ТМД елдері халқына сипаттама


ТМД ЕЛДЕРІ ХАЛҚЫНА СИПАТТАМА

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1: 1
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .: ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама . . .
:
1:

1. 1.

1. 2.

ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .:

ТМД халқының өсу динамикасы . . .

ТМД халқының жастық-жыныстық құрамы . . .

:
1: 2.
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .: Қазақстанның халқына жалпы сипаттама . . .
:
1: 2. 1.
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .: Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы . . .
:
1: 2. 2
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .: Халықының жастық-жыныстық құрамы . . .
:
1: 2. 3
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .: Қазақстандағы демографиялық детерменизм . . .
:
1: 3
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .: Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері
:
1:
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .: Қорытынды
:
1:
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама. . .: Пайдаланылған әдебиеттер
:

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі өзекті тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде ТМД елдернің халқының саны жылдан-жылға азайып, табиғи өсім төмендеуде. Мұндағы негізігі мәселе табиғи өсім деңгейін көтеру, ал оны көтеру үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру қажет. Қазіргі кезде ТМД елдерінде 450 млн. жуық халық тұрады, бірақ олар әркелкі орналасып, өздерінің тілдік, этностық, діни құрамы бойынша әркелкі орналасқан.

Бітіруші жұмыстың негізгі мақсаты дүние ТМД елдері халқына этнодемографиялық сипаттама бере отырып, оның өсу қарқыныныана тілдік және этникалық құрамына талдау жасау.

ТМД елдерінің халқының 30 пайыздан астамы Ресейде қоныстанған, сондықтан осы аймақта халықтың қоныстану тарихына ерекше тоқталып өткен. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Республикасы халқына ерекше көңіл бөлінген.

Біріуші жұмыстың негізгі міндеті:

- ТМД елдері халқының өсу динамикасын;

- табиғи және механикалық өсімін;

- жастық-жыныстық құрамын;

- тілдік құрамы мен этникалық құрамын айқындап, талдау жасау.

Бітіруші жұмысын жазу барысында статистикалық, аналитикалық, сараптау, экологиялық, әлеуметтік-экологиялық тәсілдер қолданылған.

Бітіруші жұмысында көптеген статистикалық мәліметтер пайдаланыла отырып, оларға сараптама джасау негізінде дүние жүзі елдеріндегі демографиялық саясат пен демографиялық жағдайларға көп көңіл бөлінді.

1. ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама

1. 1. ТМД халқының өсу динамикасы

Әрбір елде, әсіресе экономикалық дамыған елдерде халықты есепке алу ұдайы екі бағытта: кезеңдік жалпыға бірдей халық санағын жүргізу және халықтың өсіп-өнуін ағымдағы есепке алу түрінде жүзеге асырылады. Одан басқа халық санақтары арасында немесе жалпыға бірдей санақ жүргізу кезінде іріктеме зерттеу жүргізіліп отырады. Ресейде және ТМД елдерінде алғашқы жалпыға бірдей халық санағы 1897 жылы жүргізілді және одан бері санақ жеті рет (1926, 1939, 1959, 1979, 1989, 1999) өткізілді. Қазіргі кезде ТМД елдернің территориясында 450 млн. жуық халық өмір сүреді. ТМД халықының өсу динамикасына қарасақ, біраз өзгерістер болғандығын байқауға болады. Соңғы жылдары ТМД елдерінде табиғи өсім күрт төмендеп, Ресей Федерациясы сияқты мемлекеттерді оның көрсеткіші теріс сипатқа ие болды. Қазіргі кезде ТМД елдеріндегі халық санын төмендегі кестеден көруге болады.

Мемлекет
Халық саны, млн. адам, %
Туу деңгейі, %
Өлім деңгейі
Урбанизация деңгейі
Мемлекет: Ресей
Халық саны, млн. адам, %: 147
Туу деңгейі, %: 9
Өлім деңгейі: 16
Урбанизация деңгейі: 73
Мемлекет: Белорусь
Халық саны, млн. адам, %: 10, 3
Туу деңгейі, %: 11
Өлім деңгейі: 13
Урбанизация деңгейі: 70
Мемлекет: Молдова
Халық саны, млн. адам, %: 4, 3
Туу деңгейі, %: 15
Өлім деңгейі: 12
Урбанизация деңгейі: 51
Мемлекет: Украина
Халық саны, млн. адам, %: 52
Туу деңгейі, %: 11
Өлім деңгейі: 14
Урбанизация деңгейі: 70
Мемлекет: Әзірбайжан
Халық саны, млн. адам, %: 7, 3
Туу деңгейі, %: 23
Өлім деңгейі: 7
Урбанизация деңгейі: 56
Мемлекет: Армения
Халық саны, млн. адам, %: 3, 7
Туу деңгейі, %: 16
Өлім деңгейі: 7
Урбанизация деңгейі: 69
Мемлекет: Грузия
Халық саны, млн. адам, %: 5, 4
Туу деңгейі, %: 12
Өлім деңгейі: 10
Урбанизация деңгейі: 58
Мемлекет: Қазақстан
Халық саны, млн. адам, %: 15, 5
Туу деңгейі, %: 19
Өлім деңгейі: 9
Урбанизация деңгейі: 59
Мемлекет: Қырғызыстан
Халық саны, млн. адам, %: 4, 4
Туу деңгейі, %: 26
Өлім деңгейі: 8
Урбанизация деңгейі: 39
Мемлекет: Тәжікстан
Халық саны, млн. адам, %: 5, 8
Туу деңгейі, %: 33
Өлім деңгейі: 9
Урбанизация деңгейі: 32
Мемлекет: Түркменстан
Халық саны, млн. адам, %: 4, 5
Туу деңгейі, %: 33
Өлім деңгейі: 8
Урбанизация деңгейі: 45
Мемлекет: Өзбекстан
Халық саны, млн. адам, %: 22, 7
Туу деңгейі, %: 31
Өлім деңгейі: 7
Урбанизация деңгейі: 41

1. 2. ТМД халқының жастық-жыныстық және тілдік құрамы

СССР-де, XIX ғ. Аяғында Ресейде ерлер саны әйелдер санынан аз болды. 1897 жылы халықты тiркеу бойынша - әр 1000 ер адамға орта есеппен 1010 әйел келген, ал европалық бөлiгiнде - ерлер әйелдерге қарағанда аз(1000 ерге1042 әйел), ал орта Азияда - көбiрек (1000 ерге-800 әйел) . I дүние жүзiлiк соғыс және ұлт-азаттық соғыс кезiнде - жыныстардың диспропорциясы күшейдi: 1926 жылғы тiркеу бойынша ерлер әйелдерге қарағанда 5 млн-ға аз болды. 1939 ж бұл көрсеткiш өстi. Мұндай диспропорция - негiзiнен II дүние жүзiлiк соғыс кезiнде пайда болды. Ерлердiң басып болуы 30 жасқа дейiн сақталынып, 60жасқа жеткенде әйелдер саны басым болады. 1913 ж әйелдер ерлерден 1 млн. -ға көп болды, ал 1950 ж- бұл айырма- 21, 5 млн өстi, 1984 ж -әйелдер мен ерлер арасындағы санының азаюы - 17, 2 млн адамды құрады. Қазіргі кезде де ТМД елдерінде ерлерге қарағанда әйелдердің саны басым.

Тілдік құрамы. Дұние тұрғындарының жартысы сөйлейтiн тiл-үндi европалық семьяда және ол ең жақсы зерттелген. Олар саны жағынан ТМД елдерінде кең тараған. Үндi европалық тiлдер-туыстық жағынан жақын диалектi тобынан пайда болған, оларды таратушылар б. э. д. 3 мың жылдықта оңтүстiк Батыс Азия мен Солтүстiк Жерорта теңiзi Каспий маңы ойпатына дейiн жеттi.

Үндi европалық тiлдiң шығыс бұтағына -үндi арийлiк тiл (санскрит, хинди, урду, бенгаль, маратхи, пандтаби, раджастхани, арий, уткали) және иран тобының тiлдерi (батыс парсы немесе фарси, тәджiк, курд, белуджия, таттық, талыш т. б. ; шығысы - дари, пушту, немесе афгандық, осетиндiк, ягнобиндiк; памирлiк тiлдер - вахандық, шугнан, шикашим тағы басқалар) ; олардың арасында - нуристандық тiлдер (кати, вайгали, ашкуни, паруни), сонымен қатар грек және армяндық тiлдер жатады.

Үндi европалық семьяның батыс бұтағына - романдық, кельттiк және германдық тiлдер жатады.

Шығыс және батыс үндi европалық тiлдер арасындағы кезеңдiк тiлдi - бальто-славяндық топтар алады- олар балтылық (батыс балтылық -өлi прусс тiлi шығыс балтылық -литважәне латыш тiлi) және славяндық болып бөлiнедi. Славяндық топқа -Шығыс славяндық (орыс, украин, беларусь), батыс славяндық (чеш, словакия, польшалық және оған жақын кашут, лужицк), оңтүстiк славяндық (ескi славяндық, болгар, македония, серб-харват, словения тiлдерi) тiлдер жатады.

Семиттiк топ -екi негiзгi бұтақтан тұрады - шығыс және батыс; Батыс-солтүстiк және оңтүстiк топшаларға бөлiнедi.

Солтүстiк Кавказдың семьяға абхаз-ады және наждагестанның топ жатады. Бiрiншiсiне - абхазияның атазимдiк кабардино чериесстiк және убыхтiк тiлдер кiредi. Екiншi топқа кахстiк (чечен, ингуш, баубили тiлдерi) дагестандық (Дагестанның 30 горстiк тiлдерi) топшалар болып бөлiнедi. Дагестандық топшаға - авар андышiлiк тiлдер ( авр тiлi кең тараған), кезстiк (кезс және т. б. ), лакс - даргиндiк (лакс және дарган тiлдерi) және лезгиндiк тiлдер (лезгин және табасарган, цахур т. б. ) жатады.

Олардық тiл семьясы - географиялық жағынан Ресейдiң европалық бөлiгiнде Европаның орталық бөлiгiнде( Венгрия, Повалжьеде, Прибалтика, Финляндия мен Скандинавияның солтүстiгiне) таралған. Ол екi топтан тұрады- фин-угорлық немесе (угрофиндiк ) және сомалиндiк; фин угорлық топ келесi топшаларды қосады(финдiк, карельдiк, эстондық, саамдық), вольжестiк(эрзия-мордовия, макша-мардавия, марий луговой және марий таулы), пермдiк(кеми немесе коми-зирияндық, коми-пермяцетiк және удмурттiк) және угорлық (венрглiк ханты, маншiлiк), сомадильдiк топқа неция, энеция, наганасан, селькупстiк тiлдер жатады.

Эскимос - алеуеттiк семьяға - эскимостық тiлдерсмен жақын туыстық тiл - алеуеттiк тiл жатады. Олардың келерi - Американың (Греландияны қосқанда) кең байтақ арктикалық территориясында және Азияның қиыр солтүстiк шығысында орналасқан.

Алтай тiлi семьясына батыста Туркия мен шығыста Сiбiрдiң солтүстiк шығысына дейiнгi түрiк, монғол, тунгус, маньчжурлiк тiлдер жатады. Түрiк тiлдерi келесi топшаларды қамтиды: чуваш немесе булгар (чуваш тiлi ) огуз немесе оңтүстiк батыс(түрiк, азербайжан, түркiмен, самар, т. б. ), қыпшақ немесе солтүсттiк батыс(татар, башкир, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, карачаево-балкар, құмық, ноғай және қаралым), қарлұқ немесе оңтүстiк шығыс(өзбек-ұйғыр) якуттiк(якут және домандық, оңтүстiк сiбiрлiк алтай хакас, тувин т. б. ) .

Қазiргi кездегi монғол тiлдерiне - орталық Азиялық аудандарда таралған- монғол, бурят, қалмақ және оған жақын ойрат т. б. тiлдер жатады.

Чукот - камчат семьясына - Ресейдiң қиыр солтүстiк шығысындағы - чукот корак ителмен және т. б. тiлдер жатады.

2. Қазақстан халқына жалпы сипаттама

2. 1. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы.

Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық экспансиясының барысында салынған бекіністердің негізінде негізін орыстар, украйндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды.

1881-1883 ж. ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді.

1864 жылы Шымкент пен Ташкенттің құлауынан кейін бұл жерге Ресей империясының орталық губерниясынан орыс және украйн жерсіз қалған шаруаларын көшіре бастады. Қоныстанушылардың басым көпшілігі суғармалы егіншілікпен таныс емес еді, сондықтан облыстың оңтүстік-шығысындағы барлық өзен алқаптарын мекендеді.

Қазақстанды шаруалардың отарлауы XIX ғ. Соңғы он жылында және ХХғ басында Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты ерекше күшейді. Небір 46 жылдың ішінде (1871 -1917 ж. ж) өлкеге 1, 6 млн. Адам келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жылдарға келеді. Осының салдарынан XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлтың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт т. б. ) басқа неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т. б . бар еді.

1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198, 4 мың адам тұрды, олардың 58, 5 проценті қазақ, 20, 6 проценті-орыс, 13, 9 процент-украйн, 2, 1 процент-өзбек, 1, 3 процент -татар, 1, 0 процент-ұйғыр, 0, 8 процент-неміс және т. б.

1928-1934 ж. ж Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпенді және жартылай көшпелді елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізуі салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украйндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бойынша 1929-1938ж. ж. 2610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 ж. ж. әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 2750 мың адам болды.

1928-1930 ж. ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды.

30 ж. ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Қазақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2, 4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.

1939 ж. халық санағы бойынша қазақтардың үлес салмағы 1926 ж. салыстырғанда 20, 5 дәрежеге құлдырап, 38%-ке тең, украйндердің үлесі 13, 9-дан 10, 8%-ке, өзбектер 2, 1-ден 0, 66%-ке төмендеді.

Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40, 2%-ке жетті. Немістер 1, 5%-ке, корейлер 1, 6, белорустар 0, 5% болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т. б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж. ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2, 5 млн. адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.

Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада - месхет-түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді.

1957 ж. чечен жэне ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының, поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды.

1954-1962 ж. ж. тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. Жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды.

1939, 1959, 1970 ж. ж. халық санағы арасында Қазақстандағы ең саны көп этнос орыстар болып келген. 1939-1970 ж. ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың басым көпшілігі болып келді .

Орыстар, татарлар, корейлер негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер, өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа-райы КСРО-ның Европалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыз болды. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталығы ведомстволардың күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстаушылар жіберіліп жатты.

1951-1970 ж. ж. жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстан кіші-қоныс процесінің бәсеңдеуі байқалады.

Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж. ж. орыстар 53-55%, украиндар 9-12%, немістер 6-8 %, қазақтар 6-9% республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48, украиндар 8%, немістер 5% қазақтар 20% болды.

1991 жылы Қазақстаннан қазақ емес халықтар көшіп кетуінің нәтижесінде азайып кетті, ал Өзбекстаннан, Түркменстан және Ресейден қазақтар көшіп келуі нәтижесінде өсе бастады. Шығыс Европа елдерінен келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚХР-ден табыс табу үшін (ауылшаруашылық жұмыстарына және коммерцияға) қытайлар келіп жатты.

1979-1989 ж. ж. этнодемографиялық құрамының ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж. ж. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 процент болды.

2. 2. Халықтың жастық-жыныстық құрамы.

Әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан қарағанда үлкен ынталық көрсететін халықтың жыныстық-жастық құрамы еңбек ресурстарын мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларды (зейнеткерлерді: оларға материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттарды анықтау мақсатында) есептеп шығару үшін ең маңызды сипаттама болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, әр жаңа туған 100-қызға шаққанда 104-107 ер баладан келеді. Физиологтардың пікірі бойынша сәбилік жалпы ер баланың организмі қыз баланың организмінен әлсіздеу болып келеді және ер баланың алғашқы өмірінде өлім-жітім көбірек болады.

Өмірдің бұл кезеңі қыз балада 0-12

Ол ұл балада 0 - 5, 6 - 14 жас. Бұл екі жастың арасындағы балалық шақ. Осы екі ортада қыз бала немесе Ұл бала арасындағы алшақтықтар айќын байқалады. Бұлай болудың себебі: ұл балалардың организміне байланысты өлім-жітім көп болып, жыныс органдарыныњ кеш дамуы байќалады, қыз балалардың организмінің жыныстық жағдайының толық жетілуінің кезеңі жүреді.

Балалық шақтан кейінгі келесі шақ жастық шақ. Жас ерекшелігіне және физиологиялық дамуына байланысты ер бала мен қыз бала арасынғы алшақтықтар жақсы көрінеді. Жастық шақта өлім-жітімнің түрі өзгереді. Дамыған елдерде жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жол апат оқиғаларының көбірек болды және түрлі қақтығыстарда өлім-жітім көп болады. Сондай-ақ, алкоголизм мен темекі тартудың себептері бойынша еркектердің өлім-жітімі көбірек болады; дамушы елдерде әйелдердің өлімі көп тіркеледі. Бұл әйелдердің ерте некеге тұруынан бала тууынан, ауыр еңбекпен айналысуынан, мардымсыз тамақтанудан және қоғамдағы құқығының еркектермен тең еместігінен өлім-жітім көбейді.

Осы жас аралықта жыныстық құрылымдар толық жетіліп, отбасы құру дәрежесіне келеді. Осы кезде қыздардың бала тууға организмі толық жетілген кезі болады. Қазақ менталитеті бойынша ертеректе қыз баланы 13 жастан кейін күйеуге берген. Бұл қыз баланы неке құруға толық құқы бар болған шақ.

Ал қазіргі кезде қыз балалардың тұрмысқа шығуы 18-19 жасқа жоғарылады. Қазақстанда жүргізілген статистикалық мәлімет бойынша 2005 ж туу көрсеткішінің ең жоғарғы деңгейі 23-25 жас аралығында келді. Бұл, қазіргі жағдайда қыз балалардың мектепті ЖОО бітіргеннен кейін немесе соңғы курстарда күйеуге шығатынын көрсетеді.

Бірақта қазіргі экологиялық және физиологиялық қатынастардың алшақтауына байланысты, қыз балалардың 13-16 жас аралығындағы жастардың босануы, өлім-жітімнің көбеюіне әкелді. Мұнда ана мен бала өліп, көп жағдайда екеуі де бірге өліп кететін жағдайлар кездеседі.

Ер балаларға келетін болсақ 16-36 жас аралығында жыныстық ағзаларының толық жетіліп, олардың өмірге деген құлшыныстардың артуына өзін нағыз жігіт санауын қалыптастырады. Осы жастың 16-25 жаста ұл балалар оқуды аяқтап, ЖОО, армияға алыну кезењі ж‰реді. Орта жаста, қыз балыққа салынып, өлім-жітімнің көп болуына әкеледі. Шылым шегуге, алкоголизмді қабылдауды және одан әрі нашақорлыққа салынып кетулер көптеп кездеседі. Бұл жағдайлардың көпшілігінің соңы өлімге жетіп соқтырды немесе ер балалардың бедеулікке (белсіздікке) алып келеді. Қазіргі кезде нарықтық қатынасқа байланысты жастардың кеш үйленуі белең алып келеді, ол демографиялық ахуалға зиянын тигізуде.

Еңбек жасындаѓы адамдардың өлім-жітімінің көп кездесетін түрлері бойынша Қазақстанда мынадай болып келеді: бірінші орында - қан айналымының жүйесінің (жүрек-тамыр жүйесі) ауруларынан болатын өлім-жітім тұрады (жартысына жуғы) ; екінші орында-қайғылы оқиғадан, уланудан, жарақаттанудан болатын өлім-жітім; үшінші орында ісік ауруларынан болатын, өлім - жітім тұрады.

Еңбек жасындағы халықтың өлім-жітімінің құрылымы осындай.

Еңбек жасындағы еркектердің өлім-жітім деңгейі әйелдеркімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұл жұмыстағы жарақаттанумен, алкоголизммен және темекі тартумен байланысты, өлім-жітімнің мұндай секірмелі өлуі соғыс болған жағдайда көптеп кездеседі. Бұрын эпедемиялар жұқпалы аурулардан туындайтын демографияның еркектермен әйелдердің арасынағы алшақтықты байќаймыз.

Пирамидаға қарай отырып, 1000 адамға шаққандағы туылған сәбилер бойынша ұл балалар көп болса, 20-25 жасқа келгенде екі жыныс ортасында өлім-жітімге байланысты теңесе бастайды. 25 жас аралығынан кейін қыз балалар саны көбейе бастайды. Қазақстанда әйелдердің артықтығы 600 мың адамда болған (1000 әйелге- 900 еркек) . Барлық жерде жастардың арасында еркектер көбірек те, ал, ересек адамдар арасында әйелдер көбірек болып келеді.

Себебі, әлі күнге дейін екінші дүние жүзілік соғыстың, соғыстан кейінгі репрессияның зардаптары байқалуда: соғысқа қатысқан елдердің ересек адамдар арасындағы әйелдердің артықтығы табиғи құбылыс жесірлік пен жалғызбастылық көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалар туғызады.

Халықтың жыныстық құрылымына көші-қон айтарлықтай ықпал әсер етеді. Бұл жағдайда еркектер әйелдермен салыстырғанда шымырлау келеді. Көші-қон қай жаққа бағыт алмасын, еркектер көбірек болады. Осыған байланысты жаңа игерілген аудандарда қала мен село халқының жыныстық құрылымының айырмашылығы байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Беларусияның географиялық орналасуына табиғи ресурсы, халқына сипаттама
Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі
Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту ерекшеліктері
Әлемдік сауданың құрылымы және қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның ЖҰӨ динамикасын талдау
Қазақстанның интеграциялануы және біртұтас кеден одағының құрылуы
Географиялық атлас картасы
Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz