Өскемен қаласының тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсер етуіне баға беру және талдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН

САРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

Экология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҒЫНА АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУІНЕ

БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

Ғылыми жетекші:

м. ғ. к., аға оқытушысы

«___» 2007 ж. Т. А. Мукажанов

Экология кафедрасының меңгерушісі:

м. ғ. к., доцент

«___» 2007 ж. С. К. Бейсембаева

Орындаған студент:

ЭК-03-В тобы Е. Н. Нурланова

Нормобақылаушы:

«___» 2007 ж. Ж. Д. Камбарова

Өскемен, 2007

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ) . . . 5

1. 1 Ауыр металдардың ауаға, суға, топыраққа және адам денсаулығына

тигізетін әсері . . . 5

1. 2 Ауаға әсері . . . 5

1. 3 Суға әсері . . . 7

1. 4 Топыраққа әсері . . . 10

1. 5 Қорғасын элементінің әсері . . . 13

1. 6 Мыс элементінің әсері . . . 16

1. 7 Кадмий элементінің әсері . . . 19

1. 8 Сынап элементінің әсері . . . 21

2 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА

АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУІНЕ БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ . . . 25

2. 1 Өскемен қаласының экологиялық жағдайына шолу . . . 25

2. 2 Өскемен қаласының тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың

тигізген әсеріне баға беру және талдау . . . 33

2. 3 Ауыр металдардың канцерогендік әсері. Өскемен қаласының

тұрғындарының қатерлі ісік ауруы . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52

ҚОСЫМША А 1996-2006 жыл аралығындағы Өскемен қаласының

тұрғындарының жалпы ауыру түрлерінің көрсеткіштері . . . 57

ҚОСЫМША Ә 1986-2004жж ҚР, Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласының тұрғындарының онкоауруларының ортажылдық динамикалық көрсеткіші . . . 58

КІРІСПЕ

XX ғасырдың аяғында қоршаған ортаның ластануы өткір мәселеге айналып отыр. Антропогеннің салдарынан барлық табиғи сфераны елемеуге мүмкін емес. Шешімсіз қабылданған бұрылыстар адамның келешегіне әсер етеді.

Диплом жұмысының өзектілігі соңғы жылдары өнеркәсіп белсенділігінің өсуімен қатар біздің мемлекетіміздің экономикалық дамуына маңызды үлес қоса отырып, қазіргі кезде өнеркәсіптер өндірген өнімдері ірі ластаушы көзіне айналып отыр. Бүгінгі таңда Өскемен қаласын тұрғындарының денсаулығына өндірген ауыр металдармен ластануы қазіргі таңда өткір мәселелердің біріне айналып отыр. Шығыс Қазақстан Облысы бойынша Өскемен қаласы ластанған қала болып есептеледі. Ауаны, суды және топырақты ластануының нәтижесінде тұрғындарының денсаулығына әсер етуі сөзсіз. Өндірген ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуының негізгі себептері бөлінген ауыр металдар сүзгілерінің болмауы, сондай-ақ өндіріс құралдарының техникалық жағдайының нашарлауы және қаладағы тұрғандарының денсаулығына әсер етуі жылдан-жылға ұлғая түсуде.

Ғылыми жаңалығы өндірген ауыр металдарды бірқалыпты тоқтаусыз өндірсе және ШРК-нан аспаса, онда ауыр металдармен аз ластанады. Өндіріс құралдарының режимдерін дұрыс ұйымдастыру және өндіріс процесін жақсарту нәтижесінде қала тұрғындарының денсаулығына әсер ету процесі азаяды.

Диплом жұмысының пәні Өскемен қаласының тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсер етуіне баға беру және талдау. Жасалған талдаулар Өскемен қаласының тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсер ету деңгейін анықтауға тазарту жолында ұсыныстар жасауға мүмкіндіктер беріп, статистикалық көрсеткіштер арқылы баға бердік.

Ғылыми-зерттеудің обьектісі: Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсер етуі. Осы жұмыстың мақсаты Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардармен ластануын зерттеу, талдау және баға беру.

Мақсатқа жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыру керек:

1) Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаны ластаған негізгі өндірістерге сипаттама беру;

2) ауыр металдардың ауаға, суға, топыраққа және адам денсаулығына тигізген әсерін талдау;

3) ауыр металдардың ауаға, суға, топыраққа және адам денсаулығына тигізген

әсері;

4) Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсер етіуін талдау және баға беру;

5) Өскемен қаласының экологиялық жағдайына шолу;

6) Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың тигізген әсерін талдау;

7) ауыр металдардың канцерогендік әсері. Өскемен қаласы тұрғындарының қатерлі ісік ауруы.

Осы жұмыста қолданылған зерттеу әдістері: математикалық-статистикалық, салыстырмалы, жүйелік, аналитикалық, сипаттамалық.

Осы жұмыстың теориялық маңыздылығы Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсер етуін зерттеу қорытындыларын келешекте оқушылар мен студенттер оқу барысында оқу құралы ретінде қолдану.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысында әдеби көздер , 2004-2007 жылғы метеорологиялық қордың мәліметтерін талдау үшін, ал статистикалық көрсеткіштерді баға беру үшін қолданылған. Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығы ауыр металдармен ластануы жайлы мәліметтер Шығыс Қазақстан гидрометеорологиялық орталығының архивинен алынған.

1 АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ӘСЕРІ

1. 1 Ауыр металдардың ауаға, суға, топыраққа және адам

денсаулығына тигізетін әсері

Өндіріс орындарынан бөлінетін экотаксиканттар метефологиялық факторлардың әсерінен атмосферада, суда, топырақта кең таралып, адамның денсаулығына және тіршілік әрекетіне кері әсер етуде. Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуін, жиналу мен миграциясын зерттеу олардың адам денсаулығына әсер етуін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негіздерінің бірі - ауыр металдар. Бұл металдар биологиялық активтілігіне байланысты және олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады.

Ластаушы заттар тобын кеңінен мінездейтін ауыр металдар термині соңғы уақытта кең мағынадағы таратуды алды. Ауыр металдарды анықтаған кезінде сынғыштарға (мысалы; висмут) немесе метаоллиодқа (мысалы; мышьяк) жататын элементтер кездеседі. Қазіргі біздің түсті металлургия өнеркәсіптерінде технологиялық процесстер де өз шамасында жетік меңгерілген деп саналады. Кейінгі кездері тазалау құбырларын, фильтрлерін салғанына қарамастан ауаға, суға, топыраққа жүздеген тонна шаң, қышқыл қалдықтар, ауыр металдар және токсикалық ингредиенттер өтеді.

Өндірістер арқылы ауыр металдар ауаға, суға, топырақ арқылы адам денесіне түсіп, денсаулығына әсер етіп, түрлі ауруларды туғызады. Таралған аурулар: өкпе, асқазанның қабынуы, бүйрек ауруының көбеюі, нәрестеге ауаның жетіспеуі, қан айналым жүйесі. Жалпы қатерлі ісік аурудың көбеюі қаланың экологиялық баллансының бұзылуы. [5]

1. 2 Ауыр металдардың ауаға әсері

Атмосфера дегеніміз - Жерді онымен айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфера жер бетіндегі барлық тіршілік процесстерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.

Бізді қоршап тұрған ауаның құрамын жерде тіршілік пайда болатын кездегісіндей таза деуге болмайды. Тіпті ауа құрамын жер бетінде техника шыққанға дейінгі көздерде де баяу болса да өзгеріп отырған. Көп уақыт бойы көзге көрінбейтін ауа шексіз көп және сарқылмайтын. лайда, адам қолымен жасаған көптеген техника, завод - фабрикалар, көлік, ауыл - шаруашылық, құрылыс кәсіп орындары, коммуналды - тұрмыстық мекемелер, шаң - тозаң мен қалдықтары атмосфераға бөліп шығаратын қалдық газдарының мөлшері өте көп. Бұл сөзсіз атмосфераның таза ауасына ықпалын тигізбей қоймайды. [7]

Металлургия кәсіпорындарымен ластайды, олардың ішінде темір, қорғасын, мыс, мышьяк, қалайы, никель, көмір, күкірт, түтін, глинозем, тағы басқа қалдықтар бар.

Жылу электр станцияларының қалдықтарын жағатын отынға, оның химиялық құрамына және жағу әдістеріне байланысты болады. Көмір жаққанда ауаға күл, күйе, шаң-тозаң қосылады. Қуаты орташа жылу электр станциялары ауаға сағат сайын 5 тонна күкірт түтін мен 16-17 тонна күл қосады.

Адамзат қоғамы 20 млрд. тонна темір өндірсе, түрлі техника, құрал- жабдықтар, қондырғылардағы мөлшері 6 млрд. тонна ғана, олай болса 14 млрд. тонна темір қоршаған ортаға таралып, ластап отыр. Жыл сайын өндірілген сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға таралады. Ал, көмір жанған кезде күл және түрлі газдармен бірге қоршаған ортаға таралатын кейбір элементтердің мөлшері олардың өндірілген мөлшерінен де асып түседі, яғни магний-1, 5есе; молибден-3 есе; мышьяк-7 есе, ; уран, титан-10 есе; алюминий, иод, кобальт-15 есе; сынап-50 есе; литий, ванадий, стронций, берилий, цезий- 100 деген есе; галий, германий-1000 есе; итрий-10 000 есе[10] .

Атмосфералық ауаға ең қолайсыз әсер тигізетін автокөлік болып табылады. Бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған көмірсутектер мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері дизель тонна шамасында көміртек тотығы, 56 млн. тонн көмірсутек, 28 млн. тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Автодизель отынын жаққанда-24, 5 кг азот тотығы бөлінеді. Бензин қозғалтқышымен қамтамасыз етілген әр 15000 км жүргенде 4350 кг оттекті жұмсайды. Бұл жағдайда қоршаған ортаға 3250 кг көміртек диоксиді, 530 кг көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектері, 27 кг азот оксиді шығарылады. Карбюраторы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-ге жуық химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде улылығы жоғарларға қорғасын, көміртек пен азот оксидтері, көмірсутектер, бенз(а) перен жатады. Пайдаланылған газдағы көмірсутектерінің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты.

Автокөлік қозғалтқыштарында жану процесінен шығатын ең қауіпті құрауыштың бірі бензиндегі тетраэтилқорғасынан түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары. 1 литр бензинді жаққанда ауаға 200-700 мг қорғасын бөлініп отырады. Металды тотықтырғанда адамның өңеші мен өкпесіне зиян әкеледі. Қорғасын ауаға автокөліктерден тарайды. Кейбір қорғасын этиль тәрізді сұйық заттардың құрамына тетраэтилқорғасын түрінде қосылып антидетонатр ретінде пайдаланылады. Жоғары сортты 1 литр бензинде 0, 4 грамм қорғасын болса, оның 0, 3 грамм автокөліктерден бөлінген газбен ауаға келіп қосылады. Көліктер көп жүретін тас жолдардың әрбір километріне күн сайын 500-700 граммнан қорғасын түсіп жатады. Шектеулі- рұқсат етілген қорғасынның ауадағы мөлшері 0, 0007 мг/ м 3 аспауы тиіс. [5]

Келешекте жан-жақты ластанған және атмосфераны ластаушы деңгейі қуат көзіне, шығарымдының жағдайына және метеорологиялық жағдайына байланысты. Атмосфераның ауыр металдармен ластануы-ғылыми техникалық прогресстің аса маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. [24]

1. 3 Ауыр металдардың суға әсері

Су - табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен, суды алмастыратын зат табылған жоқ. Су - түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капиллярлық қасиеті бар. Судың жалпы мөлшері-1386 млн/км 3 .

Суды негізінен ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялардың ақаба сулары, өндіріс қалдықтары, құрамында әр түрлі агрохимикаттары бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығындағы, су қоймаларына аэрогенді ластағыштардың болуы. [33]

Біз үшін ауыз судың маңызы үлкен. Олардың қоры өте аз. Су қорының қорлықта біркелкі таралғандығынан, халық санының өсуінен және өндіріс пен ауыл-шаруашылығының қарқынды дамуынан қалыптасып отыр. Табиғи сулардың химиялық әрекетінің нәтижесінде қалалар санының көптеп өсуі суды пайдаланудың ғана емес, сулардың да өсуіне әкеп соғуда. Ауыл - шаруашылық және өндіріс орындары ағынды сулармен бірге өзендер суына ластаушы заттарды да ағызады. Ауыз судың сапасын бақылау үшін зиянды заттардың шектеулі - рұқсат етілген мөлшері бекітілген. 1 литр суда зиянды заттар мына мөлшерден (мл/л) көп болмауы керек кадмий - 0, 01; кобальт-1, 0; метал-3, 0; мышьяк-0, 05; сынап-0, 005; қорғасын-0, 1; керосин- 0, 1; мұнай - 0, 1; Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады (Кесте 1) . Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себебі шамамен 5 млн. адам (әсіресе балалар) өлімге ұшыраған, әр түрлі дәрежеде уланған адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді. Судағы химиялық элементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғанының дәлелі бола алады. [14]

Жер асты суында мырыш, сынап, қорғасын, кадмий, мышьяк ШРК жүздеген, фтор, берилий ШРК 200-30, нитрит ШРК 3-30, азот аммонимі ШРК 50 жетеді. Коммуналды - тұрмыстық қажет қалада бір кісіге тәулігіне 300-ден 420л дейін су жұмсалады. Теңіз суында ванадий, темір, қорғасын, мырыш, мыс, иод элементері ластап отыр.

Кесте 1 Ауыз суына токсинді заттардың концентрациясының коэффициенті.

Заттың аты

Қауіпті

дәрежесі

ШРК мг/л

Концентрация

коэффициенті

Ккі

Сі
Заттың аты: Қорғасын
Қауіптідәрежесі: 2
ШРК мг/л: 0, 03
КонцентрациякоэффициентіКкі: 0, 03
Сі: 0, 001
Заттың аты: Мырыш
Қауіптідәрежесі: 3
ШРК мг/л: 5, 0
КонцентрациякоэффициентіКкі: -
Сі: -
Заттың аты: Мыс
Қауіптідәрежесі: 3
ШРК мг/л: 1, 0
КонцентрациякоэффициентіКкі: 0, 0008
Сі: 0, 0008
Заттың аты: Мышьяк
Қауіптідәрежесі: 2
ШРК мг/л: 0, 05
КонцентрациякоэффициентіКкі: -
Сі: -
Заттың аты: Кадмий
Қауіптідәрежесі: 2
ШРК мг/л: 0, 001
КонцентрациякоэффициентіКкі: 0, 8
Сі: 0, 0008
Заттың аты: Сынап
Қауіптідәрежесі: 1
ШРК мг/л: 0, 0001
КонцентрациякоэффициентіКкі: 0, 2
Сі: 0, 0001
Заттың аты: Темір
Қауіптідәрежесі: 3
ШРК мг/л: 0, 3
КонцентрациякоэффициентіКкі: 1, 9
Сі: 0, 571
Заттың аты: Сульфат
Қауіптідәрежесі: 4
ШРК мг/л: 500
КонцентрациякоэффициентіКкі: -
Сі: -
Заттың аты: Нитрат
Қауіптідәрежесі: 3
ШРК мг/л: 45
КонцентрациякоэффициентіКкі: -
Сі: -

Өскемен қаласындағы сутоғандардағы коммуналды - тұрмыстық қызметте тазаланбаған қалдықтардың көлемін төмендету маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар тұрмыстық су қалдықтары да мыңдаған тонна метал, май, химиялық уытты заттар келіп қосылады. [32]

Жылына 100 млн/ м 3 суды технологиялық қажетке қолданылады.

Қышқылды жауын - шашынның немесе ақаба сулар әсерінен ластау нәтижесінде сулы ортаның pH мағынасын өзгеруі әсерінен төмендеуі алюминий және ауыр металдар қосылыстарының ерігіштігін жоғарлатады, еріген түрге айналған қосылыстар өсімдіктер мен ағзаларды уландырады. Содан кейін олар адам ағзасына өтіп әр түрлі ауруларға шалдықтырады. Өндірістің әр түрлі салаларында, құрамында - сынап, хром, кадмий, мырыш, мыс, никель, мышьяк және де басқа элементтерді және олардың қосылыстарын пайдалану, қолданған судың осы заттармен ластануына мүмкіншілік туғызады. Су қоймаларының негізгі ластаушысына толық тазартылмайтын өнеркәсіптік қалдықты сулар. Өнеркәсіпте 1 т өнім алу үшін болат, шойын 15-20 м 3 ; кальцийленген сода-5000; пластмаса 500 -1000 т. с. с., су жұмсалады.

Соңғы жылдары суды, өндірістік, тұрмыстық қажетіне және ауыл-шаруашылығына жұмсау жылдан - жылға көбейіп отыр. . Мысалы, 1 тонна болат қорытуға 300г су қажет болса, соншама мыс шығаруға 500, қағаз шығаруға 1000, 1 тонна бидай өндіруге 1500г, күріш өсіруге 4000, мақта өсіруге 1 тонна су кетеді. Өндірістік қалдықтарда сода, күкірт қышқылы, азотты тыңайтқышта, түрлі метал тұздары, басқа да минералды қалдықтар сияқты органикалық емес қоспалар көбеюде. [21]

1. 4 Ауыр металдардың топыраққа әсері

Литосфера - барлық тірі ағзаға керекті минералдық элементтермен қамтамасыз ететін экожүйелердің ірі компоненті, қалыңдығы 30-80 см. Топырақ дегеніміз - жердің аналық жынысы, жер бетінде тіршілік ететін орта, өсімдіктер мен жануарлар дүниелері қатысуымен, климаттық әсерінен мыңдаған - миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи күрделі зат. Топырақ ғажайыптылығы - ондағы өмір сүретіндердің тығыздығы. Топырақ ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К. Маркс, еңбек-байлықтың әкесі болса, топырақ - анасы деген. Топырақ ешнәрсеге айырбастамайтан ресурс. [1]

Ауадағы радиоактивті заттар, ауыр металдар, күкірт қышқылы зиянды қалдықтар топырақты міндетті түрде ластамай қоймайды. Пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар, ауыр металдар мөлшерден тыс қолданылса топырақ уланады. Өндірістік қалдықтардағы көмірсутектер, көмір қышқыл газы, күкіртті ангидрид, түрлі металдар топырақтың құрамын өзгертіп оның құнарлығын төмендетеді.

Түсті металлургия кәсіпорынының топырақ құрамындағы қорғасын мөлшері 15 есеге дейін көп. Металлургия өндірісінен жыл сайын топыраққа жүздеген мың. тонна мыс, мырыш, кобальт, он мыңдаған тонна қорғасын, сынап, никель тозаңдары қонады. Суперфосфот тыңайтқыштарын шығаратын зауыт 500 метр қашықтықтағы топырақты мышьяк нормасы 20-25 еседен көп. Отынға пайдаланылатын тас көмірде де ауыр металдар аралас болғандықтан, олар да ластанудың көзі күшті болып табылады. [4]

Автокөліктер ауаны қорғасын элементін ластаумен қатар, топырақты да уландырады, яғни одан шыққан түтін құрамында қорғасын оксидтерінің (сульфат, нитрит), дисперсті (майда) түйірлерінде жол бойының 300-400 метрлік бөлігіндегі топыраққа толық қонады. Биологиялық айналымға кірген ауыр металдар айналымы топырақ - өсімдік -мал-адам. Соңында адам ағзасына жетіп, оны ауруға ұшыратады. Әсіресе, адамға улы заттар - сынап, кадмий, қорғасын, мырыш, яғни зияндылығы мырыш пен мыс жатады.

Топырақта ауыр металдар су ерігіш ион түрінде алмасады және адсорбция формасында үзілген күйінде кездеседі.

Ал, қала топырағы ауыр металдардың норма мөлшерінен жылдан- жылға көбейіп отыр. Сонымен қатар, кейбір мәдени өсімдіктерді зиянкес ауыр қоздырғыштардан қорғауда (жүзім, мақта, томат) өсіруде құрамында ауыр металдар кездесетін преппараттарды қолдану. Олар өз кезегінде саңырауқұлақтардың өсуіне кері әсер етеді, ол екінші жағынан ауыр метал ретінде өсімдіктердің өсіп - дамуына да теріс әсер етеді. Құрамында ауыр металдар бар фунгицидтерді де пайдалану негізінен топырақтың беткі қабатында олардың көп жинақталуына келеді. Ванадий элементі миграцияларында кешенді ерітінді қосылыстары және олардың органикалық заттары мен гумустық қышқылдың маңызы зор. Бірақ, ваннадий элементінің концентрациясының жоғарлауы адам денсаулығына қауіпті, яғни қауіпті концентрациясы 0, 1 мг/дм 3 құрайды, ал қалыпты концентрациясы 0, 001 мг/дм 3 . Сонымен қатар, көп жылдар ішінде адамның шаруашылыққа қолданған топырақ ресурсы айтарлықтай нұсқасын тигізді, құнарлы топырақ мол егіннің негізі болып табылады. Тек қане топырақ эрозиялары 20 жылда 20 - 25% құрайды, нәтижесінде 1% гумусты жоғалтады. Жердің ондаған мың гектарын өндіріс обьектілері, тау қазбалары, қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондары, яғни олардың саны 17 млн. тоннасын құрайды (кесте 2) . [25]

Кесте 2 Зерттеудің нәтижесінде топырақ бетіндегі өндіріс қалдықтарының көрсеткіші.

Заттың аты

Зерттеу нәтижесіндегі

орташа қосындысы

Орташа көрсеткіші

Жалпы

жағдайы

Заттың аты: Қорғасын
Зерттеу нәтижесіндегіорташа қосындысы: 26, 0
Орташа көрсеткіші: 61, 0
Жалпыжағдайы: 85, 5
Заттың аты: Мырыш
Зерттеу нәтижесіндегіорташа қосындысы: 221, 0
Орташа көрсеткіші: 58, 0
Жалпыжағдайы: 205, 0
Заттың аты: Мыс
Зерттеу нәтижесіндегіорташа қосындысы: 107, 0
Орташа көрсеткіші: 120, 25
Жалпыжағдайы: 150, 1
Заттың аты: Кадмий
Зерттеу нәтижесіндегіорташа қосындысы: 0, 34
Орташа көрсеткіші: 0, 890
Жалпыжағдайы: 0, 54
Заттың аты: Мышьяк
Зерттеу нәтижесіндегіорташа қосындысы: 4, 0
Орташа көрсеткіші: 6, 0
Жалпыжағдайы: 7, 0
Заттың аты: Сынап
Зерттеу нәтижесіндегіорташа қосындысы: 1, 2
Орташа көрсеткіші: 3, 2
Жалпыжағдайы: 1, 25
Заттың аты: Темір
Зерттеу нәтижесіндегіорташа қосындысы: 7505
Орташа көрсеткіші: 7882
Жалпыжағдайы: 12690

Топырақтың ауыр металдармен ластану масштабтарын сандардан көруге болады. Бұзылған топырақты қайтадан қалпына келтіру әдісінің бірі рекультивация болып табылады, бірақ ол өте баяу жүреді. Мысалы, металдар салыстырмалы түрде топырақта тез жиналады және металдар баяу, бірнеше жылдан кейін топырақтан шығады (кесте 3) : жартылай кетіру кезеңіне цинк 50 жылға, кадмий 1100 жылға, мыс 1500 жылға, қорғасын бірнеше мың жылға дейін. Адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау. [35]

Кесте 3 Топырақ құрамында ауыр металдардың көбеюі.

Элементтің аты: Элементтің аты
Құрамында көбеюі,құрғақ топырақта мг/кг:

Құрамында көбеюі,

құрғақ топырақта мг/кг

ШРК топырақ үшін (Жалпы құрамы),мг/кг:

ШРК топырақ үшін (Жалпы құрамы),

мг/кг

Элементтің аты: жылына
Құрамында көбеюі,құрғақ топырақта мг/кг: 10 жылда
Элементтің аты: Кадмий
Құрамында көбеюі,құрғақ топырақта мг/кг: 0, 0111
ШРК топырақ үшін (Жалпы құрамы),мг/кг: 0, 11
3
Элементтің аты: Сынап
Құрамында көбеюі,құрғақ топырақта мг/кг: 0, 0139
ШРК топырақ үшін (Жалпы құрамы),мг/кг: 0, 14
2
Элементтің аты: Никель
Құрамында көбеюі,құрғақ топырақта мг/кг: 0,
ШРК топырақ үшін (Жалпы құрамы),мг/кг: 1, 11
50
Элементтің аты: қорғасын, хром, мыс
Құрамында көбеюі,құрғақ топырақта мг/кг: 0, 6667
ШРК топырақ үшін (Жалпы құрамы),мг/кг: 6, 67
100
Элементтің аты: Цинк
Құрамында көбеюі,құрғақ топырақта мг/кг: 1, 6667
ШРК топырақ үшін (Жалпы құрамы),мг/кг: 16, 67
300

1. 5 Қорғасын элементінің адам денсаулығына тигізетін әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау
Алматы қаласының техникалық жөндеу орталықтарының қоршаған ортаға ықпалы
Өскемен қаласының атмосфералық ауасының ауыр металдармен ластануы
Геожүйенің ластауындағы техногендік факторлар анализі
Текелі қаласындағы қорғасын -мырыш кен орны
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Ауыр металдардың топыраққа әсері
Экология ғылымы және оның міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz