Өндірісті жоспарлау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Өндірістік үрдіс . кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдарын жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары және оны жоспарлау ... ... ... 19
2.4. Кәсіпорынның стратегиялық даму жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ІІІ. Өндірістің техникалық дамуын жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде кәсіпорынның ролі мен мәні артуда. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорынды басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес – субъектіні айқындау өндірісті басқару және кәсіпорын экономикасының басты мақсаттары болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы өндірістік жұмыстармен айналысушы кәсіпкерді көптеген өзекті мәселелерді шешуге мәжбүр етеді.
Олардың біріншісіне, нарықтық кеңістікте өзінің “шаруашылық орнын” таба білуі кәсіпкерге нарық жағдайын, анықталған сала және аймақта тауарларға ұсыныс пен сұранысты зерттей отырып, мүмкін болатын кедергілер немесе шектеулерді анықтауы тиіс. Қарыз алу, салық жеңілдіктерін пайдалану мүмкіндіктерін зерттеумен қатар инвестицияның жалпы шарттарын анықтайды. Мұндай ақпараттармен танысу үшін статистиканы, заң актілері, ақпарат құралдарының мәліметтерімен жиі танысып отыруы тиіс. Осылай нарықтағы өз “орнын” тапқаннан кейін кәсіпкер кәсіпорынның мамандану жолдарын анықтайды. Мұнан кейін болашық тұтынушылардың мүмкіндігін анықтау, бәсекелестер туралы мағлұматтар жинастыру, өнім өндіруге қажетті техника және технология мәселелерін шешу қажеттілігі туындайды.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының «Кәсіпорын және кәсіпкерлік қызметі
туралы Заңы». 2000 ж.
3. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптастасуы мен дамуының стратегиясы», Алматы, 1996ж
4. Н.Ә.Назарбаев «10 жыл ғасырға тең», Алматы, 2001ж
5. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030»
6. Б.Жүнісов, Ү.Мәмбетов, Ү.Байжомартов «Нарықтық экономика
негіздері», Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1996ж
7. Я.Ә.Әубакіров, Б.Б.Байжомаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Төбеев «Экономикалық теория» оқу құралы, Алматы «Қазақ Университеті»-1999ж
8. Шаккузова Г.Ж. «Кәсіпорын экономикасы», А-2004.
9. Горфинкель В.Я «Экономика предприятия», учебник, Москва М, «Банки и биржи», «ЮНИТИ», 1996г
10. Волков О.И. учебник «Экономика предприятия» Москва, ИНФРА-М, 1997г
11. Софронов Н.А. «Экономика предприятия» - М.: Юрист, 1999г
12. Карлик А.Е. «Управление экономикой предприятия» - Экономика, 1999г
13. А.Кабдиев «Развитие экономической мысли в Казахстане», Алматы,1998г
14. А.Смит «Исследования о природе и причинах богатства народов», М.Соцэкгиз, 1995г
15. «Экономикс: принципы проблемы и политика» Р.Кэмпбелл,
Макконелл, Л.Брю Стенли, перевод с англ, Баку 1992г
16. К.С. Айнабек. Теория рыночной экономики. Алматы: Жети Жаргы, 2004;
17. Экономика предприятия. (Под ред. В.Я. Хрипача) Минск: Эконом пресс, 2001;
18. О.С. Сабден, Р.З. Акбердин, Е.С. Васильева. Рыночная экономика. Алматы: Ғылым, 2002;
19. Г.А. Саймаганбетова. Организация планирования производства. Алматы: Экономика, 2004;
20. «Организация производства и управление предприятием». Под ред. О.Г. Туровца. М.: ИНФРА, 2003
21. Куатова. Экономика предприятия. Задачник. Алматы, 2004
22. Калдыбаев. Экономика предприятия
23. Г.Ж. Шаккузова. Методические рекомендации по выполнению курсовой работы.
24. Г.Ә. Жолдасбаева. Кәсіпорын экономикасы.Алматы:Экономика,2002

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Кәсіпорынның өндірістік қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Өндірістік үрдіс – кәсіпорынды ұйымдастырудың
негізі ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдарын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...15
2.3. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары және оны
жоспарлау ... ... ... 19
2.4. Кәсіпорынның стратегиялық даму
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ІІІ. Өндірістің техникалық дамуын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..41
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде кәсіпорынның ролі
мен мәні артуда. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің
барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорынды басқару мен нарықтық
экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге,
негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес
– субъектіні айқындау өндірісті басқару және кәсіпорын экономикасының басты
мақсаттары болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы өндірістік жұмыстармен айналысушы
кәсіпкерді көптеген өзекті мәселелерді шешуге мәжбүр етеді.
Олардың біріншісіне, нарықтық кеңістікте өзінің “шаруашылық орнын”
таба білуі кәсіпкерге нарық жағдайын, анықталған сала және аймақта
тауарларға ұсыныс пен сұранысты зерттей отырып, мүмкін болатын кедергілер
немесе шектеулерді анықтауы тиіс. Қарыз алу, салық жеңілдіктерін пайдалану
мүмкіндіктерін зерттеумен қатар инвестицияның жалпы шарттарын анықтайды.
Мұндай ақпараттармен танысу үшін статистиканы, заң актілері, ақпарат
құралдарының мәліметтерімен жиі танысып отыруы тиіс. Осылай нарықтағы өз
“орнын” тапқаннан кейін кәсіпкер кәсіпорынның мамандану жолдарын анықтайды.
Мұнан кейін болашық тұтынушылардың мүмкіндігін анықтау, бәсекелестер туралы
мағлұматтар жинастыру, өнім өндіруге қажетті техника және технология
мәселелерін шешу қажеттілігі туындайды.
Өндіріс деп нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық
игіліктерді дайындау үрдісін айтады. өндірістің мазмұны еңбекқатынастарымен
анықталатын негізгі үш элементтен тұрады:
– ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы;
– адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;
– еңбек заттарын өзгертуге еңбек құралдарының қатысуы. Материалдық
өндірістің өнімі еңбек пен табиғат заттарының құрылуынан тұратын
материалдық игіліктерді дайындауға көмектеседі.
Әрбір кәсіпорын өндірістік бөлімшелерден, яғни цехтардан,
шаруашылыққа қызмет көрсететін бөлімшелерді ұйымдастырумен айналысатын
мекемелер және басқару органдарынан құралады.
Курстық жұмыстың мақсаты – технология бойынша нарықта жетекші орынды
иеленуді, өндірісті жоспарлау және техникалық дамуын жоспарлауды,
кәсіпорынның жалпы өндірістік құрылымын, өндірістің ұйымдастырылуын шама
келгенше мән-мағынасын ашып, кеңірек тоқталу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – осы курстық жұмыс арқылы өндірілетін өнім,
оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалры бойынша
кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету, өндірістің қолайлы технологиясын
қалай таңдау керек, кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделілігіне
байланысты жай және күрделі өндірістік үрдістерде қандай өнім
өндірілетінін, қалай өндіру мүмкіндіктерін іздестіру және өндірістің
техникалық дамуын қалай жоспарлау керектігін көрсету.
Бұл жұмысты бірнеше бөлімдерге бөліп қарастырамын. Оларды айта кетсем:
1. Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру. Бұл бөлімде кәсіпорынның
өндірістік және нарықтық байланыстары, өндірістік үрдіс – кәсіпорынды
ұйымдастырудың негізі тақырыптары қарастырылады.
2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдарын жоспарлау.
Бұл бөлімде кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы, өндірісті
ұйымдастыру түрлері мен нысандары, өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
және оны жоспарлау тақырыптары қарастырылады. Үшінші бөлімді өндірістің
техникалық дамуын жоспарлау тақырыбына тоқталамын.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру
1.1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары
Экономиканың дамуының барлық кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып
саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс
құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес
өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын
ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе
алатын өндірістік бірлік саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта
өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік
түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы-
экономикалық байланыс қызметін қамтиді.
Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік
бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Республикасындағы бекітілген
заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын
көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәчіпорын иесі болып оның азаматтары,
шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған заңды
тұлғалар тобы жатады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады.
Кәсіпкер статусы кәсіпорындымемлекеттік тіркелуден өткізгеннен кейін
қалыптасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып жеке азамат та, олардан
құралған топ тасаналады.
Өндірістік кәсіпорын – деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа
көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан
кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес
шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру
және табыс табу жатады.
Кәсіпорын қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады.
Әдетте кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін:
– өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;
– жоғары сапалы өнім өндіру;
– технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену;
– қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану;
– жұмысбастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу;
Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге
тырысады:
– қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек;
– бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын
қалай нығайту керек;
– өндірістің қолайлы технологиясын қалай қолдану керек;
– қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады;
– өндірілетін өнім, лның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық
сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.
Осы мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпорынның қызметі оның жалпы
әскерлік саясатын анықтайды. Жұмыс барысында іскерлік саясат іс-
әрекеттердің нақты жоспарына айналды, ол әдетте үш кезеңнен тұрады.
1) кәсіпорын қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;
2) алға ойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-әрекеттерді
анықтау. Бұл жағдайда екі негізгі факторға назар аударылады:
– кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы факторлардың дәрежесін анықтау;
– кәсіпорынның әлсіз жақтары мен оның ішкі мүмкіндіктерін талдау;
3) кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді жоспарлау
жүіесін жасау және стратегиясын анықтау.

Кәсіпкерліктің түрін таңдаудың да мәні зор. Ең бірінші жеке және
ұжымдық кәсіпкерліктің ішінен біреуін таңдауы тиіс. Кәсіпкер кәсіпкерліктің
жеке түрін таңдауда тәуелділік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Жеке
кәсіпорны болғандықтан, оның меншігінде немесе отбасы мүшелерінің жалпы
үлестік меншік құқығы болады. Егер сәтсіздікке ұшыраса кәсіпорын
міндеттемесінің толық жауапкершілігін өз мойнына алады да өзінің қалған
меншігімен есептеседі.
Ал егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша
жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерліктің мұндай түрі
тәуелділік дәрежесін азайтады және қосымша ресурстарды тартуға көмектеседі.
Кәсіпкерліктің ұжымдық түрлеріне мыналар жатады:
– Шаруашылық серіктестіктер, олар толық серіктестік және сенімділікке
негізделген серіктестік болып бөлінеді. Шаруашылық қоғам, акционерлік
қоғам, жауапкершілігі бар қоғам болып бөлінеді.
– Толық серіктестік, оның мүшелері олардың арасындағы келісімшартқа
сәйкес серіктестіктің атынан кәсіпкерлік жұмыспен айналысады және оларға
қатысты мүлік міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
– Акционерлік қоғам (АҚ), жарғылық қоры белгілі бір акция саны бойынша
есептелінеді, акционерлік қоғам мүшелері оның міндеттемелері бойынша
жауапты емес, өзіне қатысты акциялардың құны көлемде қоғамның
шығындарының тәуелділігіне жауапты болады.
– Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп оның бір немесе бірнеше
тұлғалардан құрылған қоғамды айтады. Оның жарғылық қоры белгілі
құрылтайшылар құжатындағы шамаға сәйкес үлестерге бөлінеді. Қоғамның
мүшелері міндеттемелері бойынша жауапты болмайды, қосқан үлестерінің
құнының шамасында қоғамның шығындары бойынша тәуелділікке жауапты
болады.
– Қосымша жауапкершілігі бар қоғамның мүшелері қоғамның құрылтайшылық
құжатында анықталғандай өзінің қосқан үлесінің құнына бірдей еседе өз
мұлкімен жауапкершілікті міндетіне алады.
Сондықтан кәсіпорын түрін анықтау өте жауапты жұмыс болып саналады.
Келесі негізгі шешуші қадам болып өндірістің базасын құру саналады.
Кәсіпкерге өндірістік және қойма үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен
құрал-саймандар, шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, комплект
бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін тарту қажет болады.
Негізгі кезеңге кәсіпорынды қаражаттармен қамтамасыз ету жатады. Өз
қаржылары кәсіпкерге және оның серіктестеріне жұмысты бастауға және
дамытуға көп жағдайда жете бермейді. Ақша қаржыларының жетіспеушілігін
акциялар шығару арқылы немесе коммерциялық банктерден қарыз алу толықтырып
отырады.
Банктен несие алу сақтандырудың әр түрі операциялармен қатар
жүргізіледі. сақтандыру шараларын жүргізуде үйлер, материалдық запастар
және т.б. пайдаланылады.
Акциялар, облигациялар және т.б. құнды қағаздар шығару және сатып алу
арқылы кәсіпорын қор немесе құнды қағаздар нарығымен байланысты болады.
Мұның бәрі кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстарын көрсетеді.
Нарықтық қатынастар дамыған сайын кәсіпорынның сыртқы ортамен байланысы
кеңейе және толыға түседі.
1.2. Өндірістік үрдіс – кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі.
Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге
айналу үрдісіне бағытталған жекееңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді.
Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік
бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірістік үрдіс кез келген
кәсіпорын қызметінің негізін қалайды.
Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына
еңбек құралдары (машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.),
еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші,
яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады. Осы негізгі үш
фактордың тікелей өзара әрекеті үрдістң мазмұнын құрайды.
Кәсіпорынның өндіретін өнімдері қолданылу бағытына байланысты негізгі
және көмекші өндірістің өнімдері болып табылады. Негізгі өндірістің
өнімдері, әдетте, сатуға арналады, ал көмекші өндірістің өнімдері өндіріс
өнімдерін дайындаудағы кәсіпорынның өз мұқтаждарына қолданылады.
Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделілігіне байланысты жай
(қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік
үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын
өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралелді жай үрдістердің
қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.
өнім өндірудің технологиялық үрдісі технологиялық операцияларға
бөлінетін бірқатар бөлшектік үрдістерден құралады.
Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс
орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін
айтады.
Жұмыс орны – жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын өндірістік
ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және
техникамен жабдықталады. Кәсіпорынның соңғы нәтижелері жұмыс орындарын
ұйымдастыру деңгейімен, олардың саны және мамандану дәрежесімен, уақыт
бойынша операциялардың сәйкестелуімен және кеңістікте ұтымда орналасуымен
тікелей байланысты болады.
Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші
және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.
Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы,
сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін
технологиялық үрдістер жатады.
Негізгі үрдістер жиынтығы негізгі өндірісті құрайды. Күрделі өндірісте
негізгі үрдістер әдетте үш кезеңнен тұрады: дайындау кезеңінде дайындақ
жұмыстары жүргізіледі; өңдеу нәтижесінде оның өнімдері дайын бөліктерге
айналады; жинақтау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындалған бөліктерден және
сатып алынған дайын өнімдерден өнім құрастырылады.
Өнім жасаудың технологиялық үрдісі бұдан басқа да өзінің құрамына
табиғи үрдістерді қамтиды. Табиғи үрдістерге еңбек затына табиғаттың
физикалық және химиялық әсерін тигізетін үрдістер жатады. Бұл үрдістер
жанды еңбектің және еңбек құралдарының қолдауынсыз өтеді, бірақ көп уақыт
алады, сондықтан оларды жасанды үрдістермен ауыстырып отырады.
Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үнсіздігін қамтамасыз етеді.
Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау,
құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.
Қызмет көрсету үрдістеріне – техникалық бақылау жұмыстары, көлік,
қойма операциялары және тағы басқалар кіреді.
Өндіріс тиімділігі және өнім сапасы көп жағдайда өндірістік
қызметтерді ұтымды ұйымдастыру деңгейімен анықталады.
Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға
бөлуге болады:
– жалпы, яғни оның нақты мазмұнына бйланысты болмайды;
– арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.
Жадпы қағидаларға уақыт бойынша және кеңістікте кез келген
өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын мынадай қағидаларды
жатқызуға болады:
– мамандану қағидасы, өндіріс үрдісінде жұмыс орындары және кәсіпорынның
жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын
көрсетеді;
– паралельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты
өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;
– пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің
уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең өнімділігімен сипатталады;
– тура-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жарылай
фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі
қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;
– үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді
талап етеді;
– ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына
және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі
еңбегін болдырмауға бағытталады.
Өндірісті ұйымдастырудың үш негізгі әдісі болады: ағындық
(тасқындық), партиялық (топтық) және бірлік. Олардың ішіндегі ең тиімдісі –
қазіргі талаптарға сай келетін ағындық әдіс. Бұл әдістің мәні технологиялық
үрдістің барлық элементтерінің уақыт бойынша қатаң сәйкестігімен және еңбек
заттарының жұмыс орындары бойынша өнім өндірудің тактісі бойынша
анықталады.
ІІ. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдарын жоспарлау
2.1. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы

– еңбек заттарын өзгертуге еңбек құралдарының қатысуы.
Материалдық өндірістің өнімі еңбек пен табиғат заттарының құрылуынан
тұратын материалдық игіліктерді дайындауға көмектеседі.
Жаңаша өндіріс ғылыми-техникалық революцияның негізінде дамиды және
оның негізгі мазмұны өндірісті автоматтандыру жатады.

Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары,
кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір-бірімен
байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы,
өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері, цехтар, бөлімшелер, қызмет
көрсетуші шаруашылықтар мен жұмыс орындары (өндірістік үрдіске тікелей
немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы өндірістік құрылымы
құрайды.
Ол еңбек өнімділігінің, өндіріс шығындарының деңгейін, материалдық
өндірістің техника-экономикалық және географиялық жағдайы мәліметтері
бойынша табиғат байлықтарын және техникалық тиімділігін анықтайды.
Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен
жүргізіледі:
а) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді
қамтамасыз ететін қуатын анықтау;
ә) әрбір цехтың және қоймалардың орналасатын өндірістік алаңдарын
есептеу;
б) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы
орталық жолдармен өзара байланысын жоспарлау;
в) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар
арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және с.с.
Өндірістік бөлімшелерге – цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау,
бақылау, тексеру жүргізетін зертханалар, комплектілік бұйымдарды,
материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және
бұйымдарға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөліктері, технологиялық
мақсаттар үшін керекті өндірілетін энергияның түрлері және тағы басқалар
жатады.
Жұмыскерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерге тұрмыстық-коммуналдық
бөлімдер, олардың қызмет түрлері, асханалар, буфеттер, бала-бақшалар мен
демалыс үйлері, профилакторийлер, дәрігерлік пункттер, спорт қоғамдары
өндірістік біліктілікті көтерумен айналысатын техникалық оқыту бөлімі мен
оқу орындары жатады.
Өндірістік үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын
көрсетеді. Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы басқару қағидасы
бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де
оның құрылымын анықтайды. Осыған орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді атап
өтуге болады: кәсіпорын, өндірістік бірліктер, цехтар, ағындық жүйелер,
секциялр (бөлімшелер), жұмыс орындары.
Кәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшесіне цех жатады. Цехта
маманданудың заттың белгісіне қарай толық өндірістік үрдіс орындалады да,
өнім өндірудің көп бөлігі немесе толық өндіру жұмыстары жүзеге асырылады.
Цехтардың өндірістік-шаруашылық дербестік белгілері болуы керек.
Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық
жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы
сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады. Ал әрбір секция
бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс
орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке
өндірістік үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық
белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.
2.2. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары
Кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың бірлік (жеке), сериялық және
жаппай болып үш түрге бөлінеді.
Бірлік (жеке) өнім өндірілетін өндірісте тек өнімнің жеке түрі ғана
өндіріледі. Әрбір өнімді дайындау оның өндірістік жағдайына, өндіру
ерекшелігіне өарай ұйымдастырылады.
Ал жаппай өндірісте өнім көптеп өндіріліп, онда өндірістік жағдай,
қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып
келеді.
Сериялық өндірісте өндірілетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс
берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады. Сериялық өндіріс серияның
шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді.
Жеке өндіріс әмбебап құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, барлық
өндіріс шығындары тек қана өнімнің бір түрін ғана шығаруға жұмсалады да,
жұмысшылар сол өнімді өндіруге мамандандырылады. Сондықтан жұмысшылардың
біліктілігін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік бола бермейді. Соымен бірге
өндірістің циклы ұзақ болады, өзіндік құн төмен болады.
Сериялы өндірісті жеке және жаппай өндірістің арасындағы аралық
өндіріске жатқызуға болады. Техника-экономикалық көрсеткіштері де жоғарыда
айтылғандай екі өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерінің арасында
болады. Серияның саны неғұрлым көп болса, соғұрлым жаппай өндіріске жақын,
ал егер саны неғұрлым аз болса, жеке өндіріске жуық болады. Келісім бағамен
сатылатын ерекше сәнді бұйымдар аз сериямен шығарылады. Мұндай жағдайда
кәсіпорын тұтынушылармен жеке байланыста болып, экономикалық қарым-
қатынасты жақсартады. Сатуға арналған өнімнің ассортименті жөнінде
келіседі, шаруашылық келісімшарттар мен контракттарға отырады, ғылыми-
зерттеу, жоба-конструкторлық және басқа да жұмыстарды жеделдетіп
ұйымдастырумен айналысады.
Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі, яғни өндірістің
ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел ламуымен,
машина қуаттарының өнімділігінің өсуімен, басқару техникасының
жетілдірілуімен, сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз
байланысты болады.
Өндірістің шоғырлану деңгейін негізгі екі көрсеткішпен анықтауға
болады:
1) кәсіпорынның шамасымен;
2) ірі кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптегі алатын үлес салмағымен.
Ірі кәсіпорындардың саладағы немесе бүкіл өнеркәсіптегі үлес
салмағын анықтау үшін статистика бойынша белгілі бір инетервалдарды
белгелей отырып, топтау әдісін пайдаланады. Бұл интервалдардың диапазоны
өндірілген өнім түрі мен сипатына, технология ерекшелігіне, қолданылатын
құрал-жабдықтың қуаттылығына, кәсіпорынның техникалық деңгейіне және тағы
басқа көрсеткіштерге байланысты болып келеді.
Шоғырлану деңгейін бағалағанда өнеркәсіпте өндіріс ішіндегі және
сыртқы факторлардың әсері есепке алынады. Өндіріс ішіндегі факторлары
ресурстарды максималды пайдаланып, өнімнің ұтымды көлемін шығарумен тығыз
байланыста болады. Сыртқы факторларға көлікпен тасымалдау, шикізат
базасының көлемі, мамандардың жеткілікті болуы немесе оны тарту мүмкіндігі,
су ресурстары, табиғи жағдай тағы басқалар жатады.
Тік шоғырлану – бұл бір кәсіпорында шикізат өндіруден өнімді өткізуге
дейінгі өндіріс сатылары кешенінің шоғырлануы. Тік шоғырлану - өндірістің
шоғырлануының дайындау сатыларының бірі.
Көлденең шоғырлану - өзара технологиялық байланыспаған өндірістерді
білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорындарының бір басқару
мен бақылауға шоғырлануы.
Капиталдың шоғырлануы – капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни
қосымша құнның бір бөлігінің капиталға айналуы.
Өндірістің шоғырлануы - өндірістің ірі және өте ірі фирмалар мен
компаниялар аумағында көптеп шоғырландыру үрдісі.
Басқарудың шоғырлануы – белгілі бір объектіге қатысты жүзеге
асырылатын басқару функцичларының жинақталуы. Бұл үрдісті басқару жүйесінің
құрылымының ұйымдастыру сипаттамаларының бірі. Деңгейі тігінен басқару
функцияларының бөлінуіне байланысты басқарудың орталықтануынан өзгеше
басқарудың шоғырлануы басқару функцияларының басқарушы буындары арасында
көлденең бөлінуімен анықталады.
Қазіргі жағдайда фирмалардың кооперациялануы және шоғырлануының
негізгі нысандары болып мыналар табылады: бағалар, өткізу нарықтары,
өндіріс көлемдері және т.б.. Салада фирмалардың арасындағы тәуелсіз
компаниялардың бәсекелестігін заңды және экономикалық жағынан шектейтін
ұйымдар – картельдер; кешегі орталықтандырылған капитал салымдары мен
басқаруы бар кешен – концерндер; ұйымға кіргенде өндірістік және
коммерциялық тәуелсіздігін жоғалтып бір орталыққа бағынатын кәсіпорындар –
трестер; мақсаты келісімшарт негізінде белгілі бір міндеттерді орындауға
бағытталған шаруашылық тәуелсіз фирмалардың уақытша одағы –
консорциумдардар және тағы басқалар кәсіпорындардың кооперциялану және
шоғырлану нәтижесінде пайда болады.
Еңбек бөлінісі оның жекелеген түрлерінің әртараптануына әкеледі, ал
еңбектің әрбір түрі көлемінің экономикалық үнемді шамаға дейін ұлғаюы
негізінде шоғырлануы операциялар мен үрдістердің қайталануына әкеледі, яғни
мамандандырылған өндіріс қалыптасады. Осылайша, мамандану, бір жағынан,
қоғамдық еңбек бөлінісінің салдары болса, екінші жағынан – біртекті
өндірістің шоғырлануының нәтижесі болып келеді.
Өндірістің біртектілігі өндірілген өнімнің, өндірістің технологиялық
әдістерінің және техникалық мәдениетінің бірыңғай болып келуінен туындайды.
Оның негізін өндірілген өнімнің біртектілігі құрайды. Ал соңғы мақсатына
біртекті үрдістердің шоғырлануы және олардың мамандандырылған учаскелерге,
өндірістерге және кәсіпорындарға бөлінуі жатады.
Мамандандыру – кісіпорынның негізгі қызметінің белгілі-бір өнімнің,
тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.
Маманданудың үш нысаны бар:
1. Заттық
2. Бөліктік
3. Технологиялық (сапалық)
Кооперациялау деп белгілі бір өнім түрін бірігіп дайындайтын
фирмалар арасындағы ұйымдық, өндірістік және басқа да байланыстар жиынтығын
айтады.
Фирманың өндірістік ресурстарын және мамандарын тиімді пайдалануда,
қоғамдық еңбек шығындарын өндіріс және айналым аясында қысқарта отырып
жүргізуде кооперациялаудың маңызы зор.
Кешенділеу (комбинирлеу) – бір фирма шеңберінде әр түрлі өнеркәсіп
салаларының кәсіпорындарын үйлестіру. Бұл шикізатты өндіру сатысындағы
өзгерістерді қамтуы мүмкін.
Комбинаттар келесі белгілермен сипатталады:
– әр түрлі сала кәсіпорындарының бірігуі;
– өндірістің техника-экономикалық бірлігі және пропорционалдығы;
– энергетикалық жүйенің бірлігі;
– бір аймақта орналасуы;
– негізгі өндірістерге қосымша цехтар мен қызметтердің орталықтандырылған
қызмет көрсетуі;
– басқару бірлігі.
Қазіргі кезде кешенделудің бағыттарына мыналар жатады:
1) өнімді өндіру сатыларының үйлесімділігі;
2) шикізатты, мұнайды, көмірді кешенді қайта өңдеу;
3) қалдықтарды тиімді пайдалану (мысалы, ағаш өңдеу комбинаттары).
2.3. Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары және оны жоспарлау.
Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына мыналар
жатады:
1. Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның
өндірістік цехтарының саны көп болмақ, ағындық жүйе күшті және
мамандандырылған цехтардың саны шағын кәсіпорындағы қарағанда көп болады.
2. Пайдаланылатын материалдардың сипаттамасы. Өндірістік үрдістің
орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдың көп түрі
қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі болады.
3. Өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау
деңгейі мен нысандары. өндірісті ұйымдастырудың шоғырландыру, мамандандыру
және кооперациялау түрлерінің деңгейін арттыру кәсіпорынның өндірістік
құрылымын жеңілдетеді, өндірістік үрдісті өндірістік-техникалық
жабдықталуын арттырады.
4. Қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбектің
ұйымдастыру нысандары. Бұл кешенді фактор дербес секциялардың бөліну
қажеттілігін туғызады.
Өндірістік құрылымды жетілдірудің келесідей негізгі бағыттарын атап
өтуге болады:
1. Кәсіпорыннан негізгі өндірістің жеке бөлімдерін бөліп шығару,
мысалы тігін өндірісінде дайындау-пішу өндірісін жеке кәсіпорын ретінде
бөліп шығару. Бұл тігін өндірісін дамыту үшін өндірістік алаңдардың
босауына, оны басқа мақсаттарға пайдалану мүмкіндігінің пайда болуына,
ұжымның әлекметтік мүддесін тезірек қанағаттандыруға, кооперициялық
байланыстардың күшеюіне, әкімшілік-өндірістік құрылымның оңайлануына
ықпалын тигізеді.
2. Өндірістік кәсіпорындарды заттық белгісіне қарай мамандандыру
өндірістік құрылымның біркелкі болуын қамтамасыз етеді. Бірыңғай өнім
өндіруді жеке кәсіпорында шоғырландыру өнімділіші жоғары құрал-жабдықты
қолдануға, басқару аппаратын қолдануға көмектеседі.
3. Қосымша және қосалқы өндірісті жеке кәсіпорын ретінде еншісін
беріп бөліп шығару немесе өндірістік кәсіпорын шеңберінде орталықтандыру.
Мұның өзі қосымша және қосалқы өндірісті шоғырландыруға, оның тиімділігін
арттыруға ісерін тигізеді.
4. Өндірістік кешендер құру кәсіпорын шеңберінде өндірістік
құрылымды жетілдірудің негізгі түріне жатады. Өндірістік кешеннің құрамына
бір-біріне жақын орналасқан кәсіпорындар кіреді.
5. Аз өнім өндіретін кәсіпорындарда цехсыз жұмыс істеуді
ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдірудің әрбір бағыты
немесе оны жүзеге асырудың жан-жақты шаралары кәсіпорынның нәтижелерін
жақсартуға көмектеседі.
Жоспарлау басқару функцияларының ең бастысы болып табылады. Шетелдік
мамандардың анықтауы бойынша фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлау жүйесінде
шешім қабылдау фирманың тиімді жұмыс істеуін және болашақта дамуын
қамтамасыз етеді. 20-шы жылдары ірі концерндер фирманың ішкі жұмыстарын
жоспарлауға аса зор көңіл бөлді. Бұл кезеңде ірі монополистік бірлестіктер
бірыңғай жоспарсыз өмір сүре алмай қалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін де мұндай қажеттілік одан әрі қатты сезіле бастады. Мұның негізгі
себебі ғылым мен техника жаңалықтарына және басқа да проблемаларға тығыз
байланысты болды. Ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде өндірістің жаңа
салалары дами бастады. Есептеуіш машиналар өндірісі қаулап дами
бастағандықтан, электрондық-есептеуіш машиналардың пайда болуы фирманың
ішкі жұмыстарын жоспарлауға үлкен өзгерістер енгізе бастады. Электронды-
техникалық машинамен бірге жаңаша математикалық әдістер қолданыла бастады.
Мұның бәрі жоспарлауды жоғары деңгейге көтерді. Шетелдік кәсіпорындар өз
жұмыстарын жоспарлау үшін арнаулы машиналар, техникалар, ақпараттарды
қолданды. Қазіргі кезеңде ірі өндірістік кәсіпорындар өз жұмыстарын ұзақ
мерзімге жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәне
оның негізгі мақсаттарымен анықталады:
– өзгертулер мен анықсыздықты болдырмау;
– негізгі міндеттерге ерекше назар аудару;
– экономикалық тиімділікке жету жіне бақылауды күшейту.
Жоспарды әзірлеу кезінде оның тиімділігін арттыру үшін мынадай
қағидаларға сүйенеді:
– бейімділік (икемділік) қағидасы;
– жоспарды орындау үрдістер енгізу қағидасы;
– ұтымдылық қағидасы.
Әрине, қандай бір жақсы жасалған жоспар болса да оның құрамында
түсініксіз элементтер мен қателіктер болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz