Баскетбол ойынының негізгі элементтері


Мазмұны:
І. Кіріспе
- Шығу тарихы
- Баскетбол ойынының техникасы
- Баскетбол ойынының негізгі элементтері
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Ойын техникасын топтауБаскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс-тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады.
«Техника тәсілі» термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді.
- Шығу тарихы
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket - себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Сол кездері АҚШ-та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды.
Жиырмасыншы жылдары алғашқы әлемдік кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.
1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.
ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса, Аргентина, Грекия, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия. 1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсм доданың құрметті қонағы болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды.
Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк" қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен "Богатырь" қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеуинституты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді.
КСРО-ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады.
1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. - КСРО, 1980 ж. - КСРО, 1984 ж. - АҚШ, 1988 ж. - АҚШ, 1992 ж. -Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ.
Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай.
Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан.
1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team", «ұжымдық арман» деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.
Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол командасы 1992 жылғы сәтсіздіктен кейін, олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып алды деген болатын.
- Баскетбол ойынының техникасы
Ойын техникасын топтауБаскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс-тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады.
«Техника тәсілі» термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді.
Қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіру
Әрбір даму кезеңіндегі спортсмен техникасы - бұл ойыншыға ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең тиімді іс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибемен тексеріліп өткен тәсілдер жиынтығы. Кенеттен қлыптасатын ойын жағдайларында ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, баскетболшы ойын техникаларының көптүрлілігін толығымен меңгеріп, белгілі бір жағдайда қажетті тәсіл немесе тәсілдер жиынтығын таңдай біліп, тез арада, әрі нақты орындауы керек.
Жоғарғы техникалық шеберліктің критериилері:
- берілген ойын фунцияларын шабуыл және қорғаныстың негізгі тәсілдерімен қоса толыққанды орындау үшін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығын оңай пайдалана білуі;
- берілген ойын тәсілдерін орындаудың нақтылығы, әрі тиімділігі.
- қарама-қайшы факторлар (қатты шаршау, психологиялық ауырлықтар, қиын сыртқы жағдайлар және т. б. ) әсеріне қарамастан ойын тәсілдерін орындаудың тұрақтылығы;
- қарсылас ойыншының қарама-қарсы іс-әрекеттеріне байланысты техникалық ойын тәсілдерінің кезеңдерін пайдалана білу;
- ойын тәсілдерін пайдаланудың тұрақтылығы, ол көпкүндік жарыс кезінде ойыннан-ойынға еш ауытқусыз жоғары мергенділікпен анықталады.
- Баскетбол ойынының негізгі элементтері
- Төрешінің белгілері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz