Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
ІI. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫН ... ... ... ... ... ..6
2.1 Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.2 Салыстырмалы тиімділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... 15
2.5.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.6. Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ..24
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

1
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңіне көшті. Нарықтық экономика өзінің мәнісі бойынша еңбек өнімділгінің өсуін, өндіріс тиімділігінің барынша артуын ынталандыратын құралы болып табылады. Дегенмен, осындай жағдайда да өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, оның өсуіне әсер ететін факторларын, тиімділікті анықтау әдістерін айқындау маңызды болып та¬былады.
Жұмыстың өзектілігі. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру дың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет. «Өндірістің экономикалық тиімділігі» ұғымына әлеуметтік тиімділік те кіреді (қол еңбегі үлесінің төмендеуі, еңбек жағдайларын жақсарту және т.с.с.).
Жұмыстың мақсаты. Анықталған көлемі мен сапасы бар белгілі бір өнімді (жұмыс орындау, қызмет көрсету) белгіленген мерзімде шығару кез келген өнеркәсіп орнының ісәрекетінің мақсаты болып табылады. Бірақ өндіріс көлемдерін анықтағанда бұл өнімнің халық шаруашылығы мен жеке бастың кажеттілігімен қатар оның тиімділік деңгейінің неғұрлым жоғары болғанын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан өнеркәсіп орны жұмысының сапасын, ең алдымен, өндірілген өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау арқылы бағалаған дұрыс.
Жұмыстың маңыздылығы. Нарыққа өтумен байланысты Қазақстандағы экономикалық катынастардың өзгерісі өндіріс тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздерін нақтылап алуды талап етеді. Жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу өндіріс тиімділігінің мәніненгөрі шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайындағы тәжірибесін қайта бағалаудың қажеттілігіне алып келіп отыр.
Қазіргі кезде кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіптік, әр түрлі себептерге байланысты күрделі жағдайда түр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- инфляция мәселелері;
- ресурстардың болашақтағы бағаларының белгісіздігі;
- төлеу қабілеті бар сұраныс;
- ел экономикасының дағдарыстан шығуының нақты бағдарламасының жоқтығы;
- инвестициялық саясатты қалыптастыру тәжірибесінің нашарлығы;
- инвестициялықбағдарламаларды кұрастырудың әдіс темелік мәселелерінің жеткіліксіз зерттелмегендігі;
- каржыландыру көздерін іздестірудің күрделілігі және т.б.
Осы жағдайда кәсіпорынның ұзақ мерзімді болашаққа
. Кәсіпкерлік негіздері. М.Б. Бисенғазиев, А.Ш. Хамитов. Орал – 2006 жыл.
2. Кәсіпорын экономикасы. Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы, Экономика – 2007 жыл.
3. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Алматиы – 2010 жыл.
4.Экономика предпринимательсва. В.И. Кушлин, П.Д. Половинкин, А.Н. Фоломьев, В.Н.Архангелский, А.И.Марголин, Ю.В.Яковец, А.В.Зозулюк. Гуманитарный издательский центр Москва – 2010 год.
5. Управление малым предпринимательством. О.С.Сабден, А.Н. Токсанова. Астана – 2001 год.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
ІI. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫН ... ... ... ... ... ..6
2.1 Экономикалық тиімділік және оның
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...6
2.2 Салыстырмалы
тиімділік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...9
2.3 Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ..15
2.5.Өндірістің экономикалық тиімділігінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.6. Өндірістің экономикалық тиімділігінің
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... 24
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...33
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..34

І. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңіне
көшті. Нарықтық экономика өзінің мәнісі бойынша еңбек өнімділгінің өсуін,
өндіріс тиімділігінің барынша артуын ынталандыратын құралы болып табылады.
Дегенмен, осындай жағдайда да өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі
бағыттарын, оның өсуіне әсер ететін факторларын, тиімділікті анықтау
әдістерін айқындау маңызды болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін
арттыру дың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен
көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет. Өндірістің экономикалық тиімділігі
ұғымына әлеуметтік тиімділік те кіреді (қол еңбегі үлесінің төмендеуі,
еңбек жағдайларын жақсарту және т.с.с.).
Жұмыстың мақсаты. Анықталған көлемі мен сапасы бар белгілі бір өнімді
(жұмыс орындау, қызмет көрсету) белгіленген мерзімде шығару кез келген
өнеркәсіп орнының ісәрекетінің мақсаты болып табылады. Бірақ өндіріс
көлемдерін анықтағанда бұл өнімнің халық шаруашылығы мен жеке бастың
кажеттілігімен қатар оның тиімділік деңгейінің неғұрлым жоғары болғанын
қамтамасыз ету қажет. Сондықтан өнеркәсіп орны жұмысының сапасын, ең
алдымен, өндірілген өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау арқылы
бағалаған дұрыс.
Жұмыстың маңыздылығы. Нарыққа өтумен байланысты Қазақстандағы
экономикалық катынастардың өзгерісі өндіріс тиімділігін анықтаудың
әдістемелік негіздерін нақтылап алуды талап етеді. Жоспарлы экономикадан
нарықтық қатынастарға ауысу өндіріс тиімділігінің мәніненгөрі шаруашылықты
жүргізудің жаңа жағдайындағы тәжірибесін қайта бағалаудың қажеттілігіне
алып келіп отыр.
Қазіргі кезде кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіптік, әр түрлі себептерге
байланысты күрделі жағдайда түр. Олардың ішінен төмендегілерді бөліп
көрсетуге болады:
инфляция мәселелері;
ресурстардың болашақтағы бағаларының белгісіздігі;
төлеу қабілеті бар сұраныс;
ел экономикасының дағдарыстан шығуының нақты бағдарламасының жоқтығы;
инвестициялық саясатты қалыптастыру тәжірибесінің нашарлығы;
инвестициялықбағдарламаларды кұрастырудың әдіс темелік мәселелерінің
жеткіліксіз зерттелмегендігі;
каржыландыру көздерін іздестірудің күрделілігі және т.б.
Осы жағдайда кәсіпорынның ұзақ мерзімді болашаққа
арналған, терең ойластырылған және мұқият өңделген,
өндірістікшаруашылық саясатын қалыптастыру ерекше маңыз ға ие болып отыр.
Кәсіпорынның саясаты керісінше емес, болашақтан қазіргі уақытқа қарай
құрылуы кажет. Айтылған кәсіпорын бірінші кезекте белгілі мерзімнен кейін
жеткізгісі келетін даму деңгейін және оны қалайша жасауға әрекеттенетінін
анықтайды деп түсіну қажет.
Экономикалық реформаны өткізу, өнеркәсіп өндірісінің өсуі, оның
тиімділігінің артуы, алдыңғы қатарлы ғылыми техникалық күрделі салымдарды
іске асырудың нәтижесінде қамтамасыздандырылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, ІІІ бөлімнен,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

ІI. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда,
өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлар мен
тиімілікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады.
Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс
айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің
өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық
өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы
табылады:
ЕӨ= ҰТА
Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері
ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және
қор сыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек
санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Есый=ТQ
Мұндағы: Есый- еңбек сыйымдылығы;
Т- еңбек саны;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия
және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу
арқылы анықталады:
Мсый=ШQ,
Мұндағы: Мсый – материал сыйымдылығы деңгейі;
Ш – шикізат, материал, отын энергия және т.б.
Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының
көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:
Ксый - өнімнің капитал сыйымдылығы;
К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
Q – шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Өнімнің қор сыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік
қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы
анықталады:
Қсый =FQ,
Мұндағы: Қсый - өнімнің қор сыйымдылығы;
F – халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік
қорлардың орташа құны;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Тиімділік – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.
Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы
көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша
есептеуге болады.
Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді
шешуде, екі немесе бірнеше шешім варианттарының ішінен біреуін таңдап алуда
есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы
экономикалық қолайлылығын көрсетеді.
Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша
топталады:
✓ өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін
көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның
активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;
✓ өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді
міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым
қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
✓ қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның
активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың
құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуелшілдік
деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.
Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ
көрсеткіштері ағымды негізгі өндірісік іс-әрекеттің нәтижелері мен
тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік
белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның
қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы
сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; экспортқа
шығарылатын өнімнің көлемі; кәсіпорын репутациясы және т.б.
Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:
• негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;
• кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.
Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі
маңыздырағы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның
іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.
Сату рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі пайда өнім өткізуден
алынған ақша түсімі х 100%). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен
шығындармен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым–қатынастың
тиімділігін сипаттайды.
Активтер рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда есеп беру
кезеңінің соңындағы активтер х 100%). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық
мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылуы тиімділігін
көрсетеді.
Негізгі капиталдың рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда
есеп беру кезеңінің соңындағы негізгі капитал минус амортизация х100%),
кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Меншік капиталының рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда
есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы х 100%). Кәсіпорынның өзінің
қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолднылу тиімділігін
көрсетеді.
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:
✓ активтердің айналымдылығы (сату көлемі активтердің орташа
жылдық құны х 100%) кәсіпорынның тауары бар активтердің негізінде
шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды.
✓ Негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі негізгі
капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу
тиімділігін көрсетеді;
✓ Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі
айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым
фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды
операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;
✓ Материалдық - өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату
көлемі материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік
запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.
Өтімділік көрсеткіштері
✓ Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым
капиталы (ағымды активтер ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның
меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын
бөлшегін сипаттайды.Бұл көрсеткіш коммерциялық іс - әрекеттермен,
шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік
айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі –
пайда.
✓ Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы
(ақша қаражаттары таза айналым капиталы). Меншіктік айналым
қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі
бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында
өзгеріп отырады.
✓ Жабу коэффициенті (ағымды активтер ағымды міндеттемелер).
Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды
активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне
келетінін көрсетеді.
✓ Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті
сияты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз–маз бөлшектерімен
есептелінеді, есептеуден - өндіріс запастары алынып тасталады.
✓ Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары ағымды
міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі,
қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған
жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
✓ Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі
(меншіктік айналым қаражаттары запастар мен шығындар),
запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін
көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы – ұзақ
мерзімді жоспардағы оның іс - әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның жалпы
қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік
дәрежесіне байланысты. Қаржылық тұрақтылық ұзақ мерзімді жоспарларда,
меншіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен сипатталады.
Көрсеткіштері:
✓ Меншік капиталын шоғырландыру коэффициенті (меншік капиталы
активтер).Кәсіпорын жұмысына қажетті қаражаттардың жалпы
көлеміндегі, кәсіпорын иелерінің үлесін көрсетеді. Бұл коэффициент
неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын сыртқы кредиторлардан неғұрлым
қаржылы тұрақты және тәуелсіз.
✓ Қаржылық тәуелділік коэффициенті (активтер меншік капиталы) –
меншік капиталын шоғырландыруға кері коэффициент. Бұл көрсеткіш
динамикада өсуі, кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз қаражаттары
үлесінің көбейгенін көрсетеді. Егер оның маңызы бірге дейін
төмендесе (немесе 100%), онда ол, кәсіпорын иелерінің өз
кәсіпорынын толық қаржыландырып отырғанын көрсетеді.
✓ Меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктік айналым
қаражаттары меншіктік капитал). Меншіктік капиталдың қай бөлігі,
ағымдық іс - әректтерді қаржыландыруға жұмсалатынын көрсетеді.
✓ Ұзақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффициенті (ұзақ мерзімді
міндеттемелер негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс
активтер). Бұл коэффициент, негізгі қаражаттар мен басқа да
айналымнан тыс активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы
қаржыландырылғандығын көрсетеді, яғни кәсіпорын иелеріне емес,
сыртқы инвесторларға тиесілі.
✓ Меншіктік және тартылған қаражаттардың арақатынас
коэффициенттері (тартылған капитал меншіктік капитал). Бұл
коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы
бағдарламасын көрсетеді. Оның 0,155-ке тең белгісі, кәсіпорынның
активтеріне кіргізілген, меншік қаражаттарының 1 теңгесіне 15,5
тиын қарыздық қаражаттар келетіндігін көрсетеді.

2.2 Салыстырмалы тиімділік

Кәсіпорынның іс - әрекетінің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу үшін,
салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы
тиімділік көрсеткіштеріне – үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны,
күрделі қаржы қайтарымдылығы, табыс пен шығындардың арақатынасы жатады.
Үлестік күлделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттың бірлігіне
есептелінген немесе дайын өнімнің өсіміне есептелінген күрделі қаржылардың
көлемін сипаттайды. Инвестицияландыру варианттары бойынша алынған үлестік
күрделі қаржылар азайту критерийлері арқылы өзара салыстырылады. Бұл арада,
жаңа техника мен технологияны қолдану мүмкіншіліктері, өндірістік
объектілерді жобалау және конструкциялау кезінде, аса үнемді шешімдерді
қолдану жолдары қарастырылады.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өнім өндіруге және жеткізуге
жұмсалған шығындарының ақшалай тұлғалануы. Варианттарды салыстырғанда,
өнімді тұтынушыларға тасмалдау шығындары кіргізілген толық өзіндік құнды
қолданған жөн.
Инвестициялық жобаларды салыстырып, олардың ішінен тиімділерін
таңдап алуға мынадай көрсеткіштерді пайдалану арқылы шешкен жөн:
✓ таза табыс (интегралдық әсер);
✓ табыстылық индексі (ТИ);
✓ табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН);
✓ инвестициялардың қайтарым мерзімі (ИҚМ);
✓ басқа да көрсеткіштер.
Инвестициялар варианттарының тиімділігін бағалағанда, берілген
көрсеткіштерді салыстыру уақытының құнына келтіру қажет, себебі, ақша
түсімдері мен шығындарының көлемі әртүрлі уақыт аумақтарында әртүрлі болып
келеді, мысалы ертерек алынған табыстың құны, кейінірек алынған табыстың
құнынан жоғарырақ болады.
Шығындар мен нәтижелердің көлемін келтіру, оларды дисконттау
коэффициентіне (Кt) көбейту арқылы жүзеге асырылады. Тұрақты дисконт
нормасы Е бойынша:
Кt = 1 (1+Е)t,
Мұндағы: t – нәтижені алынған мерзім мен салыстыру мерзімінің
аралығындағы уақыт, жыл.
Дисконт нормасы Е – капиталдың табыстылық коэффициенті (табыс көлемін
күрделі қаржыға бөлу). Бұл жағдайда, басқа инвесторлар өз қаражаттарын
басқа да осы тектес жобаларға салуға әзір.
Таза дисконтталған табыс – барлық есеп айырысу кезеңіндегі ағымды
әсерлердің жиынтығы ретінде анықталады, интегралдық нәтижелердің
интегралдық шығындардан асып түсуімен мына формула:
ТДТ= Σ(Нt – Шt) (1+Е) ,
Мұндағы: Ht – есеп айырысудың t – уақытындағы нәтижелер;
Шt – сол уақыттағы шығындар;
Е – есеп айырысудың уақыт кезеңі.
Инвестициялардың табыстық индексі (ТИ) келтірілген әсер жиынтығын
инвестициялардың көлеміне бөлу арқылы анықталады:
ТИ= ТДТ К,
мндағы: К – инвестициялар көлемі;
Егер ТИ= 1 немесе ТИ › 1, онда таңдап алынған вариант тиімді, ал
егер ТИ ‹ 1 – тиімсіз деп есептелінеді.
Таза дисконтталған табысқа қарағанда (ТДТ), табыстылық индексі
(ТИ) салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.
Сондықтан да ТДТ – лары шамамен бірдей жобалардың ішінен біреуін
таңдап алуда ол өте ыңғайлы және қолайлы.
Инвестициялар табыстылығының ішкі нормасы (ИТІН) – Е дисконтының,
келтірілген әсердің көлемі мен келтірілген күрделі қаржылардың көлемінің
тепе – теңдігін көрсететін нормасы.
Есептелінген табыстылық нормасының көлемі, инвестор талап ететін
капиталға берілетін табыс көлемімен салыстырылады. Егер ИТІН қажетті табыс
нормасымен тепе – тең болса, не болмаса одан көп болса, онда таңдап алынған
вариант тиімді деп есептелінеді.
Инвестициялардың қайтарым мерзімі (Т қай) – инвестициялық жобаны
атқаруды бастаған уақыттан ең аз мөлшердегі уақыт кезеңі, шектігінде
интегралдық экономикалық әсер (ТДТ) пайдалы болып есептелінеді, яғни
қайтарым мерзімі – инвестициялық жобаны іске асырудан бастап алғашқы
инвестициялық қаржылар мен басқа да инвестициялық жобаға кеткен шығындар,
олардың жиынтық нәтижелері арқылы жабыла бастаған уақыт аралығы.
Салыстырмалы варианттарды сапа жағынан талдағанда, әлеуметтік
тиімділік факторларына көңіл аударылады.
Әлеуметтік тиімділік бойынша, инвестиция варианттарын таңдауда
және талдау процестерінде, жұмыс жағдайын жақсарту және жеңілдету, оның
қауіпсіздігін арттыру, кәсіпорын қызметкерлерінің мәдени – техникалық
деңгейін өсіру сияқты факторларға көңіл аударылады. Кейбір жағдайларда, осы
факторлар арқылы варианттар таңдау мүмкіншілігі туады.
Өндіріс тиімділігін әлеуметтік талдау жасаудың мақсаты –
қолданушылар үшін жоспар варианттарының жарамдылығын анықтау.
Әлеуметтік тиімділікті талдау объектілері:
✓ жоба бойынша, тұрғындардың мәдени - әлеуметтік және
демографиялық сипаттамасын беру;
✓ жобаны іске асыру ауданында халықты ұйымдастыру, жұмыс күшінің
саны, ресурстарды бақылауды қадағалау;
✓ жобаның жергілікті мәдениетке сай қолданылуы;
✓ жобаның нәтижелерін қолданатын тұрғындар тобы мен ұйымдарды
қажетті міндеттемелермен қамтамасыз ету стратегиясы.
Тиімділікті есептеудегі, өндірістің әлеуметтік нәтижелерінің
негізгі түрлері:
✓ аймақтағы жұмыс орындары санының өзгеруі;
✓ жұмысшылардың үй – мәдени – тұрмыстық жағдайларының өзгеруі;
✓ жұмысшылардың жұмыс жағдайының өзгеруі;
✓ өндірістік персоналдың құрылымының өзгеруі;
✓ халықты тауарлардың жеке түрлерімен қамтамасыз етудің
сенімділігінің өзгеруі;
✓ жұмысшылар мен жалпы халықтардың денсаулық деңгейінің өзгеруі;
✓ халықтың бос уақытын үнемдеу.

2.3 Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

Еліміз нарық экономикасының орнауы әртүрлі тауарлар мен қызметтерді
өндіру, сату және тұтыну процестерін реттейтін механизмдердің пайда болып,
дамуына жағдай жасайды. Экономикалық іс - әрекеттің төлем қабілетті
сұранысы мен талаптарына сай келетін, өндірістің оңтайлы инфрақұрылымын
құру, ұлттық нарық пен өзгеріп отыратын нарық жағдайларына байланысты тауар
өндіріп, қызмет атқаратын кәсіпорындар мен экономика секторларының
жағдайлары нарықтың тұтыну құрылымына, оның бағытына, оны бағдарлау
мүмкіншіліктеріне байланысты.
Республиканың Мемлекеттік өнеркәсіп саясатының 1999-2003 жылдар
аралығындағы негізгі бағыттарына сәйкес, өнеркәсіптік саясат өндірістің
тиімділігін арттыру жолында мақсатқа жетуде, жаңа жұмыс орындарын ашуға,
тауар нарықтарында ұлттық өнеркәсіптің үлесін арттыруға бағытталған.
Қазіргі Қазақстан экономикасының бір қалыпсыз дамуы, өндіру, сату
көлемдерінің ауытқуы, өндіріс қарқынының төмендеуі жағдайында,
кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы мынадай тактикаларды
кездестіруге болады:
Қорғаныс тактикасы – оперативтік қорғану шараларын жүргізуге
бағытталған, негізгі нышаны - өндіріс пен сатуға, негізгі қорлар мен
персонал ұстауға кеткен шығындарды азайту, сонымен бірге ішкі резервтерді
анықтау, кадрлар ауыстыруды жүргізу, тәртіпті нығайту, кемшіліктерді жою
және т.б. шаралар. Бұл тактика, бүкіл экономикалық жүйенің бір қалыпсыз
даму жағдайында, көптеген кәсіпорындарға тән. Бірақ, сонымен бірге бұл
тактика, өйткені қорғаныс тактикасын жаппай қолдану ұлттық экономиканы
крезиске ұшыратуы мүмкін, себебі көп жағдайларда крезистік ситуациялардың
себептері кәсіпорыннан тыс болады.
Ал басып алу тактикасы тиімдірек саналады. Мұнда стратегиялық шаралар
жүргізіледі – маркетингтік зерттеулер, сатудың жаңа нарықтарын табу,
жоғарырақ баға қою, модернизациялау арқылы өндірістің дамыту шығындарын
көбейту, негізгі қорларды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болып
ғылыми – техникалық прогресс саналады. ҒТП – ның негізгі бағыттары:
✓ жаңа прогрессивті – мембрандық, плазмалық, лазерлік, жоғарғы
қысымды технологияларды кеңінен игеру;
✓ өндірісті автоматтандыру – робот техникасын, роторлық, роторлы
– конвейерлі линияларды, автоматтандырылған жүйелерді қолдану;
✓ метал өнімдерінің, пластымассаның, метал ұнтақтарының,
керамиканың және де басқа прогрессивті конструкциялық
материалдардың жаңа түрлерін шығарып, қолдану.
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың келесі бір факторы –
үнемдеу режимі, яғни материал, шикізат, отын, энергия ресурстарын, еңбек,
қаржы ресурстарын үнемді қолдану, жоғары тиімді аз қалдықсыз технологиялық
процестерді қолдану. Сонымен қатар қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыратын факторларға:
✓ өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;
✓ экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық саясат;
✓ ұйымдық – экономикалық факторлар;
✓ басқару;
✓ өндірістік әлеуметтік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту;
✓ өнімнің сапасын арттыру және т.б. жатады.
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім
болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде
шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге
кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру
жоспарланады.
Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы –
ғылыми – техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми – зерттеу жұмыстарын
жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды
қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару
жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге
стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен
техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған
өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың
санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту
арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту,
өнімнің сапасын арттыру, құрал – жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи
өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда
өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты
еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық
ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі
көрсеткіштері – жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық,
еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының
айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары.Ол жаңа кәсіпорындар салуды,
кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді
кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің
технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды.
Негізгі көрсеткіштері - өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды
іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының
өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемі,
аяқталмаған өндірістің көлемі.
Материалдық – техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп
өнімдерін шығаруға кеткен шығындарды есептейтін материалдық есептеулер
жүйесі жатады.
Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен
нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат,
материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары
қарастырылады.
Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және
оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін
жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза
өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы
анықталады.
Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың
орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен
қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін
шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың
көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде
қолдану.
Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер
көрсетіледі – айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету;
кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым – қатынасы; негізгі өндіріс
қорларын салу және қолдану; пайданы есептеу.
Қаржы жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары.
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік
жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.
Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су
ресурстарын, жер ресурстарын, материалдық ресурстарын және әуе бассейінін
сақтау мен дұрыс қолдану жатады.
Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді
ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірісті дамыту, табиғи ресурстар, шикізат
және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.

2.4 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері

Кәсіпорынның даму жоспарының ең негізгі бөлімі - өнім шығару жоспары
немесе өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері –
тауар өнімдерін өндірудің өсу жолдары, шығарылған өнімнің сапасы, өнім
шығаруды арттыру.
Жоспардағы құн өлшемдегі өнім көлемін анықтау үшін өнім шығару
жоспарының табиғи өлшемдегі көрсеткіші қажет. Табиғи өлшемдерге – тонна,
метр, квтсағат, дана, комплект жатады. Өлшем бірліктері өндірістік
ерекшеліктерін, жоғарғы сапалы және экономикалық тиімді өнімдерді шығару
жолдарын, материал, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеу жолдарын қамту керек.
Жоспарда берілген өлшем бірліктер жоспарлау мен өндірісті
ұйымдастырудың барлық бөлімдері үшін міндетті түрде сақталу керек. Бұл
өндірістік бағдарламаны белгілеген ассортиментте келісім бойынша жабдықтау
жоспарын орындауға және өндірістік бағдарламаны өнімнің сапасы
көрсеткіштерімен байланыстыруда аса қажет.
Өнім шығару жоспарының маңызды бір бөлімі - өнімнің сапасын арттыру.
Өнім сапасы өзінің техникалық – экономикалық көрсеткіштерімен, еліміздегі
және шетелдердегі техниканың жоғарғы жетістіктеріне сай болуы керек. Өнім
шығару жоспарында өндірістегі ескірген, қазіргі заман талабына сай емес,
тұрып қалған өнімдерді шығаруды тоқтату жолдары қарастырылады.Сонымен қатар
шығарылатын өнімдердің стандарттарына сай болу қарастырылады.
Өндірістік бағдарламаның құн көрсеткіштеріне:
• сату көлемі;
• тауар өнімі;
• жалпы өнім жатады.
Сатылған өнімнің көлеміне байланысты, өндіріс салаларының, бірлестіктер
мен кәсіпорындардың іс - әрекеттері, жасап жатқан қызметтері анықталады.
Сатылған өнімнің көлеміне кәсіпорынның балансында тұрған, сатуға
дайындалған, төленуге тиісті дайын өнімдер, жартылай дайын өнімдер және
өзінің күрделі құрылысына жүргізілген жұмыстар көлемі жатады.
Сатылған өнімнің көлемін мына формула арқылы анықтайды:
Сө = Тж + Ож.б – Qж.а ,
мұндағы: Тж – жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі;
Сө - жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі;
Qж.б – Qж.а – сатылмаған өнімдердің жылдың
бағасындағы және жылдың аяғындағы қалдықтары.
Тауар өнімінің көлеміне: сыртқа шығарылып сатылатын дайын өнімдердің
және жартылай дайын өнімдердің құны; өнеркәсіп жұмыстарының құны, (сырттан
тапсырыс беріп жасалынған) жатады.
Жалпы өнімнің көлемі жоспарланған уақытта белгіленген жұмыс көлемін
қамтиды.
Жо = То – Аб + Аа ,
Мұндағы: Тө - тауар өнімі;
Аб, Аа – жылдың басындағы және жылдың аяғындағы
аяқталмаған өндірістің көлемі.
Таза өнімнің көлемі – тауар өнімінің көлемінен материалдық шығындар мен
негізгі қорлардың тозуын (амортизациясын) алып тастау арқылы анықталады.
Таза о = Мш + Ан.қ ,
мұндағы: Мш – материалдық шығын;
Ан.қ – негізгі қорлардың тозуы.
Кәсіпорынның шекті мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті
тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес сапалы өнім,
қызмет бәсекелестікте жеңетін, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек.
Баға бәсекелесінде пайда табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын
жұмсау, сапалы өнім өндіру керек. Егер кәсіпорын зиянмен жұмыс істесе ол
банкрот болуы мүмкін.
Таза пайда формуласы; Таза пайда = жалпы түсім алу (өнімнің толық
(коммерциялық) өзіндік құны + кәсіпорын төлейтін салық + айып санкциялары).
Ал жалпы түсім:
n
W = ∑Ni Ci (3.1)
i = 1
Ni – өндірілген өнім саны;
Ci – өнімнің бағасы;
n – тауар түрлерінің саны;
i – нақты тауар түрі.
Кәсіпорын пайда табу үшін төрт тәсілді қолдану керек:
1) баға тағайындау;
2) шығындарды жасақтау;
3) өнім көлемін анықтау;
4) өнімнің ассортименті мен номенклатурасын таңдау.
Егер кәсіпорын төлем мүмкіндігі жоқ болса, яғни несие бергендеге
қайтарым жасай алмаса, бюджетке және тағы басқа төлемдерді қайтара алмаса,
ол кәсіпорын банкрот болады. Ондай кәсіпорындарға мынандай шара қолдануы
мүмкін: 1) қайта құрумен байланысты сыртқы басқарушы сауықтандыру
санкциясын қолдануы мүмкін (18 айға төлемді шегіндіру); 2) алажақтардың
бақылауымен, немесе абритаж сотының қаулысымен шешім қабылданды; 3) бейбіт
келісім – несие беруші мен бережақтың арасында төлемді кейінгі мерзімге
қалдырады, әлде бережақтан шегеру жасайды.
Бережақ кәсіпорынның мүлкін бөлу мынандай кезекпен басталады:
- абритажға және конкурспен басқарған орган еңбегіне төлем;
- азаматтарға денсаулығына зиян келтіргені үшін бережақ;
- жұмысшыларға еңбек ақы;
- бюджетке немесе бюджет сыртындағы төлемдер;
- кәсіпорын мүлкінде үлесі бар кәсіпорын мүшелеріне;
- басқа меншіктілерге;
- басқа қалған талаптарға төлем төлеу.
Пайда табу үшін жұмысты неден бастау керек?
Қандай болмасын өндірісті бастау үшін ақша керек. Оған ресурстар
алынады: ғимараттар, жабдықтар, шикізаттар және жұмысшылар жалдау.
Кәсіпкердің басты мақсаты жұмсаған қаржысына қосымша өсім алу. Саяси
экономикалық формула:
өндіріс құралдары
Ақша – Тауар ,...Ө...Т¹...А¹
жұмыс күші
Ақша – бастапқы авансыланған қаржы;
Тауар – оған сатып алынған өндіріс құралдары, жұмыс күші;
Ө - өндіріс процесі; Т ¹ – жаңа тауар көлемі;
А¹ – жаңа тауарды сатқаннан түскен ақша. Ол
А¹ = А + ∆а
∆а – бұл қосымша құн, жұмыс күшін қанағаннан түскен құн. Ол
социализімде қоғам пайдасына, ал капитализмде – меншік иелеріне тиеді.
Біріне-бірі қымбатқа сатқаннан қоғамға қосымша байлық жоқ. Онда біреуі
жейді, екіншісі желінеді.
Қосымша құн қайдан пайда болады? Жұмысшыны қанаудан, яғни тауар құны
ауыспалы капиталдан. V + m бұл таза өнім, жаңадан жасақталған құн, ондағы V
– ауыспалы капитал, жұмыс күшінің құны (қажетті уақыт), m – қосымшы құн,
жұмыс күшінің қосымша уақыт ішіндегі қоғам үшін жасақталған құн. Жұмыс күні
қажетті уақыт, қосымша уақыт болып екіге бөлінеді. Капиталистік экономикада
қосымша құн пайыз, өсім, кәсіпкерлік пайдаға бөлінеді.
Пайданы өсіруге ықпал жасайтын факторлар:
- еңбек өнімділігін өсіру;
- айналу капиталының ауыспалы айналым жылдамдығы;
- прогрессивті техника мен жаңа технологияны өндіріске енгізу
- өндірістік шығындарды азайту;
- өндірістік қатынастар жүйесі;
- қосымша өнімнің өсуі;
- нарық бағасының қолайлы ауытқуы.
Кәсіпкердің жұмысының нәтижесін рентабельдік деңгей арқылы бағалауға
болады.
таза пайда, салық төленгеннен
кейінгі
Рентабелдік деңгейі= барлық толық шығындар х 100%.

Пайданы бөлу. Бірінші қор жинау. Қор жиналып, өндірісті ұдайы ұлғаймалы
өндірістік жағдайға келтіру керек (C + V + m). Тек жай ұдайы өндіріс, ол
тек қана шығындарды жабады, пайда болмайды (C + V). Ал егер зиянмен
аяқталса, онда C ± V, яғни еңбек ақы да түгел төленбейді. Екінші қор жинау
бөлігі резерв қорына жинақталады.
Заңды мекемелер, кәсіпорындар бірлестігіне кәсіпорындар бірлестігі –
ассоциялары, концерндер, консорциумдар, финанс - өнеркәсіп топтары,
холдингалық компаниялар т.б. жатады.
Бірлестіктерге кірген кәсіпорындар өздерінің тәуелсіздігін және
заңды мекеме праволығын сақтайды. Бірлестіктің басшы органдары
кәсіпорындарға әміршілдік билік құра алмайды және өз функцияларын тек қана
жасалған келісім – шарт бойынша жүргізеді. Олардың міндеттері:
- мемлекеттік кәсіпорындардың ісін бақылау;
- технологиялық және кооперативтік байланысты қадағалау;
- елдегі инвестициялық белсенділікті жандандыру.
Ассоциациялар – жалпы шаруашылық мақсатқа жету үшін жасақталған
кәсіпорын, мекемелер одағы.
Концерн – капиталистік монополияның бір түрі, формальды түрде
тәуелсіздігі сақталған көптеген өнеркәсіп, финанс, сауда кәсіпорындарының
бірлестігі, шын мәнінде финанстық бақылауда болады және бірлестікке кірген
ірі капиталистік топтарға бағынышты.
Консорциум – капиталистік монополияның бір түрі, өзара уақытша келісім
жасау негізінде біріккен бірнеше банкілер, немесе өнеркәсіп
кәсіпорындарының бірігіп кредиттерді (несиелерді) орналастыруы, финанстық
немесе коммерциялық операцияларды ірі мөлшерде жүргізу үшін, ең ірі
өнеркәсіптік құрылысты іске асыру үшін құрылады.
Холдингтер – бұл АҚ, өз капиталын басқа компаниялардың акцияларын сатып
алуға пайдаланады. Холдингтің активі көпшілігіндебасқа АҚ акциялары.
Холдинг – жүйесі бас фирма және бағынышты туыстастық кәсіпорындар. Бұл
капиталды шоғырландыруға әкеледі, көпшілік финанс, шаруашылық мәселелерін
шешуге көмектеседі және өзара байланысты компаниялардың дағдылы жұмыс
істеуінемүмкіндік береді . Холдингтер кәсіпорындар құрамынан оның
бөлімдерінің дербес бағынышты туыстас заңды кәсіпорнына ауысуы, тәуелсіз
кәсіпорындардың акция пакеттерін біріктіріп, дербес АҚ құру мүмкіндігі бар.

Финанс - өнеркәсіп топтары – инвестицияны тарту үшін, кәсіпорындар
арасындағы коперативтік, технологиялық байланыстарды қалпына келтіруге,
өндірістің тиімділігінарттыру үшін құрылады. Бірінші кезеңде финанс -
кәсіпкерлік топтары мемлекет деңгейінде құрылады, ал екінші кезеңде оның
шеберінің басқа елдердің кәсіпорындарын және финанс - өнеркәсіп топтары
есебінен өсуі мүмкін.
Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар
ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен,
ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен,
ұйымдастыру – парволық формаларымен т.б. бөлінеді.

Кәсіпорындардың салалық құрамына жату сипаттамалары

Белгілері Кәсіпорынның сипатамасы(салалар
құрамына жатуы)
1. Тұтынатын шикізат сипаттамасы 1. Қазып шығаратын өнеркәсіп
2. Өңдейтін өнеркәсіп
2. Әзір өнімнің пайдалануы 1. Өндіріс құралдарын өндіретін
2. Тұтыну заттарын өндіретін
3. Технологиялық бірлігі 1. Өндірістің үздіксіз процесі
2. Өндірістің дискретті процесі
4. Жыл ішіндегі жұмыс уақыты 1. Жыл бойына
2. Маусымды
5. Кәсіпорын мөлшері 1. Ірі 2. Орташа 3. Шағын
6. Мамандану деңгейі 1. Маманданған
2.Диверсификацияланған (жан -жақты,
әрқилы бір–бірімен байланысы жоқ
өндіріс)
3. Құрастылылған
7. Өндірісті ұйымдастыру әдістері 1. Үздіксіз 2. Мөлшерлі
3. Жалғыздап шығару
8. Негізгі ісі 1. Өндірістік 2. Сауда 3. Инвестиция
4. Транспорттық 5. Байланыс т. б.
9. Экономикалық мақсаты Коммерциялық және коммерциялық емес

Заңды тұлғалар мекемелердің көп түрлі болу кез келген мемлекеттің
экономикасының тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Бизнес жоспарлаудың түсінігі және мазмұны
:Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы
Нарықтық экономикада бәсекелес жағдайындағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
Фирманы басқару жүйесіндегі бизнес – жоспардың мақсаты
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Фирма ішіне жоспарлаудың теориялық негізі
Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Ұйымдасқан кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Пәндер