Тележаңалықтардағы хабарлама («мессидж») тәжірибесі


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ТЕЛЕЖАҢАЛЫҚТАРДАҒЫ ХАБАРЛАМА («МЕССИДЖ») ТӘЖІРИБЕСІ

Кіріспе . . . 3

1 Тарау: Жаңалықты ұсынудың принципі . . . 7

1. 1 Мессидж немесе хабарлама - репортаждың қысқаша әлқиссасы . . . 7

1. 2 Подводка + жүргізуші + репортаж = жаңалықтар . . . 10

1. 3 Инфотеймент - тәсіл ретінде . . . 14

2 Тарау: Тележаңалықтардағы «мессидж» тәжірибесі . . . 20

2. 1 Қазақстандық телеарналардағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар. . 31

2. 2Ақпаратты беруді жақсарту жөніндегі ұсыныстар . . . 37

Қортынды . . . 43

Сілтеме . . . 46

Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 48

Кіріспе

Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының дәл осылай аталуының себебі - оның не қажетпен, мысалы айтайық, «Түркістан уалаятының» не үшін жарыққа шыққандығымен түсіндіруге болады, яғни оқырманды жаңалықтармен қамтамасыз ету немесе оқырманның ақпарат сұранысын қанағаттандыру.

Ал телевидение оны жақсырақ, толықтырақ, және ең бастысы - басқа БАҚ-на қарағанда эмоцианалды жасайды. Күнделікті адамдардың көбісі, олардың арасында сіз де, ата-аналырыңыз да бар, өз күнін жаңалықтарды қарап шығудан бастайды. Бұл таңертеңгілік шәй не кофе ішетін дағды сияқты болып кеткен. Ал егер университетте не жұмыста барлығы кешегі болған оқиғаны талқылап жатқанда, сенің ештеңе де алып-қосарың, айтарың жоқ болса, ең өкініштісі сол. Жаңалықтарды үнемі бағдарлап отырса ғана, қазіргі заманғы адам өз өмірін толық қанды сүріп жатыр деп саналатыны да сондықтан.

«Телевидение - бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең мықтысы және қуаттысы. Радиода тек қана дыбыс болса, газетте - мәтін мен статикалық суреттер (олардың сапасы да жақсы бола бермейді), ал телевидение журналистке дыбысты да, мәтінде де, видеоны да пайдалануға мүмкіндік береді. Әлемдегі көптеген мемлекеттердің әлеуметтік зерттеулер нәтижесі телевизиялық жаңалықтардың адамдардың 70% -на негізгі ақпараттық көзі болып табылатынын көрсетеді» (1) .

Телеарналар көп, яғни көрсетілетін тележаңалықтар да көп.

«Мессидж» немесе «хабарлама-хаттың» тележаңалықтарда берілу тәсілдері - бүгінгі тақырыптың өзектілгін ғана емес, күнделікті өмірімізде де қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Себебі, «хабарлама-хаттың» көтерер жүгі ауыр. Оның басты нысаны - адамның санасына ықпал ету. Қазіргі заманның адам үшін алаңдатар нәрселер көп болғандықтан, «хабарлама-хаттың» мақсаты - өзінің мазмұнына нандыру және дәл солай «ойлатқызу». Әр телеарнаның ұстанған саясатына қарай жаңалықтарды көрерменге ұсынудың тәсілдері әртүрлі. Яғни, кез келген бір оқиғаны әр телеарна түрлі «хабарлама-хат» арқылы, яғни түрлі қырынан береді. Сондықтан, тақырыптың маңыздылығы «ақпарат майданы», «ақпараттық саясат» деген XXI ғасырдың тіркестерімен тығыз байланысты болғандығымен де түсіндіріледі. Кез келген телеарнаның рейтингін көрсететін, бет-әлпеті болып келетін жаңалықтар болғандықтан, бәсекелік қанына сіңген американдық және батыс журналистикасы аудиторияны үнемі зерттеп, қайтсе де оның назарын өзіне аудару үшін көрерменді тартудың әдіс-тәсілдерін айқындаған (2) .

Мысалы, Сіз кешкі 6-7 дейін жұмыс істедіңіз, онда таңертең-кешке жүретін жол бар, түске дейін кешеден қалып қойған жұмыстарыңызбен әлек боласыз, оның үстіне ертеңгілік жиналыста бастықтың берген тапсырмасы тағы бар, көмекші әріптесіңіз екі күн бұрын сұранып кеткенін ойыңызға түсіп қынжылтты, алдыңызға қойған 10 мақсаттың 4-уін ғана жүзеге асырып, қалғанын қайта ертеңге қалдырып қойдыңыз, бірақ ол кешкі шәй үстінде де ойыңыздан шықпады. Ертең сәрсенбінің сәтті күні дейік, жұмыс күндегідей жалғасады, ал Сіз бәрінен хабардар болып, жақсы қалыпта болуыңыз қажет. Басқа сөзбен айтқанда, алға қарай жылжу үшін өзіңізге қажетті ақпаратты сіңіріп қорыту керек.

Сондықтан Сіз осындай шаршаған күйіңізбен (ең болмағанда өздері айтып түсіндіріп беретін) тележаңалықтарды көріп шығу сіздің міндетіңіз әрі күнделікті әдетіңіз.

Ал қанша телеарна болса, сонша кешкі тележаңалықтарды көріп шығу мүмкін емес.

Жан-жақтан «тәй-тәйлап, кел-келдеген» нәресте қайсысына барарын білмей тұрған сияқты Сіз де арналарды таңдап, бірінен соң бірін ауыстыра бастайсыз.

Демек, месиджтің бірден бір қызметі осы жерде байқалады. Оның мақсаты - көрерменнің назарын өзіне аударту, сосын оны ұстап тұру, және дәл сол телесюжетті не бағдарламаны соңына дейін көруге мәжбүрлеу.

Неғұрлым үлкен аудиторияны жинау, өз жаңалықтарын тыңдата білу - телеарнаның ең бірінші мақсаты. Өздеріңіз де байқаған боларсыз, бүкіл әлемде газеттің бірінші бетіндегі жаңалықтар немесе тележаңалықтардағы бірінші берілетін блок қоғамдық пікірге ықпал етудегі стратегиялық позицияны көрсетеді деп есептелінеді. Онда айтылған мәселелер жалпыұлттыққа үндесіп кетеді. Тележаңалықтарда көрсетілген сюжет саяси жағынан екінші орында тұрса да, телевидение ол мәселені ең маңызды және басты мәселеге айналдырады.

Бір қарағанда «мессидж» (подводка) онша байқалмайтын көбіне жаңалықтарды берудегі механизмнің кішкене ғана құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын нәрсені зерттей келгенде осы «хабарлама-хатың» жалпы жаңалықтардың қызықтылығына, сапасына, кәсіби жасалғандығына, бұдан келіп телеарнаның рейтингі мен ұстанған ақпараттық саясатына ықпал етендігі анықталды.

Осы «мессиджтердің» түрлі болуына байланысты, қоғамды әр түрлі көз қарастар пайда болады. Алайда, олар кейде адамдарға мақсатты түрде жасалуы мүмкін болғандықтан, жолдама-хат ретінде дұрыс не қате, «жалған» болуы да ықтимал. «Журналистерге арналған «баспасөз мәлімдемелері» ПИАР қызметкерлерінің сөзінде «консерва» деп аталып, ойдан шығарғылған «мәліметтерді» жаңалықтар форматына көркемдеп, әдейі көрерменнің көруіне және есте сақтауына арналған жалған ақпарат»(3) деп санайды Тим О’Шии (O'Shea T. «Как манипулировать людьми») .

Автордың айтуы бойынша, «жаңалықтар индустриясының өнімі - ойлаудың бірдейлілігі . . . Ол үшін барлық оқиғаларға spin (спин) - айналым сәті, яғни, түсінік, интерпритация, шектеу, упаковка, кәмпиттің жылтырақ әдемі қағазы ойластырып табылады. Оқиғаларға нақты спин табатын «зауытқа» кірген кезде, біз насихат пен ақпараттар немесе дизинформация әлеміне енеміз”.

“Мысалға, баспасөздің Саддам Хусейннің қаруы (ОМУ) бар деген фантастикалық болжамдары Иракқа қарсы агрессияға әкелді. Әрине, осыны дәлелдейтін ештеңе табылған жоқ, алайда бұл жағдай түкке де керек емес болып шықты. Бұл қарудың болуы да мүмкін емес, бұл ЦРУ-дың таратқан мәліметі болса да, оның бәрі тек басып кіру үшін керек болды. Бұл кінәнің қажеті жойылғаннан соң ұмытып та кетуге болады, оны ешкім де байқамайды. Тек оны ешкімге айтудың қажеті жоқ. Саддам Хусейнге тиран деп берілген мінездеменің өзі мемлекетке басып кіру үшін қажет еді. Ал халықаралық құқықта, ең болмағанда кәдімгі логика тұрғысынан осы екі нәрсенің байланысын айтыңыздаршы? Тирандар көп, неге дәл осы Хусейн? Тағы қандай себептер бар? - Мінеки, мәселе қайда жатыр. Оның себебтері басқа, тек халыққа олардың ең қарапайымдарын ұсынады. Егер ондайлар жоқ болса, жағдайға байланысты әдеттегі қоржыннан алып, ойлап таба салады”(4) деп ой бөліседі Тим О’Шии.

Жұмыстың мақсаты - «хабарламаны» зерттеу барысындағы оның маңыздылығын дәлелдеу. Қазіргі заманның коммуникация жағынан дамып келе жатқан кезеңде, кез келген ақпараттың бағасы қымбаттаған “бәсеке дәуірінде” жаңалықтарды ұтымды және тартымды берудегі “хабарлама-хатты” пайдаланудың тәсілдерін анықтау. Қазақстандық тележаңалықтарын аудиториясы үлкен шетелдің тележаңалықтарымен салыстыру, олардың бай тәжірибесіне сүйене отырып, қазақстандық журналистика дамуына кішігірім болса да ықпал ететін жаңашылдық әкелу.

Жұмыстың нысаны - қазақстандық, ресейлік және шетел тележаңалықтары: ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар, кешкі жаңалықтар, ақпарат тарататын басқа да интернет-аhпар көздері.

Жұмыс мақсатына жету жолында келесі міңдеттердің орындалуы тиіс:

  • Тележаңалықтарды берудегі әдіс-тәсілдерді және осыған байланысты тележурналистикадағы жаңалықтар спецификасын зертеу;
  • Тележаңалықтардағы «мессиджтің» дұрыс және қате берілуіне тоқталу:
  • Қазіргі заманға журналистика дамуының тенденцияларын қарастыру;
  • Отандық тележаңалықтарды жақсарту бағытында жасалып жатқан қадамдардын анықтау;
  • Қазіргі тележаңалықтар берілуіне шолу жасап, олардың неғұрлым жақсаруына, дамуына үлес қосатын тәсілдерді, кеңестерді, жолдарды топтастыру;

Жұмыстың деректемелік негізін ресейлік, шетел авторларының түрлі жылдарда шыққан азды-көпті еңбектері және жүргізген зерттеулері құрайды. Себебі, қазіргі журналистика батыстық механизмдермен дамып келе жатқандықтан, жаңалықты ұтымды берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін тағы осы көздерден аламыз.

Мысалы, И. Фэнгтің «Тележаңалықтар: журналистік шеберліктің құпиялары» атты 1996 жылы жарық көрген кітабында қазіргі кездегі тележаңалықтардың даму бағыты мен жолдарын анықтап берген. Оның ішінде кез келген ақпарат немесе репотаждың жасалу жолын айта келіп, «хабарлама-хат», яғни подводка жайында жазған пікірлері деректемелік негізді құрайды.

Деректемелердің екінші бір тобы - қазақстандық телеарналардағы күнделікті кешкі және апталық қортынды жаңалықтар. Олар көбісі республикаға тарайтын телеарналардағы қазақ тілді жаңалықтар мен ресейлік арналар. Тақырыпты ашуға көмектескен «Қазақстан», «Хабар», «31-телеарна», «ОРТ-Евразия» және журналистер мен көпшілікке арнатағы дүние жүзіне жаңалық тарататын жүйелік ақпараттық көздер және қызметтер.

Интеренттегі library. ru виртуалды кітапханасынан тақырыпқа байланысты зерттеулер мен кітаптардан алынған деректер диплом жұмысын жазуда қолданылды.

Жұмыстың теориялық негізінде әр түрлі жаңалық таратушы көздер қарастырылды. Олардың ондағы пайдаланатын тәсілдері тележаңалықтар қолданатын әдістермен салыстырылып, «хабарлама-хаттың» түрлерін топтастыруға мүмкіндік туғызды. Нақты айтқанда, тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылған болатын.

Қазіргі жаңалықтардың берілуін бағдарлап, оларды салыстыра келіп, осы жұмыста топтастырылған әдіс-тәсілдерді қазақстандық тележаңалықтарда қолдану зерттеудің ғылыми жаңалығы әрі тәжірибелік маңызы болып саналады.

1 Тарау. Жаңалықты ұсынудың принципі

Тамақтың иісінен-ақ асқа деген тәбет не ашылады, не жабылады - бұл жаңалықты ұсынудың да принципі. Егер жүргізушінің сөзі сізді “әу” дегеннен-ақ іліктіріп, қызықтырып әкетсе, журналистің дайындаған репортажын көресіз, яғни көруге деген тәбетіңіз ашылады, ал керісінше жүргізуші мәтіні жалықтырса, қолыңыздың оп-оңай қимылымен басқа арнаға ауыстыра саласыз.

Әлемде және аймақта соңғы сағаттарда не болғанын мәлімдейтін репортаждар мен ауызша хабарламалардан тұратын ақпараттық шығарылымдар легі бағдарламада әрдайым дәл және ешқашан ауыспайтын уақытта болады. Егер жаңалықтар дәстүрлі уақытында шықпай қалса, бір төтенше жағдай болып қалды деп есептей беріңіз.

Әрине, егер жаңалықтар уақытымен сәйкес келіп жатса, кейде жаңалықтарда оқиға орнынан репортаж берілуі мүмкін. Бірақ СИ-ЭН-ЭН сияқты арнайы ақпараттық арналар бар. Олар өткенді емес - дәл осы минутта не болып жатқанды көрсетеді. Осындай ақпараттық арналардың арқасында ең шұғыл жаңалықтарға краннан аққан су сияқты кез келген минутта қол жеткізуге болады. Ондай жаңалықтар көп адамға керек. Әлем саясаткерлерінің көбісі өз бөлмелеріндегі теледидарлары әдейі осы СИ-ЭН-ЭН арнасына қосылған.

Алайда, кей уақытты мынадай жағдай болады - адам 30 минутқа созылған жаңалықтар блогын көруге мүмкіндігі жоқ. Теледидарыңды жаңалықтың басында не соңында қос, сонда ЖАҢАЛЫҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫН біліп аласың. Мысалы, «Хабар» күнде сағат 21:00де солай етеді. Яғни, ақпаратты концентратталған түрінде және қысқа береді. Ол көрерменді өз жаңалықтарына қызықтыру, тарту, аудиторияны жинау үшін жасалады.

1. 1 Мессидж немесе хабарлама - репортаждың қысқаша әлқиссасы

Репортаж авторы, яки журналист жүргізушіге арнап 10-20 секундтық подводка жазады. (Кейде жалпыұлттық компаниялар мен ірі жергілікті станцияларда онымен арнайы қызметкерлер айналысады) . Подводка хабарламасында жалпы ақпарат немесе кейін айтылмайтын кез келген факт болуы мүмкін.

Подводка немесе репортер сюжетінің кіріспесі әдетте "Сөзді - Зейін Әліпбек жалғастырады " деп аяқталады. Көрермен бірден журналист Зейінді естігісі келеді.

Егер сюжетте ең бірінші репортер дауысы емес, акім сөзі берілетін болса, подводка шамалап айтқанда мынандай болуы керек: "Бұл жоспарды әкім ұнатпайтынын Зейін Әліпбек біліп қайтты".

Подводканы әдетте жүргізуші пленкасыз тікелей эфирде оқиды. Фэнг өз тәжірибесінен бірнеше кіріспе мысалдарын келтіреді (5) .

Видеоқатар

Дыбыс

Видеоқатар:

Жүргізуші камераға:

подводка

Дыбыс:

Синоптиктердің хабарлауына қарағанда, бүгін Флоридада нөсер жаңбыр жауады. Дәл осы болжамды Флорида штатының Гейнсвилл тұрғындары естігісі келмеген еді. Себебі, көп зардап әкелген үлкен опырылыс енді барлық тұрғылықты аймағына қауіп төндіруде. Боб Сиркин хабарлайды.

Видеоқатар:

Жүргізуші камераға:

подводка

Дыбыс:

Өткен аптада Бейрут қаласында осы соғыста әлі болмаған ең сорақы қақтығыстар жүрді. Бейрут радиосы хабарлауынша, 82-ден кем емес адам қаза болды . . . 200-ден астамы жараланды . . .

Хэл Уокердің айтуынша, Бейруттағы ескі үйінділерден жаңаларын айыру мүмкін емес.

Сюжет аңдатпасы (анонс)

Аңдатпа (тиз) - жаңалықтардағы бар ақпараттардың ішінен кейбір хабарды іріктеп үстемдететін, уақыты шамамен 10 секунд болатын мәтін. Аңдатпа бағдарлама басында жәнежаранмалық үзіліс алдында шығады. Әрине, оның мақсаты - көрерменге түгел хабарды «айтып қоймау» үшін оған минимум ақпаратты бере отырып, жарнама кезінде көрерменді теледидар алдында қалдыру. Аңдатпада, белгілі бір ережелер бойынша, хабарламаның тақырыбы мен оқиғаның сипаты айтылып, нәтижесінде не болғандығын хабарламайды.

Кей американдық станциялар этикалық тұрғыдан келгенде ондай аңдатпалардан қашады. Олар көрерменді экран алдында коммерциялық жарнама уақытысында ұстап тұру үшін адамдардың қайға-қасіретін пайдалану моральға қарсы деп санайды. Сонда да станциялардың көпшілігі аңдатпаны адамдарды жаңалықтарға тартудың тиімді құралы ретінде пайдаланады.

Кейде аңдатпа ретінде видеосюжеттің құйыртқы кызық көрінісі қолданылады. Аңдатпада сұрақтар жиі кездеседі.

Видеоқатар:

Дыбыс

Видеоқатар::

Камераға:

Дыбыс:

Бір минуттан соң «Шатлдың» ұшуы жайында соңғы мәліметтер. Ал одан кешірек Уимблдондағы Билли Джин Кингтің ірі ұтысы және кәсіби футболдағы есірткі туралы айтамыз.

Видеоқатар::

Камераға:

Дыбыс:

Осы аптада Сент-Пол мен Миннеаполисте полицияның қаталдығына кінә тағылды. Миннеаполис муниципалитеті ғимаратының жанындағы демонстрация . . . Осы туралы толығырақ тоқталамыз . . .

Видеоқатар::

Кассета (төмендетілген дыбыс) :

Кассета бітеді (:12) .

Дыбыс:

Біз сіздерге Сент-Пол полиция басқармасының реакциясын көрсетеміз.

Бұл хабарламалар - кешірек "Жаңалықтарда".

Жаңалықтар жарнамасы

Фэнгтің айтуынша, сюжеттерді алдын ала аңдату жаңалықтар сценаристінің міндеттеріне кіреді. Бірақ телестанциялар жалпы өзінің жаңалықтарын да жарнамалайды. Өз өнімдерінің жарнамасын - мәтіндік не бағдарлама үзінділерінен болсын - әдетте жүргізуші жаңалықтардың соңында ұсынады. Ондай жарнамалық сюжеттер күрделі, салмақты түрде - графика, музыка және т. б. қолданылып дайындалады. . Кейбір ірі станцияларда жарнама ("промо") дайындаумен жаңалықтар редакциясы емес, арнайы топтар айналысады.

Бағдарламаның немесе рубриканың жарнамасы аңдатпаға онда тек қана тақырып берілуімен ұқсас, бірақ жарнама әдетте аңдатпадан ұзағырақ болады. Аңдатпа көрерменді сол бағдарламада болатын хабарламаны күтуге мәжбүрлейді, ал жарнама аудитория назарын кешірек шығатын сюжетке не бағдарламаға тартады.

Төменде кадрдан тыс мәтінмен жарнама үлгісі берілген.

Видеоқатар

Дыбыс

Видеоқатар:

Кассета (табиғи дыбысы төмендетілген) :

Балалар"пэк мэнде" ойнап жатыр

(:03) . Вставка:

Сент-Пол паркіндегі ойын автоматтар залы.

Орта план: ойынның таблосы, "пэк мэн" таблосына ірі планмен өту (: 08) .

Ірі план: "пэк мэн"

ұпайларды жеп жатыр (: 04) .

Орта план: "пэк мэн" автоматының қасында 2 бала

(: 04) .

Ірі план: басқа ойынның таблосы

игры (: 03) .

Жалпы план: 7-8 бала

автоматты айналып жүр.

Кассетаның соңы (: 32) .

Дыбыс:

Сағат 6-да көріңіздер . . . Сент-Полдың бюджеттік мәселелерін шешу үшін машина қанша тиін жұтпақ?

Ойын-сауық орталықтардың қызметкерлері видеоойындар олардың бюджеттерін толтырады деп үміттенуде. Ойын автоматтары орнатылды.

Ақша табу үшін видеоойындарды пайдалану - бұл эксперимент, оны қала кеңесінің кей мүшелері қолдаса, басқалары сынға алып жатыр.

Осы жайында Каролин Бруктер сағат 6-да әңгімелейді.

1. 2 Подводка + жүргізуші + репортаж = жаңалықтар

Жаңалықтар - кез келген телекомпанияның беделі. Кім жаңалықтар рейтингінен ұтса, сол бүкіл телеарна рейтингі бойынша ұтады . . . (6)

Подводка 3-5 сөйлемнен тұратын мәтіннен құралады. Мәтін неден басталады? Ең алғашқы сөзден. Ең алғашқы тіркестен. Жанр үйлесімдігі тұрғысынан қарағанда, алғашқы тіркес бәрін болмаса да, көп нәрсені шешеді. Яғни, көрермен әрі қарай көре ме, көрмей ме, оқиға қызықтырып әкете ме, жоқ па. Сол себептен алғашқы тіркестің талаптары жоғары болады.

Ешбір репортаж жүргізушінің оған арнайы айтатын аңдатпасыз (немесе телевидениедегі «подводкасыз») басталмайтыны белгілі. Көбіне, оны репортажда толық көрсететін оқиғаның қысқа түйінін құрғақ айтып шығу немесе репортердің сюжетінде ашатын мәселенің қойылуы деп қабылданады. Алайда, олай болатын болса, жүргізуші жаңалық бағдарламаның видео бөліктерді жәй ғана құрғақ байланыстырушысына айналар еді. Сондықтан да, жаңалықтардың мықты жүргізушілері (Қымбат Досжан, Айгүл Мүкей - Хабарда, Михаил Осокин, Татьяна Миткова - НТВда) оп-оңай, білдірпей ғана көрерменге бірінші талпыныс жасайды, қызықтырып арбайды, репортерге не, қайда, қашан болғандығын түсіндірмесінен құтқарып алады - оны көрермен жүргізушінің сөзінен біледі де, репортаждағы басты қызықты күтеді. Ол осы қызыққа репортермен бірге жетуіне болады, немесе оны бірден алғашқы іркестен-ақ біле алады. Ендеше тіркес қандай болуы керек?

Ең бірінші талап - қысқалық. максималды мөлшері - 10-12 сөз. Тіркес алдында тұрған міндеттері мен мөлшеріне қарап, ол қысқа тұжырымдалған сөз болуы мүмкін. («Аққу Вашингтонға таңғы алты жарымда ұшып келді») . Ол әдейі құрғақ бола тұра, онда маңызды деталь айтылуы да мүмкін. («Коммунистер Тульдің теміржол Депосында жабық Пленум өткізді») . Ол қызықты бір жағдайдан тұруы мүмкін. («Парламент бәйгесінің нәтижесін таңертең ешкім де болжай алмаған еді») . Осы барлық мазмұн бөліктерге - афоризмдер, маңызды детальды көрсету, арбап басталуы (инрига) - көрерменнің репортаждың негізгі мәтініне назарын, аса қызығушылығын тудырады. Афоризмдер репортаждың мәтініне мифологиялық ертегідей астыртын мән береді. Көрермен осы репортаж барысында өзі қортынды жасауға, АҚШ-қа келген Аққудың ертегі оқиғасын бағдарлауға дайындала бастайды. Деталь одан да үлкен қызығушылықты тудырады. Коммунистер неге, не үшін депода жиналды? Ірі оппозициялық партияға үйреншікті емес жерде олар соншама нені шешті? Бас қосуды осы жерде өткізуі 17 жылға дейінгі кезеңдердегідей коммунистердің жұмысшы табымен жұмыс істеуді білдіре ме екен, т. б. ақылына, тарихи білімінің деңгейіне байланысты кете береді. Ал интрига өзінен-өзі адамды арбайды. Оны түсідіру артық (7) .

Кез келген жаңалық негізгі екі бөліктен - кадрдағы жүргізушім мен журналистердің жаңалық репортажынан тұрады. Мынандай сөз бар, жаңалықтарды дәмді алма күлшесімен салыстыруға болады, ондағы барлық сюжеттер - ішіндегі алмасы да, ал жүргізуші - наны. Және ең басты міндет - «Жаңалықтар» деген күлше өте дәмді болып шығу үшін алмасы мен нанын дұрыстап дайындап бөлу керек (8) .

Жаңалықтар жүргізушісі бағдарламада ерекше орын алады. Және жүргізушінің міндеті бағдарламаны «күнделікті өмір драмасы амалсыз болып көрінбейтіндей» етіп құрастырып, бере алуы тиіс. Оның саяси көз қарасы жұмбақ болып қала беруі керек. Жүргізуші жұмысының негізгісі - оқиғалар жайында баяндап беру. Түсінікті, тиянақты, нақты, анық, объективті.

Жүргізуші мазмұнынды көбірек қосады, оның белгілі бір нәрсеге басымдылықтар жасауға, бағдар беруге мүмкіндігі бар. Бірінен соң бірі берілетін видеокөрініс көрерменді жалықтырып жіберуі мүмкін, ал жүргізушінің көрінуі видеоқатарды сиретеді. Бұл не туралы айтылып тұрғандығын атап өту жөн. Әрине, кадрдағы жүргізуші - ол да бейне. Бірақ ол тұрақты, сол себебтен көрермен жүргізушінің киімін қарап болған соң, оның не туралы айтып жатқандығына құлақ салады. Сюжет басталған кезде көрерменнің барлық назары видеоқатар үнемі ауысып тұратын экранға бағытталады, көбіне журналистің мәтінін көрермен естімейді; сондықтан көрсетілген және айтылған бөліктері тепе-теңдікте болғаны абзал.

Және жүргізушінің негізгі мақсаты - мәтінге өмір бітіру, дем беру. Ол үшін жалғыз ғана ережені пайдалануы қажет - қалай сөйлесең, солай жаз. Көрермен - ақылды, және оған бәрін тәптіштеп, шайнап берудің қажеті жоқ (9) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тележурналистикасындағы рөлі
Қағидалардың 159 - тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы
Ежелгі дүние тарихын оқытуда компьютерлі техниканы пайдалану
Психологиялық дайындық
Қазақстан Республикасы банктердегі жарнама ролін жетілдіру
Іс қағаздардың түрлері
Журналист шеберлігі
Ағылшын тілі
Жеке құжаттардың адам өміріндегі маңызы мен жазылу мақсаты
Әлемдік саудадағы тендердің рөлі және оның Қазақстандағы тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz