М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Мемлекетіміздің педагогикалық оқу орынарында педагогикалық практиканы өткізу бойынша көптеген қызықты тәжірибелер жинақталған.
Білім қандай қалып алса да, онда ең басты тұлға ұстаз болып табылады.
Педагогикалық шеберлік - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз . . . жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын . . . алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі . . . , меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ . . . , жұрттың бәріне . . . жақсылық пен ізеттілік көрсетіп . . . қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
Еліміздің болашағы бүгінгі жоғары оқу орны қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар мамандарымыздың ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, педагогтардың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты.
Педагогикалық шеберлік - тек қана оқытушының жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді білім алушылар жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Педагогикалық зерттеу жұмыстарын жобалау кезеңдері мен жүргізу технологиясы: ғылымда және практикада зерттеліп отырған мәселенің жағдайымен танысып, оның нәтижесін қорытып және практикаға ендіру. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады.
Жоғары мектеп педагогикасы- кәсіби-мамандарды тәрбиелеу мен білімдендіру туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының пәні - жоғары оқу орнындағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет. Жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстардың нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік жағдайында ене алатын, ақпараттық және жаңа технологиялармен жетілген болуын қамтамасыз ету.
Жоғарғы мектеп- білім берудің және іс-әрекет жүйелерінің қайта жаңғыруымен дамуын қамтамассыз етеді. Бұл қызмет адамдардың бірін-бірі үзіліссіз алмастырып отыратын ұрпақтарымен, әлеуметтік қатынастардың жаңа материалдарында және өзгеріп отыратын тарихи жағдайлардағы мәдени нормаларды іске асыру арқылы орындалады. Білім беру қызметі ретінде адамдар қарым-қатынастарының барлық жүйесіне таралған, бірақ ұйымдасқан үрдіс ретінде білім беру арнайы әлеуметтік институттары мен іске асырылады.
Білім берудің басты мақсаты - адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық және технологиялық даму, қоғамның жақсы жағдайы мен азаматтарының жақсы өмірі оның белсенді халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропоционал болады.
Жоғары білікті адамдардың жақсы еңбек ақы алуына, бақталастыққа қабілеттілікті жоғарылатуға көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан айрылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны жаңартуға қабілетті болып келеді.
Адам қорлары дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл білім берудің үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби-ұйғарымдық бағыты кіреді.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ - кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты.
Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеруі болып табылады.
- М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТарМУ - өзіндік тарихымен, бай дәстүрімен, озық материалдық-техникалық базасымен, білікті профессорлық-оқытушылық құрамымен және үздік студенттерімен белгілі университет.
Мемлекеттік өркендеуінің кепілі білімділік, жастардың талантына деген сенімділік. Жастарды оқыту, жас ұрпаққа өз мемлекеттін табысты және сенімді басқару үшін барлық мүмкіндік жасау Республиканың аяғынан тік тұруы мен болашағына елімізге, ел азаматтарына кезінде қызмет ете бастайтын, ел беделін көтеретіндей икемді жаңа оқыту жүйесінің баспалдағына жасауға қосылған үлес болып табылады. Сол кезде кез келген маман өз білімін пайдалануға мүмкіндік ала алады. Қазақстанның экономикалық жақтан өсуі аймақтық әлеуметтік экономикалық, табиғи және территориялық ерекше жағдайына сай мамандар дайындау мәселесін шешіп отырған М. Х. Дулати атындағы ТарМУ сияқты ірі оқу ғылымы орталықтарсыз қамтамасыз ету мүмкін емес.
1. 1 Университеттің қысқаша тарихы
1996 жылы мамырда облыс орталығында жаңа жоғары оқу орны - Жамбыл Университеті өмірге келді. Университеттің ректоры болып ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, техника ғылымдарының докторы Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев тағайындалды.
Осы жылы қарашада университетке тарихшы, ойшыл, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати есімі берілді.
М. Х. Дулати Атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті 1998 жылы 24 наурызда жоғарыда аталған үш жоғары оқу орны: Жамбыл университеті, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты негізінде құрылды.
Жаңа жоғары оқу орнын 2001 жылға дейін Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев басқарды. Бұл кез университеттің рухани даму кезеңі болды. М. Х. Дулати оқулары жыл сайын өткізіліп, оған алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты. М. Х. Дулати мұралары зерттеліп, Үнді еліндегі баба басына тағзым жасалды. М. Х. Дулати оқулары жыл сайын өткізіліп, оған алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты. Жат жерде қалған баба қабірінің басынан топырақ әкелініп, университет алдындағы Дулати ескерткіші түбіне қойылды.
Университет мұражайы ашылып ол бүгінгі заман талабына сай жабдықталды. 1500 данаға жуық экспонаттар қойылды. Мұражай университет қонақтарының көз тоқтата қарайтын рухани орталығына айналды. Осының барлығы университет студенттерінің рухани дүниетанымына ерекше әсер етті. Оқу, ғылым үдерісінде де жаңа жетістіктерге қол жеткізілді.
2001 жылдан бастап М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-ды заң ғылымдарының докторы, профессор Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов басқарды.
Университет алыс-жақын шетелдердің білім, ғылым ордаларымен байланысын нығайтты. Еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып оқу үдерісіне оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.
Заман талабына сай университетте жаңа құрылымдар өмірге келді. Университеттің 8 факультетінде 57 мамандық бойынша мамандар дайындалды. Жалпы университет жаңаша бетбұрыс алды.
2008-2012 жылдар аралығында М. Х. Дулати Атындағы Тарму-Ды Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов басқарды.
Бұл жылдар университеттің жаңаша даму кезеңі болды. Университетте 530 оқытушы, оның ішінде, 28 ғылым докторы, профессорлар мен 206 ғылым кандидаты мен доценттер қызмет етті. Университетте бакалавриат, магистратура, аспирантура және PhD докторантура көп сатылы білім беру жүйесі енгізілген. Оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік басқармасы, тіркеуші кеңсесі, жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, қашықтан оқыту орталығы, ғылыми-зерттеу бөлімі, ғылыми кітапхана, баспа, спорт клубы және өзге де университет бөлімшелері қызмет көрсете бастады.
Республика жоғары оқу орындарының арасында 2003 жылдан бастап алғашқылардың бірі болып университет оқытудың кредиттік технологиясына көшті. Отандық білім беру жүйесі үшін жаңалық болып есептелетін бұл жүйемен оқытуда университеттің профессор-оқытушылар құрамы жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйғарымымен университет республика жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясын ендіру бойынша Консалтингтік орталыққа айналды.
2005 жылдан бері ТарМУ Жамбыл облысы сапа бойынша халықаралық стандарттар дәрежесіндегі сертификатты иеленген бірегей оқу орны. ТарМУ-дың барлық қызмет түрлеріне ИСО 9001 сериялы халықаралық стандарттар талабына сай сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) ендірілді.
Жарты ғасыр бойы еліміздің түрлі салаларына мамандар дайындап келе жатқан М. Х. Дулати атындағы ТарМУ тарихы - дәстүрге, тамаша адамдарға бай Жамбыл облысындағы ең іргелі оқу орнына айналды.
2012 жылдан бастап М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін п. ғ. д., профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков басқарды.
М. Н. Сарыбеков 2012 жылдың қараша айынан бастап М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректорының міндетін атқарушы, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.
ТарМУ-дағы білім. М. Х. ДУЛАТИ атындағы ТАРМУ 60 мамандық бойынша бакалавриат, 39 мамандық бойынша магистратура және 3 мамандық бойынша PһD-доктарантура мамандарын дайындайды.
ЖОО-да 10 факультет бар: «Экономика және бизнес» факультеті, «Заң» факультеті, «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті, «Мұнай-газ және механика» факультеті, Технологиялық факультеті, «Ақпараттық технология, автоматика және телекоммуникация» факультеті, «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті, Жалпыинженерлік факультет (Қаратау қ. ), ЖОО-нан кейінгі білім беру факультеті, Сырттай оқыту факультеті. Бұл факультеттер құрылымына әскери кафедраны қосқанда 45 кафедра бар.
Университеттің басты ерекшеліктерінің бірі профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық деңгейінің жоғарылығында. Бүгінде ТарМУ-да 610 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, 40 ғылым докторы, профессорлар, 257 ғылым кандидаты, 262 магистр, 19 PhD докторы бар.
2004 жылы ТарМУ кредиттік оқу технологиясына (КОТ) 6 экономикалық мамандық бойынша эксперимент ретінде көшті. Бүгінгі таңда университеттің күндізгі және сырттай оқу формаларының барлық мамандық студенттері КОТ-мен білім алуда.
Университетте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде маман дайындау үшін жаңа білім беру бағдарламаларын жобалау әдістемесі жасалған, онда әлемдік білім беру қоғамдастығының интеграциялық үдерістерінің принциптерін жүзеге асыру механизмдері енгізілген.
Оқу үрдісіне компьютерлік техника базасында қазіргі телекоммуникациялық және ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жаңа оқыту технологияларын енгізу мақсатында 2006 жылы университетте Қашықтан білім беру орталығы ашылды (ҚББО) .
2008 жылы қашықтан оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, «Tamos WebProfessor» жүйесіне енетін, «Tamos University Suite» білім беруді басқарудың автоматтандырылған жүйесі дайындалып, ендірілді. 2009 жылы бірінші курстың контингент саны 292 студентті құрайтын 8 мамандық қашықтан оқыту технологиясына (ҚОТ) көшірілсе, 2010 жылы 63 мамандықтың 29 мамандығы көшірілді.
Университет 2012-2013жж. ұлттық рейтинг бойынша да жақсы нәтижелерге жетті. 2012 жылы университет еліміздің 19 көпбейінді ЖОО-ның ішінде 10-шы орынды, 2013 жылы 18 көпбейінді ЖОО ішінде 11-ші орынды иеленді. Университеттің бірқатар мамандықтарына да жоғары рейтинг тән. ҚР ЖОО-ның арасында 2011ж. университеттің «Машина жасау» және «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандықтары 3-ші орынды иеленсе, «Ақпараттық жүйелер» және «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандықтары 2-ші орынды иеленді.
Университеттегі мамандар дайындау сапасы халықаралық дәрежеде де дәлелденген. 2013 ж. «Webometrics Ranking of World Universities» зерттеу тобының халықаралық рейтингісіне сәйкес (www. webometrics. com), М. Х. Дулати атындағы ТарМУ отандық 111 ЖОО-ның арасында 35-орында, ал аймақтық ЖОО-ның ішінде 8-орында тұр.
Соңғы 5 жылда университет аймақ пен республикаға қажетті 13000-нан астам маман дайындады. Бітірушілердің сапасы мен қажеттілігі олардың барлығының жұмыспен толық қамтылуынан көрінеді. Осылайша, 2008-2012 жылдар аралығында бітірушілердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 86%-дан жоғары болды.
ТарМУ-дағы ғылым. Бүгінгі таңда М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРМУ-дың ғылыми-зерттеу жұмысы Біріккен 2011-2015 жылдардағы ҒЗЖ жоспарына сәйкес 66 ізденуші-бастамалық тақырыпты қамтитын, экономикалық, экологиялық, техника-технологиялық, құқықтық және Жамбыл облысы мен республикамыздың басқа өзекті мәселелері ауқымындағы 14 ғылыми бағдарламаны жүзеге асыруда. Олардың 4 - іргелі, 52 - қолданбалы және 10 - тәжірибелі-конструкторлық зерттемелер. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы 10 факультетте, 45 кафедрада, 3 ҒЗИ-да, 6 ғылыми орталықта, 1 инженерлік бейінді ғылыми зертханада жүргізілуде.
Университеттің ғылыми-зерттеулері мен тәжірибелік-құрастыру міндеттері 3 ҒЗИ, 3 ғылыми-зерттеу орталықтарында, 3 ғылыми-өндірістік орталықтарда және заманауи құралдармен жабдықталған және қажетті шығын материалдарымен қамтылған инженерлік бейіндегі «Зерттеудің наноинженерлік әдістері» лабораторясында орындалады. Лаборатория Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-да инженерлік бейін бойынша 2007 жылы ашылған 15 лабораториялардың бірі болып табылады.
«Зерттеудің наноинженерлік әдістері» лабораториясы Жапония, Ұлыбритания, Дания, Франция, Ресей секілді алдыңғы қатарлы шетелдік фирмалардың сирек құралдары мен механизмдерімен жабдықталған, олардың негізінде ғылыми зерттеулер жүргізіледі және бірқатар техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша магистранттар дайындалады.
«Гидравлика» оқу-ғылыми зертханасы қазіргі гидротехниканың өзекті мәселелеріне тәжірибелік және есептік-теориялық зерттеулер жүргізуге арналған. Зертхана ауданы - 520 м2құрайды. Зертхана гидрологиялық және арналық үдерістерді зерттеуге арналған қондырғылар; дренажды-фильтрлік стендімен; сорап қалдықтары үдерісінің негізін зерттеуге арналған стендтермен; тұнбалар көлемін өлшеуге арналған құралдармен; ашық ағынды су көлемін өлшеудің сандық құралы; S6-МRll құралымен турбулентті ағыс динамикасы мен салмалы су ағытқыш құралымен су ағытқыш гидравликасын оқу-ғылыми зерттеуі қамтамасыз етілген.
ТарМУ-да ғылыми зерттеу жұмыстарын тиімді басқару үшін ғылым және жаңа технологиялар департаменті қызмет етуде. Оның құрамына: құрылыс материалдарының ҒЗЖИ; азық-түлік өндірісінің ҒЗИ; геоэкология және мелиорация ҒЗИ; «Сенімділік» ҒЗО; аймақтық экономиканың ҒЗО; «Дулатитану» ҒЗО; «Тұлпар»ҒӨО; «Алгорифм»ҒӨО; «Креатив» ҒӨО кіреді. Аталмыш инновациялық құрылым жұмысына жетекші ғалымдар және іргелі және қолданбалы зерттеулер мәселесін шешуге қабілетті мамандар жұмылдырылды.
Университетте ғылыми зерттеу шеңберінде халықаралық қауымдастық мәселесіне аса көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда университет 46 ЖОО-мен және АҚШ-тың, Италияның, Германияның, Кореяның, Қытайдың, Үндістанның және т. б. ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ұзақ мерзімді екітараптық келісім бойынша ресми келісімшарт жасаған.
ТарМУ-дағы халықаралық серіктестік. М. Х. ДУЛАТИ атындағы ТАРМУ стратегияға сәйкес университет интеграция формаларын әлемдік білім беру кеңістігінде дамыта отырып, көптеген шетелдік университеттермен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Соңғы жылдары серіктес университеттер санын көбейту, гранттық ұйымдардың білім беру жобаларын бірлесе жүргізу, ЖОО беделді ассоциацияларға кіру, шетелдік оқытушыларды шақыру, халықаралық конкурстар, көрмелер, конференциялар мен алмасу бағдарламалары есебінен университеттің халықаралық ынтымақтастық аумағы едәуір кеңейе түсті.
Университет халықаралық алмасулар мен тағылымдамаларды сыртқы академиялық ұтқырлық туралы келісімшарттар мен біріккен ғылыми зерттеулерге сәйкес жүзеге асырады. Қазіргі кезде универстет Германия, Түркия, Польша, Испания, Франция т. б. елдердің ЖОО-дарымен өзара ынтымақтастық туралы 51 Меморандум жасады, олардың 32-сі ҚР БҒМ-де тіркелген. Академиялық ұтқырлық аясында білім алушылар шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдарға, мәселен, Вайенштефен-Триесдорф қолданбалы ғылымдар университетіне, Деула-Ниенбург аграрлық-техникалық академиясына (Германия), Катовицадағы В. Корфантого ат. Верхнеселизен экономикалық университетіне, Люблин техникалық университетіне (Польша), Баликесир Университетіне (Түркия), Құрылыс технологиялары ҒЗИ-на (Испания), Лотарингия университетіне (Франция), Стокгольм университетіне, Линкопин университетіне, Евро-Азиалық құқық және бизнес консалтингі (Швеция), Александр Стулгинкис университетіне (Литва), Шихези университетіне (Қытай) жіберіледі.
Білім беру бағдарламаларын бірге жүзеге асыру мен өңдеу ынтымастықтың бір міндеті болып табылады. ҚР Германия Федеративті Республикасының елшілігінің Неміс Академиялық Алмасу Қызметі (НААҚ), Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі жанындағы Білім беру бойынша Британдық кеңес (British Council), Ынтымақтастық пен алмасу бойынша халықаралық кеңес (IREX, АҚШ Мемлекеттік департамент), Білім беру мен тілдерді үйрену шеңберінде ынтымақтастық бойынша америкалық кеңес (ACCELS), ЫҚКЕ Академиясы, ТЕМПУС бюросы, ЭРАСМУС МУНДУС бюросы, «Білім - Орталық Азия» білім беру орталығы, Орталық-еуропалық университет (СЕU, Венгрия), Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігі, Орталық-Азиялық ынталандыру шәкіртақы қоры, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ секілді қорлар мен ұйымдар университетке үнемі АҚШ, Германия, Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы ғылыми-білім беру орталықтарында студенттік алмасу бағдарламалары, ғылыми өтілдер, кәсіби біліктілігін арттыру туралы ақпараттарды жеткізіп отырады.
Академиялық ұтқырлық аясында DAAD бағдарламасы бойынша университеттің 10 студенті Хайльбронн университеті (Хайльбронн), Бест-Сабель (Берлин) университеті, Қолданбалы ғылымдар университеті (Мюнхен) базасында Германияда оқу-танысу іс-тәжірибесінен өтті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Вильнюс университетінде 4 курс «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 студенті, 2 курс «Есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету» мамандығының 1 студенті оқыды. 3 курс «Есеп және аудит» мамандығының студенті АҚШ мемлекеттік департаменті қаржылайтын Global Undergaduate Exchange Бағдарламасының грантын ұтып алды, 24 америкалық кредит алып, АҚШ-та 1 академиялық жыл бойында білім алды.
Лоррейн университетімен келісімшарт негізінде 2012 жылдың 1-16 желтоқсаны аралығында «Золь-гель әдісін пайдалану арқылы полимер-металл кешендері негізінде физика-химиялық қасиеттерді талдау мен зерттеу» тақырыбында зерттеулердің нәтижелерін презентациялау өтті. Университет «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша стипендия алудың мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады.
ТарМУ танымалдылығы . 2004 жылы кредиттік оқыту технологиясын енгізген ТарМУ, бүгінде осы технология бойынша көшбасшы. Университет базасында оқытудың кредиттік жүйесін енгізу бойынша Республикалық консалтингтік орталық жұмыс істейді.
2005 ж. университет аудиттен өтіп, «Русский регистр» СА сертификатын және IQNet ұйымының халықаралық үлгідегі сертификатын алды. Университеттегі СМЖ екі рет СМЖ нәтижелі жұмыс істеуіне сәйкестігі туралы «Русский регистр» СА инспекциялық аудитінен нәтижелі өтті. 2005 жылдан бері университет 3 ресертификаттық аудиттен өтіп, ЖОО басқару жүйесінің сәйкестігін бернеше рет сәйкестік сертификаттарымен дәлелдеді.
Болоньядағы (Италия) университеттердің Ұлы Хартиясының шешімімен 2006 жылдан ТарМУ Хартия Коллегиясының толық мүшесі болды.
Болон үдерісінің өлшемдерін жүзеге асыру үшін университет білім беруді 2020 жылға дейінгі стратегиясын жасады. Университет шетелдік ЖОО-мен өзара түсіністік туралы Меморандум жасаған, ол өз кезегінде, соңғы екі жылда бакалавриаттың 21 студентін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға және өндірістік іс-тәжірибеден өтіп келуге мүмкіндік берді. «Үйдегі интернационалдандыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, университет Франция, Швеция, Англия, Германия, Польшаның алдыңғы қатарлы университеттерінен 16 профессорды дәріс оқуға және бірлескен ғылыми жобалар жүргізуге шақырды.
2013 ж. ЖОО ҚР БҒМ кезекті мемлекеттік аттестациясынан өтті. Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу (БСҚА) агенттігінің 2013 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен М. Х. Дулати атындағы ТарМУ институционалдық аккредиттеуден өтті және 5 жыл мерзімге аккредиттелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz