Кәсіпорынның қаржыны пайдалану қажеттілігінің маңызы



Кіріспе
І. Кәсіпорынның қаржыны пайдалану қажеттілігінің маңызы
1.1. Кәсіпорындар қаржысы және қаржылық тұрақтылықтың ғылыми негіздері
1.2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары және төлем қабілеттілігі
1.3. Кәсіпорындар қаржысын ұйымдастырудың негіздері
ІІ. Кәсіпорынның қаржы жағдайын, табыстылығын және төлем қабілеттілігін талдау
2.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайы нәтижелерін талдау
2.2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін және қаржылық тұрақтылықты талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Экономиканың қаржылық байланыстарының құрылымында кәсіпорындар қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктерді шығаратын және еліміздің қаржы ресурстарының басымды бөлігін қалыптастыратын қоғамдық өндірістің негізгі саласын қамтамасыз еткендіктен бастапқы орынға ие.
Елімізде орын алған экономикалық реформалар қаржылық және өндірістік қатынастар құрылымының түбегейлі өзгеруіне алып келді. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады. Осының барлығы кәсіпорынның қаржы ресурстарын және оларды құру көздерін тиімді пайдалануды талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның қаржыны пайдаланудың көздерін, олардың құрылымын қарастыру, сонымен қатар кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болып табылады.
Нарықтық экономика әлемдік тәжірибеге белгілі модельдердің көп түрлілігіне қарамастан мемлекеттік реттеумен толықтырылған әлеуметтік бағытталған шаруашылық болып табылады. Рыноктық қатынастардың құрылымында және оны мемлекет тарапынан реттеу механизмінде қаржы үлкен мәнге ие. Олар – нарықтық қатынастардың ажырамас бөлігі және мемлекеттік саясатты іске асырудың маңызды құралы. Сондықтан да бүгінгі таңда қаржының табиғатын, олардың әрекет ету шарттарын білу, қоғамдық өндірістің дамуында оларды барынша тиімді пайдалану әдістерін анықтау аса маңызды болып отыр.
1. Қазақстан Республикасының «Кәсіпорын және кәсіпкерлік қызметі
туралы Заңы». 2010 ж.
2. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптастасуы мен дамуының стратегиясы», Алматы, 2005ж
4. Н.Ә.Назарбаев «10 жыл ғасырға тең», Алматы, 2007ж
5. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030»
6. Б.Жүнісов, Ү.Мәмбетов, Ү.Байжомартов «Нарықтық экономика
негіздері», Алматы Республикалық баспа кабинеті, 2006ж
7. Я.Ә.Әубакіров, Б.Б.Байжомаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Төбеев «Экономикалық теория» оқу құралы, Алматы «Қазақ Университеті»-
8. 2012ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І. Кәсіпорынның қаржыны пайдалану қажеттілігінің маңызы
1.1. Кәсіпорындар қаржысы және қаржылық тұрақтылықтың ғылыми негіздері
0.2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары және төлем қабілеттілігі
0.3. Кәсіпорындар қаржысын ұйымдастырудың негіздері
ІІ. Кәсіпорынның қаржы жағдайын, табыстылығын және төлем қабілеттілігін талдау
2.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайы нәтижелерін талдау
2.2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін және қаржылық тұрақтылықты талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе

Экономиканың қаржылық байланыстарының құрылымында кәсіпорындар қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктерді шығаратын және еліміздің қаржы ресурстарының басымды бөлігін қалыптастыратын қоғамдық өндірістің негізгі саласын қамтамасыз еткендіктен бастапқы орынға ие.
Елімізде орын алған экономикалық реформалар қаржылық және өндірістік қатынастар құрылымының түбегейлі өзгеруіне алып келді. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады. Осының барлығы кәсіпорынның қаржы ресурстарын және оларды құру көздерін тиімді пайдалануды талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржыны пайдаланудың көздерін, олардың құрылымын қарастыру, сонымен қатар кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болып табылады.
Нарықтық экономика әлемдік тәжірибеге белгілі модельдердің көп түрлілігіне қарамастан мемлекеттік реттеумен толықтырылған әлеуметтік бағытталған шаруашылық болып табылады. Рыноктық қатынастардың құрылымында және оны мемлекет тарапынан реттеу механизмінде қаржы үлкен мәнге ие. Олар - нарықтық қатынастардың ажырамас бөлігі және мемлекеттік саясатты іске асырудың маңызды құралы. Сондықтан да бүгінгі таңда қаржының табиғатын, олардың әрекет ету шарттарын білу, қоғамдық өндірістің дамуында оларды барынша тиімді пайдалану әдістерін анықтау аса маңызды болып отыр.

І. Кәсіпорынның қаржыны пайдалану қажеттілігінің маңызы
1.1. Кәсіпорындар қаржысы және қаржылық тұрақтылықтың ғылыми негіздері

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар - халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.
Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар - ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар - ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр түрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар - ақша қатынастары болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономикалық дамуы мүмкін емес. Кәсіпорындардың қаржысы халық шаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау түргын ұй - коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың қаржыларын қамтиды.
Меншік формаларының дамуы кооператив, акционерлік қоғам, фирма, бірлескен жаңа тұрпаттағы кәсіпорындары туғызады. Мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына берілуі меншік түрін өзгертті.
Түбегейлі экономикалық реформа барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің сан алуан формалары - республикалық, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың сан алуан формалары шығуына жеткізеді. Коммерциялық шаруашылық есептердің дамуы, аймақтардың біршама дербестік алуы бұл процесті тереңдете түседі.
Халық шаруашылығындағы әрбір саладағы қаржының техникалық экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын айырмашылықтары бар. Сонымен бір мезгілде халық шаруашылығындағы салалардағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері бірдей. өйткені, бірыңғай экономикалық заңдар, ортақ принциптерге негізделген. Мұның өзі олардың барлығын бір бастапқы буынға біріктіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарыс - қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін - өзі қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық мәдени, әлеуметтік өмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға ролі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми - техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін артыруда ынталандырушы ролін баса көрсетуде.
Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Кәсіпорындардың қаржысын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді Бір қатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсіинен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы, айналым қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.
Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындайды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтері, кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.
Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі - жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске тұсуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.
Бөліс - өндіріс пен тұтынуды байланыстыратын буын. Бұл процесс кәсіпорындар мен бірлестіктердің жұмсалған өндіріс құрал жабдықтарды толықтыруға және пайданы құрауға пайдаланған өнімдерді өткізуден түскен ақшалай табыстар алу жолымен жүреді. Пайданың (табыстың) бір бөлігі қайта бөлу барысында орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорларға түсіп енді бір бөлігі шаруашылықтың қарамағында еңбекақы, әлеуметтік мұқтаждар, өндірісті ұлғайту және дамыту жөнінде шығындарды қаржыландыруға түседі.
Кәсіпорын экономикасында қаржының бақылау қызметі маңызды рол атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек, материалдық табиғи, қаржы ресурстарының ұтымды пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Үнем мен ұқыптылық режимін өмірде дәйектілікпен жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы - несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге бақылауы пайдаланады. Кәсіпорын ішінде еңбектің саны мен сапасы, негізгі, айналым және ынталандыру қорларының құралуы, пайдалануы бақылауға айналады. Кәсіпорындардың өзара қарым - қатынастарында берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер орындалған жұмыстар, шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие органдарымен іс-қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.
Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына ұш қызмет жұктейді:
1) ақшалай ресурстармен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;
2) ақшалай табыстарды бөлу;
3) кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметіне бақылау жасау.
Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындардың экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы, олардың өндірістік қорлар айналыммен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан ерекшеленуіне әкеп соғады.
Олардың пікірінше, егер буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, халық шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының ақша шаруашылығын - дербес экономикалық категория ретінде өмір сүруі туралы мәселе қоюға болады.
Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады; бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:
Мемлекет пен өндірістік кәсіпорындар арасында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырғанда, сондай- ақ бюджетке төлемдер төлегенде, валюта қорларын қалыптастырғанда:
oo шикізат, материалдар, отын т.с.с. төлеу үшін өзара қатынастарға түскен әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында;
oo кәсіпорындар мен ұйымдар арасында акциялар мен құнды қағаздар шығару және өткізу кезінде бірлескен кәсіпорындар құру барысында несиелеу мен үлестік қатыста;
oo кәсіпорындар мен несие жүйесі ұзақ және қысқа мерзімде несиелер берілгені үшін проценттер төлегенде және т.б.
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:
1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты толықтырылуы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы. Өндірістік қорлар - өндірістің серпінді элементі. Олар, өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста болады; оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде материалдық - заттық және ақша формасы қалады;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық қырларында ықпал жасау мүмкіндігі.
Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.

0.4. Кәсіпорындардың қаржы қорлары және төлем қабілеттілігі

Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың принциптері ортақ мақсат - міндеттерімен және оның дамуының ортақ экономикалық заңдарымен анықталады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері: шаруашылық (коммерциялық) есеп, меншіктің барлық формаларының теңдігі, қаржы резервтері. Өзін-өзі қаржыландыру - негізгі алынатын принцип және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық - қаржы қызметін жүргізудің басты әдісі.
Қазіргі уақытта шаруашылық есеп әдісі тұтынушыға қызмет етіп, кәсіпорындар мен халықтың сұранымын қанағаттандыру қатаң тәртіп, мемлекет қамтамасыз еткен ресурстарды төлеу, өндірісті жаңарту және ұлғайту; бюджет алдындағы міндеттемелерді сөзсіз орындау.
Коммерциялық есеп принципі кәсіпкерлік формасында жүзеге асырылады. Нарықтық қатынасты дамыту барлық меншік формаларының деңгейі принципін іске асыру негізінде азаматтардың шаруашылық инициатива мен іскерлік көрсетуіне жағдай жасайды. Кәсіпкерлік - тәуекелге бел байлап, табыс табуға ұмтылған азаматтардың жеке, дербес іс- қимылдары. Кәсіпкерлік өз ұжымдарын құра алады.
Шаруашылық есептің негізгі принциптері - өзін- өзі ақтау және өзін - өзі қаржыландыру.
Өзін - өзі ақтау - шаруашылық есептің басты принципі, яғни кәсіпорын тиімді өткізген табысты есебінен өндірістік шығындардың ақталуы. өзін - өзі ақтаудың төменгі шегі шығынға батпау. Алайда нарық жағдайында кәсіпорындар рентабельді жұмыс істеуі тиіс. Өйткені болашағы зор шаруашылықтарға ғана көмек көрсетіледі.
Банктер бюджет, несие берушілердің алдына қойған міндеттемелері мен талаптарын қанағаттандыра алмаған кәсіпорындар белгілі бір шаралар қолданылған соң (сауықтыру, қайта құру, жою немесе сату) күйіп кетті деп жарияланады.
Өзін - өзі қаржыландыруға өзін-өзі ақтау кіреді. Одан айырмашылығы өндіріс шығындарын ақтаумен қатар нормативтік пайда алынуын көздейді. Табыс көздері мен қосымша қаржы есебінен кәсіпорын техникалық қайта жарақтану өндірісті жаңғырту және ұлғайту, өндірістік емес, құрылыс ұжымдардың әлеуметтік мұқтаждары, еңбекақы мен ынталандыру қорларын құру ғылым мен техниканы дамыту және басқа шығындарды жабуды қамтамасыз етеді. өзін- өзі қаржыландыру кезінде бүкіл қаржы (пайда және табыс, амортизациялық түсімдер және т.с.с.) кәсіпорындардың қарамағында қалады әрі тартып алынбайды (мемлекеттік бюджетке жіберілімдер мен басқа да міндеттемелерден өзге). Екіншіден, орталықтандырылған көздердің қаржысы оларға бөлінбейді, кәсіпорындар өздерінің дамуын тек меншікті және қарыз қаржды есебінен іске асырады. Мұның өзі басшылары белгілі бір шешімдер қабылдау үшін қолда бар құжаттарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін жан- жақты талдауға мәжбұр етеді.
Шаруашылық есеп талаптарының бірі - қаржы мүдделілігі қызметкерлерді материалдық ынталандыру мен өндірісті дамыту үшін кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудан көрінеді. Мұның өзі олардың болашақ мүдделерінде көрініс табады; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржы жағынан ынталандырудың қуатты тұтқасы өздері жинаған қаржы есебінен әлеуметтік - мәдени мақсаттарға арналған шығындар.
Қаржы жауапкершілігі мен мүдделілігі - шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандыру шараларын құру және жүзеге асыру.
Сөйтіп экономикалық негізгі буынында кәсіпорындардағы екі экономикалық категорияның - қаржының және шаруашылық есептің өзара байланысы көрініс табады.
Кәсіпорынның алдағы қызметіндегі бағдарлары бұлдыр болса, жоспарлар - қаржы көрсеткіштері тәптіштеле пысықталмай-ақ, қолда бар нақты мәліметтер жиналып, ғылыми өңделеді, яғни болжам жүргізіліп, кәсіпорынның қаржылық даму болжамы жасалады. Болжам бағаланып, кәсіпорындардың шаруашылық қызметі нұсқалары бойынша шешім қабылдауға негіз болады.
Нарыққа көшу, экономиканың тұрақсыздығы жағдайында қаржы жоспарлары мен болжамдары қысқа мерзімге жасалады.
Кәсіпорын неғұрлым ірі шаруашылық құрылымына (бірлестік, ассоциация, концерн т.с.с.) енсе кәсіпорындардың қаржы жоспарлары көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық меншік формаларының теңдігі принципі мемлекеттің барлық меншік формаларының дамуына кепілдігі нәтижесінде жүзеге асырылады. Меншік иесі өз мүлкін қалағанынша пайдаланып, заңға қайшы келмейтін кез-келген іс - қимыл жасайды.
Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың тағы бір принципі қаржы резервтерінің болуы (резерв қоры, тәуекел қоры). Ол барлық деңгейінде - бастапқы өндірістік буында да , одан жоғарғы буындарында ( бірлестік, концерн, министрлік т.с.с.) болады. Қаржы резервтері әр түрлі әдіспен - өндірістік және әлеуметтік даму қорларының көлеміне қарай, табыс және пайдадан түсімдер жіберу арқылы тұрақты нормативтер бойынша құралуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша қаржы қиыншылығын жойып, шаруашылықтардың қызметіне қалыпты жағдай қамтамасыз ету және өндірістік, әлеуметтік (қаржы жоспарларында қарастырылмаған) даму шығындарын қаржыландыруға арналған.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қатынастары сан алуан заң актілерімен, Президенттің жарлықтарымен, Жоғары Кеңестің қаулыларымен реттеледі. Олардың ішінде: кәсіпорындар туралы, шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы, меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы, банкроттық туралы, банктер мен банк қызметі туралы, сыртқы экономикалық негізгі принциптері туралы, шет елдік инвестициялар туралы, еркін экономикалық аймақтар туралы, шаруа қожалықтары туралы және т.б.
Нарық экономика көшу кезеңінде кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер жұрді.
Әкімшіл - әміршіл жүйенің күйреуі, шаруашылық байланыстардың күрт үзілуі, республика халық шаруашылығын басқарудың өзгеруі, жергілікті басқару органдарының ролінің артуы кәсіпорындар арасында тікелей байланыстарды кұшейтіп, банк жүйесімен қатынастарды өзгертіп, өзара іс- қимылдың жаңа формаларын қолдануды талап етуде. Бұл процесс салалық құрылымдардан бас тартып жаңа тұрпаттағы құрылымдар құрудан байқалады. Өнеркәсіп - қаржы топтары, көп салалы корпорациялар, концерндер, холдинг компаниялары мұндай құрылымда нарықты қалыптастыру барысында неғұрлым өміршең.

0.5. Кәсіпорындар қаржысын ұйымдастырудың негіздері

Кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық - қаржы қызметі барысында қаржы қорлары - белгілі бір мақсаттарға арналған қаражат - құралып, пайдаланылады, қорлардағы қаражат үнемі қозғалысқа түседі, жиналады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде (кәсіпорындардың жеке саласының немесе бүкіл халық шаруашылығының өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат - міндеттеріне қарай) әр түрлі қорлар пайдаланады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгеріп, немесе жеке бөлініп шығады. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары: материалдық ынталандыру, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму, тұтыну қорлары жұмыс істейді.
Кесте-1
Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Қаржы ресурстары
Қаржы ресурстарын құру көздері
Ескерту
1
2
3
1.Меншікті капитал
0.1 Амортизация
0.2 Жалпы табыс
0.2.1 өнім өткізуден түскен кіріс
0.2.2 Басқа да өткізуден болған кіріс
0.2.3 өткізуден тыс операциялардың сальдосы
0.2.4 Резервтік қор
0.3 Жөндеу қоры
0.4 Басқалары
2. Қарызға алынған капитал
2.1. Банк несиелері
2.2 Банктік емес мекемелердің несиелері
2.3 Бюджеттен алынған несиелер
2.5 Кредиторлық қарыздар
2.6 Басқалары

3. Тартылған ресурстар
3.1 Инвестициялық қызметтерден алынған қаржылар
3.2 Құнды қағаздардың эмиссиясынан алынған қаржылар
3.5 Франчайзинг, селенг, жалгерлік бойынша түскен төлемдер

4. Бюджеттен алынған субсидиялар мен басқа қорлардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық басқару
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
Қаржының мәні, функциясы және ролі
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Нәтижелерді бағалау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы қаржы қатынастарына анализ жасау және бағалау
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Қаржылық менеджменттің шетелдік тәжірибесі
Айналым капиталының (қаражатының) мәні, құрылымы, айналысы, қалыптастыру көздері және талдауы
Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Пәндер