технологиялық үрдістерді үнемі жетілдірудің, түсті металдарды алудың жаңа, тиімді технологиясын жасаудың және қызметкерлерінің жоғарғы деңгейдегі дайындығының арқасында «Казцинк» ААҚ өнімдерінің сапасы жоғары және халықаралық нарықта кең танылған.

«Казцинк» АҚ - Қазақстандағы ірі бағалы металл өндіруші. Алтын мен күміс Лондондық бағалы металл нарығында сыннан өткен. Шығарылатын жоғары сапалы ЦВ (99, 99), ЦО және ЦОА маркілі мырыш негізінде құятын және мырыш-алюминий қорытпалары, бұйымды әдіптейтін анод, кеме корпусын тот басудан қорғайтын протекторлар және т. б. өндіру ұйымдастырылған.

Шығарылатын жоғары сапалы ЦВ маркілі мырыш өнімі үшін кәсіпорын «Гауһар тасты жұлдыз» («Бриллиантовая звезда» Гватемала қ, Мексика) жүлдесіне және «Сапалық 22-жүлдеге» (Мадрид, Испания) ие болған.

«Казцинк» АҚ құрылымы көпжақты және келесі кәсіпорындардан тұрады:

  • құрамына үш кен орны кіретін Риддер кен-байыту кешені: Тишинка, Риддер-Сокольный, ВЛКСМ 40 жылдығы атындағы кен орны, сонымен қатар, байыту фабрикасы мен қосалқы цехтар;
  • құрамына Малевск кен орны, Зырян және Греховск кен орындары, байыту фабрикасы мен бірқатар қосалқы өндірістер кіретін Зырян кен-байыту кешені;
  • құрамына Текелі кен орны, байыту фабрикасы мен бірқатар қосалқы өндірістер кіретін Текелі кен-байыту кешені;
  • құрамына Өскемен және Риддер мырыш зауыттары, Өскемен қорғасын зауыты, сонымен қатар, қосалқы цехтар кіретін металлургиялық өндіріс;
  • Риддер жөндеу-механикалық зауыты;
  • Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені;
  • Текелі энергетикалық кешені.

«Казцинк» АҚ келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: гелогиялық барлау жұмыстарын жүргізу, түсті металл кендерін өндіру мен өңдеу, түсті металл, соның ішінде құрамында алтын бар қосылымдарды өндіру, қорғасын мен мырыш негізінде түсті, сирек кездесетін, қымбат бағалы металдар мен қорытпаларды өндіру, электр, жылу және басқа энергия түрлерін өндіру, халық қолданатын өнім шығару, коммерциялық қызмет. Кенге берілетін жалпы күш жылына 5 млн тоннаны құрайды. Кенді өңдеу жерасты тәсілімен жүргізіледі [3; Б. 88] .

Полиметалл кендері Риддер және Зырян байыту фабрикаларында ұжымдық-селективтік сызба бойынша мырыш, қорғасын, мыс және құрамында алтын бар флотациялық және гравитациялық қосылымдар алумен өңделеді. «Казцинк» АҚ құрамында қорғасын және екі мырыш зауыты, аффинажды өндіріс, сирек кездесетін металл, қорытпалар және катодты мыс шығаратын цех бар. «Казцинк» АҚ зауыттарында мырыш өндіру стандартты технологиялар бойынша жүзеге асады және құрамына мырыш қосылымдарын күйдіру, ерітпелер, электролиздерді тазарту мен сілтілендіру, катодты мырышты индуктивті пештерде қайта балқыту мен металды құюды енгізеді.

Жасанды тастардан бұйымдарды жасау учаскелерінде жергілікті тастарды қолданады: габбро, гранит, агат, яшма, суретті әктер, микроквацит, сонымен қатар, әкелінген: жадеит, мүкті агат, қызыл халцедон, авантюрин, чароит және басқалар.

Көп жылдар бойы «Казцинк» АҚ Шығыс Қазақстан облысының атмосфералық ауасына ластаушы заттарды шығару бойынша алғашқы орындардың бірінде - облыс бойынша жалпы ластаудың 33 пайызды құрайды. «Казцинк» АҚ кәсіпорындарының ішінде ластаушы заттарды шығару бойынша неғұрлым көп үлес «Металлургиялық өндіріс» кешенінің Өскемен алаңына келеді. Жер беті суларын ластау бойынша да кәсіпорын басқалардың ішінде алғашқы орындардың бірін алады. Негізгі ластайтын заттар - мырыш, қорғасын, сульфаттар, кадмий, мұнай өнімдері.

Кальций арсенит пен арсенаттары (шлам) 50 жылға жуық жиналып, қазіргі таңда ол 280 000 тоннаға жетеді. Химиялық шламдар кальций арсенаты мен арсениті ретінде болады. Қалдықтар толтырылған секциялар суглинкалармен жабылған. Бұл улы металдар қосылымдарының сұюлуы мен көлемінің ұлғаюына әкеп соқты. Кей жерлерде сұйықтықтар 5-тен 25 пайызға дейін жетеді. Қалдықтарды үю қоршаған ортаға әсер етеді. Жыл сайын шаң-тозаң түріндегі үйінділер 6, 5 тоннаға бағаланады.

Түрлі металлургиялық бөлімшелерде қолданылғаннан кейін техникалық су тазарту құрылғыларына түседі, онда әктелген сүт қосылып, pH 9 дейін бейтараптанады. Құрамындағы металды тұндыруға арналған тұндырмалардан өткеннен кейін су салқындатқышқа барып, 21º С дейін суиды да цехқа қайта келеді. Жазғы уақытта қондырғылар тиімді жұмыс істеп, pH 9 сарқынды су Үлбі өзеніне түседі ( 3 500 м 3 /сағ дейін) . Рұқсат етілген тастандылар үшін Өскемен төгу орнының «МӨ» төлем жасайды.

Көп жылдық бақылау нәтижелері жерасты сулары, топырақ пен атмосфералық ауаны ластау ошақтарының межесі өзгергенін көрсетпейді. Қоршаған ортаны ластау үрдісімен бірге түсіп жатқан және жинақталған ластаушы заттардың жерасты, жер беті суларымен және атмосфералық ауамен Өскемен қаласы маңындағы аумақтарға ауысу үрдісі болып жатуы мүмкін. Ластану таралуының уақыт пен кеңістіктегі мүмкін бағыты топырақ үшін жел бағытымен, жерасты және жер беті сулары үшін олардың ағысының бағытымен анықталады [ 6; Б. 376] .

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ . ҮМЗ 1949 жылы КСРО қорғанысының қажеттілігіне құрылған. Зауыт ҚР Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аталған кәсіпорын атомдық және ғарыштық өнеркәсіп үшін материалдар дайындау мен инженерлік электроника саласында мамандандырылады.

«ҮМЗ» АҚ өндірістік қызметіне мыналар кіреді:

  • уран-235 бойынша 4, 4 пайызға дейін байытылған уран гексафторидін, уран-235 бойынша 2, 6 пайызға дейін байытылған уранил-нитратын, уран-235 бойынша 4, 4 пайызға дейін байытылған ТВЭЛ қару-жарағының қалдықтарын тасымалдау мен сақтау;
  • уран-235 бойынша 4, 4 пайызға дейін байытылған UO2и U3O8ұнтағын, ТУ 95 1822-95Е, ТУ 95 1823-95Е, ТУ 001., 55-93, ТУ 001. 348-92бойынша ядролық керамикалық отын таблеткаларын, ТУ 0401. 01. 000 бойынша жинақтаушы детальдар мен түйіндерді өндіру, сақтау және тасымалдау;
  • ядролық материалдар, радиоактивті заттар, сонымен қатар солардың негізіндегі бұйымдар қолданылатын ядролық-радиациялық қауіпті нысандарды және өндірістерді (қондырғылар, технологиялар, жүйелер, жабдықтар, құралдар, аспаптар) қолданысқа енгізу, қолдану, қайта құру (соның ішінде бүкіл қызмет барысында жаңарту мен жөндеу), қолданыстан алу;
  • радиоактивті қалдықтарды сақтау, қайта өңдеу, утилизациялау, тасымалдау және жою;
  • қолданыстағы технологияларды жаңарту мен үлгілендіру үшін олардың тиімділігін арттыру мақсатында өз кәсіпорнындағы өндірістік ғылыми-зерттеу зертханасының күшімен ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және солардың негізінде жасалған заттарды қолдана отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Зауыт қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларына, қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

ҮМЗ - өндіріс пен әлемдік деңгейдегі өнімді шығаруда 50 жылдам астам тәжірибесі бар ғажайып кәсіпорын. ҮМЗ тауарлық белгісі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында, сонымен қатар, Болгарияда, Ұлыбританияда, Германияда, Қытайда, Польшада, Словакияда, АҚШ, Чехияда, Францияда, Жапонияда тіркелген.

Кәсіпорын құрамына үш негізгі өндіріс алаңы кіреді: оңтүстік алаң, солтүстік алаң, шығыс алаңы, сонымен қатар, «ҮМЗ» ААҚ көлік шаруашылығының аумағы .

«ҮМЗ» АҚ құрамына мыналар кіреді:

- бериллий өндіру (бериллийдің техникалық гидроқышқылын, амоний фторбриллатын, металды берилий, лигатур мен қорытпалар, берилий мен бұйымдардың металды ұнтақтарын, берилий қышқылынан жасалынған бұйымдарды алу) ;

- атомдық электростанциялар үшін отын өндіру (уран 235 изотопы бойынша аз байытылған уран қышқылынан отын таблеткаларын жасау) ;

- тантал, жоғары өткізгішті материалдар (ниобий мен тантал қорытпасы негізінде және ниобий мен қалайының интерметалды қоспасының негізінде) ;

- өндіріске қызмет көрсететін көмекші цехтар.

Көмекші цехтарға аспапты-механикалық, электрожөндеу цехы, энергожөндеу, азот-сутекті-оттекті станциялар, транспортты цех, орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, автоматизация орталық зертханасы, өлшеу техникасының орталық зертханасы, орталық зауыт зертханасы, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау «ЛОТОС» зертханасы, қойма шаруашылығы, көпсалалы қызмет цехы жатады.

Берилий өндірісі кен шикізатын айқындаудан бастап берилийден дайын затты алуға дейінгі зауыттың толық циклын білдіреді.

Мұнда келесі өнімдерді алады: бериллийдің техникалық гидроқышқылы, аммоний фторбериллаты, металды берилий, бериллий негізіндегі қорытпалар, бериллийдің металл ұнтақтары мен олардан алынатын заттар, бериллий қышқылынан алынатын заттар.

Техникалық таза металды бериллий өндіру үшін негізгі шикізат болып қосылымдары бар флотациялық бериллий табылады. Бериллий гидроксидін өндіруде аммиак суы, күкірт және азот қышқылы, каустикалық су, активті көмір, магний сияқты реагенттер қолданылады. Зиянды химиялық заттары бар технологиялық ерітінділер әкетіледі немесе өткізгіш арқылы соңғы сақтау орнына қайта сорғызылады. Каналға улы заттармен байланыста болмайтын, технологиялық құрал-жабдықты салқындату үшін қолданылатын су түседі.

Шағын бериллийден бұйымдар мен жартылай фабрикаттарды өндіру ұнтақты металлургия әдісімен жүргізіледі және түрлі құрамдағы металды бериллий ұнтақтарын алу үрдісімен, оларды ықшамдау, дайындалған заттарды қысым мен кесумен өңдеу үрдістерімен байланысты. Технологиялық ерітінділер бейтараптанудан кейін соңғы сақтау орнына жөнелтіледі.

Уран өндірісі. Отын таблеткаларын өндіруде бастапқы шикізат болып уран гексафториді, уралнитрат қорытпасы, «General Electric» фирмасының материалдары, табиғи уранның химиялық қосылымы т. б. Өндіріс технологиясында отын таблеткаларын пайдалану үшін кәсіпорында «General Electric» фирмасының материалдарын қайта өңдеу жүргізіледі. Уранды бөліп алу мақсатында материал азот қышқылын, азотқышқылды алюминийді қолдану арқылы сілтіленеді.

Тантал мен феррониобий өндіру . Тантал өндірісінің өнімі болып техникалық ниобий гидроқышқылы, тантал кесектері мен тантал ұнтақтары (конденсаторлық кластар мен қатты кесектерді өндіру), сым және басқа да танталдан жасалатын бұйымдар табылады. Шикізат ретінде тұтынушылар мен басқа өндірушілерден түсетін қосылымдар, туынды өнімдер мен тантал гидроқышқылы қолданылады. Қосылымдар күкірт қышқылында ашылады.

Металды тантал улы зат болып саналмайды, алайда, тантал қосылымдарының құрамында 1-3 пайыз торий радиоактивті элементі жиі кездеседі. Хаттау мәліметтеріне сәйкес тантал өнімінің тастанды қалдықтарында жалпы альфа-белсенділік көрсетілген. Тантал өнімінің радиоактивті тастанды қалдықтары скрубберлерде 76 пайыз тиімділікпен тазартылады. Тантал өнімінің технологиялық газдарында аммиак, азот диоксиді, күкірт қышқылы, газтәрізді фторлы қосылыстар бар. Бұл заттар тазарту бойынша 69-88 пайыз тиімділікпен өндірістегі скрубберлерде сіңіріледі.

Өндіріс күкірт қышқылының кальций фторидіне табиғи минерал түрінде өзара әсер ету реакциясына негізделген. Реакция электр тогымен қыздырылатын айналмалы құбыры бар пеште пайда болады. Пайда болатын фторлы сутек қышқыл мен тозаң шашырандыларынан анықталады.

Көмекші цехтер. Өндірістерге қызмет көрсету үшін кәсіпорындарда құрал-сайман - механикалық, электрожөндеу, энергожөндеу және көлік цехтары, көпсалалы қызмет цехы, Үлбі жобалау-құрылымдық институты, азотты-сутекті-қышқылды станция, мамандандырылған зертханалар, қойма шаруашылығы бар.

«ҮМЗ» АҚ өндірістерінің қоршаған ортаны ластаушы көздері болып ағын сулармен су объектілеріне түсетін ластаушы заттар, атмосфералық ауаға кәсіпорынның өндіріс объектілерінің ластаушы қалдықтармен түсетін ластаушы заттар саналады [ 10; Б. 10-16] .

Бериллий, бериллийден жасалған бұйымдарды өндіру ауаға бериллий аэрозольдерінің, бейорганикалық шаң-тозаңдардың, молибден мен оның бейорганикалық қосылыстарының, мыс оксидінің, күкірт пен азот қышқылдарының, аммиак, газтәріздес фторлы қоспалардың, азот оксидінің пайда болу мен бөлінуімен байланысты. Корпустың бір бөлігі айналмалы сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген. Каналға улы заттармен байланыста болмайтын, технологиялық құрал-жабдықты салқындату үшін қолданылатын су түседі.

Уран өндірісінің бөлінділері мен ластаушы қалдықтарында жалпы альфа-белсенділік көрсетілген. Құрамында радиоактивті заттары бар Петрянов фильтрлерінде (КПД - 69, 8 - 99, 9 пайыз), СКШН скрубберлерінде ластаушы қалдықтарды тазарту жүзеге асады. Уран өндірісінде бөлінетін барлық сұйық және газтәріздес заттар - азот диоксиді, азот қышқылы, аммиак, фторлы газтәріздес қосылыстар - технологиялық газдардың ластаушы қалдықтарын скрубберлерде тазалау кезінде қағып алынады (трибутилфосфат пен сутек оксиді тазаланбайды) . Газтәріздес заттарды тазалау тиімділігі 51- 80, 0 пайызды құрайды. Уран өндірісінде зиянды заттарды тастау 15-30 метр биіктікте шырақтар арқылы жүзеге асады.

Металды тантал өнім болып саналмайды, алайда, тантал қосылымдарының құрамында 1-3 пайыз торий радиоактивті элементі мен уран жиі кездеседі. Хаттау мәліметтеріне сәйкес тантал өнімінің тастанды қалдықтарында жалпы альфа-белсенділік көрсетілген. Тантал өнімінің радиоактивті тастанды қалдықтары скрубберлерде 76 пайыз тиімділікпен тазартылады. Тантал өнімінің технологиялық газдарында аммиак, азот диоксиді, күкірт қышқылы, газтәрізді фторлы қосылыстар бар. Бұл заттар тазарту бойынша 69-88 пайыз тиімділікпен өндірістегі скрубберлерде сіңіріледі.

Өндіріс қызметі мен құрал-сайман - механикалық цех үрдісінде атмосфераға барий, калий, натрий хлоридтері, темір оксиді, марганец пен оның қосылыстары, никель оксиді, хром, бейорганикалық шаң-тозаң, пысыру аэролі, азот оксиді, күкірт қышқылы, гидрохлорид, сутек оксиді, фторлы газтәріздес қосылыстар, органикалық қосылыстар бөлінеді және пайда болады.

Тастанды лас қалдықтарды тазартуда ЦН-11, ЦН-15, ЦОК-11 «Матрешка» (КПД - 40, 0-80, 0 пайыз) циклондары, тұндырғыш қораптар (КПД-25 пайыз) және тұндырғыш камералар (КПД-41, 7 пайыз) пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей полигонымен танысу
Экология ғылымы және оның міндеттері
Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Өскемен қаласының тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсер етуіне баға беру және талдау
Экологиялық проблемалар жайында
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Өскемен – Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан ірі өнеркәсіптік қала, аумағы 54,4 мың гектар
Медициналық-география
Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz