Қазақстан Республикасындағы ақша қаражаттарын сақтау тәртіптерін және заңды тұлғадағы есеп айырысу
Кіріспе
I . бөлім. Қазақстан Республикасындағы ақша қаражаттарын сақтау тәртіптерін және заңды тұлғадағы есеп айырысу
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысы.
1.2 Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары.
II . бөлім. Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп.
2.1 Ақша ағымдарын орындармен орналастыру.
2.2 Ақша ағымдарын жоспарлаудың негізгі мәселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Ақша қаражатының негізін, бөліну механизмін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтиежеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез — келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нәрсе — банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым — қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.
Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады.
Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешеннің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұндай тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасызетіледі, әлеуметтік мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттындырылады.

1. Малый бизнес № 23 – 24. Декабрь. 2001 г
2. А. Н. Токсанова. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 2002 г.
3. Феномен предпринимательсва в преходных общестах:состояния, проблемы, перспективы. \\ сборник научных работ. Алматы, 2002 г.
4. Николас К. Сирополис управление малым бизнесом. Москва, 2004 г.
5. Гражданский кодекс Республики Казакстан.
6. Аль – пари. Август – октябрь, 2006 г.
7. Малый бизнес: правовые и экономические аспекты. г. Астана,
1996 г.
8. Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина, 2005. стр 146-155;
9. Лян Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» // Analytic 3/2005. Материалы конференции.
10.Молчанов И.Н., Герасимова И.А. Компьютерный практикум по начальному курсу эконометрики (реализация на Eviews): Практикум / Ростовский государственный экономический университет. – Ростов-н/Д.,-2006.
11. Кремер Н.Ш., Путков Б.А. Эконометрика: Учебник для вузов / Под.ред.проф. Н.Ш.Кремера.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006. – с.284.

Мазмұны:
Кіріспе
I - бөлім. Қазақстан Республикасындағы ақша қаражаттарын сақтау тәртіптерін және заңды тұлғадағы есеп айырысу
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысы.
1.2 Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары.
II - бөлім. Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп.
2.1 Ақша ағымдарын орындармен орналастыру.
2.2 Ақша ағымдарын жоспарлаудың негізгі мәселелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Ақша қаражатының негізін, бөліну механизмін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтиежеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез -- келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нәрсе -- банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым -- қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.
Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады.
Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешеннің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұндай тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасызетіледі, әлеуметтік мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттындырылады.
Кәсіпорынның ел экономикасы мүддесіне тиімді қызмет атқару үшін алдымен бәсекелестік шарттарында және тұрақсыз қоршаған орта жағдайына кәсіпорынның тез бейімделіп қалыпты қызметінен ауытқымауы маңызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жыл 28 ақпандағы Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауындағы Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері деп аталатын бесінші бөлімнің Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру атты үшінші міндетінде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті. Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдерінің қосылған құнын, ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістірілігін көтеру. Әсіресе мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл - рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, Бірақ ең алдымен, энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен "Самұрық" мемхолдингіне қойылатын талаптар.
Біздің энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру. Әсіресе мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттық энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс. Біріншіден, энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыру қажет. Біз мұнай мен газ секторында қосылған құны жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз,-деп елбасы жолдауында нақтылап көрсеткендей, мұнай химия саласын дамыту ең алдымен осы секторларда қызмет атқаратын компаниялардың даму саясатымен тығыз байланысты.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім - шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
I - бөлім.Қазақстан Республикасындағы ақша қаражаттарын сақтау тәртіптерні және заңды тұлғадағы есеп айырысу
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей де беттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма- талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
төлем тапсырмасының нөмірі;
төлем тапсырмасының жазылған күні;
жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)
коды (ЖТК немесе ИИК)
жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының)
банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: авансты төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозитттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
чектің мерзімі өтіп кетсе;
төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі - банкте қалса;
екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
1060 " Өзге ақша қаражаты" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив - клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:
жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігіншеаккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
Дәлелденген аккредитив - бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
Трансферабельдік (аударма) аккредитив - бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.
Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі.
Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.
1060" Өзге ақша қаражаты " шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.
Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
1060"Өзге ақша қаражаты" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.
1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.
Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу
Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.
Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысы.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.
Бүгінгі күні ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бугалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің№4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп деп аталатын бугалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерге бағалауына мүмкіндік береді делінген. Ал осы стандарт екінші бабында: Заңды тұлғалар , субъектілер (банктер немесе бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақшалай қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері.
Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым-қатынасқа түседі.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы.
Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:
шаруашылық субъектілерменуақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау;
есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау;
ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;
кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;
есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.
Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің бір тұтастығынан байқалады.
Ақшаның уақытша құны деген ұғым - ақша мен уақыт арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.
Ақшаның уақытша құны - бұл қаржылық есепкерліктің (ҚЕХС) стандартты емес, ол басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын тәсілдердің бірі, яғни қазіргі кезде қолданылатын нақты шешімдер, бірақ белгілі бір мерзімдегі инвестицияны қайтарумен байланысты уақыт пен ақшаның арасындағы ара-қатынастың жиынтығын көрсетеді.
Әрбір бизнес саласында ұзақ мерзімді келісім - шарттар жасалғанда, бәрімізге белгілі, бүгінгі күні алынған ақшалар жоғарғы құнға ие болады, келесі жылға қарағанда. Яғни бүгінгі - 10.000 теңге, ертеңгі күнгі сомасымен теңеспейді. Ол төмендеп не жоғарылап кетуі мүмкін. Инфляцияға байланыссыз болғанның өзінде. Егер де инфляция 0- ге тең болғанның өзінде, біз теңеспеу шілікті көріп отырамыз. Неліктен? Бұл ақшаның болуы қазіргі кезде оларды әр түрлі қаржылық құралдарға немесе бизнеске салуға мүмкіндік береді және тікелей тәуекелге байланысты белгілі бір табыстарды алады.
Ақша құралдарының эквиваленті қысқа мерзімді ақша міндеттерін қанағаттандыру үшін және инвестиция немесе басқа мақсаттарға арналған. Инвестиция ақша құралдарының эквиваленті ретінде мамандануы үшін ақша қаражатының белгілі бір сомасына ауысуы тиіс және шамалы тәуекелге бағаның өзгеруіне әкеледі. Әдетте, инвестиция ақша құралдарының эквиваленті ретінде тек қана қысқа мерзімде өтеліп, үш ай немесе табыс күнінен аз болғанда бола алады. Ақша құралдарының эквивалентіне жатады: қазыналық вексельдер, қысқа мерзімді комерциялық вексельдер, нарықтық құнды қағаздар, депозитті сертификаттар, ерекше жеңілдетілген акциялар, олардың өтеуінің мерзіміне дейін табысталған және нақты төлеу күнін көрсету үшін.
Типтік жоспарлауда ақша құралын есептеу үшін 4 бөлімнің шоты бөлінген. Шоттар құрылымы мен белгілеуі бойынша активті болып келеді.
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында әрқашанда құралдарды және еңбек заттарын сатып алу, өнімді қолданысқа өткізу жөнінде келісімдер жүргізіледі.
Сонымен қатар бұдан басқа бюджетпен, банктермен, сақтандыру компанияларымен және т.б. есептеулер жүргізіледі. Кәсіпорындар арасындағы болатын барлық төлемдер ақшалай жасалады. Төлеулер екі түрлі жолмен жүреді: банк жүйесіне аударымдар арқылы немесе тұтас ақшалай төлемдері арқылы.
Ақшаны сақтау және есепсіз төлемдер жүргізу үшін әр заңды тұлға банкте есептік шот ашады.
Банкте есептік шот ашу үшін келесі құжаттарды әкелу керек:
- есептік шотты ашуға өтініш;
- қол үлгілері бар екі карточка;
- салық мекемесінің берген құжаты: кәсіпорыннның тіркелуін көрсетеді;
- юстиция бөлімінен берілген құжат;
- нотариуспен куәландырылған жарғы немесе келісім көшірмесі.
Ақшаны беру, есепсіз аударуларды кейбір жағдайларда және есептік шотқа түсіру басқарушының және бас хатшының қолдарымен және мөрімен куәландырылған құжаттардың арнайы түрімен жүргізіледі. Заңмен қарастырылған басқа жағдайларда банк есептік шоттан ақшаны ала алады.
Банктерде ақшаны алу және беру немесе есепсіз аударулар жүргізетін құжаттар:
- есептік шотқа ақша қаражатын енгізу кезінде ақшалай жарнаға хабарландыру хатталады;
- ақшалай чек - нақты ақшалай сомасы көрсетілген кәсіпорынның есептік шотынан төленуі туралы кәсіпорынның банкке бұйрығы болады;
- төлемдік тапсыру - кәсіпорыннның есептік шотынан алуының есептік шотына сәйкес соманы аудару жайлы кәсіпорынның банке тапсырысы;
- төлемдік талап тапсырысы-бұл тапсырыс төлеушіге жазылады, ол онымен танысқанын төлеу туралы шешім қабылдап, қолымен және мөрмен растайды.
Жасалған операциялар жайлы банк кәсіпорынға есептік шоттағы көшірме арқылы хабарлайды, оған есептік шотта жасалған операциялар кезіндегі құжаттар қоса жіберіледі. Кәсіпорын ақша құралдарын сақтай отырып, банк өзінін кәсіпорынның қарызшысы (несиелік қарыз) деп санайды, сондықтан қалған қалдықты және есептік шотқа түскендерді несиелік есеп көшірмесіне жазады, ал өзінің қарызының азаюын дебет бойынша жазады.
Есептік шоттағы ақшалай қаражатты есептеу үшін есептерді типтік жоспарлауда 1030 шоты белгіленеді. Бұл шот активті. Дебеттік сальдо белгілі уақытқа кәсіпорынның ақшалай қаржысының бос қалдығын көрсетеді. Дебет есеп 1030 есептік шотқа түскен ақшалай қаражатты көрсетеді. Бұл шоттың несиемен жеткізушілерге, бюджет подрядчиктеріне, банкке ақша құралдарынының аударымы көрсетіледі, сонымен қатар кәсіпорын кассасына берілген ақшаның сомасы корсетілген.
1030 шотының несиесі үшін айналымды нұсқау бойынша журнал - ордер № 2 қызмет етеді. Айдың аяғында журнал - ордер жабылып, барлық мәліметтер бас кітапқа енгізіледі.
Есептік шот бойынша операциялар әрекеттегі заңнамамен реттеледі және бос ақша шегінде шот иесінің жазбаша бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Есептік шот иесінің келісімімен мердігерлер мен тауар жеткізушілердің төлем талап-тапсырмасы бойынша ақша жазылуы жүзеге асырылады. Есептік шоттың иесінің келісімінсіз ақшалай қаржы бюджетке төлемдерді тартып алу, басқа жағдайда талғағыш нұсқаулығы бойынша ақшалай қаржы жазып тасталуы тәртібі орнатылған. Субъектілер шоттары бойынша барлық төлемдер, оның ішінде бюджетке төлемдер мен еңбек ақы төленуі, банкіге есептік құжаттардың түсуінің күнтізбелік кезегі тәртібінде жүзеге асырылады (төлемдер мерзімінің болуы). Банкімен төлем қабілеті жоқ деп есептелген, субъектілер міндеттемелері бойынша төлемдердің кезектілігі банкі мекемесінің жетекшісімен анықталады. Есептік шоттағы есеп бірінші бөлімдегі бухгалтерлік шотта жүргізіледі. Ұйым субъектілерінің шоттары бойынша ашық шоттарды ашады (екі дана). Біріншісі ашық шоттан көшірме болады және шаруашылық субъектісіне беріледі, ал екіншісі - ашық шотқа. Көшірме орындаушының қолымен және банкінің көшірмелер үшін мөрімен кепілдендіріледі. Көшірмедегі түзетулер оындаушының қолы, бас бухгалтер мен оның орынбасарының қолымен кепілдендіріледі және банкі мөрімен басылады. Көшірмеға басылатын құжаттарда мөрлер қойылуы мүмкін, онда көшірмеге қол қоятын операциялық жұмыскердің коды және ашық шот бойынша берілген құжаттардың жазылу күнін көрсетумен күнтізбелік штемпель қойылады. Көшірмелар субъектілермен келіскен мерзімде, бірінші немесе екінші қол қою құқығына ие тұлғаға немесе субъектінің сенімхаты бойынша кез келген жұмыскерге беріледі. 1031 теңгемен ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаты шоты бойынша тенгемен есеп айырысу операцияларының есебі жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымда стырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда.
Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.
Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы деп аталады, негізінен ақша-несие тәсілдерін қолданады.
Көптеген нарықтық экономикасы бар елдерде ққазіргі кезде ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда - Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.
Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.
I.Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы.

Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.
Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін.
Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.
Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.
1.2Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары.
Орталық Банк "қалқып жүретін айырбас бағамы'' саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.
Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.
II. Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық Банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып - сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мелекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпал тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультиликаторға әсер ету арқылы қалағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатынан басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеді.
Ақша-несие-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2. экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кенейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а)экономиканың өсуі;
ә)толық жұмысбастылық;
б)бағаны тұрақтандыру;
в)төлем балансын тұрақтандыру.
Ақырғы мақсат:
а)ақша жиыны;
ә)пайыз мөлшерлемесі;
б)айырбас курсы.
Құралдары:
а)несие берудің лимиті,пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә)міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б)есептеу мөлшерлемесінің өзгересі;
в)ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасанда айырмашылықтар бар.Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты.Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерестер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады,соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсатар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясатарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсатарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
-қайта қаржыландыру мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz