Қазақстан Республикасындағы инновациялық процесстерді дамытудың рөлі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы инновациялық процесстерді дамытудың рөлі

Мазмұны

Нормативті сілтемелер
5
Нормативті сілтемелер: Анықтама
5: 6
Нормативті сілтемелер: Қысқартулар
5: 7
Нормативті сілтемелер: Кіріспе
5: 8
Нормативті сілтемелер: 1 Өнеркәсіпте инновациялық үдерістің теориялық аспектілері
5: 10
Нормативті сілтемелер: 1. 1 Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және жіктелуі
5: 10
Нормативті сілтемелер: 1. 2 Жаңа инновациялық-индустриялық саясаттың мәні, бағыттары және қажеттілігі
5: 15
Нормативті сілтемелер: 1. 3 Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі
5: 18
Нормативті сілтемелер: 2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайы мен оны дамытудың мәселелері
5: 21
Нормативті сілтемелер: 2. 1 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру жолдары
5: 21
Нормативті сілтемелер: 2. 2. Экономиканы дамытудағы атқарылып жатқан шаралар
5: 24
Нормативті сілтемелер: 3 Өнеркәсіпте инновациялық үдерістерді дамыту жолдары
5: 27
Нормативті сілтемелер: 3. 1 Ғылыми әлеуеттi, инновациялық инфрақұрылымды форсайт әдісі бойынша дамыту
5: 27
Нормативті сілтемелер: Қорытынды
5: 36
Нормативті сілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5: 38

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі, міндеттері, мақсаттары, Зерттеу объектісі, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңыздылығын кіріспеге қосыңыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстан» атты жолдауында алдағы он жылға арналған Қазақстанның даму стратегиясын айқындап берді. Жолдау үкімет алдына 10 жылдың ішінде орындалуға тиісті 10 міндет және 30 бағытты айқындады. Бұл жолдаудың экономикалық жақтары басымдау екендігін баса айтыуымыз керек. Жолдаудың басты 30 серпінді бағытының 18-і Қазақстанның экономикалық дамуының сапалық жаңа кезеңін сипаттайды және оның Кеңес Одағынан кейінгі кеңістіктегі, әрі Орта Азиядағы көш бастаушы тұғырынан, таймай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан елінің біріне айналуын көздейді. Солардың ішінде еліміздің дәл бүгінгі жағдайында ең маңыздыларына тоқтала кетсек, оларға мыналар жатады:</h4>

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия жасау және оны іске асыру.

- Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі.

- Қазақстан үшін тиімді жағдайларда БСҰ -ға кіру.

- Экономикалық әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту. Экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын қалыптастыру және олардың жұмысқа кірісуі. Аталған міндеттер мен бағыттар елімздің 2003-2015 жылдарына арнаған индустриалды инновациялық даму стратегиясының ішіндегі орындалуға тиісті міндеттерді сипаттайды. Алғашқы бағыт Елбасының 2006 жылғы 1 наурызында халықа Жолдауындағы әлемнің дамыған бәсекеге қабілетті 50 елінің біріне айналу үшін нақты стратегия болуы қажет және Елбасы оны дайындауды Үкіметке тапсырды. Мұндай бағыттардан күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8, 8-9, 2 % қамтамасыз етедi.

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту, біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыруымыз керек. Бұл болашақтың бағдарламасы.

Біз бәсекге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салдарды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық. [1]

Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материлдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы. Ел экономикасының шикізаттық амес салалрдағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.

Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі - ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.

Индустриялық-иннновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлелеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1млрд. 200млн. АҚШ долларынан асып отыр.

2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты.

Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарына лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жекеменшік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2. 6. 11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады.

Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалармен кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т. с. с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.

ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар бай және кедей елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.

Сонымен қатар жаһандану процестері және экономикалардың өспелі өзара тәуелдік инновациялық процестерді басқару міндетін барынша қиындата түседi және жекелеген мемлекеттiң инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi. [4]

  1. Өнеркәсіпте инновациялық үдерістің теориялық аспектілері

1. 1 Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және жіктелуі

"Инновация" термині көп ғалымдардың айтуы бойынша XV ғ. пайда болған. Жалпы алғанда "инновация" сөзі ағылшын тілінен аударғанда "innovation" "жаңарту", "заттарды бөлудің жаңа жолы", "жаңалық енгізу" деген сөздерді білдіреді.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында австриялық ғалым Й. Шумпетер инновация түсінігін экономика ғылымына енгізген. Ол инновацияны жаңа туынды тауарларын пайдалану, жаңа өндірістік және транспорттық қорларды ұйымдастырудың формалары мен нарықты өндіріске енгізу мақсатында қолданылды. Й. Шумпетер бойынша нарықтағы анықтаушы рөл болып, экономикалық теңдікке, технологиялық үрдістерге өнім ассортименттерінде және экономиканың ұйымдастырушылық құрылымдарға, өзгеріс енгізетін кәсіпкерліктің қызметтерінде болады.

Әлемдік экономикалық әдебиеттерде, "инновация" жалпы қабылданған термин ретінде қолданылады.

Й. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістің жаңа қызметі болып табылады.

Инновацияның эволюциялық әдістемесін Дж. Ст. Милль, К. Маркс және Й. Шумпетер қолданған.

Й. Шумпетердің айтуы бойынша кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты. Инновациялар бар дәстүрлерді бұзып қоймайды, олар басқа тәуекелді кәсіпорындардан қарағанда көбірек пайда әкеледі.

Ағылшын-орыс сөздігі бойынша "инновация " бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген сөздерді білдіреді.

Жаңашылдықтар мағынада - интеллектуалды қызметтің нәтижесі, ал кең мағынасында ашсақ рәсімделген өнертабыс түрінде, патенттер, тауарлық белгілер, оңтайландырғыштық ұсыныс, ноу-хау түріндегі инновациялық үрдістер нәтижесі. [2]

Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз.

Инновация - ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады.

Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В. А. Макоренконың "қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер" сөздігінде: "инновация" (ағылшын "innovation" -жаңалық енгізу, "жаңалық", латын тілінде "innovation" - "жаңарту", "жаңғырту") бұл:

1. Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат.

  1. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі.

3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгізуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т. б.

4. Тіл білімінде - жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.

Өндіріс факторларының "жаңа комбинацияларын" жүргізу барысында, ол инновацияға алып келеді. Өндіріс факторларының "жаңа комбинациялары" келесілер:

- жаңа өнімді шығару, дайындау;

- өндірісте жаңа технологияларды қолдану;

- жаңа өндірісті ұйымдастыруды қолдану;

- жаңа тұтыну нарықтарын ашу;

- жаңа ресурстар көздері мен түрлерін ашу.

Р. Фостердің теориясында инновация - бұл "технологиялық құлдыраудың" жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен қатар жаңа технологияларды талап етеді.

Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің жетекші факторы: білім, интеллект, инновация болып табылады.

Дәстүр бойынша инновацияны - инновация-өнім, инновация-үрдіс немесе технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық деп бөлуге болады.

Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда қолданылады. Біреулерде - бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.

Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату есебінен бәсекелестік көтеру, өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім ассортименті мен наменклатурасын кеңейту болып табылады.

Ұйымдастырушылық-басқару инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде қызметкерлер мен бөлімшелерді, жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады. өндірісті және персоналды басқару әдістерін жетілдіру, жаңа маркетингтік бөлімшелер құру, тиімділікті арттыру үшін жаңа жолдар мен тәсілдерді қолдану кезінде болады.

Институтционалды мектептің экономтеория зерттеушілері инновацияларды қоғамдық таңдау теория көмегімен сыныптауды жөн көрді. Инновация субъектісі ретінде: кәсіпкер, топ, фирма, ұлт шаруашылығы, әлеуметтік қозғалыстар және мемлекет қатысады. Осы субъектілердің әр қайсысы салыстырмалы артықшылықтарға ие.

Бірінші инновацияның типі - қоғамдық игілік. Берілген инновацияны барлық қоғам мүшелері қолдана алады. Кәсіпорындарда осы инновация түрін өндіруде мемлекет пен әлеуметтік көзқарастар қызығушылықтарын танытады.

Екінші инновация түрі - клубтық игіліктер. Ұйым деңгейіндегі өзгерістер клубтың игіліктерін сипаттайды. Бұл инновация түрін қолданушылардың саны ұйым мүшелерімен шектеледі.

Үшінші инновация түрі - жеке меншік ретінде сипатталады. Өнертабыс құқығымен, патенттер бар кездегі жеке игілікті жүзеге асыру үшін құрылған. Бастапқы кезде жаңа өнім нарықта пайда болғанда, ол монополиялық сипатта болады, жаңа өнім-инновациясынан бұрын оның шығарушысы (авторы) "инноватор рентасын", жаңа өнімдерді жасауды ынталандыратын, монополиялық жоғары пайда алады.

Инновация түсінігін басқа да түрлерін ескеру арқылы кеңірек ашуға болады.

П. Друкер инновациялық идеялардың көздері - тәуекелділік көздерінен басқа келесі түрлерге бөледі:

- күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізіндегі инновациялар;

- өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;

- сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;

- жаңа білімдерге негізделген инновациялар;

Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық өнімдер мен технологиялар әлеуметтік әсерлерді тудырады.

Қоршаған ортаға әсерді білдіретін инновациялар экономикалық инновацияларды білдіреді.

Жоғарыдағы айтылған тәсілдерді талдай келе келесі түрде көрсетуге болады:

Радикалды деңгейі бойынша:

- технологияның жаңа кезеңі мен бағыттарын дамытуды қалыптастыру негізі болып қаланатын ірі өнертабыстарды жасайтын базалық инновациялар;

- ғылыми-техникалық циклдың тұрақты дамуы және таралу фазасындағы шағын және орта өнертабыстарды жүзеге асыратын жаңартушы инновациялар;

- ескірген техника мен технологияларды ішінара жаңартуға бағытталған псевдоинновациялар;

Қолданылу сипаты бойынша:

- Жаңа өнімдерді өндіру мен жетілдіруге бағытталған өнім-инновациялар;

- Жаңа технологияларды қолдану мен жетілдіруге бағытталған технологиялық-инновациялар;

- Жаңа құрылымдарды жасау мен құрастыруға бағытталған әлеуметтік инновациялар;

Пайда болу стимулы бойынша:

- Ғылым мен техниканың көмегімен пайда болған инновациялар;

- өндірістің қажеттілігімен туындаған инновациялар;

нарықтық қажеттілігімен туындаған инновациялар;

- жаңа өнімдер мен жеке ғылыми-техникалық потенциалындағы үрдістерді жасайтын "өсіру" инновациясы;

- шетелдік немесе басқа да инновацияларды модификациялайтын "имитация" инновациясы;

Өнім түрі бойынша:

- қоғамдық;

- аралас (клубтық) ;

- жеке;

Тиімділігіне байланысты:

- экономикалық әсерлерді қамтитын инновациялар;

- әлеуметтік әсерлері бар инновациялар;

- экологиялық әсерлерді қамтитын инновациялар;

- ғылыми-техникалық әсерлерді қамтитын инновациялар. [3]

Инновация - өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі.

Инновациялық грант - инновациялық жобаның тәжірибелік - конструкторлық әзірлемелерін орындау, техникалық - экономикалық негіздемесін дайындау, өнеркәсіптік меншік объектісін шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеу үшін грант беруші мен грант алушы арасындағы шартпен көзделген жағдайларда бюджеттен берілетін трансферт.

Инновациялық жоба - инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестицияны көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені.

Инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы инновациялық қызметінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектілерінің жүйесі.

Инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтің дамуына жәрдемдесетін заңды тұлға.

Инновациялық қызмет - нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестік қабілеттілігі үшін пайдаланылатын, өндірістің және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет.

Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектісі - технологиялық бизнес-инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор.

Инновациялық қызметтің субъектілері - инновациялық қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.

Инновациялық өнім - түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Мұна бұйымдарды қамтиды:

1. жаңа (қайта енгізілген) - радикалдық өнімдік инновация;

2. жетілдірілген бұйымдар;

3. жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер.

Инновациялық белсенді кәсіпорындар - кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде анықталады.

Төмендегі 1-ші суретке сәйкес инновация түрлері көрсетілген.

Сурет 1. Инновацияның түрлері

Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнімдік инновация және процестік инновация.

Өнімдік инновацияға технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу кіреді.

Процестік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда негізделуі мүмкін. Әдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ кәдімгі өндірістік тәсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін.

Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды:

- өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т. б. ) эстетикалық өзгерістер;

- оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.

1. 2 Қазақстан Республикасының инновациялық саясаттарының бағыттары

Жоғарғы технологияларды енгізігу және инновацияларды қолдауға бағыталған біртұтас мемелекеттік стратегия жүргізу туралы елбасы Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан» атты жолдауының тоғызыншы бағытында айқын атап көрсетті.

«Біріншіден, өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды негізге ала отырып, технологиялар трансфертін белсенді әрі байыпты жүргізуіміз керек. Сырттан жаңа технологиялар әкеліп оларды жетілдіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуімен шұғылданатын конструкторлық бюролар мен жобалау ұйымдарының желілерін құруға жәрдемдесу қажет. </h4>

Екіншіден: жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде венчурлық негізде қаржыландыруды қолдайтын құрылымдар жасақтау керек. Қазақстан ғалымдарының үздік әзірлемелерінің «сыртқа» кетуіне жол беруге болмайды.

Үшіншіден, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділін көтермелеу шарт. Ғылыми зерттеу және конструкторлық қызметтегі зор күш-жігер жеке меншік сектордың еншісіне тигені жөн.

Төртіншіден, зерттеу жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстар жасауды бір жүйеге келтіру қажет, сонда ғана бұл жұмыстардың нәтижесіне экономиканың нақтылы секторына сұраныс туатын болады.

Бесіншіден, зияткерлік меншік пен сауда белгілерінің қорғауын нығайтып, технологиялық сектордың дамуына ықпал ету керек.

Танысу мен қаржыландыру үшін ашық болатын инновациялар мен патенттер банкін құру қажет. Бұл - «Қазынаның»1 міндеті деп айқын атап көрсетті. Соның бір дәлелді бағыты ретінде «ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамын мысалға алып отырмын.

Осыдан 7 жыл бұрын толықтай Үкіметтің қаржысына агроөнеркәсіп кешендеріне қолдау көрсетіп, оларды лизингке және кредит беру арқылы қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен қатар технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін құрылған «ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамы сол үрдістен шығып, қаншама шаруашылыққа көмек қолын созып, олардың көшінің оқталуына үлес қосты десеңізші.

Шынында да лизингке техника беріп, қаражатты жеті жылдың ішінд небары төрт пайыздың көлемінде ғана қайтарасың деген шарттың шаруа үшін рас тиімді болғандығы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома екендігі анық. Алғашқы қадамдарымен-ақ ауыл шаруашылығына әлеуметтік бағытта үлкен көмек көрсеткен «ҚазАгроФинанс» бұл күндері өте қарқынды даму үстінде. Үкіметтің қолдауында болғандықтан шетелдік финанс институттары да компаниямен істес болуға құлықты, бұл ауыл шаруашылығы кешеніне қажетті қаржыны шеттен тартуға да жол ашуда. Осылайша «ҚазАгроФинанс» тынысынынң кеңейюі, мүмкіндігінің бұрынғыдан да артуы техни- касы мен технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алумен шектеліп қана қоймай, өзге бағыттарда жұмыс жүргізуіне қол жеткізді. Соның нәтижесінде, табиғи сүт жетпегендіктен ұнтақтан жасалған сүтті ішіп отырған қала тұрғындарының қамын ойлаған компания Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы екі шаруашылыққа лизингке Канададан асыл тұқымды, аса жоғарғы өнім беретін сиырларды ұшақпен алдыртты. Дихандарға берілетін қаржылық қайтарымы бар деп есептелген күннің өзінде, мол шаруашылығын қаржыландыру үлкен тәуекелді қажет етеді. Соған қарамастан «ҚазАгроФинанс» лизингке беріп отырған асыл тұқымды сиырларды жеткізіп қана қоймай, оларды асырап-бағудың жолын сауатын аппарат қондырғыларын, сүт өнімін өңдеуін, не керек, технологиясын тұтастай алып келеді. Сөйтіп, Канадада жолға қойылған тиімді тізбектің бір үздігінің де шашауы шақпастан Қазақстаннан қоныс тепті. [4]

Әрбір іске дәл осылайша үлкен жауапкершілік таныту «ҚазАгроФинанс» үшін абыройлы міндет саналғандай. Басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты И. Тағашев: «Мен біздің әлеуметтік бағытта ауыл шаруашылығына дем беруші екенімізді баса айтқым келеді, осы жылдар ішінде «ҚазАгроФинанс» 70 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығына инвестиция құйып, 12 мың ауыл шаруашылығы техникасының және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 38 тізбекті қаржыландыруды. Бюджеттік бағдарламалардың пайзын 4-тен, сырттан өзіміз тартқан кредиттерді 8, 5 пайызбен беріп келдік. Бүгінгі күні әр облыста біздің 14 өкілдігіміз жұмыс жасайды. Біз инновациялық бағытта, бәсекелестікке қабілетті өнім шығаруды көздейтін, қай бір істің жеке бөліктерін емес, тұтастай технологиясын әкеліп, заманға сай еңбек ететін, алған қаражатын қайтарумен бірге өзіне де, елге де пайдасы тиетін шаруашылықтарға көмек көрсетуге мүдделіміз” дейді.

Айтса айтқандай, «ҚазАгроФинанс» картоп өсіруде голланд технологиясын ендірген шаруашылықтарға қаржылай көмек берсе, биылдан бастап суды арық бойымен ысыраптамай, тамшылату технологиясын пайдалану арқылы мол өнім алуды көздейтін шаруашылықтардың ұсыныстарын қарауда екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық қызметті қаржыландыру алгоритмі
Еңбек қолдаудың инновациялық модельдері
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні
Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымы
Нарықтық жағдайда инновацияның экономикалық рөлі
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
«Шағын және орта кәсіпкерлік»
Басқарудың экономикалық механизмін жақсарту мақсатында инновацияны енгізу және жетілдіру
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Банкті басқару жүйесіндегі инновациялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz