Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы


Жоспары

КІРІСПЕ 3
1. Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері 4
1.1. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі 4
2. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы 7
2.1. Қоршаған ортаның ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3. Қазақстанның қазба байлықтары 9
3.1. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат ресурстары 17
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
КІРІСПЕ
Менің бұл курстық жұмысымды Қазақстандағы табиғат ресурстарына арнап жазып отырмын.
Табиат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын жоқ табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.
Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары мын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурсарынан ерекшелігі — олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдың өндіріске қатыспайды.
Табиғат ресурстарын қазір қолға алған жөн.
Мысалы: Ауаның ластануы, ормандардың құрып бара жатқаны, жануарлар және т.б.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлануы күшейіп отыр.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ашмова Т.А., Хаскмн ВВ. Экология — М-Юнити, 1998.
2. Әділов Ж. Қала және қоршаган орта. Жогары оқу орындары студенттеріне арналған көмекші құрал. — Алматы: Ана тілі, 1991.
3. Баешов А, Дәрібаев ЖЕ, Шакиров Б.С. және т.б. Экология негіздері — Түркістан: Яссауи Түркістан университеті, 2000.
4. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология оқу құралы. — Абай атындагы АлМУ. — Алматы: 1999.
5. Бшалмев А.Б., Мухаметжанов Х.М. Генетика ц окружающая среда. Учебное иособие — Алматы: Наука, 1996.
6. Бродскмй А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. — Алматы: Ғылым, 1997.
7. Воронков Н.А. Экология общая, социальная, ирикладная. — М.: Агар, 1999.
8. Вронсшй В.А. Экология. Словарь-шравочник. — Ростов-на Дону: Феникс, 1999.
9. Гурнков Д.Е. Экология — наука для всех. — Алматы: Кайнар, 1990.
10. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие. - М: УРАО, 1997.
11. Закон РК об охране окружающей среды //Казахстанская правда, 05.08.97.
12. Закон об охране атмосферного воздуха //Казахс-танская иравда, 15.06.81.
13. Закон об особо охраняемых территориях РК //Казахстанская иравда, 15.07.97.
14. Киреев Н.Г., Ниреева Н.В. Экономика и природная среда. — М.: Агар — Рандеву-АМ, 1999.
15. Коммонер Б. Замыкающийся круг. —Л., 1974.
16. Культеев С.Т. Практикум ао экологическому праву РК. — Алматы: Данекер, 2001.
17. Лосев AJB., Провадкин Г.Г. Социальная экология. - М: ВЛАДОС, 1998.
18. Мамедов Н.М., Суравегина И.Т. Экология. — М.: Школа-Пресс, 1996.
19. Маркович Д.Ж. Социальная экология. — М.: Просвещение, 1991.
20. Моисеев Н.Н. Человек, Среда, Общество. — М.: Наука, 1982.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 19 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 600 теңге




Жоспары

КІРІСПЕ 3
1. Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері 4
1.1. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі 4
2. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы 7
2.1. Қоршаған ортаның ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3. Қазақстанның қазба байлықтары 9
3.1. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат ресурстары 17
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

КІРІСПЕ
Менің бұл курстық жұмысымды Қазақстандағы табиғат ресурстарына арнап жазып отырмын.
Табиат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын жоқ табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.
Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары мын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурсарынан ерекшелігі -- олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдың өндіріске қатыспайды.
Табиғат ресурстарын қазір қолға алған жөн.
Мысалы: Ауаның ластануы, ормандардың құрып бара жатқаны, жануарлар және т.б.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлануы күшейіп отыр.

1. Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері
1.1. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолда-нылатын жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты (23-сурет).

- Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі

Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы -- ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетің ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. ал оның жеке сфералар (мұхмт, құрлық, атмосферз) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі Жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.
Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Б. Скиннердің (1989) мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болган жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып (отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді бірақ, оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды аайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі, олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: иарниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенеек, жанғыш отьшдарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30 -- 40 жылға, газ -- 40-50 жылға, көмір -- 70 -- 80 жылға жетеді.
Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б. Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминийден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид кен көміртегінің қостотығымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесс кокстың пайдаланылуымен байланысты.
Алюминийді қорыту өндірістің энергия сыйымдылығының жоғары болуымен сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға тең энергия қажет. Сонымен қатар, алюминий өндірілетін негізгі шикізат -- бокситтің қоры шектеулі. Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі. Алюминийді нифелин мен сазды топырақтан алуға болады. Бірақ, бұл шикізаттардан металды бөліп алу өте көп мөлшерде энергияны қажет ететіндіктен экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

2. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
2.1. Қоршаған ортаиың ластануы

Қоршаған ортаиың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
:: шығу тегі бойынша:
табиғи және жасанды (антропогенді);
:: пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;
э) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсін орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
:: әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
:: қоршаған ортаның элемёнттері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);
:: әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;
:: әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.);
:: әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші. ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты -- жүз және мың жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты -- 5 -- 25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалуға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы: көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлемше және үш сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2 -- 3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б.). .
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн.-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.
Жер бетіндегі адам мекендейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозгалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 -- 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивті қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төндіріп отыр.
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Биосфераның жылулың балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ иен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 -- 30%-га те" жейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1 -- 30С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне соқтыруы мүмкін.

3. Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстан минералдың ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден -- үшінші, мыс -- төртінші, уран -- бесінші, алтын -- алтыншы, темір кені -- жетінші, қалайы мен никель -- сегізінші, көмір мен табиғи газ -- тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайық-Жем) жатады.
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат -- 15-ші, мұнай өндіру -- 23-орында. Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-ша дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, кенденсат -- шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50 -- 100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан -- Алакөл провинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Басейннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Алатау темір-марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер -- 80 млн. тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақатай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар.
Шагын теміркен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды), Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) және т.б. жерлерде табылған.
Марганец кендері Атасу темірмарганец, бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Көмиірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-гб дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60%-ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромий кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.
Ваннадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ваннадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ваннадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазган облысындағы қоры белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардық көптүрлілігімен, байлығымен сипатталады.
Алюмииий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұталжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындагы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өндеу барысында талқыланылады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап ресиубликамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяң, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентте, Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу тиіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған облыстарында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі ғана -- Ақжол іске қосылған.
Қаратауда Ащысайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары іске қосылған.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте -- Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста -- Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10 -- 15-тен 100 -- 120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Сирек металдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.
Вольфрам мен молибденнің өнеркәсііітік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ) және Қаратаудың ваннадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда тарлаған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сурьманың бірден бір кен орны (Торғай) Ақмола облысында орналасқан.
Сынап Шар ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-мырышты, мысты кен орындарында орналасқан. Кадмийді концентраттардан өндіреді.
Галий Амангелді және Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңның полиметалл кендерінен алынады.
Рений Жезқазғанның мыс кендерінен табылған.
Талий Алтай ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның экологиялық ластануы
Қоршаған ортаның химиялық ластануы
Қоршаған ортаның химиалық ластануы
Қоршаған ортаның ластануы дәрістер
Қоршаған ортаның ластануы туралы
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның физикалық ластануы
Қоршаған ортаның химиялық ластануы туралы
Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы көздері
Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь