Фразеология



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім
I БӨЛІМ. ФРАЗЕОЛОГИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері ... ... ... 9
1.3 Фразеологиялық оралым және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

II БӨЛІМ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Фразеологиялық бірліктерді аудару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Фразеологиялық бірліктертерді аудару жолдары және сақталатын тәртіп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3 Фразеология іліміндегі балама табу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Курыстық жұмысқа пікір АБ-31 тобының студенті Қайрхожаева Ш.А.

Курыстық жұмыстың тақырыбы «Фразеологизмдердің аудармасының тәсілі мен жолдары»
Қайрхожаева Шынаргүл курыстық жұмыста «Фразеологизмдердің аудармасының тәсілі мен жолдары» талдап зерттеген. Негізгі курыстық жұмыста аударма теориясындағы Фразеологизмдердің аудармасының тәсілі мен жолдарын талдап қарастырған.
Курыстық жұмыс кіріспеден, IIбөлімнен, қортындыдан және пайдаланған әдебиеттен тұрады.
Курыстық жұмыстың құрамында автор аударма теория пәні бойынша фразеологизмдердің аудармасының котегориясын анықтап жазған. Негізгі анықтамалары мен терминдерді қолданған .
I бөлімде студент фрозеология ілімінің қалыптасу тарихын орындаған болатын.
II бөлімде студент ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді аудару ерекшеліктерін талдаған болатын.
Курыстық жұмыс ғылыми тұрғыда жазылған. Қайрхожаева Шынаргүл курыстық жұмысын сәтті орындады.
1. Слепович В.С. Курс перевода (английский - русский язык).
2. Ғылыми-әдістемелік журнал, Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері - 5(35) 2007;
3. Ғылыми-әдістемелік журнал, Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері - 4(52) 2010;
4. Литвинов П. П. Фразеология – Москва, 2001.
5. Кеңесбаева Ү. Ағылшыншы-қазақша фразеологиялық сөздік – Астана, 2010
6. Шетел тілін оқыту әдістемесі, Методика обучения иностранному языку - 3(11) 2006;
7. Кеңсебаев І. Фразеологиялық сөздік - Алматы 2007

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім
I БӨЛІМ.
ФРАЗЕОЛОГИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..5
1.1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері ... ... ... 9

1.3 Фразеологиялық оралым және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

II БӨЛІМ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ
АУДАРУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 17
2.1 Фразеологиялық бірліктерді аудару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Фразеологиялық бірліктертерді аудару жолдары және сақталатын
тәртіп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Фразеология іліміндегі балама табу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ПІКІР

Курыстық жұмысқа пікір АБ-31 тобының студенті Қайрхожаева Ш.А.

Курыстық жұмыстың тақырыбы Фразеологизмдердің аудармасының тәсілі мен
жолдары
Қайрхожаева Шынаргүл курыстық жұмыста Фразеологизмдердің
аудармасының тәсілі мен жолдары талдап зерттеген. Негізгі курыстық
жұмыста аударма теориясындағы Фразеологизмдердің аудармасының тәсілі мен
жолдарын талдап қарастырған.
Курыстық жұмыс кіріспеден, IIбөлімнен, қортындыдан және пайдаланған
әдебиеттен тұрады.
Курыстық жұмыстың құрамында автор аударма теория пәні бойынша
фразеологизмдердің аудармасының котегориясын анықтап жазған. Негізгі
анықтамалары мен терминдерді қолданған .
I бөлімде студент фрозеология ілімінің қалыптасу тарихын орындаған
болатын.
II бөлімде студент ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді аудару
ерекшеліктерін талдаған болатын.
Курыстық жұмыс ғылыми тұрғыда жазылған. Қайрхожаева Шынаргүл курыстық
жұмысын сәтті орындады.

Пікіp айтушы:
Саматова Г. Н.
КІРІСПЕ

Курстық жұмысымың өзектілігі. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен
бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар. Ол
сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ сөз
тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы:
көз бояу, жүрегінің түгі бар,т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы
ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті
болып кеткен.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес
мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың
тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре
алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа
жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің
ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар;
Өнерлінің өзегі талмас).
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Мағынасы жалпыға белгілі,
грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге
айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе
фразеологизмдер деп атайды. Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер
жатады.
Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:
1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
3. Мағына бірлігі сақталады;
4. Екі сөзден кем болмайды.
Курстық жұмысымың ғылыми құрылымы. Қазақ фразеологиясы елінің құрьлым,
құрылысы мен мағынасы жағынан
басқа тілдердегі тұрақты тіркестерден ерекшеленеді. Фразеологизмдер елінің
бейнелілік, әсерлілік, көркемдік, экпрессивті-эмоциялық, стильдік
қасиеттерімен көзге түседі. Ойдың нәрін кіргізетін тұрақты тіркестерді
халқымыз кеңінен қолдана отырып, ұрпақтан-ұрпакқа жеткізген. Сөйтіп, олар
ұзақ уақыт бойы толығып, дами түседі.
Қазақ фразеологизмдері қазіргі заманға ұлттық мәдени ұғымдарды
жеткізіп қана қоймай, ежелгі қазақ реликтерін де жеткізеді. Сонымен қатар,
шығу тегі мен әрі этнолингвистикалық сипатына қарай фразеологизмдер өзінің
семантикалық табиғатына қоса, абстрактылы және ауыспалы мағынада
колданылады. Сөйтіп, тілде коммуникативтік қызметін атқарады.
Қазақ халқы өзінің тарихында талай көрші елдермен, шет жұрттармен
экономикалық әрі мәдени қарым-қатынасты басынан кешірген. Тілімізде осыған
орай туған толып жатқан тіркестер бар. Олардың біреулері жазба әдебиеті,
хиссалар арқылы, екіншілері- сауда-саттыққа байланысты, үшіншілері - дін
тартушылардың уағызымен, тағы біреулері екі елдің күн көріс
тіршілігіндегі ортақ ой-сана, дәстүр тауқыметімен, түрліше ықпалдарға сай
туып орныққан.
Халық мәдени, т.б. байланысқа қандай мұқтаж болса, бір тіл екінші
тілден сөз ауыстыруға сондай мұқтаж. Ал бұл жұмыста мен екі тілдің тұрақты
тіркестерінің ерекшеліктері мен оларды бір тілден екінші тілге аудару
жолдары мен маңыздылығы жөнінде айта кетемін.

I БӨЛІМ. ФРАЗЕОЛОГИЯ

1.1. ФРАЗЕОЛОГИЯ ІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Where as the speakers of some languages
take great pains to exclude foreign words from
their lexicons, the English seems always to have
welcomed them.
Кей халықтар өз тіліндегі кірме сөздерден
арылу үшін бар күшін салса, ағылшын халқы кірме
сөздерді сөздік қорына ежелден құшақ жая енгізіп
келеді.
Девид Кристал (David Crystal),
әйгілі британ лингвист-ғалымы.

Фразеология-грек тілінің phrasis-сөйлемше және ұғым, білім деген
сөздерінен алынған. Фразеология термині кең мағынада алғанда, белгілі бір
тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген
мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген
ұғымда да қолданылады.
Фразеология – құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын
бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай-күйін және тарихи қалыптасуын
зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40
жылдары қалыптасты. Фразеология теориясының негізін қалаушы - швейцар
ғалымы Шарль Балли (Bally, 1865 – 1974)[1]. Ол сөз тіркестерін ең алғаш
ғылыми тұрғыдан жүйелеп, лингвистикаға "phraseologie" деген термин
еңгізген. 1909 жылы жазған "Француз стилистикасы" деген еңбегінде Ш.Балли
тілдегі тіркестерді 1. еркін тіркестер және 2. фразеологиялық бірліктер деп
екіге бөлген.
Ол фразеологиялық бірліктерді компоненттері өзіндік дербес мағынасынан
айырылған, бәрі бірігіп тұтас бір-ақ мағына беретін тіркестер деп
сипаттайды. Баллидің бұл тұжырымдары кейіннен лингвистикада фразеологиялық
тұтастықтарды атап көрсетуге, фразеологизм мен сөздің ара жігін ажыратуға
теориялық негіз болды.
Британ және әміркен лингвистикасында фразеология теориясын арнайы
зерттеген еңбек аз. Бар еңбектердің өзінде фразеологиялық тіркес белгілерін
анықтау принциптері, фразеологиялық тіркес пен сөздің ара қатынасы,
фразеологизмдердің варианттылығы, фразеологияны зерттеу әдістері сияқты
іргелі мәселелер қаралмайды. Бұл елдердің ғалымдары фразеологияның жеке пән
ретінде орнығуы туралы да сөз қозғамады. Сондықтан да, ағылшын тілтанымында
әлі күнге дейін ғылымның бұл саласына атау берімеген. "Фразеология" деген
терминнің не британ және әміркен лингвистикасында жолы болмады. Бұл елдерде
фразеология мәселелері семантика мен грамматикаға байланысты еңбектерде
қаралады және идиомдық (фразеологиялық) сөздіктерде айтылады. Фразеология
аумағына келгенде ағылшын тілді ғалымдардың көз қарастары әртүрлі. Бұл
зерттеулер нысанының өте күрделі екендігіне және ағылшын тілінде ап-айқын
еркін тіркестің – тұрақты тіркеске, тұрақты тіркестің еркін тіркеске
айналып кете беру құбылысының жиілігін көрсетеді.
Бұл елдерде мақалдарды зерттеуге байланысты еңбектер біршама. Қазақ
ғалымдарының мақалдарды фразеологияның нысанына жатқызу-жатқызбау жайындағы
пікір сайысы жылдардан жылдарға ұласса, Ұлыбритания мен АҚШ-та мақалдарды
дәстүрлі түрде фольклордың құрамдас бөлігіне жатқызады.
Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі
фразеологизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп
топтастырады және жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді. Тұрақты
сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды
проблемелардың бірі есебінде зерттеліп жүр. Өйткені фразеология-тіл
мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы. Сонымен қатар
ол бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жетілдіреді, социалистік
дәуірде жаңа фразеологизмдердің қалыптасуы мен баю жолын аңғартады.
Қазақ топырағында фразеологизмдердің теориялық және практикалық
мәселелерін – Ә.Қайдаров, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, С.Исабеков, Г.Смағұлова,
С.Сәтенова зерттеуде; стильдік ерекшелігін – М.Серғалиев, Ғ.Құсимова,
Г.Боранбаева, көркем шығармада қолданылуын – Х.Қожақметова, Б.Шалабай,
М.Жәнібеков; аударылуын – А.Алдашева, Ө.Айтбаев, Айтжанова зерттеп,
фразеологизмдерді тақырыптық, мағыналық тұрғыдан топтастырумен –
Р.Жайсақова, А.Елешова; шет тілі фразеологизмдерін топтастырумен –
Р.Жайсақова, А.Елешова; шет тілі фразеологизмдерін қазақ тілі
фразеологизмдерімен салғастыра талдау мәселелерімен П.Дәулетова,
М.Әбдіғалиева, М.Арғынғазина айналысып жүр. Фразеология негізінен
психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде
фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар фразеологияның зерттеу
аясын кеңейтуді ұсынуда.
Лингвистикалық пәндер сөйлемді дұрыс құрып, қалай жазуды, тыныс
белгілерін қоюды оқытып үйретеді. Ал тілдік тәсілдерді өткір, нақтылы, дәл
және мәнерлі қолдану, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер
стилистиканың үлесіне тиеді. Стилистика үшін фразеологизмдердің мәнерлеу
тәсілі ретінде маңызы зор. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-
экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік
дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды.
Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу
тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып,
ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-
сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді.
Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам
эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке
тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс
ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз
келсе жүрегі ұшты, зәресі ұшты, үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан
шықты, көзі алақандай болып, жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне
кетті, жаны мұрнының ұшына келді, деген фразеологизмдерді, ал біреудің
қатты таң қалғандығын аузын ашып, көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды,
қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды,
құмартқанын аузының суы құрыды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды,
ұялғанын кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, бетінен оты шықты,
құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе
шашы тік тұрды, өкінгенін санын соғып қалды фразеологизмдері арқылы
білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз байлығын,
фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы орамдылығын көрсетеді.
Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық
реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді.
Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау
принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық
тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады.
Компоненттер бірлігі фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық
талдау, фразеологизмдердің семантикалық, тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің
компоненттер құрылымындағы орны фразеологиялық факторлармен дәлелденуді
қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре
отырып, фразеологизмдердің семантикалық-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас
жағдайлардан ажырату үшін фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді.
Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық
жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің
бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика
фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс
ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы
фразеологизмге этнолингвистикалық талдау жүргізеді.

2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер әр түрлі жолдармен жасалаты.
Сонымен қатар "and " немесе "or" жалғаулығы арқылы байланысқан екі
сөздердің қатарласып келуі. Оған мысал мына төмендегі тіркестер:
For good and all - үзілді-кесілді;
To pick and choose – талғампаз болу;
By and large – жалпылай алғанда;
By fair mean or foul - берсең-қолыңнан, бермесең-жолыңнан;
By fits and starts - оқта-текте, анда-санда;
By guess and by God – көз мөлшермен, жалпы нобаймен;
By leaps and bounds – дем арасында, күн сайын, сағат сайын;
By right or wrong - алдап-сұлдап жатыр, анау деп, мынау деп жатыр;
By trial and error – талай қателесіп жатып, шекесіне талай тиген соң;
Stuff and nonsense - жоқтан өзге, бос сөз.
Тіркеске эмфазалық (сөздің эмоциялық мәнері) екпін мынадай тәсілдердің
көмелімен беріледі:
А) бір сөзді екі рет қайталау арқылы
By and by –бірте-бірте, әмтін-әстін;
On and on – ілгері, алға;
Out and out – барып тұрған, нағыз, айтары жоқ;
Through and through – бүге-шегесіне дейін, түп тұрғымен;
Turn and turn again - кезек-кезек.
Ә) аллитерация (бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі) арқылы
Cool, calm, and collected – сабырлы, салмақты және салиқалы;
The part and parcel of sth – бір нәрсенің ажыратуға болмайтын құрамдас
бөлігі;
Rough and ready - шала-пұла қалай болса солай тисе-терекке, тимесе-
бұтаққа;
Safe and sound – дін аман бауыры бүтін, басы есен;
Spick and span – І. ине-жіптен жаңа шыққан су жаңа иыққа бір
ілінбеген ІІ. айнадай жалтыраған тап-тұйнақтай мұнтаздай жалтыраған.
Б) ұйқастың көмегімен
By hook or by crook – су ішсем де, суан ішсем де қайткен күнде де;
Fair and square – қара қылды қақ жарып бетің бар, жүзің бар демей;
Wear and tear – тепкі, тауқымет, өмірдің ыстық-суығы.
В) мағынасы қарама-қарсы сөздерді тіркестіру арқылы
For love or money – қайткен күнде де;
Rain or shine – ыстыққа да, суыққа да қарамастан;
Ups and downs – жетістіктер мен жеңілістер;
The long and short of it – ұзын сөздің қысқас;
To be at sixes or sevens - әуре-сарсаңға түсу әбігер болу.
Ағылшын идеомдарының көпшілігі грамматикалық еркіндікті қалайтын
ауызекі тілден шыққан. Бұл еркіндік бір сөз табынан екінші сөз табын жасап
алуға мүмкіндік беріп, тілдің баюына үлкен септігін тигізді. Мысалы, сын
есіммен зат есімнің - етістікке, үстеу мен демеуліктің – зат есімге,
демеуліктің етістіктің қызметін атқарып, етістіктің зат есімге айналып
кететін кездері үйреншікті құбылыс.
Ағылшын тіліндегі идеомдардың келесі бір ерекшелігі – эллипс (сөйлемнің
бір мүшесін алып тастап ықшамдап айту).
Dressed up to the nines – жеңіл киінген;
Takes a cake – бұрын соңды болып көрмеген;
Left, right and center – жан-жақтан, тұс-тұстан;
A fish out of water – бөтен, өгей ортада тұрған адам;
Had seen better days – тозығы жеткен уақыты өткен.
Тағы бір лексикалық ерекшелігі – тұрақты тіркестердің құрамындағы
архаизмдер. Мысалы, мына тіркестердегі: rank and file, to leave in the
lurch, to be at one's beck and call – to chop and change – file, lurch,
beck, chop деген көнерген сөздер қазір тілдің басқа еш белдеулерінде
көрініс бермейді.

3. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРАЛЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Кемінде екі сөздің тіркесімен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен
құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте,
фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралым тілде басқа
единицалармен, атап айтқанда, бір жағынан, сөзбен, екінші жағынан, еркін
сөз тіркесімен, шектесіп жатады.
Фразеологиялық оралым мағына тұтастығымен сипатталады. Оның өзіне ғана
тән, меншікті мағынасы бар және ол мағына фразеологиялық оралымды
құрастырушы сыңарлардың мағыналарына тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді.
Фразеологиялық оралымның мағыналық тұтастығы, оның семантикасы
құрастырушы сыңарлардың мағына жиынтығына сәйкес келгенде де сақталынады.
Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық
қасиеті мынадан көрінеді: фразеологиялық оралым бүтіннің бөллшектері
ретінде ұғындыратын, өзара тығыз байланысты сыңарлардан (сөздерден)
қүралады да, ол сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен
орналасады, басқа сөздермен ауыстырылмайды, қалыптасқан орын тәртібі
өзгермейді. Мысалы; сақалын сипап қалу деген тұрақты тіркестің құрамындағы
сөздердің орнын ауыстырып айтуға немесе оның ішіндегі бір сөздің орнына
басқа бір сөзді қолданып, мысалы, мұртын сипап қалу деп айтуға болмайды.
Сондай-ақ, мұртын балта шаппайды деген тұрақты тіркестің кұрамындағы мұрт
деген сөздің орнына сақал деп өзгертсек олар тұрақты тіркес болудан қалады
немесе тіптен мағынасыз, түсініксіз болып шығады. Құрамы мен сыңарларының
орын тәртібінің тұрақтылығы жағынан фразеологиялық оралымдар жеке сөздердің
құрамындағы морфемалардың орын тәртібін еске түсіреді. Орыс тіліндегі
фразеологизмдерді зерттеуші Н .М. Шанский сөздің морфемалық құрамының
тұрақтылық сипаты қандай болса, фразеологизмнің құрамының және сыңарларының
(компоненттерінің) орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп
есептейді.
Академик В.В. Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей
фразеологизмнің бір тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың
мағыналарының ара қатынасы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық,
(фразеологическое сращение), және фразеологиялық тізбек (фразеологическое
сочетание) фразеологиялық бірлік (фразалогическое единство) деп үш түрге
бөлінеді. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский аталған
классификацияны қолдай келіп, фразеологиялық оралымдардың төртінші түрі
фразеологиялық сөйлемше (фразеологическое выражение) деп есептелді. Енді
фразеологиялық оралымдардың аталған түрлерінің әрқайсысына тоқталайық.
1. Фразеологиялық тұтастық. Семантикалық жақтан бөлініп ажыратылмайтын,
бір тұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жұптаспайтын (
байланыспайтын) фразеологиялық оралым фразеологиялық тұтастық деп
аталады. Фразеологиялық тұтастықтың құрамындағы сыңарлар (сөздер)
бір-бірімен біте қайнасып, өз ара тұтасып, бітісіп кетеді де,
бүтіндей тіркесіп семантикалық жақтан бөлінбейтін, бір тұтас единица
ретінде танылды. Мысалы, орыс тілінде во всю ивановскую (бар
дауысымен, өте қатты), собоку съел ( бірдеме жайында үлкен тәжірибе
алған, өте шебер болып алған), очертя голову (ойланбастан, қалай
болса солай), бить баклуши (бостан-бос сенделу) , қазақ тілінде
жүрек жалғау (аздап тамақтану), жүрек жұтқан немесе жүрегінің түгі
бар (өте батыл, ештемеден қорықпайтын) , ит өлген жерде (өте алыста,
шалғайда), қол қусырып (бостан-босқа), аузы-мұрны қисаймастан
(ұялмастан, шіміркенбестен) деген фразеологиялық тұтастықтардың
білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы сыңарлардың
(сөздердің) мағыналарынан келіп тумайды, олармен (сыңарларының
мағыналарымен) мүлдем жанаспайды, байланыспайды.
Фразеологиялық тұтастықтар мүлдем ажыратылмайтын мағыналық бірлікте
болады да, осыған орай, жеке сөздердің эквиваленті ретінде қызмет атқарады.
Мысалы: қол қусырып - бостан-бос: мойны жар бермеу немесе кежегесі кейін
тарту- еріну, жалқаулану: қас-қаққанша немесе қас пен көздің арасында-
лезде, жылдам және т.б.
2. Фразеологиялық бірлік. Фразеологиялық бірлік - фразеологиялық
тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келетін тұрақты
тіркестер. Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы я
болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы
еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мысалы, ескі жараның
аузын ашты деген өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды деген
мағына береді. Бұл фразеологизм мағынаның жасалуына, еркін тіркестегі тура
мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану
арқылы жасалған. Мысалы, Жатқан жыланның құйрығын басты деген фраза
біреудің қытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тап болды деген мағынаны
білдіреді. Бір қимыл-әрекетті басқа әрекетпен салыстырып қолдану арқылы
фразеологизмдерге айналып кеткен. Кей фразеологизмдердің мағынасының
жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) мағына тірек болады.
Мысалы,
көзіне көк шыбын үймелету басыну, қорлау
ақ түйенің қарны жарылу молшылық
ал қарғы бау деген тұрақты тіркестің үш түрлі мағынасы бар:
иттің мойнына тағатын бау,
қалыңмалдың алдын ала берілетін жоралғысы,
тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшін берілетін төлем ақы. Осы
сияқты тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ беру, балақбау,
аяқбау т. б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда, мұның
соңғы екі мағынасы тұрақты тіркес екендігін, оның ішінде фразеологизм
тұтастыққа жататындығын бірден танытады.
З. Фразеологиялық тізбек. Фразеологиялық оралымның бұл түрі еркін
мағынасындағы (свободное значение) сөзбен фразеологиялық байлаулы
мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында, тіркескен
күйінде жұмсалады. Фразеологиялық тізбектің қатарына орыс тіліндегі
щекотливый вопрос, шекотливое положение, закадыный друг, трескучий мороз,
тәрізді тұрақты сөз тіркестерімен қазақ тіліндегі мидай дала, асқар тау,
шалқар көл, тас қараңғы, ата мекен, ата жау, аталы сөз, бел сала, су жаңа,
қыпша бел тәірізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Фразеологиялық сөз
тіркестерінің кұрамындағы ерікті мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен
тіркесіп жұмсалуға икемді болса, фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөз
бір не бірен-саран сөзбен ғана тіркеседі. Мысалы: мидай дала, шалқар көл
деген фразеологиялық тізбектердің кұрамындағы дала және көл деген сөздер әр
түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (мысалы: жазық дала, кең дала, үлкен
дала, терең көл, үлкен көл, кішкене көл және т.б.), фразеологиялық байлаулы
мағынасындағы мидай сөзі дала сөзімен, шалқар сөзі көл немесе шабыт (шалқар
шабыт) сөзімен ғана тіркеседі.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы фразеологиялық байлаулы
мағынасындағы әр сөз өзімен синонимдес сөзбен ауыстырылуы мүмкін. Мысалы:
асқар тау - биік тау, қыпша бел - жіңішке бел, мидай дала — жазық дала және
т. б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөз өзімен мәндес (синонимдес)
сөзбен ауыстырылғанда, еркін сөз тіркесі жасалады да, ондай тіркес
фразеологиялық тізбекпен бір синонимдік қатарға енеді.
4. Фразеологиялық сөйлемше. Фразеологиялық оралымның бұл түрі мағынасы
ерікті сөздердің тіркесінен күралады да, бірақ құрамы мен қолданылуы
тұрақты болып келеді. Мысалы: айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады.
Шегірткеден қорыққан егін екпес; көрпеңе қарап көсіл; Бас білген өгізге өк
деген - өлім; соғыс өртін тұтандырушылар; жоғарғы оку орны; социалистік
жарыс және т.б.
Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан
да тілдің коммуникативті единицасы - сөйлемге сәйкес келетіндері бар. Бұлар
мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздер. Мақалдар мен мәтелдер және
қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына жатқызылғанда, олардың сөйлеу
кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында жұмсалынатыны; құрамының
тұрақтылығы ескеріледі.
Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді, алдыңғысында шарт немесе
жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтылады. Мысалы: Кең
болсаң, кем болмайсың; Әзіл айтсаң да әділ айт; Түз астың дәмін келтірсе,
мақал сөздің дәмін келтіреді; және т.б.

II БӨЛІМ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ

2.1. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ АУДАРУ МАҢЫЗЫ

Қазіргі кезеңдегі шарықтаған мәдени қарым-қатынастарға, ғылыми-
техникалық прогреске байланысты аударма проблемасы өріс алып отырғаны
мәлім. Халықтар арасындағы осындай тілдік байланыстардың тәжірибесінде
фразеологизмдер де сөбе-сөз, немесе калька жолымен аударылып, бір тілден
екінші тілге ену үстінде.
Жалпы фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып
келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі. Ал оны сөзбе-сөз аудару,
калькалау (фр. calque – көшірме) – өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай
сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер
арқылы дәлме-дәл көшіріп алу. Алайда бұл термин әдебиеттану тұрғысында
қолданылған жоғарыдағы лингвистикалық ұғымдарға басқа тілдің текстін
аударғанда түпнұсқа өлеңнің өлшемін, ырғағын сақтау деген қосымша түсінік
үстемеленеді.
Фразеологиялық сөз тіркестері біршама тұрақты лексикалық мағынаға ие,
сондықтан олардың аудармасы да толық ойды аударуға негізделеді. Мысалы:
It's high time- әлдеқашан (биік уақыт емес)
Take your time- асықпа (өз уақытыңда ал емес)
Help yourself- дәм тат (өз-өзіңе көмектес емес)
Сол секілді: жалқаулану, түк бітірмеу деген мағынаны қазақ тілінде
шыбық басын сындырмау десе, ал ағылшын тілінде Not to lift a finger
дейді.
Қатты ойлану деген мағынаны қазақ тілінде Басты қатыру десе, ал
ағылшын тілінде To ruck one's brain дейді. Сол сияқты: құрыту – Жермен
жексен ету, To wipe somebody off the ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі
Фразеология мәселелері
Фразеологиялық айналым сөздердің классификациясы
Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері
«Ойлау» фразеосемантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық баламалар типологиясы
Фразеология. Фразеологизмдерді аудару
«Абай жолы» романындағы тұрақты тіркестер
Фразеологиялық оралым және оның түрлері
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Пәндер