Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшелігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Ғылыми жетекші:
«__»200__ж.
Орындаған:
Павлодар, 2006
Жоспар
Негізгі бөлім
1 М. Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Кіріспе
Ұзақ жылдар бойы халқынан қол үзіп, қалған терең мағыналы туындыларының бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары. Оның қанша жазылып, қаншасы жарыққа шыққаны, қаншасы жойылып, жоғалып кеткені белгісіз.
Мәшһүр Жүсіп ХХ ғасыр басындағы ақындардың аса бір көрнектісі. Саяси тәртіпті одан батыл сынаған ақын жоқ десек те болады. Ескіні сынағанда ол үлкен сатираның, саяси-лириканың ақыны, әділет, бостандық идеясын жырлағанда-романтик.
Мәшһүр Жүсіп Баянауыл жерінде туып, Бұхарда дін оқуын үйренген. Бірақ ол молдалықтан қол үзіп, «Дала уалаятының газеті», «Айқап» журналының бетінде елдің әл-ауқаты мен хал-жағдайына қатысты өлең, мақалаларын жариялап, қазақ ауыз әдебиетін көп жинаған адам. Көзі тірісінде бірнеше өлеңдер жинағы жарық көреді.
Оның шығармаларының басты тақырыбы - ұлт еркіндігі, жер мәселесі, содан туатын кедей шаруа тілегі, дін бостандығы, оқу-білім, патшалық тәртіп пен капитализм қайшылығы сынау, революция (көтеріліс) идеясын жақтау сияқты өз кезеңі үшін үлкен мәні бар халықтық-демократиялық мәселер болды.
«Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» деген өлеңінде ол 1905 жыл революциясына үлкен үміт артып, келер жылы ату-асу саясаты басталған соң патшаның он жетінші қазандағы манифесінің бос сөз болып қалғанын сынаған қазақтың бірден - бір саяси күрес ақыны ретінде көрінеді.
Ақын бостандық күресіне түскендерді арыстанға теңей келіп, қалың бұқараны да саяси күреске шақырады. Халықты шырмап отырған патшалық тәртіпке бұдан артық қарсылықтың болуы мүмкін емес. Бұл тұста Мәшһүр Жүсіптің діни түсінігі мол бола тұрса да, ол революциялық сананың жыршысы болды.
Профессор Бейсенбай Кенжебаевтың: «Мәшһүр шығармаларының көпшілігінде заман жайын айтады, қазақтың жаман мінездерін, қазақ арасындағы феодализм қалдығын, би-болыстарды, патша өкіметінің чиновниктерін сынайды» - деген пікірі өте орынды айтылған деп бағалауымызға болады.
Жалпылап айтқанда, менің ой-пікірімше Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларынан шығыстың ұлы шайырларының, Абайдың үлгі-өнегесі, озық ойлары байқалып тұрады.
Қазақстанның халық жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдрының докторы, ақын Әбділда Тәжібаев: «Мәшһүр Жүсіп Көпеев дегенді білмейтін қазақ зиялыларында жан жоқ. Әрі ақын, әрі ақылғой жан, ұлы Абайға ілесе шықты да осы данышпан ұстаздың ағартушылық жалын берік ұстанды. Ақындығын да мұрат етті», - деп терең талғапты.
Ақынның адам өмірі, тіршілік туралы өлеңдерінен өзі өмір бойы іздеп, көп зерттеген ұлы жырау - Бұқар жырау шығармаларының әсерін сезінуге болады.
Үш жасынан бастап, жетпіс үш жас аралығындағы өмірінен деректер келтіруі, өмір сыры мен қызық қиындығын, мәнін жүйелеп айту бар.
Жалпы ақын шығармаларына зерделей қарап, тереңірек үңілсек, поэзияны жан сезім емес, үлкен саяси мазмұнын құралына айналдыра білген, әділеттілік пен бостандық идеясын жырлағандығын айқын сезінеміз.
Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп «1905 жылдың жыршысы, патшалық тәртіппен капитализмнің сыншысы, ұлт-азаттық қозғалыстың басты ақыны», деп бағалаумызға әбден болады.
Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің озық үлгілері - мысалдары «Шайтанның саудасы» өлеңінде шайтан 5 есек, 10 кашырға жүн артып базарға бара жатады. Оның бірінде өтірік, бірінде күншілдік, қастық, айла, озбырлық, зұлымдық, ұрлық сияқты заттар бар; Ғайса жолығып, «Мұның ішерге ас, киерге киім емес, кім алады?» - десе, шайтанның заттарын би-болыс, ұры-қары, бай-молда, ишандар бір сәтте қағып әкетеді. Бұл сол кезеңдегі саяси тәртіпті, ақшаның үстемдік құрған заманын сынайтын сатира.
Ақынның мысал өлеңдерін негізгі ой желісі шығыстың ұлы ақындарының бірі Румидың «Ұрланған қой хақында», «Қараңғылық», «Каһарлы шах қақанда тағы басқа өлеңдеріндегі әлеуметтік қоғам шындығын бейнелейтін сатирамен бір сарындас, өзектес.
«Бұлбұл мен қаршыға» өлеңінде ақын Мәшһүр Жүсіп осы екі образды салыстыра отырып суреттеген. Бұлбұл ұзақ күндер бойы қызыл гүл мен таңның атуын жырласа, қаршыға мырзалардың қолында жүріп түз (дала) құстарын ұстайды, жыртқыш бейнесінде көрсетілген. Мұнда да билеуші таптың зорлық-зомбылығы сынға алынған. Сол сияқты «Тырна мен қасқыр өлеңі ұлы ақын Абайдың аудармаларындағы «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен түлкі», т. б. қазақ ақындарының мысал өлеңдерін үндестік тапқан.
«Жарты нан хикаясы» атты мысалында ақынның айтар аты шығыс ақындары мен ойшылдарының, Абайдың қара сөздерінің, даналық мәйегімен төркіндес.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев тің өмір сүрген тұсы - бір рудың малын екінші рудың елі барымталап, шетке шыққан жылқы-сиырын айдап алып, сіңіріп кете беретін, әлсіздің күні қараң, күштінің сөзі жүріп тұрған феодалдық қоғамдық кезі.
Мәшһүр Жүсіп:
Өсекті қожа, молда айтады.
Басқадан олар тіпті оңды айтады.
Арасын ағайынның балдай тәтті,
Дау - жанжал ұрыспенен молайтады,
- деп ауыл арасындағы шала оқыған, білімі маяз, тек «жаназа» шығарсақм дегенді білетін молда мен қожаларға қатты ашынып, ащы шындықты осылай бейнелейді. Өйткені, Мәшһүр есімі көзінің тірісінде-ақ көп жерге тарап кеткен, ақынның бұл кезде бірнеше кітаптары шығып, елге танылса, екіншіден көне мұраларды жатпай-тұрмай хатқа түсіріп белгілі болғаны, «ғұлама» атанғаны, жұрттың айрықша құрметіне бөленгені белгілі. Осындай оқығаны да, тоқығаны да мол соншалық білімі иесі Мәшһүр Жүсіптің ерекше бір қасиеті-молдалық құрмауы. Халқын жан-тәнімен сүйетін ақындарға тән қасиет, қарақан басының қамын ғана ойлап қоймай, өзгелердің де мұң-мұқтажы үшін қара қылды қақ жаратын әділдігімен, туралығымен ел ішінің пысықтарына жақпай қалатын кездері болған.
Мәшһүр Жүсіп:
Кейде мен көп сөйледім аузым бақпай,
Бетімді жіберген соң ешкім қақпай,
Туысқа тура жолды айтамын деп,
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай,
- деп күйзелген сәтін білдіреді.
1 М. Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
М. Ж. Көпеевтің өмір сүрген кезеңі әлеуметтік сілкінулер мен жаңаруларға толы дәуір еді. Әрқилы қайшылығы мол тарихи-саяси жағдайлардың аса күрделі сыр-сипатын терең түсінуге қаламгерлердің бәрінің бірдей өресі жете бермейтіні белгілі. Солардың ішінен суырылып шығып, уақыт ауқымы мен әлеуметтік-мәдени талап-тілекті дұрыс таразылай білген Мәшһүр Жүсіп секілді қайраткерлер демократтық бағыттағы әдебиетті өркендетуге, өз шығармаларында халықтың арманы мен тілегін, күйініші меі сүйінішін бейнелеуге талпынды, заман ағысына ілесуге ұмтылды. Әрине, бұл ретте олар Абайдың эстетикалық-көркемдік принциптерін творчестволық жігермен пайдаланды.
Жаңа дәуір басында Абай қалыптастырған реалистік әдіс аясындағы әдебиеттің алуан салалары дәуір талабына сай жанр жағынан да, түрі жағынан да молайып байи түсті.
Бұл ретте алмағайып кезеңдегі ниеті таза, мақсаты айқын қаламгерлердің қай-қайсысы болсын дәуір талабын жіті сезініп, азаматтық жүрекпен терең толғауының мән-маңызы ерекше. Замана алға тартқан күрделі де көкейкесті мәселелердің шешімін табуға үмтылған көзі ашық, көкірегі ояу кайраткерлер халық өмірінің қат-қабат құбылыстары мен қоғамдық-әлеуметтік тіршіліктің алуан саласын рухани-көркемдік електен өткізіп, өз туындыларының өзегіне айналдырды.
Міне, осындай кезеңде әдебиет майданына араласқан М. Ж. Көпеев шығармашылығы көп қырлы. Оның мақалалары мен әңгімелерінің арқауы-жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің байланысы, соған орай туындайтын алуан проблемалар. Бұл орайда, қаламгердің өз кезінің санасы сергек, ойы озық ағартушысы ретінде орны айрықша.
Бұл шығармашылығы жарты ғасырға (XIX ғасырдың 80-жылдарынан XX ғасырдың 30-жылдарына дейін) жуық уақытты қамтитын Көпеевтің дүниетанымы өте күрделі. Тел туындыларында өз кезеңі үшін өзекті мәселелерді көтеруі, атап айтқанда, ел ішіндегі ұнамсыз қылықтарды сынап, би-болыстар мен патша әкімдерінің келеңсіздіктерін әшкерелеп, халықты оянуға, ұлттық мәдениет мен өнерді көтеруге шақыруы парасаттылығын, озық ой-көзқарасын байқатады. Оның айғағы - «Дала уалаяты» газеті мен «Айқап» журналының беттерінде жарық көрген мақалалары және Қазан қаласында басылып шыққан кітаптары. Керзаманда «Аяғын көсіле алмай, қолын соза алмай, құрттай быжынаған тыңшы құрған, байлаған төбеттей арпалысқан сензор қойып, ноқта кесті көмпіс, жетекші қылып алған жүрттың ортасында жүріп сөйлеген Мәшһүр Жүсіп Көпеев осы» 1 , - деп патша өкіметінің бұратана халықты бұғауда ұстамақ арман ниетіне ашық карсылық білдірген ақынды патша өкіметі саяси қудалауға алып, кітаптарын «зиянды» деп тапқан. Бұл жайыңда белгілі ғалым, марқұм Б. Кенжебаев былай дейді: «Мәшһүр Жүсіптің бұл ренжу, өкінулері оның 1905-1907 жылғы революциядан күткен көп үмітінің күйреуінен, патша өкіметі оргаңдарының оны қуғындауынан, кітаптарын таратпай, өзіне штраф салуынан (Цензур М. Ж. Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабын ұстаған авторға штраф салған. ЦҒА ТАССР ф. 969, оп. 1. п. 49. стр. 49-50) деп білуіміз керек.
Ел тағдыры туралы толғаныс ақынның төл туындыларының қай-қайсысынан да айқын аңғарылып, азаматтық кредосын көрсетеді. Мәселен, ол «Ғибратнамада ақындық, азаматтық міндет туралы ойын ұсынып, өзінің қоғамдағы орнын белгілемекші болады Арманын ашық айта алмай, дағдарысқа ұшырап жүргенін ескерте келіп:
Болдым ғой өмірімді тауысқандай,
Мерт болдым айға шауып арыстандай
Сұңқардай биік тауды мекен қылмай,
Шықылықтап көзге түстім сауысқандай, 2 -
дейді. Ақын алға қойган негізгі идеясын «ап-рахмет жаңбырына теңейді. «Ғаламға ап-рахмет нұрын шашар, үстім су болады деп надан қашар» дей келіп:
Бұлттай жауатұғын менің өзім,
Көкірегім қан, жаспенен толған көзім,
Жаңбырдың ап-рахмет тамшысындай,
Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім, 3 -
деп, өзін саяси күрестің қаһарманы ретінде көрсетеді. Ойын мысалдап түсіндірген Мәшһүр Жүсіп бұлбұлды қаршығаға кездестіреді. Ол қаршығаға: «Сенің тұрағын «бектердің оң қолында» патшалармен ойнассың беделің артық, қадірің мол, мен қызыл гүл іздеп зарлаймын, оның ашылғанын не күндіз, не түнде көре алмай, «хасіретім көп» дейді. Бұлбұлға жауап берген қаршыға:
Аузыңды ақылың болса, жабар едің,
Үндемей сабыр қылып бағар едің.
Тілі жоқ сықылды мылқау болсаң,
Бір күнде мың мұратты табар едің, 4 -
деп, өзі ісін мақтан тұтады, бұлбұлдың қылығын келемеж қылады.
Бұл сөздерге бұлбұл қатты қынжылады, атақ құмар қан құмар қаршығаны тілінің бізін сұға аяусыз кінәлайды. Бұлбұлды жақтаған ақын ойын:
Құс болсаң, бозбалалар бұлбұлдай бол,
Табылар іздегенге бір қызыл гүл, 5 -
деп түйіндейді. Яғни халық үшін еңбек еткен, алға ұмтылған адам мұратқа жетеді дегенді меңзейді. Болашақтан зор үміт күткен ақынның өлеңінде осындай оптимистік сарын бар.
Сонымен қатар, романтикалық лирикасында ол каршыға арқылы патша өкіметі ұлықтарының, өлексе жеп тойынған жыртқыштардың типін суреттесе, оған қарама-қарсы ұзақ түнде атар таңды, қызыл гүлді аңсаған жақсылық жыршысы бұлбұлдың бейнесін жасайды.
Карымды калам иесінің осы тақілеттес шығармасының бірі - «Дүниеге көңілі қалғандықтан сөйлеген сөзі». Бұл туындыда да сол тұстағы елді сорлатқан әлеуметтік теңсіздік, атап айтқанда, қулық-сұмдықтың көбеюі, сөздің қадірі кеткендігі, елді неше түрлі алаяқ-пысықтардың билеуі сөз болады. Мәшһүр Жүсіп халықтың игі жақсыларын арыстанға, ку-пысықтарды түлкіге теңеп, сарбаз ерлердің ептілерге тәуелді болып калғанын көрсетеді. Сөзінде бай адамның мін болмайтынын мысқылдап жазады. Ақынның өз ойларын жинақтай келіп:
Кедейлік кетіреді сыныңызды,
Бар болса, мол табады мініңізді.
Бұл күнде тіл сөйлемей, мал сөйлеген,
Көре бер өйтіп-бүйтіп күніңізді, -
деген қорытындысынан әлеуметтік теңсіздікке деген наразылығы айқын көрінеді.
Келтірілген мысалдардан байқалатынындай шайырдың көптеген шығармаларына сатиралық сарын, өткір сарказм тән. Мәселен, аталған өлеңде өзі мысқылдап отырған құбылыстың ішкі мәніне тереңдей үңіледі және сол кеселдің туындап жатқан төркінін тап басып, дәл табады.
Қашанда әдебиеттің бағыт-бағдары мен бет-бейнесі көп ретте оны тудырған дәуір сипатымен тығыз байланысты. Ендеше Мәшһүр шығармаларының әжуа-мысқылға кұрылып, сатиралық бағыты айқын да өткір болуы соның нәтижесінде әлеуметтік тамырларының тереңдеуі заңды.
М. Ж. Көпеев Европадағы, өте-мөте Ресейдегі саяси хал-ахуалмен жақсы таныс болғандықтан, қазақ даласының отарланып жатқанын, ел ішінде бұзықтық әділетсіздік көбейгенін жіті көре білді. Елдің қараңғылықта қалып бара жатқанына қатты күйінгендіктен ең алдымен ел өмірінің қайғысын, саяси-тіршілігін, бостандықты, халықтың талап-тілегін жырлап, өлеңдер жазады. Мысалы, 1903 жылы жазған өлеңінде былай дейді:
Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан,
Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.
Жақсылық ойлаңыздар біздің халық,
Тастаңыз жамандықты толып жатқан,
Үлгісі чиновниктер осы болып,
Қасқырша ауыз салып жұлып жатқан.
Құрметті ел билеген хакімдер де,
Жыландай зәрін төгіп сорып жатқан.
Бас салып мұнлы-зарлы кем-кетікті,
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан. 6
Ақын чиновниктерді қиянатшыл, зорлықшыл, «қасқырға», ел билеген әкім атаулыны «зәрін төккен жыланға», «тырнағымен бүрген бүркітке» - кілең жыртқышқа теңейді.
«Қазақтың қылып жүрген жұмысы» деген өлеңінде бұзық, қиянатшыл ұлықтарды сықақтап, уытты теңеулер арқылы олардың сықпытын таңбалайды:
Жаландап аждаһардай ауылнайлар,
Беліне ақ киізден күйік байлар.
Цифырын бес тиының бес теңге деп,
Кедейдің хат білмеген соры қайнар.
Мойнына сары жезден қарғы салып,
Алдына неше түрлі дау-шар барып.
Жиылып қара құстай билер отыр,
Жемтігін өлексенің қоршап алып. 7
Ауылнайды «айдаһардай» аранын ашқан жалмауыз деп, «мойындарына киізден күйік байлап» алған сұмпайы жандар етіп масқаралайды. Билерді «мойынына сары жезден қарғы таққан» десе, екіншіден, «өліктің басына үймелеген қарға, кұзғын» сияқты озбырлар деп жерлейді.
XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында әлеуметтік теңсіздік, ұлттық езушілік, әсіресе, асқынып кеткені мәлім. Бұл заманда тайталас-тартыстар мен әлеуметтік қайшылықтар шиеленісе түсті. Өз кезінің ең бір сорақы шындығы, іңдеттен бетер құбылысы-партиягершілікті Мәшһүр былай деп шенеген болатын:
Бөлініп жұрт екі жақ партиялап,
Қалмайды ұрғашыдай сол қиялап.
Басқа орын босағадан тимейтінді,
Бас қылып, бас жегізіп тәрбиелеп.
Көрініс екі жақтан топ көбейіп,
Дау-жанжал жанып тұрған шоқ көбейіп.
Болмаса малға зиян еш пайда жоқ,
Атарға бір мылтық жоқ, оқ көбейтіп. 8
Мэшһүрдің әсіресе, кітаптарына (Қазан қаласында шыққан-С. С. ) енген өлең-жырларында замана міндері, қараңғылық пен надандық, өткір сынға алынған. Мұның өзі шығармаларының тақырыптық ауқымы мен көркемдік нысанасын, айшықтары мен бояуларың саяси лириканың салмағы басым екенін, бір сөзбен айтқанда, көркемдік ерекшеліктерін айқын аңғартады
Шайырдың ағартушылық сарындағы өлеңдері де баршылық. Оның қазақ қоғамының экономикалық, әлеуметтік және рухани тыныс-тіршілігін, олқылықтарын терең түсінгендіктен еңсесі биік ел болуға уағыздап, үгіттеген туындылары-соның дәлелі. Айталық, «Қара өлең» деген өлеңінде:
Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,
Айыра алмай жақсы менен жаман парқы.
Баласы дін мұсылман ояныңдар,
Көрінер өз пайдасы жұрттың нарқы, 9 -
деп толғанса, ойын әрі қарай дамыта түсіп, былай дейді:
Өнерге ғылым-білім болсаң жерік,
Берілер ақыр бір күн басыңа ерік.
Көп жұртты көз жасыңа қылсаң куә,
Табылар мұңлы-зарлы саған серік 10
Мәшһүр жұртшылықты адал еңбек етуге, рухан көтерілуге шақырып қана қоймай, халықты жарыққа шығарудың бірден-бір жолы-оқу-білім деп түсініп соңы бағыт-бағдар ретінде нұсқайды.
М. Ж. Көпеев-өз заманының барлық болмыс-бітімін, бүкіл қазақ халқының тыныс-тіршілігін, рухани және мәдени өсу деңгейін, кем-кетік жақтарына кеңінен тоқталып, тереңнен толғаған қаламгер. Оның «ұйқыда жатқан» қараңғы халықты оятпақ болып, жұртына жақсылық пен жаңалықты түсіндіріп, өркениетті ел қатарына қосылудың жолын көрсетуге тырысқан туындылары бұған толық куә.
Егерде ісі жақсы, болса ұнамды,
Талап қып ыждахатпен бас қадамды.
Айна қыл өзінді-өзің түзетуге,
Бұл жүрген жақсы-жаман көп адамды, -
дейді акын «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми» деген өлеңінде. Бұл - туған халқының қамын ойлап қамыққан, болашағы үшін жабыққан қайраткер сөзі. Қамығып қана қоймай жанын ауыртқан сол дертке шипа іздеп, қалың бұқараны ғасырлар бойғы бойкүйездіктен, сауатсыздықтан арылып, өнер мен ғылым үйрену арқылы көңіл көзін ашуға шақыруы-қайраткерлік қарымы мен құлашын байқатады.
Әрине, М. Ж. Көпеевтің ағартушылық бағыты оның поэзия саласындағы туындыларында әсіресе айқын сезіледі. Ол өз түсындағы ел тіршілігіне көз жүгіртіп, мынау жақсы, мынау жаман деп тайсалмай, өз пікірін күлбілтесіз батыл айта білген. Мысалы, оның «Адам екі түрлі» атты өлеңі былай басталады.
Бір адам бар өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.
Ақын жақсылық пен жамандық жайында, адамның мінез-құлқы мен жеке қасиеттері туралы ой толғайды. Ол адам бойындағы адамгершілікке жат қылықтардан қатты жиіркеніп, ашына суреттейді. Бұл сипат оның «Жалқаулар туралы айтқаны», «Кедей болады кері кеткен, ұйқысы мол» «Жеткізер, құдай, пенде қылса талап» және т. б. өлеңдерінен айқын аңғарылады. Бұл шығармаларында ол:
Балалар, жалқау болмай оқы сабақ,
Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ.
Айрылса оқу оқып, білгенінен,
Біз оны деп айтамыз, «арамтамақ»! -
деп жастарды ерінбей еңбек етуге, оқу оқып, білім алуға, сөйтіп ілгері ұмтылуға үгіттесе, енді бірде салақтық пен жалқаулықты сынға алады:
Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келіп тұрады үш қара жол.
Кедейліктің бір үлкен жерік асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейді қол.
Шайыр кедейліктің түп тамыры еріншектікте деге қорытынды жасайды. Немесе:
Парқы бар жақсының да жақсыменен,
Балгер бірдей бола ма бақсыменен.
Артымда ненің барын мен білем бе,
Жамандық қанша болса тапшы менен, -
деп адамгершілікті мадақтап, жат қылықтарға жирене қарайды.
Мәшһүр Жүсіп өзінің алдында өмір сүрген қазақ ағартушылары Шоқан, Ыбырай, Абай секілді демократияшыл идеялардың рухын терең сезініп, прогреске ұмтылудың жолын ұсынды. Ол әлеуметтік прогреске жетуде еңбек шешуші роль атқарады деп білді. Сондықтан еңбек тақырыбына арнайы тоқталып, халқын адал да пайдалы еңбек етуге шақырады.
М. Ж. Көпеев реалист ақын ретінде өзі өмір сүрген дәуірдің ғана бейнесін суреттеп қана қойған жоқ, сонымен бірге лирикалық қаһарман образын сомдай білді. Оның шығармашылығының өн бойынан туған ел-жұртының адал перзенті, халқына еңбек етуден еш жалықпаған ойшыл ақынның азаматтық тұлғасы әрі сөз өнерінің қадір-қасиетін жете сезінген нұрлы бейнесі айқын көрініп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz