Теңіздің геологиялық әрекеті



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1. Теңіздің геологиялық әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2. Теңіздің геологиялық әрекетінің бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.3. Теңіз шөгінділері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.4. Мұхит суының химиялық құрамы, температурасы, тұздылығы және географиялық белдемділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.5. Мұхит түбі бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.6. Мұхит геохимиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Жердегі бір-бірімен жалғасқан теңіздер мен мұхиттардағы барлық су массасы Әлем мұхиты деп аталады. Оның көлемі 1,5млрд км3 шамасында. Әлем мұхиты Жер бетінің 2/3 бөлігін (71% шамасында) алып жатыр. Осыған байланысты теңіздер ең басты экзогендік фактор ретінде қарастырылып, олардың геологиялық әрекетін зерттеудің маңызы артады. Жер қыртысының құрамына кіретін шөгінді таужыныстардың көп бөлігі теңізде түзілген шөгінділерден жаралғаны белгілі. Олардың жиналу және түрлену механизмін түсіну үшін қазіргі теңіз сушараларындағы шөгінді жиналу ерекшеліктерін зерделеу қажет. Теңіздер мен мұхиттарды түбегейлі зертгеудің қажеттілігі, олардың түбі мен қойнауларында әр түрлі пайдалы қазбалар, атап айтқанда мұнай, газ, фосфорит, темір мен марганец кендері және т.б. болуына байланысты. Континенттік қайран (шельф) Әлем мұхитының 7,6% шамасындағы ауданын алып жатыр. Ол жаға бойымен ондаған километрден жүздеген километрге дейінгі екі жолақ түрінде созылып жатады. Континенттік қайраң континенттердің су астындағы жалғасы болғандықтан, олардың геологиялық құрылысы да ұқсас болады және тереңдігі де шамалы. Осыған байланысты, кенорындарды іздеу мен барлау тұрғысынан қарағанда қайраң айрықша қызығушылық туындатады. Континенттік беткей өзінің түбінің күрт төмен батуымен сипатталады, еңістік бұрышы 15°-қа дейін жетеді, кейде одан да асады. Ең үлкен аудан (Әлем мүхитының 76,2%-і) мұхит табаны алқабының үлесіне тиеді, ол континенттік етек пен абиссал жазықтарды қамтиды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Абдулин А. А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. Алматы, Ғылым, 1994.
2. Аманниязов К. Н. Палеогеография и полезные ископаемые Средней Азии. Ашхабад, 1989.
3. Аманниязов К. Н., Амурский Г. И. и др. Геологические предпосылки нефтегазоносности Туранской плиты и юго-западного Гиссара. Ашхабад, 1991.
4. Аманниязов К. Н., Крымгольц Г. Я., и др. Полевой атлас руководящих ископаемых Западной Туркмении. Ленинград, 1968.
5. Аманниязов К. Н. и др. Атлас Палеогеографий СССР, т. IV, Юра Туркменистана. Москва, 1968.
6. Гаврилов В. П. Историческая и региональная геология, Москва, Недра, 1979.
7. Горшков Г. П., Якушева А. Ф. Общая геология. Учебник, Москва, МГУ, 1981.
8. Есенов Ш., Кунаев Д., Мухамеджанов С. Недра Казахстана. Алма-Ата, 1968.
9. Еремин А. В. Геология. Москва, 1971.
10. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1-12 т.т.
11. Қазақстан мұнай газ энциклопедиясы. Лондон - Алматы, 2000.
12. Мильничук В. С., Арабаджи М. С. Общая геология. Москва, 1979
13. Нурсултанов Г. М., Абайұлданов Қ. Н. Мұнай және газды өндіріп, өндеу. Алматы, 2000.
14. Сейітов Н. Геология негіздері. Алматы, 2000.
15. Тұяқбаев Н., Арыстанов К., Әбішев Б. Жалпы геоло¬гия курсы. Алматы, 1995.

МАЗМҰНЫ:
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1. Теңіздің геологиялық әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2. Теңіздің геологиялық әрекетінің бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..10
2.3. Теңіз шөгінділері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4. Мұхит суының химиялық құрамы, температурасы, тұздылығы және географиялық белдемділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.5. Мұхит түбі бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.6. Мұхит геохимиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

І. КІРІСПЕ

Жердегі бір-бірімен жалғасқан теңіздер мен мұхиттардағы барлық су массасы Әлем мұхиты деп аталады. Оның көлемі 1,5млрд км3 шамасында. Әлем мұхиты Жер бетінің 23 бөлігін (71% шамасында) алып жатыр. Осыған байланысты теңіздер ең басты экзогендік фактор ретінде қарастырылып, олардың геологиялық әрекетін зерттеудің маңызы артады. Жер қыртысының құрамына кіретін шөгінді таужыныстардың көп бөлігі теңізде түзілген шөгінділерден жаралғаны белгілі. Олардың жиналу және түрлену механизмін түсіну үшін қазіргі теңіз сушараларындағы шөгінді жиналу ерекшеліктерін зерделеу қажет. Теңіздер мен мұхиттарды түбегейлі зертгеудің қажеттілігі, олардың түбі мен қойнауларында әр түрлі пайдалы қазбалар, атап айтқанда мұнай, газ, фосфорит, темір мен марганец кендері және т.б. болуына байланысты. Континенттік қайран (шельф) Әлем мұхитының 7,6% шамасындағы ауданын алып жатыр. Ол жаға бойымен ондаған километрден жүздеген километрге дейінгі екі жолақ түрінде созылып жатады. Континенттік қайраң континенттердің су астындағы жалғасы болғандықтан, олардың геологиялық құрылысы да ұқсас болады және тереңдігі де шамалы. Осыған байланысты, кенорындарды іздеу мен барлау тұрғысынан қарағанда қайраң айрықша қызығушылық туындатады. Континенттік беткей өзінің түбінің күрт төмен батуымен сипатталады, еңістік бұрышы 15°-қа дейін жетеді, кейде одан да асады. Ең үлкен аудан (Әлем мүхитының 76,2%-і) мұхит табаны алқабының үлесіне тиеді, ол континенттік етек пен абиссал жазықтарды қамтиды.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Теңіздің геологиялық әрекеті

Жер бетінің 23 бөлігін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр.
Теңіз, мұхит сулары үздіксіз, қозғалыста болып, жер үстінің рельефінің пайда болуына, тау жыныстарының ұнтақталуына үлкен әсер етеді.
Теңіз, мұхит түптері оның тереңдігіне және рельефіне байланысты:
- литораль, сублитораль - теңіз, мұхит жағалаулары;
- материктік шельф (қайран, тереңдігі 0-200 м),
- континенталдық беткей (батиаль, 200-2000 м),
- мұхит түбі (абиссаль 2000-6000 м),
-терең сулы шұңғымалар (6000-11022 м) деп ажыратылады(1.1-сурет).
-мұхиттардың орталық бөлігінде орналасады (1.1-кесте).
1.1-кесте
Мұхиттар рельефінің ауданы:
Шельф
8%
Континенталдық беткей
3-15%
Мұхит түбі
51%
Шұңғымалар, рифтік жоталар
17%

Жер бетінің 70,8%- алып жатқан мұхиттар мен теңіздерде судың орасан зор массасы (1,37 млрд. км3) шоғырланған. Су тұрақты түрде үздіксіз қозғалыста бола отырып, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Құрлықтан ерітінділер турінде әкелінген бүкіл материалдар сулы ортада тұнып, әр түрлі шөгінді тау жыныстарын түзеді.
Сонымен бірге теңіз суы мен мұхит сулары суда өмір сүретін органикалық дүниенің тіршілік ортасы болып саналады.

1.1-сурет. Карст пішіндерінің схемалық көріністері:
1-карралар; 2-карстық ойық шұңқыр; 3-апан шұңқыр (понор); 4-карстық құдық; 5-карстық шахты; 6-карстық саңылау (полость); 7-үңгір (пещера).

Жағаға таяу саяз сулы (0-200 м) аймақтар шельфті аймақ деп аталады. Олар континенттердің су астындағы жалғасы болып табылады. Теңіздер мен мүхиттардын жалпы ауданының 7,6% ті шельфтердің үлесіне тиеді, 200 м-ден 2000 -ге дейінгі тереңдікте -- материктік беткей, 2000 м-ден 6000 м-ге дейінгі аралық -- мұхит шарасы (мұхиттық аймақ), 6000 м-ден 11000 м-ге дейінгі тереңдікте терең сулы шұңғымалар мен мұхит орталық тау жоғалары орналасады. Мұхиттық жоталардың орталық бөлігінде мыңдаған км-ге созылған аса терең жарылыстармен шектелген рифттік аңғарлар орналасады.
Теңіз, мұхит суларының әрекеттері абразиялық процесс деп аталады. Абразиялық процестер нәтижесінде теңіз түбінде, тез ұнтақталу, опырылу, тау жыныстарының кесек-кесек бөлшектену процестері күшті болады (1.2-сурет).
Мұхиттар мен теңіздерде өмір сүріп, тіршілік ететін организмдердің түрлері жалпы үшке бөлінеді.
Бентос - теңіздің құрлықтың саяз келген су алқаптарында (саз-топырақ арасында) тіршілік ететін организмдер. Бентос фитобентос (өсімдік) және зообентос (жануарлар) болып бөлінеді. Зообентос жануарларының мынадай түрлері бар: инфауна - грунт арасында тіршілік ететіндер (көпқылтанды құрттар, қос жақтаулы моллюскілер, тікенектерілілер, т.б.); онфауна - грунт бетінде тіршілік ететіндер (моллюскілердің көпшілік түрі, шаянтәрізділер, т.б.); эпифауна - су түбінде грунтқа бекініп тұратындар (губкалар,гидроидтар, маржандар, мшанкалар, т.б.).
Теңіз түбінің 1 м2 ауданына келетін Бентос биомассасы бірнеше мг-нан (терең суларда), ондаған кг-ға жетеді (тайыз суларда).
Тұщы суқоймаларында Бентостар теңіздегіден аздау және оның құрамы біркелкі келеді. Мұнда қарапайымдылар, азқылтанды құрттар, сүліктер, су жәндіктерінің дернәсілдері болады.
Бентостармен көптеген балықтар, ескекаяқтылар қоректенеді. Олар тамақ және жеңіл өнеркәсібінде пайдаланылады

1.2-сурет. Әктастардағы карст. Қанға баба.

Тұщы су зоопланктонында ескекаяқты және бұтақмұртты шаяндар мен коловреткалар көп болады. Теңіз зоопланктонында негізінен шаянтәрізділер, қарапайымдар, ішекқуыстылар, моллюскалар, т.б. омыртқасыздар басым келеді.
Фитопланктон фотосинтез процесі жақсы жүретін судың жоғары қабатын, негізінде 50-100 м тереңдікті мекендейді. Ал бактериялар және зоопланктондар судың барлық қабатында кездеседі. Теңіз фитопланктоны диатомдық балдырлардан, талшықтылардан; ал тұщы суда диатомдық, көк-жасыл, жасыл балдырлардың кейбір түрлерінен тұрады. Фитопланктон -- судағы гетероторфты жануарлар мен бактериялар қоректенетін негізгі продуцентті органикалық зат. Бұлардың су айдындарында көп болуы -- су қабаттарындағы биогенді заттарға (фосфат, азотты қосылыстар, т.б.) байланысты.
Судағы планктон мөлшері олармен қоректенетін жануарлар, су ағысы, жыл мерзімі, т.б. көптеген жағдайларға байланысты бірнеше км-ден бірнеше м-ге дейін өзгеріп отырады.
Планктон шектен тыс көбейіп кетсе, су көк түске боялады, кейде улы заттар да түзіледі.
Көптеген планктон жануарлар тұрақты түрде қоныс аударады (миграция), соның нәтижесінде судың беткі қабатындағы қоректік заттар су түбіне ауысады. Кейбір планктонды организмдер су айдындарының ластануының индикаторы болып есептеледі.
Араларында кәсіптік маңызы бар түрлері де жеткілікті. Мысалы, креветкалар, мизидтер, крильдер (эвфаузиидті шаян), т.б.
Нектон -- суда қалқып журіп тіршілік ететін омыртқалы организмдер. Нектондарға балықтар, кальмарлар, киттәрізділер, теңіз жыландары, сондай-ақ құрлықта көбейгенімен суда қоректенетін жануарлар (ескекаяқтылар, теңіз тасбақалары, пингвиндер, тағы басқа) жатады. Бұлардың денелері сүйір болады және қимыл-қозғалыс органдары жақсы жетілген. Мұхиттық
Нектондар - эволюцияның даму барысында кейіннен пайда болған жануарлар. Мысалы, балықтар палеогенде, ал басаяқты моллюскалар мен сүтқоректілер неогенде қалыптаса бастады.

2.2. Теңіздің геологиялық әрекетінің бағыттары

Теңіздің геологиялық әрекеті екі бағытта (бұзушылық және жасампаздық) жүріп жатады.
Бірінші бағыттағы процестерге абразиялық, ал екінші бағыттағы әрекеттерге туну, шөгу процестері жатады.
Теңіздің бұзушылық әрекеті (абразиялық) желден пайда болған толқындардың, теңіздің тасуы (трансгрессия) мен қайтуы (регрессия) кезіндегі толқындардың, теңіз ағыстарының әрекетіне байланысты байқалады.
Ең күшті бұзушылық әрекет толқындар үлесіне тиеді. Теңіз толқыны су бетінде күштірек байқалады.
Толқын күші біртіндеп баяулай келе теңіздерде -- 100 м, мұхиттарда -- 200 м тереңдікке дейін таралады.
Ең пәрменді күш -- соқпа толқындар күші.
Соқпа толқын жағаға жақын келіп, жылдамдығы азайған кейде биіктігі арта түседі де, жағадан кері төңкеріліп кері бағыттағы қума ағысты тудырады.
Абразиялық процесс кезінде бір мезгілде үш түрлі фактор әрекетке араласады:
1) толқындардың гидравликалық соққысы (жағаға түсетін динамикалық қысым күші ~ 10 тм2);
2) толқын үйіріп әкеткен тау-тастардың кесек бөлшектерінің соққылары мен үйкеліс әрекеттері (ірі тастардың салмағы кейде 100 т-дан астг.м келеді);
3) судың химиялық әсері.
Су тау жьшыстарыа ерітеді және тау жыныстарының құрамын құрайтын минералдармен реакцияға араласады.
Тау жыныстарының бұзылуына теңіз жәндіктері мен өсімдіктер дүниесі де әсеріп тигізеді. Абразиялық әрекеттер тіршіл келген құзды-жақпартасты жағаларда күшті байқалады. Мұнда ең алдымен жағадағы жартастардың етегінде шағын ойықтар пайда болады. Үйіріле соққан соқпа толқындардың күші артқан сайын кішігірім ойықтар кеңейе келе қуыстарға айналады. Мұндай қуыстардың одан әрі тереңдеуі үстіңгі беткейдің кері шегінуіне әкеліп соғады.
Осындай процесстердің нәтижесінде (жағалау сызығы судан біртіндеп шегіне келе) абразиялық терраса қалыптасады. Кейбір орындарда абразиялық террасаны мүжілген тау жыныстарының кесек бөлшектері жауып жатады. Олар біртіндеп қозғалысқа араласып уатылады. Домалай жылжып үйкелуден малта тасқа, қиыршық тасқа, құмға және одан да ұсақ бөлшектерге айналады. Кейінірек олар абразиялык террасадан алыстап көшіп қонады да, су астында аккумулятивтік терраса құрайды. Су толқындары жағаға келіп бұрыштай соққанда, тау жыныстарының кесек бөлшектері жағаны бойлай орын ауыстырады.
Ерімтал жыныстардан құралған жарқабақтар теңіз суында оңай еріп, оның төменгі жақтарында үңгір қуыстар, ал жоғарғы бөліктерінде кішігірім ойықтар пайда болады.
Шөгінді жыныстардан тұратын жағаларда байқалатын абразиялық әрекеттердің жылдамдығы жылына бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін жетеді.
2.3. Теңіз шөгінділері

Теңіз шөгінділері жалпы жер қыртысын құрайтын шөгінді қабаттардың 75%-ін қамтиды. Олардың жиналып қалыптасуы архей эрасынан басталып, қазіргі кезге дейін жүріп жатыр.
Теңіз шөгінділері - мұхиттар мен теңіздердің түбіне шөккен минералдық немесе органикалық тұнбалар. Бұл үш топқа бөлінеді:
1) жағалың, немесе литоралдың теңіз шөгінділері, 200 м тереңдікке дейін;
2) жартылай теңіздік, гемипелагиялық шөгінділер, 200-400 м тереңдікке дейін;
3) терең сулық шөгінділер.
Теңіз шөгінділері -- теңіздік суқоймалардың түптік шөгінділері. Теңіз шөгінділер аталымы тар ауқымда - тек жеке теңіз шөгінділері мағынасында және кең ауқымда - бүкіл дүниежүзілік мұхит шөгінділеріне қатысты (мұхит шөгінділері) қолданылады.
Шығу тегіне қарай т.ш. терригенді, биогенді, жанартаулық, хемогенді және полигенді болып бөлінсе, орналасу тереңдігіне қарай - литоральдық, нериттік, батиальдық және абиссальдық болып ажыратылады.
Олардың қатарына әк тастар немесе ізбес тастар, юломиттер, мергелдер, сазды, балшықты жыныстар аргиллиттер, алевролиттер және т.б. жатады. Тақта тастар, мәрмәр (мрамор) сияқты метаморфтық тау жыныстары да бұрынғы теңіз шөгінділері болған.
Теңіз түбінде жиналған тұнбалар терригендік, биогендік, хемогендік және вулканогендік болып ажыратылады.
Теңіздің тереңдігіне, оның түбіндегі бедер пішіндеріне, жағаның алыстығына, ағыс жылдамдығына, органикалық тіршілік жағдайларына байланысты теңіздік шөгінділердің құрамы мен құрылысы әр түрлі болып келеді.
Жағаға жақын, тайыз сулы ортада терригендік құмдар, малта тастар, кабыршақ тастар, ал толқын баяу жерлерде балшықтар, саздар, алевриттер жиналады.
Су астында кездесетін көтеріңкі жерлерде және шельфті аймақтарда әр түрлі биогендік шөгінділер, құмдар, эпиконтиненттік теңіздерде органикалық заттарға бай саздар, балшықтар мен алевриттер, мергелді, әкті, кремнийлі-лайлы тұнбалар түзіледі. Тайызсулы теңіз шөгінділерінің құрамында темір мен марганец рудалары, бокситтер және фосфориттер бірге кездеседі. Аутигендік кейбір минералдардың құрылымдық, текстуралық ерекшеліктері теңіз шөгінділерінің диагностикалық белгілері болып саналады.
Теңіз шөгінділерінің негізгі құрамы мен олардың таралу заңдылықтары гектоникалық режимге және климат жағдайының ерекшеліктеріне тығыз байланысты.
Тектоникалық режим теңіз алаптарының қалыпта-суына, теңіз түбі мен теңіз жағалауларының бедер пішіндеріне, трансгрессиялық-регрессиялық процестергг, шөғінді жыныстардың түзілу жылдамдығына және оныд қалыңдығына әсерін тигізеді. Гумидтік аймақтарда орналасқан теңіздерде терригендік (құм, алевролит), қоңыржай белдеулердің суық сулы алаптарында диатомдық лайлы-саздар, аридтік аймақтарда -- биогендік-карбонатты жыныстар, тропиктік аймақтарда маржанды-балдырлы рифтік комплекстер, мұз жапқан аймақтарда мұздық-теңіздік шөгінділер басым болып кездеседі.
Кембрийге дейінгі эраларда доломиттер, палеозойда хемогендік, мезозой мен кайнозой эраларында биогендік теңіз шөгінділері кеңінен таралған.
Теңіз шөгінділері болып саналатын темірлі кварциттер протерозой эрасында құралған.
Теңіз шөгінділері орналасу жағдайына қарай литоралдық, батиалдық, абиссалдық болып ажратылады.
Терригендік шөгінділер. Құрылық бетінің мұжылуы нәтижесінде бөлшектенген тау жынысы түйірлері мен кесектерінің түзілімдену алабына әр түрлі тасымалдау агенттері көмегімен (өзен ағындары, жел күші, ауырлық күші, мұздық қозғалысы т.с.с.) жеткізілуі нәтижесінде қалыптасатын шөгінділер; түйірөлшемдік мөлшері жағынан ірі кесекті түрлерінен тозаң шамалас үйық түйіршіктеріне шейінгі аралықтағы мөлшерлердің бәрі де ұшырасады.
Литоралдық немесе жағалаулық шөгінділер теңіз жағалауларында, су деңгейінің трансгрессиялық көтерілуі мен регрессиялық қайту әрекеттеріне байланысты түзіледі.
Олардыд құрамы қой тастар мен дөңоек тастардан, малта тастардан, құмды-сазды жыныстардан және алевриттен түрды. Кейде хемогендік және органогендік шөгінділер де кездесіп қалады.
Литоралдық шөгінділерден құралған геологиялық қима өте күрделі. Шөгінді қабаттардың құрамы тік және көлденед бағытта тез өзгеріп, тез алмасып отырады. Құмды жағаларда байланысты жағалық шөгінді белестер (бір немесе бірнеше) құралады.
Көне замандарда құралған литоралдық шөгінділердің құрамында көмір қабаттары кездеседі.
Сублиторалдық шөгінділер материктердің су астындағы 100 -- 200 м-лік тереңдігінде түзіледі. Олардыд құрамы қүрлықтағы үгілу продестерінің ерекшеліктеріне және су жиналатын тау жыныстарының минералдық құрамына байланысты.
Тау жыныстарының ең ірі кесек бөлшектері құрлыққа таяу жерлерде жиналады.
Теңіздің гидродинамикалық ерекшеліктеріне байланысты құм мен лайлы жыныстар шекарасы 25-50 м-ден 100-150 м-ге дейінгі тереңдіктерде байқалады.
Ірілі-ұсақтығына қарай шөгінді жыныстар төрт топқа бөлінеді:
1) ірі кесекті бөлшектерден құпалған псефиттер (дедбек тастар, қой тастар, малта тастар және қиыршық тастар);
2) құмды жыныстар -- псаммиттер (ірілі-ұсақты түйіршіктерден құралған кұмдар);
3) алевритті жыныстар -- алевриттер;
4) саз балшықты жыныстар -- пелиттер. Кейде ұлутастар-дан тұратын шөгінді қабаттар да кездеседі.
Материктердің су басып жатқан шеткі аймақтарында әк тасты (ізбестас) организм қалдықтарынан құралған органогендік немесе биогендік түзілімдер -- маржан рифтері жиі кездеседі. Олар -- жағалық, тосқауыл және атолды рифтер болып ажыратылады. Маржан рифтерінің өсуіне қажетті жағдай теңіз суының температурасы 18°С-тан төмен болмауын, су тұздылығын, тазалығын, су түбі жартасты болып, тереңдігі 40 -- 50 м-ге дейін болуын қажет етеді. Мұндай қолайлы жағдайлар Үнді және Тынық мұхиттарында көп кездеседі.
Хемогендік шөгінділер (нем. xemіs -- химия, грек. genos -- туыс, тек),химиялық тұнбалар -- ерітінді құрамындағы әр түрлі заттардың химиялық тұнуы нәтижесінде қалыптасқан түзілімдер. Олар нағыз және коллоидтық болып бөлінеді.
Хемогендік шөгінділер тау жыныстарының химиялық мору процесі мен жер асты гидротермалық және атмосфералық сулардың жер үстіне шығуынан пайда болады.
Климат жағдайына, суда еріген заттардың концентрациясына, олардың ерігіштік қасиеттеріне және судың температурасына байланысты мору орнында, су алаптарына (көл, атырау, батпақ, лагуна, шығанақ, теңіз, мұхит) шөгеді. Ылғал климат жағдайындағы тұздылығы қалыпты теңіздер мен тұщы көлдердің жағалауларына таяу жерлерде құраушы бөліктерінің ерімталдығы төмен темір, марганецкентастары, бокситтер, әктастар, яшмалар тұнады. Құрғақшылық белдеміндегі тұздылығы 15%-ға дейінгі алаптарда әуелі доломит, кейін флюорит, целестин, ал тұздылығы 20%-дан жоғарылағанда галит, одан әрі калий тұздары (сильвинит, карналит, полигалит, каинит, лангбейнит), оларға қоса бор, бром, сілтілі металдардың қосылыстары тұнады. Суында Na2CO3 пен бірге NaCl Na2SO4 болатын содалы көлдерде әуелі кальций, кейін доломит, магний силикаттары (керолит, сепиолит), тұздылығы жоғарылағанда термонатрит, тенардит, галит, т.б. тұздары тұнады. Na2SO4, MgSO4, CaSO4 мол, ал Na2CO3 жоқ сульфатты көлдерде әуелі кальцит немесе доломит, олардан кейін Ca, Na, Mg сульфаттары (гипс, тенардит, мирабилит, глауберит, астраханит), тұздылығы артқанда галит, эпсомиті тұнады. Суында CaCl2, MgCl2 бар, бірақ Na мен Mg сульфаттары жоқ хлоридті көлдерде Хемогендік шөгінділер аз кездеседі.
Хемогендік шөгінділер климат жағдайы ылғалды, тұздылығы орташа, теңіз жағалауларына таяу орындарда темір, марганец рудалары, бокситтер, фосфориттер, әк тастар, яшмалар түрінде түзіледі.
Континенттік шөгінділер - теңізден шалғай жатқан құрлықтарда және ондағы өзендер мен көлдерде жинақталған шөгінділер тобы. Континенттік шөгінділер әр түрлі климаттық, жер бедерлік және физикалық-географиялық жағдайлар әсерінен түзіледі. Құрлықта түзілетін шөгінділер өзінің сипаты жағынан теңіздерде тұнатын жыныстар секілді бірқалыпты емес және тұрақты да болмайды.
Континенттік шөгінділердің химиялық және литологиялық құрамы алуан түрлі. Онда әр түрлі организмдердің қалдықтары сирек сақталады. Жыныстардың жиылу; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер асты суларының геологиясы
Теңіз жаға бойы рельефі
Жер жасы және геологиялық жылсанау
Жер қабығы (құрамы, қозғалыстары), бедер туралы жалпы мәліметтер
Геология пәнінен дәрістер
Жер қабығының құрамы
Геология –жер туралы ғылым
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу
ТМД-дің көлемі, географиялың орны мен шекарасы
Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы
Пәндер