Туризмдегі нарықтық механизм және нарықтағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I БӨЛІМ. ТУРИЗМДЕГІ БАҒАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫ
1.1. Туризмдегі сұраныс пен ұсыныс икемділігі (эластикалығы) ... ... ... ... ... ...5
1.2. Туризмдегі сұраныс пен пайдалылық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Туризмдегі ұсыныс және өндіріс шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
II БӨЛІМ. ТУРИЗМДЕГІ НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ ҰСЫНЫС ПЕН СҰРАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУ
2.1. Туризмдегі баға, сұраныс және ұсыныс теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Туризмдегі баға және сұраныс пен ұсыныстың заңдары ... ... ... ... ... ... ...21
2.3. Туризмдегі нарықтық механизм және нарықтағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Туризмдегі баға – бұл сұранысты анықтайтын фактор. Белгіленген орындар туралы, саяхат жасау әдісі мен саяхатқа шығу уақытындағы іс – шаралар туралы тұру мен қызмет көрсету жағдайлары туралы, сапардың ұзақтығы туралы шешімдер бағалық шешімдермен анықталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Туристік тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс көптеген өзгертулерге қатысты болады, олардың кейбіреулері тәуелсіз болып келеді және потенциалды туристтер мен туристік тауар өндірушілер, туристік қызмет көрсетушілер тарапынан бақылаусыз болады, сол кезде олар өзгереді және бір – біріне қатысты болады.
Туризмге деген сұраныс потенциалды және іс жүзіндегі деп екіге бөлінеді. Туристік тауар мен қызмет көрсетуге деген потенциалды сұраныстың көлемі саяхатқа щыққан ниет білдірген адамдардың санымен анықталады. Іс жүзіндегі сұраныс берілген уақытта іс жүзінде кім саяхатқа шықты және белгіленген орынға кім бағытталды деген сөз. Потенциалды және іс жүзінде сұраныс арасындағы сандық айырмашылық – бұл туризм бойынша маркетологтардың бар күші неге бағытталғанында.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сұраныстың жалпы факторлары. Берілген теориядағы (ел, қала, аймақ) туристік рыноктың көлемі төмендегі факторалармен анықталады:
Өмір сүру деңгейі мен саяхат интенсивтілігі арасындағы қатыстылықтың жоғарғы дәрежесі – туризмнің фундаменталды айғағының бірі.
Туристік қызметке сұраныстың дұрыс созылмалылығы туризмге сұраныстың тез өсуін түсіндіреді.
Егер біз кіріс деңгейін, оны бөлу мен бөліп берудің туристік сұранысқа белгілі бір әсерін мойындар болсақ, онда бұл біз мұның ұлттық кірісті аса ұлғайтпайтынын ескеруіміз керек, қайта бұл туризмдегі тұтыну қызметін анықтайды. Іс жүзінде, жеке кірістердің өсуі жалпы шығындарды азайтады.
1. Әубәкiров Я. Ә. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
2. Әкiмбеков С. Баймұхаметова А.С. Жанайдаров У.А / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002.
3. Гальперин В.М., Игнатев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика.– 1998.
4. Добрынина А.И, Л.С. Тарасевича. Экономическая теория Санк-Петербург – 2001.
5. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999.
6. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000.
7. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003.
8. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999.
9. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
10. Статистическии ежегодник. Алматы. – 2004.
11. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I БӨЛІМ. ТУРИЗМДЕГІ БАҒАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫ
1.1. Туризмдегі сұраныс пен ұсыныс икемділігі (эластикалығы) ... ... ... ... ... . ..5
1.2. Туризмдегі сұраныс пен пайдалылық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Туризмдегі ұсыныс және өндіріс шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..12
II БӨЛІМ. ТУРИЗМДЕГІ НАРЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ ҰСЫНЫС ПЕН СҰРАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУ
2.1. Туризмдегі баға, сұраныс және ұсыныс теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2. Туризмдегі баға және сұраныс пен ұсыныстың заңдары ... ... ... ... ... ... ...2 1
2.3. Туризмдегі нарықтық механизм және нарықтағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

КIРIСПЕ
Туризмдегі баға - бұл сұранысты анықтайтын фактор. Белгіленген орындар туралы, саяхат жасау әдісі мен саяхатқа шығу уақытындағы іс - шаралар туралы тұру мен қызмет көрсету жағдайлары туралы, сапардың ұзақтығы туралы шешімдер бағалық шешімдермен анықталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Туристік тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс көптеген өзгертулерге қатысты болады, олардың кейбіреулері тәуелсіз болып келеді және потенциалды туристтер мен туристік тауар өндірушілер, туристік қызмет көрсетушілер тарапынан бақылаусыз болады, сол кезде олар өзгереді және бір - біріне қатысты болады.
Туризмге деген сұраныс потенциалды және іс жүзіндегі деп екіге бөлінеді. Туристік тауар мен қызмет көрсетуге деген потенциалды сұраныстың көлемі саяхатқа щыққан ниет білдірген адамдардың санымен анықталады. Іс жүзіндегі сұраныс берілген уақытта іс жүзінде кім саяхатқа шықты және белгіленген орынға кім бағытталды деген сөз. Потенциалды және іс жүзінде сұраныс арасындағы сандық айырмашылық - бұл туризм бойынша маркетологтардың бар күші неге бағытталғанында.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сұраныстың жалпы факторлары. Берілген теориядағы (ел, қала, аймақ) туристік рыноктың көлемі төмендегі факторалармен анықталады:
Өмір сүру деңгейі мен саяхат интенсивтілігі арасындағы қатыстылықтың жоғарғы дәрежесі - туризмнің фундаменталды айғағының бірі.
Туристік қызметке сұраныстың дұрыс созылмалылығы туризмге сұраныстың тез өсуін түсіндіреді.
Егер біз кіріс деңгейін, оны бөлу мен бөліп берудің туристік сұранысқа белгілі бір әсерін мойындар болсақ, онда бұл біз мұның ұлттық кірісті аса ұлғайтпайтынын ескеруіміз керек, қайта бұл туризмдегі тұтыну қызметін анықтайды. Іс жүзінде, жеке кірістердің өсуі жалпы шығындарды азайтады.

Курстық жұмыстың міндеті:
Менiң осы тақырыпты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
- Рыноктық қатынастың негiзгi элементiнiң бiрi сұранысты жан-жақты қарастырып, оның рыноктың басқа элементтерiмен байланысын қарастыру;
oo Сұраныстың рынок тепе-теңдiк механизмiндегi орнын және оның әрекеттерiн қарастыру;
oo Рыноктық механизмдегi сұраныстың және сұраныс көлемiнiң сыртқы факторларға байланысты өзгеруi немесе жылжуын қарастыру, осы әрекеттердiң экономика дамуы үшiн әсерiн талдау;
oo Сұраныстың икемдiлiгiнiң түрлерiн және оның экономика үшiн маңыздылығын анықтау;
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы және көлемі: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


I БӨЛІМ. ТУРИЗМДЕГІ БАҒАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫ
1.1. ТУРИЗМДЕГІ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ (ЭЛАСТИКАЛЫҒЫ)
Туризмдегі сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуекелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-біріне сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Сұраныс қисығының үш нұсқасын қарайық. Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Бағаның екі рет құлдырауы, сұраныстың да екі рет өскенін, ал жалпы саудадан түсімнің өзгермегендігін сипаттайды. Бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет қана өсіуімен қосарланды және жалпы саудадан түсімі кеміді. Саудадан түсім өседі, өйткені баға кемігендіктен сұраныс көп өсті. Рыноктағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні немесе баға өскенде кемитінін бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды. Сұраныс икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті сұраныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырган бағаға өзгерісіне қатынасын көрсетеді.
Икемділік коэффициенті тауарға сұраныстың мөлшері тауар бағасы бір процентке өзгергенде қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бағаның кемуі дәлме-дәл сұраныстың өсуімен өтелгенде, ал жалпы саудадан түсірген сома өзгермегенде, сұраныстың бірлік икемділігі турулы әңгіме болады. Ал бағаның кемуі сұраныстың аз өсуін шақырса, сұраныс икемділігі кемиді. Бағаның кемуі сұраныстың артық өсуін шақырса, онда сұраныстың икемділігі туралы айтамыз: көбейеді. Сұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсынысқа әсерін талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстың икемділігі ол рынокқа шығарылған тауарлардың санының бәсекелік бағының салыстырмалы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті ұсыныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған баға өзгеріске қатынасын көрсетеді. Әр түрлі икемділіктегі ұсыныстың үш сызығы көрсетілген. Тауар ұсынысының икемділігі көп факторларға тәуелді: әр түрлі кәсіпорындардағы жекелеген шығындарды жіктелуінен, өндірістік куаттардың толық істеуінен, еркін жұмыс күшінің болуынан, капиталдың бір саладан екінші салаға тез ауысуынан және т. б. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі туралы айтқанда, яғни баға өзгергенде сұраныс пен ұсыныстың қанша өзгеретіні туралы айтқанда, біз бұл өзгерістер бір уақытта болатынын, сондықтан уақыт икемділіктің бір факторына айналатынын еске сақтаумыз керек. Осыған байланысты рынок тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстық келісуін уақытты есепке ала отырып талдауымыз керек. Айталық, бір тауарға кенеттен сұраныс көбейеді. Бұл тауарға ұсыныс бірден көбеюі мүмкін емес болғандықтан, лезделік тепе-теңдік жағдайы бағыны жоғарлатуымен ғана сипатталады.
Ұсыныс қисығы нөлдік икемділік тік сызық болады және сұраныс қисығының жағдайына ауысуы тепе-теңдіктің бағасын өсіреді. Қысқа мезгілді тепе-теңдік жағдайында осы рынокта істейтін кәсіпорындардың саны өзгермейді. Бірақ ұсыныс біршама ұлғаяды және қисығы сәл ғана еңкейген болады, өйткені кәсіпкерлер бар өндірістік қуаттарды қарқынды пайдаланады. Бұл жағдайда ұсыныс еөлемі азырақ өседі, ал тепе-теңдік бағасы төмен болады. Ұзақ тепе-теңдікті қарағанда ұсыныс өзгерген сұранысқа толық бейімделеді. Жоғары бағалар жаңа қуаттар жасауға жағдай жасайды ал салаларға жаңа кәсіпкерлер келді, ұсыныс көлемі өсті, тепе-теңдіктің бағасы бұрынғыдан да көп төмендеді. Сонымен, ұсыныс икемділігі қаралып отырған уақыт кезеңі ұлғайған сайын өседі, ал ол қарапайым бағалардың қалыптасуына жәрдемдеседі.
Сұраныс пен ұсыныстың икемділікке керісінше мән ретінде анықталу бағаның икемділігі ұғымына байланысты. Ол сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінің баға әсерін білдіреді. Сұраныс әңгіме болғанда, әрине, төлем қабілеті бар сұраныс туралы болады. Сондықтан, жоғарыда көрсеткендей сұранысқа әсер ететін аса маңызды факторлардың бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға сұраныс та әрқалай өзгереді. Бұл жағдайда табысқа байланысты сұраныстың икемділігі туралы айтамыз. Мысалы бәрімізге жақсы белгілі, сатып алушылардың табыстарының өзгеруі, азық-түлік тауарларын сатып алуға, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, өнеркәсіп тауарларына сұраныс илікпелігі әдетте үлкен болды. Икемділік коэффициенті табыстың сұранысқа әсерімен анықталады. Тауарлардың басым бөлігінде табыстар мен сұраныстың арасындағы тікелей тәуелділік бар, яғни табыс өсуімен сұраныс көбейеді. Алайда, кейбір жағдайларда кері тәуелділік болуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай елдің кедей бөлігі тұтынатын, тұтыну қасиеттері төмен, тауарларға қатысты. Табыстар өскен сайын картоп, нан сияқты тағам өнімдеріне сұраныс азаяды, өйткені тұтынушылар өз рациондарына көп ет, көкөніс және жеміс-жидектер кіргізуге мүмкіндік алады. Сұраныс икемділігімен тауарлар бағаларының тербелуі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әрқалай әсер етеді.

1.2. ТУРИЗМДЕГІ СҰРАНЫС ПЕН ПАЙДАЛЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ
Осыған дейін көрсеткенде, бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік туризмнің бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл жерде сұраныс қисығының, яғни сатып алушының бағасының негізінде жатқан экономикалық принциптерге кеңінен тоқталамыз. Онда кейін ұсыныс қисығы, яғни сатушының бағасы анықтайтын принциптерді талдаймыз. Бәрімізге айқын, сатып алушы тауарды өз кажеттіліктерін өтеу үшін сатып алады. Бұл жалпы және ешқандай даусыз ереже. Біріншіден,адамның қажеттіліктерінің үлкен бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырмайды, яғни игілікті пайдалануына байланысты біртіндеп өтеледі. Екіншіден, қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырудан толық қанағаттандыруға өту табан астында емес, көптеген сатылардар өту арқылы мүмкін болады.
Бірақ, қажеттіліктерді өтеу дәрежесі барған сайын кемісе, игілік пайдалылығы тұтынушыларға да сол игіліктің саны өскен сайын кемиді. Мысалы,адам үшін,бірінші бөлшек тағам ең үлкен пайдалылық болса, тамағы тойған сайын әрбір келесі бөлшек барған сайын аз пайдалылықта болады. Пайдалылықтың азаю процесін барынша дәл баяндау үшін экономикалық ғылымда шекті пайдалылық ұғымы қолданылады, яғни тауардың соңғы бөлігіне қосылатын қосымша пайдалылық. Осы ұғымды пайдаланып шекті пайдалылықтың азаю заңын тұжырымдаймыз, яғни тұтынылған тауардың саны өскен сайын оның шекті пайдалылығы кемиді. Тұтынылған тауардың саны өскен сайын, жалпы (қосындылық) пайдалылық өседі, бірақ пайдалылық өсімі (торланған тікбұрыштар) әрбір жаңа бөлік тауарда нөлге жеткенше, қысқартады. Егер игілікті шексіз кіші бөліктерге бөлуге болады деп жорамалдасақ, онда жалпы пайдалылықтың өсуінің бәсеңдеуін баспалдақты диаграмма түрінде емес,үздіксіз дөңес сызық ретінде бейнелеуге болады.
Тығыз байланысқан әлеуметтік және мәдени факторлар сапарларға байланысты негізгі сарын, тілек және күту болып табылады. Туризмнен түсетін пайда көп жағдайда абстрактілі және субъективті болып табылады, бірақ, берілген туристік қызмет көрсетулер немесе тауарлар тұтынушыларды қарама - қайшы және үйлеспейтін қажеттіліктер мен сарындармен тарататыны таң қаларлық жағдай емес. Потенциалды туристтер туризмдік қызмет көрсету мен тауарлар туралы айтатын сын - талдаулар біркелкі және ерекше болады.
Берілген қызмет көрсетулер, орналасу орындары немесе азық - түлік әр түрлі бағаланады және тұтынушының әр түрлі әсерін, яғни қанағаттану немесе қанағаттанбауды туғызады. Мұның бәрі қозғалыс стратегиясы мен жоспарын жасау барысында назарға алынуы тиіс.
Тауарлар саны көбейген сайын азаятын шекті пайдалылық бұрыштар түсіріледі. Осы айтқандардан шығатын қорытынды: шекті пайдалылықтың мөлшері тауардың саны мен соған қажеттіліктің дәрежесіне тәуелді болады. Сонымен бірге адамның әр түрлі қарқынды дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері көп болады. Қажеттіліктердің қарқындылығын бағалау субьективті, обьективті түрде бірінші шұғыл қажеттіліктерді маңыздылығы кем қажеттіьліктерден айыруға болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруға адам ең шұғыл қажеттіліктерден бастайды да, біртіндеп шұғылдығы аздауға көшіреді, осындай қимылдардың арқасында, тұтынылған игіліктердің шекті пайдалыға бірдей болады.
Бірақ адам рыноктан қажетті игілікті сатып алғанда, әр түрлі сомадағы ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр тауардың өз бағасы бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын оның бағасына бөлсек, онда өлшеген шекті пайдалылық табамыз. Осыны еске ала отырып, әрбір тұтынушы жекелеген тұтыну түрлерін қашан шекті пайдалылық бағаға пропорционалды болғанша, немесе өлшенген шекті пайдалылықтар бірдей болғанша кеңейтеді. Қарапайым тілмен айтқанда, етке жұмсалған сонғы тенге, нан немесе апельсинге жұмсалған соңғы теңгенің келтірген пайдасындай пайда келтіруі керек.
Маржиналистік теорияда шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін сандық өлшеу мәселесі маңызды орын алады. Осындай өлшеуіш деп есептеу керек, яғни қандай өлшем бірлігінде игіліктердің шекті пайдалылығы бағалану және салыстырылуы керек? Осындай көрсеткішті табуға болама? Осы сұрақтардың жауаптарына байланысты шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар екі бағытқа бөлінді: кардиналистер және ординалистер. Біріншілері шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін өлшегішті іздеумен шұғылданады.
Алайда олардың бұл ізденістері нәтижесіз болады да, салыстыру кезінде бәрінен жиі пайдалылықты ақшалай бағалау қолданылады. Ординалистер жалпы мұндай әмбебап өлшем бірлігін іздеуден бас тартты да, басқа жол ұсынды. Шекті пайдалылықтың абсолютті өлшеушінің орнына салыстырмалы талдауға көшкен жемісті болар еді деген идея айтты, яғни сатып алушылардың (сатушылардың) тауарлардың бір қисындасуын басқа қисындасуларынан таңдап алу себебін анықтау. Мұндай талдаудың құралы (тетігі) ретінде экономикалық процестерді зерттеуде неоклассикалық мектеп кеңінен талғаусыздық қисық сызығы дегенді қолданады. Тұтыну тепе-теңдігі осы талғаусыздық қисық сызығының көмегімен графикалық түрде көрсетуге болады.
Өзінің бір қалыпты ақшалай табысының барлығын тұтынуға жұмсайтын түтынушыны алайық. Тік сызық -- бұл тұтынушының тұтыну мүмкіндіктерінің сызығы. Тұтынушы табыстың осы денгейінде тек түзу сызықпен қозғала алады. Ол қайда қозғалады? Айқыны өзі барынша үлкен пайдалылық алатын нүктеге, яғни ең жоғары мүмкіндік талғаусыздық қисығына тұтыну мүмкіндіктерінің қисығына тиеді. Осы ол жететін ең жоғары қисық сызық болады. Тепе-теңдік жағдайында тауар бағасы оның шекті пайдалылығына пропорционал болады.
Шекті пайдалылықтың қисық сызығын талдау тұтынушының аса артықтығы (тұтынушы рентасы) сияқты маңызды категорияны да ұғынуға жағдай жасайды. Бұл категорияның мәні мынада: тұтынушы әрбір тауарға, өзіне бағалылығы барынша төмен тауардың сонғысының шекті пайдалылығына тең, бірдей баға төлейді. Ал бұл дегеніміз, соңғыдан бұрынғы әрбір тауардың тұтынушы кейбір пайда алады. Тұтынушы рентасы идеясын графика түрінде былай бейнелеуге болады. Егер тұтынушы тек бір ғана тауар алса, онда 80 доллар төлеуге келісер еді. Екіншісіне (егер барлығы екеу болса) тұтынушы 60 доллар төлер еді. Екі тауардың әрқайсысының рыноктық бағасы бір мөлшерде -- 60 доллар болар еді. (Өйткені баға шекті бірліктегі деңгейде қойылады,ал екінші жағдайда да сондай). Сонда не болады? 1-тауардың пайдалылығын жеке бағалау -- 80 доллар, 2 -- 60 доллар, олардың сомасы -- 140 доллар. Бірақ екі тауар да бір бағамен сатып алынады, өйткені тұтынушы барлығы (60+60)=120 доллр, үшінші тауарды сатып алуын 40 доллрға бағалайды және бұл шекті пайдалылық үш тауардың да рыноктық бағасы (40+40+40)=120 доллар. Ал егер шекті пайдалылықты жеке бағалау арқылы анықтасақ, онда 80+60+40+=180 доллр болады. Сонымен, тұтынушы рентасы дегеніміз -тұтынушы төлеуге келісім берген сома оның нақты төлеген сомасының арасындағы айырмашылық. Мұны былай деп түсіндіреміз: тұтынушы рентасы -- тұтынушы төлеуге дайын болған бағаның, ол шын мәнінде төлегенде бағадан артығы. Баға төмен болған тұтыну рентасының көлемі ұлкен. Екі тауарды сатып алғанда 180-120=60 доллар. Тұтыну рентасы концепсиясын неоклассикалық мектеп өкілдері монополистік баға белгілеу, салық салу мәселелерін графикалық талдағанда кеңінен қолданады. Сонымен, сұраныс қисық сызығының негізінде жатқан факторларды барынша талдадақ. Сұранысты өзгеруінің маңызды себебі, бағаның кері қызметі ретінде тауардың шекті пайдалылығының азаюының орын алуында. Тек тауар бағасы төмендегенде ғана тұтынушы өзіне барынша аз қанағат әкелетін тауарларды сатып алуға дайын болады.

1.3. ТУРИЗМДЕГІ ҰСЫНЫС ПЕН ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
Егер сатып алушыны тауарды алғанда бәрінен бұрын қызықтыратыны оның пайдалылығы болса, одан сатушы (өндіруші) үшін маңыздысы өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке жағдайында өндіруші рынок бағасының денгейіне іс жүзінде әсер ете алмайтын болғандықтан, нақ осы өндірісті ұлғайту мөлшеріне де, анықтаушылық әсерін тигізеді. Сонымен, жиынтық ұсыныс жекелеген фирмалардың рыноктағы ұсыныстарының жиынтығы ретінде ақыр соңында өндіріс шығындарының денгейіне тәуелді болады, ал ұсыныс қисық сызығы, шығындардың өзара байланысының негізгі принциптерін кеңінен қарайық. Алдымен фирма шығындарының негізгі түрлерін анықтайық. Туризмдегі шығындар екі үлкен категорияға бөлінеді: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты шығындар дегеніміз өндірілген өнімдердің саны қандай болса да өзгермейтін шығындар. Оған үй - жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар басқару және әкімшілік қызметкерлерінің ақысы кіреді. Егер абцисса өсіне өнім көлемін Q ал ординат өсіне шығындарын салсақ, онда тұрақты шығындар абцисса параллель тік сызық болып көрінеді.
Өзгермелі шығындар өндірісі көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс күші мен шикі заттар сатып алуға жұмсалаған шығындарға байланысты. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес, нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен өте тез өседі, сосын өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ары қарай өнімділіктің азаю заңының әрекеті басталғанда, өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады. Жалпы барлық шығындар өндірістің әрбір нақты денгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығын көрсетеді. Шығындардың біркелкі емес өзгеруі мынаған әкеледі: өндіріс көлемі өскен сайын өнімге жұмсалған шығындар, немесе орта шығындар өседі. Орта шығындар жалпы шығындардың өндірілген тауарлар санының қатынасына тең болады. Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барынша азайтуға тырысады. Алдымен орта шығындар өте жоғары. Бұл үлкен тұрақты шығындардың өндіріс көлеміне байланысты. Өндіріс өскен сайын тұрақты шығындар бұрынғыдай әр уақытта көп өнімге бөлінеді де орта шығындар тез төмендейді. Өндіріс өскен сайын орта шығындардың мөлшеріне тұрақты шығындар емес, өзгермелі шығындар әсер етеді.
Сондықтан табыстар азаюы заңының әсер етуіне байланысты қисық сызығы жоғары қарай көтеріледі. Көңіл аударатын нәрсе, орта шығындар қисық сызығы орта тұрақты шығындар және орта өзгермелі шығындар қисық сызықтарына тікелей тәуелді. Орта шығындар қисық сызығы кәсіпкер үшін үлкен маңызы бар, өйткені ол қандай өндіріс көлемінде бір өнімге жұмсалған шығындар ең аз болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Бір салада бірдей емес, әр түрлі фирмалар әр түрлі көлемдер, ұйымдасу дәрежесімен және өндірістің техникалық негізімен байланысты шығындар әр түрлі деңгеймен әсер етеді. Орта шығындардың деңгейімен теңесуі бұл фирманың рыноктағы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Туризмдегі жетілген бәсеке жағдайында бағананың қандай да болса қалыптасқан денгейінде өндірушілер сол салаға енетін немесе одан ығыстырып шығаратын сыртқы шек деген болады. Бағаның көтерілуі жаңа фирмалардың пайда болуын, ескілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Туризмдегі бағаның төмендеуі жоғары деңгейлі шығындар бар кәсіпорындарды зиянды етіп, оларды бұл саланы тастап кетуге мәжбүр етеді. Туризмде ерекше ескеретін жағдай, нөлдік пайда туралы әңгіме еткенде біз шекті фирма ешқандай пайда алмайды демейміз. Өндіріс шығындарына, әдетте, тек қана шикізаттарға, саймандарға, жұмыс күшіне жұмсалған шығындар ғана емес, сонымен бірге фирма өз капиталын басқа салаларға салса, одан алатын процент қосылады. Басқаша айтқанда, қарапайым пайда тәуекел деңгейі бірдей барлық салалардағы бәсеке жолымен анықталатын капиталдың қарапайымдылық қайтарымдылығы, немесе кәсіпкерлік факторының сыйы ретінде шығындардың құрамдас бөлігі болып табылады. Әдетте кәсіпкерлік факторы тұрақты фактор ретінде қаралады. Осыған байланысты қарапайым пайда тұрақты шығындарға жатқызылады.
Егер орта шығындары бағанадан төмен болса онда фирма тепе-теңдік жағдайында бола тұра Қарапайым пайдадан жоғары пайда алады, яғни үстем пайда немесе квазирента алады.
Туристік фирманың орта шығындары өндірістің қандай көлемі болса да рыноктық бағадан жоғары болса онда бұл фирма зиян шегеді және тарап кетеді, егер қайта құрылмаса немесе рыноктан кетпей, орта шығындардың өсуі фирманың рыноктағы жағдайын сипаттайды, бірақ өзінен ұсыныс сызығын және өндірістің үйлесімді көлемін анықтамайды. Шынында егер орта шығындар бағанадан төмен болса онда осының негізінде өндірістің пайдалы аймағы орналасқан, ал өндірістің көлемінде, ең төмен орта шығындар сәйкес келетін, туристік фирма жеке өнімге шаққанда ең жоғарғы пайда алады деп пайымдауымызға болады. Өндірушіні жеке өнімге шаққандағы пайда емес, оның ең жоғарғы деңгейдегі жалпы көлемі қызықтырады. Орта шығындар сызығы бұл жоғары деңгейіне қай жерде жететінін көрсетпейді.
Осыған байланысты шекті шығындар дегенді, яғни барынша арзан әдіспен өнім өндіруге байланысты қосымша шығындарды қарау керек.
Шекті шығындардың қисық сызығы тұрақты шығындарға тәуелді емес, өйткені тұрақты шығындар қосымша өнімдер өндіре ме, жоқ па бәрібір. Алдымен орта шығындардан төмен деңгейден шекті шығындар азаяды. Шекті шығындар орта шығындардан төмен қалыпта қалады. Бұлай болатын себебі, егер жеке өнімнің шығындары азайса, әрбір келесі өнім өзінің алдындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм саласындағы маркетингтің ерекшелігі
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері
Туристік қызметті басқарудың шетел тәжірибесі
Туристік бизнесті жоспарлау
Мода және тауар болашағы факторлары
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару
ЖШС «Holiday tour» туристік фирмасы
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Пәндер