Ұлттық валюта – теңге


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық валюта - теңге

Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.

Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.

Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.

- Қарашаның 15-інде төл теңгеміз 17-ге толады. Бұл - теңгенің тарихы үшін әжептәуір уақыт. Ұлттық валютаны шығару туралы шешім де, теңгенің дүниеге келуі де оңай болған жоқ. Егемендікті енді ғана алған жас мемлекеттің қаржы жүйесі құрылып бітпеген болатын.

Теңге тарихында дизайнын екі рет өзгертті. Бастапқыда тарихи тұлғалардың портреттері берілді. Мұның тәрбиелік, саяси мәні зор болатын. Дегенмен, халықаралық стандартқа сай ұлттық валютаның дизайнын өзгертуге тура келді. Сөйтіп, теңгенің қорғаныс элементтері көбейтілді.

Айта кету керек, ТМД елдерінің арасында біздегі банк жүйесі алда келеді. Біз бірінші болып зейнетақы реформасын енгіздік. Банктердің депозиттерге кепілдік беру ісін де ең алдымен біз қолға алдық. ТМД аумағында өз банкнот фабрикалары бар ел санаулы: Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Украина. 1995 жылдан бері теңге Алматыдағы Банкнот фабрикасында басылып шығады. Ал темір ақшалар Өскенмендегі Монета сарайында соғылады. Жетістіктердің бәріне, сайып келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында қол жеткізіп отырмыз.

Елбасы Жолдауында тұтас алғанда республика бойынша ішкі жалпы өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2015 жылға 12, 5 пайыздан кем емес, ал 2020 жылға 13, 0 пайыз болуы керектігі нақты айтылған. Жаңа жоғары технологиялық өндірісті іске қосу арқасында біздің облыста 2015 жылы жалпы ішкі өнімдегі өңдеу саласының үлесін 13 пайызға, ал 2020 жылға 15 пайызға дейін өсіру жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде біздің өңірдің қарқыны мықты. Бұл жөнінде Елбасы Ақтөбеге сапары кезінде «Индустриялық бағдарламаның дамуы бойынша ең алдыңғы шепте Ақтөбе облысы келе жатыр» деп жоғары баға берген болатын. Стратегиялық маңызы зор үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбенің үлесі көп. Бұдан біздің облыстың мүмкіндігі мол екендігін аңғаруға болады. Экономикамыздың ілгері дамығанының жемісі - біздің өңірде депозит салымшылары көп. Тіпті, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде де тұрғындардың жағдайы жақсы болды десек артық айтқандық емес. Халық ұлттық валютаға, банктерге де нық сенімді болды. Мысалы, 2008 жылы жеке тұлғалардан тартылған депозиттер - 257 миллиард теңге болса, 2009 жылы 264, 3 миллиард теңгеге жетті. Қазірде ақшаны өз валютамызбен сақтайтын салымшылардың үлесі - 70 пайызға жуық.

Теңге - ТМД-дағы ең қуатты валюта

Қазақ елі жылнамасындағы тарихи сәттің бірі - мемлекетіміздің төл валютасының айналымға енуі. Бұл күнді қазақ тарихындағы шын бетбұрысты кезең деп атап өтуге болады. Себебі егемен елдің өз Туы, өз Елтаңбасы, өз Әнұраны болуымен қатар, оның төл валютасының болуы да заңдылық емес пе?! Міне, сондықтан да төл валютамыз айналымға енген 1993 жылдың 15 қарашасын қазақ халқы үшін айтулы күн ретінде атап өтуге әбден құқымыз бар. Өйткені біз дәл осы күні экономикалық және қаржылық тәуелсіздік алдық.

Елбасы 1993 жылдың 12 қарашасында Алматыда қол қойылған қаулы қабылдап, «Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08. 00-ден бастап (жергілікті уақыт) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілсін» деп жарияланды.

Тұңғыш төл валютамыз - теңгені алғаш рет қолына ұстаған көнекөз қарияларымыздың көз жасына ерік бергенінің өзіміз де куәсі болғанбыз. Ол кезде жастықпен сол көз жастың қос жанардан неге еріксіз шыға бергенін тереңірек бойлап түсіне алмасақ та қазір соның байыбына барғандаймыз. Өйткені ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, армандаған тәуелсіздіктің бір нышаны осы төл валютамыз - теңге екен ғой. Оның экономикалық қана емес, саяси маңызының соншалықты зор екені уақыт өте келе бәріміздің санамызға сіңе бастады. Расында да, міне, осы сәттен бастап қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының жаңа кезеңі басталғанын өткенге көз жүгірте отырып саралауға болады.

Тап сол күні қазақстандық дүйім жұрттың қолына теңге тиіп, бөркін аспанға атып жатқанмен, оны шығаруға деген дайындық әлдеқашан басталған болатын. Еліміздің төл валютасы болмаса, Ресейге тәуелділіктен біржолата құтыла алмайтынымызды сезгенЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылдың ақпан айында сол кездегі Ұлттық банктің төрағасы Ғалым Байназаровты шақырып алып, ұлттық валютаны шығаруды қолға алу жөнінде тапсырма береді. Ол саяси тартысқа толы бір қиын кезең болатын. Әлі де болса Кеңес Одағын аңсайтындар жоғары қызметтерде аз болған жоқ. Оның үстіне біздің елде бірнеше ұлттың өкілдері қатар өмір сүрді. Басты этнос болып саналатын қазақтар мен орыстардың арақатынасы бірдей болатын. Ресей ақшасынан бас тартып, қазақстандық ақшаны айналымға енгізуге тамырын жая қазақ жеріне қоныстанған 6 миллион орыс қалай қарайды? Сондықтан да Елбасы ұлттық валютаны шығару өте құпия іс екендігін қатаң тапсырады. Ақша жасау деген айтуға оңай болғанмен, қаншама күш-жігер мен еңбекті, қаражатты қажет ететіні белгілі. Сондықтан да Ғалым Байназаров Елбасыға бұл жөнінде арнайы Жарлық қабылдануы тиіс екендігін мәлімдейді. Президент Н. Назарбаев Жарлықты жасырын түрде дайындатып шығарады. Бұл Жарлық 1992 жылдың наурыз айында шықты. Жасырын дайындалған маңызды құжат үкіметтегілердің назарына ілініп қалмауы үшін Ұлттық банкте сақталды.

Төл валютамызды шығару ісімен тікелей айналысу Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мерсұлтан Тұрсыновқа тапсырылады. Теңге дизайнын жасауға сайдың тасындай іріктелген суретшілер іріктеліп алынды. Олардың қатарында Тимур Сүлейменов, Хайролла Ғабжәлелов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелхановтар бар. Ақша жасау оның тек дизайнымен бітпейді. Оларда оны дайындау, басып шығару деген үлкен мәселе тұрды. Өйткені бұған дейін елімізде ақша шығармақ түгілі, құнды қағаздар, акция, банк бланкілері, чектер, тіпті дипломдар мен аттестаттарды да басып шығаратын баспалар болмаған. Мұның бәрі Ресейден келетін. Тіпті бұл салаға маманданған адамдар да болған жоқ. Сондықтан да бәрін нөлден бастауға тура келді.

енгізілді. Мұның бәрі экономикалық ахуалдың әсерінен туындаған, қолға алынған істер. Теңге айналымға енген 18 жыл ішінде түрлі жағдайларды бастан өткізді. Қайта басылып та шықты. Әуелгіде 1-ден 100 теңгеге дейінгі номиналдар қағаздан жасалған болса, қазір олар қолданысқа ыңғайлы жағы қарастырылып, темір теңгеге алмасты.

Ұлттық валюта - мемлекеттіліктің басты нышандарының бірі. Осындай жоғары мәртебеге ие біздің ұлттық валютамыз - теңгенің егемен елдің дербес сенімді ақша-кредиттік саясатын жүргізуші құралына айналып, қаржы айналымына енгеніне биыл 18 жыл толып отыр. Тәуелсіз еліміздің тірегіндей болып, небір сындарлы сәттерден сүрінбей өтіп келе жатқан теңгеміз өз өміршеңдігін танытып келеді. Әлемдік қаржы нарығында мүйізі қарағайдай АҚШ долларымен тайталасқа түскен Еуроодақтың бірегей валютасының өзі күйзеліс күйін кешкен қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының теңгесі тұғырында нық тұр. Тәуелсіз елдің тұрмысына тыныс берген теңгеміздің ғұмыршаңдығын экономикалық реформаларды белсенді жүзеге асыруда табандылық танытып келе жатқан мемлекеттік органдардың бірі - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қамтамасыз етіп отырғаны анық.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының валютасы «Төл теңге»

Пәні: Ақша, қаржы, несие

Топ: 201, 212

Өткізілетін орны: 102 ауд.

Күні: 15. 11. 2012ж.

Уақыты 11. 10-12. 35

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ұлттық төл теңгенің тәуелсіздігіміздің нышаны екендігінің және оның маңызы туралы түсінік беру. Мемлекеттің ұлттық белгілерін қастерлеуге және оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: сабақ оқушылардың интеллектуалдық дағдыларын дамытуға және ақша туралы түсінігін дамыту қажет.

Тәрбиелік: оқушыларды топтық жұмыстарға баулай отырып, оларды бір-бірін құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақты өту әдісі: репродуктивті

Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, буклет, оқулық, ақша туралы мақал-мәтелдер, криптограмма, сөз жұмбақ, презентация.

Пәнаралық байланыс: тарих, саясаттану, экономика.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, топты түгендеу, олардың сабаққа дайындығын анықтау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру (5 мин. ) .

2. Өткен материалдарды қайталау (15 мин. ) .

Жауап-сұрақ

  1. Ақша ұғымы нені білдіреді?
  2. Ақшаның атқаратын қызметтері?

3. Жаңа материалды баяндау. (45 мин. ) .

  1. Оқытушы баяндамасы.
  2. Конспект.
  3. Экономикалық негізгі терминдермен жұмыс.

4. Негізгі бөлім: Жаңа сабақты шағын тестілеумен бекіту, криптограмма, сөзжұмбақ шешу. (15 мин. ) .

5. Қорытынды: сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

Оқытушы : Құрметті ұстаздар, студенттер ! Бүгінгі «Төл теңге» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы 1993 жылы 15 қарашада қабылданды.

Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.

Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.

Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюта бағамының өзгеруінің бухгалтерлік есебі
Шетелдік валюта - ұйымның қоланыстағы валютасынан өзгеше валюта
Қазақтан Республикасының ақша - кредит саясаты
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге
1993 ж. ақша реформасы
Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны нығайту мәселелері және оны шешудің жолдары
Валюта саясаты
Төл теңгеміздің бүгіні мен ертеңі
Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар
ТЕҢГЕ ТАРИХЫ. ДЕВАЛЬВАЦИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz