Жер қабаттары



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Атмосфера
2.2. Гидросфера
2.3. Жердің қыртыс қабаты
2.4. Литосфера
2.5. Сиал
2.6. Сима
2.7. Мантия қабаты
2.8. Ядросы
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Жер қабаттары және олардың химиялық құрамы. Жердің бізге белгілі бөлімі — оның үстіңгі қабаты, яғни жұқа қыртысы ғана. Оның ішкі қалың, терең қабаттарының қандай заттардан кұралғандығы бізге әлі де мәлімсіз. Қолдан қазылған шахтылардың тереңдігі 2—3 километрге дейін, ал бұрғылау тереңдігі 5—6 километрге дейін жетті. Бұлардан басқа Жердің ішкі қабаттарынан хабар беретін кейбір табиғат құбылыстары да бар. Олардың бірі — жанар тау вулкандардың атқылауы. Он шақты километр тереңдіктен атқылаған вулкандардан шыққан магма, лавалардың қандай заттардан тұратынын зерттеп білуге болады. Жер сілкіну, тау көтерілу, вулкан атқылау сияқты геологиялық әрекеттер Жер қабаттарында үздіксіз болып тұрады. Сонымен қатар Жер бетіндегі тау-тастар жел қағу, күн шағу, су шаю әрекеттерінен бұзылады. Осы магма мен таудың кәтерілуі және олардың бұзылып, шайылуы арқасында Жердің астыңғы қабаттары, яғни Жердің ондаған километр қабаттарына орналасқан тау жыныстары Жердің бетіне шығып қалады. Жер сілкінудің тау көтерілу, тау жыныстарын Жер бетіне шығару әсерінен басқа да Жер астының қалың қабатынан хабар беретін тағы бір әсері бар. Ол — Жер сілкінгенде пайда болатын серпімді толқындар. Жер сілкінгенде Жер кабаттары дірілдеп, серпімді толқындар тарайды. Ол толқындар түрлі-түрлі қабаттарда, түрліше салмағы бар тау жыныстарында әр түрлі жылдамдықта тарайды. Заттарға түскен сәуленің сынуы және шағылуы сияқты серпімді толқын да Жер қабаттарында әр түрлі сынып, әрқилы шағылады. Толқындардың сынуы мен шағылуын, таралу жылдамдықтарын елшеу арқылы Жердін. қалың кабаттарында қандай салмақты тау жыныстары жатқандығын анықтауға болады. Жер сілкінгенде пайда болатын серпімді толқындар ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған километр тереңдіктерден келеді. Демек, олар сондай тереңдіктегі заттардың қасиетінен мәлімет жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бигон М., Харпер Дж., Таунсенд К. Экология. Особи, популяции и сообщества: В двух томах. М., 1989. Т.1. 667 с.; Т.2 477с.
2. Дажо Р. Основы экологии. М., 1975. 415 с.
3. Одум Ю. Основы экологии. М., 1975. 740с.
4. Одум Ю. Экология. В двух томах. М., 1986. Т1. 328с.: Т.2 376с.
5. Пианка Э. Эволюционная экология. М., 1981. 399 с.
6. Риклефс Р. Основы общей экологии. М., 1979. 424 с.
7. Қазақ мақал-мәтелдері Алматы, «Ана тілі«, 1993. с. 34-59

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Атмосфера
2.2. Гидросфера
2.3. Жердің қыртыс қабаты
2.4. Литосфера
2.5. Сиал
2.6. Сима
2.7. Мантия қабаты
2.8. Ядросы
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

І. Кіріспе
Жер қабаттары және олардың химиялық құрамы. Жердің бізге белгілі бөлімі -- оның үстіңгі қабаты, яғни жұқа қыртысы ғана. Оның ішкі қалың, терең қабаттарының қандай заттардан кұралғандығы бізге әлі де мәлімсіз. Қолдан қазылған шахтылардың тереңдігі 2 -- 3 километрге дейін, ал бұрғылау тереңдігі 5 -- 6 километрге дейін жетті. Бұлардан басқа Жердің ішкі қабаттарынан хабар беретін кейбір табиғат құбылыстары да бар. Олардың бірі -- жанар тау вулкандардың атқылауы. Он шақты километр тереңдіктен атқылаған вулкандардан шыққан магма, лавалардың қандай заттардан тұратынын зерттеп білуге болады. Жер сілкіну, тау көтерілу, вулкан атқылау сияқты геологиялық әрекеттер Жер қабаттарында үздіксіз болып тұрады. Сонымен қатар Жер бетіндегі тау-тастар жел қағу, күн шағу, су шаю әрекеттерінен бұзылады. Осы магма мен таудың кәтерілуі және олардың бұзылып, шайылуы арқасында Жердің астыңғы қабаттары, яғни Жердің ондаған километр қабаттарына орналасқан тау жыныстары Жердің бетіне шығып қалады. Жер сілкінудің тау көтерілу, тау жыныстарын Жер бетіне шығару әсерінен басқа да Жер астының қалың қабатынан хабар беретін тағы бір әсері бар. Ол -- Жер сілкінгенде пайда болатын серпімді толқындар. Жер сілкінгенде Жер кабаттары дірілдеп, серпімді толқындар тарайды. Ол толқындар түрлі-түрлі қабаттарда, түрліше салмағы бар тау жыныстарында әр түрлі жылдамдықта тарайды. Заттарға түскен сәуленің сынуы және шағылуы сияқты серпімді толқын да Жер қабаттарында әр түрлі сынып, әрқилы шағылады. Толқындардың сынуы мен шағылуын, таралу жылдамдықтарын елшеу арқылы Жердін. қалың кабаттарында қандай салмақты тау жыныстары жатқандығын анықтауға болады. Жер сілкінгенде пайда болатын серпімді толқындар ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған километр тереңдіктерден келеді. Демек, олар сондай тереңдіктегі заттардың қасиетінен мәлімет жеткізеді.

ІІ. Негізгі бөлім
Біздің Жер -- аспандағы астрономиялық денелердің, соның ішінде Күнді айналып жүретін планеталардын, бірі. Сондықтан кейбір астрономиялық әдістер де Жердің ішкі құрылысынан мәлімет бере алады. Мысалы, аспаннан Жерге келіп түсетін метеорит заттардың құрылысын, құрамын өлшеп, соны Жер құрылысымен салыстыру; басқа аспан денелері мен Жердің арасындағы тартылыс күштерін бақылау, сол арқылы Жердің тығыздығын анықтау т.б. Мәселен, Жердің жалпы орташа тығыздығы астрономиялық өлшеу бойынша 5,5, ал Жердің беткі қабаттарындағы тау жыныстарының тығыздығы 2,5 -- 3. Демек, мұнан Жердің арғы терең қабаттарында ауыр салмақты заттар болу керек деген қорытынды шығады.
Сонымен, көптеген зерттеулердің нәтижесінде Жер заттары өздерінің меншікті салмақтарына қарай бірнеше қабаттар түрінде орналасқан деген қорытындыға келеміз: ең ауыр заттар Жердің ішкі орталық өзегінде, ең жеңіл заттар Жердің үстіңгі бетінде. Жер қабаттары геосфералар деп аталады (гео -- жер, сфера -- шар қабат) .
2.1. Атмосфера
Геосфералардың ең жеңіл үстіңгі ауа қабаты атмосфера деп аталады. Оның қалыңдығы бірнеше мың километрге дейін барады, бірақ өлшеуге, бақылауға келерліктей мөлшері 5ққ километрдей деп есептеледі. Атмосфераның өзі бірнеше қабатқа бөлінеді, бірақ біз оған тоқталмаймыз.
2.2. Гидросфера
Жердің ең үстіңгі бетіндегі сұйық су қабаты гидросфера деп аталады. Дүниені қоршап жатқан мұхит суының ең терең, жері 10,8 километрдей, меншікті салмағы 1-ден сәл артықтау.

2.3. Жердің қыртыс қабаты
Гидросфераның астында, құрылықтарда, оның қатарында және онан жоғары таулы-қырлы жерлерде Жердің қатты қабаты бар. Жердің қатты кабатының ең бергі бетін топырақ қабаты немесе Жердің қыртыс қабаты дейді. Жердің осы айтылған үстіңгі үш қабатының астасқан жерінде, яғни олардың араларында тіршілік қабаты бар, оны биосфера деп атайды.
2.4. Литосфера
Жердің қатты қабаттарының үстіңгі бетін, топырақ қыртыс қабатымен қоса алғанда, литосфера деп атайды (тас кабат деген сөз). Оның жалпы қалындығы ондаған километр келеді. Литосфераның өзін екіге бөледі: оның үстіңгі қабатын сиал, астыңғы қабатын сима деп атайды.
2.5. Сиал
Сиал деп аталу себебі бұл тас қабат көбінесе екі жеңіл металдың, яғни силиций мен алюминий тотықтарынан тұрады. Ал осы екі элементтің аттарының бас буындарынан сиал деген сөз құралады. Сиал қабатының құрамы гранит деген тау жынысының құрамына жақын және көп жерде сол граниттің тікелей өзінен тұрады. Сондықтан сиал қабатын кейде гранит қабаты дегі қатайды. Сиал қабатының қалыңдығын 20 -- 30 километр шамасы есептейді. Мұның меншікті салмағы 2,6 -- 3,0 шамасында. Бұл тұтас қабат емес, таулы құрылықтарда қалың, теңіз түбінде жұқа немесе тіпті жоқ болады.
2.6. Сима
Сима кабатының да аталуы алдыңғыға ұқсас, бірақ мұнда алюминий орнына магний алынған, яғни 20 -- 30 километрден әрі қарайғы тереңдікте тау жыныстарының құрамында алюминий азайып немесе жоғалып, оның орнына магний көбейеді. Бұл қабаттағы тау жыныстарыныд құрамы базальт деген тау жынысына жуық келеді. Сондықтан оны базальт қабаты деп те атайды. Сима кабаты, бірінші жағынан, едәуір күшті қысым жағдайында болса, екінші жағынан, Жер бетінің қозғалыс күштерінің әсері тиерліктей тереңдікте болғандықтан иленгіш, ақпалы келеді. Сондықтан оны иленгіш қабат деп те атайды. Оныд қалыңдығы да орта есеппен оншақты километрге дейін, ал орташа салмағы 3,5 шамасында болады.
2.7. Мантия қабаты
Литосферадан төмен, Жердің ең ішкі өзегінің сыртында aралық қaбат немесе мантия қабаты бар. Бұл -- өте зор қалың қабат, оның қалыңдығы 2 880 километрге дейін барады. Оның құрамы ауыр магмалық тау жыныстарынан тұрады. Бұл қабатта силиций мен алюминий өте аз, ал темір, никель, магний, хром сияқты металдар кеп болады. Мұнда фосфор мен көміртек те бар. Жоғарғы литосферадағы металл тотықтардың орнына мұнда металдың күкірт қосындылары болады. Демек, оттегінің орнын күкірт алып жатады. Жер сілкіну әрекеттері көбінесе осы мантияның үстідгі бөлігінде болады. Аралық қабатта қысым күші аса зор, ол мыңдаған атмосфера шамасында. Мұндай қысымда заттың құрылысы кристалды бола алмайды, ал аморф түрінде, шыны құрылысты болады деп есептеледі.
2.8. Ядросы
Жердің ед ішкі орталық өзегі -- ядросы -- көбінесе темірден, онан қала берді никельден тұрады деп есептеледі. Бұл екеуінен басқа да ауыр металдар, көміртегі болу керек. Жер шары салмағының басым кебісі осы өзегінде, өйткені біріншіден, оның меншікті салмағы өте жоғары (1қ шамасында) болса, екіншіден, оның көлемі өте зор, (радиусы кемінде 3460 километр келеді). Қысым күшінің аса жоғары болу салдарынан езектегі (ядродағы) зат өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қабаттары (геосфералар)
Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері
Геологиялық зерттеулер жүргізу
Жер қыртысы
Суздаль тектоникалық блогы орналасқан кен орны
Кен орны бойынша жалпы мәліметтер
Ағаш бұйымдары және оның қасиеттері мен ерекшеліктері, құрылыстағы орны
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Таулы топырақтардың жіктелуі
Кен орынның жалпы жағдайы
Пәндер