Боранқұл кен орны


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Боранқұл кен орны

Мазмұны

Кіріспе . . .

І ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Кен орынның геологиялық-географиялық сипаттамасы

1. 1. 1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат . . .

1. 1. 2 Стратиграфия . . .

1. 1. 3 Тектоника . . .

1. 1. 4 Мұнайгаздылығы . . .

1. 1. 5 Сулылығы . . .

1. 1. 6 Кен орын мұнайы мен газының құрамы мен қасиеттері . . .

1. 2 Боранқұл кен орнын игерудің тарихы мен игерудің қазіргі жағдайы

1. 2. 1 Өндіруді жобалаудың қысқаша тарихы . . .

1. 2. 2 Боранқұл кен орны игерілуінің жалпы ағымдағы жағдайына қысқаша

талдау . . .

1. 2. 3 Кен орынның негізгі игеру көрсеткіштерінің (өнім өндіру, пайдалану

ұңғыларының қоры, сулануы) өзгеру динамикасы . . .

1. 3 Боранқұл кен орны игерілуінің жүйесі

1. 3. 1 Геологиялық-физикалық мәліметтер бойынша пайдалану объектісіне

жіктеу . . .

1. 3. 2 Игеру нұсқаларының алғашқы сипаттамалары мен техникалық

қөрсеткіштері . . .

1. 3. 3 Кен орынның горизонттары бойынша мұнай мен газдың қоры . . .

1. 3. 4 Ұңғы өнімін арттыру мақсатында атқарылатын шаралар . . .

1. 3. 5 Кен орын өнімін жинау және дайындау жүйесі . . .

ІІ ЭКОНМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 “Маңғыстау мұнай” мұнай-газ өндіру басқармасының

ұйымдастыру құрылымы . . .

2. 2 “Маңғыстау мұнай” мұнай-газ өндіру басқармасындағы еңбек

ақы және еңбекті ұйымдастырудың жай-күйі . . .

2. 3 Мұнай-газ өндіру басқармасының қызметкерлерінің жалақы

жағдайы . . . -

ІІІ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

3. 1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау . . .

3. 2 Қауіпсіздіктің жалпы шаралары . . . -

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Еліміз қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан-13, газ және конденсаттан-15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсеттың қоры бойынша - төртінші орын алады.

Өнеркәсіптік категориядағы мұнай қоры Қазақстанның алты әкімшілік облысында шоғырланған. Еліміздің батыс аймағының төрт облысында алынатын мұнай қорының 90%-ы шоғырланған. Атап айтсақ осы аймақта: Теңіз, Қарашығанық, Өзен, Жаңажол сияқты және мұнай-газ қоры 100 млн. тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған. Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған: Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) және Ақтөбедегі (Жаңажол) . Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциялы зор.

Қазақстанда игеріліп жатқан кен орындардың бірі - Боранқұл. Мұнайгаздыконденсатты Боранқұл кен орнында Бейнеу ауданы Маңғыстау облысында орналасқан. Терең тұзды ядроның кенішімен антиклиналды қабатымен ұштастырылған. Өнімді горизонттардың кеніш тереңдігі 1999 м-ден 2376 м-ге дейін өзгереді.

Боранқұл кен орнынның құрылымы 1960-61жылдары геологиялық барлау партиясының жүргізген гравиметриялық түсірулер нәтижесінде анықталды. Сейсмопартия жүргізген сейсмикалық зерттеулер нәтижелері бойынша 1975 жылы масштабы 1:5 шағылыстырушы горизонт бойынша карта түсірілді. Картаны тұрғызуда сейсмикалық материалдарды өңдеу және интерпретациялау нәтижелері пайдаланылды.

Мұнай-газ өндіру басқармасының пайдалану қоры 356 ұңғыманы құрайды. 346 ұңғыма нақты жұмыс барысында, олардың ішінде фонтанды әдіспен игерілетін 4 ұңғыма да, ал қалғандары терең сорапты-компрессорлы әдіспен игерілуде.

Боранқұлда күні бүгін 25 ұңғы қазылған. Боранқұл кен орны- нақты жұмыс барысындағы 17 ұңғымалар бойынша мұнай өндірудің орташа тәуліктік көрсеткіші 144, 3 тонна мұнай, 308, 5 тонна ілеспе су және сулануы 71, 9 пайыз. 2004 жылмен салыстырғанда тәуліктік мұнай өндіру 55, 2 тоннаға, су өндіру 97, 52 тоннаға көбейген, ал сулану дәрежесі 2, 6 пайызға көтерілген. Мұнай өндіру көрсеткішінің күрт өсуі неоком горизонтының №113ұңғымасының фонтанды әдіспен игерілуі мен ІІ альб горизонтының №10 ұңғымасының күрделі жөндеуден кейін игеруге қосылуы нәтижесінде.

І ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Кен орынның геологиялық-географиялық сипаттамасы

  1. Кен орнына жалпы шолу

Боранқұл кен орны-Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі белдеміндегі газ-мұнай кен орны.

Әкімшілік негізінде Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында Құлсары станциясының оңтүстігінде 90км қашықтықта орналасқан.

Жақын елді мекендер болып сәйкесінше, солтүстікке қарай 35км, 50км және оңтүстік батысқа қарай 45км қашықтықта орналасқан Қосшағыл, Құлсары және Қаратон мұнай кәсіпшіліктері болып табылады.

Облыс орталығы Ақтау қаласынан кен орыннан Оңтүстік батысқа қарай 400 км қашықтықта орналасқан. Елді мекендермен байланыс асфальтталған және топырақ жолдармен жүзеге асырылады.

Зерттелу аймағы орфографиялық тұрғыдан қарағанда шөлейтті болып келген жоталанған типті болып табылады. Территория топырағы негізінен солонец және сорлардан және бархан тәріздес құмдарынан тұрады. Сорлар кейде үлкен көлемде кездеседі, көбінесе бір бірімен сор ойпаттарын түзіп қосылып жатады. Аудан климаты қатаң континентальды. Ауа температурасы +40 0 C-ден (жаз мезгілінде) және -30 0 C-қа (қыс мезгілінде) дейін ауытқуымен сипатталады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.

Құрылым сейсмобарлаумен 1979 жылы терең бұрғылауға дайындалды, іздестіру жұмыстары да сол кезде басталды, 1980 жылы ашылды. Барлап-бұрғылау 1983 жылы аяқталды. Боранқұл күмбезіндегі мұнай мен газдың барланған қойнауқаттары төменгі бор қабатына жатады. Іздестіру барлау жұмыстары нәтижесінде құрылымның оңтүстік шығыс қанатында бес өнімді горизонт орнатылған: І альбтік, аралық альбтік, ІІ альбтік, апт неокомдық, н еокомдық. Боранқұл кен орны 1994 жылы ПОЭН нің ЦНИЛ жүргізген пайдалану жобасына негізінде игеріле бастады. Боранқұл кен орны 1992 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1994 жылдың 31 желтоқсанына дейін І альбтік 4 ұңғыма (№ 6, 8, 9, 10) бойынша бақылаулы пайдалануда болды. Кәсіптік игеруге жылдың қаңтарынан бастап берілді. Кен орын қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Төменгі бор тау жыныстарында өнімді бес горизонт бөлінді. Олардың ішінде екі альб жікқабатына тиесілі горизонт мұнайлы, апт-неоком және неоком жікқабаттарына тиесілі горизонттар (І қойнауқат және ІІ қойнауқат) газды және неоком жікқабатына тиесілі горизонт мұнайлы-газды.

1994-2005 жылы кен орында 20 пайдалану ұңғылары (№17, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 112, 113, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207) бұрғыланып, пайдалануға берілген. Пайдалану ұңғыларын бұрғылау барысында кезінде бекітілмеген мұнай шоғырлары анықталып, келесі горизонттар ашылды:аралық горизонт мұнайлы, апт неоком горизонт газмұнайлы, І неоком горизонт мұнайлы, ІІ неоком горизонт (І қабат газмұнайлы, ІІ қабат газды, ІІІ қабат газмұнайлы), ІІІ неоком горизон газмұнайлы.

ЦТИ «Казмұнайгаз» 01. 01. 2006 жылы есептеулер жағдайы бойынша 25 ұңғыны бұрғылау нәтижесінде «Боранқұл кен орны бойынша мұнай мен газ қорларын есептеу» қорытындысы жасалды.

Бұл ұңғымалар туралы қосымша мәліметтер қойнауқаттың геологиялық моделін жасауға, флюидтердің параметрлері мен сипаттамаларын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста кен орнын игерудің қазіргі күйіне баға беру және игерудің тиімді нұсқасының негізі көрсетілген. Осы есеп беруде ұңғымалардың торлары мен қабаттарға әсер ету әдістері бойынша әртүрлі болатын игерудің үш нұсқасы қарастырылған және жүзеге асыруға үшінші нұсқа ұсынылған.

  1. Стратиграфия

Боранқұл кен орны екі қанатты тұз күмбезді құрылымға жатқызылады. Ауданы бойынша іздеу-барлау және пайдаланушы ұңғылар төрттік шөгінділерден бастап пермотриас шөгінділеріне дейін қабаттар ашылды.

Боранқұл алабындағы іздеу-барлау және пайдалану ұңғыларынан алынған керннің параметрлері және каротаж материалдарын зерттеу, сонымен қатар Қосшағыл және Айранкөл көршілес құрылымдарымен салыстыру нәтижесіде қиманың стратиграфиясы және литологиялық сипаттамасы нәтижесі анықталды.

Боранқұл күмбезіндегі мұнай мен газдың барланған қойнауқаттары оңтүстік-шығыс қанатындағы антиклинальды құрылымын құрайтын төменгі бор шөгінділерімен байланыс түзеді. Төменгі бор қабатында жеті өнімді горизонт ерекшеленген: І-альбтік мұнайлы, аралық альбтік мұнайлы, ІІ-альбтік мұнайлы, апт-неокомдық газмұнайлы, І-неоком мұнайлы, ІІ-неоком І-қабат газмұнайлы, ІІ-қабат газды, ІІІ-қабат газмұнайлы, ІІІ-неком газмұнайлы.

Өнімді горизонттардың жатыс тереңдіктері:альбтік горизонт 660-682 м, апт-неокомдік горизонттар 927м, неокомдік горизонт 1028-м тереңдіктерде орналасқан. Жатындар қойнауқаттық-күмбездік және қойнауқатық, литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Альб мұнай жатындарының биіктігі 10-16м, неоком газ горизонтының мұнайлы бөлігінің қалыңдығы 6 м. Газ жатындарының биіктігі 11-22м. Су-мұнай жапсары 679-877м белгілерде, газ-су жапсары 947-1090 м белгілерде орналасқан. Өнімді қабаттың қимасы терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті.

Перьм жүйесі - Р

Төменгі бөлімі - Р 1

Кунгур ярусы - Р

Кунгур ярусы ангидрид және тас тұзынан құралған.

Ашылған тереңдігі 694м.

Пермотриас РТ

Пермотриас жасындағы литологиялық шөгінділер өзара ауысып отыратын құмтастар, алевролиттер, саздар, сирек құмдармен сипатталады. Құмтастар сұр және жасылдау сұр, түйіршіктері орташа, тығыз кейде пиридтелген болып келеді. Құмдар сұр, түйіршіктері орташа кейде сазды, ал саздары ала және қызғылт қоңыр түсті болып келеді.

Ашылған тереңдік 140-160м.

Юра жүйесі - J

Төменгі юра - J 1

Төменгі юраның тау жыныстары арасында түйіршіктері орташа және ұсақ құмдар, құмтастар қабаттарымен және құмайытты саздар мен гравеллиттер қабатшаларымен сипатталады. Төменгі юраның ашылған қалыңдығы 41-68м.

Орта юра - J 2

Орта юра жасындағы тау жыныстары құм және саз қабатшаларының кезектесуімен сипатталады. Құм мен құмтастар саз үстінде орналасады, саз сұр және күңгірт сұр түсті болып келеді. Орта юраның ашылған қалыңдығы 538м.

Жоғарғы юра - J 3

Литологиялық жоғары юра төменгі бөлігінде сұр түсті, өте қатты, әктас және кремнийлі қосылыстар кезектесе орналасқан мергельмен, ал жоғарғы бөлігі күңгірт сұр және ашық жасыл түсті, карбонатты, әлсіз алевритті саздармен сипатталады. Жоғарғы юра тау жыныстарының ашылған қалыңдығы 79-100м.

Бор жүйесі - К

Төменгі бор бөлімі - К 1

Готерив ярусы - К 1g

Литологиясы тығыз емес, сұр мен жасыл-сұр түсті сазбен және қатты, ашық сұр түсті құм мен құмтастар қабатшаларымен сипатталады. Қатпардың қалыңдығы 116-145м.

Баррем ярусы - К 1dr

Литологиясы ала түсті саздармен және қм және құмтастар қабатшаларымен сипатталады. Қатпар қимасында үш өнімді горизонт анықталады. Қатпардың қалыңдығы 287-319м аралығында өзгереді.

Апт ярусы - К 1a

Литологиясы күңгірт сұр түсті, тіпті қара түсті, тығыз, майлы, әктас емес саздармен сипатталады. Табанында апт-неоком өнімді горизонты орналасқан. Қатпар қалыңдығы 60-87м.

Альб ярусы - К 1a1

Сұр және күңгірт сұр түсті, тығыз саздармен және жеке құм, құмтас, алевролиттермен сипатталады. Қатпар қимасында екі өнімді (аралық альбтік, ІІ-альбтік) горизонт анықталған. Қатпар қалыңдығы 176-222м.

Альб-сеноман(бөлінбеген) - К 1+2a1+s

Жоғарғы альб және сеноман саз бен құмтастар кезектесуімен, сонымен қатар құм қабатшаларымен сипатталады. Табанында І-альбтік мұнайлы горизонт анықталған. Қатпар қалыңдығы 195-249м.

Жоғарғы бор бөлімі - К 2

Тұран-конъяк ярусы - К 2t+k

Жасыл-сұр түсті сазды мергельмен және ақ бор, кейде пирит қосылған, қатты әктасталған, жасыл түмті саз қабатшаларымен сипатталады, сонымен қатар табанында фосфорлы галька орналасқан. Ярус қалыңдығы 28-43м.

Сантон ярусы - К 2st

Қиманың жоғарғы және төменгі бөлігінде жасыл сұр түсті мергель және саздардың кезектесуімен сипатталады, ал ортаңғы бөлігінде ақ бор қабаттар орналасқан. Ярус қалыңдығы 28-43м.

Кампан ярусы - К 2km

Ашық жасыл сұр түсті, тығыз, мергель сияқты, кей жерлерде құмтасты саздардан құралған. Мергеьдер сұрғылт-ақ түсті, беріктігі орташа, құмтас қосылған қоспа, сонымен қатар құрамында пирит кристалдары бар. Ярус қалыңдығы 73-95м.

Маастрих ярусы - К 2m

Фауна қалдықтары бар негізінен ақ бордан және бор тәрізді ақшыл сұр түсті саздардан құралған. Ярус қалыңдығы 103-118м.

Дат ярусы - К 2d

Әктасты саздармен кезектесетін күңгірт және жасыл түсті мергельдермен сипатталады. Ярус қалыңдығы 19-29м.

Палеоген жүйесі - Р

Палеоцен төменгі эоцен - Р 1 2

Төменгі бөлігінде құмтасты және сазды материалдардың карбонатты қоспасы бар қызыл, жасыл реңі бар, тығыз мергельдермен сипатталады. Жоғарғы бөлігінде балық қабыршақтарының қалдықтары бар сұрғылт ақ, жасыл сұр, ақшыл сұр түсті, тығыз мергельдерден тұрады. Ярус қалыңдығы 103м.

Неоген-төрттік қатпарлар(бөлінбеген) - N+Q

Әктасты құм алевролитті қоспадан және фауна қалдықтарынан тұратын сұрғылт сары түсті, әртүрлі түйіршіктері, гипстелген құмдармен, күңгірт сұр, сарғыш сұр түсті саздармен сипатталады. Қатпар қалыңдығы 35м.

  1. Тектоника

Боранқұл кен орнында іздеу-барлау және пайдалану ұңғылары бұрғыланып, неоген-төрттік тау жыныстарынан бастап кунгур ярусының галоген шөгінділеріне дейін ашты.

Тектоникалық жағынан Боранқұл құрылымы төбесі IV шағылыстырушы горизонт бойынща көрінетін тұз күмбезді құрылым болып табылады. Күмбездің төбе жағы амплитудасы 400м қыратпен күрделенген.

Жобада тұз ядросы оңтүстік-батыстан бастап солтүстік-шығысқа қарай созылған антиклинальды формалы және екі еңісі бар:солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс.

Төбе жағындағы тұз жабынының ең биік нүктесі сейсмобарлау мәліметтері бойынша 1900м, ал №1 ұңғыманы бұрғылау мәліметтері бойынша 1715м. Боранқұл құрылымы тұз үсті тау жыныстары бойынша амплитудасы 300м екі қанатқа бөлінген: солтүстік-батыс көтеріңкі және оңтүстік-шығысы түсіріңкі.

Солтүстік-шығыс қанаттың шегінде №3 және №5 терең іздеме ұңғылар бұрғыланды, бірақ онда өнімді қабаттар ашылмады.

Оңтүстік-шығыс қанат F 1 ығыспасына субпараллель созылатын Ғ 2 субендік созылманың тектоникалық бұзылуымен қиындайды, ол солтүстік және оңтүстік өрістерге бөлінген, сондықтан осы қанат шегінде бор шөгінділері бойынща екі тектоникалық экрандалған қақпандарының пайда болуына әсер етті.

Бұрғылау және сейсмикалық мәліметтерін кешенді интерпретациялау нәтижесінде оңтүстік-батысқа қарай құлайтын радиал аз амплитудалы ығыспа анықталды, ол оңтүстік өрісті ІІ және ІІІ шағылыстырушы горизонттары бойынша екі блокқа бөледі: батыс және шығыс.

Оңтүстік-шығыс қанаттың шегінде альб, апт және неоком шөгінділерінде өнімді горизонттарды ашқан іздеме-барлама ұңғылар бұрғыланды.

Оңтүстік-шығыс қанаттың перифериялық бөлігінде V горизонт бойынша антиклиналь көтерілулерді экрандайтын аз амплитудалы көмілген тектоникалық бұзылу білінеді. Бұл обьект юра шөгінділерінде ізденулерге жол ашады.

Боранқұл күмбезіндегі мұнай және газ қойнауқаттарының барлама мәліметтері, Оның шығыс қанатында антиклиналь құрылым құрайтын төменгі бор шөгінділерімен байланыс түзуде.

Құрылымның оңтүстік-шығыс қанатында іздеу-барлау және пайдалану мақсатында бұрғылаудың мәліметтері бойынша жеті өнімді горизонт анықталды: І-альбтік, аралық альбтік, ІІ-альбтік горизонттар мұнайлы, апт-неокомдық газмұнайлы, І-неокомдық мұнайлы, ІІ-неокомдық горизонт І-қабат газмұнайлы, ІІ-қабат газды, ІІІ-қабат газмұнайлы, ІІІ-неокомдық горизонттар газмұнайлы.

Қойнауқаттар қабаттық, күмбезді, иілімді суарынды режимді, аз амплитудалы антиклиналь қатпарларының күмбезді бөліктеріне жатқызылған. Төменде аталған горизонттардың жекеленген құрылымдары келтірілген:

І альбтік горизонт

Горизонт 21 ұңғылар арқылы ашылды және төрт блогында да өнімді болып келеді. Горизонтқа дебиттері 1-33т\с мұнай ағыны алынған 12 ұңғыны сынаумен өнімділігі дәлелденген мұнай қойнауқаттары жатқызылады.

І блокта 7 ұңғы бұрғыланған. Геофизикалық зерттеулер бойынша №2, 109, 110, 112 ұңғылар мұнайға қаныққан болып шықты. Блоктың өнімділігі №2, 110 ұңғыларын сынаумен тексерілді. Күмбездегі горизонттың жабынының жату тереңдігі минус 671, 6м абсолют нүктесінде жатыр. І блоктың мұнай кеніші үшін су мұнайлы түйісу геофизикалық зерттеулердің материалдары бойынша мұнай қабатының табаны бойынша №112 ұңғысы бойынша минус 680, 9 м тереідігінде деп алынды. Кеніштің биіктігі 9, 3 м, мұнайлылық ауданы 219 мың м 2 тең екендігі анықталды.

ІІ блоктың өнімділігі 7 ұңғыны сынағанда дәлелденді. Күмбездегі горизонттың жабынының жату тереңдігі минус 669м абсолют нүктесінде орналасқан. Су мұнай жапсары №17, 103, 108 ұңғыларда сыналған қабат коллекторы және өнімді қабат табаны бойынша геофизикалық зерттеу нәтижелері негізінде 678, 4м деп қабылданды. Кеніштің қалыңдығы 9, 4 м, мұнайлылық ауданы 752 мың м 2 тең екендігі анықталды.

ІІІ блок каротаж мәліметтері бойынша өнімді және №105 ұңғысын сынағанда дәлелденді. Күмбездегі горизонттың жабынының жату тереңдігі минус 674, 8м абсолют нүктесінде орналасқан. Су мұнай жапсары сынауды ескере отырып мұнай табаны бойынша минус 680, 8м нүктесінде деп қабылданды. Қойнауқат қалыңдығы 5, 8м және мұнайлылық ауданы 53 мың м 2 тең екендігі анықталды.

ІV блок №9, 10 ұңғылары бойынша өнімділігі дәлелденді. Күмбездегі горизонттың жабынының жату тереңдігі минус 669м абсолют нүктесінде орналасқан. Су мұнай жапсары №101 ұңғымасы бойынша сыналған мұнай қабатының табаны бойынша минус 675, 5м деп қабылданды. Мұнайлылық ауданы 81 мың м 2 тең екендігі анықталды.

Аралық альбтік горизонт

Горизонт барлық аудан бойынша байқалады, 1-3 қабаттарымен берілген және 21 ұңғымен ашылған. Горизонтқа ІІ блокқа жатқызылатын мұнай қойнауқаты жатқызылады және І, ІІІ, V блоктар сулы қабаттар болып шықты.

Горизонттың өндірістік өнімділігі 5 ұңғыны сынағаннан кейін дәлелденген. Мұнай дебиті 1, 2т\тәу (108) мәнінен 20т\тәу (107) мәні аралығында өзгеріп отырады.

Күмбездегі горизонтжабынының жату тереңдігі минус 764, 7 абсолют нүктесінде орналасқан. Су мұнай жапсары №106, 108 ұңғылардағы сыналған мұнай қабатының табаны бойынша және №8 ұңғыдағы судың жоғарғы нүктесін ескере отырып минус 772, 7м деп қабылданды. Мұнайлылық ауданы 542 мың м 2 тең екендігі анықталды.

ІІ альбтік горизонт

Горизонтқа ІІ блоктағы мұнай қойнауқаты жатқызылады. Горизонт №6, 10 ұңғыларында мұнайлы, ал қалған ұңғыларда сазбен толтырылған. Мұнайдың фонтан ағыны бар екі №6, 10 ұңғыда сыналған.

Күмбездегі горизонт жабынының жату тереңдігі минус 872м абсолют нүктесінде орналасқан, Су мұнай жапсары №6 ұңғыдағы мұнай қабатының табаны бойынша минус 881, 2м деп қабылданды. Қойнауқаттың қалыңдығы 9, 2м және мұнайлылық ауданы 187 мың м 2 тең екендігі анықталды.

Апт - неоком горизонт

Мұнайгаздылығы бүкіл аудан бойынша байқалады және горизонтқа І, ІІ, ІІІ, ІV блоктарға жатқызылатын мұнайгазды мен мұнайлы қойнауқаттар жатқызылады.

І блокка мұнайгазды кеніш жатқызылады. Өнім көлемі 5мм штуцер арқылы №2 ұңғы бойынша мұнай дебиті 12 т\тәу және газ дебиті 14т\тәу мәндеріне тең.

Күмбездегі горизонт жабынының жату тереңдігі минус 936м абсолют нүктесінде орналасқан. Мұнай газ жапсары №2, 109, 112 ұңғыларындағы мұнай қабатының жабыны бойынша тағайындалды. Су мұнай жапсары №109, 112 ұңғылары бойынша мұнай қабатының табаны бойынша минус 947м деп қабылданды. Қойнауқат қалыңдығы 11м және газдылық ауданы 117 мың м 2 , сонымен қатар мұнайлылық ауданы 303 мың м 2 тең екендігі анықталды.

ІІ блокқа мұнайгазды кеніш жатқызылады. Өнім көлемі №6, 10 ұңғылары бойынша газ дебиті 53, 4 мың м 2 және мұнай дебиті 55, 6 мың м 2 мәндеріне тең.

Күмбездегі горизонт жабынының жату тереңдігі минус 934, 3м абсолют нүктесінде орналасқан.

Мұнай газ жапсары №102 ұңғының өнімді қабатының табаны бойынша минус 942, 9м, ал су мұнай жапсары №106, 104, 102 ұңғыларда геофизикалық зерттеулер мәліметтері бойынша минус 950м деп қабылданды. Кеніш биіктігі 5, 7м және газдылық ауданы 450 мың м 2 , сонымен қатар мұнайлылық ауданы 705 мың м 2 тең екендігі анықталды.

ІІІ және ІV блоктар мұнайлы қойнауқаттармен сипатталады. ІІІ блок №105 ұңғы бойынша мұнайға қаныққан. Су мұнай жапсары геофизикалық зерттеулер бойынша минус 955, 2м тереңдікте деп қабылданған. Кеніштің қалыңдығы 5, 2м және мұнайлылық ауданы 37 мың м 2 тең екендігі анықталды.

ІІ неоком горизонты ІІІ қабат

Қабатқа І және ІІ блокта дамыған мұнай және мұнайгазды кеніштер жатады. І блок №2, 109, 112 ұңғылар қорытындысы бойынша мұнайға қаныққан болып табылады. Қабаттың өнімділігі мұнай дебиті 30, 6 т\тәу тең №109 ұңғысын сынағанда дәлелденді.

Күмбездегі горизонт жабынының жату тереңдігі минус 1078м абсолют нүктесінде орналасқан. Су мұнай жапсары №2 ұңғыда жүргізілген геофизикалық зерттеулер мәліметтері бойынша минус 1088, 5м деп қабылданған. Кеніштің қалыңдығы 10, 5м және мұнайлылық ауданы 227 мың м 2 тең екендігі анықталды.

ІІ блокқа мұнайгазды кеніш жатқызылады. Газ бүркемесіндегі болуы газ дебиті 68т\тәу тең өнім алынған №10 ұңғыны сынағанда байқалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БОРАНҚҰЛ АУЫЛЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ
Ішек қылған, қобызым
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Қоғамға қажетті сала тынысы
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ұлттық құндылық көрінісі
Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
Әбубәкір Боранқұлұлының шығармалары
ӘБУБӘКІР БОРАНҚҰЛҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАҒДЫРЫНЫҢ СУРЕТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz