«Девиантты мінез – құлқы бар балаларды анықтау және оқыту проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары»



Жоспар:

1. Девиантты мінез . құлқы бар балаларды анықтау және оқыту проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары;
1.1 Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауындағы жастарға сенімі...
2. Девиантты мінез.құлық дегеніміз не?
3. Девианттық мінез.құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез.құлық тұжырымдамасы;
4. Делинквентті мінез.құлықтың типтері;
5. Девиантты мінез.құлықтың себептері;
6. Девиантты мінез.құлықтың факторлары:
7. Баланың бойындағы асоциалды мінез.құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
Елбасымыз Н.Назарбаев өз жолдауында: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті. Демек, қазіргі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жыл санап екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де ашық айтылып отыр. Дей тұрғанмен, жастарымздың арасында Батыстың жалаң, даңғаза, бейресмилік өмір салтынан түңілген жас, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтардың бойында өмірге, болмысына қызығушылық пен немқұрайлық психология пайда бола бастады. Бейресми топтар көбейіп, басқару жүйесіне наразылық көрсетулер орын алуа. Өмірге түңіліп өз-өзіне қол салушылық, нашаға әуестенушілік, ішімдік қолдану, қоғамға жат құбылыстар өрістеді.
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы өзгерістерге мән беріп психодиагностикалық әдістер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп, түзету жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың, ата-ананың және тәрбиешінің міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңы, 18 бап.
2. Белова М. Мнение успешного учителя. Еще раз о плюсах и минусах ЕНТ. //Учитель Казахстана №27-29, 11 апреля 2005г., стр.5
3. Все о ЕНТ.// Звезда Прииртышья №42, 13 апреля 2006г., стр.5
4. «Мектепкегі психология» журналы 2010 жыл №5.
5. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0.
6. Орысша - қазақша - ағылшынша педагогикалық - психологиялық сөздік Амантурлин Ш. Б., Амантурлина Г. А. - Алматы : [б. ж.], 2008. - 272 б.
7. Психология салаларының бағдарламалары [Мәтін] / Алдамұрат Ә. - А. : Респ.баспа кабинеті, 2000. - 86 б.
8. Жоғары мектепте психологиялық білім беруді жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері : / Бапаева М.Қ. - Алматы : Б.ж., 2001. - 31 б. - Б.ж.
9. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: Студенттер мен оқытушыларға, мектеп мұғалімдеріне арналған / Жарықбаев Қ, Әбдірахманов А. - Алматы : Мектеп, 1976. - 84 б.
10. Стресстің адам өміріндегі рөлі: / Кумарова А. // Студент и лидерство: программа профессионального роста и карьеры (18-19 мая 2007г.). - 2007. - 184

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімі

Тақырыбы: Девиантты мінез – құлқы бар балаларды анықтау және оқыту
проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары.

Секция: Білім беру ұйымдарының психологтары.

Орындаған: Сабырбаев Б.С.
Абай атындағы орта мектебі
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
мектеп психологы.

Ақжар ауылы, 2014

Жоспар:

1. Девиантты мінез – құлқы бар балаларды анықтау және оқыту
проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары;

1. Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауындағы жастарға сенімі...

2. Девиантты мінез-құлық дегеніміз не?

3. Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиант ты мінез-
құлық тұжырымдамасы;

4. Делинквентті мінез-құлықтың типтері;

5. Девиантты мінез-құлықтың себептері; 

6. Девиантты мінез-құлықтың факторлары:

7. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы
қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:

Девиантты мінез – құлқы бар балаларады анықтау және оқыту
проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары.
1.1 Елбасымыз Н.Назарбаев өз жолдауында: “Жаңа жағдайға сай біздің
бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу
ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік
құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік
мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті.
Демек, қазіргі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жыл санап екпінді серпін
алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де ашық айтылып
отыр. Дей тұрғанмен, жастарымздың арасында Батыстың жалаң, даңғаза,
бейресмилік өмір салтынан түңілген жас, өсіп келе жатқан жеткіншек
ұрпақтардың бойында өмірге, болмысына қызығушылық пен немқұрайлық
психология пайда бола бастады. Бейресми топтар көбейіп, басқару жүйесіне
наразылық көрсетулер орын алуа. Өмірге түңіліп өз-өзіне қол салушылық,
нашаға әуестенушілік, ішімдік қолдану, қоғамға жат құбылыстар өрістеді. 
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы өзгерістерге мән беріп
психодиагностикалық әдістер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп, түзету
жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың,
ата-ананың және тәрбиешінің міндеті.
2.Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ
ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар
мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық
нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден
(мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін
құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс,
қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды
аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек
белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-
құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол
конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері
қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жеткізудің әлеуметтік қолдау
тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік
құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-
қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам
немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін
ондай қылықтары үшін жазалайды.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы девиантты әрекеттерден арылтуда
келесідей мәселелерді де ескеру қажет:
1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газет, журнал, радио,
телепрограмма) қоғамның назарын аудару; 
2. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын ақпараттар
тарату (жарнамалар, аудио-видиоматериалдары);
3. Оқу мекемелерінде нашақорлыққа, ішімдікке және т.б. қарсы
пікірді қалыптастыратындай практикалық сабақтар, тренингтер
өткізу өз пайдасын тигізер еді.
Яғни әрбір девиантты мінез-құлықты жасөспірімнің өзіне ғана тән
қайшылықтары болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнен, ата-аналардан қол
өнерінің шеберлігіндей ептілік емес, әлдеқайда сан салалы тапқырлықты
қолданатын, жан-жақты білімдар ұстаз болу талап етіледі. Ол педагогикалық
ықпалды тікелей де, жанамалай да жасай біліп, өз ісіне шығармашылық жаңалық
енгізіп отырса, шиеленістерді шешерде қашанғы бір қағидалардан жаңылмаймын
демей, сәтті құбылыстарды еркін қолдана білсе ғана мұратқа жетпек.
Девиантты мінез-құлықты көбіне жасөспірімдер арасында кездестіреміз.
Себебі жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі бұзақылықтардың пайда
болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып
табылады.
Жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты
болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын
түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие
мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты
балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп,
оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық
тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім
жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-
жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың
жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң
нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.Сондықтан да тәрбие жұмысын
балалардың жасына, мінезіне қарай жүргізу педагогтан, ата-анадан үлкен
ұстамдылықты, нағыз шеберлікті талап етеді. Оқу жылының барысында да, жазғы
демалыс кезінде де ата-ана дұрыс тәрбие беріп, олардың ұжымшыл болуына
ықпал жасау керек.
Қорыта келгенде, жоғарыда шолу жасалған мәселелердің шешімі -
психодиагностикалық әдістерді мен түзету жолдарын өзіміздің ұлттық
ерекшеліктерімізді ескере отырып таңдау қажет, себебі қандайда бір шараны
қолданарда әр адамның жеке және жас ерекшеліктерімен қатар, ұлттық
ерекшеліктерді ескеру айтарлықтай нәтиже бермек. Демек, жасөспірімдердің
бойында ауытқымалы мінез-құлық нышандарынан арылу арқылы, олардың бойына
қоғамымызда қабылданып, орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылық
бағдарларды соның ішінде, әсіресе, ең алдымен, ұлтжандылықты,
азаматтылықты, жоғарғы моральдық және адамгершілік қадір-қасиеттер мен
мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластықты, қоғамдық
тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүмкіндігінше
орындаушылықты қалыптастыруға болады.
Осы мәселелерді ескере отырып біз балалар мен жасөспірімдердің тұлғасы мен
мінез-құлқындағы жат қылықтардан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу
керек деп ойлаймын:
жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;
оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;
әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;
оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық әрекетке бейім балаларға
үлкендер тарапынан қатал жаза қолдану.
3.Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиант ты мінез-
құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль
Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын
ұсынды. Аномия термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның
болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның
мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының
арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы
физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалы қ, экологиялық факторларды
енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей
туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір
себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын
тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік
саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік
мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы
өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да
маңызды адамдар)..
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстр ация, оқудан,
еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
4.Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай
типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс
береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты
жат мінез-құлық.
1. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып
табылады: алкоголизм, токсикомания,  нашақорлық, жезөкшелік, суицид, за ң бұзу
шылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең
бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
5.Девиантты мінез-құлықтың себептері:   Девиацияны зерттеуші көптеген
ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше
түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы
факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Девиантты мінез - құлықты балалардың ерекшеліктері
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері
Девиантты тәртіпті балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Пәндер