Фирманың маркетинг іс-әрекетінің қалыпты және заманауи бағыттарының байланыстары


Фирманың маркетинг іс-әрекетінің қалыпты және заманауи бағыттарының байланыстары
Жоспар
- Жалпы жоспарлауды нарықтық қарым-қатынастардың дамуы шарты негізінде
- Маркетинг фирмалар және нарық субьектілері арақатынасы жүйесі ретінде жоспарлау
- Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары
Жалпы жоспарлауды нарықтық қарым-қатынастардың дамуы шарты негізінде қолдана бастады. Жоспарлау-өндірістің пропорциялық қарым-қатынасына және аяқталған ішкі экономикалық заңға, жолдауға, бөлу мен тұтынуға бағытталған саналық адам қызметін көрсетеді. Сондықтан, жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты бөлімшелерінің бірі болып келеді. Оның мақсаттары экономиканың даму ортасында өзгерушілік пен анықталмағандықтың кері әсерін жоюға негізделген.
Яғни, жоспарлау-алдағы қызметтерді қамтамасыз етуге анық бағытталған ақпаратты ой үрдісінде өңдеу. Жоспарлау-бұл ең бірінші, қоғамдық өндірістің нәтижесі мен дамуын ғылыми алдын алу, оның заңдылығын құру, ғылыми-техникалық үрдістің, обьективті тәуелділіктің және экономикамен байланысты себептік салдарлықтың әлеуметтік тенденциясы.
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның әлеуметтік - экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуді ұлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық - экономикалық негіздеу;
- баланстық есептеулер жүргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т. б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз-салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша жасалынады:
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі) ;
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі) ;
- материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал отын, жылу, энергия, жабдықтарын үлестік нормалары) ;
- еңбек құрал - жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал - жабдықтарды, механизмдерді, құрал - саймандарды қолдану нормативтері) ;
- өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары) ;
- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс куатын игерудің нормасы. Бұл арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық материалдың жеке түрлері анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.
Жоспарларды техникалық - экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік ;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімнің көлемі, сатудың көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндірістің тұрақтылығы, қор сыйымдылығы, өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады, мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық жэне сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма - сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
Маркетингтік жоспар жалпы корполративтік жоспардың маңызды бір бөлімі. Оған кәсіпорынның әр функционалдық бағыттарының (өндіріс, қаражат, өткізу, кадр, маркетинг) жоспарлары кіреді.
Маркетингтік жоспар кәсіпорынның маркетингтік қызметін жоспарлау мен жүргізу құралы. Оның көмегімен үздіксіз кәсіпорынның мүмкіндіктерін нарықтың талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған талдау, басқару және тексеру үрдісі қамтамасыз етіледі.
Маркетинг жоспарының кезеңдері:
1. ағымды жағдай мен маркетингтік мүмкіндіктерді талдау;
2. мақсаттарды анықтау;
3. стратегиялық шешімдерді қабылдау;
4. маркетингтік шаралардың жоспарын әзірлеу;
5. шығындардың жалпы көлемі мен құрамын есептеу,
6. тексеру және жоспарға түзету;
Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап, оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар), ұйымдастыру жүйесі, сауатты әдістеме, жазбаша жоспардың болуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz