Кассадағы ақшаның есебі
КІРІСПЕ 3
І тарау АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 4
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 4
1.2 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу 6
1.3 Вексельдермен есеп айырысу 9
ІІ тарау. КАССАДАҒЫ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ 20
2.1 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша есебі 21
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша есебі 22
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 25

КІРІСПЕ
Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бой¬ынша есеп айырысады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Әбдіқалықов Т.Ә., Сәтмурзаев А.А. Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: Оқу құралы – Алматы: КазМБА, 1996- 50б.
2. Әбдіманапова Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы: Оқу құралы – Алматы: 1992 – 231 беь.
3. Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. Тасмағанбетов Т. А., Радостовец В.К., Раимов С.Р., т.б. – Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.к., доцент Т.А. Тасмағанбетов – Алматы: Экономика, 1997 -184бет.
4. Әкімжанов Д., т.б. Кәсіпорындар мен бірлестіктердің шаруашылық жұмыстарына талдау – Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д. профессор С.С. Сатубалдин – Алматы: Мектеп, 1987 – 245бет.
5. Көкенов Ү.Ж., Көкенова Ф.Ү. Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі (Бірінші кітап) – Алматы: Рауан, ШМК «Демеу», 1992 – 320 бет.
6. Көкенов Ү.Ж., Көкенова Ф.Ү. Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі (Екінші кітап) – Алматы: Рауан, ШМК «Демеу», 1992 – 320 бет.
7. Радостовец В.К., Омаров А. Ш., Тасмаганбетов Т.А. и др. Организация финансового учета: Уч. пособие под редакцией В.К. Радостовец – Алматы: Экономика, 1997-180с.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І тарау АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 4
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 4
1.2 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу 6
1.3 Вексельдермен есеп айырысу 9
ІІ тарау. КАССАДАҒЫ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ 20
2.1 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша есебі 21
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша есебі 22
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 25
КІРІСПЕ
Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің
тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа
субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен
банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен
белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты
ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен
субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті
адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып
жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер
бойынша есеп айырысады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару
арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ
төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен
немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге
құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі
бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы
есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және
қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
І тарау АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды,
бюджеттің қассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын
қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге
несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.
Прогрессивті несие саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметгі
несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі қаржыны
қаржыландыру мен несиелендіру, сондай-ақ қажетті есеп айырысуларды жүргізу
төмендегі мемлекеттік акционерлік банктерге жүктелген: Тұран-Әлем банкі -
өндірісте, құрылыста, көлік пен байланыста, материалдық-техникалық
қамтамасыз ету саласында, сыртқы экономикалық қызметте;
Қазагроөнеркәсіпбанкі-агроөнеркәсіп кешенінде; Қазкредсоцбанк - тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылықта тұрмыстық қызмет көрсетуде және экономиканың басқа
да салаларында; Халықтық банк - елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды қамтамасыз
етеді; Бюджеттік банк - бюджеттегі мекемелерге қызмет көрсетеді; Қазақстан
Эксимбанкі — экспорт-импорт операцияларын несиелеуді, сондай-ақ Үкімет
белгілейтін елдің экономикалық даму басымдықтарына сәйкес тиімді
инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асырады; Медетші
банк-қаржы жағдайын оңалтуы мен өндірісті көтеруі қайта құруы үшін
мемлекет қаржы бөлетін субьектілерді несиелендіреді. Бұған қоса
республикада коммерциялық және жекеменшік банктердің жүйесі құрылған, олар
елде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілерге қызмет көрсетеді.
Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер
арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер
орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары
арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық
банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің
нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.
Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін
Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:
есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өткен
заңды тұлғаларға;
ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік
мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және
коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
бюджеттік шоттар - Қазақстан Республикасының Республикалық
бюджетіндегі мекемелерге;
корреспондешптік шоттар-корреспонденттік келісімдер негізінде есеп
айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк
мекемелерінде және өз арасында.
Өзі орналасқан жерден тысқары жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері
дүкендері, қоймалары және т.е. бар заңды тұлғаларға табысты нақты ақша
түріндегі несие төлем тапсырмалары бойынша есептеу үшін есеп айырысу
субшоттары ашылуы мүмкін.
Уақытша есеп айырысу шоты ішінара пайдалануға берілген іске қосу
кешені, кезек, кезең және т.с.с., салынып жатқан көсіпорынға арнап ашылуы
мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның өкімі бойынша кәсіпорын
пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге ашылады.
Субьектіге валюталық шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы
қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект
үшін ашылады. Аккредитивтер бойынша шоттарды, чек аванс кітапшаларының
шоттарын жөне басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін
және тиісті операцияларды жүргізу үшін ашады.
Есеп айырысулар толық және тұрақты болуға тиіс. Олардың негізіне
мынадай принциптер қаланған: субъектілер өз ақша қаражаттарын банкте
сақтауға міндетті; олардың арасындағы есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол
ақшаны пайдаланбай жүргізіледі; аудару арқылы есеп айырысулар жүргізуге
негіз болып табылатын барлық құжаттар банк, байланыс органдары мен Халықтық
банк мекемелері арқылы төлемдер жасау үшін пайдаланылады; банктік емес
айналымда айналыстың тек жалпы мемлекеттік кредит құралдары (чектер,
вексельдер, банк билеттері және басқалар) ғана айнала алады. Есеп
айырысудың мақсаты-нарықтық қатынастарды нығайтуға, жиынтық қоғамдық
өнімнің қозғалысына, есеп айырысу қатынастарына қатысушыларды өзара
ынталандыру мен бақылауға, олардың кірістері мен шығыстарын өлшеуге
жәрдемдесу.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және
олардың мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына
бақылауды қамтамасыз етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық
операцияларды толық және уақтылы құжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртібін
сақтау; талдамалық есепке алуды уақтылы және дұрыс жүргізу; ақша қаражатына
толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару
жолымен жасау болып табылады.
Кәсіпорындардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық
(сатылған өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, алынған шикізат,
материалдар, жартылай дайын өнім үшін) және тауарлық емес (бюджетке,
әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына жөне басқалары) деп
бөлуге болады.
Банк субъектілердің ақша қаражаттарын олардың шоттарында сақтайды, осы
шоттарға келіп түскен сомаларға есептеме жүргізеді, субъектілердің
шоттарынан аудару мен беру және банк ережелері мен шартта көзделген басқа
да операцияларды жүргізу туралы өкімдерін орындайды.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
субъектінің басшысы белгілейтін кезектілікпен жүзеге асырылады.
1.2 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Төлем тапсырмасы субъектінің қызмет көрсетуші банкке өз шотынан
белгілі бір соманы аударуы туралы тапсырмасы болып табылады
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілерде тапсырманы
ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша
банктің шолып қарауы үшін (кейін қайтаратын етіп) шарттарды, салықтық шот-
фактураларды жөне төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды
тапсыруға міндетті. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10
күн бойы күшінде болады (жазылған күн есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары
төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.
Бірқалыпты және тұрақты өнімдерді сатып-өткізу кезінде өнімді
өткізушілер мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысулар жоспарлы төлемдер
төртібімен шарттардың (келісімдердің) негізінде төлем тапсырмаларымен есеп
айырысуды пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Жоспарлы төлемдер
транзиттік жөнелту де қолданылмайды. Бұл төлемдер күн сайын немесе өнім
беруші мен сатып алушы арасындағы келісілген, белгіленген мерзімдерде кезең-
кезеңімен жүргізілуі мүмкін.
Ірілендірілген төлем мерзімін есепті кезеңнің келесі жұмыс күніне
белгілеу ұсынылады. Әрбір жоспарлы төлем сомасын тараптар төлемдердің
келісілген кезеңділігі мен өнім беру (сатып алу) немесе қызмет көрсету
көлеміне сүйене отырып, алдағы айға (тоқсанға) белгілейді. Күнделікті
жоспарлы төлем кезінде олардың мөлшерін бір айда өнім берілу сомасын осы
айдағы жұмыс күнінің санына бөлу жолымен айқындау ұсынылады. Өндіріс циклы
мен өнім сату үздіксіз болғанда жоспарлы төлемдер сомалары бір айдағы
күнтізбелік күндердің санына сүйене отырып есептелуі мүмкін. Әрбір жоспарлы
төлем үшін банкке жеке төлем тапсырмасы беріледі.
Тараптар кезең сайын, бірақ кемінде айына бір рет өз есептерін өткен
кезеңдегі нақтылы тауар босату немесе қызмет көрсетудің негізінде нақтылап,
келісімде белгіленген тәртіппен қайта есептеу жүргізуге міндетті.
Бұл ретте пайда болатын айырма жеке тапсырма бойынша аударылуы не
кезекті төлем төлеу кезінде есепке алынуы мүмкін.
Тапсырмалар банкке төлем мерзімі келген күні беріледі. Төлем
жасаушының шотындағы қаражат жеткіліксіз болғанда және төлем жасаушыға
несие беру мүмкін болмаған кезде банк төлем тапсырмасын қабылдамайды.
Қаражат пайда болған кезде жоспарлы төлемді төлем жасаушы ол бойынша бұрын
пайда болған берешекті есепке ала отырып аударады.
Үздіксіз өндіріс циклы бар субъектілер өндірілген өнім үшін аванстық
төлемдермен есеп айырысады. Аванстық төлемдер төлем тапсырмалары арқылы
жүргізіледі.
Аванстық төлемдермен есеп айырысу қаражатты шартта айтылған мерзімдер
мен мөлшерлерде кезең-кезеңімен аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тараптар кезең сайын, кемінде айына бір рет өткен кезеңдегі нақты
тауар босатудың негізінде өз есептерін нақтылап, шартта айтылған тәртіппен
қайта есептеу жүргізуге тиіс. Бұл ретте пайда болған айырма жеке
тапсырмамен аударылуы не кезекті төлем жасау кезінде ескерілуі мүмкін.
Тараптардың уағдаластығы бойынша төлем тапсырмалары жедел мерзімді,
мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болуы мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:
аванстық төлем, яғни, тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни,
тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі
ішінара төлемдер.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмей
жүргізілуі мүмкін.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент,
жалақы, іссапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына;
жалақы төлеуге арналған, банк мекемелері жоқ жергілікті жерлерде ауыл
шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі шығыстарды субъектілерге қаражат
аударуды байланыс кәсіпорындары арқылы жүзеге асыра алады.
Өз шоттарынан байланыс кәсіпорындары арқылы аударым жасаған кезде
аударым жасаушы аударым бланкілерінде аударым алушының атын, оның нөмірін,
сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, осы орналасқан банктің
аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса
беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс
көсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық
аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жасалатын келіп түскен
аударымдарды төлейді.
Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу. Төлем талап тапсырмасы
төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және
тиеу құжаттарының негізінде келісім-шарт бойынша жөнелтілген өнімнің,
орындалған жұмыстың көрсетілген қызметтің құнын төлеу туралы жабдықтаушының
сатып алушыға талабын білдіреді. Төлем талап тапсырмаларын төлем жасаушы
бланкке жазып, жабдықтаушының банкіне тізімдемемен бірге төрт дана етіп
береді. Жабдықтаушының банкі барлық реквизиттердің толық толтырылғанын
тексеріп, талап-тапсырманы сатып алушының банкіне жібереді, екінші данасы
жабдықтаушыға қайтарылады.
Сатып алушының банкі талап-тапсырманы алган соң, оны тіркейді,
барлық даналарға алынған күнді қойып шығады (жоғарыда оң жақта) және оны
төлем жасаушыға келісімін алу үшін береді.
Төлем талап тапсырмасын толық немесе ішінара төлеуге келгенде төлем
жасаушы барлық даналарға шотқа билік жүргізуге уәкілеттігі бар адамдардың
қолын қойғызумен және мөр басумен рәсімдеп, оны қызмет көрсетіп банкке
өткізеді, олардың:
- біріншісі төлем төлеушінің шотынан қаражатты есептен шығару үшін
негіз болады және операция жүргізілгеннен кейін банк құжаттарына тігіледі;
екіншісі - жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке жіберіледі;
үшіншісі - тиеу құжаттарымен бірге тауарларға, орындалған жұмыстар мен
көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге жөне есепке қабылдауына болатындығын
растайтын қолхат ретінде төлем жасаушыға қайтарылады.
Банк акцептелген талап-тапсырмаларды қабылдауға және оларды №2.
картотекаға орналастыруға құқылы.
Төлемдік талап-тапсырмаға толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту
туралы төлем жасаушы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде
хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын
және төлемейтіні туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға (өнім
берушіге) қайтарылады.
Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу.
Көлік ұйымдарының тапсырыс берушілермен (жүк жөнелтушілермен немесе
жүк алушылармен) жүк тасымалдағаны үшін, сондай-ақ көліктік-экспедициялық
қызмет көрсетулері үшін орталықтандырылған есеп айырысулары жиынтық
талаптар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Айыппұлдар жөніндегі сома жиынтық
талапқа енгізілмеуге тиіс. Көлік қызметіне тапсырыс жасаушыларға қызмет
көрсетуші банк мекемесі тиісті шоттан қаражаттың депонентелгенін, көлік
ұйымдарының қызметіне ақы төлеу тапсырыс берушінің тиісті шотынан бұл шотта
уақытша қаражат болмаған кезде банктің кепілдігінен жүзеге асырылғандығын
куәландыратын кепілдікті анықтама береді. Анықтаманың күшінде болу мерзімі
тараптардың келісім-шартымен айқындалады.
Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.
Өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген есеп айырысулар деп
борышкерлер мен несие берушілердің бір-біріне қойылған талаптары мен
міндеттемелері тең сомада өтелетін және осы талаптар мен міндеттемелердің
арасындағы айырмаға ғана төлем жасалатын нақты ақшасыз есеп айырысулар
жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп айырысуларды банктер
субъектілердің өтінішті бойынша нақты тиелген немесе босатылған тауарлы-
материалдық құңдылықтар және негізгі қызметі бойынша көрсетілген қызметтер
үшін жүргізеді.
Банктерге тапсырмалар, чектер, талап-тапсырмалар ұсынылады.
Бұл есеп айырысуларды банк тұрақты және біржолғы есепке алу арқылы
жүргізеді. Тұрақты есепке алу қатарына өзара талаптар мен міндеттемелердің
сальдосы бойынша мерзімдік есеп айырысулар жатады. Біржолғы есеп
айырысуларға екі субъект арасындағы қарама-қарсы талаптардың есепке алынды
және өзара талаптар мен міндеттемелердің сальдосы бойынша мерзімдік есепке
алу жатады.
Арасында тауарларды өзара босату немесе қызмет көрсету бойынша тұрақты
шаруашылық қатынастары бар субъектілер үшін өзара талаптар мен
міндеттемелердің сальдосы бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылуы мүмкін.
Субъектілерге бір немесе әртүрлі қаладағы, не қаладан тысқары жерлердегі
банктер қызмет көрсетеді. Есеп айырысулардың мерзімі мен тәртібі
субъектілер арасындагы шарттармен белгіленеді және субъекті орналасқан
жердегі есептеме жүргізу жүктелген банкпен міндетті түрде келісуі керек.
Есеп айырысуды жүргізу жүктелген субъект есеп айырысу мерзімі аяқталғаннан
кейінгі күннен кешіктірмей қарама-қарсы талаптардың шоты бойынша есепті
мерзімге сальдо шығарып, шоттан алынған банк көшірмесін қоса бере отырып
оны екінші тарапқа хабарлауға міндетті. Есеп айырысу бойынша есепті кезең
аяқталғаннан кейінгі келесі күні сальдо шығаруды қиындататын жазулар саны
көп болған кезде, тараптардың келісімінде төлем құжатын жазып беру мерзімін
үш күнге дейін ұзарту көзделеді.
Сальдо бойынша есепке алу сальдо сомасы тауардың бір күндік босату
(қызмет көрсету) сомасына тең болғанда субъектілер жүргізеді. Егер есеп
айырысудан сальдо сомасы аз болса, ол келесі кезеңнің есеп айырысуьша
жатқызады. Сальдо бойынша есеп айырысулар туралы келісім болғанда тауарлы-
көліктік жүк қағаздар банкіге өткізілмейді.
1.3 Вексельдермен есеп айырысу
Вексель - біржақты қатаң орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын
қатаң бекітілген нысандағы құжат.
Жай және аударма вексельдер болады.
Жай вексель (соло) - талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде
келешекте вексельде көрсетілген соманы вексель ұстаушыға төлейтіні туралы
вексель берушінің ешбір шартсыз міндеттемесін қамтитын вексель.
Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші
тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның
бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде вексельде
көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы ешбір шартсыз міндеттемені қамтитын
вексель.
Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде
толтырылса сол тілде вексель деп жазылған атауды, белгілі бір ақша
сомасын төлеуге ешнәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның
(төлеушінің) атауы-тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын
орынды көрсетуді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатын
болса, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орынды көрсетеді,
вексельді беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолын қойдыруға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжаттарда түтастай сақталмаса, тек
төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, онда вексельдің күші
болмайды.
Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда төленуге тиіс вексель
ретінде қаралады.
Ерекше нұсқау болмағанда төлем жасаушының атының жанындағы орын, төлем
жасау орны және сонымен бір мезгілде төлем жасаушының тұратын орны деп
есептеледі.
Жасалған орны көрсетілмеген вексельге вексель берушінің атымен катар
көрсетілген орында қол қойылған деп есептеледі.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын
вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші
тұлғаның есебінен берілуі мүмкін.
Аударма вексельге үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының
тұратын жерінде немесе қандай да бір баска орында ақы төленуі мүмкін.
Проценттік ставка вексельде көрсетілуге тиіс, мұндай нұсқама болмаған
жағдайда шарт қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады.
Егер проценттің есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған
күннен бастап есептеледі.
Кез келген аударма вексельдің, ол бұйрығы көрсетілмей берілгеннін
өзінде индоссамент арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде бұйрыққа емес немесе осыған
мағыналас сөзді жазса, онда құжат нысанын сақтай отырып және қарапайым
цессия салдарымен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель беруінің пайдасына не
вексель бойынша міндетті баска кез келген адамның пайдасына, вексельді
акцептегеніне не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушынын да пайдасына
жасалуы мүмкін. Бұл адамдар өз кезегінде вексельді табыстай алады.
Индоссамент қарапайым, шартсыз болуға тиіс. Оның шартты жағдайларының
бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып
есептеледі.
Ұсынушы индоссаментінің бланктік индоссамент күші болады.
Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған парақта (аллонаж)
жазылуға тиіс. Оған индоссант қол қоюға тиіс.
Индоссамент аударма вексельден келіп шығатын барлық құқықтарды береді.
Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы: бланкті өз атына
немесе баска бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк
арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және
индоссамент жасамай, вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлем үшін, жауап
береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель
кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында
жауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар адам, егер ол өз құқығын үздіксіз бірқатар
индоссамент жасау арқылы негіздесе, соңғы индоссамент бланкілік болғанның
өзінде заңды вексель ұстаушы деп қаралады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептеледі.
Бланкілік индоссаменттен кейін басқа индоссамент жасалса, соңғысына қол
қойған адам вексельді бланкілік индоссамент бойынша сатып алған деп
есептеледі.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы
немесе қолында весель тұрған, қарапайым адам да төлем жасаушыға акцепт үшін
тұрған жерінде ұсына алады.
Егерде төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға, немесе
қол қойған адамдардың біріне хабарласа, ол онда олардың алдында өз
келісімімен шарттарына сәйкес міндетті болады.
Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының
бөлігінде аваль арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе тіпті вексельге қол қойған
адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль
берілген орнын көрсете отырып, жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол аваль
деп есептелген деген сөздермен немесе кез келген бір мәнді нысанмен
бейнеленеді, оған аваль берген адам қол қояды.
Аваль үшін егер төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған
болса, аударма вексельдің бет жағына авальшының қол қоюы жеткілікті.
Авальда оның кімнің есебінен берілгені көрсетілуге тиіс. Ол
көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептеледі.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді.
1. Аваль-вексель бойынша кепілдік, оған байланысты аваль жасаған адам
вексель бойынша міндетті басқа адамдардын міндеттемелерін орындауы үшіи
жауапкершілікті ез мойнына алады. Авальшы-аваль жасаған адам.
Аударма вексельғе ақы төлей отырып авальшы кепілдік берген адамға
қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы адамның алдында міндетті
адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді,
Аударма вексель ақы төлеу үшін: ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі
бір уақытта; жасалғаннан кейін белгілі уақытта, белгілі бір күнде берілуі
мүмкін.
Өзге мерзім тағайындалған немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін
қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады.
Аударма вексель ұсынған шағында төленуі тиіс. Ол жасалған күннен
бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші
аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзімі белгіленуі мүмкін, бірақ
белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды.
Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан
кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не
акцепт күнімен, не қарсылық білдіру күнімен айқындалады.
Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні қойылмаған акцепт акцептантқа
қатысты ақцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған деп
есептеледі. Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе
ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма вексель ұстаушы
вексельді төлеуге ол төленетін күні, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде
ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге
ұсынғанмен бірдей болады. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды.
Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы белгіні
вексельде жасау және бұл туралы қолхат беруді талап ете алады.
Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға
мәжбүрленбеуге тиіс.
Мерзімі келгенге дейін төлейтін төлем жасаушы мұны өз тәуекеліне
жасайды.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса,
онда оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күнгі бағам
бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерізімін
өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасының
жергілікті валютада төлем мерзімі келген күнгі, не төлем жасалатын күнгі
бағам бойынша төленуін талап ете алады.
1. Есеп айырысу палатасы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
лицензиясына сәйкес есеп айырысуды жузеге асыруға уәкілетті заңды тұлғалар.
Вексель ұстаушы өзінің регресс құқықтарын индоссанттарға, вексель
берушіге және басқа да міндетті адамдарға қарсы: төлем мерзімі келгенде:
егер төлем жасалмаса, тіпті төлем мерзімінен бұрын:
1) егер акцептен толық немесе ішінара бас тартылса;
2) төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылған жағдайда, ол төлем жасауды тоқтатқан
жағдайда, бұл жағдайды сот анықтамағанда немесе оның мүлкінен өтем алу
нәтижесі болмаған жағдайда:
3) вексель беруші акцептке жатпайтын вексель бойынша банкрот деп
танылған жағдайда іске асыра алады.
Вексель бойынша акцепт пен төлем үшін жауапты адамдарға регрестік
талап вексель бойынша, төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту (акцептемеуге немесе төлем жасамауға
қарсылық білдіру) бас тарту фактісін куәландыратын актімен расталуға тиіс.
Қарсылық білдіру вексель беруші аударма вексель мәтінінің (текстінің)
өзінде ресми акт арқылы қарсылық білдіруді талап еткеннен басқа жағдайларда
вексельдің өзінде жазылған арызбен және төлем жасаушы қол қойған арызбен
ауыстырылуы мүмкін.
Аталған арыз қарсылық білдіру үшін белгіленген мерзімдерде жасалып,
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сөйкес тізілімге
енгізілуге тиіс. Бұл ретте күні қойылмаған индоссамент қарсылық
білдірілгенге дейін қойылуға тиіс.
Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде
жасалуы керек.
Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауга
қарсылық білдіруден босатады.
Барлық аударма вексельде вексель беруші вексель акцептке мерзімі
белгіленіп немесе белгіленбей ұсынылуға тиіс деп шарт қоя алады.
Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойдағыдай еместігі
байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да; немесе төлем
жасаушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола
тұрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге
жататын вексель бола тұрса да, оны акцептке ұсынуға тыйым сала алады.
Ол акцептке белгіленген мерізнен бұрын орындалмауы керек деп шарт қоя
алады.
Әрбір индоссант, егер вексель беруші вексельді акцептеуге жатпайды деп
жарияламаса, онда вексель акцептке мерзімі көрсетіліп немесе көрсетілмей
ұсынуға тиіс деп шарт қоя алады.
Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта төленуге тиіс вексельдер акцептке
олар берілген күннен бастап бір жылдың шгінде ұсынылуға тиіс.
Вексель беруші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz