Туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының даму жолдары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І БӨЛІМ. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ БӨЛІМ. ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық.экономикалық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:
- Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
- Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторларды қаратыру;
- Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясын қарастыру;
- Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау,
- Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктерін қаратыру;
- Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін қарастыру.
Берілген жұмыста туризмнің ерекшеліктері, оны құраушы компоненттері қарастырылған. Сонымен қатар атаулы еңбекте басты назар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру жолдарына бөлінген.
1. Агеева О.А. Туристические фирмы и гостиницы; бухучет и налогооблажение.- М.: Совр. экономика и право, 2000
1. Александрова А.Ю. Международный туризм: Учебник.-М.: Аспект-Пресс,2002-.
2. Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб. пособие. – Алматы: Каз ГАУ, 1999.
3. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учеб. пособие.- М.: Финансы и статистика,2001.
4. Багатов А.П. и др. Туристические формальности: Учеб. пособие / Багатов А.П., Бойко Т.В., Зубрева М.В.-М.: Академия, 2004.-304с.-(Высшее проф. образование)
5. БиржаковМ.Б. Введение в туризм: СПб.: Герда, 1999
6. БиржаковМ.Б. Введение в туризм: Учебник.-Изд.7-е, перераб. И доп.- СПб.: Герда,2005
7. Бирюков Е.С. Развитие туризма в СССР и его влияние на экономику (на примере исторического города-музея Суздаль): Афтореферат.-М.,1975
8. Борисов К.Г. Международный туризм и право: Учебно-метод. Пособие.-М.: НИМП, 1999
9. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. – М.: АСПЕКТ-ПРЕСС, 1995
10. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика, 1999

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І БӨЛІМ. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .4
1.2 Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ БӨЛІМ. ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:
oo Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктерін қарастыру;
oo Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторларды қаратыру;
oo Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясын қарастыру;
oo Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау,
oo Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктерін қаратыру;
oo Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін қарастыру.
Берілген жұмыста туризмнің ерекшеліктері, оны құраушы компоненттері қарастырылған. Сонымен қатар атаулы еңбекте басты назар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру жолдарына бөлінген.
Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік, құқықтық актілері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Қазіргі туризм -- бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту -- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1 Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3 Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осыған орай туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Бұл ретте біз экономиканың дамып келе жатқан саласының объектілері мен субъектілеріне тоқталып қарастырайық.
Туристік қызмет субъектілеріне біз келесілерді жатқызамыз:
1) туристік операторлар (туроператорлар);
2) туристік агенттер (турагенттер);
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
4) туристер және олардың бірлестіктері;
5) экскурсанттар;
6) туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер;
7) туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар жатады.
Ал туристік қызмет объектілері дегеніміз -- табиғи объектіпер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.
Атаулы субъектілер мен объектілер туристік индустрияда қамтылған. Туристік индустрия -- туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы. Соынмен қатар біз туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлеріне тоқтала кетуіміз жөн:
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) келік қызметін көрсету;
6) ойын-сауық;
7) өзге де туристік қызмет көрсетулер.
Турисік индустрияда міндетті түрде туристік ресурстар (қорлар) қарастырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар арнайы заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.

1.2 Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар

Кез келген саланың құраушы бөліктері мен құрамдас бөлшектері арасында бәскелестік туындайды. Бұл экономикамыздың дамуының басты шарты болып келеді, себебі, бәсекелестік бар болған жағдайда тауар мен қызмет көрсетудің сапасы да , бағасы да тиімді болмақ. Бұл ретте бәсекелестік құраудағы негізгі факторлар әр түрлі болып келеді. Әрине, ол ең алдымен кәсіпорынның өнімінен басталып, ары қарай технологиялар дамыған сайын, халықтың сұранысы мен тұтынушының қоятын талаптары жоғарылаған сайын жалғасып жатады. Осыған орай біз туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерін қарастыруды жөн көрдік.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады.
Халықаралық туризмге біз келесілерді жатқызамыз:
oo келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;
oo шығу туризмі -- Қазақстан Республикасының азаматтары Республикасында тұрақты тұратын адамдардың саяхаты;
Ал ішкі туризм дегеніміз -- Қазақстан Ресубликасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Ресубликасының шегіндегі саяхаты аталады. Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестіктетерінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайтын туризмнің келесі түрлері белгілі:
1. әлеуметтік;
2. экологиялық;
3. шытырман спорттық;
4. іскерлік;
5. конгрестік;
6. емдеу-сауықтыру;
7. мәдени-танымдық;
8. діни және басқа туризм.
Еліміздің аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылса, басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.
Кез келген саланың дамуында мемлекет басты рөл ойнайды. Бұл оның құрылымы мен ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне, өндіретін өніміне, халыққа тигізетін пайдасына, басқа салармен байланысына қатысты болып келеді. Осы ретте турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен оларды ажырату факторларын туристік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері арқылы көрсетуге тырыстық..
Жоғарыда аталғанға сай мемлекет тарапынан келесі реттегі жәрдем беріледі:
9. туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
10. туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
11. Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;
12. Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.
Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен олардың деңгейі мемлекеттік реттеу барысында қойылып, төменде берілген мақсаттардың орындалуынан танылады:
oo азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
oo қоршаған ортаны қорғау;
oo туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
oo саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
oo туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
oo халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
oo туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;
oo туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
oo балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
oo туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
oo Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
oo ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;
oo туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;
oo туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
oo Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті лицензиялау туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау;
oo бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
oo туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
oo отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
oo ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға жәрдемдесу;
oo елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар атаулы салада мемлекет пен құзіретті органдар келесі қызметтерді атқарады:
oo туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
oo туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
oo туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды белгілейді;
oo туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты айқындайды;
- туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;
- туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды асырады;
- Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын әзірлейді;
- туристік қызмет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық жобаларын әзірлеуге қатысады;
- өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- туристік рынокқа зерттеу жүргізеді, халықаралық туристік рынокта және мемлекет ішінде Қазақстан туралы және оның туристік мумкіндіктері туралы ақпаратты әзірлеп, таратады;
- өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралык туристік ұйымдарда және туризм жөніндегі халықаралық іс-шараларда Қазақстан атынан өкілдік етеді;
- атқарушы органдардың, меншік нысандарына қарамастан туристік және басқа да ұйымдардың туристік қызмет саласындағы қызметін үйлестіреді;
- туристік қызмет көрсету рыногында бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, онда меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілері үшін тең жағдайлар жасайды;
- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп сертификаттау мен стандарттауды реттейді;
- Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
- туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретінде кәсіпкерлікті дамытып, қолдайды;
- туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, орындайды;
- жергілікті туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, енгізеді;
- әкімшілік-аумақтық бірліктердің туристік қызмет көрсету рыногына талдау жасайды;
- әкімшілік-аумақтық бірліктердегі туризмнің дамуы туралы талдау жасап, қажетті мәліметтерді уәкілетті органға береді;
- турагенттік, туроператорлық қызметті және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялауды жүзеге асырады;
- туристік қызмет көрсетулерді және туризм объектілерін жарнамалайды, туристік ақпаратты береді, туристік ақпарат орталықтарын құрады;
- балалар мен жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
- Туристік ақпарат орталығы өз қызметін уәкілетті орган бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3 Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері

Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері туризмді дамыту мақсатынан бары туындайды. Ол мақсаттарға біз келесілерді жатқызамыз:
сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
республиканың туристік әлеуетін арттыру;
тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске асыруы;
халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
әділеттілік пен егемендік, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
әлеуметтік тепе-теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін арттыру;
туризмді тұрақты дамыту;
туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту;
туристік рынокты демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснама-сын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
туризм саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері
Туристік қызметтер саласындағы маркетинг
Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру
Туристік өнімді әзірлеу және іске асыру негізі ретінде маркетингілік зерттеуді ұйымдастырудың теориялық және технологиялық негізі
Баға саясаты және баға стратегиясы
Диссертация тақырыбы
Туристік өнім
Туристік фирманың бәсеке қабілеттілігі мен бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру
Пәндер