Тұлға дамуын диагностикалау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Тұлға дамуын диагностикалауға қатысты практикалық жағдай

1. 1 Диагностикалау ұғымы . . . 5

1. 2Тұлғаның даму процесі . . . 7

1. 3 Тұлға дамуына әсер ететін факторларды диагностикалау негізінде анықтау . . . 12

2. Тұлғаны диагностикалауға қатысты теориялық мәселелер

Қазіргі уақыттағы тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиелер . . . 18

3. Тұлғаны диагностикалауға қатысты әдістемелік нұсқаулар . . . 20

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Кіріспе

Өзектілігі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр.

Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдалса, Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген.

Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс. Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты.

Адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік саналар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Жеке тұлғаныңдамуы мен қалыптасуына қоршаған орта мен қоғам әсер етеді. Осы күнгі педагогикада жеке адамның дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер төмендегіше: адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына табиғи қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен, дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың ролі басымдау. Жеке адамның дамудың ықпалды көзі-тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор болып табылады. Тұлға адамның әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы, белсенді іс-әрекетпен араласу.

Тұлға дамуын жетілдіру қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болғаны анық. Әсіресе қоғам дамуын тұлға дамуымен барынша тығыз байланыстырып отырған қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында бұл аса өткір мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесі білімді тереңдетуге бағытталған ұмтылысын сақтай отырып, өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани - адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту заман талабы.

Зерттеу мәселесі : тұлға дамуын диагностикалау.

Зерттеу мақсаты : тұлға дамуын ұйымдастырудағы диагностикалау ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу нысаны: тұлғаны дамыту үрдісі.

Зерттеу мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылады:

- Педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемаларды қарастыру;

- Тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиені зерттеу;

- Тұлғаны диагностикалау әдістемесін анықтау.

Зерттеудің болжамы . Егер педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемаларды қарастырылып, тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибие зерттелсе, онда тұлға дамуын дұрыс жүзеге асыратын білім беру мақсаттарына тиімді қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады, демек тұлға ретінде даму сапасы артады.

Зерттеу әдістері : Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сараптау, жалпылау әдістері, диагностикалық әдістер, зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында талдау, қорыту, жинақтау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тұлға дамуын диагностикалауға қатысты практикалық жағдай

1. 1 Диагностикалау ұғымы

Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К. Д. Ушинский: «Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен.

Диагностика (грек сөзі: диа - ашық, айқын жəне гнозис - білу) - зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.

«Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді. Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады. Диагностика үрдісінде оқытудың нәтижесі ғана анықталып қоймай, сол нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады. Олай болатын болса, білім жүйесіндегі өзгеріс, яғни 12-жылдық білім жүйесіне көшу, біздің алдымызға келелі міндеттерді қойып, сол міндеттерді шешудің жолын қарастыруды талап етеді.

Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.

Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды[1] .

Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер - оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т. б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.

Мысал ретінде чех психологы Й. Иырасектің алты жасар балалардың ойлау қабілетін анықтауға жəрдемін тигізер тесттерді кейбір өзгерістер енгізілген үлгісі:

1. Қай жануар үлкенірек - жылқы ма, ит пе?

Жылқы -0, қате жауап-5.

2. Күндіз оқимыз, ал түнде… ?

Ұйықтаймыз-0, ойнаймыз, сабақ оқимыз жəне т. б. -3.

3. Күндіз жарық, ал түнде …. ?

Қараңғы -0, қате жауап -4

4. Аспан көк, ал шөп…?

Жасыл -0, қате жауап- 4.

5. Алма, алмұрт, шие… бұл не?

Жеміс -1, қате жауап-1.

6. Неліктен адамдар өтетін жолда қызыл бағдаршам жанады?

Сақтандыру үшін, т. т. -0, қате жауап-1.

7. Сағат неше? (қағаз сағатта: жетіге 25мин. қалды, 5мин. кем 8,

он екіге 5мин. қалды) .

Жақсы көрсетілген -4, бір ғана уақыт көрсетілген-3, білмейді-0.

8. Мəскеу, Алматы, Астана деген не?

Қалалар -1, станциялар-0, қате жауап-1.

9. Кішкентай сиыр-бұзау, кішкентай ит …, кішкентай қой …?

Күшік, қозы -4, екеуінің біреуі-0, қате жауап -1.

10. Ит мысыққа не тауыққа ұқсай ма? Несімен ұқсайды?

Мысыққа (бір белгісі жеткілікті) -0, мысыққа ұқсас (белгі келтірмей-ақ) -1, тауыққа -3.

11. Автомобильдерге тежегіш неге керек?

Екі себеп (таудан түскенде, тоқтау үшін жəне т. б. ) -4, бір себеп-0, қате жауап-1.

12. Балға мен балта несімен ұқсас?

Екі ұқсастық-3, бір ұқсастық -2, қате жауап-0.

13. Жолбарыс пен мысық несімен ұқсас?

Екі ортақ белгі -3, бір ұқсастық -2, қате жауап-0.

14. Шеге менен винт немен ажыралады?

Винттің тілімі бар-3, винттің гайкісі бар-2, қате жауап-0.

15. Футбол, волейбол, суда жүзу -бұл …?

Спорт (дене шынықтыру-3, ойындар (жаттығу, жарыс) -2, қате жауап -0.

16. Қандай автокөліктерді блесің?

Үш жол көлігі жəне ұшақ не корабль-4, жəрдемдесумен жауап-2, қате жауап-0.

17. Кəрі жас адамнан қалай ажыратылады?

Үш белгі-4, бір не екі ерекшелік-2, қате жауап (таяғы бар, шылым шегеді) -0.

18. Адамдар неге спортпен шұғылданады?

Екі себеп-4, бір себеп-2, қате жауап-3.

19. Неліктен сабақтан қашу жаман?

Дұрыс жауап -2, қате жауап-0.

20. Неліктен хат конвертіне марка жабыстыру керек?

Тасудың төлем ақысы -5, айыппұл төлемес үшін-2, қате жауап-0.

Тест нəтижесі - жеке сұрақтарға берілген балл қосындысы.

Нəтижелердің сарабы (классификациясы) :

өте жақсы… +24 жəне одан жоғары

жақсы …+14 +28 дейін

қанағаттанарлық… +0 +13 дейін

жаман … -1 -10 дейін

өте жаман … -11-дан төмен[2] .

Психолог Й. Иырасектің тесті бойынша оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы сияқты сапаларын зерттеп, диагностикалай аламыз. Бұндай тесттер балалардың ойлау қабілетін анықтауға жəрдемін тигізеді.

1. 2 Тұлғаның даму процесі

Адамның тұлға ретінде дамуы оның «өмірлік жолының» жалпы контексінде жүреді (С. Л. Рубинштейн) ол «белгілі қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы және белгілі бір ұрпақтың құрдасы ретінде дамуының» тарихы ретінде анықталады. Б. Г. Ананьев бойынша, өмірлік жолдың белгілі кезеңдері бар, олар өмір сүру түрі, қарым-қатынастар жүйесі, өмірлік бағдарламасында және т. б. болап жатқан өзгерістермен байланысты. «Өмірлік жолдың кезеңдері онтогенездің жас ерекшеліктік сатыларына өз әсерін тигізеді, оның әсер ету деңгейі соншама, қазіргі уақытта кейбір жас ерекшеліктік сатылар өмірлік жолдың кезеңдері сияқты белгіленеді, мысалы, мектеп алды, мектепке дейінгі және мектеп шағындағы балалық».

Тұлғаның «индивидті әлеуметтендіру» процесі ретінде дамуы отбасының, жақын қоршаған ортаның белгілі әлеуметтік жағдайында, аймақтың, мемлекеттің белгілі әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайында, өзі соның өкілі болып табылатын халықтың этникалық, әлеуметтік мәдени, ұлттық дәстүрлерінің жағдайында жүзеге асырылады. Бұл тұлғалық дамудың макрожағдаяты. Сонымен бірге, өмірлік жолдың әрбір кезеңінде, Л. С. Выготский атап өткендей, баланың өзіндік қатынасы мен оны қоршаған әлеуметтік өмір шындығының қатынасы ретінде дамудың белгілі әлеуметтік жағдаяттары қалыптасады. Л. С. Выготский бойынша, дамудың әлеуметтік жағдаяты «тұлғаның жаңа қасиеттерін бойына сіңіру үшін бала бағыт ететін жолдар мен формаларды толығымен анықтайды, ол оны дамудың негізгі көзі - әлеуметтік өмір шындығынан алады, бұл әлеуметтіктің индивидуалды болатын жолы».

Қарым-қатынастар жүйесін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі деңгейлерін, әрекеттің әртүрлі типтері мен формаларын қамтитын дамудың әлеуметтік жағдаяты тұлғалық дамудың негізгі шарты санатында қарастырылады. Бұл жағдаятты адам өзінің қоршаған ортадағы орынын оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтінін түсінгеннен соң өзгертуге тырысатыны сиқты өзгерте алады. Егер бұл болмаған жағдайда, онда баланың өмір сүру дағдысы мен оның мүмкіндіктерінің арасында ашық қарама-қайшылық туады (А. Н. Леонтьев) .

А. В. Петровскийге сәйкес, дамудың әлеуметтік жағдаятының өзі, немесе одан да кең түрде - әлеуметтік орта тұрақты немесе өзгеріп отыратын бола алады, бұл дегеніміз баланың, адамның өмір сүретін әлеуметтік бірлестігіндегі салыстырамалы тұрақтылық пен өзгерістеді білдіреді. Осы бірлестіктің өміріне баланың әлеуметтік жан ретінде енуі үш кезеңнен өтуді ұйғарады: осы бірлестікте қолданылатын нормалар, өзара әрекеттесу мен әрекеттер формаларына бейімделу; «индивидтің ең жоғары дәрежеде дербестендіру қажеттілігі» мен тұлғаның осы бірлестікте ықпалдасуын қанағаттандыру ретінде дараландыру. Егер дараландыру «өз жеке тұлғасын белгілеу үшін құралдар мен әдістерді іздеумен» және осы ұмтылыс пен бейімделудің нәтижесі арасындағы қарама-қайшылықтарды жоюмен сипатталса, онда интеграция «субъекттің өзінің ерекшеліктері және осы бірлестікте өзіне маңызды өзгешеліктермен идеалды көрінгісі келетін алдыңғы сатыда қалыптасқан ұмтылысы мен бірлестіктің субъектке тән жеке ерекшеліктердің ішіндегі тек оған ұнайтын, және оның құндылықтарына сәйкес келетін, бірлесіп атқарған қызметте табысқа жеткізетін және т. б. ерекшеліктерді ғана қабылдау, құптау және енгізу арасындағы қарама-қайшылықтармен детерминирленеді». «Баланың өмір сүріп жатқан нақты әлеуметтік жағдаятында» (А. Г. Асмолов) жетекші әрекет шеңберінде жүзеге асырылу үстіндегі бірлескен әрекет, тұлғаның кез-келген әлеуметтік жағдаятында дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Баланың интеллектуалдық дамуындағы сияқты тұлғалық дамуы да жалпы мінез құлықтың және мінез-құлықтың белгілі жағдайлардағы реакцияларының еркіндігінен, қарқындылығынан оның реттелуіне қарай жүреді. Бұл беталыс баланың өз мінез-құлығын басқара алу, саналы түрде мақсат қою, қиыншылықтар мен тосқауылдарды жеңіп, оларға жетудің жолдары мен құралдарын әдейі іздеу іскерлігімен көрінеді. Ырықтылық пен өзін-өзі реттеу - баланың интеллектуалдық-тұлғалық дамуының өзекті бағыты. Мінез-құлықтың еркіндігі сыртқы реттеуден өзін-өзі реттеуге біртіндеп ауысуға негізделеді. Бұл беталыс сыртқы бақылау мен бағаланудан туатын өзін-өзі бақылауда әсіресе анық байқалады. Жас ерекшелік психологиясының осы ережелерін тәжірибелі мұғалімдер мектеп оқушыларының білімін бақылау мен бағалауды ұйымдастыруда үнемі назарға алады. Сырттықтан ішкіге, мұғалімнің ұйымдастырған әрекетінен оқушының оны өзін-өзі ұйымдастыруына - бұл мектеп оқушысының тұлғалық дамуы мен өзін-өзі дамытуының сара жолы.

Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, Л. И. Божовичтің зерттеулерінде баланың тұлға ретінде дамуы тұлғалық жаңа қасиеттердің біртіндеп қалыптасуымен анықталады. Л. И. Божович баланың тұлғалық дамуының бес жас ерекшеліктік кезеңдерінің ішінде талдауын келтіреді. «Бірінші өмір жылында ең басты, яғни тұлғалық жаңа қасиеттер болып қоршаған ортаның әсер етуіне қарамастан баланың мінез-құлығын тудыратын аффектті қуатталған көріністердің пайда болуы саналады» Л. И. Божович бұл көріністі «түрткі болушы» деп атаған. Оның әсері баланы «сыртқы әсерлердің тегеуірінен» босатады. Алайда, ол оны әлі түсінбейді, бірақ ол субъект бола бастайды. Үшінші өмір сүру жылында, яғни ерте балалық шақтың аяғында «маңызды жаңа қасиет …«МЕН» жүйесі болады және осы жаңа қасиеттен туатын өзі әрекет жасау қажеттілігі болады», ол «Мен өзім» формуласы бойынша беріледі. «Жүзеге асыру қажеттілігі мен өзінің Мен дегенін бекіту … басымды болады». Бұл кезеңде - «келеді» және «керек» деген екі күш бетпе-бет келеді. Өзіндік сана сезімнің қалыптасуы жүреді.

7-8 жасқа дейінгі кезеңді Л. И. Божович баланың «әлеуметтік индивид» ретінде қалыптасуымен байланыстырады. «Онда жаңа өмірлік позиция пайда болып, осы позицияны қамтамасыз етуші қоғамдық-маңызды қызмет қажеттілігі туады». 12-14 жасқа таман «нысананы көздеу қабілеттілігі» қалыптасады, яғни саналы мақсаттарды анықтау және қоя білу, ал 15-16 жаста - «өмірлік болашақ» қалыптасады.

Л. И. Божовичтің қарастырған жас ерекшеілік кезеңдері 1-ші және 3-ші жылдардағы өмірдегі, 7 жастағы және жасөспірімдік жастағы дағдарыстармен сәйкес келеді. Педагогикалық тәжірибе үшін Л. С. Выготскийдің жоғарыда келтірілген ережелерін ескеретін негізгі және маңызды қорытынды - педагог оқушылардың тұлғалық дамуының осы ерекшеліктерін ескеруі қажет. Бұл мектеп оқушыларының жас ерекшелік дағдарыстарының шиеленесуін шешуге, фрустрацияның (психикалық шиеленіс, алаңдаушылық және т. б. ), жүйкенің тозуы пайда болуының алдын алу.

Бала тұлғасының дамуын дұрыс түсіну үшін осы процестің ерте кезеңдері (7 жасқа дейін) ерекше қызығушылық туғызады. Бұл сөздің шынайы мағынасында «персоногенез», яғни тұлғаның қалыптасуы мен жеке дамуы. Осы проблеманы зерттеушілердің бірі В. С. Мухина тұлғаның дамуын баланың өзіндік сана сезім құрылымын деңгейлік, сатылап қалыптастыру ретінде қарастырады. Бұл құрылымда 5 буын бар: жалқы есім және дене, өзін мойындатуға ұмтылу, жыныстық сәйкестендіру, психологиялық уақыт және тұлғаның әлеуметтік кеңістігі. В. С. Мухина бойынша, тұлға дамуының механизмдері сәйкестендіру, оқшаулану және олардың өзара әрекеттесуі болып табылады. Автор атап өткендей, «қоғам мен тұлға үшін жалпы маңызды құндылық болып адамның өзіндік сана сезімінің құрылымы болады, оны жалқы есім, өзін-өзі бағалау және . . . , өзін белгілі бір жыныстың өкілі ретінде ұсынуы, өзін уақытта елестетуі (өткен, осы, және болашақта), өзін құқық пен міндеттерге қатысты бағалау». В. С. Мухина мен оның оқушыларының жүргізген зерттеулері мұғалімнің оқушыға қаншалықты мұқият болуын көрсетеді. Бірінші сынып оқушысымен қарым-қатынас жасаудың формасын таңдағанда, әсіресе, алты жастық оқушыға, баланы тегімен (фамилиясымен) атаса, ол оны «жатсынтады» - себебі, ол өзінің есіміне үйренген. В. С. Мухина мұғалім оқытудың басында балаларға (әсіресе, жайсыз отбасыларанан шыққан) есімін атап, «Петя, сен жарайсың!», «Маша, бүгін үздік!» және т. б. деп баланың әрекеттерін жақсы бағалаудан қорықпауы керек. Өзін ұл немесе қыз бала ретінде сезініп, бала мұғалімнің көмегімен өзінің жыныстық (әлеуметтік) позициясын қалыптастырады. Ұл бала күшті болуы керек, ол қызды қамқорлыққа алуы, оған көңіл бөлуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға дамуындағы диагностикалау
Тұлға дамуын диагностикалауға қатысты практикалық жағдай
ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
Педагогикадағы тұлғаның дамуы
Психодиагностиканың ғылыми - әдіснамалық негіздері
С.Дюлленгердің психо-геометриялық тесті арқылы тұлғаны диагностикалау
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы балалармен жұмысы
Психодиагностика туралы түсінік
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz