Мемлекеттік сектордың туризм экономикасына әсері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЛЕСІ
1.1. Мемлекеттік сектордың туризм экономикасына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Үкіметтің туризм индустриясындағы ұсыныстарға ықпал етуі ... ... ... ... ..8

II БӨЛІМ. ТУРИЗМ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ӘЛЕУМЕТТІК. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
2.1. Экономикадағы туризмнің әсер ету мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Туризм экономикасы саласына мемлекеттік сектордың тікелей туризм және спорт министірлігі және Туризм Ұйымы арқылы немесе жанама түрде, яғни шетелдік саясат, заңдық бақылау немесе инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы үкімет қолына алдына қойған мақсаттарына жетуіне қажетті, туристік ағымдарды басқаруда пайдаланылатын бірқатар құралдарды шоғырландырады. Үкімттің туризмге белгілі үлеспен ықпал етуін екі деңгейге бөле аламыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттік секторға қосымша ықпал ету шетелдік волюта түсімдерін шектеу, айналымға түсетінсалықтар мөлшерін белгілеу, туристерге арналған арнайы баж салығынсыз дүкендер ашу, бағаны бақылау секілді экономикалық нұсқаулардан көрінеді. Валюталық шектеулер негізінен шетел валютасы жетіспейтін елдерге енгізіледі, сондықтан турист әдетте ақшаны жоғары айырбас бағасымен алмастырады, бұл саяхаттың өз құнын көтереді. Туристерге қара базарда ақша айырбастауға сот үкімі мен қатаң шара қолдану жолымен кедергі жасалады
Курстық жұмыстың мақсаты: Үкімет туризмнің айтарлықтай өсуін белгілеген немесе бұл процесті жеделдеткісі келген елдер нарық кеңістігіне Туристік Даму Корпорациясын (ТДК) құрып, оған курорттар салу ісін жүктеу жолымен араласа алады. Басқару теориясы тұрғысынан курорт салып болған бойда корпоративтік даму қызметі тоқтатылып, барлық дүние-мүлік жеке секторға және жергілікті басқару органдарына беріледі. Бұл нарықтық бағытталған экономикадағы жалпы бағыттар. Бірақ орталықтанған жоспарлаудың жоғары дәрежесі бар елдерде ТДК-да қонақүйлер мен турларды басқарудағы операциялық рөл қалдырылады.
1. Қазақстан Республикасының "Туризм туралы " Заңы. 13 маусым, 2006.
2. Биржаков М. Б. Индустрия туризма - Алматы, 2003.
3. Биржаков М. Б. Введение в туризм - М - СПб. Герда, 1999.
4. Дуйсен Г. М. Рекреационное освоение регионов Казахстана в условиях вхождения в мировой туризм: теория, стратегия и практика. Алматы - 2010.
5. Ердавлетов С. Р. География туризма. Алматы - 2000.
6. Плисецкий Д.Е. Франция. Особенности и проблемы современного экономического развития. География, № 30, 1998.
7. Сергеева А. М., Тасболатова Б. Е., Қасымова Қ. Ж. Қазақстандағы туристік мекемелердің маркетингтік жүйесінің элементтері, Батыс Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуы: тарихы мен қазіргі жағдайы. Орал 2008.
8. Сергеева А. М., Жолмухамбетова М. М., Ақдами Ә. А. Туристік мекемелердің эволюциялық реттелу бағыттары. Орал-2008.
9. Саипов А. А. Теория и практика туризма Казахстана - Алматы 1999.
10. Сергеева А. М., Жолмухамбетова М. М., Ақдами А. Туристік кешеннің стратегиялық дамуындағы ішкі және сыртқы жағдайларды ұйымдастыру мәселелері. Көкшетау - 2007.
11. Сергеева М. А., Кусаинов Х. Х. Туризм экономикасы, Алматы - 2012.
12. Темный Ю. В. , Темная Л. Р. Экономика туризма. Минск - 2003.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЛЕСІ
1.1. Мемлекеттік сектордың туризм экономикасына әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ...5
1.2 Үкіметтің туризм индустриясындағы ұсыныстарға ықпал етуі ... ... ... ... ..8

II БӨЛІМ. ТУРИЗМ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
2.1. Экономикадағы туризмнің әсер ету мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .15
2.2. Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

КІРІСПЕ

Туризм экономикасы саласына мемлекеттік сектордың тікелей туризм және спорт министірлігі және Туризм Ұйымы арқылы немесе жанама түрде, яғни шетелдік саясат, заңдық бақылау немесе инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы үкімет қолына алдына қойған мақсаттарына жетуіне қажетті, туристік ағымдарды басқаруда пайдаланылатын бірқатар құралдарды шоғырландырады. Үкімттің туризмге белгілі үлеспен ықпал етуін екі деңгейге бөле аламыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттік секторға қосымша ықпал ету шетелдік волюта түсімдерін шектеу, айналымға түсетінсалықтар мөлшерін белгілеу, туристерге арналған арнайы баж салығынсыз дүкендер ашу, бағаны бақылау секілді экономикалық нұсқаулардан көрінеді. Валюталық шектеулер негізінен шетел валютасы жетіспейтін елдерге енгізіледі, сондықтан турист әдетте ақшаны жоғары айырбас бағасымен алмастырады, бұл саяхаттың өз құнын көтереді. Туристерге қара базарда ақша айырбастауға сот үкімі мен қатаң шара қолдану жолымен кедергі жасалады
Курстық жұмыстың мақсаты: Үкімет туризмнің айтарлықтай өсуін белгілеген немесе бұл процесті жеделдеткісі келген елдер нарық кеңістігіне Туристік Даму Корпорациясын (ТДК) құрып, оған курорттар салу ісін жүктеу жолымен араласа алады. Басқару теориясы тұрғысынан курорт салып болған бойда корпоративтік даму қызметі тоқтатылып, барлық дүние-мүлік жеке секторға және жергілікті басқару органдарына беріледі. Бұл нарықтық бағытталған экономикадағы жалпы бағыттар. Бірақ орталықтанған жоспарлаудың жоғары дәрежесі бар елдерде ТДК-да қонақүйлер мен турларды басқарудағы операциялық рөл қалдырылады.
Үкіметтің туризм индустриясындағы ұсынысқа ықпал етудің ең жиі пайдаланылатын әдістеріне мыналар жатады:
1.жерді пайдалануды жоспарлау мен бақылау;
2.құрлысты реттеу;
3.нарықтық реттеу;
4.нарықты зеріттеу мен жоспарлау;
5.салық салу;
6.меншік құқығы;
7.капитал салымын қолдау.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі:Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

I БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЛЕСІ
1.1. МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ
Туризм экономикасы саласына мемлекеттік сектордың тікелей туризм және спорт министірлігі және Туризм Ұйымы арқылы немесе жанама түрде, яғни шетелдік саясат, заңдық бақылау немесе инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы үкімет қолына алдына қойған мақсаттарына жетуіне қажетті, туристік ағымдарды басқаруда пайдаланылатын бірқатар құралдарды шоғырландырады. Үкімттің туризмге белгілі үлеспен ықпал етуін екі деңгейге бөле аламыз.
-сұраныс пен табыстарды басқару;
-баға түзілулері мен жабдықтауды басқару.
Үкіметтің сұранысты басқару үшін қажет төрт саяси құралды бөліп қарауға болады:
-маркетинг және ілгері бастыру;
-ақпараттық қамтамасыз етілу;
-баға түзу;
-бақылау;
1. Маркетинг - Туризм Ұйымының негізгі қызметі. Мұнда үкімет тарапынан тиімді маркетингтік саясат жүргізу үшін қажетті басты алаптар - айқын мақсаттар, нарық пен өнімді жақсы білу және сәйкес ресурстарды бөлу боп табылатынын айта кеткен жөн. Мемлекеттік бюджетке деген көптеген талаптарды ескере отырып, қазынашы өкімет органдары, себебі олардың тиімділігін өлшеу мен болжау қиынға түседі.
2. Ақпараттың қамтамасыз етілуі.Туристердің белгілі бір өнімге деген сұранысын білдіру қабілеттілігі олардың бар мүмкіндіктерін, әсіресе, ландшафттық - рекреациялық ресурстар туралы мәліметтерді білу дәрежесіне байланысты, бұл демалғысы келген турист үшін маңызды компонент болып табылады. Осы мәліметтер туристік ақпараттық жүйені құру дестинацианың келу деңгейіне арттырып, туристік ағымдарды реттейді.
Әдетте келушілер ең алдымен ландшафттық-рекреациялық ресурстардың барлығын аралап болғаннан кейін өздерін қызықтыратын жерлерге уақытының болуына байланысты барады. Мүмкін болатын көрнекті жерлерге тиісінше баға беріп, жарнамалық және ақпараттық бағдарламаны уақытынша шектей отырып, ақпараттық басқару туристер ағымын бірқалыпты етіп ұстайды жәнеол кейбір туристік аудандарға түсетін салмақты жеңілдетуге пайдаланылуы да мүмкін.
Кейбір елдерде Туризм Ұйымы ақпаратпен қамтамаыздандыруды туристердің мінез-құлқына әсер ету үшін пайдаланады. Мұны туроператорлар брошюраларына туристік ақпаратты дестинатцияға асыра баға бермейтін, туристерді осы жедің барша қоғамының мәдениетімен таныстыратындай етіп орналастыру жолмен жасауға болады. Оған баламалық тұрғы туристерге арналған жарнамалардыбасып шығару болып табылады.
3. Баға түзілуі. Баға түзілуіне тікелей әсер мемлекеттік меншік негізнде, әсіресе, көрікті жерлерге қатысты пайда болады. Дестинациядағы маңызды деп саналатын көрікті жерлердің көпшілігі мемлекет меншігінде болады. Нарықтық бағыттағы экономикалық өзгерістерді үкімет мемлекет меншігіндегі көрнекіліктерге қойылатын талаптарды есепке алу мақсатында жүргізеді. Даму деңгейі төмен елдерде мемлекет меншігіндегі қонақүйлер мен қолөнер бұйымдары дүкендкрінің кездесуі де заңды құбылыс. Сондықтан кейбір елдерде туризм шығындарын құраушы негізгі элементтер тікелей мемлекеттік секторға тәуелді. Мұны үкіметтер бір кезде Батыс Еуропада орталықтанған жоспарлы экономика болғандағыдай жағдайы жалпы бақылау үшін пайдаланады.
Мемлекеттік секторға қосымша ықпал ету шетелдік волюта түсімдерін шектеу, айналымға түсетінсалықтар мөлшерін белгілеу, туристерге арналған арнайы баж салығынсыз дүкендер ашу, бағаны бақылау секілді экономикалық нұсқаулардан көрінеді. Валюталық шектеулер негізінен шетел валютасы жетіспейтін елдерге енгізіледі, сондықтан турист әдетте ақшаны жоғары айырбас бағасымен алмастырады, бұл саяхаттың өз құнын көтереді. Туристерге қара базарда ақша айырбастауға сот үкімі мен қатаң шара қолдану жолымен кедергі жасалады. Бағаны бақылау туризм индустриясының ұзақ мерзімді өсуінің көрінумен және туристерге деген жоғары бағаны пайдалануды монополиялаудың алдын алумен арта түседі, бұл дистинация беделінің бұзылуына әкеледі.Бастапқы сатыда дестинация V1-ге тең клушілер санын, P1 құрайтын оларға арналған қызметтер пакетінің құнын және ол Д1 сұраныс қызығы мен S1 ұсыныс сызығының қиылысқан жерінде теңеседі. Сұраныс өсуі Д2 сызығымен көрсетіледі. Бұл ұсынушыларға бағаны Р2-ге дейін (нарықтық тепе-теңдіктің В нүктесімен) көтеруге мүмкіндік береді.Бұл қысқа мерзімде барынша көп пайда алу деп сипатталатын тұрғы жемісті болуы мүмкін, себебі ұзақ мерзімдегі сұраныс қысқа мерзіммен салыстырғанда бағаға қатысты иілгіштік көрсетеді, бұл Д1,2 еңісінде көрсетілген. Оның себебі кейбір дестинациялар арасындағы бәсеке боп табылады. Бағаны Р1 позициясында ұстап қалған кезде ұсынушылар дестинация нарығының шығындарында артық табыстарын алады. Нарық тепе-теңдігі А нүктесінде қалыптасады, келушілер саны V2-ден V3-ке дейін түседі.
Дестинациялардың баға бәсекесі туралы білетіндігіне күмән жоқ кейбір Туризм Ұйымдары өздерінің нарықтағы орындарын анықтайды. Бағаларды мемлекеттік реттеу жүретін жерлерде оларды Р3 деңгейінде қою керек, бұл S1сызығы мен С1 тепе-теңдік нүктесінің нарықтық дамуына сәйкес ұзақ мерзімді ұсыныстардың өсуін қолдау үшін жеткілікті болады. Ол туристер ағымын V4-ке дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан өндірушілер табыстардың жедел өсуінен қорғалған. Баға бақылауы енгізілген жерде мекемені тіркеу мен лицензиялаудан басталатын нарықтық реттеу үшін өзгеде қадамдар жүзеге асырылады. Қонақүй ашқан жағдацда классификацияларды аттестациялау және сапа градациясын да енгізу мүмкін болады. Өнімнің сұраныстан асып түсетін Жерорта теңізі курорттарының көптеген мысалдарын келтіруге болады.Дестинациядағы туристік қызметті ұсынушылардың қысқа мерзімі ішінде қосымша пайда алуы мүмкін болған жағдайда мемлекеттіе бақылау ескертулер арқылы бейресми түрде жүзеге асуы мүмкін. Бірақ мұндай әрекеттер дестинация мүддесінен тыс.
4. Бақылау - бұл келушілер санын немесе туристік ағымдар көздерін шектеу тәсілі. Халықаралық деңгейде ол үшін сұранысты шектеудің ең қарапайым әдісі - берілетін визалар санын шектеу болып табылады. Чартерлік рейстерге тиы салу - бұл кейбір елдердің нарықтағы шектеуші имиджге ие болуына және белгілі бір деңгейде ұлттық әуе тасымалдаушыларын қорғауға көмектесетін тәсіл. Дестинацияда бақылау әдетте танымал мәдени қалалар мен ұлттықресурстарды қорғаумен байланысты. Сондықтан келушілер санын басқару ең қарбалас уақыттағы шоғырлануды азайтуға пайдаланылады және табиғи көрікті жерлер төңірегіндегі туристік инфрақұрылымның (әсіресе, орналасу жерлерінде) дамуын бақылауға арналған. Туризм саласындағы мемлекеттік реттеу әдетте туристер таңдауын басқаруға бағытталған сұранысты басқару саясатына , болу уақытының құнына немесе келушілер санын қолдауға (реттеуге) қарама- қайшы туристік құрал-жабдықтар мен қызметтерге ықпал етуге байланысты болады.
1.2. ҮКІМЕТТІҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ҰСЫНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТУІ
Үкімет туризмнің айтарлықтай өсуін белгілеген немесе бұл процесті жеделдеткісі келген елдер нарық кеңістігіне Туристік Даму Корпорациясын (ТДК) құрып, оған курорттар салу ісін жүктеу жолымен араласа алады. Басқару теориясы тұрғысынан курорт салып болған бойда корпоративтік даму қызметі тоқтатылып, барлық дүние-мүлік жеке секторға және жергілікті басқару органдарына беріледі. Бұл нарықтық бағытталған экономикадағы жалпы бағыттар. Бірақ орталықтанған жоспарлаудың жоғары дәрежесі бар елдерде ТДК-да қонақүйлер мен турларды басқарудағы операциялық рөл қалдырылады.
Үкіметтің туризм индустриясындағы ұсынысқа ықпал етудің ең жиі пайдаланылатын әдістеріне мыналар жатады:
-жерді пайдалануды жоспарлау мен бақылау;
-құрлысты реттеу;
-нарықтық реттеу;
-нарықты зеріттеу мен жоспарлау;
-салық салу;
-меншік құқығы;
-капитал салымын қолдау.
А) Жерді пайдалануды жоспарлау мен бақылау. Жерді пайдалануды бақылау туризмдегі мемлекеттік реттеудің негізгі технологиясы. Ол туризм құрылымындағы ұсынысқа айтарлықтай ықпал етеді. Барлық үкіметтер заңнамалық формада жердің әрбір шаршы метрін пайдалануды дамытуға, беруге және өзгертуге рұқсат берілетін қалалық және ауылдық жерлердігі жоспарлау жүйесіне ие. Әдетте бақылау көркем құндылықтар мен қорық аумақтарын қорғауға пайдаланылады.
Жерлерді сату - сатып алу аймақтары мен міндеттемелеріне бөлу негізінен туризмді дамытуды ілгері апару құралы ретінде қолданылады. Жерге бақылау жүргізудің шешуші аспектілерінің бірі туризм саласы үшін жан - жақты жоспарлау мен жер кадастрлерін бекіту кезіндегі алып сатарлықтық алдын алуды қадағалайтын әкімшіліе ұйым мен заңнама болып табылады.
Ә) Құрылысты реттеу.Құрылысты реттеу жерді пайдалануды қосымша бақылау үшін пайдаланылады және ғимараттардың көлемін, биіктігін, формасы мен түсін белгілейді. Автотұрақтарды жеке сектор туроператорлары қажетсіз деп таниды. Құрылымдық реттеуге қосыммша ретінде көптеген елдердің мәдени құндылықтарды, тарихи құрылыстарды, археологиялық қазбаларды, діни ескерткіштерді, қорықтарды, тіпті тұтас қалаларды қорғайтын заңнамалары бар.
Б) Нарықтық реттеу. Үкімет нарықтағы фирмалардың мінез - құлқын реттейтін заңдарды олардың бәсекесінің және монополиялық билікті өз мақсатына пайдаланудың алдын алу үшін индустрияның әрбір секторындағы меншіе дәрежесін шектеудің арқасында қабылдайды. Үкімет сондай - ақ нарықты ұсынушыларға тұтынушылардың мүддесі үшін бірқатар міндеттемелер жүктеу арқылы реттеуі мүмкін.Нарық тиімді жұмысын ұсынатын экономикалық критерилердің бірі - тұтынушылардың оларға берілген таңдау құқығы туралы толық ақпаратқа ие болу керектігі. Ал егер тұтынушылар қауіпсіздікке, ақпараттануға, шығындарды өтеуге құқылы болмаса, егер фирмалар іс жүргізуді ереже-қағидаларға сай атқармаса, дестинация ресурстары сарқылады. Егер қорғау деңгейі артса, шығындар мен компенсациялық төлемдер азаяды. Қорғаудың ықтималды деңгейі екі түзудің қиылысу А нүктесінде көрсетілген, ол осы а деңгейін Ох осінде көрсетеді.
В) Нарықты зерттеу мен жоспарлау. Туризм индустриясы әдетте мемлекеттік секторға статистикалық мәліметтерді жинау мен нарықты зеріттеуді жүргізу міндеттемелерін жүктейді.
Г) Салық салу. Үкіметтің туристік саладан салық алуының негізгі екі себебі бар. Алғашқысы туризмдегі салықтар үшін классикалық себеп: туристерге әлемдік табиғи және мәдени мұра ескерткіштерімен танысуға мүмкіндік беретін бұрын шығарылған барлық өнімдерге салынған сыртқы баға қоюшыға қосымша құн. Екіншісі, табысты арттыру үшін туристер барлық салық түсімдерінің бөлігі ретінде қарастырылады. Туризмнен түсетін мемлекеттік табыстарды көбейтудің ең қарапайым жолы - әуежайдағы салықтар, билеттердің барлығына салынатын салықтар, қонақүйде тұруға салынатын салықтар. Бірқатар елдерде, мәселен, Түркияда ойынханаларға тыйым салынған. Салықты қонақүй тұрғындары да төлейді. Ол қонақүй табысынан біртіндеп шегеріледі.Салықтар төлеу үшін негіз-ұсыныстық баға өзгерісіне қатынасы.Мемлекет меншігінің дәл осы қызметтерінің қажеттілігі олардың экономикалық дамудағы маңызына негізделеді: сыртқы инвесторлар осындай қамтамасыз етілу мен туристік өнімнің нарыққа шығуының экономикалық нәтижелерінен үмітті. Дәстүрлі түрде мемлекеттік инфрақұрылым мен транспорт желілері табиғи монополиялар ретінде қарастырылады: өнімнің ең аз мөлшерде шығарылуы нарықтық экономикаға бір фирма емес, біреше фирма қатысатындай болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мекемелер жекеменшік мекеме болса да, олар мемлекет тарапынан реттеуді қажет етеді.
Д) Капитал салымдарын стимулдау. Дүниежүзінің үкіметтері туризмге инвестиция салудың кең спектрін ұсынды. Оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады:
- капитал шығындарын (капиталды алуға кететін шығындар) төмендету. Мұнда жеңілдік шарттардағы қарыздар мен капиталдық дотациялар (субсидиялар), салықтың пайыздық ставкасынан босатулар, нақты бір жылдарға қарызды қайтаруды шегерулер және жеңілдіктермен жер беру, материал берушілердің қосымша тарифтерінен босату енді;
- ағымдағы шығындарды төмендету. Кейбір мекемелерді қолдау үшін үкімет оларды 5-10 жылға салықтан босатуы, өзгеріс қажеттіліктеріне уақытша субсидия береді, импортталатын материалдарға тарифтік босатулар ұсынады, айтарлықтай жеңілдіктер беріп қосарлы салық салудан қорғау кепілдігін беруі мүмкін. Мемлекетаралық келісімдер негізіндегі салықтардың арзандатылуларының инвестор алатын бір пайдаға қосарлы екі салықты төлеудің алдын алады.
Инвестициялаудың қауіпсіздігі. Мұндағы мақсат болып саяси орта мен экономикалық ахуалға барынша сезімтал инвестордың индустрияға сеніміне ие болу табылады. Аталмыш әрекеттерге национализациялаудан сақтау кепілдігі, шетел волютасын еркін пайдалану, инвестицияланатын капиталды, табыстарды, дивиденттерді қайтару, қарыздарды қайтару кепілдіктері, іс - әрекет жасауға лицензия алуды болжау мен техникалық кеңес берудің болуы жатады.Дотацияларды, қарызға ақшаны беру әдетте туристік ұйымға, үкіметтік инвестициялық банкке немесе туристік даму корпорациясына беріледі. Салық мәселелері үшін жауапкершілік қаржы министірлігіне жүктеледі. Сәл нашарлау дамыған мемлекеттер мультиұлттық агенттіктердің көмегін беретін инвестициялық қорларды өзіне тарта білу мүмкін. Бұл қаржы бар инвестициялар көздерін ұлғайту үшін және жалпы қаржы жүйесінің дамуы үшін пайдаланылуы мүмкін..Инвестициялаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясаты - туризмге инвестициялар тартудың басты талабы. қолдаудың мақсаты капиталға деген пайданы инвестор тарту деңгейіне дейін арттыруда жатыр. Үкімет нарық потенциялы айқын болатын жерлерде инвестициялану қауіпсіздігіне қажет жағдайларды туғыза отырып туризмге өз міндеттемелерін орындауы қажет.
Жеке сектрды инвестициялауға кедергі болатын инвестициялардың анықталмаған өсуі мен шектелмеген әлеуеті байқалатын көптеген инстанциялардың бар екенін айта кету керек. Мұндай жағдайда үкіметтің араласуының принципиалды рөлі - инвесторлармен жұмыс кезінде катализаторлық қызмет атқаруда жатыр. Сол себепті қоғамдық қорлар туризмге жеке салымдарды пайдалану мүмкіндігіне ие бола алады (мемлекеттік міндеттемелер болса), бірақ нарық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндіктері жоқ.Туризмге инвестиция салудағы бәсеке мемлекетпен инвесторлар санын көбейтуге көмектесетін заңдар қабылдауды экономикалық көмек көрсетуді талап етеді. Олардың қайсыбіреулері жоғарыда аталып өткен мадақтаулардың барлық түрлері туралы заңдар шығара алады. Енді бір елдер мәнін түсінбей көрші елдердің заңын көшіріп алғандығы үшін экономикалық жауапкерілікке тартылады. Түрлі қаржылық жеңілдіктерді қамтамасыз ету бизнестегі тәуекел негіздері мен туризм индустриясына салынған капиталды қайтару мүмкіндігін ұғына білуге байланысты. Сондықтан дамушы елдер дотациялар мен жеңілдікті қарыз беретін кездер де болады. Бұл көптеген туристік агенттіктердің жұмысының тиімділігін арттырады. Туризм кәсіпорындарыдағы тәуекелдің негізгі себептерінің бірі болып капиталға деген пайыздың әрекет етуші шығындарға қатысты жоғарғы деңгейі табылады. Осы себеппен капиталды тартуға кететін шығын да азаяды.
Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейін де жүргізу керек. Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, Қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек. Үкімет қолында туризмнің дамуының бағытына ықпал етуге мүмкіндік беретін көптеген саяси құралдар бар. Бүкіл дүниежүзінде үкімет іс-әрекетін реттеу жолмен жеке сектордың ісіне араласады.
1980 - 1990 жж. Таза нарықтық экономикаға бағыт алу бағыты мемлекеттің делдалдық араласуының тежеленуіне әкелді, ол оны коррекциялау мен жақсарту есебінен емес, нарық жүйесін деформациялау арқылы жүзеге асты. Мұның барлығы туристік индустрияны дамыту кезіндегі көрсетілген көмекпен салыстырғанда, жеке нарықтардың табыстарды бірқалыпты бөліп, қоршаған ортаны қорғауды ойлай алатындығына күмән тудырады. Туризмнің дамуына көмек беруінің негізгі шарты - әлсіз дамыған мемлекеттерге олардың ресурстар қорларын толықтыра отырып, кедейлік деңгейін шығару. Бізге туризм іс-әрекетінен түсетін пайда нормасының үлкен екендігі белгілі, себебі туризм негізінен мемлекеттің табиғи және мәдени құндылықтарының негізінде дамиды. Өткен жылдар тәжірибесі үкіметттерге туризм секілді маңызды саланың дамуына ықпыл ету мүмкіндігіне бас тартудың жөн емес екенін көрсетуде.Туристік фирмадағы маркетингтік қызмет сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті негізінде тұтынушылардың туристік өнімге, қызметке деген қажеттілігінің сапасы, қалайтын қасиеттері, бәсекелестік артықшылықтары, бағасы бойынша қанағаттандыру туризм нарығын дұрыс таңдай білу негізінде өз қызметін отандық және шетелдік нарық талаптарына сәйкестендіру оларды тұрақты қызметін қамтамасыз етуге негізделеді. Еліміздегі туризм нарығындағы маркетинг жүйесін ұтымды ұйымдастыру үшін турфирмаларды әдістемелік, ұйымдық және тәжірибелік іс-шаралармен қамтамасыз ету қажет.
Еліміздің облыстарындағы туризмнің дамуын талдау қабылданып, жүргізіліп жатқан мемлекеттік, облыстық деңгейлердегі бағдарламаларға қарамастан оның басқа елдермен салыстырғанда әлі де төмен дәрежеде екендігін көрсетті. Бұл саланың еліміздің туристік-рекреациялық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана алмай отырғандығының басты себептері:
1. Көлік мәселесі. Туристердің басым бөлігі сервис және сенімділік жағынан шетелдік әуе тасымалдаушыларын таңдайды, соның салдарынан отандық әуе компанияларында жолаушылар ағысы төмен. Әуе билеттері құнының жоғары болуына байланысты турфирмалар өнімінің бағасы қымбат, соған орай халықаралық нарықта біздің турөнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмен. Автокөлік шекаралас мемлекеттерге шот-турларды ұйымдастыруда және экскурсиялық маршруттарда қолданылады. Бірақ оның дамуы аймақтардағы туристік нысандарға апаратын жолдардың жағдайына және туристік көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету деңгейіне байланысты артта қалып отыр.
2. Туристерді орналастыру орындары. Көптеген зерттеу мәліметтері бойынша туристік класқа жататын 2-3 жұлдызды және шағын, орта қонақүйлердің қызметі рентабелді боып келеді.Облыстар орталықтарының өзінде мұндай қонақүйлер саны 3-4 асайды.
3. Кадрлық қамтамасыз етілу. Туризм саласының кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейі осы уақытқа дейін қанағаттанарлықсыз болып отыр. Облыстарда туризм менеджерлерін дайындайтын бірқатар жоғары оқу орындары бар.Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Резидент емес туристер облыстар аумағына көбінесе автожол немесе әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында автожол көлігі жиі пайдаланылады. Турлар мен экскурсиялық бағдарларды ұйымдастыру автомобиль жолдарының жағдайына байланысты. Сондықтан Семей - Қайнар, Алматы - Өскемен, Өскемен - Шемонайха, т.б. сияқты туристік нысандарға апаратын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және қайта жөндеуден өткізу қажет.Туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу үшін сумен жабдықтау және су тарту жүйесінің құрылысын салу, телефон желісін төсеу немесе өткізу және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету, көлік жолдарын салу және қайта жаңғырту керек. Бірінші орында сұранысы жоғары жағажай және емдеу-сауықтыру туризмін дамыту аймақтарын коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету қажет. Туризм инфпақұрылымының жеткіліксіз дамуын ескере отырып Алакөл мен Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында, Каспий теңізі жағалауында, т.б. туристік-рекреациялық нысандарда туркласс санаттағы мейманханалар желісін, қонақ үйлер мен кемпингтер салуды қажет етеді.Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында халықаралық бизнес-қоғамдастықтардың Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру және осыған байланысты шетелдік ұйымдармен ытымақтастықты дамыту, даму институттары мен қорлары, екінші деңгейдегі банктер қаражатынан қаржыландыру туристік саланы дамытуға зор ықпал етеді. Инвестиция көздерін табу туристік және кәде-сый өнімдері индустриясын дамытуғ, кіру туризмін жандандыруға тартымды, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін туристік инфрақұрылым нысандары бар аудандар салудың өңірлік жоспарларын әзірлеуге, киіз үйлер дайындайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салуға, ұлттыұқ қолөнерді қайта жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен ықпалын тигізеді. Туристік кадырларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін туристік индустрия субъектілері үшін әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшыларды шақыра отырып, шебер-кластарын, треннингтер өткізу, туризм және мейманханалық шаруашылық саласындаңғы мамандықтар бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу, гидтар, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын айрықша қорғалатын аумақтар мен біліктілігін арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу қажет.
Маркетингтік қызметті тиімді жүргізуде ақпараттың рөлі зор. Техника мен ғылымның дамуы туристік қызметтің(қонақ үй шаруашылығында материалды-техникалық базаны, көлікте, саяхат бюросында) жаппай өндіру құралын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Әсіресе туристік маркетингте компьютерлік техниканың туризм индустриясына енгізуді бөліп көрсету керек, мұнсыз қазіргі уақытта бұқаралық туристік саяхатты ұйымдастыру мүмкін емес.Туристік саланы ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін қажетті көлік жолдарының, инженерлік және инфрақұрылымдық объектілердің болуын ескере отырып, аудандар бойынша туристік индустрия маниторингінің тетігін әзірлеу, ұқсас халықаралық желілермен одан әрі оны кіріктіру мақсатында облыс аумағында біртұтас туристік-ақпараттық желі құрудың қажеттілігі туып отыр. Дүниежүзілік туристік ұйымның ресми тілдерінде еліміздің туристік әлеуеті, мәдениеті мен тарихы, туристік ұйымдар мен қонақ үйлік қызмет көрсетулер, көліктік коммуникациялар мен байланыс, виза алу тәртібі, тіркеу және әкімшілік рәсімдері туралы жаңартылып отыратын деректер банкі бар республика облыстарының туризмі жөніндегі сайт жаңартылуы тиіс.
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін туристік кадрларды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөніндегі туроператрлар мен турагенттердің қызметінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі нормалардың, ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру керек. Еліміздің облыстарында туризм саласында халаықаралық ынтымақтастықтың рөлі зор. Бұл ретте трансшекаралық туристік бағдарларды дамыту жөнінде Орталық Азия мемлекеттерімен, бірінші кезекте Ресей Федерациясымен, Қытай Халқы Республикасымен және Манғолия Республикасымен өңірлік ынтымақтастықты дамыту қажеттілігі туып отыр. Айтылған мәселелерді қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын, кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді шолу, отандық туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап өтуге болады.

II БӨЛІМ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ӘЛУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ
2.1. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ӘСЕР ЕТУ МҮМКІНДІГІ
Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.
Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар:
-нақты табыстың өсуі;
-табыстың тең бөлінуі;
-валютаның тұрақтылығы;
-тиімді конъюктуралық жағдай.
Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар:
-экономикадағы дағдарыс құбылыстары;
-өндірістің құлдырауы (жұмыссыздықтың өсуі, жалақының қысқаруы, уақытша жұмыс жасау);
-валютаның тұрақсыз болуы;
-тиімсіз конъюктуралық жағдай.
Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай фазасында - өркендеу немесе құлдырауда - болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы проблемалары 12 және даму болашағы
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту
Қазақстанның ішкі туризмі
Қазақстан Республикасында халықаралық туризмді дамыту мәселелері
Туризм мәні
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану
Испания мемлекеті туралы
ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ
Қаржы жүйесінің экономикамен байланыстылығы
Пәндер