Мұнай өндіру кәсіпорынның негізгі қорлары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

ІІ бөлім. Мұнай өндіру кәсіпорынның негізгі қорлары . . . 4

2. 1. Мұнай өндіру кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы . . . 4

2. 2. Негізгі қорларды бағалау . . . 8

2. 3. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері . . . 10

2. 4. Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі және амортизациясы . . . 15

2. 5. Мұнай өндіру кәсіпорындарында негізгі қорларды пайдалану тиімділігін жоғарлату жолдары . . . 23

2. 6. Материалдық емес активтер . . . 26

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

Негізгі қорлар, өндіріс процессіне, ұзақ уақыт бойы қатысып, өндірістік циклдардың көпшілік бөлігін қамтамасыз етеді. Жылдам техникалық прогресс жағдайында, техника үнемі жетілдірілуде, яғни ескі техниканың орнын басатын жаңа, өнімділігі жоғары механизмдер және аппараттар түрлері шығарылуда. Өндіріс процесінде негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі), жаңа қорларды құруға өткен, күрделі салымдарды пайдалану тиімділігін үздіксіз, жоғарылату қажеттілігімен байланысты, маңыздылығы арта түседі.

Қазіргі уақыттағы қабылданған топтастыруларға байланысты барлық негізгі қорлар өндірістік емес (өнеркәсіптік емес) және өнеркәсіптік-өндірістік болып бөлінеді.

Өндірістік емес (өнеркәсіптік емес) негізгі қорлар - бұл өндіріс процесіне ешқандай қатысы жоқ, өнеркәсіптің (жеке кәсіпорындардың) иелігінде тұран негізгі қорлардың бір бөлігі. Оларға кәсіпорынның балансында тұрған келесідей қорлар жатады, яғни тұрғын-үй қоры, клубтар, асханалар, бала бақшалар, поликлиникалар, стадиондар, спорт кешендері, яғни бір сөзбен айтқанда, кәсіпорын жұмысшыларына мәдени-тұрмыспен байла­нысты, барлық қызмет түрлерін көрсетулер жатады.

Өнеркәсіптік-өндірістік негзгі қорлардан, өндіріс процесі тәуелді болады: немесе оған қызмет көрсету немесе оған қолайлы жағдай жасау.

ІІ бөлім. Мұнай өндіру кәсіпорынның негізгі қорлары

2. 1. Мұнай өндіру кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы

Материалдық-техникалық базасын құрайтын өндіріс құралдары, өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты, еңбек құралдарына (машиналар, аппараттар, жабдықтар, өндіріс гимараттары, құрылғылар және тағы басқалары) және еңбек заттарына (шикізаттар, отын, негізгі және көмекші материалдар және тағы басқалары) бөлінеді. Еңбек құралдары - өндіріс құралдарының қымбаттау бөлігін құрайтын, өзінің заттай пішінін сақтай отырып, келе-келе тозатын, құралдар негізгі қорлар деп аталады. Олардың құны бөліп-бөліп, қосымша немесе дайын өнім құнына қосылып отырады. Еңбек заттары, бүтіндей бір өндіріс циклінде, өзінің заттай пішінін өзгерте отырып, жоғалта отырып, қолданылады. Олардың құны дайын өнімге кіргізіледі. Бұл - айналым құралдары.

Өндіріс қорларының жалпы сомасындағы, негізгі және айналым қорлары арасындағы қатынас, сондай-ақ олардың құрамы мен құрылымы, өндіріс процесінің ерекшелігіне байланысты болады. Мұнайгаз өндіретін өнеркәсіпте негізгі қорлар үлесіне, барлық өндірістік қорлар сомасының 96-97 пайызы келеді. Ал, мұнай өңдейтін және мұнай химиялық өнеркәсібінде 90%.

Негізгі қорлардан өндіріс прсцесі бірдей тәуелді емес, сондай- ақ олардан өндіріс және оның нәтижелері бірдей тәуелді емес; осы жерде олардың өмірі, тозу дәрежесі, жыл сайынғы амортизациялық аударымдар көлемін ажыратуға болады.

  • ғимараттар;
  • құрылғылар;
  • беріліс құралдары;
  • машиналар мен жабдықта) ;

оның ішінде:

а) күш машиналары мен жабдықтары;

б) жұмыс машиналары мен жабдықтары;

в) өлшейтін, реттейтін призорлар және құрылғылар және лабораториялық жабдықтар;

г) есептеу техникасы;

д) басқа да машиналар мен жабдықтар;

  1. транспорттық құралдар;
  2. инструменттер;
  3. өндірістік инвентарлар;
  4. шаруашылық инвентарлары;
  5. өнім және жұмыс малдары;
  6. көп жылдық көшеттер;
  7. жерді жақсарту бойынша күрделі шығындар (құрылғысыз) ;
  8. басқа да негізгі қорлар.

2. 1-кесте. Негізгі өндірістік қорларды топтастыру

Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері
Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері
Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері: 1
Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері: 2
Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері: 1. Ғимарат - қалыпты еңбек жағдайын құру және тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау үшін
Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері: Сорғыш және компрессорлық станциялар, механикалық шеберханалар, құбыр базасы, казандықтардың, қойма, зауыт және тағы басқаларының ғимараты.
Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері: 2. Құрылғылар - еңбекте құралдардың өзгеруімен байланыспайтын қызметтерді орындау жолымен өндірістік процесті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау үшін
Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері:

Мұнай, газ ұңғымалары, технологиялық қондырылымдар, резервуарлар, теңіз эстакадалары, тікқұбырлар, мұнай дұзақтары, коллекторлар, жолдар, кемежайлар.

Құбыржолы қатынастары, газ тораптары, суқұбырлары, ішкікәсіпшілік құбыржолдары. Электр беретін әуе желілері, телефондық және телеграфтық желілер.

Магистралды құбыржолдары және бұрулар және тағы басқалары.

Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері: 3. Баспана
Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері: Тұрақты тұруға арналған ғимарат, жылжымалы қалқанды үйшіктер, тұру үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар.
Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері:

4. Машиналар мен жабдықтар

а) күш машиналары мен жабдықтар

э) жұмыс машиналары мен жабдықтар

б) өлшейтін, реттейтін аспалтар мен жабдықтар

Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері:

Бу казаны, генераторлар, компрессорлар, электрқозғалтқыш, іштен жану қозғалтқышы, трансформаторлар, жылжымалы электростанциялар.

Бұрғылау құрылғылары, теңселмелі -станоктар, мұнайгазды қайта тербейтін агрегаттар, жылу алмастырғыш және тағы басқалары. Дебитомерлер, тереңдетілген манометрлер, диспетчерлік бақылауға арналған құрылғылар, реттейтін құрылғылар және тағы басқалары.

Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері: 5. Адамдар мен жүктерді таситын транспорттық құралдар
Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері: Автоцистерналар, танкерлер, автомобильдер, баржалар, қайықтар, цистерналар, тракторлар және тағы басқалары.
Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері:

6. Инвентарь

а) өндірістік

б) шаруашылық

Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері:

Сұйық затарды сақтауға арналған ыдыс (шан, бөшке, бак және тағы басқалары), сусыма, дана, тарнодана материалдары үшін ыдыстар және құрылғылар, имараттарға жатпайтын, өндірістік операцияларды жеңілдетуге арналған құрылғылар мен жиһаздар.

Өртке карсы құралдар, сағаттар (машиналар мен жабдықтарға жататын сорғыштар мен механикалық өрт сөндіру баспалдақтарынан басқа), спорт инвентары және тағы басқалары.

Негізгі қорлардың түрлері және олардын белгілері: 7. Басқалары
Осы түрлердің мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы объектілері: Жұмыс және өнім малдары, көпжылдық көшеттер және тағы басқалары

2. 1-сурет. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы негізгі қорлардың құрылымы

Негізгі қорлардың өндірістік құрылымы негізгі қорлардың әр бір тобының олардың жалпы құнындағы үлес салмағымен сипатталады. Негізгі өндірістік қорлардың құрамында машиналардың, жабдықтардың және активті бөлігінің басқа да элементтерінің үлес салмағы қаншалықты жоғары болса, яғни 1 теңге негізгі қорға соншалықты көп өнімдер өндірілетін болады. Кәсіпорындарда негізгі қорлардың активті бөлігінің үлес салмағының неғұрлым жоғары болуы, яғни кәсіпорының соғұрлым жоғары деңгейде техникамен жабдықталғанын бірдіреді, яғни кәсіпорынның өндірістік процесстері механикаландырылған және автоматтандырылған, өңдеудің химиялық әдістері кеңінен қолданылатындығын және еңбектің электрмен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгендігін білдіреді. Сонымен қатар, кәсіпорындарда негізгі қорлардың жеке топтарының үлес салмағы, олардың технико-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты бірдей болмайды. Өнеркәсіптің бір саласындағы кәсіпорынның өзінде де негізгі өндірістік қорларының құрылымы бірдей болмайды.

Өнеркәсіптік және машина жасау негізгі қорларының құрылымында қордың активті бөлігі - машиналар мен жабдықтар - 50% жетпейді, яғни бұл жерде маңызды үлес салмақты негізгі қорлардың пассивті бөлігі алады - ғимараттар және тағы басқалары.

Мұнай және газ өнеркәсібіндегі кәсіпорындар құрылымының ерекшелігі - олардың активті бөлігін, яғни пассивті бөлігімен салыстырғанда үлес салмағының үлкен болуында. Сонымен, мұнайгаз қайта өңдеу өнеркәсіптерінде машиналар, жабдықтар және оның активті бөлігін құрайтын имартаттардың бір бөлігі 60% асып түседі, ал мұнай өндіруде негізгі қорлардың активті бөлігі, яғни имараттарды (ұңғымалар), машиналарды қосқанда 80% асып түседі.

Бұл жағдай, осы кәсіпорындарда негізгі өндіріс процессінің үлкен бөлігі ғимараттан тыс, яғни ашық жерлерде жүзеге асырылуымен байланысты, сондай-ақ транспорт және мұнай мен газды сақтау жүйесінде де негізгі қорлардың құрылымы осындай сипатқа ие болады. Бірақ, олардың маңызды айырмашылықтары да бар: егер мұнайгаз өндіруде активті бөлігі - бұл имараттар (ұңғымалар және резервуарлар), яғни осылардың көмегімен негізгі өндірістік процесс жүргізілетін болса, онда құбыржолы транспортында мұнай мен газды ауыстыру, осы құбыржолымен жүзеге асырылады, яғни бұл жерде активті бөлігі 90% асып түседі.

Бұл кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорларының құрылымын әрі қарай жетілдіру, оның техникалық қайта қамтамасыз етілгендігімен, және тағы басқаларымен тікелей байланысты.

Пайдалану дәрежесі бойынша негізгі қорлар келесідей болып бөлінеді:

а) эксплуатациядағы- ұйымның балансындағы барлық негізгі қорлар, оның ішінде уақытша пайдаланылмайтыны, жалға беру келісімшарты бойынша жалға берілгені және тағы басқалары;

ә) запастағы (резервтегі) - осы мақсатта сатып алынған жабдықтар мен транспорттық құралдар, сондай-ақ эксплуатацияда болған, бірақ уақытша эксплуатациядан шығарылған жабықтар;

б) салынып, жабдықталып бітпеген, реконструкциялау және кейбір бөліктері жойылу стадиясындағы;

в) консервациядағы - өндірістің аяқталғанына үш айдан астам уақыт болған объектілер, белгілі бір комплекстегі негізгі қорлар.

Құрамында болуына байланысты негізгі қорлар келесідей болып бөлінеді:

а) жеке меншіктегі, яғни жеке меншік құқығы бойынша ұйымның құрамында тұрған (оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілгені) ;

ә) шұғыл басқармадағы және шаруашылық жүргізудегі негізгі қорлар;

б) сатып алу құқығынсыз жалға алынған негізгі қорлар.

2. 2. Негізгі қорларды бағалау

Негізгі өндірістік қорлардың дұрыс бағалануынан, олардың амортизациясының дәл, нақты есептелгендігі, сондай-ақ өнімнің өзіндік құны (жұмыс, көрсетілген қызмет), мүлікке салынатын салық және басқа да көрсеткіштер тәуелді болады.

Негізгі қорлардың жағдайы мен пайдалануын натуралыдық және құндық көрсеткіштерінде есепке алады.

Натуралдық көрсеткіштер негізгі қорлардың техникалық құрамын, кәсіпорын объектілерінің, салаларының өндірістік қуаттылығын анықтауға, сондай-ақ жабдықтың балансын құрастыруға мүмкіндік береді.

Әр бір объектінің натуралдық көрсеткіштегі сипаттамасын, оның техникалық паспортында көрсетеді, сондай-ақ онда өндірістік күші, тозған дәрежесі және негізгі қорлардың құрамында болатын барлық өзгерістер көрсетіледі. Негізгі қорлардың сақталуына бақылау жүргізу мақсатында, олардың нақты бары мен жағдайына мерзімді түгендеу жүргізіп отырады.

Негізгі қорлардың құндық бағалауы, яғни олардың жалпы көлемін, құрылымын, динамикасын, амортизациялық есептеулерін, жоспарлауды оларды қайта өндіруді және тағы басқаларды анықтау үшін қажет.

Негізгі қорларды құндық бағалаудың үш түрі бар: бастапқы құны бойынша, қалдық құны бойынша және қалпына келтіру құны бойынша. Яғни бұл негізгі қорлардың қызмет ету ұзақтығына, бірте бірте тозуына және олардың қайта өндіру шарттарының өзгеруіне байланысты.

Осылайша, негізгі құралдарды бағалау үшін мыналар қолданылады:

а) негізгі қорлардың нақты (бастапқы) құны - кәсіпорынның негізгі қорлар объектілерін салуға немесе сатып алуға жұмсалған нақты шығындарын көрсетеді, яғни оның ішінде, жеткізу шығындары, монтаждау немесе қондыру шығындары, сондай-ақ негізгі қорларды енгізген жылдағы өндіріс жағдайы (бағасы, еңбек өнімділігі) . Жабдықтың бастапқы құны, оның қызмет ету кезеңі бойында өзгерімейді және ол амортизациялық аударымдар есебінен толығымен қайтарылуы немесе өтелуі керек;

ә) қалпына келтіру құны - нақты жыл жағдайында негізгі қорлардың қайта өндіру құнын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қазіргі кездегі эрекет ететін құны ойынша бір типтегі жабдықты сатып алуға шығындалатын аша қаражаттарының соммасын көрсетеді. Яғни бұл, өндірісі жетілдіру барысында, еңбек өнімділігінің, материалдар бағасының және тағы басқаларының өзгеруінің себебінен, жабдықтар да бағасының өзгеруімен байланысты (әр түрлі жылдарда дайындлған) ;

б) негізгі қорлардың қалдық құны, яғни олардың бірте бірте тозуына байланысты қажет. Ол негізгі қорлар құнының қандай бөлігін, дайын өнімге айналдыруга болатынын көрсетеді. Сонымен, қалдық құн - бұл, тозған құнын алып тастағандағы негізгі қорлардың бастапқы құны. Негізі қорлар неғұрлым ұзақ уақыт пайдалануда болған сайын, оның тозығының сомасы көп болады және сәйкесінше қалдық құны аз болады. Яғни бағалаудың бұл түрімен жабдықтың тозу дәрежеін анықтауға болады, ал оны бастапқы құнмен салыстыра отырып, негізгі қорлардың жаңару кезеңін байқауға болады.

Өндіріс процессі және оны, нәтижелері, жоғарыда көрсетілген негізгі құралдар топтарының әр қайсысынан әр қалай тәуелді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары болып, машиналар мен жабдықтар, беріліс құралдары табылады, ал мұнай және газ өндіруде құрылғылар маңызды болып саналады. Оларды негізгі қорлардың активті бөлігі деп айтады.

Негізгі қорлардың активті бөлгіне:

Күш машиналары мен жабдықтары - іштен жану қозғалтқышы, дизель, бу машиналары, бу, газ кәне гидротурбиндар, электро қозғалтқыштар, электрогенераторлар және тағы басқалары;

Жұмыс машиналары мен жабдықтарына:

Бұрғылайтын құрылғылар, станоктар, реакторлар, регенераторлар, пештер, колонналар, тоңазытқыштар, конденсаторлар, жылу алмастырғыштар, турбобурар, электробурлар және тағы басқалары;

Беріліс құралдарына құбыржолдар, электр және жылу жүйелері, трансмиссилер, телефон және телеграфтық жүйелер және тағы басқалары;

Бақылу және басқаруды автоматты түрде реттеу құралдары.

Мұнайгаз өндіретін өнеркәсіпте негізгі құралдардың активті бөлігін, құрылғылар құрайды. Ал өнеркәсіптің басқа салаларында құрылғылар негізгі құралдардың актив бөлігінің құрамына кірмейді - олар, көпірлер, эстакадалар, резервуарлар, құдықтар, бөгеттер, дамбалар, каналдар, тас жолдар, үйінділер, үңгі жолдар және тағы басқалары, яғни негізгі қорлардың өндіріс процессіне қатыспайтын түрлері жатады. Бірақ, мұнайгаз өнеркәсібінде негізгі құралдардың, жоғарыда аталған бөліктеріне кіретін құрылғыларға жататын, мұнай және газ ұңғымалары мақсатқай сай өнім, яғни мұнай және газ беруіне байланысты, олар негізгі қорлардың активті бөлігіне кіреді.

Мұнай және газ өнеркәсібі үшін негізгі қорлардың активті бөлігінің үлес салмағының жоғары болуы маңызды. Яғни, мұнай және газ өндіруде ол 90% жетеді, ал бұрғылауда - 80%, құбырлық көлікте - 94%, мұнай өңдеу өнеркәсібінде - 60% жоғары.

2. 3. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері

Ғылыми-техникалық прогрестің арқасында, өнеркәсіптің техникалық қайта құралдануы жылдамдатылды. Осыған байланы­сты, негізгі қорлардың есебіне, оның жағдайын талдауына және пайдаланылуына қойылған талаптар жоғарлап кетті.

Өнеркәсіп және кәсіпорындар салаларының техникалық деңгейін бағалау және негізгі қорларды тиімді пайдалану, ерекше маңызды орын алады.

Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау кезінде, келесідей көрсеткіштер бойынша негізгі қорлардың құрамы, құрылымы және қозғалысы белгіленеді.

Негізгі қорлардың тозу коэффициенті К иф , тозу көлемінің И оф қорлардың бастапқы құнының С п қатынасына тең:

К иф = И оф / С п = N а Т р / 100.

Негізгі қорлардың тозу дәрежесі пайыз бойынша төмендегідей болып анықталады:

К и = И оф · 100/ С п немесе К и = N а Т р

Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті К обн , қайта енгізілген негізгі қорлар құнының С и белгілі бір кезенде, олардың жалпы құнының С ф қатынасына тең болады:

К обн = С и / С ф

Негізгі өндірістік қорлардың жеке топтарының салыстырмалы үлес салмағы У ф олардың жалпы құнында:

У ф = С э д С ф + С с С ф + С о б С ф + С п у С ф + С т р С Ф + С п р о ч С ф У_{ф} = \frac{С_{эд}}{С_{ф}} + \frac{С_{с}}{С_{ф}} + \frac{С_{об}}{С_{ф}} + \frac{С_{пу}}{С_{ф}} + \frac{С_{тр}}{С_{Ф}} + \frac{С_{проч}}{С_{ф}}

мұндағы, С зд , С с , С об , С пу , С тр , С проч - сәйкесінше, ғимараттардың, құрылғылардың, жабдықтардың, беріліс құралдарының, транспорттық құралдардың және басқа да негізгі қорлардың құны, теңге.

Негізгі қорларды пайдалануының маңызды көрсеткіштерінің бір болып, қор қайтарымы Ф табылады, ол жалпы өнімнің орташа өлшемдік құнын Q s негізгі қорлардың орташа жылдық құнына С ф бөлу арқылы анықталады, яғни ол мына төмендегі формуламен өрнектеледі:

Ф=Q в ф .

Қор қайтарымы, негізгі қорлардың бірлігіне қанша өнім саны келетітін көрсетеді. Қор қайтарымының көлемі шығарылған өнімнің өсуін білдіреді. Оның сапасының жақсаруы, негізгі қорлардың құнының өзгеруіне алып келеді.

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны С ф екі аралас жылдың 1 қаңтарындағы (С ф1 және С фt +1) негізгі өндірістік қорлар құнының жартысын қосу жолымен алынған, сондай- ақ қорлардың берілген жылдың әр бір қалған айларының 1-не баланстық құнының сомасын 12-ге бөлу арқылы анықталады:

С ф = ( С ф t + С ф t + 1 С ф + i = n i = n C ф і ) : 12 С_{ф} = \left( \frac{С_{фt} + С_{фt + 1}}{С_{ф}} + \sum_{i = n}^{i = n}C_{фі} \right) :12

Жалпы өнеркәсіптің алдында қойылған негізгі міндеті, өндірістік қорлардың бірлігінен өнім көлемін жоғарлату болып табылады. Мұнайгаз өндіру өнеркәсібі, салалардың ішіндегі қор сиымдылығы жоғары болуына байланысты, оның қор қайтарымдылық көрсеткішін жоғарлату маңызды болып табылады.

Негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін бағалау үшін, натуралды көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Бірақ, олар негізгі қорлар жабдықтарын пайдаланылуын бағалауға ғана мүмкіндік бермейді. Мысалы, мұнай және газ ұңғымаларының эксплуатациялық қорын пайдаланудың натуралдық көрсеткіштеріне, бір ұңғымаға келетін тәулігіне, айына, жылына мұнай немесе газды өндіру көлемі жатады.

Жеке технологиялық қондырғылар үшін бұл көрсеткіш, мақсатқа сай өнім сомасын негізгі қорлардың орташа жылдық құнына бөлу арқылы анықталады.

Барлық негізгі қорларды пайдаланылу дәрежесін бағалау үшін, тек қана құндық көрсеткіш, яғни - қор қайтарымы қолданылады.

Өнімнің қор сиымдылығы, өнім бірлігін шығаруды қамтамасыз ететін, негізгі қорлар санын сипаттайды.

Қор сиымдылығы, негізгі қорлардың құнын, жалпы өнім құнына бөлу арқылы анықталады. Яғни ол төмендегі формулада көрсетілген:

Ф в = С ф / Q в = 1/Ф,

яғни, қор сиымдылығы, қор қайтарымының қарама қарсы шамасы немесе мөлшері.

Қор құралдануы Ф в еңбектің техникалық жабдықталғандығын сипаттайды. Ол негізгі қорлар құнын С ф жұмысшылардың орташа есептік санына Ч см бөлу арқылы анықталады.

Ф в = С ф / Ч см

Негізгі қорларды сипаттайтын маңызды көрсеткіштерге жабдықтың толық пайдалануы жағдайында, өндірістің алдыңғы қатарлы технологиясын және ұйымдастырылуын қолданатын, өнімнің мүмкін болған жылдық шығарылымымен анықталатын, өндірістік күштер жатады.

Өндірістік күштердің пайдаланылуын бағалау үшін, келесідей үш көрсеткіш қолданылады: экстенсивті пайдалану коэффициенті К э , интенсивті немесе қарқынды пайдалану коэффициенті К и және интегралдық пайдалану коэффициенті К і .

Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті, уақыт бойынша оны пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол жабдықтың жұмыс істеген уақытының Т р барлық күнтізбелік уақытқа Т к қатынасын сипаттайды, яғни жабдықтың өндірік жұмысы уақытының үлес салмағын көрсетеді.

Уақыт бойынша мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану дәрежесін бағалау үшін, келесідей екі көрсеткіш қолданылады:

Ұңғымаларды пайдалану коэффициенті К ис , барлық ұңғымалардың жұмыс уақытының жиынтығын С э (ұңғ. -ай. ), ұңғымалардың эксплуатациялық қоры уақытының күнтізбелік жиынтығына С чэ (бұл да ұңғ. -ай) бөлу арқылы анықталады.

К ис = С э / С ч э

Эксплуатациялау коэффициенті К эс ұңғымалардың жұмыс уақыты жиынтығының С э (ұңғ. -ай. ), әрекеттегі қордың күнтізбелік уақытының жиынтығына С ч д (бұл да ұңғ. -ай) қатынасын сипат­тайды.

К эс = С э / С ч д

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай газ өңдіру кәсіпорнындағы өндірістің қаржылық ресурстары
Кәсіпорынның айналым капиталы
Отын – энергетикалық кешен
Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
Қазақстанның істейтін және болашақтық кен орындар қорларының сипаттамасы және көмір шығару көлемдері
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ
Мұнай саласындағы кәсіпорындардың тиімділігін жоғарылатудағы негізгі бағыттар
Кәсіпорынның рентабельділігі мен резервтері
Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері
Кәсіпорынның активтерін бағалау және тиімді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz