ЭЕМ даму тарихы



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЭЕМ.нің даму тарихы. ЭЕМ.нің буындары
2. ЭЕМ.нің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері
3. Kомпьютердің жадысының архитектурасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Есептеуіш техниканың даму тарихы ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.
Қолданылған әдебиеттер

1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы: Шартарап, 1998 ж
2. Алексеев А.П. Информатика 2002. - М.: СОЛОН-Р, 2002.
3. Информатика: Учеб. пособие для студ.пед.вузов / А.В.Могилев, Н.И.Пак, Е.К.Хеннер; Под ред.Е.К.Хеннера. – 2-е изд., стер. - М.: Издательский центр «Академия», 2003.
4. Информатика. Учебно-методический комплекс для студентов гуманитарных специальностей университета/Под редакцией доцента Ахметова Б.С. – Актобе: Редакционно-издательский отдел Актюбинского государственного университета имени К.Жубанова, 2003. – 199с.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
2. ЭЕМ-нің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері
3. Kомпьютердің жадысының архитектурасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Есептеуіш техниканың даму тарихы ең алғашқы пайда болған есептеу
құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы
2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе
ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын
гректер мен Батыс-Еуропалықтар абак деп, қытайлықтар суан-пан,
жапондықтар серобян деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл
тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл
сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар
қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі
осы күнге дейін қолданылып келеді.
XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм
түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын
Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған
логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак
Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің
бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші
жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан
ығыстырды.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние
жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен
дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың
машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары

Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде орындайтын бірінші машина
XVII ғасырда пайда болды. 1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай,
оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны өнертапқыш Вильгельм
Шиккард жасап шығарды. 1642 жылы француздың философы және ғалымы Блез
паскаль кеңсенің есептерін механикалық тұрғыдан есептеуге арналған
арифмометр жасады. 1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид
Лейбниц Паскаль машинасының мүмкіндігін кеңейтті. Ол жасаған "Лейбництің
тісті дөңгелегі" деп аталатын машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, бөлу
және түбір табу амалдарын орындайтын еді. XIX ғасырда ағылшын математигі
Ч.Бэббидж "Аналитикалық машина" деп аталатын программаланатын автоматты
есептеу құрылғысының нұсқасын жасады. Программалар кодталып перфокарталарға
түсірілді. Бұл әдісті Бэббидж тоқыма станоктарындағы амалдарды бақылауға
алғаш пайдаланған француз өнертапқышы Ж.Жаккардтан алды. Бэббидждің ойынша
бұл командалар жұбын және мәліметтерден тұратын топтарын бірте-бірте
енгізгенде автоматты түрде әр түрлі есептеулер орындауы тиіс еді. Картадағы
тесіктердің орналасу тәртібін және карталардың келу ретін өзгертіп, есептеу
ретін өзгертуге болатын еді (басқаруды шартты түрде беру идеясы!). Жобаның
меценаты (қамқоршысы) – белгілі ақын Джорж Байронның қызы графиня Ада
Лавлейс (Ada Lovelace) осы "аналитикалық машинаның" программисті болды.
Ондық жүйенің орнына екілік жүйені қолдану қажеттілігіне Бэббидждің көзін
жеткізген сол Ада Лавлейс болды. Ол осы күнге дейін көкейтесті болып
келетін программалаудың негізгі принциптерін жасады. Оның құрметіне 1979
жылы жасап шығарған алгоритмдік тіл Ada – деп аталды. ХІХ ғасырдың екінші
жартысында Герман Холлерит перфокарталарды сұрыптауға және санауға арналған
бірінші электромеханикалық машинаны жасап шығарды. Табулятор деп аталатын
бұл машина реледен, санағыштан және сұрыптаушы жәшіктен тұрды. Бұл машина
1890 жылы Америкада тұрғындардың санағын өңдеуге қолданылды. Холлерит 1896
жылы әйгілі IBM фирмасының негізі болатын фирманы ашты. Екінші дүниежүзілік
соғыс есептеу құрылғыларын және оларды өндіру технологиясын жетілдіруге дем
берді. 1944 жылы Говард Айкен IBM-нің бір топ зерттеушілері релелік
логикалық элементтерге негізделген электрлік есептеуіш машинасын жасады.
1943 жылдан 1946 жылға дейін Пенсильвания қаласындағы (АҚШ) университетте
ENIAK деп аталатын түгелімен бірінші электронды – цифрлық ЭЕМ құрастырылды.
Машина 30 тонна тартты, 200 кв.м. жерді алып жатты, 18 мың лампадан тұрды.
Оның жұмыс істеуінде ондық жүйе қолданылды. Программадағы командалар қолмен
енгізілді; программаны енгізгеннен кейін орындалу тәртібі тек бүкіл
программа орындалып болғаннан кейін ғана өзгертуге болатын еді. Әрбір жаңа
программа ажыратқыштарды және алынып-салынатын коммуникацияларды орнату
арқылы жүзеге асатын жаңа сигналдар комбинациясын қажет етті. Нәтижесінде
ең қарапайым программаны құрып, орындау үшін өте көп уақыт қажет болды.
ENIAK машинасында программалаудағы қиындықтар осы жобаның бұрынғы
консультанты Джон фон Нейманның (1903-1957) ЭЕМ архитектурасын жасаудың
жаңа принциптерін жасауына түрткі болды. Ол программаны, басқару
командаларының тізбегін ЭЕМ-нің жадысында сақтауды ұсынды. Өз баяндамасында
фон Нейман компьютердің бес базалық элементін атап көрсетті: арифметикалы-
логикалық құрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), есте сақтау құрылғысы
(ЕСҚ), ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары. ЭЕМ-нің осы құрлысын фон
Нейман архитектурасы деп атау келісілген. Бұл принциптер жаңа EDVAC ЭЕМ-де
жасалды. Мұнда екілік арифметика қолданылды, негізгі жады 102444 - разрядты
сөзді сақтай алатын болды. Бұл ЭЕМ 1951 жылы пайдалануға берілді. ЭЕМ-нің
буындары түсінігі есептеуіш машиналарының даму тарихымен тығыз байланысты,
яғни қолданылатын элементтік базасы бойынша анықталады. ЭЕМ-нің бірінші
буынында элементтік база ретінде электрондық лампа мен реле қолданылды.
1948 жылы транзисторлар мен магниттік жүрекшелерге сақтау құрылғыларының
ойлап табылуы есептеуіш техникасына үлкен әсерін тигізді. Катодты қыздыру
үшін үлкен қуатты қажет ететін және сенімсіздеу болып келетін вакуумдық
лампалар кішкене кремнилік транзистормен алмастырылды. Олар екінші буын
машиналарының элементтік базасы ретінде қолданылды. Компьютерлердің
миниатюрасын және сенімділігін көтерудің революциялық кезеңі 1958 жылы
болды. Американдық инженер Д.Килби бірінші интегралдық схеманы ойлап тапты.
60-шы жылдардың ортасынан бастап элементтік базасы интеграциясы кіші және
орта дәрежедегі интегралдық схемалар болатын үшінші буын машиналары шыға
бастады. Тағы бір технологиялық революция микропроцессорларды жасауға алып
келді. 1971 жылы американдық инженер М.Хофф бір кремнилік кристаллда
–микропроцессорда – компьютердің негізгі элементтерін біріктірді. ЭЕМ-нің
төртінші буынында интеграция дәрежесі жоғарғы интегралдық схемалар – үлкен
интегралдық схемалар (ҮИС) құрыла бастады. Үлкен интегралдық схеманың
кристалында он мыңға дейін элементтер қамтылады. Қазіргі кездегі кең қолдау
тапқан дербес компьютерлер төртінші буынға жатады. Қазіргі уақытта ЭЕМ-нің
бесінші буынын дайындау мәселесі қаралуда. Оның ерекшелігі дыбысты енгізіп
және шығаруға қатысты өз бетінше оқып үйрену қабілеті болмақ.

2. ЭЕМ-нің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техиикалық электрондық
құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды
олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар:
жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
- микропроцсссор;
- оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады:
- тұрақты есте сақтаушы құрылғы;
- қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.
Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:
- информация енгізу құрылғылары;
- информация шығару құрылғылары;
- информация жинақтауыштар.
ДЭЕМ-нің құрамында ең аз дегенде жүйелік блок, бір-бірден енгізу,
шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір информация жинақтауыш құрылғы
кіреді. ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам оның
минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы
кеңейтуіне болады.
Информация мен басқару командаларын негізгі құрылғыларға пернетақта
(клавиатура), “тышқан” тәрізді тетік және сканер (із кескіш) жатады.
Осындай функцияларды бұлардан өзге жарық қаламұштары, жарық сезгіш
планшеттер, джойстиктер және басқа да мәселелерді шешуге қолданылатын
құралдар орындайды. Мысалы, осылардың кейбіреуін жобалау жұмыстарын
автоматтандыруда қолдануға болады.
ІВМ дербес компыотерінің негізгі блоктары
Әдетте ІВМ дербес компьютерлері мынадай бөліктерден (блоктардан)
тұрады:
- жүйелік блок (тік немесе жатық қорапта орналасқан)
- мәтіндік және графикалык информацияны кескіндеуге арналған монитор
немесе дисплей
- әр түрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақта немесе
пернелік
Компьютердегі ең негізгі құрылғы – жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ-нің
басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел
жады, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару
порттары мәлімет жинақтауыштары бар.
Бұлардан басқа компыотердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды
қосуға болады:
- мәтіндік жәнс графикалық информацияларды басып шығаруға арналған
принтер;
- графикалық курсормен басқарылатын құрылғы -“тышқан” графикалық
қолтетігі.
- джойстик – компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен баскарылатын
тетік;
- графиксызгыш немесе плоттер – сызбаларды (і рафиктерді) кағазға
шығаруға арналған кұрылғы;
- сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді информацияларды окуга
арналған оптикалық құрылғы;
- СБ-КОМ - компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы ол қозғалатын
бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды үшін кейіннен пайдаланылады;
- модем — телефон желісі арқылы баска компыотерлермен информация алмасуға
арналған құрылғы;
- стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;
- желілік адаптер компьютерді жергілікті желіде (торапта) қолдануға
мүмкіндік береді.
Дербес компыотердің сыртқы түрі: 1 – жүйелік блок, 2 – дисплей, 3 -
пернелік, 4—тышқан тетігі, 5 – дискіжетек, 6 — динамиктер, 7 — микрофон
Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жады (жедел және
сыртқы), сыртқы құрылғыларды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары
жатады. Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әр түрлі
құрылғылардың сипаттамаларын қарастырайық.
Микропроцессор
Микропроцессор бір кристалда дайындалған (үлкен) интегралдық схемалар
– БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептеуіш техниканың даму тарихы мен кезеңдері. Эем-нің даму тарихы
ЭЕМ даму тарихы. Есептеу машиналарының даму бағыттары
Қазіргі заманғы ЭЕМ - нің түрлері
Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдері. ЭЕМ-ның даму тарихы
Ақпарат, оны өрнектеу жолдары
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Есептеу техникасының даму тарихы
ЭЕМ даму тарихы. Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдері
ЭЕМ - нің буындары
Электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ)
Пәндер