Қорлар есебі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Қорлар есебінің экономикалық мәні
1.1 Қорлар есебінің маңызы мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қорлар есебінің бағалануы мен жіктелінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының есебі ... ... ... ... ... 9

II Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы
2.1 Қорлар есебінің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі және оларды түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Қорлар есебінің талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман бухгалтерлері-бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол ұйым басшыларына байланысты. Қазақстан Республикасында болған жеке және әлеуметтік-экономикалық құрылымдық өзгерістер еліміздің есеп жүйесіне көптеген өзгерістер әкелді. Жекешелендіруге көшу бағдарламалары, мемлекеттік ұйымдардың құрылуы, жаңадан шаруашылық ұйымдардың пайда болуы, шетелдік жұмысқа тартылуы және басқа да өзгерістер.
Қаржылық жүйенің өзгеруі, экономиканың жоғарлауы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі кәсіпорында жаңадан мәселелер туындады. Ұйымда басты мәселе болып, тауарлы-материалдық запастар есебі болып табылады. Қорлар есебі жаңа өнімдерді бағалап және ұйымның шығындарын болжауға мүмкіндік береді. Өндірісте өнім өндіруге тауарлы-материалдық запастарға деген сұраныс жоғарылайды. Бұл өндірістің көлемінің ұлғайғандығын көрсетеді.
Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдарының шикі затпен материалдарды ұтымды жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өндірістік өнімнің өзіндік құнын азайтуға, шығаратын өнімнің халықаралық рынокта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға тауарлы-материалдық запастар есебі аудитінің атқаратын ролі өте зор.
Осы тұрғыдан қарастырғанда курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру заңына, есеп стандарттарына және Халықаралық Бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Есептердің мәліметтері бойынша ұйым басшылары өздерінің қаржылық есеп беруді құрастыруды және экономикалық болжамдар жасауға, ағымдағы жоспарды анықтауға сонымен қоса еліміздің экономикасының қаншалықты мөлшерде өскендігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымның ішкі және сыртқы пайдаланушыларына өзінің экономикалық жағдайын анық көрсетуге мүмкіндік береді.
Еліміздің нарықтық экономикаға көшу барысында ұйымдардың экономикалық жауапкершіліктері жоғарылай түсті. Ұйымның қаржылық жағдайы жоғарылады. Қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары болып табылады. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Ұйымның қаржылық жағдайын зерттеу және талдаудың нәтижесінде қаржылық басқарудағы кемшіліктерді анықтайды, ұйымның дамуына әсерін тигізеді.
Нарықтық қатынастар кезінде, қаржылық есеп берудің қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау үшін ұйым басшылары аудиттік тексеру жүргізеді. Бухгалтерлік есеп берудің жүргізілуін, дұрыс бағалануын, анықтылығын, классификациялық қорытындыларының қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін тәуелсіз аудиторлар анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Алматы : Экономика, 2005 ж.
2. Ержанов М.С. Аудит-І. Алматы : 2005 ж.
3. Бюллетень Бухгалтера № 1-5 (196), 2008 г.
4. Радостовец В.К., Рабдуллин Т.Р., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы Бухгалтерлік есеп, Қазақстан - орталық аудиті тәуелсіз аудиторльқ компаниясы. А., 2003ж-410б.,
5. Байдаулетов М., Байдаулетов С.М. Аудит, А., Қазақ университеті. 2007ж-226б.
6. Библиотека Бухгалтера и предпринимателя № 1-3 (139), январь 2008г.
7. Бухгалтер бюллетені, №1-4, 2008ж. БИКО.
8. Хорнгрен Ч.Г., Дж. Фостер. Бухгалтерский учет : управленческий аспект. Мәскеу : -Финансы и статистика, 2006 ж.
12. Экономика и жизнь №1-5 - 2007г.
13. Егемен Қазақстан, қаңтар, ақпан,сәуір 2008ж
14. Журнал. Компьютерный учет №11,12, декабрь 2007 ж.
15. Андросов А.М. Бухгалтерский учет. Мәскеу: Финансы и
статистика, 2005 ж.
16. Кеулімжаев К.К. Корреспондент. Алматы : БИКО, 2000 ж.
17. Палий В.Ф., Палий В.В. Финансовый учет. Мәскеу : ФБХ Пресс,
2005 ж.
18. Подольский В.И. Аудит. Мәскеу : - Аудит, Юнити, 2006 ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Қорлар есебінің экономикалық мәні
1.1 Қорлар есебінің маңызы мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қорлар есебінің бағалануы мен
жіктелінуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының
есебі ... ... ... ... ... 9

II Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы

2.1 Қорлар есебінің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі және оларды
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Қорлар есебінің
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 22

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік
есептің ролі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде
бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны
есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман
бухгалтерлері-бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы
экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс
процестерін басқара алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық
құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық
шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.
Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол
ұйым басшыларына байланысты. Қазақстан Республикасында болған жеке және
әлеуметтік-экономикалық құрылымдық өзгерістер еліміздің есеп жүйесіне
көптеген өзгерістер әкелді. Жекешелендіруге көшу бағдарламалары,
мемлекеттік ұйымдардың құрылуы, жаңадан шаруашылық ұйымдардың пайда болуы,
шетелдік жұмысқа тартылуы және басқа да өзгерістер.
Қаржылық жүйенің өзгеруі, экономиканың жоғарлауы, әлеуметтік-
экономикалық жағдайлардың өзгеруі кәсіпорында жаңадан мәселелер туындады.
Ұйымда басты мәселе болып, тауарлы-материалдық запастар есебі болып
табылады. Қорлар есебі жаңа өнімдерді бағалап және ұйымның шығындарын
болжауға мүмкіндік береді. Өндірісте өнім өндіруге тауарлы-материалдық
запастарға деген сұраныс жоғарылайды. Бұл өндірістің көлемінің
ұлғайғандығын көрсетеді.
Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдарының шикі
затпен материалдарды ұтымды жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға,
өндірістік өнімнің өзіндік құнын азайтуға, шығаратын өнімнің халықаралық
рынокта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға тауарлы-материалдық запастар
есебі аудитінің атқаратын ролі өте зор.
Осы тұрғыдан қарастырғанда курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып
табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру заңына, есеп стандарттарына
және Халықаралық Бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес
жүргізіледі.
Есептердің мәліметтері бойынша ұйым басшылары өздерінің қаржылық есеп
беруді құрастыруды және экономикалық болжамдар жасауға, ағымдағы жоспарды
анықтауға сонымен қоса еліміздің экономикасының қаншалықты мөлшерде
өскендігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасындағы
жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымның ішкі және сыртқы
пайдаланушыларына өзінің экономикалық жағдайын анық көрсетуге мүмкіндік
береді.
Еліміздің нарықтық экономикаға көшу барысында ұйымдардың
экономикалық жауапкершіліктері жоғарылай түсті. Ұйымның қаржылық жағдайы
жоғарылады. Қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары
болып табылады. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін
өнімге толығымен аударады.
Ұйымның қаржылық жағдайын зерттеу және талдаудың нәтижесінде қаржылық
басқарудағы кемшіліктерді анықтайды, ұйымның дамуына әсерін тигізеді.
Нарықтық қатынастар кезінде, қаржылық есеп берудің қаншалықты
мөлшерде дұрыс екендігін анықтау үшін ұйым басшылары аудиттік тексеру
жүргізеді. Бухгалтерлік есеп берудің жүргізілуін, дұрыс бағалануын,
анықтылығын, классификациялық қорытындыларының қаншалықты мөлшерде дұрыс
екендігін тәуелсіз аудиторлар анықтайды.

I Қорлар есебінің экономикалық мәні
1.1. Қорлар есебінің маңызы мен мақсаты
Қорлар есебі Қазақстан Республикасының №7 Қорлар есебі
Бухгалтерлік есеп стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Осы
стандартта көрсетілгендей қорлардың өзгеруі, олардың өзіндік құны, қорлар
шығындарының мойындалуы, қаржылық есептілікте көрсетіледі. №7 Қорлар
есебі Бухгалтерлік есеп стандартына төмендегідей анықтамалар беріледі:
Қорлар активті түрде болады:
- запастағы шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отында,
ыдыстар, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар, өндірістегі жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге пайдаланылады.
- аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның жұмысы кезде сатуға арналған дайын
өнімдер мен тауарлар.
Ұйымдарда дұрыс ұйымдастырылған есеп жұмсалған материалдардың дұрыс
сақталуына үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және
дұрыс сақталуы олардың ұтымды пайдалануы, жұмсалуы үшін алдын – ала
мыналарды жасау кажет:
1. Материалдық қорларды сақтайтын қоймалар қажет.
2. Материалдар қоймада өздерінің түрлері, сорттары бойынша бөлек
түрде сақталуы тиіс.
3. Ол қоймадағы материалдарды жіберу үшін қажетті материалдар мен
қамтамасыз етілуі керек.
Өндірісте барлық материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді:
Негізгілер – бұл материалдар, материалдық негіз құрап, өндірілген өнім
құрамына кіреді.
Көмекшілер – бұл материалдар, дайындалған құрамына кіретін, бірақ негізгі
материалдарға қарағанда бұл материалдар өндірілген өнімнің материалдық
негізін құрамайды.
Қорлар есебінің негізгі міндеттері болып мыналар жатады:
- Сатып алынған қорларға байланысты фактілік шығындарды анықтау.
- Қорлардың сақталуына бақылау жасау.
- Ұйымның бекіткен нормалары бойынша қоймадағы запастардың сәйкестілігі.
- Пайдалану нормаларына бақылау жүргізу.
Бұл міндеттерді конструкциялық материалдардың прогресивті өзгеру жолымен
анықтауға болады, қымбат материалдарды арзан материалдар мен алмастыру,
синтетикамен, бірақ өнімнің сапасын төмендетпеу арқылы, қалдықтарды азайтып
және басқада жоғалтпау жолдарымен.
Есеп және аудиттің ролін жоғарлату мақсатында ғылыми – жасалған құнды
номенклатуралар, анық құжат айналымын қалыптастыру, қорларға уақтылы
инвентарлы тексеру жүргізіп тұру қажет. Өндіріс процесіне еңбек
құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттар ретінде
қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне
бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық
негізін құрай отырып, өнімінің өзіндік құнын құрайды. Тауарлы-материалдық
қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе
жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып
алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және
ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған
өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер
тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау
орындарындағы жағдайын қадағалау, босалқылардың қозғалысы бойынша барлық
операцияларды толық және дер кезінде құжаттау, көліктік-дайындау шығындары
мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау.
Материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін Материалдар деп
аталатын активті мүліктік шоттар пайдаланылады.

1.2 Қорлар есебінің бағалануы мен жіктелінуі
Бухгалтерлік есептің №7 стандарты Қорлар есебі төмендегідей
сипаттама береді. Қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте
пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар,
материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар
(детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар; қосалқы бөлшектер және
басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; кәсіпорын қызметі барысында сатуға
шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) рөлі мен мақсаты
бойынша барлық материалдық запастар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер – дайындалатын өнімнін заттай материалдық негізін құрайтын
материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімдердің өзіндік
құнына кіргені мен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай
алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі
материалдарға қосымша пайдаланылады.
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие,
өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне),
технологиялық сипатына және басқа да көптеген фактарларына тәуелді болып
келеді.
Материалдық запастардың барлық түрін есепке алу үшін Бухгалтерлік
есептің жұмыс шоттар жоспарының 1300 Қорлар бөлімшесінің төмендегідей
шоттары бойынша жүргізіледі: 1310 Шикізат және материалдар, 1311 Сатып
алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен
бөлшектер, детальдар, 1312 Отын, 1313 Ыдыс және ыдыстық материалдар,
1314 Қосалқы бөлшектер, 1315 Басқа материалдар, 1316 Қайта өндеуге
берілген материалдар, 1317 Құрылыс материалдары.
Әрбір шаруашылық жүргізуші ұйымдар қажеттігінше әрбір шоттар бойынша
аралық шоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдаушы) шоттар
аша алады.
Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс
шоттарда есепке алады. Материалдарың есебін ұйымдастырудың басты алғы
шартты: оларды дұрыс бағалау болып танылады.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есебінің №7 Қорлар есебі
стандарттары бойынша материалдық қорлар төмендегідей әдістер негізінде
бағаланады:
1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі.
2. Орташа өзіндік құны есептеу әдісі.
3. ФИФО әдісі.
4. ЛИФО әдісі.
Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен – бірі
алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіпке пайдаланылатын
(асыл металдардың, асыл тастардың т.б) нақтылы бір материалдық қорлардың
басын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған
әрбір материалдық запастардың бағасы олардың материалдық запастардың
кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда
жүргізіледі.
ФИФО әдісі – есептен шығарылған материалдық запастарды олардың алғашқы
кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып
табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша қорлар бірінші кезекте кіріске алынған
шығыс етіледі деп есептеледі.
ЛИФО әдісі – шаруашылық ұйымдарда ең соңғы кезекте кіріске алынған
материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі, немесе жұмсалды деген
қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалынатын немесе шығыс етілетін
материалдар шаруашылық ұйымда ең соңғы кіріске алынған материалдардың
тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. ЛИФО әдісінің ФИФО әдісінен
айырмашылығы сол дефляциялық үрдістер кезінде таза табыстың неғұрлым жоғары
деңгейінен әкеледі. Бұл әдістің кемшілігі сол есепті кезең соңындағы қорлар
құны нақты мәнінен алшақтау болады.
Қорлар есебін бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, немесе
таза құнымен бағаланады. Қолда бар қорлардың бөлінуі немесе олардың
жекелей, әлде толықтай ескеру немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір
сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған
жағдайда, өзіндік құнының орнына сату бағасы пайдалануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының №7 Қорлар есебі Бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес кәсіпорын қорлардың бағалануы ұсынылған әдістің
біреуімен жүргізілуі тиіс. Тандап алынған әдіс есеп саясатына тіркеліп,
барлық Қорлар есебін бағалау үшін қолдануға тиіс. Қорлар есебін бағалау
әдісі жөнінде есеп саясаты өзгерген кезде қаржы есептілігі жасалғанда
ақпарат ашылуға жатады. Егер компанияның қаржы жағдайы және қызметінің
нәтижелері туралы неғұрлым сенімді ақпарат табыс етілсе, Қорлар есебін
бағалау әдісін өзгерту орынды деп табылды.

1.3 Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының есебі
Шарушылық ұйымда материалды – техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету
жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар кәсіпорын бойынша
келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша
өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап,
жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт
жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін
уақыты көрсетіледі. Шаруашылық кәсіпорынның жабдықтау бөлімі шартта
көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін
материалдарды алып келген тасмалдау жолдама құжаты, теміржол накладнойы,
транспорттық накладнойы, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар жабдықтау
бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар
түрлі “келген жүкті есептеу” журналына тіркелді. Одан кейін бұл құжаттарды
алып келетін экспедиторға береді. Сонымен катар экспедиторға материалдарды
алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүк құжаттары мен сенімхатты
алғаны үшін “келген жүкті есептеу” журналына қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап
отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған
уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі
түрі) және номерін жазады. Материалдар мен жабдықтаушы мекемеден және жүк
тасмалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін шаруашылық
кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамдарға
сенімхат беріледі. Сенімхаты лауазымды адамның материалдық запастарды
қабылдап алуға кәсіпорынның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу
үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады.
Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған
түбіршегіне қол қояды. Сенімхат жабдықтаушы кәсіпорыннан берілген мерзім
ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. Сенімхат
алдын ала нөмірленген барлық парағы жіп өткізіп тігілген “берілген
сенімхаттарды есептеу” журналына тіркеу керек. Шаруашылық кәсіпорынның
экспедиторы немесе басқа да қызметкері сенімхатты алған үшін осы журналға
қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды
алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады.
Қоймаға қабылданған материалдық запастарға осы материалдарға жауапты адам
сол күні “кіріс ету” ордерін бір дана етіп толтырады.
Материалды қорлар келіп түскен және істен шығарған кезде төмендегідей
шоттар корреспонденциясы беріледі:
Кесте 1
№ Шаруашылық операциялардың мазмұны Шоттар
корреспонденциясы
Дт Кт
Жабдықтаушылардан ҚҚС-сыз түскен материалдар 1310,1330,3310
1350
Ассоциациялық және біріккен ұйымдардан ҚҚС-сыз 1310,1330,3320,
түскен материалдар 1350 3330
Жабдықтаушылардан шот фактурасыз есептік бағасымен1310,1330,3310
түскен материалдар 1350
Есеп берушілердің есебінен ҚҚС-сыз алынған 1310,1350 1250
материалды қорлар
Жеке тұлғалардан ҚҚС-сыз сатып алынған материалдар1310,1350 3390
Келген материалдарды таратуға және жеткізуге
кеткен шығындар:
басқа транспортқа 1310,1350 3390
меншікті транспортқа 1310,1350 8310
материалдарды тиегені және жеткізу жұмыстарына
төленетін ақы 1310,1350 3350
Негізгі құралдардың жойылу құнынан түскен 1310,1350 6210
материалдық құндылықтар
Жарғылық қор есебінен түскен материалдық 1310,1350 5110
құндылықтар
Түгендеу нәтижесінде орын алған материалдық 1310,1350 6280
құндылықтарды кіріске алу
Касса арқылы төленген материалдарды және 1310,1350 1010
шикізаттарды кіріске алу
Филиалдардың өзіндік балансында тұрған материалдық1310,1350 3340
құндылықтарды тұтыну бағасымен кіріске алу
Шығындалған материалдарды істен шығару:
негізгі өндіріске 8110 1310-135
0
көмекші өндіріске 8310 1310-135
0
үстеме шығындарға 8410 1310-135
0
әкімшілік шығындарға 7210 1310-135
0


II Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы
2.1 Қорлар есебінің бухгалериядағы
және қоймадағы есебі және оларды түгендеу

Ұйымның бухгалтериясында материалдардың талдамалы есебі сандық және
ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына
байланысты бухгатерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз
жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп регистрларының өте ұтымды жаңа
түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, компьютерлерді
пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері
қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында
материалдардың талдамдық (аналитикалық) сорттық, сандық, бағалық есебін
карточкаларда жүргізіп келеді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр
номенклатуралық номеріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс
етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаларға
жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша
материалдардың кіріске алуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар
материалдардың айналым ведомосына жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы
карточкаларда қоймадағы жазылған деректер қайталанады.
Қоймадан түскен құжаттар жік – жігімен жинақталып, жөнелту қағаздармен
жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтермен
салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге
пайдаланылады, ал екінші даналары – материалдар сақталатын орындарда
қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық номерлер бойынша
орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар бухгалтериядағы есеп
деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланады.
Салыстырудан кейін құжаттардың деректері ұйымда белгіленген есеп
топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы
тізімдемесіне топтастырылады, ол қорлар кірісі мен шығысы бойынша
Бухгалтерлік есептің типті жоспарының 1300 Қорлар бөлімшісінің жинақтаушы
шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімде
материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы тізімдемеден келесі айдың
басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттарындағы өткізу тізімдерінің топтары
бойынша материалдардың кірісі мен шығысы соммалық сипаттамасы көрсетіледі
және айдың соңындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша
қалдығы шығарылады.
Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы
карточкаларда сандық есеппен қатар оның құндары да көрсетіледі.
Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу
көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да бухгалтерияда
карточкалар мен айналым ведомостарын толтыру кейде кешігіп отырады. Осыған
байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде сандық, сорттық,
соммалық айналым ведомосы пайдаланатын болды. Есептің бұл әдісі қолданған
кезден бастап шаруашылық кәсіпорындарының бухгалтерияларында сорттық,
сандық, бағалық карточкасын пайдаланбайтың болды. Шығыс етілген
материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып, қалдығы
шығарылады. Ай біткеннен кейін 10 – 15 күн ішінде материалдардың
айналымымен қалдығы сорттық, сандық, соммалық айналым ведомосы жазылады.
Бұл әдісті пайдаланғанда бухгалтерлердің жұмысы сәл жеңілдеген мен
кемшіліктері де кездесіп отырады. Ол кемшілікке кәсіпорын материалдардың
сандық есебінің бухгалтериямен қоймада қатар жүргізілуін жатқызуға болады.
Материалдардың бұл екі есебі көбіне бір – бірімен еш байланыссыз
жүргізіледі. Материалдар есебінің одан әрі жүргізілуін оперативтік –
бухгалтерлік әдіспен байланысты болады. Бұл әдіс бойынша материалдарын
есебі тек қоймалық сорттық, сандық есеп карточкаларында жүргізіледі.
Оперативтік бухгалтерік есептеу әдісін қолдану үшін міндетті түрде керек
жағдайлардың бірі есептеу жұмысына жоспарлы есептеу бағасы енгізу
қажеттілігі болып саналады. Материалдардың ағымдағы, яғни аналитикалық
есебі осы бағамен жүргізіледі. Материалдар синтетикалық шотта нақтылы
өзіндік құнмен есептелінеді.
Ай соңында қойма меңгерушісі осы ведомосқа қоймадағы карточкалардан
материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын
көшіріп жазады. Кей жағдайларда шаруашылық ұйымның қоймасы цех немесе
бөлімшеде алыс жерде орналасқан жағдайда ведомосқа материалдардың қалдығын
көшіріп жазу бухгалтерия қызметкерлеріне немесе есептеу операторларына
жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар материалдарға жауапты адам олардың
қалдықтарының ведомосқа дұрыс көшірілуін тексеріп шығып, қол қояды. Егер
есепті ай бойы кәсіпорында материалдар кіріске алынбаған және шығыс
етілмеген болса оларды бұрынғы қалдық саны мен соммасы жаңа айға көшіріліп
жазылады.
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтериядан ондағы көрсетілген
материалдардың алынған немесе алынып болмағанына қарамастан лимиттік –
заборлық карта жазып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп
карточкасының барлығын тапсырылуы керек. Алынып болмаған материалдар үшін
келесі айға жаңа лимитті – заборлық карта жазып береді. Қоймашы
материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде
жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның
тұрақты қоры мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланбай жатқан материалдар
жайы деректер беріп отырады. Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін
бухгалтерия бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі – жиі
қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы
құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін
жеке карточкадағы материалда қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыру
қажет. Карточкадағы жарылғы операциялардың дұрыстығы және оны тексергені
жайлы бухгалтерия қызметкері есеп картоскасының тиісті жолына қол қояды.
Қоймалық сорттық карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушінің
бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің
негізінде жүргізіледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша
бухгалтерия қызметкері әр операция дұрыстығын тексергені және құжатты
қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды
қабылдау өткізу регистрін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма
немесе цех қоймасы шаруашылық ұйымы басқармасынан қашық жерде орналасқан
жағдайда жүргізілген операциялардың дұрыс жүргізілуі орталық бухгалтерияда
тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары белгіленген
уақытта регистрлармен бірге бухгалтерияға табыс етуілуі керек. Шаруашылық
ұйымның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма басшысы белгіленген күні
бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық ведомосын
тапсыру керек. Ведомость құрамында өзгерісі бар материалдардың сандық
қалдығы көрсетіледі. Ведомосқа цех, қойма, бөлімше бастығы, және ол құжатты
толтырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін ведомостың бір
данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескерту мен қоймаға қайтарылады.
Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықты әдіспен
жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасы мен қатар үлгілі түрі М – 20
қоймадағы материалдар қалдығын есептеу ведомосы жүргізіледі. Қойма
меңгерушісі карточкалардағы әрбір ай ішіндегі жинақты деректері бойынша
материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы
ведомосқа көшіріп жазады. Ведомоста материалдар қоймалық есепте қаралған
және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда
материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай
аяғына қалған материалдардың жалпы соммасы анықталады. Егер пайдаланылатын
материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған қолын
тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы бостауға болады. Мұндай
карточкалар тек бір айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады.
Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған
материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Егер қоймадағы қорлардың
қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда
қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарласу тиіс. Бұл
мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының
ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданады. Ол нақты қалдық қордың
белгіленген қалдықтарынан ауытқушылығын бақылау үшін және қозғалыссыз
жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп
қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша
жасайды. Анықтама деректерді еңгізудің өлшемдері субъектінің материалдық –
техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.
Жетіспеушілектермен материалдық жағынан жауапты адамдардың
қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай – ақ іріктеп тексерулер мен
өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас
бухгалтерге хабарлау тиіс.
Қорлар есебін түгендеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы
күйіне олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алыну қамтамасыз ететін
бақылаудың бір тәсілі. Ол меншік нысана, қызмет түріне жеке жұмыстың
режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіледі.
Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:
- жылдық есеп беру алдында;
- материалдарға жауапты адамның ауысуына байланысты;
- материалдық запастар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда;
- ұйым қаралғанда және т.б.
Түгендеу жұмысын жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығы мен
орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын басшысы
немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша
жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия
ұйымдастырып және басқарып отрады.
Ұйым басшысының бұйрығы мен түгендеу жүргізу оның бастаулы және
аяқталу мерзімін жауапты адам тағайындалады.
Түгендеу комиссия қорлардың тізімін жасайды. Түгендеу тізімі
қорлардың (шикізаттың, материалдардың, дайын өнімнің және басқалардың)
нақты қолда барын көрсету үшін қолданады. Түгендеу тізімін комиссия
материалдық запастардың әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты
адамнан қолхат алынады, ол үлгінің бас жақ бөлігінде көрсетілген. Қорлар
есебін тексеру тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық нөмірі,
түрі, тобы, артикулы, сорты және саны көрсетіледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру
Қорлар есебінің талдауы
Материалдық қорлар
Тауар- материалдық қорлар есебі
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі және талдауы
Қоймадағы қорлардың есебі
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Пәндер