Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Инфляцияның теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.1 Инфляция мәні мен пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Инфляцияның түрлері мен типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері ... ...14

2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.1 Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері ... ... ... ...18
2.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі инфляцияның даму қарқынын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3 Инфляцияның салдарынан болатын проблемаларды талдау ... ... ... ..23

3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар ... ... ... ... ... ... ... ..25

3.1 2015.2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік.экономикалық дамуының негізгі мақсаты мен басымдылықтары ... ... 25
3.2 Инфляцияны бәсеңдету шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 % құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 % құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
— ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
— инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады. Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса,
1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы – 2001.-90 бет.
2. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.- 18 бет.
3. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.-34 бет.
4. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.-67 бет.
5. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.-78 бет.
6. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, IX том.-98 бет.
7. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006.-201 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан
Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: 2002-
2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 % құраса, ақшамен есептегенде ішкі
жалпы өнімнің өсуі 53,2 % құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын
біз сезіп отырмыз, соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген
пікірлері бекер емес: инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді,
экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан Голланд ауруының алдында
тұр. Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі
– инфляция.

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен
анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын
іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
— ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
— инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны
тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция термині
(латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты
ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары
(1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды.
ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық
әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады. Сонымен, инфляция дегеніміз –
бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының
көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл
жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі
өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны
қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан
қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға
деңгейінің жалпы өсуі. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы.
Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан
экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады.
Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне
айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден
екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем
қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды
сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны
былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды
бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең
алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен
байланысты.
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады.
Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға
ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі.
Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді.
Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ
сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.
Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет
саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық
жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде
қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп
отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер
үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада стагфляция деп аталады.
Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы
жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж., арналған қысқа
мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті.Соңғы
жылдары Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен
мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары,
онымен күресу жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы
инфляция қарқыны.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы,
статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар,
сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

1 Инфляцияның теориялық аспектілері.

1. Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері.

Инфляция (лат. Inflatio – қабыну, ісіну) — бұл бағаның өсуінен,
тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен
туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің
төмендеуі.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
Инфляция термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына
қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .
Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде –
тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының
төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына
және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы
бұзылды.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
– Айналысқа ақшаның артық шығуы;
– Қолайсыз төлем балансы;
– Үкіметке сенімнің жоғалуы;
– Инфляцияның көріну нысандары;
– Тауарлар мен қызметкерлерге бағаның өсуі, оның үстінде бір қалыпты емес
өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының
төмендеуіне ұрындырады;
– Ұлттық ақша бірлігіне қатысты бағамның төмендеуі;
– Ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көрінуі.
Бағаның өсу шарттары кезінде, халықтың әлеуметтік дифференциялауын
күшейтеді.
Жиналу қаблетін азайтады, ликвидті формадағы жинаулар қысқарылады,олар
натуралды түрге айналады, жинау және жұмсау қатынасы тұтыну жағына қарай
жылжиды.
Ұлттық табыстың тепе-тең емес өсуі халықтың шын табысының төмендеуіне
әкеліп соқтырады. Инфляциямен басқару эканомикалық және ақша-несие
саясатының ең басты қиыншылығы болып табылады. Сонымен қатар инфляцияның
көп қырлы, көп факторлы мінезін қарастыру керек. Оның негізінде тек
монетарлық қана емес, сонымен біргеде басқа факторлар кіреді. Мемлекеттік
шығындар толық мағынасындағы қысқарылуы, ақша эммиссясының бірте-бірте
таратылуы кең көлемдегі антиинфлияциялық шараларды өткізуді талап етеді.
Солардың ішінде өндірістік стабилизация мен стимуляциясы, салық
жүйесінің қайталанбастығы, ақшаның айырбастау курсының өзгеруі.
Экономикасы ауыспалы мемлекеттерде инфляциялық процестер өсу темпімен
өзгереді. Осы өзгерістер инфляцияның ең ауыр, әрі басқарылмайтын қасиеті.
Қазақстан Республикасының президенті өзінің жолдауында былай деп
кеткен: Ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты –инфляцияны тежеуді
қамтамассыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен
үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен
құралдар бар.
2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың басында ҚР тоқырау болды.Бұл
тоқыраудың себебі азық-түлік, жеміс жидектің бағасы бір сәтте өсіп кеткені.
Мұндай жағдай әлемдік рынокта болып жатқан құбылыстар Қазақстанға да әсер
етпей қоймасы анық. Міне осы жағдайда Қазақстан бірнеше шаралар қолданып
инфляция деңгейін төмендетті. Алдыңғы жылы инфляция деңгейі 8,4 пайызды
құраған, ал сол дағдарыс кезінде 80,2 пайызды құраған.
Инфляцияның өрістеп, күшеюі эканомикалық және қарама-қайшылықтарды
асқындырып жіберетіндігінен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын
тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1. Бейімделу саясат жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде
табыстарды, жалақыны, компаниялар мен фирмаларды қысқа мерзімде жобаларды
өткізеді.
2. Инфляцияны төмендету немесе басу жөнініде инфляцияға қарсы
шаралардың кешенін жүргізу.
Инфляцияға қарсы саясат - инфляциямен күрес бағытталған эканомиканы
мемелекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.
1. Дефляциялық саясат
2. Кірістер саясаты
Қазіргі ҚР инфляция деңгейі 6,4 % құрайды және инфляцияға қарсы
шаралардың барлығы өз нәтижесін береді деген үміттемін.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі – inflation - вздутие, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865
жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың
тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда қолданыла бастады.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырларда бірінші дүние
жүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық
әдебиеттерінде ХХ жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өнімінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Бірақ бұл анықтамамен шектелуге
болмайды. Ақшаның тауарға шетел валютасына байланысты қарастырсақ, біз тек
алтын ақшаның эквиваленті ретінде қарастырамыз.
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті
құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған,
шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша
массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың
шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық
саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар
жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады:
сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық
болып қалады;
• мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің
қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет
тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
• несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер
мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
• ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Инфляция – сұранымға қатысты ұзақ уақыт теңсіздік нәтижесінде елдегі
жалпы баға деңгейінің өсуі. Яғни инфляция жиынтық ұсынымның сәйкес келмеуі.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең
өткір проблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді, ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің
артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық
өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге,
ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок
коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына
және т.б байланысты. Демек, бағаның сәйкес өсуіне көптеген несие түрлі
себептердің әсері болады.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең
бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынанкөрінеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - өмір
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигпациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
апарады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі, қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өтімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай,
уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық
рынок. Ал олигополист жетілмеген бәсекелес едәуір бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте – бірте
әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импортты инфляцияның
қаупі туады.
Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады , ол
инфляцияны күту нәтижесінде орын алады . Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде.

2. Инфляцияның түрлері мен типтері.

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшінкөп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға
мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол ұдайы
өндірістің тұрақты факторына айналды.
Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге
бөледі: а) баяу немесе сұлама инфляция, б) қарқынды инфляция, в) ұшқыр
инфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де, ақша негізінде өз құнын
сақтап қалады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20 дан 200%-ке
дейін өседі. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға
астропологиялық қарқынмен 1000%-тен жоғары. Баға мен жалақының арасы
алшақтап, бай адамдардың (өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің ) да
тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфляцияның тепе-теңдік формаларына байланысты
инфляциясы ашық және Басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу
экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы
артуы түрінде көрінеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар
қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында , өтімнің сапасының
нашарлауында, амалсыздап ақша жинақтауда, бартерлік айырбастың дамуында
көрінеді .
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен ақшаның амалсыз
жиналуымен, астыртып экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Инфляция күтілетін және күтілмейтін инфляция болады.
Күтілмейтін инфляция – бұл белгілі бір уақытқа, болжалайтын инфляция.
Күтілмеген инфляция – бұл кенеттен өсуімен сипатталады. Бұл ақша
айналымына, салық жүйесіне нұсқан келтіреді.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі
типке бөледі:
а) сұраным инфляциясы,
б)өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының
нәтижесінде болатын инфляция.
Сонымен, инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары болады:
1. Бағаның өсу қарқынына қарай:
- Баяу инфляция – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан
төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция.
- Орташа инфляция – баға өсінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды
құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция.
- Қарқынды инфляция – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляцияы,
бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады.
2. Пайда болу сипатына қарай:
- Әкімшілік инфляция - әкімшлікті басқарулы бағалардан туындаған
бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция.
- Шығын инфляциясы – ресурстар мен өһндіріс факторларына бағаның өсуі
мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың
бағалары өседі.
- Сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен,
яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің
жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.
- Ұсыным инфляциясы – өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған
жағдайда өнджіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен
туындайтын инфляция.
- Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған
инфляция.
- Кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған
инфляция.
3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша.
- Ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу
есебінен болатын инфляция.
- Жасырын – мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен
қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.
Инфляцияның даму факторлары және оның салдары.
Инфляцияның даму факторлары әр-түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай
және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған
инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес- шығын инфляциясын білдіреді.
Бұл екеуі де ішкі факторға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі
т.б жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі,
экономиканың циклдік дамуы, директивалық бағаның түзелуі жатады.
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:
-ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе
өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.
-қазыналық факторлар- ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты
жабу, жанама салықтардың өсуі.
-ақшалай факторлар-ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі
сипат алып отырады.
-сыртқы факторларға- экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің
ұлғаюы.

3. Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері.

Инфляция түсінігі 1861-65 жылдары азаматтық соғыс кезінде пайда болған.
Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі
Рим мен Ежелгі Қытайда болып тұрған. Алтын мен күміс ақша айналымында
инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал
қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша
айналымы өзін-өзін реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни
толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде
инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика
мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана
қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен
салыстырғанда қағаз ақша мен арттық шамада толып кетуі, олардың бағасының
төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтеріліуін, ақшаның
сатып сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік –
экономикалық феномент. Инфляция – табиғи апаттар мен қоғам сіліністерінің
жиі серігі.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан
елдердің үкімет бірлігі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн.
Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар
мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал
жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет, өз шығыстарын тежеп,
салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның
қарқыны төмендейді, алайда, солармен бірге өндіріс те қысқартады,
Экономикада дағдарыс пен тоқырлау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны
өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік
саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік
қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылады, салықтардың деңгейі
төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға
салынад, әдетте олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге
және тұтұну тауарларына сұранысты ұлғайтады.
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру
экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.Инфляцияға
қарсы стратегия ақша-кредит, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын
өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
-Дефляция (латынша deflatio, үрлеп шығару деген мағына береді)
саясаты ақша жиынының, кредиттердің, жалақылардың шектелуімен байланысты.
-Табыстар саясаты стагдефляция кезінде қолданылады,мемлекеттің
бақылауымен жалақылармен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін
анықтап көрсетеді.
-Инфляцияға қарсы саясаттың түрлері елдегі жағдайларға және осы немесе
басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты
таңдалады.
-Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен
директивті нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен
өтті.
Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша
реформалары да бағытталған.
Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.
Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және
реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңғыртылуын
көрсетеді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация,
девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.
Латынның nullificatio сөзінен нуллификация шығады және ол жою деген
мағынаны білдіреді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте
құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары негізілді.
Девальвация латынша de-төмендеу, valko- тұрмын дейтін сөздерден
туындайды.
Ревальвация латынша re-жаңару және valko- тұрмын дейтін сөздерден
туындайды.
Латынның denominatio сөзін аударғанда деноминация қайта атау
дегенді білдіреді және ара-қатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру
жолымен ақша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді көрсетеді.
2003 жылдың 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы өзінің 10 жылдығын
атап өтті. Бұл уақыттың ішінде ол дүнйежүзілік ақшалардың ортасынан өзінің
елеулі орнын алды.
Теңге-біздің экономикамыздың күре тамыры, оның күйі экономикамыздың
жағдайын толық сипаттайды. 10 жылдан астам уақытта балалық ауруларынан аман
өтіп басқа валюталардың жүзден астам жыл өткен жолын өтіп тұрақтанды,
барлық елдер мойындады.

2 Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау.

2.1 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму ерекшеліктері.

Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін
және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи экономикалық даму
процесінде қалыптасқанөндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдылық
диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады. Қоғамдық өндіріс құрылымы
қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы
мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады. Қеңес экономикасының
70- ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр
бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция туралы ұғым
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
Қаржы және инфляцияның шығу тарихы
Инфляция туралы
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляцияның мәні, себептері және әлеуметтік – экономикалық зардаптары. ҚР-ғы инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның себептері
Қазақстандағы инфляция
Пәндер