Қазіргі экология міндеттер мен биоресурстар


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
І. КІРІСПЕ
1. 1 Экология міндеттері даму кезеңдері
1. 2 Қазіргі экологияның құрылымы, әдістері.
ІІ. Организм және орта.
2. 1. Биосфера түсінігі, шекаралары.
ІІІ. Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлері.
3. 1. Тірі жүйенің жалпы қасиеттері.
3. 2. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
ІҮ. Экологиялық факторлар және олардың жүйесі
4. 1. Популяциялық экология - демэкология.
- . Қауымдастық экологиясы - синэкология
Ү. Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану
ҮІ. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
ҮІІ. Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.
7. 1. Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері.
7. 2. “Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі.
7. 3. Озон мәселесі.
ҮІІІ. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
8. 1. Экологиялық құқық.
8. 2. Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Оны Н. Ф. Реймерс (1992ж) “үлкен экология” деп атады. Н. Ф. Реймерс: “қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналады”-деп есептейді. Н. А. Воронков: қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктер және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет дейді.
1. 1 “Экология” терминін гылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді. Оның түсініктемесі бойынша “Экология”-деп біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз”. Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологияның дағдарыстан шығуы туралы ғылым. Ф. Дре: “Экология болшақтың ғылымы, себебі адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі оның прогресімен анықталуы мүмкін”-дейді. Олай болса, қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай, ол дүниге көзқарасқа, адамзаттың тіршілігін сақтауы туралы ғылымға айналып отыр. Жалпы алғанда экологияның негізгі міндеті студенттерде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын оптимизациялаудың негізі ретінде табиғи және техногенді процестерге жүйелік көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
1. 2 Экологияның қазіргі даму концепциясының негізі кезеңдерінің сипаттамасы:
Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес, бірақ үздіксіз дамиды. Жануар мен өсімдіктердің таралу сипаты, өмір салты, қоршаған ортамен байланысы туралы мәліметтердің жиналуы адамның табиғатты терең меңгеруінен басталды. Ертедегі философтардың еңбектерінде бұл мәліметтерді қорытындылау мен жүйеге келтіруге алғашқы қадамдар жасала бастады. Аристотель (384-322 ж. б. э. д. ) жануарлардың 500-ден астам түрлерінің мінез құлқын сипаттап жазды. Аристотельдің шәкірті, ботаниканың әкесі Теофраст (б. э. д. 372-287 ж. ) әр түрлі жағдайдағы өсімдіктердің ерекшеліктері, олардың пішіні мен өсуінің топырақ пен ауа - райына тәуелділігі туралы мәліметтер келтірді. Орта ғасырларда қоғам өміріндегі діннің маңызының артуына байланысты табиғатты зерттеу әлсіреді. Қайта өрлеу дәуірінде, географиялық жаңалықтар мен жаңа елдерді отарлауға, өзіне тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бар жаңа жерлердің ашылуына байланысты сипатталған өсімдіктер мен жануарлардың саны артты. Мұның өзі олардың жүйелендіруге жаңа негіз болды. XVIII ғасырда француз жаратылыс зерттеушісі Ж. Бюффон алғаш рет сыртқы орта жағдайларының жануарлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады. Ол бір түр басқа түрге температура, ауа - райы, тамақтың сапасына байланысты өзгере алады деді. Бірінші эволюциялық ілімнің аворы - Ж. Б. Ламарк “сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі, және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізі себептерінің бірі” - деп есептеді. Неміс жаратылыс зерттеушісі Э. Геккель өзінің “Ағзалардың жалпы морфологиясы” (1866) және “әлемнің пайда болуының табиғи тарихы” (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен, тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді. ХІХ ғасырдың ортасында орыс биологы К. Ф. Рулье жануарлардың өмірін зерттеуге, олардың қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін зоологияның жаңа бағытын тұжырымдады. Рулье ағзалардың эволюциясының мекен ету ортасының өзгерісіне байланыстығын дәлелдеді. Экология жеке ғылым ретінде негізінен ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасына дейін гидробиологтардың, фитоценологтардың, ботаниктердің, зоологтардың экологиялық мектептері қалыптасты. Олардың әрқайсысында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады.
1-кезең- жеке ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланыстарын биологиялық зерттеу.
2-кезең- трофтың байланыстарды, экологиялық пирамидаларды және т. б. зерттеу ( А. Гумбольдтың, Д. Дарвиннің, К. Ф. Рульенің жұмыстары) .
3-кезең- ғылыми зерттеулердің негізі бірлігі ретінде экожүйелер мен биогеоценоздарды зерттеу.
4-кезең- биосфераны ғаламдық экожүйе ретінде қарастыру.
5-кезең- биосферадағы адамзат қоғамының ерекше ролін мойындау.
. Экологияның әдістері. қазіргі заманғы экологияның әдістемелік негізін жүйелік тұрғыдан қарастыру, ортаның жағдайын бақылау, эксперимент және модельдеу құрайды. Жүйелік тұрғыдан қарастыру экологияның кез келген обьектісі, тірі табиғаттың барлық табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылатындықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады.
Экологиялық жағдайды дұрыс түсіну үшін берілген жердегі өзара әрекеттесетін факторлардың барлығын есепке алуды, ал бұл әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды талап етеді. Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Бұларға метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау және т. б. жатады. Экологияның бөлімдері : Ағзалар экологиясы (экология) ағзаның қоршаған ортада тіршілік етуінің шекараларын анықтап, ағзалардың орта факторларының әсеріне жауап беруін және олардың орта жағдайларына бейімдеушілігін зерттейді.
Популяциялық экология ( демэкология) міндеті популяциялардың құрылымы мен санының динамикасының жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Популяциялардың тіршілік етуінің жалпы экологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Бірлестіктер экологиясы (синэкология) бірлестіктердің ұйымдасу заңдылықтарын құрылымын және қоректену тізбегіндегі заттардың биотикалық зат айналымны мен энергияның трансфармациясы ретінде көрінетін қызметін зерттейді.
Биосфера туралы ілім. Тірі ағзалардың және осы ағзалармен үздіксіз алмасуда болатын планета барлық затының және оның қызметінің жиынтығынан тұратын жердің қабықшасы.
Жердегі бірде-бір тірі ағза еркін күйде болмайды. Барлық ағзалар оларды қоршаған материалдық-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланысты болады. “Биосфера” түсінігін ғылымға XIX ғасырдың басында француз жаратылыстанушысы Ж. Б. Ламарк (1744-1829) енгізді. В. И. Вериадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады. Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В. И. Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды. Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі-оның космоспен тығыз байланыстылығы. (көбіне күнмен) .
Биосфераның шекаралары . 1926 жылы В. И. Вериадский биосфераның шекарлары туралы мәселені қойды. Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?
- Көмір қышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.
- Судың жеткілікті болуы.
- Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек.
- Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.
- Су ортасының белгілі бір тұздығы.
қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғары бөлігінде (литосфера), жер атмосферасының төменгі қабаты (тропосфера) және жердің сулы қабықшасында (гидросфера) таралған. Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1, 5-15км тереңдікте +100 С-дан асады. Жер қыртысында бактериялды табуға болатын тереңдік-4км. Мұнай кен орындарында 2-2, 5км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады. Мұхиттарда тіршілік 10-11км тереңдікке таралады. Тіршіліктің таралу шекарасы теңіз денгейімен салыстырғанда 6км биіктікте өтеді. Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады. Биосфераның космостық ортасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады. Күн сәулесі ғаламдық экожүйесінің тіршілігіне күшті әсер етеді. Биосфераға келіп түсетін күн энергиясының балансы кестеде көрсетілген.
Күн сәулесінің энергиясының таралуы.
( биосфераға жылдың мөлшерінен %)
- Шағылыстыру
- Жылуға айналу
- Булану, жауын-шашын
- Жел, толқын, ағыс
- Фотосинтез
30
45
23
0, 2
0, 8
Жер интенсивті космостық радиациядан магнит өрісімен қорғалған. Егер бұл өріс болмаса, космостық сәулелер қысқа уақыт аралығында атмосфераның барлық ауасын иондар мен электрондарға ыдыратып жіберер еді. Мұндай жағдайда Жерде мүмкін болмайды. Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды. Стратосферада озон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жіберер еді. Биосфера космоспен тығыз байланысты. Жерге түсетін энергия ағыны тіршілікті қамтамассыз ететіндей жағдайларды жасайды.
Биосфераның энергетикасы. Күннің энергиясы -Жер биосферасының жылу баланысы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күнді айналуына байланысты жер бетіне түсетін күн сәулесінің интенсивтілігі Жер-Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеіп отырады. Жер мен Күннің ең аз арақашықтығы 147 млн км. қаңтар айының басында, ал ең ұзақ арақашықтығы 125 млн км шілденің басында байқалады.
Биосфераның эволюциясы.
Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В. И. Вериадский мынандай қортындылар жасады:
- ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады.
- Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар.
- Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.
- Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи прцесс.
Ноосфера -сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы.
Бірінші заңы-барлығы барлымен байланысты.
Екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екіншітүрге өтеді.
үшінші заңы-табиғат өзі жақсы біледі. Амудария, Сырдария суын көп пайдалану арқасында Арал теңізі денгейі төмендеді. Төртінші заңы-тегін ешнәрсе жоқ. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.
ІІІ. Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлері.
Биологилық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны-жануар, өсімдік немесе микроорганизм оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Экологияда биологиялық жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (гендік), жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық түрлік, биоценоздық, биосфералық. Уэбстер бойынша жүйе дегеніміз “ біртұтас бүтінді түзетін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер”. Олай болса, жүйенің негізгі элементтеріне компоненттер, байланыстар шекаралар жатады. ( сурет) .
Жүйелердің үш түрін бөліп көрсетуге болады:
- Оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды.
- Жабық, яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды ( мысалы, космос кемесі) .
- Ашық, яғни көршілес жүйелермен зат және энергия алмасуы болады. Барлық биологиялық жүйелер- ашық жүйелер. Себебі, олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.
Биологиялық жүелердің ұйымдасуының маңызды нәтижесі компоненттердің күрделірек функционалдық жүйелерге бірігуі барысында бұл жаңа жүйелерде сапалық жағынан жаңа алдыңғы деңгейде болмайтын қасиеттер пайда болады. Мұндай сапалық жаңа қасиеттерді- эмердженттік деп атайды. Мысалы, экожүйенің қасиеттерін жеке популяциялар туралы мәліметтерге ғана сүйеніп айтуға болмайды. Орманды тұтас алып зерттеп қана қоймай, осы ормандағы жеке ағаштарды да зерттеу қажет. Белсенді ірі молекулалар - ақуыз, нуклеин қышқылдары, көмірсулардың қызметі түрінде көрінеді. Осы деңгейден тірі материяға тән қасиеттер: сәулелі энергияның органикалық заттардың химиялық энергиясына айналуы арқылы жүретін зат алмасу, тұқым қуалаушылықтың кодтаушы құрылымдардың ( ДНК, РНК) көмегімен тасымалдануы байқалады. Бұл деңгейге құрылымдардың ұрпақтарда тұрақтылығы тән.
Жасушалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар біртұтас жүйеге қосылады. Жасушалық ұйымдасуына байланысты барлық ағзалар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді.
ұлпалық деңгейде құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ол шығу тегі мен атқаратын қызметінің ортақтығы бойынша біріккен жасушалардың жиынтығын құрайды.
Мүшелік деңгейде ұлпалардың бірнеше типтері функционалдық жағынан өзара байланыса отырып, белгілі бір мүшені құрайды.
Ағзалық деңгейде бірқатар мүшелердің өзара әсері жеке ағзаның біртұтас жүйесінің түзілуіне әкеледі.
Популяциялық-түрлік деңгейде шығу тегі, тіршілік ететін және мекен ету орталарының ортақтығы арқылы байланысқан біртекті ағзалардың жиынтығы түзіледі. Бұл деңгейде жалпы алғандағы элементарлық эволюциялық өзгерістер жүреді .
Биоценоздық деңгейде бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі - биоценоздық деп аталатын біртұтас жүйені түзеді .
Биогеоценоздық ( экожүйелік) - түрлік құрамы бойынша әр түрлі ағзаларды мекен ету ортасымен өзара байланыста біріктіретін (биотопта) тірі материяның ұйымдасуының жоғары деңгейі .
Биосфералық - ғаламшар шекарасындағы барлық тіршілік белгілерін қамтитын анағұрлым жоғары сатыдағы табиғи жүйелердің қалыптасқан деңгейі.
Бұл деңгейде тірі ағзалардың әрекетімен байланысты ғаламдық ауқымдағы барлық зат айналымдары жүзеге асады.
Экологиялық факторлар және олардың жүйесі
Аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастар ды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмдерге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп келуде. Ботаникалық фактор дегеніміз - даралар мен пуляциялар арасындағы өзара әсерлердің түрлері. Ботаникалық факторлардың екі тобы белгілі түрішілік (бірдей) және түраралық (әр түрлі) . Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабілетінің артуына әкелетін физиологиялық процестердің тиімділігін “топтық эффект” деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психико - физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді. Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды. Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштері қалыпты шамадан ауытқиды, Мысалы құлақты кірпілерді, топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134% -ке оттегін көп пайдаланады.
Популяциялық экология - демэкология.
- Популяцияның негізгі қасиеттері мен түсініктері.
- Биотикалық факторлар
- Бәсекелестік ығыстыру ережелері.
Популяция дегеніміз - бір бірімен өзара қарым - қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С. С. Шварцтың анықтамасы бойынша: популяция бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда халық тұрғындар деген мағына береді.
Туылу - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тір ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген.
өлім - белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны.
Популяцияның өсімі - туылу мен өлімнің арасындағы айырма: өсім оң немесе теріс болуы мүмкін.
Популяцияның жыныстық және жастық құрамы. Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді.
Популяция санының динамикасы. Популяцияның саны негізінен бір - біріне қарама - қарсы екі құбылыспен анықталады - туу және өлім. Популяциядағы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда шексіз өсуге қабілетті - биотикалық потенциал (А) бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді, іс жүзіндегі өсу логистикалық қисықпен (Б) сипатталады. Теориялық және іс-жүзіндегі өсудің арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды. Бәсекелестік. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсекестік даралардың бір - бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді. Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасында тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено - әр түрлі жануарлардың бір ресурспен қоректенуі, ал ол ресурс шектеуші фактор болуы арқылы жүзеге асады. Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлармен микроорганизмдер қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді Симбиоз (селбесу) дегеніміз - әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал - шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасында бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамаққалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.
Қауымдастық экологиясы - синэкология
- Биоценоз, биогеоценоз экожүйе туралы түсініктер.
- Экожүйелердің ұйымдасу заңдары
- Экожүйенің жіктелуі
Синэкология (грек тілінен аударғанда syn-бірге) әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлармен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын, олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен - бірлестіктер немесе биогеценоздар түзіледі.
Биоценоз (грек тілінен bios - өмір, koinos-жалпы ортақ) қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін, өсімдіктер, жануар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе - биогеоценозды түзеді. Бұл ұғымды 1940 жылы В. Н. Сухачев ұсынған. Оның анықтамасы - “жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия, алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама - қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық. Биогеоценоз ұғымы, шет елдерде таралған А. Тенсли 1935 ж. ұсынған “Экожүйе” ұғымына жақын.
Экожүйе дегеніміз - зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
Экожүйе - ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір - біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функцианалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.
Тундра - оның негізгі белгісі орманның болмауы. өсімдіктер денесі астық тұқымдастықтардан, қияр шағын ағашты өсімдіктерден тұрады. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz