Қорларды толтыру теорисы бизнес-жоспар бойынша есеп шығару



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Модельдеу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Модельдеу экономиканың қандай салаларында қолданылады? ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Экономикалық үрдістерді модельдеудің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Әдістің экономикалық.математикалық моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Есептің экономикалық түсініктемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Әдістің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Әдісті экономикалық.математикалық модельдеуге қолдануды негіздеу ... ... ... .12
2. Есепті экономикалық зерттеулерде қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Әдіс көмегімен шешілетін есептер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Есептің тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Есепті шешу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3. Есепті шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.1 Есепті шешу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2 Қажетті формулалар мен айнымалыларды сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.3 Берілген әдіспен есепті шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
КІРІСПЕ
Модельдеу кезеңдері
Модельдеу экономиканың қандай салаларында қолданылады?
Экономикалық үрдістерді модельдеудің ерекшеліктері
Қазіргі қоғамның мәдениеті, білімділігі, ой өрісі және ой жүйесі дамыған кезеңде халық шарушылығының кәсіпорындарының қандай түрі болмасын оның экономикасын ұтымды басқаруда математикалық әдістерімен компьютерлерді кеңінен қолдану қажеттігі әркімге белгілі. Математикалық экономикада және басқа ғылымдарда кеңінен қолданылуы осы ілімнің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Егер оның осы ерекшелігі түбегейлі экономикалық талдаумен біріктіре отырып пайдалынылса онда өндірістік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруында және басқаруда яғни әр істен ұтымды табыс табу жолдарында математикалық әдістемелерді қолдану-бүгінгі таңдағы кең қажетті істің бірі.
Модель мен модельдеу нақты мәселеден (есептен) оның шешіміне апаратын негізгі ұстаным (көпір).
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды модель деп атаймыз.
Модельдеу дегеніміз-ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігінеорай туындайтын ой-түрткілерге, сеьептерге,тағы басқа байланысты. Модельдеу кез кезген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді.
Математикалық модель дегеніміз нысанның үдерістің және жүйенің қасиеттерін сипаттайтын математикалық нысандар жиынтығы. Математикалық модельдеу дегеніміз зерттеу нысандары туралы жаңа ақпарат алу мақсатында математикалық модельді құру үдерісі.
Жүйелік тәсіл дегеніміз нысанның және үдерістің қасиеттерін, құрылымын, қызметтерін зерттеуге мүмкіндік беретін әдістермен құралдар жиынтығы. Жүйелік тәсіл принциптері:
1. Бірлік,
2. Даму,
3. Ауқымды мақсат,
4. Функциональдік принципті – жүйе мен оның құрамын бірге қарастыру,
5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Г. Р. Кошанова, Э. Ұ. Уразмагамбетова Математикалық модельдеу пәнінен дәрістер жинағы.
2. Аскарова Ж.А. Экономикадағы математикалық әдістер
3. Ж.Н.Тасмамбетов Экономикадағы математикалық әдістер мен үлгілер, Ақтөбе 2008 жыл
4. Tasmambetov_2 Астана қаласы Политехникалық колледжінің ішкі сайтындағы материялдар.
5. http://stud.kz/referat/show/19345

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 4
Модельдеу кезеңдері 4
Модельдеу экономиканың қандай салаларында қолданылады? 4
Экономикалық үрдістерді модельдеудің ерекшеліктері 4
1. Әдістің экономикалық-математикалық моделі 8
1.1 Есептің экономикалық түсініктемесі 8
1.2 Әдістің сипаттамасы 9
1.3 Әдісті экономикалық-математикалық модельдеуге қолдануды негіздеу 12
2. Есепті экономикалық зерттеулерде қолдану 16
2.1 Әдіс көмегімен шешілетін есептер түрлері 16
2.2 Есептің тұжырымы 17
2.3 Есепті шешу әдістері 20
3. Есепті шешу 22
3.1 Есепті шешу кезеңдері 22
3.2 Қажетті формулалар мен айнымалыларды сипаттау 24
3.3 Берілген әдіспен есепті шешу 25
4. Қорытынды 29
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе
Модельдеу кезеңдері
Модельдеу экономиканың қандай салаларында қолданылады?
Экономикалық үрдістерді модельдеудің ерекшеліктері
Қазіргі қоғамның мәдениеті, білімділігі, ой өрісі және ой жүйесі дамыған кезеңде халық шарушылығының кәсіпорындарының қандай түрі болмасын оның экономикасын ұтымды басқаруда математикалық әдістерімен компьютерлерді кеңінен қолдану қажеттігі әркімге белгілі. Математикалық экономикада және басқа ғылымдарда кеңінен қолданылуы осы ілімнің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Егер оның осы ерекшелігі түбегейлі экономикалық талдаумен біріктіре отырып пайдалынылса онда өндірістік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруында және басқаруда яғни әр істен ұтымды табыс табу жолдарында математикалық әдістемелерді қолдану-бүгінгі таңдағы кең қажетті істің бірі.
Модель мен модельдеу нақты мәселеден (есептен) оның шешіміне апаратын негізгі ұстаным (көпір).
Модель - нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Модель - бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды модель деп атаймыз.
Модельдеу дегеніміз-ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігінеорай туындайтын ой-түрткілерге, сеьептерге,тағы басқа байланысты. Модельдеу кез кезген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді.
Математикалық модель дегеніміз нысанның үдерістің және жүйенің қасиеттерін сипаттайтын математикалық нысандар жиынтығы. Математикалық модельдеу дегеніміз зерттеу нысандары туралы жаңа ақпарат алу мақсатында математикалық модельді құру үдерісі.
Жүйелік тәсіл дегеніміз нысанның және үдерістің қасиеттерін, құрылымын, қызметтерін зерттеуге мүмкіндік беретін әдістермен құралдар жиынтығы. Жүйелік тәсіл принциптері:
1. Бірлік,
2. Даму,
3. Ауқымды мақсат,
4. Функциональдік принципті - жүйе мен оның құрамын бірге қарастыру,
5. Децентрилизация және центрилизация,
6. Иерархия,
7. Анықталмалушылық,
8. Ұйымдастырушылық.
Экономикалық модельді құрудың принциптері. Модель құрудың мақсатының анықтылығы, бұл мақсат модельдің құрамын және сандық сипаттамаларын анықтайды. Модельдің құрамды бөліктерінің өзара байланысын және олардың арасындағы тәуелділікті бейнелеу, математикалық тәуелділіктер арқылы есептерді жүргізу. Нақты экономикалық жүйені бейнелеудің қарапайымдылығы. Мақсатқа сәйкес келуі, жүйеге кіретін негізгі элементерді енгізу. Модельдің сенімділігін қамсыздандыру.
Модельдің негізгі типтері. Макроэкономикалық модель, экономика жүйе ретінде қарастырылады, берілген жүйе өзара материалдық қаржылық көрсеткіштерді қарастырады, тұтыну инвестиция жұмыспен қамту, қаржы мөлшері, пайыздық өлшем және тағы басқалары. Макроэкономикалық модель дегеніміз экономиканың құрылымдық және функциональдік бөліктерінің өзара әсерлесуін сипаттайды.
Теориялық модельдер - экономиканың жалпы сипаттарын және құрамды бөліктерінің қасиеттерін зерттейді.
1) Қолданбалы модельдер.
2) Тепе - теңдік модельдер.
3) Динамикалық модельдер - уақытқа байланысты болатын модельдер, яғни өнім мөлшері уақытқа сәйкес өзгереді.
4) Статикалық модельдер - нақты уақыт мезетіндегі экономикалық нысанның күйін сипаттау.
5) Детирминациялық модельдер - айнымалылар арасындағы байланыстар өте қатаң болады.
6) Стохастикалық модельдер - зерттелетін көрсеткіштерге кездейсоқ әсерлерінің болуын қарастырылады.
Модельдеу кезеңдері

Бірінші кезең - есептің қойылуы. Бұл кезең зерттеудің мақсатын анықтаудан басталады.
Мысалы, кәсіпорын үшін өнім өндіру немесе жүк тасымалдаудың оңтайлы жоспарын құру немесе берілген материалды кесіп-пішудің оңтайлы нұсқасын табу қажет т.с.с. Зерттеудің мақсатына сәйкес жүйелерді жан-жақты талдап, оның құрылымы мен қызметін, ерекшеліктерін ескеру керек.
Екінші кезең - таңдалып алынған жүйелерге математикалық модельдер құру. Бұл кезеңде есепті формула түріне келтіру - математикалық тәуелділіктерді теңдеулер, теңсіздіктер түрінде құру жүргізіледі.
Үшінші кезең - құрылған модельге сәйкес есептің шешімін алу. Бұл кезеңнің негізгі есептерін қарастырайық. Біріншіден, модельге қажетті алғашқы ақпараттарды жинау, параметрлер мен сыртқы айнымалылардың сандық мәндерін анықтау қажет. Екіншіден, есептің шешімін алатын әдісті таңдап алу керек. Сандық экономикалық-математикалық әдістердің арасында кеңінен тарағандары симплекс әдісі және потенциал әдісі. Олар көптеген экономикалық есептерді шығаруға қолданылады. Бұл әдістермен шығаруға келмейтін есептер де кездеседі. Мұндай жағдайларда жүйелерді зерттеудің эвристикалық және имитациялық әдістері қолданылады.
Төртінші кезең - модель бойынша алынған қорытындыны тәжірибеде қолдану. Математикалық әдістердің көмегімен алынған шешімдер талданып, белгілі бір аралықта алғашқы ақпараттарға тигізетін әсері тексеріледі.
Модельдеу экономиканың қандай салаларында қолданылады?

Экономикалық талдаумен есептеу әдістерін жетілдіруде зерттеудің математикалық тәсілдерін қолдану үлкен роль атқарады. Баға белгілеу заңдылықтары, өнім бірлігіне жұмсалатын еңбек пен материалдардың толық шығынын зерделеу, салааралық байланыстарды зерттеу, капитал салымының рентасльділігі, өндірісті орналастыруының тиімділігін анықтау, өндірістік үдерісті оңтайлы жоспарлау, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану секілді экономикалық проблемалар және басқа да маңыздылығы булардан кем емес мәселер математикалық тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы табысты шешуге болады.
Мұндай есептер үшін құрамына желілік программалау, динамикалық программалау, ойындар теориясы және басқа матемаикалық пәндер кешені экономикалық нысандармен үдерістерінің математикалық модельдерімен бірге кіретін экономикалық-математикалық аппарат әзірленеді және одан әрі жалғасуда. Бұл аппаратты, әсіресе өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығы көлік, экономикалық зерттеулер және тағы басқа секілді салаларға қатысты есептердің кең айналымын шешуге мүмкіндік беретін желілік программалауды зерделеу экономистердің тәжірибелік жұмысында күннен-күнге қажеттілікке айналуда.
Экономикалық үдерістерді модельдеудің ерекшеліктері

Экономиклық үдерістердің сандық қатынастарын тану және мұнда құбылыстыр экономикалық өлшемдерге сүйенеді. Өлшемнің дәлдігі мәндік дәрежеде анықтайды және модельдеу арқылы табылған сандық қорытындының соңғы нәтижелерінің дәлдігі.
Экономикалық үдерістер массалық үдерістер сипатын сақтай отырып міндетті түрде кездейсоқ компонентерді қосуы керек. Ескертілмейтін кездейсоқтықтар табиғаттық құбылыстардан болуы мүмкін, халықаралық күйдегі өзгерістер, ғылыми-техникалық жаңалықтар, әр түрлі субъектілік факторлар осылайша, экономикалық заңдылықтар стохастикалық сипатта болады.

1. Әдістің экономикалық-математикалық моделі
1.1 Есептің экономикалық түсініктемесі

Экономикалық үдерістердің математикалық модельдерін құрастыру өте күрделі, себебі ол үшін математикалық және экономикалық бірліктерді өзара ұштастыру керек.
Экономикадағы математика деген, атауынан көрініп тұрғандай, математиканың бұл жаңа саласы, математикалық әдістердің экономикалық үдерістерді зерттеуге қолданылуына қатысты аталады. Экономикадағы математиканың теориясы туралы айтқанда алдымен Ресейдің атақты математигі академик Леонид Витальевич Канторовичтің (1917-1986) есімі ауызға бірінші ілінеді. Шынында, оның ашқан сызықты бағдарламалау деп аталатын математиканың тарауы (1939) бүкіл экономика ғылымының бет-пердесін өзгертті. Әрине, өзі ашқан жаңа бағытты мойындату үшін Л.В.Канторовичке ұзақ уақыт күресуге тура келді. Оны түсінбеушілік Кеңес экономистері арасында көбірек болды. Бірақ дүние жүзінде сызықты программалау әдістері мен идеялары кең көлемде тарап, экономика ғылымы аясынын да шығып, көптеген пән аралық терең зерттеулерге ұйтқы болды. Сызықты бағдарламалау элементтері өткен ХХ ғасырдың 60 - шы жылдарынан бастап Қазақстанның жоғарғы мектептерінде, жекелеген түсініктері орта және арнайы орта оқу орындарында да өткізіле бастады.
Математикалық-экономиканың әдісі - бұл экономиканы күрделі серпімді жүйе ретінде қарастыратын әдіс - жүйелік талдау. Басқаша айтқанда алдыңғы кіріспеде қарастырылған талдау түсінігінің қажеттілігіне келеміз. Жүйе - өзара байланыстағы белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын элементтер бірлестігі. Олар экономикадан тыс болуы немесе ішкі жүйелер болуы мүмкін. Экономикада кездесетін есептерде, әсіресе өндірісті жоспарлауға байланысты есептерде, ең тиімді нұсқаны іздейтін экстремалды есептер қарастырылады. Мұндай есептерде параметрлер саны көп болуы нәтижесінде есептеулер жүргізу қиындыққа түседі. Сондықтан да әртүрлі математикалық әдістер ізделіп, есептеу машинасын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады.
Экономиканы математикалық модельдеудің үш негізгі кезеңдерін атап өтуге болады:
1. зерттеулердің мақсаты анықталып, есептердің қойылымы анықталады және де нысанды сапа жағынан экономикалық модель ретінде сипаттау жүргізіледі.
2. зерттелетін нысанның математикалық моделі қалыптасады, алғашқы ақпараттар дайындалады.
3. математикалық модельге талдау жүргізіледі, алынған нәтижелер өңделіп талданады.
ЭЕМ қолдау көптеген жоспарлардың нұсқаларын салыстырып, басқаруға қатысты шешімдер таңдауға мүмкіндік береді.
1.2 Әдістің сипаттамасы
ҚОРЛАРДЫ ТОЛТЫРУ ТЕОРИЯСЫ

Қорларды басқару теориясында динамикалық бағдарламалау моделі қолданылады.
Динамикалық бағдарламалу (ДБ)-бұл əдіс экономика саласындағы көп нұсқалы, комбинаторлы сипат алатын тапсырмаларды шешу барысында, яғни шешімдердің көп мөлшерін зерттеу жəне бағалау қажеттігі туған кезде қолданылады. Динамикалық бағдарламалау негізінде Беллманның тиімділік принципі жатыр, ол былайша сипатталады: Егер белгілі бір кезең ішінде алдындағы шешімдер қандай болғанына қарамастан, енді қабылдау керек шешімдер алғашқы шешімдерге қрағанда тиімді саясатты құрса, кез келген саясат тиімді болып табылады.
Мұндай операциялар көпқадамды деп аталады. ДБ - дың дамуы ХХ ғасырдың 50 - жылдарында басталды. Ол Р. Беллмананың атымен байланысты.
Егер де сызықтық бағдарламалау моделін экономикада қиын жағдай да үлкен масштабтағы жоспарларды қабылдау үшін қолданылса, онда ДБ моделі кіші маштаптағы тапсырмаларды шешу кезінде қолданылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару,
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау,
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау,
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау,
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау,
6. Дйындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
Қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
шикізат;
негізгі материалдар;
көмекші материалдар;
жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатрына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

1.3 Әдісті экономикалық-математикалық модельдеуге қолдануды негіздеу

Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде қорлардың қозғалысы мен бақылауының жүйелері арасында АВС жүйесі ең кең қолдануын алды.
АВС талдауы ең маңызды жағдайларға - жалпы рентабельділік, икемді бағаларға және жабдықтаулардың дефицитіне немесе артықшылықтарына негізгі көңіл аударады. АВС тәсілі тауарлық-материалдық қорлармен бақылау деңгейімен байланысты потенциалды пайдалануына сәйкес А, В, С топтарынан біріне тауарлық-материалдық қорлардың класификациясы талаптанады.
АВС тауарлық-материалдық қорлармен басқару әдісі-қордағы қымбат элементтермен басқаруға арзандарға қарағанда көбірек көңіл бөлінеді. Сонда бірінші орынға өндірісте аз орын алатын моральды ескіру мерзімі аз болатын қымбаттырақ матриалдар шығарылады.
Бұл ереже Парето қағидасының негізіне жатады. АВС-талдау рационализацияның бір түрі болып табылады, ол өнеркәсіп іскерлігінің барлық фунционалды қолданыла алады. АВС-талдау мүмкіндік береді:
- іскерліктің ең маңызды бағыттарын көрсету;
- іскерлік белсенділікті жоғарлатылған экономикалық маңыздылық сферасына бағыттау және бір мезгілде артық жұмыс түрлері мен функцияларын жою саланын басқа сфераларында шығындарды төмендету;
- ұйымдастыру және басқару шешімдерінің нәтижелігін жоғарлату.
АВС-әдісіне сәйкес шикізат пен материал қоры олардың меншікті бағасына байланысты бөлек түрлердің маңыздылық дәрежесі бойынша үш категорияға бөлінеді.
А классының материалдары - бұлар көп санды емес, бірақ өте маңызды матриалдар, оларға қорға салынған ақшалай қаражаттың көп бөлігі (шамамен 75%) келеді. Бұл ресурстар үшін тапсырыстың тиімді шамасын есептеу міндетті болады.
В классының матриалдары екінші дәрежеге жатады және А классының матриалдарына қарағанда аз назарды қажет етеді. В классты материалдарды сатып алуға шамамен 20% ақша қаражаты жұмсалады.
С классының материалдары қолданылатын материалдар номеклатурасында үлкен орынды алады, бірақ олар қымбат емес, оларға қорға салынған ақшалай қаражаттың 5% келеді. С категориясына көп мөлшерде сатып алынатын тауарлық-материалдық қорлардың қымбат емес түрлерінің кең асортименті енеді.
АВС-талдауын өткізу үшін керек:
1) әр материал аталуының бағасы анықтау (сатып алынатын матриалдар үшін жеткізуші бағасы қабылданады);
2) артықшылық төменду шамасы бойынша матриалдарды орналастыру;
3) саны мен артықшылығы бойынша мәліметтерді қосу жән оларды сызбаға салу;
4) жалпы артықшылықта материалдардың меншікті салмағына байланысты оларды топқа бөлу.
Тауарлық-материалдық қорлардың керек-жарағылары туралы маркировкамен сәйкес жазба қажеттілігінде рәсімделеді.
Бақылаудың оны немесе басқа категорияның номенклатуралық позициялық қорымен иемденуіне әсерін тигізу мүмкін негізгі факторлардың арасында келесілерді көрсетеді:
- құндылық көрсетуінде номенклатуралық позицияны пайдаланудың жылдық көлемі;
- номенклатурлық позиция бірлігінің бағасы;
- номенклатуралық позицияның дефициті;
- номенклатуралық позицияның өндірісі үшін ресурстардың өткізуі;
- номенклатуралық позиция үшін циклдың ұзақтығы;
Номенклатуралық позицияның сақталу талаптары:
- ұрлықтың тәуекелділігі;
- сақтау мерзімі;
- уақыттың қажет жағдайында қоймада номенклатуралық позицияның жоқтығы әсерінен шығыстары;
- басқалары.
Әрбір сыныптарынан белгілі сыныптың әрбір номенклатуралық позицияның дәрежеге беруден кейін қорлардың бақылауының өз дәрежелері қолданылады.
А сыныптың номенклатуралық позициясы үшін келесі дәрежелер ұсынылады:
- болжамның және болжамдау тәсілінің сирек бағасы. Әрбір құрылған болжам кейбір қатеге апарады. Номенклатуралық позициясы дефициті және қымбатты болса, онда осы қателер қымбатты болады. Берілген дәреже номенклатуралық позицияларда қажеттілік болжамдардың құру тәсілдеріне дұрыс қатынасын білдіреді;
- қатты жіберулермен қорлардың сирек, циклдық есептеуі. Жүргізілген есептің мәліметтерінен ақпаратттық жүйеде белгіленген қорлар туралы мәліметтердің мәнді өзгеруі мүмкін емес. Белгіленген қатты жіберуін жоғарылайтын әрбір өзгеруі оның себептерін анықтау затына табу мүмкін. Осымен жылына бір рет немесе жарты жылына бір рет дәстүрлі толық инвентаризацияны өткізуге ойына ие белгілеу қажет;
- мәліметтер қорында мәліметтердің күн сайын жаңартуы. Яғни осындай номенклатуралық позициялар үшін қорлар туралы мәліметтердің үзіліссіз жаңартуымен жүйенің пайдалануы қажет;
- әдетте тапсырыстардың қатысты үлкен емес мөлшерінің нәтижелеріне ие сақтандыру қорлардың, партия мөлшерлерінің, сұраныстың қарастыруы. Номенклатуралық позицияларда реалды қажеттіліктердің айқындауы жоспарлаудың барлық параметрлердің тернуі қажет. Партияның үлкен емес көлемдеріне ұмтылуы қорларда бұйымдардың сақтауымен байланысты тікелей және жабылған шығыстардың төмендеу мүмкіндігімен оқуы мүмкін;
- цикл ұзақтығының жақсы қысқартуы және тергеуі. Циклдың ұзақтығы қысқа болса, онда айналым құралдар да қажеттілігі төмен болады. Қажеттіліктің негізгі үлесін А сыныптың (аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің, шикізаттың қорларында айналым құралдардың бөлігінде) номенклатуралық позицияның қорлары қалыптасады;
В сыныптың номенклатуралық позициялары үшін А сыныптың номенклатуралық позициясы үшін де өлшемдері қолданылады.
С сыныптың номенклатуралық позициясы үшін келесі дәрежелері келтірілген:
- негізгі дәреже: бұйымдар қатысуында болуы мүмкін. Айналым құралдарда қажеттіліктердің және сақталу шығыстардың мәнді өсуін өзімен тартылмайды, кәсіпорынның қарапайым қажеттіліктердің көлемін жоғарылататын қорлардың сақталуы, арзан номенклатуралық позицияның кемшілігінен өндіріс жоспарының немесе өткізу жоспарының орындалуы қиын болады;
- үлкен сақтандыру қоры және партияның үлкен мөлшері. Үлкен партиялар өзімен С сыныптың номенклатуралық позиция қорлардың сақталуымен байланысты мәнді шығындарын тартады;
- өндірістік үдерісінде осы номенклатуралық позицияны пайдаланылатын адам үшін енгізілген территорияларда сақталуы. Бұл өндіріске қорлардың жіберу процедурасын қарапайымдандырады және өзімен белгілі шығындарды тартылатын артық бюрократиялық қағаздың жұмысын жояды.
- Үлкен жіберулермен қорлардың сирек есептеуі.
Инфляцияның экономика жағдайларда тауарлы-материалдық қорларға бағалардың номиналды деңгейінің өзгеруімен байланысты осы активтердің өткізілуі немесе өндірістік тұтыну жағдайына сәйкес түзетулерді талаптанады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен функциялары және ролі
Кәсіпорындa aудитті жүргізуді тaлдaу
Инвестиция, инвестициялық қызмет және инвестициялық жоба түсінігі
Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп саясаты
Тауарлы - материалдық қорлардың есебінің аудиті
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
Бизнес этикасындағы негізгі тұжрымдамалар
Ұйым экономикасы
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау
Банк актив операцияларын басқару
Пәндер