Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері



КІРІСПЕ 4
1 ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 6
1.1. Адамзаттың XXІ ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиім пайдаланумен байланысты ғаламдық проблемалары жайлы 6
1.2. Ғаламдық проблемалардың қалыптасуының негізгі себептері мен әлеуметтік.экономикалық және мәдени.өнегелік көріністері 10
1.3. Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері 12
1.4 Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы 16
1.5 Энергегикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары 19
1.6"Таза ауыз су" проблемасы 21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 26
КІРІСПЕ

«Экология» терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді (ойкос — үй, тұратын жер, логос — ілім).
Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді — жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінемізң.
Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы — Популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге, ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады.
Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.
Өткен ғасырдың 60—70-жылдарына дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептеліп келді.
Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады. Бұл үшін ол бұрын ешқандай тіршілік иелері пайдаланбаған кен, мұнай, ағаш және тағы басқа қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар, табиғатқа, оған тән емес қалдықтар — пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.
Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері «экологияның» анықтамасын өзгертті.
Ол көптеген білім салаларына ене бастады. Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т.б. байланыстырыла бастады.
1. Бигон М., Харпер Дж., Таунсенд К. Экология. Особи, популяции и сообщества: В двух томах. М., 1989. Т.1. 667 с.; Т.2 477с.
2. Дажо Р. Основы экологии. М., 1975. 415 с.
3. Одум Ю. Основы экологии. М., 1975. 740с.
4. Одум Ю. Экология. В двух томах. М., 1986. Т1. 328с.: Т.2 376с.
5. Пианка Э. Эволюционная экология. М., 1981. 399 с.
6. Риклефс Р. Основы общей экологии. М., 1979. 424 с.
7. Қазақ мақал-мәтелдері Алматы, «Ана тілі«, 1993. с. 34-59

Жоспар

КІРІСПЕ 4
1 ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 6
1.1. Адамзаттың XXІ ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиім пайдаланумен байланысты ғаламдық проблемалары жайлы 6
1.2. Ғаламдық проблемалардың қалыптасуының негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-өнегелік көріністері 10
1.3. Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері 12
1.4 Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы 16
1.5 Энергегикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары 19
1.6"Таза ауыз су" проблемасы 21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 26

КІРІСПЕ

Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді (ойкос -- үй, тұратын жер, логос -- ілім).
Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді -- жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінемізң.
Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы -- Популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге, ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады.
Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.
Өткен ғасырдың 60 -- 70-жылдарына дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептеліп келді.
Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады. Бұл үшін ол бұрын ешқандай тіршілік иелері пайдаланбаған кен, мұнай, ағаш және тағы басқа қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар, табиғатқа, оған тән емес қалдықтар -- пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.
Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері экологияның анықтамасын өзгертті.
Ол көптеген білім салаларына ене бастады. Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т.б. байланыстырыла бастады.
Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларына енуін экологизация деп атайды.
Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі (фундаменталды) және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Оны Н.Ф. Реймерс (1992 ж.) Үлкен экология деп атады.
Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі оның жаңа анықтамаларының пайда болуына келді. Олардың кейбіреулерін келтірейік.
Н.Ф. Реймерс: Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойьшша Жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды.
Ю. Одум: Экология -- табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы.
Н.А. Воронков: Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым.

1 ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Адамзаттың XXІ ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиім пайдаланумен байланысты ғаламдық проблемалары жайлы

Биосфера тек қана табиғи құбылыстармен байланысты қиын дағдарысты кезеңдерді бірнеше рет басынан өткерді. Әсіресе, осыдан 70-100 млн. жыл бұрын болған кезеңнің жағдайы тарихта жақсы белгілі. Бұл кезеңде геологиялық қысқа мерзім аралығында ішіне 35-тен кем емес тұқымдастар мен көп мөлшердегі түрлер кіретін рептилийлердің бес отряды (динозаврлар, птерозаврлар, ихтиозаврлар және т.е.с.) құрып кеткен.
Табиғаттағы дағдарысты құбылыстар бірнеше ретте климаттың өзгеруінен және осы өзгерістерге қосарлана жұрген мұз құрсанудан немесе шөлденуден туындап отырды. Мәселен, 30-40 мың жыл бұрын болған мұз дәуірінде (ерте палеолит) зіл, мүйізтұмсық пен көптеген жыртқыштар тәрізді ірі жануарлар қырылып қалған.
Жер бетінде пайда болғаннан бастап адамның іс-әрекеттері көбіне табиғатқа қарама-қайшы болып отырды, бұл түрлі көлемдегі дағдарыстардың туындауына себеп болды (1-кесте).
Алайда халықтың саны аз, әрі өздерінің техникамен жабдықталуы нашар болған кезде, олардың табиғатқа әсері ешқашан да ғаламдық деңгейдегі мәнгі ие болмағанды. Адам өзінің мүмкіндігіндегі әдістерімен қандай да бір ресурсты ғана сарқа немесе шектелген аумақтың табиғатын ғана бүлдіре алатын. Міне, соған екі мысал.
Ежелгі Вавилонды (миллионға жуық халқы болған қаланы) халқы оның айналасындағы жерлер топырағының жөнсіз мелиорация нәтижесіңде қарқынды сортандануымен және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігіне байланысты тастап кетіп қалды.

1-кесте
Биосфера мен өркениеіттің дамуындағы экологиялық дағдарыстар
(Н.Ф.Реймерс бойынша)

Дағдарыс атауы
Уақыты
Дағдарыс себептері
Дағдарыстан шығу жолдары
Атропоген алдындағы (қуаңдану)
3 млн. жыл бұрын
Қуаңшылық кезеңінің келуі
Тік жүретін антропоидтардың пайда болуы
Адам үшін терімшілік пен көсіпшілік ресурстарының жұтаңдануы
30-50 мың жыл бұрын
Алғашқы адамға колайлы ресурстар жетіспеушілігі
Экожүйелерді жаңарту үшін өсімдіктерді күйдіру терізді қарапайым биотехникалық шаралар
Ірі жануарлармен шектен тыс көсіпшілік (консументтер дағдарысы)
10-5Омың "' жыл бұрын
Қолайлы ірі жануарларды аңшы-адамның құртып-жоюы
Қарадүрсін егіншілікке, мал шаруашылығына көшу (неосаяси төңкерісі)
Қарадүрсін су-
ғармалы егіншілік
1,5-2 мың жыл бұрын
Қарадүрсін суару, онымен қосарла-натын топырақтың құнарсыздануы мен сортаңдануы
Суғарылмайтын (тәлімі) егіншілікке көшу
Өсімдік ре-сурстары мен азық-түлік жетіспеушілігі
150-250 мың жыл бұрын
Жерді құнарсыз-дандыра пайдалану, артта қалған технологиялар
Өнеркөсіп төңкерісі, ауыл шаруашылыгындағы жаңа
технологиялар
Ортаның ға-ламдық ластануы мен ресурстардың таусылу қаупі
30-50 мың жыл бұрыннан қазіргі кезге дейін
Табиғатты түгесе пайдалану, қалдығы көп технологиялар
Энергияны үнемдеуші технологиялар, қалдықсыз өндіріс, шешімдер іздеу

Ғаламдық тер- модинамикалық (жылудан ластану)
Басталды және болжануда
Ортаға, әсіресе, ішкі көздерден көп мөлшердегі жылудың бөлінуі, көшетхана эффектісі
Энергияны шектеулі мөлшерде пайдалану', көшетхана эффектісінің алдын алу, шешімдер
іздеу
Экологиялық жүйелер сенімділігінің ғаламдық сарқылуы
Алғашқы белгілері мен болжау
Ғаламшар ауқымында тепетеңдіктің бұзылуы
Экологиялық құндылық-тардың басқалардың барлығының алдындағы приоритеті, шешімдер
іздеу

Қарадүрсін суғармалы егінішіліктің қалай болса солай дамуы нәтижесінде қоршаған орта табиғи жүйелері бұзылды, ал онымен бірге Нілдің, Месопотамияның, Ежелгі Грецияның және басқа да аймақтардың атырауларында өркениет (цивилизация) жойылды.
Барлық антропогенді дағдарыстарға тән ортақ нәрсе одан шығу жолы әдетте тұрғын халықтың санын азайтумен, көшіп-қонуымен және әлеуметтік сілкіністерімен байланысты болған келді. Бірқатар жағдайларда дағдарыстар қоғамдық құрылысты өзгертумен тәмамдалатын. Мәселен, алғашқы антропогенді дағдарыс аңшылардың жылыстауын немесе "халықтардың ұлы қоныс аударуын", ауыл шаруашылық өнімдерінің жетіспеушілігі дағдарысы (екінші антропогенді) -- Еуропа халқының мұхиттың ар жағына көшуін тудырды. Егіншілік пен мал шаруашылығына көшу алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен және құл иеленушілік қоғамының пайда болуымен қатар жүрді, ал соңғысына жер ресурстарының таусылуы мен шөлдену және феодалдық құрылысқа көшу тән болды.
Қазіргі экологиялық дағдарыстың негізгі ерекшелігі және бұрынғылардан басты айырмашылығы -- оның бүкіл ғаламдық сипаты. Ол біздің бүтін ғаламшарымызға таралуда немесе таралу қаупін төндіріп тұр. Сондықтан да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы дағдарыстан шығудың дәстүрлі әдістері іс жүзінде жүзеге асыйды. Бұл дағдарыстан шығу жолдарын тек өндіріс тәсілдерін, табиғи ресурстарды пайдалану мөлшерін және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Адам қазіргі кезде шамамен жылына 140-150 млрд. т қатты тау жыныстарын өзіне белгілі барлық тәсілдерімен өндіріп (қазбаларды жер қойнауынан шығарып, еңдеу, топырақ эрозиясы, грунттың бұзылуы және т.с.с.)ң оларды қоршаған ортаға шығарып отыр. Химиялық элементтер мен эрозия өнімдерін құрлықтан мұхитқа шығару жалпы табиғидың 50%-не жетті және жылына 40 млрд, т. асып отыр. Мұның барлығы енді міне, XXІ ғасырда табиғи ресурстардың таусылуы тәрізді ғаламдық проблеманың туындағанын білдіреді.
Адам өзендерден су алудың ең жоғары шекті деңгейіне жетіп қалды (шамамен ағындыдан 10%). Атмосфераға көмірқышқыл газын, күкірттің қос тотығын, азот тотықтарын шығару көлемі табиғимен (жаңартау атқылауы, тау жыныстарының бұзылуы) салыстыруға келетіндей болды. Мұның барлығы су және қоршаған табиғи ортаның ластануы тәрізді ғаламдық проблемалардың тереңдей түсуіне әкеліп соғады.
Ғаламдық экологиялық жағдайдың өзгеруінде биосфераның тұрақтылығының бұзылуына әкеліп соғатын табиғи экожүйелердің бүлінуіне ерекше мән беріледі.
Жер бетінен және жер серіктер (спутниктер) арқылы бақылаулар ғаламдық өзгерістердің карталарын құрастыруға мүмкіндік берді, ол антропогендік әсердің нәтижелері мен олардың үлкен ауқымын көрнекті түрде көрсетіп отыр. Құрастырылған карталарға сәйкес, Жер құрлығында қоршаған ортаның тұрақсыздануының үш басты орталығы пайда болған, олардағы толық бүлінген табиғи экожүйелер ауданы 6-7 млн. км2 құрайды. Олардың барлығы Солтүстік жарты шарда орналасқан. Бұл Солтүстікамерикалық , Еуропалық және Азиялық орталықтар.
Солтүстікамерикалық орталыққа АҚШ, жартылай Канада мен Мексика кіреді. Еуропа орталығы бұрынғы КСРО республикалары (Балтық елдері) кіретін Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаны, соңдай-ақ Ресейдің Еуропалық аумағының (РЕА) көлемді бөлігін қамтиды. Азия орталығына Индостан елдері, Цейлон, Малайзия, Бирма, Индонезия (Суматра аралын қоспаганда), Қытай мен Тайвань (Тибет пен Такла-Макан және Гоби шөлдерін қоспағанда), Жапония, Корея түбегі, Филиппины кіреді.
Еуропада, Солтүстік Америкада және Жапонияда аумақтар көбірек деңгейде бұзылған. Халқының тығыздығы жоғары дамушы елдер де Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың тұрақсыздануына өз үлестерін қосуда.
Соған қарамастан Жер бетінде қоршаған ортаны тұрақтандыру орталықтары болып саналатан ірі аумақтар сақталып қалған.
Солтүстік жарты шарда Солтүстік Еуразиялық және Солтүстік Америкалық орталықтар ерекшеленеді. Олардың ішіндегі аса ірісі - Солтүстік Еуроазиялық, оның ауданы шамамен 13 млн. км2 құрайды. Бұл Скандинавия елдері, РЕА Солтүстігі, Батыс Сібірдің әдәуір бөлігі, бүтін дерлік Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс (оңтүстік аудандардан басқа). Шамамен 6,5 млн. км2 алып жатқан Солтүстікамерикалық орталық Канадада және Аляскада орын тепкен. Оңтүстік жарты шардан Оңтүстікамерикалық және Австралиялық орталықтарды атауға болады. Оңгүстікамерикалық орталық (шамамен 10 мжі. км2) -- бұл Амазония мен оған жапсарлас аумақтар, сондай-ақ таулы биогеографиялық провинциялар. Австралиялық орталыққа Австралияның (4 млн. км2 астам) жақсы игерілген Шығыс және Оңтүстік бөліктерінен басқа аумағы кіреді.
Құрлықтың қалған бөлігіндегі түрлі биогеографиялық провинцияларда мөлшерлері 0,1-ден 1 млн. км2 дейін аздап бүлінген және сақталып қалған экожүйелері бар аумақтар "теңбілі" кездеседі.
Қоршаған ортаны тұрақтандырудың қуатты орталығы болып Дүние жүзілік мұхит болып табылады.
Осылайша, XX ғасыр - адам әрекеттілігінің барлық салаларындағы басты ерекшелігі қоршаған ортаға антропогенді жүктемелерді арттыру болған күрт өзгерістердің ғасыры болып шықты. Тұтынудың артуы, шаруашылық жүргізудің қарқынды әдісіне, өнімдер өндірудің үдемелі факторларын пайдалануға көшу дамыған елдерде қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің күрт өсуіне әкеп соқты, бұл табиғи экожүйелердің бұзылуымен қосарланды.
Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемалары "демографиялық күрт өсудің" ықпалымен және табиғатты пайдаланудағы ұтымсыздықтың ықпалымен қалыптасатын және адамзаттың тіршілік етуіне қауіп төндіретін себептердің кейінге қалдырылатындығымен сипатталатын қоршаған орта күйіндегі проблемалық жағдайлар жиынтығы.

1.2. Ғаламдық проблемалардың қалыптасуының негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-өнегелік көріністері

Жоғарыда айтылып өткендей, қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс бүкіл ғаламшарға таралуда және дүние жүзінің барлық елдеріне, барлық саяси және экономикалық жүйелерге қозғау салуда. Мұндай жағдай көптеген, оның ішінде қарама-қарсы бағытталған, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерінің нәтижесі болып табылады. Бұл ең алдымен шаруашылықты жүргізудің бұрынғы шығынды-экстенсивті әдістерінің салдары, ол экономикалық та, экологиялық та көзқарастар тұрғысынан ақталмаған экожүйелердің бұзылуымен, өңдірілетін ресурстарды ұтымсыз пайдаланумен, қалдықтардың жинақталуымен және ортаның ластануымен жүрді. Қазіргі экологиялық жағдайдың күрделілігі адамзаттың техникалық ілгерілеудің жетістіктерінен, ресурстарды пайдаланудан бас тарта алмайтындығымен байланысты. Соңдай-ақ күннен-күнге үдеп келе жатқан техникалық жарақтану және халықтың күрт өсуі жағдайында ортаға әсер етудің де арту беталысы жоғары.
Экологиялық проблемаларды ғаламдастыруға көп жағдайда сондай-ақ атмосфералық және су массаларының жылжымалылығы да ықпалын тигізеді, бұл экологиялық қауіпті факторлардың, мысалы, ластанудың әлемнің бір аймағынан екіншісіне, тіпті, адам қоныс теппеген жерлерге таралуын тудырады. Әдебиеттерде Антарктида мұздарыңда шамамен 2000 т. астам 1950-1960 жж. ауыл шаруашылығында кеңінен пайдаланылған ДДТ пестицидінің бар екені жайлы мәліметтер жиі келтіріледі. Іс жүзінде барлық мұхит сулары қандай да бір деңгейде ластанған. Түрлі мәліметтер бойынша Дүние жүзі мұхитының беті 15-тен 25%-ға дейін мұнай үлдірімен (пленкасымен) жабылған. Әсіресе, атом қаруын сынау, атом двигательдерін пайдалану және радиобелсенді қалдықтары бар контейнерлерді көму нәтижесінде мұхиттың радиобелсенді ластануы бұдан да қауіпті болып табылады.
Жер бетілік кеңістікте қосымша энергияның жинақталуы табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты, бұл климаттың ғаламдық жылынуына әкеп соғуда. Биосферадағы жылу теңдестігінің бұзылуы сондай-ақ атмосфераның шаңдануынын артуымен, топырақтардың, су қоймаларының және басқа да үстіңгі беттердің өсімдіктер жамылғысының булануының өзгеруімен себептеледі, бұлар салмақты түрленулерді бастан өткеруде. Таяу болашақта біздің ғаламшарымыздағы жылдық орташа температура 1-3° С көтеріледі деп күтілуде.
Шикізатты қайта өңдеу үрдісінде көптеген заттар пайда болады. Қазіргі уақытта адам шамамен 10 млн. аса жаңа заттарды (табиғатта жоқ) синтездеп алып отыр, ол үлкен мөлшерде шамамен 50 мыңдай, ал аса зор мөлшерде - 5 мындай заттарды өндіре алады. Бұл жағдайда шикізаттың шамамен 90% қалдыққа шығады. 2 тоннадай негізгі өнімнен сол жылдың ішіңде бір тоннадайы сыртқа шығарылады.
Осылайша, соңғы 100 жыл ішінде қоршаған ортаға әсер етудің тағы бір механизмі -- антропогеңді текті өнімдерді шығару (төгу) пайда болды.
Экологиялық проблемаларды ғаламдастырудың себептерін қарастыру кезіңде адамның қоршаған ортаға антропогендік әсер етуімен байланысты жоғарыда аталып өткен өндірістік-экономикалық факторлардан өзге басқа да жалпығаламшарлық факторлардың: саяси және әлеуметтік факторлардың мәні арта түседі.
Саяси-мемлекеттік факторлар мынадай түрлерде көрініс беруі мүмкін: экологиялық саясаттың кемшілігі (болмауы), саяси дағдарыстар, кикілжіңдер, оның ішінде әскери де, терроризм, экстремизм және сепаратизм.
Бұл факторлардың барлығы әлем жұртшылығының назарынан тыс қала алмады. XX г. 60 жж. аяғынан бастап әлемде белгілі американдық эколог Ю.Одум "қоршаған орта проблемалары үшін жалпыға ортақ аландаушылық" деп атаған қозғалыс пайда болды. Осы кезден бастап адамзаттың басты назарына табиғи ресустардың таусылуымен, демография және азық-түлік проблемаларымен, адамдардың денсаулығана және табиғи экожүйелердің тіршілік етуіне қауіп төңдіретін қоршаған ортаның ластануымен, биологиялық әралуандықтың азаюымен байланысты проблемалар қойыла бастады. Аталған проблемалардың қамтитын ғаламшарлық ауқымы олардың ғаламдық сипаты мен оларды мемлекетаралық, дүние жүзілік деңгейде шешу қажеттігі жөнінде сөз қозғауға мүмкіндік береді.
Экологиялық ширығыстың артуы әлемде азық-түліктің жетіспеуішілігі, қала халқының аурушаңдығының өсуі, халықтың экологиялық көшіп-қонуы, халықтың көз алдында экологиялық қауіпті кәсіпорындарды салудан жаңа аурулардың, жергілікті экологиялық кикілжіңдердің пайда болуы тәрізді әлеуметтік сандардан айқын көрінеді. Экологиялық агрессияның (басқыншылықтың) көріністері - ұытты технологиялық процестер мен қауіпті қадықтарды басқа елдерге шығару, соңдай-ақ осы агрессияға қарсы тұратын қоршаған ортаны қорғаушылардың ұйымдарының "жасылдардың" пайда болуы күннен-күнге айқын көрініс беруде. Бұған мысал шынайы қозғалыс тудырған Ресей аумағына пайдаланылған ядролық отынды әкелуге рұқсат ету туралы заң жобалары бола алады.
Ғаламдық, оның ішінде экологиялық поблемаларды шеніу кедейлік, аштық, сауатсыздық, жұмыссыздық, мәдени деңгейдің төмендігі сақталып тұрған жағдайда мүмкін емес. Кедейлік - "демографиялық күрт өсудің" басты қозғаушы механизмі, оның 90%-ы дамушы елдерге келеді.

1.3. Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері

Ортаның ластануы деп әдетте оған тән емес әр түрлі заттарды енгізу арқылы немесе сол ортадағы табиғи заттардың шектен тыс шоғырлануының (химиялық, биологиялық, физикалық) нәтижесінде пайда болатын жағымсыз жайларды түсінеді. Ластағыштар құрамы тек қана улы ғана емес, зиянсыз заттардан да түруы мүмкін. Мысалы, егістік жерді шамадан тыс суарған кезде, табиғи су да зиянды болып шығуы мүмкін.
Ластануды көбінесе экожүйені тепе-тендіктен шығаратын агент ретінде қарастыруға болады. Көп жағдайда ластануды өз орнына қойылмаған кез келген табиғи ресурс немесе оның элементі ретінде қарастырады. Ластану түрлі белгілері бойынша жіктеледі (2-кесте).
Кез келген ластағыш затты ең болмағанда үш параметрі бойынша бағалауға болады: ортаға түсу көлемі, агрессиялылығы (улылығы) және төзімділік дәрежесі. Мысалы, көмірқышқыл газының жағымсыз әсері оның ортаға көп мөлшерде түсуімен және ауада ұзақ уақыт сақталуымен себептеледі, бұның нәтижесінде оның ауадағы мөлшері көбейіп, көшетхана (парникті) эффектісіне әкеледі. Фреондар (суытқыштар) төзімділік және агрессиялылық дәрежесі бойынша атмосфераның қандай қабаттарында екендігіне байланысты түрлі категорияларға жатқызылады: жер бетінде олардың әсері селқос және ұзақ уақыт сақталады, ал олар озон қабатында - агрессиялы және айтарлықтай бұзылыстарға ұшырайды.
Әсер ету сипаты бойынша атмосфераның, Дүние жүзілік мұхит суларының, топырақтардың химиялық ластануы кеңінен таралган. Антропогенді химиялық заттар қоршаған ортаға түрлі жолдар арқылы түседі. Адам өз тұрмысында шамамен 70 мыңдай заттарды пайдаланады, оған жыл сайын 500-1000 жаңа атаулар қосылып отырады. Газды заттар атмосфераға шағарылады. Сұйық заттар жер үстілік және жер астылық су объектілеріне төгіледі, қатты заттар -- арнайы аландарға қатпарланады немесе жер қатқабатына көміледі, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен улыхимикаттар (пестицидтер) пайдаланылады.

2-кесте
Қоршаган ортаның ластануының жіктелуі

Белгісі
Ластану түрі
Шыққан тегі
Табиғи

Жасанды (антропогенді)
Көзі
Өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық жөне т.б.

Бір жерлік, объекттік, жайылмалы, трансгрессивтік (басқа аймақтардан, мемлекеттерден келуі)
Әсер ету көлемі
Ғаламдық

Аймақтық

Жергілікті (локальдық)
Орта элементі
Атмосфералық

Топырақтық

Сулылық
Әсер ету орны
Қалалық орта

Ауылдық орта

Өндіріс өнеркәсіптерінің іші

Үй ішілік
Әсер ету сипаты
Химиялық (жеке химиялық заттар, олардың комбинациясы)

Физикалық (радиоактивті, радияциялық, жылулық, шулылық, электромагниттік)

Физико-химиялық (аэрозолдар)

Биологиялық
Әсер ету қайтымы
Алғашқылық (өндірістік ластаулар)

Екіншілік - (смогтық құбылыстар өнімдері)
Тұрақтылық дәрежесі
Өте тұрақты (өмір сүру уақыты -жүздеген және мыңдаған жылдар бойы)

Тұрақты (өмір сүру уақыты - 5 -- 25 жыл)

Тұрақсыз

Ауаның ластануына "негізгі үлесті" қара және түсті металлургия, химия және мұнай химиясы, құрылыс индустриясы, энергетика, целлюлозды-қағаз өнеркәсібі, автотранспорт кәсіпорындары қосуда. Бұл өңдіріс орындары ластанудың жоғарғы деңгейін экологиялық қауіпті заттардың: бенз(а)пиреннің, формальдегидтің, аммиактың, күкіртсутектің және т.б. атмосфераға көп шығарумен жасап тұр. 1996 ж Қазақстан бойынша тек қана автотранспорттың ауаға қорғасынды, көміртек тотығын және формальдегидті шығаруы 786.2 мың т. жетті.
Әсіресе ірі қалалардағы өнеркәсіп орындарының ауаны ластауы аса өткір проблема болып тұр. Ресейдің 63 миллион адам тұратын (халықтың 42 %-ы) 200-ден астам қалаларында орташа жылдық шоғырланулар шектеулі рұқсат' етілген көлемнен (ШРК) асып кетеді. Қазақстанның негізгі өндірісті қалаларының ауа бассейіндеріне жыл сайын 3 млн.т. ластаушы заттар шығарылады. 2000 жылғы өлшемдер бойынша ауадағы улы заттар көлемінің ең жоғары мөлшерлері мына қалаларда - Өскеменде, Балхашта, Шымкентте, Павлодарда, Жезқазғанда және Теміртауда байқалды. 2002 жылы Қазақстан өкіметі "атмосфералық ауаны қорғау " заңын қабылдады.
Адамның тіршілік етуін қамтамасыз ететін сулы ортаның ластануының мәнін бағалау өте қиын. Шамамен 1 млрд. адам таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген; 1,7 млрд. адамның санитария құралдары жоқ, ал судың жетіспеуі мен антисанитариядан жылына 2-3 млн. бала өледі.
Ресейгидромет мониторингінің мәліметтері бойынша су объектілерінің басым бөлігіндегі (1363 су объектілерін қамтқиды) судың сапасы нормативті талаптарға сай келмейді. Негізгі өзендер: Волга, Дон, Кубань, Обь, Енисей, Лена, Печора "ластанған", олардың ірі салалары: Ока, Кама, Томь, Ертіс, Тобол, Миасс, Исеть, Тура "аса ластанған" деп бағаланған. Қазақстанның аса ластанған өзендеріне Жайық, Сырдарья және Ертіс жатады.
Осындай жағдайлар Әлемдік мұхит суларына да тән болып тұр. Әлемдік мұхит суларының ластануында ең үлкен үлес мұнайлы ластануда болып тұр. Теңіз суларының мұнаймен ластануында ең үлкен үлесті жағалаулық өндіріс өнеркәсіптері, содан кейін теңіз асты жұмыстарын жасап отыр. Өнеркәсіптік қалдықтар мен ағынды сулар мұнайлы ластанудың 60.8% құрап тұр, мұнай терминалдары мен мұнай өндеу заводтарының ластаулары 1.2% құраса, теңіздегі мұнай-газ қондырғылары, платформалар мен скважиналар ластаулары - 2.1%-ті, су транспортындағы танкерлер ластаулары -- 11.3%-ті, су транспортындағы басқа ластаулар -- 14.4%-ті құрап отыр.
Теңіз суына түскен мұнай өнімдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудағы қаржылық реттеудің қазіргі жағдайы және шешу жолдары
Пәндер