Туризмдегі стандарттау және сертификаттау



КІРІСПЕ 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУЫ
1.1Халықаралық туризмнің дамуы туралы 5
1.2 Қазақстандағы халықаралық туризм 7
1.3 Қазақстан Республикасында туристтік қызметті мемлекеттік қадағалау 10
2 ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
2.1 Туризм саласындағы негізін қалаушы мемлекеттік
стандарттар 18
2.2 Туристтік қызмет көрсетуді сертификаттау 20
2.3 Сертификаттауды жүргізу тәртібі 25
2.4 Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау жүргізу 27
2.5 Сәйкестік сертификат күшінің тоқтатылуы және
жойылуы 28
3 ТУРИЗМ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ
3.1 Қазақстандағы туристтік қызметті лицензиялау 31
3.2 «Туроператорлық қызметке лицензиялар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты 36
3.3 «RIO TOUR» туристтік фирмасының қызмет көрсетуі 44
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста туризм саласындағы стандарттау, сертификаттау және лицензиялау жұмыстарының өту процесін және олардың қызмет сапасына әсертін зерттеу. Яғни, туристтерге бұл салада сапалы қызмет көрсетуіне қадағалау жасау.
Қазақстан үшін туризмнің дамуы мен сапалы қызмет көрсетуі қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар, туризм да кірген.
Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристтік Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.
Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Қазақстан Республикасында туризм қызметіне сертификаттау жүргізу бойынша жалпы жағдайы мен міндеттері, негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының сертификаттау жүргізу Ережелері бойынша жүргізіледі. Бұл құжаттар тек ұйымға, қызмет пен өнімді міндетті және ерікті сертификаттау жүргізу жұмыстарына ғана емес, сондай-ақ объектінің сапа жүйесі, жұмысы, үрдістері үшін де қолданыла береді.
Ғылым мен техниканың қазіргі кездегі даму кезеңінде, стандарттау өндірісте де жұмыстарда да, өмірдің барлық салаларын қамтиды. Соның ішінде туризм саласында да стандарттардың алатын рөлі мен орны ерекше. Себебі стандарт ол - құзырлы органдармен бекітілген стандарттау объектісіне немесе біртекті өнімдер топтарына және керекті кезде бір өнімге қойылатын нормативті-техникалық құжат.
Сондай-ақ, туристтік қызметті жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылатындықтан, лицензия да туризм үшін үлкен маңызды рөл атқарады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Қазақстан Республикасындағы лицензиялау туралы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Максименко С.В. Туризм в Казахстане. – Б., 2006
2. Алмакучуков О.М. Обзор ситуации в туристической отрасли Казахстана Б.: 2006
3. Пирожник И.И. Международный туризм в мировом хозяйстве: Учеб. пособие. Мн.: Белгосуниверситет, 1996. – 45 c.
4. Туризм Казахстана, информация, официальные документы, статистика, анализ, Государственное агентство по туризму и спорту при Правительстве РК, 2007
5. Статистический сборник. Туризм в Казахстане, Б.: Нацстатком РК, 2001
6. Гуляев В.Г. Правовое регулирование туристской деятельности. М.: Издательство ПРИОР, 1998. – 320 с.
7. Азар В.И. Экономика и организация туризма / В.И. Азар. М.: «Экономика», 1972.- 184 с.
8. Койчуманов Т. Отчет о функциональном анализе в Государственном комитете РК по туризму, спорту и молодежной политике, Б.: январь 2003 г.
9. Туризм: практика, проблемы, перспективы». № 11, 2011
10. Туризм: практика, проблемы, перспективы». № 1, 2010
11. Александрова А.Ю. Международный туризм: Учеб/ пособие для вузов. М.: Аспект Пресс, 2001. - 463 с.
12. Туризм: практика, проблемы, перспективы». № 2, 2010
13. Туризм: практика, проблемы, перспективы». № 11, 2010
14. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы
15. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері. Оқу құралы. Алматы 2008.- 262 б.
16. Баумгартен Л.В. Стандартизация и сертификация в туризме. Учебник. М., 2010. – 332 с.
17. Квартальнов В.А. Туризм: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 358 с.
18. Зорин И.В., Зорин А.И., Ирисова Т.А. Туризм и отраслевые системы. Учебник для вузов туристического профиля М. 2001. - 255 с.
19. Квартальнов В.А., Романов А.А. Международный туризм: политика развития. - М.: 2000 г. - 146 с.
20. Туристтік қызмет нарығындағы сертификаттау www.sertifikat.info/stat/31_08_srtu.htm
21. Аскаров А.С. Стандартизация, метрология и сертификация. Учебное пособие. –Алматы, 2005. – 222 б.
22. Метрология, стандарттау жəне сертификаттау негіздері : оқу құралы / Əл-Фараби атын. ҚазҰУ.-Алматы: Қазақ ун-ті,

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУЫ

1.1Халықаралық туризмнің дамуы туралы
5
1.2 Қазақстандағы халықаралық туризм
7
1.3 Қазақстан Республикасында туристтік қызметті мемлекеттік қадағалау
10
2 ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ

2.1 Туризм саласындағы негізін қалаушы мемлекеттік
стандарттар
18
2.2 Туристтік қызмет көрсетуді сертификаттау
20
2.3 Сертификаттауды жүргізу тәртібі
25
0.4 Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау жүргізу
27
2.5 Сәйкестік сертификат күшінің тоқтатылуы және
жойылуы
28
3 ТУРИЗМ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

3.1 Қазақстандағы туристтік қызметті лицензиялау
31
3.2 Туроператорлық қызметке лицензиялар беру
мемлекеттік қызмет стандарты
36
3.3 RIO TOUR туристтік фирмасының қызмет көрсетуі
44
ҚОРЫТЫНДЫ
50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
51



Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста туризм саласындағы стандарттау, сертификаттау және лицензиялау жұмыстарының өту процесін және олардың қызмет сапасына әсертін зерттеу. Яғни, туристтерге бұл салада сапалы қызмет көрсетуіне қадағалау жасау.
Қазақстан үшін туризмнің дамуы мен сапалы қызмет көрсетуі қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар, туризм да кірген.
Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристтік Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.
Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Қазақстан Республикасында туризм қызметіне сертификаттау жүргізу бойынша жалпы жағдайы мен міндеттері, негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының сертификаттау жүргізу Ережелері бойынша жүргізіледі. Бұл құжаттар тек ұйымға, қызмет пен өнімді міндетті және ерікті сертификаттау жүргізу жұмыстарына ғана емес, сондай-ақ объектінің сапа жүйесі, жұмысы, үрдістері үшін де қолданыла береді.
Ғылым мен техниканың қазіргі кездегі даму кезеңінде, стандарттау өндірісте де жұмыстарда да, өмірдің барлық салаларын қамтиды. Соның ішінде туризм саласында да стандарттардың алатын рөлі мен орны ерекше. Себебі стандарт ол - құзырлы органдармен бекітілген стандарттау объектісіне немесе біртекті өнімдер топтарына және керекті кезде бір өнімге қойылатын нормативті-техникалық құжат.
Сондай-ақ, туристтік қызметті жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылатындықтан, лицензия да туризм үшін үлкен маңызды рөл атқарады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Қазақстан Республикасындағы лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысының қызметі лицензияланады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында туризм жаңа сала болғандықтан, қазіргі күні оның Қазақстан және шетел азаматтарына дұрыс қызмет көрсетілуі, ол осы саламен айналысушы турагеттер мен турфирмалардың барлық стандарттар мен лицензиядан өтуі, күннен-күнге өзекті мәселе болып отыр. Сондай-ақ, туристтік қызметте бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін турфирмалардың, турагенттердің міндетті түрде лицензиядан өтуінің де маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: туризм басқа елдерде сияқты экономиканың қайнар көзіне айналдыру үшін қажетті іс-шараларды зерттеу, қызмет көрсететін барлық турфирмалар мен турагенттердің лицензиядан өтуі туралы және сертификатталуы туралы зерттеу жүргізу, туристтік қызмет көрсететін турфирмалардың барлық стандарттарға сай, сондай-ақ туристтерге дұрыс қызмет көрсетілуін қадағалау.
Зерттеудің міндеттері:
1) ҚР-да туристтік қызмет көрсету сапасының артуына ықпал ететін стандарттардың дұрыс және әр салаға байланысты дұрыс қолданылуы;
2) туристтік қызмет көрсетудегі турфирмалар мен турагенттер, туроператорлардың сертификаттау өтуі туралы сенімді ақпараттар ұсыну;
3) туристтік қызметтегі туроператорлардың лицензия алуы жолдары мен шарттары туралы зерттеу жұмысын жүргізу;
Зерттеу нысаны - туризмдегі стандарттау, сертификаттау және лицензиялау шаралары.
Жұмыстың практикалық мәнділігі. Жұмыс бойынша қарастырылған зерттеу нәтижелері тәжірибе жүзінде пайдалы қолданыс табуы әбден ықтимал.
Халықаралық туризмнің Қазақстан Республикасында дамуы

4.1 Халықаралық туризмнің дамуы туралы
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған.
Қазақстанның алғашқы туристтік ұйымдар XX ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристтік жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И.Белоглазов пен Ф.Л.Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде аяқталды.
Қазақстан өзінің кеңауқымды және алуан түрлі территориясымен, бай табиғатымен, тарихи мұрасымен, қызықты мәдениетімен және дәстүрімен туристтер үшін өте тартымды туристтік объект болып табылады. Қазақстанның туристтік потенциалы туризмнің барлық түрлерін (әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни және басқа туризмдер) жан-жақты дамуы үшін жақсы позицияға ие.
Қазақстан тәуелсіздік аларға дейін туризмді қалдық қағида бойынша қаржыланды және экономикалық маңыздылығы болмады. Алайда қазіргі кезде Қазақстанда туризмге үлкен мән беруде, оны экономиканың кіріс көзі ретінде және мемлекет тарапынан туризмді дамыту үшін барлық шаралар қолданылып келеді. Туризмнің зандық және құқықтық-нормативті базасы жаңарып келеді. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы туристтік қызмет туралы заңында 2008 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасында халықаралық және ішкі туризмді дамыту үшін Қазақстан Республикасында бес жыл көлемінде туризмді дамытуға арналған Мемлекеттік Бағдарлама жасалынды. Бағдарламада Қазақстанның туристтік имиджі мен туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту комплексін, туризмдегі статистиканы жетілдіру және тағы басқа шаралар өнделініп жатыр.
Туризм саласында Венгрия, Мысыр, ҚХР, Израиль, Турция, Болгария, Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, және де басқа мемлекеттермен 19 әріптестік туралы халықаралық келісімдер жасалды. Алда Украина, Малайзия, Катармен Келісімге қол қойылуы болжамдалып жатыр.
1993 жылдан бастап Қазақстан Расында да Бүкіләлемдік Туристтік Ұйым ((БТҰ)Всемирная Туристская Организация) мүшесіне кірді. Бұл саланың дамуына байланысты, 2000 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Испания астанасы Мадрид қаласында ресми түрде Бүкіләлемдік Туристтік Ұйымның штаб пәтеріне барып қайтты. БТҰ-ның Бас хатшысы Франческо Франжиаллиге Қазақстан Республикасының Президенті ЮНЕСКО және БТҰ Жібек жолы, Қазақстандағы туризмнің дамуындағы әріптестікте қызығушылық танытты [1].
Қазақстан шетелдегі туристтік имиджін күшейту және құрастыру мақсатында Бергин қаласында (ITB-шi Халықаралық туристтiк биржа), Лондон қаласында (World Travel Market-тың Бүкiләлемдiк туристтiк биржасы), Мәскеу қаласында (Туризм және саяхат Халықаралық көрмесі), Ташкент қаласында (Халықаралық Туристтiк жәрмеңке) сияқты әлемдік туристтік көрмелерге қатысып тұрады.
Орта және шағын кәсіпкерлікте, соның ішінде туризм саласындағы негізгі шешімдердің бірі болып ынталандыру болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 600-дан аса туристтік ұйымдар жұмыс жасайды.Сондай-ақ, туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлердің саны республика бойынша жылдан-жылға артып келеді (1-сурет).

1-сурет. Туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлердің саны

Жергілікті басқару органдарына ұзақмерзімді демалыс үйлерін, пансионаттар, балалар лагерін және басқа да объектілерді жалға берумен қатар туристтік қызмет негізінде шетелдік туристтерге қызмет көрсету мен қабылдау бойынша атқарылатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету тапсырылған [2].
Айта кететін жайт, шетелден келген туристтерді қабылдайтын туристтік ұйымдарға қосымша құн салығы салынбайды. Туристтік инфрақұрылымды дамыту үшін Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру және регенерацияға Дүниежүзілік Қайта құру мен Даму Банкімен 450 мың АҚШ доллар өлшемінде грант көмегiнiң бөлуi туралы келiссөз жүргiзіліп жатыр. Қазақстан бәсекеге түсе алатын және туризмның тиiмдi индустриясының жасауы үшiн барлық мүмкiндiктерiге ие. Оған дәлел: елдiң тиiмдi геосаясат жағдайы,саяси тұрақтылық, зороастриялық, буддалық, христиандық, мұсылмандық ғажайып ескерткiштер, қайталанбайтын тарихи сәулет-қала құрылыс кешендер мен жолдардың болуы, мұражай мен мәдени ойын-сауық көңiл көтеру мекемелердiң желiлерінiң бар болуы, сонымен бiрге Қазақстанның көп ұлттық мәдениетін көрсететін фольклор-этнографиялық, ұлттық және өз әрекетi ансамбльдер, туристтiк-рекреация аймақтары, табиғи жер бедерлердiң флора және фаунасы [3].
Қазақстанның туристтiк потенциалы кез келген туристтiң сұранысын қанағаттандыра алады, себебі қазақ халқының негiзгi туристтiк өнiмі қонақжайлылық және ақкөңіл болып келеді [2].

4.2 Қазақстандағы халықаралық туризм
Қазақстан Республикасының туристтік қызмет статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы 16,6 миллион туристке қызмет көрсетілсе, ал 2011 жылдың бірінші жартысында 45,9% құрады.Бұл алдыңғы 2010 жылмен салыстырғанда 9728,8 мың адамға жеткен. Туристтік салада көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 5,1% болып және 34,9% млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 жылдың бірінші жартысында 33,2 млрд. теңгені құраған болатын [4].

2-сурет. 2011 жылдың бірінші жартысындағы ҚР-дағы туризмнің дамуының негізгі көрсеткіштері
Есептеулер бойынша туристтер ағығының барлық бағыттары бойынша өсуі байқалады:
* келу туризмінің саяхаттаушы адамдар саны 44,1% артып және 2 747,4 мың адамды құрады (2010 жылдың бірінші жартысында 1 906,9 мың адам);
* шығу туризмінің саяхаттаушы адамдар саны 76,7% артып және 4 770,5 мың адамды құрады(2010 жылдың бірінші жартысында 699,4 мың адам);
* ішкі туризмді саяхаттаушы адамдар саны 7,2% артып және 2 211,9 мың адамды құрады (2010 жылдың бірінші жартысында 2 062,7 мың адам).
Расында, туристтердің басым бөлігі қазақ азаматтары болып, олар көбіне қалаларға жұмыс сапары бойынша және шетелге демалушылар (11,9 миллион адам) ретінде сапар шеккендер. Шетелден келген қонақтардың саны 4,7 миллион адамға жетті. Туристтер ағынының көбеюі барлық бағыттар бойынша анықталып келеді.
Алдыңғы жылды өткен жылмен салыстырғанда туристтердің саны визаны ұзартып мен рәсімдеп саяхаттаушылар, экскурсиялық және қосымша қызмет саяхаттаушылар, сондай-ақ ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілу саны да артып келеді. Жалпы көлемде келу, шығу және ішкі туризм бөлігі үшін көрсетілген қызмет саны әлдеқайда артты. Осы кезде ТМД елдеріне деген қызығушылық артып, онда саяхаттауды қалайтын туристтер саны көбейді. Туристтердің басым көпшілігі республикаға Германиядан (19213 адам), АҚШ-нан (2106 адам), Қытайдан (2190 адам), Ұлыбританиядан (1337 адам) келді (3-сурет).

3-сурет. Қазақстанға саяхаттаушы мемлекеттер

Шығу туризімінің тенденциясы артып келеді. Шығу туризімі барлық облыстың туристтік ұйым қызметіне тән. Қазақстан туристтері көбіне Турция (16952 адам немесе 25,6%), Қытай (16778 адам немесе 58,2%), Германия (9360 адам немесе 70 %), БАЭ (2991 адам немесе 4,9%) сияқты елдерде көбірек саяхаттайды (4- сурет).

4-сурет. Қазақстандық азаматтар саяхаттаушы мемлекеттер

Көптеген облыстарда ішкі туризм бойынша туристтер саны артта түсті. Бұл көрсеткіштердің төмендеуі Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында байқалды. Әсіресе ішкі туризм бойынша бірден төмендеу Алматы облысында байқалды.
Қазақстанда көбіне туристтер іс-сапарлар мен кәсіптік мақсатта саяхаттаған (барлық үлестен 56,9%). 3,2% мемлекетімізге достарымен және туысқандарымен көрісу үшін келеді екен. 2%-дан кемі емделу және сатып алу мақсатында жасалады. Осы жылы барлық саяхаттаушылардың санынан 36,6% Қазақстанда демалысын өткізуді таңдады.
Соңғы жылдары Қазақстан туристтік саланы дамыту жағынан белсенді жұмыс жасап келеді. Нәтижесінде туристтер ағыны 2004 жылы 11 миллионнан осы жылға дейін 17 миллионға дейін жетті [5].

4.3 Қазақстан Республикасында туристтік қызметті мемлекеттік қадағалау мен реттеу
Туристтік қызметті мемлекеттік қадағалау келесі жолмен жүзеге асады:
туристтік индустрия саласында қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативті-құқықтық актілерді құруды;
ішкі және әлемдік туристтік нарықта туристтік өнімді алға басу үшін жәрдем беру;
туристтердің қызығушылығы мен құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
туристтік өнімді сертификаттау, туристтік индустрияда стандарттау және лицензиялау;
туризмнің даму қызығушылығын ескере отырып ҚР территориясында тұру және ҚР келу және шығу ережелерін орнату;
туризмнің даму үшін федералды мақсатты бағдарламасын тарату және жетілдіру;
туристтік индустрия инвестициясы үшін қолайлы шарттарды құру;
кедендік және салықтық қадағалау;
ҚР территориясында туризммен айналысу үшін шетел азаматтарын қызықтыру және ҚР территориясында туристтік қызметпен айналысушы турагент пен туроператорлардың кеден және салық жеңілдіктің орнатылуы, жеңілдікті кредит ұсынуы;
туристтік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге жәрдем беру;
туристтік индустрия саласында ғылыми зерттеуді дамыту;
халықаралық туристтік бағдарламаларда Қазақстандық туристтердің, туроператорлардың, турагенттердің және олардың бірігіп қатысуына жәрдем беру;
картографиялық өнімдерді қамтамасыз ету;
ҚР бекітілген заңдарға сәйкес ретімен қолдану.
ҚР туристтік қызметтің координациясын туризм саласындағы атқарушы орган жүзеге асырады [6].
Туристтік қызметті қадағалаудың мемлекеттік принципі. ҚР-ның туристтік қызмет негіздері туралы заңыңда алғаш жазылғандай, мемлекет, туристтік қызметті ҚР басым экономика салаларының бірі ретінде қабылдап; туристтік қызметке оның дамуы үшін қолайлы шарттарды құруда көмекткседі; халықаралық туристтік бағдарламаларда Қазақстандық туристтердің, туроператорлардың, турагенттердің және олардың бірігіп қатысуына жәрдем береді [7].
ҚР-да туризмді қадағалау бойынша мемлекеттік органдар. Көптеген жылдар бойы біздің мемлекетімізде туризм саласын үйлестіріп және үш жыл бойы бұл саланың дамуына жауапты ведомстваның болмағаны үшін 1989 жылы СССР-дың Госкомтурист жойылды. 1992 жылы ҚР мәдениет және туризм министрлігі құрылып, бір жылдан соң ол Мәдениет министрлігі және туризм бойынша Комитет болып жеке екі ведомстваға бөлінді.
Кейінгі ҚР-ның үкімет аппаратын қайта құру жастар жөніндегі Комитет пен дене шынықтыру мен туризм бойынша біріккен ведомства құруға алып келді. Бірақ кейіннен дене шынықтыру және туризм комитеті 1994 жылдың 9 тамызынан бастап ҚР дене шынықтыру және туризм бойынша Мемлекеттік комитеті жұмыс жасай бастады.
Туризм, спорт және дене шынықтыру бойынша координациялық комитет қамтамасыз ету қажет:
туризм саласында мемлекеттік саясаттың негізін жетілдіру;
туризм саласындағы бағдарлама және құқықтық акт экспертизасы бойынша жұмыс координациясы;
ұлттық туризмнің жағдайын талдау және оның даму бойынша ұсыныстарды өндіру [8].
Туристтік қызметтегі нормативті-құқықтық база. Туристтік бизнестің ерекшелігі әртүрлі қызметтегі транспорт, тамақтану, орналастыру, консул қызметі және т.б. турөнімдерді толықтыру қорытындылайды. Бұл жерден туристтік қызметті қадағалайтын құқықтық және нормативті құжаттардың санын кездестіруге болады.
Туристтік қызметтің сертификаттау бойынша ҚР Мемстандартының нормативті акті, тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы туристтік қызмет заңдарын қолдану бойынша және т.б. нормативті актілер бар.
Туризмдегі нормативті-құқықтық базаның негізгі құжаттар тізімі төменде көрсетілген:
* ҚР-ның ҚР-ның туристтік қызмет негіздері туралы заңдар;
* ҚР-ның Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдар;
* Стандарттау туралы, Қызметті және өнімді сертификаттау туралы заңдар;
* Халықаралық туристтік қызметті лиценциялау туралы ҚР-ның Үкіметінің қаулысы;
* ҚР-дағы қонақ үй қызметі бойынша ережесі бойынша ҚР-ның Үкіметінің қаулысы;
* ҚР СТ сертификаттау жүйесі. Туристтік қызмет пен қонақ үй қызметін сертификаттау ережесі бойынша ҚР-ның Үкіметінің қаулысы [9].
ҚР-дағы туристтік бизнес жағдайы. ҚР - дағы туризм-дамушы сала, және де туристтік индустрияның мемлекет экономикасына ықпалы әлі де айтарлықтай үлкен емес. Туризмнің біздің елге аманатын мемлекет әр түрлі бағалайды. Кейбіреулердің ойынша, оның федералды бюджет бойынша табысы 10% құрайды дейді. Ал басқаларының ойы бойынша, Қазақстандық туристтік индустрия бойынша тек 90 мың адам ғана айналысады (көлік және сувенир өндірісіндегі жұмыс орнын ескермегенде). Ал үшіншілері, оның бюджетке қосар үлесі 1% аспайды, туризм саласында жұмыспен тек 10 мың адам ғана қамтамасыз етілген деп болжайды. Тіпті ең оптималды көзқарас бойынша талдасақ та Қазақстандық туризм әлемдік туризм көрсеткіштерінен әлдеқайда қалып келе жатқан айқын [10].
ҚР туристтік көрсеткіштердің халық ептілігі-әлемдегі ең төмен сатылардың бірінде. Көптеген турфирмалар өзінің отандастарын шетелге қызықтырумен айналысады, тек аздаған фирмалар шетелдік туристтерді отанымыз ҚР-на қызықтырумен айналысады. Көбіне туристтер Алматы, Түркістан және Көкшетауға баратын.
Қазіргі таңда туристтік қозғалыстың төмен екені келу және шығу туризмінде байқалады. Халықтың табысының аздығы және туристтік қызметтің қымбат бағалары, әсіресе мемлекет ішінде бұндай мән-жайға себеп бола алады.
Отандық туристтік қызметтің қалуына ең негізгі себептерді келесілер құрайды:
* мемлекеттегі экономиканың және саясаттың тұрақсыздығы;
* қызметтің төмен деңгейі;
* телекомуникация жабдықтарының жоқтығы;
* экологиялық мәселе.
Алайда біздің мемлекет шетелдік туристтерді қабылдау бойынша үлкен потенциалды мүмкіндіктерге ие. Мысалы: территорияның кеңдігі, мәдени және тарихи мұраға бай, әр аймақтағы жабайы табиғатты сақталынып қалуы [11].
ҚР-дағы туризмнің дамуының негізгі бағыттары. ҚР-да туристтік индустрия ұлттық экономиканың ең күшті секторы болуы керек. Туристтік индустрияның маңыздылығы тек басқарылып отырған мемлекеттік құрылым ҚР-да әлеуметтік және экономикалық даму осы туризм саласына байланысты екенін түсінген кезде ғана жүзеге асады. Соңғы жылдары біздің мемлекетімізде осы бағыт бойынша кейбір алға басушылық байқалып келеді. ҚР-ның туристтік қызмет негіздері туралы заңыңда алғаш рет Туризм - экономиканың басым саласы - деп жазылған болатын. 1995 жылы 22 желтоқсанындағы № 1284 Президент жарлығында Концепцияны қайта құру мен ҚР-да туризмді дамыту туралы жарлығын мақұлдады. Концепцияның негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті және жоғарғы әсерлі заманауи туристтік комплекс құру болып табылады.
Бір жағынан ол - туристтік қызметте Қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндік болса, ал екінші жағынан ол - жұмыс орындарының көбеюі, федералды бюджетке салықтың түсуі, шетел валютасының ағынының көбеюі, табиғи және мәдени мұрамыздың сақталынуы мен қолданылу мемлекетіміздің экономикасына айтарлықтай қор көрсетеді [12].
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі ұсыныстар көрсетілген:
1) қазақ экономикасының құрылымды бетбұрысының негізгі бағыттарының тізімі ішіне туризмді қосу;
2) ҚР-да туризмді дамыту мақсатты бағдарламасының орындалуы;
3) халықаралық тәжірибеге сәйкес туризмді дамытудың нормативті-құқықтық базасын құру;
4) осы саланы және ішкі туризм нарығын салық және кедендік жеңілдік арқылы инвестицияны өзіне тарта отырып, шетелдік және ішкі туризмніің даму механизмін ынталандыру;
5) туристтік қызметке қатаң сертификаттау мен лицензиялауды енгізу;
6) саланың материалды-техникалық базасын дамыту және туристтік қызмет көрсетудің жоғарғы технологиялық комплекстерді қалыптастыру мақсатында банктік құрылымын, транспортты, қонақ үй және сақтандыру компаниясы, туристтік кооперациясы үшін қолайлы жағдай құру.
Туристтік саланың даму перспективасы ҚР-да туризмді дамыту мақсатты бағдарламасында көрсетілген.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін келесі бағыттар көрсетілген:
1) қазақ экономикасының құрылымды бетбұрысының негізгі бағыттарының тізімі ішіне туризмді қосылды;
2) әлемдік және құқықтық тәжірибеге сәйкес туризмді дамытудың нормативті-құқықтық базаны құру;
3) осы саланы және ішкі туризм нарығын салық және кедендік жеңілдік арқылы инвестицияны өзіне тарта отырып, шетелдік және ішкі туризмнің даму механизмін ынталандыру;
4) туристтік қызметке қатаң сертификаттау мен лицензиялауды енгізу;
5) саланың материалды-техникалық базасын дамыту және туристтік қызмет көрсетудің жоғарғы технологиялық комплекстерді қалыптастыру мақсатында банктік құрылымын, транспортты, қонақ үй және сақтандыру компаниясы, туристтік кооперациясы үшін қолайлы жағдай құру [13].
Туристтік қызметтi мемлекеттiк реттеу.
Қазақстан Республикасында туристтік қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
* туристтік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
* туристтік қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;
* Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;
* Қазақстан Республикасының туристтерi мен туристтік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.
Туристтік қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi. Туристтік қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
* азаматтардың туристтік қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
* қоршаған ортаны қорғау;
* туристтерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;
* саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристтік индустрияны дамыту;
* туристтік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
* халықаралық туристтік байланыстарды дамыту болып табылады.
Туристтік қызметтi мемлекеттiк реттеудiң басым бағыттары:
* туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;
* туристтік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;
* балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристтік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;
* туристтік индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
* ішкі, келу, әлеуметтік және өз бетінше туризмді қолдау және дамыту;
* iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристтік қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
Туристтік қызметтi мемлекеттiк реттеу:
1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөнiндегi саясатты айқындау;
2) туристтік қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы және техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес туристтік қызметтi лицензиялау, туристтік қызмет саласындағы стандарттау;
4) бюджеттiк заңдарға сәйкес туризмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
5) туристтік қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) отандық туристтердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристтік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
7) iшкi және дүниежүзiлiк туристтік рыноктарда туристтік өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу;
8) елдiң туристтік ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті:
1) туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде туристтік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
3) туристтік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;
4) туристтік қызметті лицензиялау ережелерін және туристтік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
5) туристтік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекітеді;
6) уәкілетті органның ұсынуы бойынша туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
7) шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
8) туристтік қызмет көрсету ережелерін бекітеді;
9) туристтік ақпарат орталықтарын құрады;
10) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
11) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Уәкілетті органның құзыреті:
1) Қазақстан Республикасында туристтік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді;
2) туристтік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) туристтік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристтік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық бағдарламаларын іске асырады;
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес турагенттік және туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
6) туристтік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристтік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және халықаралық туристтік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристтік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
8) Қазақстан Республикасының туристтік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) облыс әкімдігінің туристтік қызметті лицензиялау ережелерін туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау бөлігінде сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) өз құзыреті шегінде туристтік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
11) туристтерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді;
12) туристтік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
13) туристтік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристтік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;
14) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристтік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;
15) Қазақстан мен оның туристтік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристтік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристтік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
16) туризм мен туристтік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендік талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристтік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
17) туристтік нарықты зерттеуге, туристтік қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
18) туристтік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;
19) жеке құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және бекітуге ұсынады;
20) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
21) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыреті. Облыстың әкімдігі:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристтік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) туризмді және туристтік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық бағдарламалары аясында туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;
3) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялауды жүзеге асырады;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында:
* туристтік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне;
* туристтік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
6) облыстық туристтік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристтік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
8) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристтер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
9) туристтік қызмет субъектілеріне туристтік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
10) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристтік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
11) туристтік ақпаратты, оның ішінде туристтік әлеует, туризм объектілері мен туристтік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
12) туристтік ақпарат орталығын құрады;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Туризм жөнiндегi кеңес
1. Туризм жөнiндегi кеңес консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан құрылады.
2. Туризм жөніндегі кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ туристтік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері кіреді.
3. Туризм жөнiндегi кеңес:
1) туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристтердiң шетелге шығуы үшiн жағдайлар жасау, республиканың туристтік имиджін қалыптастыру, туристтік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
2) туристтік қызмет көрсетудi тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзi бекiткен тәртiп бойынша туристтік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың рейтингін жүргізеді.
Туристтік ақпарат орталығы. Туристтік ақпарат орталығы Үкімет және облыстың әкімдігі құратын, Қазақстан мен оның туристтік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристтік өнімді халықаралық туристтік нарықта және мемлекет ішінде ұсыну үшін, сондай-ақ туристтік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады [14].
1 Туризм саласындағы стандарттау және сертификаттау

1.1 Туризм саласындағы негізгін қалаушы мемлекеттік стандарттар
Мемлекеттік стандарттар - бұл мемлекетаралық сұранысын белгілейтін стандарттау бойынша іс-әрекет. Мемлекттік стандартты өзіне сәйкес министрліктерде бекітіледі, оларды өз кезегінде базалық және басқа стандарттау бойынша ұжымдар мен мекемелер бекітеді.
Негізін қалаушы мемлкеттік стандарт - белгілі бір сала үшін жалпы және басқарушы ережелерден тұратын нормативті құжат. Әдетте бұл стандарт немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады, соның негізінде басқа стандартар жасалынуы мүмкін. Мысалы ретінде ҚР СТ 1.0-2003 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесін көрсете аламыз [15].
Барлық туристтік индустрия мемлекеттік стандарттарға сүйенеді:
ҚР СТ 1198-2004 Туристтік-экскурсиялық қызмет көрсету. Туристтік маршруттарға қойылатын талаптар;
ҚР СТ 1141-2002 Туристтік-экскурсиялық қызмет көрсету. Орналастыру жабдықтары. Сыныптау және жалпы техникалық талаптар;
ҚР СТ 1142-2002 Туристтік-экскурсиялық қызмет көрсету. Терминдер мен анықтамалар;
ҚР СТ 1195-2004 Туристтік-экскурсиялық қызмет көрсету. Туристтер мен экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар;
ҚР СТ 3.7-2002 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Туристтік-экскурсиялық қызметті сертификаттау реті мен туристтерді орналастыру орындарымен қамтамасыз ету қызметі;
ҚР СТ СТБ 1352-2008 Туристтік қызметтер. Негізгі ережелер;
ҚР СТ 3.7-2002 Туристтік-экскурсиялық және мейманханалық қызметтерді сертификаттаудың тәртібі;
ҚР СТ 3.5-96 Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер [16].
Туристтік ұйымның сертификаттың алу үшін қажетті туристтік-экскуранттық қызмет көрсетуге міндетті талаптары мазмұндалған. Әрбір стандарт бірдей құрылымға ие және әрқайсысын оқып білгеннен соң әрбір туристтік ұйымдарда қолданылатын және өте маңызды болатын кейбір жалпы жағдайын шығаруға болады:
+ туристтердің қауіпсіздігі;
+ клиенттерге берілетін ақпараттың сенімділігі;
+ туристтік фирмалар ұсынатын демалыс өлкелері экологиялық таза және денсаулыққа қауіпсіз болуы қажет;
+ туристтік ұйымдардың қызметкерлерінің жоғарғы кәсіби дайындығы.
Туристтердің қауіпсіздігі. Турды рәсімдейтін туристтік ұйымдар мемлекеттер мен өлкелерге жеке турлар немесе тур-пакетті сатып алған әрбір қатысушыға жауапкершілік жүктейді. Туристтік ұйымдар өз клиенттеріне сапар барысында түрлі қауіп-қатерлер төнуі туралы ескертіп және төтенше жағдай кезінде дұрыс шара қолдануы туралы ақпарат беріп, сондай-ақ оларды алдын ала психикалық және физикалық тұрғыдан дайын болу туралы ескертеді.
Транспорттық құралдар, өмір сүріп жатқан мекендер мен барлық туристтік жабдықтар нормативті құжаттар негізінде осы немесе өзге жабдықтарға қойылған қауіпсіздік шаралары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Барлық туристтік қызметкерлер кез келген төтенше жағдайға дайындығы бар және жедел жағдайларға ақпаратталған болуы тиіс.
Ақпараттың сенімділігі, бұл турагенттілік және операторлық фирма міндетті түрде клиентке тандау мүмкіндігі бар барлық қажетті ақпаратты,өзінің фирмасы туралы ақпаратты алдын ала ұсынуы керек (баға-сапа қатынасы); құжаттарды рәсімдеу кезінде мүмкін болатын мәселе бөгелістер туралы ескертуі керек; клиенттің келісім шартты бұзу туралы мәселелерін шешу үшін барлық контактілі ақпараттың шешу жолдарын қамтамасыз ету; саяхаттау кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер ескерту керек [17].
Туристтік фирмалармен демалыс үшін ұсынылатын аймақтар адам денсаулығы үшін экологиялық таза және қауіпсіз болуы керек, яғни туристтік фирма турды ұсыну алдында таңдалынған мемлекеттің экологиялық және саяси жағдайы клиенттің психикалық және экологиялық денсаулығына ешқандай қауіп төнбейтініне сенімді болуы керек. Егер де келісім шарт орнатылып, таңдалынған аймақта қандай да бір оқиға орын алса және ол клиенттің денсаулығына залалын тигізуі мүмкін болса, онда туристтік фирма клиентті бұл болып жатқан оқиға сапар кезінде қауіп төндіруі мүмкіндігі туралы ақпараттау қажет, сондай-ақ клиенттің қалауы бойынша келісім шартты бұзуға да болады.
Туристтік маршрут үшін трассаны (жолды) құрастыру кезінде табиғи шарттары ескеру керек, себебі ол клиент денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Трасса паспорты сантитарлы-эпидемиологиялық қызмет органдарымен, ұйымдармен, туристтік сапар кезінде өтетін трассаның жер-су басқару органымен, транспортты құралдардың орын ауыстыруын қадағалаушылармен (авто немесе сулы инспекция және т.б.) үйлесуі керек [18].
Туристтік ұйым қызметкерлерінің жоғарғы мамандандырылған дайындығы, бұл кез келген туристтік фирманың қызметкері туристтік қызмет көрсету саласында, клиент үшін қажетті барлық ақпаратты білуде, турға, компанияға және мүмкін қауіп-қатерлерге қатысты ақпараттарды беруде адал болуы, төтенше жағдай кезінде қандай амалдарды қолдануға болатыны туралы ақпаратты білуде жоғары квалификацияланған маман болуы міндетті.
Барлық стандарттар тур ұйымдарымен, клиенттермен жұмыс жасау үшін негізін қалаушы уақыт ретінде мүмкін және міндетті түрде қолданылуы тиіс.
Туристтік қызметті стандарттау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады [19].

1.2 Туристтік қызмет көрсетуді сертификаттау
Туристтік қызмет көрсету - бұл клиент пен қызмет орындаушы арасындағы қатынасқа клиенттің қанағаттануының нәтижесі.
Халықаралық қызмет көрсету айналымы өте тез дамуда, оның өнім айналымына қарағанда көлемі 2-3 есе артық өсуде. Әсіресе бұл байланыс қызметі, банк қызметі, туризм, қонақ үй қызметі, денсаулық сақтау және т.б. қызмет көрсету келесідей жіктеледі:
* саяси-экономикалық тұрғыда;
* функционалды салада;
* көрсетілетін қызметтің мінездемесіне байланысты;
* өнімнің өмірлік циклы бойынша;
* қызмет көрсетудің бағыты бойынша.
Сертификаттаудың объектісі ретінде қызмет көрсетудің айырмашылығы келесідей:
* қызмет көрсету кезінде орындаушы мен клиентпен тікелей қарым-қатынаста болады;
* қызмет көрсету жағдайының клиентке әсер етуі;
* қызмет көрсетудің және өндіріс (орындалуының) уақытына тура келуі;
* клиенттің және т.б. қызмет көрсетудің сапасын бағалау [20].
Қызмет көрстеудің сертификатталуы нормативтік құжаттардың, ең бірінші экологиялық және қауіпсіздік талабына сай келуіне байланысты жүргізіледі.
1995 жылдан бастап республикада қызметтердің міндетті және ерікті сертификаттаудың нормативті процедуралар базасы қалыптаса бастады.
Қазақстан Республикасы жерінде қызмет көрсетудің сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті болуы мүмкін. Ерікті сәйкестікті растау ерікті сертификаттау түрінде іске асырылады. Ерікті сертификаттау өтініш берушілердің сұранысы бойынша іске асырылады. Ерікті сертификаттау келесі формалармен іске асырылады:
1) өндіруші-ұжыммен қабылданған сәйкестік декларациясы;
2) міндетті түрде сертификаттаудан өткізу.
Міндетті сертификаттау. Міндетті сертификаттау - өнімнің, жұмыстың, қызметтің техникалық регламенттерінің, стандарттарының немесе басқа да нормативтік құжаттарының міндетті талаптарына сәйкестігін міндетті сертификаттауға жататын және адам өмірі мен денсаулығына, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сертификаттау түрі.
Міндетті сертификаттауға жататын өнім мен қызметтің тізімі және мемлекеттік басқару ұйымының ұсынысы бойынша мемстандарт дайындаған сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазіргі кезде осы тізімге мыңнан астам өнім аты мен алты қызмет түрі кіреді. Міндетті сертификатталатын қызмет көрсетуге қоғамдық тамақтандыру орындары, туристтік-экскурсиялық қызмет көрсету орындары, мұнай базасы және техникалық тексеру орындары жатады.
Қазақстан қазіргі кезде міндетті түрде сертификаттау, ал шетелде-ерікті сертификаттау көп тараған. Қазақстан ерікті сертификаттауды тек қана біздің экспорттары қолдайды. Нарықта бәсекелестік қатайған сайын, ерікті сертификаттаудың керектігі артады.
Ерікті сертификаттау. Ерікті сертификаттау сертификаттау бойынша орган мен өтініш беруші арасындағы ерікті сертификаттау бойынша органның келісім шарты арқылы жүргізіледі. Ерікті сертификаттауға шаштараз және химиялық тазалау орындары қатыса алады [21].
Сертификаттау кезінде келесідей көрсеткіштерді тексеру керек және сынақ әдісін қолдану керек:
* қызмет көрсетуді идентификаттау керек, сонымен қатар техникалық құжаттарға сай келетінін және оның қолданысы бойынша іске асатынын тексеру керек;
* сертификатталатын қызмет көрсету нормативтік құжаттардың көрсетілген міндетті талаптарға сай келетіндігін бекіту.
Қызмет көрсетуде ерікті сертификаттау жүйесін қолдану ережелері
Қызмет көрсету тек қана ерікті сертификаттаудан ғана өтуі мүмкін. Қызмет көрсету сертификаттауды берушінің өтініші бойынша олардың өздері қабылдаған құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында аккредиттелген сертификаттау орган жүргізеді.
Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу обьектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзіретті және құқылы екенін танитын рәсім.
Көрсетілетін қызметті сертификаттау негізінде өнімді сертификаттауға ұқсас және ол мына ретте жүргізіледі:
+ сертификаттау жөнінде өтініш беріледі;
+ өтініш қарастырылып ол жөнінде шешім қабылданады;
+ сертификаттау сызбасы таңдалып алынады;
+ көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланады;
+ сертификат беру мүмкіндігі жөнінде шешім шығарылады;
+ сертификат беріледі.
Сертификатталған қызметті инспекциялық тексеру жүргізіледі.
Сертификаттауға қатысушыларға, сертификаттау жүйесінің қызметтерін пайдаланатындар, оларға өтініш беретіндер жатады:
* физикалық және заңды тұлғалар (өнім шығарушылар, сатушылар, орындаушылар);
* сертификаттауға өнім, қызмет, процестер, жұмыстар, қызметтер беретіндер және олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретіндер.
Сертификаттауға қатысушыларға сонымен қатар тұтынушылар жатады. Сертификаттау бойынша әрекеттер көбінесе тұтынушыларға маңызы зор, өйткені олар келесіге бағытталған: өнім сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға; тауар мен қызмет нарығы туралы мағлұматтардың толық және дәл болуына; сапасыз тауармен өнімге, денсаулыққа және адам мүлігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қызметінің теориялық негіздері
Сапаны басқару жүйесінің теориялық негіздері
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу қағидаттарықағидаттары
Туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының даму жолдары
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері
Сапаның үшінші түрі - әлеуметтік сапа
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ұсынатын қызмет түрлері
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Туристік бизнестегі тұтынушыларды зерттеу
Пәндер