Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватындағы сүтқоректілердің көптүрлілігі мен қорғау шаралары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Әдеби шолу
1.1 Ырғыз.Торғай аймағының физико.географиялық жағдайына қысқаша сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Сүтқоректілердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...14

2 Негізгі бөлім
2.1 Ырғыз.Торғай мемлекеттік табиғи резерватындағы сүтқоректілерге систематикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.2 Ырғыз.Торғай мемлекеттік табиғи резерватында жүргізілген жұмыстар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.3 Қолданылған әдіс.тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

3 Зерттеу нәтижесі мен талдауы
3.1 Ырғыз.Торғай мемлекеттік табиғи резерватында сүтқоректілердің таралуы және экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Сүтқоректілерге әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ..48
3.3 Сүтқоректілерді қорғау шаралары және нәтижелері ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан аймағы өте сирек, ерекше шөл даладан биік тауларға дейін жəне ішкі теңіздер экожүйесін құрайтын ландшафтық кешен жиынтығына ие. Ел экономикасының қарқынды дамуы жəне табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі биологиялық алуантүрлілікке де әсерін тигізіп отыр. 1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы жарияланды, бұл бағдарлама бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін мөлдір суы, таза ауасы бар жасыл жəне таза елге айналуы керек. Бұл күрделі мəселенің орындалуын қатал, қарама-қарсылы қысым жағдайында шешуге тура келеді. Мұндай жағдайда ерекше жəне сирек түрде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар əлемін қорғау іс- шараларын жүргізу арқылы сақтау, ерекше өсіру мен сақтауды қажет ететін биологиялық түрлерді қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға репрезентативтік жүйе ұйымдастыру қажет. Ақтөбе облысы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ерекше шапшаң дамып келе жатқан аймақтың бірі. Мұнай өндіру мен кен руда өнеркəсібі жоғары қарқынмен өсуде. Соған сəйкес мұнда миллиондаған жылдардан бері қалыптасқан дала, шөлейт, жартылай шөлейт жəне су айдындарының ерекше биоценозына да қауіп төнуде. Соларға ұқыппен қарауды үгіттеп, жануарлардың алуантүрлілігін сақтау әр азаматтың парызы.
Ғаламдық мәселелердің қатарына еніп отырған қоршаған ортаны қорғау, биоалуантүрлік аса күрделі, кезек күтпейтін мәселелердің бірі болып саналады. Жануарлар әлемі табиғат қазынасы, халық байлығы. Жануарсыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Жануарлар – адам үшін азықтың қайнар көзі,сондықтан да қазіргі таңда сүтқоректілерді сақтау біздің басты мақсатымыз.
Бүгінгі күні жануарлар әлемі қамқорлық пен асқан үнемділікті талап етуде. Сондай аймақтың бірі – Ақтөбе облысында орналасқан Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты.
Ырғыз өңірінің жерін, суын, өсімдігі мен жануарларын қорғау маңызы зор іс. Осыған байланысты ауданның және Ырғыз –Торғай мемлекеттік табиғи резерватының әкімдігі табиғатты қорғау ісін өз қолдарына алып, барлық жұртшылықтың күшін осыған жұмсап отыр. Табиғатты дұрыс пайдалану және оның өсіп-өнуіне мұрсат берудің көп мәні бар екенін нақтылы жағдай көрсетіп отыр. Осы істе азды- көпті нәтиже болуына Торғай Мемлекеттік қорығының 1986 жылы статусы өзгеріп, халықаралық маңызы бар республикалық дәрежедегі кіші қорық болып қайта құрылуының үлкен әсері болды. Табиғаттың теңдесіз аймағы ретінде ол – Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақтың (ТТРҚХО) тізіміне енгізілген.
Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты территориясының фауналық ерекшеліктерінің сан алуандығына байланысты мұнда сүтқоректілердің 42түр, олардың 2 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген, олар: шағыл мысығы, Бобринский жарқанаты. Ал киіктер Халықаралық Қызыл кітапқа енген.
1. Әбенова Б.С., Омарұлы Б. Қазақ қасіреті, А.:2001, 20 б.
2. Есжанов Б, Махмұтов С. Қазақстан сүтқоректілері, А.: -Ғылым, 2000, 37б.
3. Қызыл кітап (жануарлар әлемі). Зоология институты. А.: 2006, 48 б.
4. Мырзабеков Ж. Сирек кездесетін хайуанаттар. А.: Қайнар, 1992, 139б.
5. Қыдырбаев Х, Бекенов А. Қазақстанның аң байлығы. А.:Қайнар, 1998, 134-141 б.
6. Бекенов А. Махмұтов С. Қазақстанның аша тұяқты аңдарын қорғау және пайдалану. А.: Қайсар, 1997, 58 б.
7. Алишева С.Г. Жануарлар әлемін қорғауға арналған дәрістер жинағы.- Ақтөбе, 2005, 118-122 б.
8. С.П.Наумов, Н.Н.Карташев. Зоология позвоночных. «Высшая школа» 2, 1979, 201 б.
9. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. А, 1970.
10. Абрикосов Г.Г, Банников А.Г, Матвеев Б.С. Курс зоологии, том 2, -М.:1996, 224 б.
11. Балмағамбет Т.Б Омыртқалылар зоологиясының практикумы. Қарағанды: 2006, 34 б.
12. Жизнь животных. Т.4,5,6. –М.: Просвещение, 1971, 239-260 б.
13. Бекенов А, Есжанов Б, Махмұтов С. Қазақстан сүтқоректілері. А.: Ғылым, 1995, 56 б.
14. Ысқақов С. Табиғатты қорғау салтымыз. А.:Қайнар, 1992, 84 б.
15. Дәуітбаева К.Ә, Есжанов Б.Е, Сапарғалиева М.Т, Нұртазин С.Т. Жануарлардың алуан түрлілігі. А.: 2011, 674 б.
16. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. А, 1998, 73 б.
17. К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. І бөлім. А.:Қазақ университеті, 2007, 56 б.
18. Қазақстандағы жануарлар әлемі. А.:«Алматы кітап»,2005, 38 б.
19. Әлиев Ш., Бекенов А., Қыдырбаев Х. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. А.:1999, 282 б
20. Мамбетқалиев Е, Сабанбаев К. Табиғатты қорғау. А.: Қайнар, 1990, 152-174 б.
21. Огнев С.И. Зоология позвоночных. М, 1999, 74 б.
22. Константинов В. М. и др. Зоология позвоночных: Учебник для студ. биол. фак. пед. вузов / В. М. Константинов, С. П. Наумов, С. П. Шаталова. М.:"Академия", 2000, 144 б.
23. Ақтөбе облысының жануарлар әлемі. Ақтөбе. 2008, 45 б.
24. М.Мырзалин. Заңсыз киік аулағандар жазаланды // "Шалқар" газеті.-2003.27 желтоқсан, 2-3 б.
25. С.Қаженбаев, С.Махмутов. Табиғатты қорғау. А.: Ана тілі, 1992, 154 б.
26. Қыдырбаев Х, Бекенов А. Қазақстанның хайуанаттар әлемі. А.:Қайнар, 1998, 134-141 б.
27. К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы, ІІ бөлім. А.:Қазақ университеті, 2007
28. Р.Серғалиева. Өлкеміздің аң – құстары. // «Ақтөбе» газеті, 2005, 20 қазан.- 4 б.
29. Хадорн Э., Вернер Р. Общая зоология. М.: Мир, 1989, 419 б.
30. Махмұтов С. Омыртқалылар зоологиясы. А.: 1994, 198 б.
31. Лукин Е.И, Зоология: учебник для студентов высших учебных заведений по специальностям «Зоотехния» и «Ветеринария». М.: Агропромиздат, 1989, 143 б.
32. Бочаров Ю.С. Эволюционная эмбриология позвоночных. МГУ, 1988, 41б.
33. Е.В.Гвоздева, Е.И.Стаутман. Млекопитающие Казахстана, том А.: 1995, 150-170 б.
34. Н.А.Бобринский, Б.А.Кузнецов, А.П.Кузянин. Определитеь млекопитающих СССР. М, 1965, 145-147 б.
35. Тілмекбаева Ә.Т, Жармұхамедова Г.Ә. «Энтомология». А.: Қайнар, 1994. -25 б.
36. Аверинцев С.В. Курс зоологии. М, 1997, 46 б.
37. Наймарк Е. Браконерство – основная причина дегредации популяции сайгаков. Алматы, 1995, 12-32 б.
38. Дерим-Оглу Е.Н, Монов Е.А. Учебно-полевая практика по зоологии позвоночных. Москва, 2001, 63 б.
39. Биология және салауаттылық негіздері. журнал, №7/2008
40. Жалпы биология.// журнал, №11/2010
41. Астанин Л.П, Благоклонов А.Н. Охрана природы. Алматы, 1999, 28 б.
42. Saiga tatarica (сайга) на сайте Красного списка МСОП (Mallon, D. P. 2008) (англ.)
43. Новосёлова Н. Сайгаки в опасности // GEO. — 2008.-14 б.
44. География және табиғат. журнал, №6/2009
45. Степной бюллетень. журнал, №17/2004
46. Лаптаев И.Т. «Охрана природы», Москва, 1998, 74 б.
47. Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных». Москва, 1991.-47 б.
48. Мұғалім іс-тәжірибесінен. журнал, №1,2/2011
49. Карпов Ф.Ф. «Аңшы анықтамасы».- А.: 2008.- 241 б.
50. Нога Г.С. «Наблюдение и опыты по зоологии». –М.:1992.-85 б.
51. С. Ысқаққызы. «Киіктер киелі жануар» // «Ақтөбе» газеті. 2006 ж. 13 сәуір
52. Б. Кемал. «Киік киесі» // “Шалқар” газеті. 2003 ж. 20 маусым
53. Ақтөбе энциклопедиясы, - Ақтөбе. 2003
54. Гладков Н.А и др. «Охрана природы», -А.:2002.-53 б.
55. Биолог анықтамалығы.//журнал, №5/2007
56. Пятиязычный словарь названий животных. Млекопитающие. Латинский-русский-английский-немецкий-французский. Москва, 1984, 134 — 352 б.
57. География және табиғат.// журнал, №2/2010
58. Мұғалім іс –тәжірибесінен.// журнал, № 7/2005
59. Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясынан алынған мәліметтер. 19.03.12. №1-15-213

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Әдеби шолу
1.1 Ырғыз-Торғай аймағының физико-географиялық жағдайына қысқаша сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Сүтқоректілердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...14

2 Негізгі бөлім
2.1 Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватындағы сүтқоректілерге систематикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватында жүргізілген жұмыстар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
2.3 Қолданылған әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

3 Зерттеу нәтижесі мен талдауы
3.1 Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватында сүтқоректілердің таралуы және экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Сүтқоректілерге әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... 48
1.3 Сүтқоректілерді қорғау шаралары және нәтижелері ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан аймағы өте сирек, ерекше шөл даладан биік тауларға дейін жəне ішкі теңіздер экожүйесін құрайтын ландшафтық кешен жиынтығына ие. Ел экономикасының қарқынды дамуы жəне табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі биологиялық алуантүрлілікке де әсерін тигізіп отыр. 1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы жарияланды, бұл бағдарлама бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін мөлдір суы, таза ауасы бар жасыл жəне таза елге айналуы керек. Бұл күрделі мəселенің орындалуын қатал, қарама-қарсылы қысым жағдайында шешуге тура келеді. Мұндай жағдайда ерекше жəне сирек түрде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар əлемін қорғау іс- шараларын жүргізу арқылы сақтау, ерекше өсіру мен сақтауды қажет ететін биологиялық түрлерді қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға репрезентативтік жүйе ұйымдастыру қажет. Ақтөбе облысы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы ерекше шапшаң дамып келе жатқан аймақтың бірі. Мұнай өндіру мен кен руда өнеркəсібі жоғары қарқынмен өсуде. Соған сəйкес мұнда миллиондаған жылдардан бері қалыптасқан дала, шөлейт, жартылай шөлейт жəне су айдындарының ерекше биоценозына да қауіп төнуде. Соларға ұқыппен қарауды үгіттеп, жануарлардың алуантүрлілігін сақтау әр азаматтың парызы.
Ғаламдық мәселелердің қатарына еніп отырған қоршаған ортаны қорғау, биоалуантүрлік аса күрделі, кезек күтпейтін мәселелердің бірі болып саналады. Жануарлар әлемі табиғат қазынасы, халық байлығы. Жануарсыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Жануарлар - адам үшін азықтың қайнар көзі,сондықтан да қазіргі таңда сүтқоректілерді сақтау біздің басты мақсатымыз.
Бүгінгі күні жануарлар әлемі қамқорлық пен асқан үнемділікті талап етуде. Сондай аймақтың бірі - Ақтөбе облысында орналасқан Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты.
Ырғыз өңірінің жерін, суын, өсімдігі мен жануарларын қорғау маңызы зор іс. Осыған байланысты ауданның және Ырғыз - Торғай мемлекеттік табиғи резерватының әкімдігі табиғатты қорғау ісін өз қолдарына алып, барлық жұртшылықтың күшін осыған жұмсап отыр. Табиғатты дұрыс пайдалану және оның өсіп-өнуіне мұрсат берудің көп мәні бар екенін нақтылы жағдай көрсетіп отыр. Осы істе азды- көпті нәтиже болуына Торғай Мемлекеттік қорығының 1986 жылы статусы өзгеріп, халықаралық маңызы бар республикалық дәрежедегі кіші қорық болып қайта құрылуының үлкен әсері болды. Табиғаттың теңдесіз аймағы ретінде ол - Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақтың (ТТРҚХО) тізіміне енгізілген.
Ырғыз - Торғай мемлекеттік табиғи резерваты территориясының фауналық ерекшеліктерінің сан алуандығына байланысты мұнда сүтқоректілердің 42түр, олардың 2 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген, олар: шағыл мысығы, Бобринский жарқанаты. Ал киіктер Халықаралық Қызыл кітапқа енген.
Қазақ жеріндегі киіктерге сан жетпейді. Оралдың төменгі ағысына келіп, теңізге құлаған киіктерден өзен суы көрінбей қалды. Бұл 30 жыл бұрын айтылған фраза. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан бағалы тері, дәмді ет, дәрілік шикізат беретін хайуанттарға бай. Бізде алпысқа жуық аң кәсіптік жолмен ауланып, олардың аса құнды терісі мен сапалы еті елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелдерге шығарылып жатыр. Біздің республикамызда аша тұяқты аңдардың он бір түрі тіршілік етеді. Солардың ішінде айрықша орынды киік алады. Үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарына дейін дарқан даламыз бен жасыл желекті ормандарымызда киіктердің қоры мол болатын. Бұл аң тек еті ғана емес, Тибет медицинасында дәрі дайындауға пайдаланатын мүйізі үшін де қарқынды түрде аулап, қазақ даласында сан мыңдап өріп жүрген киікті атып, мүйізін сыртқа сатып, пайда табуды кәсіпке айналдырды. Қанатынан айрылып құсқа, аяғынан айырылып аңға жарық дүниенің қажеті шамалы. Шаң даланың апшысын қуыра шапқан киікке төрт тұяғынан басқа қымбат нәрсе жоқ. Сөйте-сөйте бір кездегі сансыз киіктен бүгінде санаулы ғана қалды. Олардың өз мекенінен ауып кетуінің себебі әрбір адамды ойландыруы керек.
Сондықтан киіктер популяциясын сақтап қалу мақсатында 2007 жылы Ырғыз - Торғай мемлекеттік табиғи резерваты құрылған.
Зерттеудің мақсаты Ырғыз- Торғай мемлекеттік табиғи резерватының сүтқоректілерінің таралу аймақтарын анықтап, тіршілік ерекшелігіне сипаттама беріп, түрлеріне систематикалық шолу жасап, экологиясын зерттеу.
Зерттеу нысаны Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының сүтқоректілері.
Практикалық база Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты
Зерттеу пәні Экология
Зерттеу болжамы Сүтқоректілердің түрлері мен таралу аймақтарын анықтап, қорғау шараларын дұрыс ұйымдастыра алсақ, табиғаттың байлығына айналған бұл түрдің санын арттырып қана қоймай, экожүйедегі орнын сақтау мәселесін шешуге болады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ырғыз- Торғай мемлекеттік табиғи резерватындағы сүтқоректілердің түрлерін анықтау;
2. Ырғыз- Торғай мемлекеттік табиғи резерватының сүтқоректілеріне қоршаған орта факторларының және антропогендік факторлардың әсерін бақылау;
3. Сүтқоректілерді қорғау шараларына талдау жасау.

Зерттеу жүргізудің әдісі далалық - экспедициялық, биостатистикалық әдіс;
Экспедиция маршруты Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватына 2012-2013 жылдары жүргізілген экспедицияның маршруты 1300 км-ді қамтиды, Ырғыз (аудан орталығы), Коминтерн (совхоз), Тельман (совхоз).
Зерттеу жұмысының барысында алынған мәліметтер бойынша,сондай-ақ әдеби мәліметтерге сүйене отырып, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты сүтқоректілерінің түрлік құрамына қазіргі кездегі жағдайына сипаттама берілді. Сүтқоректілердің экологиялық ерекшеліктерін зерттеуде, таксондарды айқындауда морфологиялық-географиялық әдіс пайдаланылды.
Практикалық маңызы:
Ырғыз Торғай жеріндегі сүтқоректілерді жан-жақты зерттеу және қорғау шараларын ұйымдастыру арқылы келесідей маңызды мәселелерді шешуге қол жеткізуге болады:
-сүтқоректілердің маңыздылығы мен құндылығын халыққа насихаттау;
-сүтқоректілердің қазіргі таңдағы түрлік құрамына сипаттама беріліп, бұрынғы зерттелінген мәліметтермен салыстырмалы баға беру;
- сүтқоректілердің түрлік құрамын сақтап қалу;
-мал шаруашылығының дамуына жағдай туғызу, сол арқылы халықтың әлеуметтік тұрмыстық деңгейін көтеруге ықпал ету.
Диплом жұмысының құрылымы Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан,қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, суреттерден, кестелерден, диаграммалардан тұрады.

1 Әдеби шолу

1.1 Ырғыз-Торғай аймағының физико-географиялық жағдайына қысқаша сипаттама

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі экологиялық жүйелердің биологиялық саналуандылығын, бірегей табиғи кешендерді, табиғи қорықтар қорының обьектілерінің табиғи және мәдени мұраларды сақтау болып табылады. Осыған орай 2007 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасы үкімінің №109 қаулысымен Ырғыз-Торғай Мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі құрылды.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының территориясында орналасып, Ырғыз ауданының әкімшілік жерінің 763 549 га жерін қамтып жатыр. Әкімшілік ғимараты Ырғыз ауданының Ырғыз селосында Жүргенов көшесі №70 үйде орналасқан.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі №1 және №2 участоктардан тұрады. №1 участок Атан-Басы жүйесі, Ырғыз ауданының Тауіп селолық округінің территориясында орналасқан.№2 участок Алакөл жүйесі, Ырғыз ауданының Нұра селолық округінің территориясында орналасқан.
Атан басы жүйесі - киіктердің мекені болып табылады. Әсіресе, көктем күз айларында бұл жердегі киіктердің көп болатынын мұндағылар тілмен айтып жеткізе алмайды. Киіктердің өсіп, өнетін аймағы, шөл дала бұрын теңіздің табаны болған деген деректер бар.
Алакөл жүйесі - сулы - батпақты өлке. Бұл жерді құстардың көп шоғырланатын, құстар мекені десе де болғандай. Өкінішке қарай, мұнда өзен - көлдердің тартылуына байланысты, құстар да жылдан - жылға азайып бара жатқан сыңайлы. Мамандардың айтуынша бұл апаттың алдын алу үшін тез арада табиғи су қорын қалпына келтіру керек. Сонда ғана қолда бар құндылықтарымыздан қол үзіп қалмау қаупін сейілтуге болады.
Бұл ғылыми орталық: ғылыми ақпараттық және мониторинг, жануарлар мен өсімдіктерді өсіру және қалпына келтіру, экологиялық ағарту және экотуризмді дамыту деген үш бағытта жұмыс істейді.
Ырғыз - Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекеменің директоры Нұрқасым Сәрсенбайұлының басшылығымен және мұндағы барлық қызметкерлердің аса жауапкершілігі мен өз жұмыстарына деген қызығушылығының арқасында резерват құрылғанына көп болмаса да көптеген жетістіктерге жетіп келеді деуге болады.
Резерваттың ашылуы өзіндік зор ғылыми маңызга ие, өйткені мұңда жыл құстарының жұмыртқа салуына, мекендеуіне,ұшып өтуіне барынша қолайлы. Рамсар конвенциясының тізіміне енген бірегей сулы-батпақты мекен болса, екіншіден киіктердің Бетпақдала таралымының өсіп өнуіне, мекендеуіне өте қолайлы орын. Сол үшін де 2008 жылы Ырғыз-Торғай Мемлекеттік табиғи резерваты Бүкіл әлемдік табиғи мұралар тізіміне енген. Жыл сайын Қазақстан жері арқылы 50млн-нан астам жыл құстары қоныс аударатын болса, содан 1,5 млн-дай құс осы Ырғыздың сулы-батпақтары арқылы өтіп, 100-ден астамы ұя салып өсіп өнеді. Әсіресе, мында бірқазанның 2 түрі, қызғылт қоқиқазы, тарғақ, реликті шағала, ақ бас үйрек, безгелдек т.б. мекендейді. Жалпы құстардың 250 түрі кездессе, соның 32-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Сондай-ақ сүтқоректілердің 42 түрі, оның ішінде 2 түрі Қызыл кітапқа енген, бауырмен жорғалаушылардың 14 түрі, қос мекенділердің 4 түрі, балықтардың 8 түрі кездеседі. Мұндағы сулы батпақты алқаптың тағдыры жылсайынға көктемгі тасқын суға тікелей байланысты. Мысалы 1990-98 жж. бұл алқаптарды суландыратын Ырғыз, Торғай өзендері бірнеше жыл қатарынан тасымай қалып, сулы батпақты алқаптардың құрғап қалуы орын алды. Алқапты сақтап қалудың мүмкіндіктері бар, бұл жөнінде көтеріліп жүрген мәселелер орынды. Бұл түптеп келгенде, осы өңірдің экологиясында экономикасына зор пайда әкеледі. Ол табиғи су қорын реттеу арқылы жүзеге асырылатан шаруа.
Соңғы жылдары киіктердің көбеюі байқалып отыр, қазірде киік саны 30 мыңнан асты. Киіктің лақтайтын, қоныс аударатын күзгі шағылысқа түсетін жерлері есепке алынып ұдайы бақылануда ұсталып отыр. Ерекше назар аударатын нәрсе киіктің көктемгі лақтайтын орыны Шалқар - Нұра қыратының үстімен етегіндегі жазық алқап болса, күзгі шағылысқа түсетін орыны Құрдым теңізі сорының айналасындағы қара жусанды, бұйырғынды кең алқап. Осы алқапта біз бақылауға алған соңғы екі жылда (2007-2008жж.) қараша желтоқсан айларында қозғалмастан жатады. 2 жылда бұл жерден қаңтар айының 3 - 6 аралығында 2008 жылы оңтүстікке 2009жылы әуелі шығысқа, кейін оңтүстікке қоныс аударуы байқалады. Резерват аумағы өсімдіктер дүниесіне де бай. Өсімдіктердің 390 кездеседі. Солардың ішінде 26 дәрілік өсімдік болып табылады. Қатарында халықтық мидицинада пайдаланылған андыз, киікоты, ермек (дәрмене) жусан, жолжелкен, бақбақ, адыраспан т.б. түрлері бар.
№1 участок Ырғыз әкімшілік ауданының территориясы Тәуіп селолық округінің солтүстік бөлігінде Кемпір қос мекені (23квартал) басталып, оңтүстік шығыс аймағына жалғасып Шал тамы (25квартал), Балта, кіші Балта әрі қарай жоталы Нұра (105, 106, 109, 113, 114 кварталдары) Қыз тамы мекенімен аяқталады.
Оңтүстіктегі территориясы Қызылорда облысымен шектесе отырып, солтүстікке бұрылып,батыс шекарасына (50 квартал) шектесіп Жаман Теңіз аркылы Жыңғылды өзек және Кеңшағыл бойына жалғасада (43 квартал).
Батыс шекарасы Ақжарқыннан(42 квартал) бастау алып (39,41,40 квартал) бойымен Жаркөл (38 квартал) аркылы Бақшақтамы жеріне шектесіп, әрі карай Сауда (37, 36, 35, 34, 33, 32, 31, 30 кварталдарын) қамтиды.
Бұрынғы Торғай заказнигі шекаралары мына кварталдарда жатыр 29, 28, 27, 26, 25, 24 кварталдары. Торғай заказнигінен атаулы (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 кварталдары) Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватымемлекеттік мекемесіне берілген.
№2 участок Алакөл жүйесі Ырғыз ауданы әкімшілік территориясы Нұра селолық округіне карасты жерлерін қамтиды. Алакөл жүйесі Ырғыз ауданының солтүстігінде Қостанай обылысымен шектесіп жатыр. Жыра жері арқылы шекара шығыс бөлігі Қарсақ-Бақсы елді мекені арқылы батысқа бұрылып, Қарақоға елді мекені аркылы 104 км қашықтыққа созылады. Бұл жерлер (3, 4, 5, 6, 7, 28) және (27, 26, 25, 24, 23, 22, 21, 20 кварталдары) арқылы Жыра мекеніне қосылады. №2 участоктың жер көлемі 89040 га.
Сонымен қатар бұған дейін ЕҚТА-лар қатарында Ырғыз ауданында Торғай мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы болатын. Аңшылық Шаруашылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 6-шы шілдедегі бұйрығына сәйкес Торғай мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалы Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекемесіне қорғау-күзету үшін бекітіліп беріледі. Бұйрыққа сәйкес қаумалдың 296000 га жері косылып, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекемесінің территориясы 1 059 549 га болды.
Ырғыз өзені Мұғалжар тауынан басталады. Өзеннің жалпы ұзындығы 593 км, ауданы 31600 км2. Жағасы көгалданған, құмды. Өзеннің ені 1,3-2,0 км, белгілі бөліктері 0,3-0,5 км-ге дейін таралады, өзеннің жағалауы тік, жарлы, биік, биіктігі 5м-ден 8м-ге дейін жетеді. Ырғыз селосындағы өзенде ағыстар бірнеше болып бөлінеді. Көктемдегі су ағысының бөлігі оңтүстік-шығыстағы Аманкөл елді мекеніне бағытталып, одан 110 км-ге Торғай өзеніне құйылады.
Ырғыз өзенінің ені 20-50м, кей кездері 100м болады. Көктемгі су тасқынынан кейін көптеген плестің ұзындығы 30м-ден 2,5км-ге дейін, ені 4-20м, тереңдігі 1,5-3м болып калады. Торғай өзені - Жезказған облысындағы Ұлытаудан бастау алады. Өлкейек өзені- Қостанай облысындағы Базылбексай және Отызбайсай өзендері ағысынан пайда болып, Торғай өзеніне келіп құяды. Судың кұрамына келсек хлорлы. Көктемде судың минералдануы 0,4-0,7 гл орташа есеппен алғанда,кейде 2,0 гл дейін жетеді. Су аздап қатқыл, жазда судың орта бөлігінде 2,0 гкг дейін, ал төменгі бөлігінде 4,5-5,0 гкг құнарлығы өзгереді. Ырғыз өзені жағалауында отырған халықтарға судың қайнар көзі болып отыр. Халықтар барлық тұрмыстық жағдайларда, бақша суаруға және т.б пайдаланады. Өлкейек өзені Базылбексай жане Отызбайсай өзендерінің құралған (Қостанай обылысында) оған Торғай өзені құяды.Өзеннің ұзындығы 349 км, ауданы 13300 км2. Өзеннің ені 35-40 м-ге дейін жетеді,тереңдігі 1,3-2,3 м, ағыс жылдамдығы 0,1 мс. Түбі құмды, жағасы көгалды. Негізінде гидрографиялық желі әлсіз дамыған. Көлдердің жалпы ауданы 150 км2. Өзен қараша айының ортасында қатады, сәуір айының бірінші жартысында ериді, мұздың қалыңдығы 1 м болады. Көктемгі су тасқыны бір аптаға дейін созылады. Осы уақытта өзен маңайындағы көлдер мен ойыстарды сумен толтырады. Көктемгі су тасқынынан соң өзен тартылады. Көптеген көлдер шілде айында тартылып болады. Көктемде судың құрамында хлор көп болады, минералдылығы 0,4-0,8 гл, аздап қатқыл, ішуге сапасы қанағаттанарлық.
Көлдердің көпшілігі Торғай, Ырғыз, Өлкейек, Телқара өзендерімен байланысты. Ыза суларын көп жағдайда қолданған кезде көлдерде беткейлігі 10-40%, ал ыза суы болмаған жағдайда 60-90% . Қыста (қар түрінде) өзенде 10-15 % құрайды. Жылдық баланста шығынның бөлімі, судың беткейлігі буланумен анықталады. Көлдерді бассейндік мұқтаждығы бойынша 3 жүйеге бөлуге болады: Торғай өзен жүйесі,Ырғыз өзені жүйесі,Өлкей өзені жүйесі.
Өзендер ұзақ көлдерді қамтамасыз етеді. Өзендердегі су режимі көлдердегі су режиміне тәуелді. Торғай өзені терең, ащы-тұзды. Тұздылығы сәуір,маусым, тамыз айларында байқалады. Тереңдігі 4 м-ге дейін жетеді, түбі сазды, жағасы 5м ге дейін биік.Көптеген өзендердің жағасы аласа болып келеді. Ірі көлдер Байтақкөл, Қармақкөл, Жыңғылдыкөл өзенінің оң жағалауындағы сайларда орналасқан. Ең ірі көл Байтақкөл, оның ауданы 7400 ге дейін жетеді. Ал Қармақкөл ең терең көл. Көптеген көлдер көктемгі су тасқыны кезінде Торғай өзені арқылы толады. Торғай өзені көлдерді толтырып ары қарай Шалқар теңіз 2,3 м, өзендегі ағыс жылдамдығы 0,1 мсек, өзен табаны батпақты, жиектері көлбеу,кей жерлерінде құлама жарлы. Өлкейек өзені суы тұщы өзен көлдерге құяды. Көлдер жүйесі өзенге құю есебімен 150 км2, қату мерзімі қараша айының ортасында мұз қабаты 1 м, кей жерлерде су тайыздығы себепті түбіне дейін қатады. Өзенде көктемгі тасуы жеті күнге созылады, ағысы жай қалыпты ағады. Ырғыз өзені басын Мұғалжар тауларынан алады, ұзындығы 593 км.көлемі 31,600 км2. Өзеннің арнасы құмды, өсімдіктер мол өсуімен ерекшеленеді.1,3-2,0 км, арна жиегі құламалы-жарлы болып келіп 5-8м. Көктемгі су тасу мезгілінде оңтүстүк - шығыс бағытқа Алакөл жүйесіне ағады, одан әрі 110 км жер жүріп Торғай өзеніне құяды. Өзен Қарақоға бойына құйып, кейбір кіші көлдер арналарын толтырады. Ағысы жай,жаз айларында көп жерлері тайыздап, кеуіп қалу жағдайлары кездеседі. Негізінен Ырғыз өзені бойындағы көптеген елді - мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Құрамында гидрокарбонаттар еріген минералдық құрамы кермек. Өзен бойында 6 бөгет және көпір орналасқан.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты территориясында төмендегідей табиғи жүйелер орналасқан: Торғай мемлекеттік табиғи қаумалы (заказнигі) Сулы батпақты халықаралық маңыздағы өлке жүйесі.
Мемлекеттік маңыздағы көлдер жүйесі мен ғылыми негізіндегі маңызды биологиялық өлке орналасқан мемлекеттік қорғаудағы ҚР Үкіметінің Қаулысымен 3 наурыз 1995 №218 бекітілген.
Геоморфологиялық - биологиялық, республикалық, халықаралық маңыздағы Шалқарнұра табиғи қорық дәрежесіндегі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 30 маусым 2005; №657 қаулысымен бекітілген обьекті болып табылады.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты территориясында сулы-батпақты өлке жоғары қорғау жүйесінің А тобына жататын Халықаралық Рамсар конвенциясына 1971 жылы енген аса қорғалатын аймақ .
Құстардың ұшып өту жолы болып табылатын Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты территориясынан Солтүстік Қазақстан, Батыс-Сібір құс жолдары бар, кей құстар ұя салып қалу негіздері зерттелген, күзде Солтүстік Африка, Орталық Еуропаға құстар ұшып өту жолдары жататын өлке.
Жойылып бара жатқан киіктердің негізі миграциялық және көктемгі лақтау маусымы кезінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақта кездеседі. Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты территориясында №1 участокта Атан-Басы, Жыланды, Баба, Жанбай, Балта, Нұра тауы жотасы. №2 участокта Назар белгісі, Алакөл, Қарсақбасы елді мекендері көктемгі лақтау орындары екендігі зерттелген. Күзгі миграциялық жолы Қостанай облысымен шектесетін №2 участок Жыра мекені арқылы Назар белгісі, Қарсақбасы, Нұра тау жотасы, Балта, Атан-Басы мекендерін басып өтіп Шалқартеңіз (Құрдым) арқылы Қарағанды облысы Қызылорда облыстары территорияларына өтеді.
Телқара, Сарыөзек өзендерін құрайды. Өзендердің суының молаюы қар суына негізделген, жауын жер асты сулары мардымсыз деңгейде қаралған. Жер беті суларының толығуы Қазақстан кіші қыраттар бойына жиналып, Торғай өзеніне құяды. Мұғалжар қыраты сулары Ырғыз өзенін толықтырады. Өзен суларының ағысының жылдамдығы төмен, шамамен 0,2 мсек, жайылым аймағында 0,1 мсек - 2 мсек аралығында болады.
Су арналарының толуы мен жылдық ағысының әр маусымында әртүрлі болуы қар қалыңдығына тәуелді, көктемгі су тасқыны қысқа мерзімде қатты көтеріліп ағуымен ерекшеленеді, ал жазғы мерзімде өте баяу, кей жерлерде тартылып қалу уақыттары кездеседі.
Жылдардың ерекшеліктеріне қарай өзен суларының тасуы әртүрлі қысы қарлы кезеңдерде, қар аз түскен жылдары су тасуы баяу.
Жаз-күз айларында су тасуы, өзендердің толуы сирек кездесетін құбылыс,бұл булану процесі мен жауын-шашынның аздығымен бағаланады, жауын аз жылдары кейбір арналары құрғап қалуы байқалады.Жоғары су тасу көктем айлары наурыз бен сәуір, су арнасының көтерілуі тез жүріп 1-2 күннен аспай азаяды.
Су денгейінің түсуі 10-12 күн аумағында байқалып, қалай тез көтерілсе,солай тез түседі.
Өзендердің деңгейінің көтерілуі сәуір-мамыр айларында байқалып, үлкен өзендерде жылдық есеппен су көлемінің көтерілуі сәуірде 60-90% құрайды, кіші арналарда 100% дейін көтеріліп, 15-20 күнде өтеді.
Өзендердің суының құргап қалуы 2-5 айға дейін созылады. Сәуір айында су жылынып, шілдеде 30-33 Сº жетеді. Күзгі-қысқы су қатуы қараша айының ортасымен соңында жүреді,мұз қатуы 120-150 күнге созылады, мұз қалыңдығы қыстың соңында 75-85 см-ге жетеді.
Көктемде сең жүру байқалмайды, себебі өзендер арнасындағы судың аздығынан, ал мұздың толық еруі сәуір айында болады.
Судың химиялық құрамының өзгеруі судың тасу жылдамдығымен байланысты, негізгі құрамы гидрокарбонатты болып келеді. Жаз негізгі құрамы гидрокарбонатты болып келеді. Жаз-күз айларында судың химиялық құрамы өзгеруі, бұл су азаю процесінен байқалатын жағдай, көктемде судың минералдық құрамы төмендейді.
Су булану процесі жылы аймақта 1000 мм жетеді, бұл ыстық ауаның, су қорының аздығы мен қатты желдер соғуының әсерінен болады. Ірі сулы өзендер Ырғыз, Торғай және Өлкейек.
Торғай өзені 825 км құрап, 56500 км2 жерді алады. Өзеннің ағуы қар суымен толығып, көптеген көлдер мен сағалар құрайды. Қараша айының басында қатады. Торғай өзенінің ені 20-40 м, түбі батпақты болып келеді, су ағу жылдамдығы 0,1 мсек. Өлкейек өзені Базылбексай, Отызбайсай (Қостанай облысы) қосылуынан пайда болып, Торғай өзеніне құяды, ұзындығы 349 км су молдығы 13,300 км 2. Өзеннің ені 35-40 м, кей жерлерінде 10м, тереңдігі 1,3 жерлерде тұзды, тақырлы болып келеді. Аңғарлар тереңдігі 1м-ден 10 м-ге дейін, көлбеуі 30м.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты климаттық ауа алмасу деңгейі есептері бойынша құрғақ,қалыпты, ыстық аймақта орналасқан.
Ландшафттық бөліну маңызы бойынша қалыпты-ыстық, құрғақшылық шөлді жерде орналасқан. Климаты жедел-континентальды, аз қарлы, қарлы боранды қысы қатты, жазы ыстық құрғақ құмды, желді, өзгермелік маусымдық және тәулікті температуралық режимді, сирек түріндегі жауын-шашыны бар тез булану процесі жүретін, құрғақ күн радиациясына жоғары климат қалыптасқан.
Жылдық температура амплитудасы 40,30 құрайды. Күн ауа-райы Ырғыз метеостанция есебімен 2603 сағат. Тіке түскен күн радиациясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 137 ккалсм² аралығында болады. Жыл бойындағы орташа ауа температурасы метеостанция есебімен Ырғыз, Нұра, Тәуіп 5,2-5,3 Сº, Торғай -4,1 Сº. Ең суық айы-қаңтар, ең жылы айы-шілде. Жаз айлары қалыпты, ыстық ауа-райы. Күндізгі температура 25-30 Сº, түнде 12-18 Сº. Жоғарғы температура 43-44 Сº баруы мүмкін. Жаз айларының басында және алғашқы t 2 Сº дейін төмендеуі мүмкін.
Резерват территориясы шөлейтті зона шегінде жата отырып, топырақ құрамы бозғылт. Топырақ қалыптастыру жүйесі жеңіл құмды-батпақты құмдауыт кей жерлерінде құмдауыт-батпақты әртүрлі механикалық құрамынан тұрады. Heгiзгi топырақ құрамы күрделі тұзды,басым бөлігін жеңіл механикалық құрамынан қалыптасқан кең түрде тараған гидроморфтың топырақ түріндегі сор және сортан жерлер.Зоналық құрамы бозғылт қалыпты және бозғылт сортан топырақтан тұрады
Резерват территориясы шөлейтті зона шегінде жата отырып, топырақ құрамы бозғылт. Топырақ қалыптастыру жүйесі жеңіл құмды-батпақты құмдауыт, кей жерлерінде құмдауыт-батпақты әртүрлі механикалық құрамынан тұрады.
Негізгі топырақ құрамы күрделі тұзды, басым бөлігі жеңіл механикалық құрамынан қалыптасқан кең түрде тараған гидроморфтық топырақ түріндегі сор және сортаң жерлер.
Зоналық құрамы бозғылт қалыпты және бозғылт сортаң топырақтан тұрады. Өзен-көлдер жайылымында топырақ құрамы аллювиалды-жайылымы, кей жерлерінде жері сорлы, сортаңды жайылым түрінде кездеседі.
Географиялық жер бедері (Қазақстан атласы 1982ж.) Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты жазықтық дала зонасына жатқызылады және Каспий- Тұран бөлігі Торғай- Орталық Қазақстан, төменгі Торғай өлкесімен Батыс- Торғай округі Ырғыз-Торғай - Өлкейек ауданына қарай отырып, аз бөлігі (Оңтүстік бөлігі) Арал аймағы мен Солтүстік Арал құмды шөлді ауданын құрайды. Қазақстан географиялық жер бедері картасына сәйкес Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты жері структуралық Торғай мемлекеттік табиғи резерваты жері структуралық - дендуациялық жазықтыққа жатады. Жер территориясы Оңтүстік Батыс Торғай жазықтық өлкесінде орналасқан. Жер бедері қалыптасу кезеңінде жазықтықты платформалық шөгінділер арқылы жазықтық сестемасын құраған. Негізгі абсолюттік биіктігі 130-180м, ішінара ауытқу кейбір жер бедері бойынша 10-15 немесе 25 м құрайды. Жер бедерінің төмендеуі көптеген көлдер жүйесінің арналарымен қалыптаса отырып, меридианальды бағытта түзу ерте қалыптасқан арналар жүйесінде тізбектеліп отырады. Биіктігі 60 м шамасында жота-қыраттар төбелері жазық бола отырып, етектері жазықталып отырады.
Жоталар тізбелері аралары ойпатты, кіші шоқылармен жалғасады. Жер қыртысы жүйесі негізінен аридтік-денудациялық қатпарлардан рельфтік жүйе құрайды. Денуациялық жазықтық ерте аллювиалды қалыптасуы Өлкейек өзені төменгі аймағында кездесетін рельефтік және голоцен - жоғарғы шектеулі Торғай жазықтық бойымен Торғай өзені және оның салаларында кездеседі.
Абсолютті нүктелер орташа 100-130м аралығында бола отырып, Торғай өзені төменгі аңғарында 80-90м құрайды. Оңтүстік-Торғай жазықтығы бойынша тереңдік деңгейі 30-50м, кейбір жерлерінде одан да терең болып келеді. Оңтүстік-Торғай жазықтығы жер бедері құмды массалардан тұра отырып төбелер жотасын құрайды.
Орташа шөгінділерден тұрған 2-3м. Жер бедері кварцтық шөгінділер мен құмды қиыршықты өлке жүйесін құрап, аллювиалды өзенді жүйесін қалыптастыру Ырғыз - Торғай өзен жүйесінің төменгі бөлігінен жалғасады.
Солтүстік-шығыс территориясы бағытында үлкен аймақты Шалқар-Нұра таужотасы өлкесі жалғасып 150км. қашықтықты алып жатыр және оның ең биік жерлері оңтүстігінде бола отырып, абсолютті биіктігі 190-нан 230 метрге жетеді. Бұл жүйе батысында эрозиялық биіктігі 30-50м болатын сілемдерден тұрады. Оңтүстігінде тау жүйесі 120-140 м биіктігі бар аңғарлармен жалғаса отырып, Шалқар-Теңіз сорлы аймаққа шектеседі. Торғай өзені мен Шалқар-Нұра аралығындағы жазықтық төбелі, шоқылы аңғарлы жер бедерін құрай отырып, өзенге құю көлбеулерінен тұрады және бұл жерлердің абсолютті нүктелері 100-ден 60м-ге дейін жетеді. Шығыс және солтүстік-шығыс бағытындағы төбелер жүйесі батыс және оңтүстік бағытта күрт үзіліп отырады. Беткей бетінің көрсеткіші 150 құрайды. Жоталар төбесі жазық немесе күнбез тәріздес қалыптасқан. Аңғарлар деңгейінен жоталар мен қыраттар 40м. биіктікте аңғарлар табаны жазық қамысты, шалғынды кей ауданның рельефі, гиологиялық құрылымы, климаттық ерекшелігі және адамның шаруашылық әрекеті физико-географиялық процестерді қалыптастырады. Қаралатын территорияға тұзданған, батпақтанған және эрозиялық процестер жатады.
Тұзданған топырақ территориямызда кең таралған. Тұздану процесіне аридтік климат әсер етеді, көп бөлігі тез ерігіш тұздан және гипстен тұрады.
Сор (солоншак-тұздылығы топырақ бетінен басталатын, ылғалды сор жер)- рельефтің төмендеген бөлігінде қалыптасады. Қалыптасу жағдайына қарай олар үшін типке бөлінеді; ылғалды сорлы,белгілі бір бөлікте қалыптасады.
Котлованда (қазан шұңқыр) түзілетін сорлы ыза суымен байланысты емес. (грунтовая вода; грунт - топырақ) Бұл бөліктерде тұздың толығуы көктемгі уақытта болады. Ылғалды құрғақтану маусымы болады, ылғал буға айналып құрғақ пайда болады қабыршақта, қыртыстанған сор пайда болады.
Ірі көлдердің төменгі бөлігінде орналасқан сорлардың қалыптасуы, қазіргі Торғай өзенінің арнасымен байланысты. Көктемгі тасқын кезінде өзен шұңқырына үлкен су көлемі келеді. Құлдырау кезінде көл деңгейі өзеннен ажыратылып, булану нәтижесінде судың минералдануы тез жүреді. Ыстық маусым соңында көптеген шұңқырлардан тұздың қалдықтарын байқауға болады. Толығымен территорияда тұздаудың хлоридті-сульфатты түрі тән.
Батпақтау - қаралатын территорияға тән емес.
Тасқын маусымы 1,5-2 айға созылады, қамыс, қоға, елекшөп (маймақ), қияқөлең өседі.
Ылғал қалдығы буланып және өсімдіктер транспирациясына кетеді. Жаз соңына қарай көптеген батпақтанған аймақтар кебеді. Эрозиялық процестер.
Эрозиялық процестердің дамуына үлкен әсер ететін аймақтық және жергілікті құрылым. Эрозиялық процестердің өсуіне өзендердің гидрологиялық таралу ерекшелігі, олардың деңгейінің өзгеруін және өзендердің ағу жылдамдығын ескерген дұрыс. Өзен сипаты олардың қоректенуімен сипатталады. Бұл аймақта қармен қоректену доминантты, көктемгі ағын жылдық мөлшердің 50-70% -ын құрайды. Өзендермен көлдерге әсер ететін ең негізгі фактор - шаруашылық әрекет, ол тоспа, бөгеттер (плотина) орналастыру. Бұның халық шаруашылығы үшін маңызы зор, бірақ табиғатта келеңсіз жағдайлар туғызады. (Құмды) көліне құяды. Өзендердің 60%тұзды, минералдылығы жылдық суға байланысты. Ырғыз өзенінің бассейінінде орналасқан көлдер өзеннің кіші алаңымен және әр түрлі тереңдігімен ерекшеленеді. Ең тереңі Малайдар көлі әрі мөлдір. Сонымен бірге, Асаубайкөл мен Ащыкөл де өзінің мөлдірлігі жағынан ерекшеленеді. Судың реакциясы әлсіз сілтілі,оттегі концентрациясы қанағаттанарлық деңгейде.
Малайдар - Тайпақкөл көлдері тобының минералдығы 2,79 гдм3 ден (Тереккөл көлі) 3,70 гдм3 (Асаубай көлі) дейін жетеді. Минералдығы жоғары кездегі көлдердің иондық құрамы, ереже бойынша сілтілі.
Металдарға (натрий,калий) аниондарына сульфаттар және хлоридтер кіреді. Малайдар - Тайпақкөл көлдерінің топтарына сілтілі металдар, гидрокорбанаттар және хлоридтер бар. Өлкейек өзенінің көлдер жүйесі - Қызылкөл, Алакөл, Алабұғакөл. Ең ірісі Қызылкөл, ауданы 3500 га, қалғандарының ауданы кіші.
Резерваттың гидрологиялық жүйесі Арал теңізі бассейні мен Торғай, Өлкейек, Ырғыз, Телқара, Сарыөзек өзендерін құрайды. Өзендердің суының молаюы қар суына негізделгені жауын жер асты сулары мардымсыз деңгейде қаралған.
Қорыта келгенде Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының территориясында орналасып, Ырғыз ауданының әкімшілік жерінің 763 549 га жерін қамтып жатыр.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі №1 және №2 участоктардан тұрады. №1 участок Атан-Басы жүйесі, Ырғыз ауданының Тәуіп селолық округінің территориясында орналасқан. №2 участок Алакөл жүйесі, Ырғыз ауданының Нұра селолық округінің территориясында орналасқан.

1.2 Сүтқоректілердің биологиялық ерекшеліктері

Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың прогрессивті белгілері:
1. Бұларда орталық жүйке жүйесі жоғары дамыған. Оның ішінде жоғарғы нерв әрекетінің орталығы -- үлкен ми жарты шарларының сұр қыртысы көңіл аударады. Осыған байланысты сүтқоректілердің орта жағдайына бейімделуі өте күрделі, әрі жақсы жетілген.
2. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын организмнің өнімі -- сүтімен қоректендіреді. Бұл сүтқоректілердің әртүрлі жағдайда кебеюіне мүмкіндік береді.
3. Жылу реттелуі қабілетінің жоғары дамуы, аздап та болса дене температурасының тұрақтылығына байланысты икемделген.
Денесін қаптап тұрған түктері салқыннан қорғаса, ал денесіндегі тері астындағы май қабаты жылудың реттелуіне себепші болады.
Осындай ерекшеліктер әртүрлі жағдайларға қарамастан кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Антарктикалық материктен басқа географиялық жер бөліктеріне түгелдей тараған. Олар жер бетінде, ауада, жартылай суда, жердің астыңғы қабатъшда тіршілік етеді. Қазір сүт коректілердің 4000-ға жуық түрі белгілі.
Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері, денесі жүнмен жабылған. Терісінде бездері көп, әсіресе жақсы жетілген сүт безін атап өтуге болады. Бас сүйегі омыртқа жотасымен екі бұдыр өскіншектер арқылы бекиді. Төменгі жағы тек қана тіс сүйегінен тұрады. Шаршы сүйек пен байланыс сүйегі ортаңғы құлақ қуысында орналасқан есту сүйегіне айналған. Тісі күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жіктелген, олар альвеолдарға бекіген. Жүрегі төрт камералы, бір ғана сол жақ қолқа доғасы сақталған. Қызыл кан түйіршіктерінде ядро болмайды.
Тіршілік ететін ортасының түрліше болуына байланысты сүтқоректілердің дене пішіні түрліше болады. Оның ішінде кеңінен таралғаны жер бетінде мекендейтін төрт аяқты аңдар. Олардың аяғы ұзын болады да, ол рептилилердегідей кеудесінің екі бүйіріне орналаспай, астына орналасқан. Сондыктан тізе буындары денесінің алдына қарай, ал шынтақ буындары денесінің арт жағына қарай бағытталған. Мойын бөлімі жақсы жетілген, ал қүйрық бөлімі керісінше дененің косалкы бөліміндей нашар дамыған. Жер астында тіршілік ететін түрлерінің денесі ұршық сияқты, мойыны қысқа, сыртынан айқын байқалмайды. Құйрығы редукцияланған. Аяқтары өте қысқа болады. Суда тіршілік ететіндерінің дене пішіні балық тәрізді болады да аяқтары ескекке айналған. Кит тәрізділерде тек қана алдыңғы аяқтары сақталған.
Сүтқоректілер түрлі ортада тіршілік етуіне байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады.
Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы -- эпидермистен, оның астыңғы қабаты -- кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші -- төменгі атын -- мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген клеткалардан тұрады. Олар біртіндеп ішкі қуысына кератогиалиннің толуына байланысты мүйізденген елі клеткаларға айналады. Бұл қабаттың үстіңгі клеткалары біртіндеп қайызғақ түрінде, немесе кесек (лос-кут) қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады.
Сүтқоректілердің -- түгі, тырнақтары, тұяқтары, мүйіздері (бұғыдан басқаларында), кабыршақтары және түрлі тері бездері осы эпидермис қабатынан пайда болады.
Сүтқоректілерде терінің кутис қабаты өте жақсы жетілген. Кутис талшыкты дәнекер тканьдерінен калыптасады. Кутистің астыңғы қабатының ішкі беті жүмсақ талшықты тканьдерден тұрады, оған май жиналады. Бүл қабатты тері астындағы майлы клетчаткалар деп атайды. Кит пен тюлень сияқты суда тіршілік ететін аңдардың жылуды сақтап тұратын түктері болмағандыктан май кабаты жылуды реттеу қызметін атқарады. Кейбір қысқы үйқыға жататын жануарларда (саршұнак, суыр, борсық г. б.) май қабаты жақсы жетілген. Май олар үшін қысқы ұйқы кезіндегі қоректік материал болып саналады.
Сүтқоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қаптап тұратын түк болады. Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т. б.) түк тіпті болмайды. Болса рудимент түрінде ғана сақталған.
Сүтқоректілердін, түгінің сырткы бөлімін сабақ, ал теріге еніп тұрған бөлімін түбі деп екіге бөледі. Түк сабағын тікелей жарып микроскоп аркылы қарағанда мына қабаттардан өзек, сірі және сыртқы қабық қабаттарынан тұратынын байқауға болады. Өзегі арасында ауа болатын торлы тканьдерден құралады. Сондықтан түк жылуды нашар өткізеді де, жануардың денесіндегі жылудың сақталуына себепші болады. Оның сыртқы сір қабаты өте тығыз болғандықтан түк мықты болады. Ең үстіңгі жұқа қабығы түкті сыртқы механикалық және химиялық әрекеттерден қорғайды. Түк түйініне қан тамырлары келеді. Ол түк түйініндегі клеткалардың жетілуін қамтамасыз етеді. Түктің тері бетіне шығып тұрған сабағы есу қабілетін жойып, мүйізденіп кетеді. Терідегі май бездерінен шығатын майы түкті майлап,оның мықтылық қасиетінің сақталуына және су өтпеуіне себепші болады.
Түк жабындысы әртүрлі түктен тұрады. Оның негізгілеріне: мамық түк немесе түбіт, қылшық, сезгіш түк немесе вибристар т. б. жатады.
Сүтқоректілердің түктері жаңарып, жылдың белгілі бір маусымында түлеп тұрады. Тиіндер, түлкілер және көртышқандар жылына екі рет (күзде, көктемде) түлейді. Басқа сүт қоректілер жылына бір рет түлейді. Солтүстікті мекендейтін сүт қоректілердің түгінің тығыздығы мен ұзындығы жыл маусымына қарай түрліше болады. Тропиктік жануарларда жыл маусымдарындағы температураларының айырмашылығы шамалы болғандықтан көп өзгеріс болмай, олардың түгі әр уақытта бір қалыпты еседі.
Сезгіш -- түктердің атқаратын әрекеті түрліше болады. Оны сезімтал мұртша деп те атайды. Бұлар жануардың бас, мойын және төс бөлімдерінде орналасады. Қүрсақ бөлімі ағашқа тиіп қозғалатындарында (тиіндерде) мұндай түк бауыр жағында болады. Түк қалтасының түбінде және оның керегесінде вибристердің басқа затқа тигенін сезетін нерв талшықтары болады.
Түктің түрі өзгерген түрі -- инелер мен қылтанақтар. Эпидермистің басқа мүйіз туындыларына қабыршактар, тырнак, тұяқ мүйіз тұмсық және қуыс мүйіздер жатады. Қабыршақ көптеген тышқан тәрізділердің табанында болады. Сол сияқты көптеген қалталылардың, кемірушілердің насекоммен қоректенетіндердің де құйрығында қабыршақ болады.
Мүйізді туындыларға сиырдың, ақбөкеннің, ешкінің, қойдын; мүйізі жатады. Ал, бүғының мүйізі мүндай туынды емес, кутистен пайда болатын сүйекті зат,
Тері бездері өзінің құрылысына және атқаратын қызметіне қарай -- тер, май, иіс және сүт бездері болып белінеді.
Тер бездері -- түтік пішінді, астыңғы бөлімі иіріліп барып қошқар мүйізденіп бітеді. Бұлар бірден терінін, үстіңгі бетіне немесе түк қалтасына ашылады. Бұл бездің өнімі тердің құрамында су, еріген мочевина және тұз болады. Бұл өнімдерді тер безі жасап шығармайды, оған қан тамырларынан келеді. Тер безінің қызметі суды буландыру арқылы теріні салқындату және ыдырау өнімдерін бөліп шығару. Сөйтіп жылуды реттеп отыру және зәр шығару қызметін атқаратын болады. Тер бездері барлық сүтқоректілерде дерлік болады, бірақ барлығында бірдей жетілмеген. Мысалы ит пен мысықта өте аз, кемірушілердің көпшілігінің тер безі табанында, шабында және ерінінде болады. Кит тәрізділерде және кесіртке тәрізділерде тер безі болмайды.
Май бездері шоқтанып жатады да әрқашанда түк қалтасына ашылады. Май бездерінің шығарған өнімдері түктерді, эпидермистің сыртын майлап, сыртқы зиянды әрекеттерден сақтайды.
Иіс бездері -- тер немесе май бездердің түрінің өзгерген түрі болып саналады. Тіпті кейбір кезде сол екі бездің екеуінің де қажеті осы иіс безінен байқалады. Мысалы, сасық күзендердің артқы тесігінің маңайында өткір иісті, сасық өнім шығаратын бездері болады. Бұл күзенді жауларынан қорғауда маңызды қызмет атқарады. Кейбір сүтқоректілерде мускустың иіс бездері болады. Бүл бездің маңызы әлі толық анықталмаған. Бірақ без аталған жануарлар үйірге түскенде анық байқалады. Сондықтан оның қызметі жануарлардың көбеюімен байланысты, яғни жыныстық қозуды тудыруы мүмкін.
Сүт бездері -- түтік пішінді болады. Клоакалы сүтқоректілердің (үйрек тұмсықтардың, ехидналардың) сүт бездері түтік сияқты болады. Олардың ұшы құрсақ жағындағы безді алаң деген бөлімдегі түк қалташығына келіп ашылады. Балалары түктерді сорып, оның түбіндегі тесіктен шыққан сүтпен қоректенеді. Ехидналарда безді алаң арнаулы қалтаның ішінде болады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ырғыз - Торғай қорығының өсімдік жамылғысы
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
ҚОРЫҚТАР. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
Ырғыз - Торғай резерваты
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Қорықтар мен ұлттық парктер
Ақсу-жабағылы қорығы
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
Марқакөл қорығының болашағы
Жануарлар дүниесі биосфераның құрамдас бір бөлігі.
Пәндер