Ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ БӨЛІМ. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 ТІЛДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚВАРИАНТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі Ресми іс қағаздарды аударылуы. Зерттеу жұмысы аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформацияның ролі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:
1) таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
2) аудармадағы трансформациялық үрдістерді анықтау;
3) грамматикалық және лексикалық трансформацияның түрлері;
4) таңдалған мысалдардың мағыналарының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын талдау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.
«Ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация» атты бірінші бөлімде, «Ресми іс қағаздарды аударудың мәні және қоғамдық ролі» атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Алдашев А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.
2.Аудармашыға көмек// Астана – 2005, 63-69 бб.
3. Алдашева А. «Ресми іс – қағаздары»// Астана- 2000
4Жақыпов. Ж.А. Аударматануды аңдату//Астана- 200479-83 бб.
5. Ақыпбекұлы Ө. Тіл – мемлекет тірегі- Тараз, 2003 ж.
6. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу. —А. Жалын, 1991, 7-бет.
6. Бұл фактілер Алматы, «Жалын» баспасынан 1991 жылы «Екі тілде еркін сөйлейміз» сериясымен шыққан Джек Лондон «Қасқыр Полк» атты кітабының 1,2- беттерінен алынды.
7.Юсупов К. Толғауы тоқсан қызыл тіл- Егемен Қазақстан, 2001- 3 мамыр
8. Сэмюэл Н. Крамер.История начинается в Шумере. М. «Наука», 1991.
9. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы- Астана, 2000
10. Терминологиялық хабаршы, № 7- Астана – 2002
11. Терминологиялық хабаршы, №9 - Астана – 2004

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 4
1.1 АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ БӨЛІМ. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 ТІЛДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ВАРИАНТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі Ресми іс қағаздарды аударылуы. Зерттеу жұмысы аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформацияның ролі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:
таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
аудармадағы трансформациялық үрдістерді анықтау;
грамматикалық және лексикалық трансформацияның түрлері;
таңдалған мысалдардың мағыналарының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын талдау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.
Ресми іс қағаздарды аударудағы лексикалық және грамматикалық трансформация атты бірінші бөлімде, Ресми іс қағаздарды аударудың мәні және қоғамдық ролі атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.
Зерттеуде қолданылатын әдістемелер негізі. Зерттеуде негізгі тәсіл ретінде аудармалардың мәтінін түпнұсқамен салыстыра талдау тәсілі қолданылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

І БӨЛІМ. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ
1.1. АУДАРМАДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР

Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көп мән бердік. Алайда ресми іс қағаздарды аудару объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы.
Ресми іс қағаздарды аударуда бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталады. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.
Ресми іс қағаздарды аудару процесінде кездесетін бұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше төрт типке бөлінеді:
1. Орын алмастыру (перестановки);
2. Ауыстыру (замены);
3. Қосу (добавления);
4. Түсіріп тастау (опушения).
Бұлай бөлу, айта кету керек, шартты бөлу, жуықтап қана бөлу, өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса бірігіп, араласып келіп отырады.
Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сынарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.
Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдатуАстана- 200479-83 бб.

Сөз қосу (добавления) дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Мысалы, ағылшын тіліндегі “Some of them must be perfect palaces; the swimming-baths, the lounges, the restaurants the palm courts- really, it must be hard to believe thаt one is on the sea” сөйлемі қазақ тіліне ““Ия, тамаша болар еді”, - деп құптай кеттіп мен оны. “Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, мейрамханалары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары – жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді” деп аударылған. Cөйлемдегі the palm courts зат есімі қазақ тіліне пальма ағашы өсірілген саяжайлары еркін тіркесі арқылы берілген. Palm пальма, court аула болып аударылатынын ескерсек, автор аударма мәтініне пальма ауласы деп беруді місе тұтпай, қазақ тілді оқырмандарға the palm courts зат есімін түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне сөз қосу арқылы пальма ағашы өсірілген саяжайлары деп жеткізуді жөн көрген.
Келесі мысалдарды талдап көрелік: “He only actually lived in it a fortnight – then he advertised it to be let furnished”, “Ол да екі-ақ апта тұрып, сосын үйді жалға беретіні жөнінде хабарландыру жасайды”. Ағылшын тіліндегі a fortnight үстеуі қазақ тілінде екі апта мағынасын береді. Алайда мұнда бұл екі сөздің арасында -ақ демеулігі қолданылған. Сол арқылы сөйлемге шектеу, тежеу мәні қосыла берілген. Демек, бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған.
“It represented a tall, fair woman, with something subtly un-English in her face”, “Бұл бойшаң, аққұбаша келген әйелдің суреті болатын. Бірақ бет-әлпетінен оның ағылшын әйелі емес екені байқалады”. Түпнұсқа мәтініндегі fair woman зат есімі орыс тіліне блондинка, ал қазақ тіліне аққұба болып аударылады. Келтірілген аудармада бұл зат есім аққұбаша келген әйел деп аударылған. Бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған. Өйткені мұнда келген сөзі қосылып отыр.
Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. Мысалы, “Why did you, a young man of thirty-three, good -looking, fond of sport, popular with your friends, devote so much of your time to an elderly woman with whom you could hardly have anything in common?”, “Сіз отыз үш жастағы жас, әдемі, спортпен шұғылданып жүрген, достарыңыздың арасында беделіңіз бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігітсіз, ал соншама уақытыңызды жасы жетіп тұрған кәрі кемпірге арнауыңыздың себебі не?”. Бұл сөз түсіру моделіне жатады. Мұнда көрінетін мағынасын беретін looking сөзі берілмеген. Аудармашы тек good сөзін аударумен шектелген.
“They say, “I never eat flesh”, in a way that puts you right off your nice little beefsteak”, “Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің”. Бұл аудармада beefsteak зат есімі қазақ тіліне ет болып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тіліне сиыр, сиыр еті болып аударылады.
Сөз түрлендіру тәсілі де ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударғанда ең көп қолданылатын тәсіл. Өйткені, ағылшын тілі мен қазақ тілі сияқты екі түрлі топқа жататын тілдердің материалдарын аудару барысында мәтінге көптеп түрлендіру жасауға тура келеді. Ол түрлендірулер кейде семантикалық деңгейде, кейде морфологиялық, кейде синтаксистік деңгейде болуы мүмкін. Яғни, ағылшын тіліндегі сөздер қазақ тіліне үнемі сөз болып аударылмағанымен, ағылшын тіліндегі сөздердің құрылымы жағынан қазақ тіліндегі сөздермен сәйкестенуі келесі мысалдармен негізделеді. “If Sir Ambrose was intended victim, he might possibly have purloined a rare manuscript or two that no one else would miss” сөйлемі қазақ тіліне “Ал егер оның ойы сэр Эмброузды құрту болса, ол жан адам жоқтай қоймайтын сирек қолжазбаның бір-екеуін қымқырып кетер еді” болып, “Mr.Mayherne was practical, not emotional. He coughed again, took off his pince-nez, polished them carefully, and replaced them on his nose” сөйлемі “Жөтеліп қойып, адвокат көзәйнегін алып асықпай сүртіп, қайта киді” болып аударылса, “I want you to ascertain for me exactly how much is newspaper chatter, and how much may be said to be founded on fact” сөйлемі “Сізден үнқағаздардың шулатып жатқаны мен әлі де алда айтылатын әңгімелердің қаншалықты дәлелді деректерге негізделгенін анық біліп беруіңізді өтінемін” деп беріледі.
Түсіндірме түріндегі аударма да аударма үдерісінде жиі қолданылады. Аударма барысында кейде түпнұсқа тілдегі белгілі бір тілдік бірліктің баламасы бір немесе бірнеше сөзбен беріле алмауы мүмкін. Бұл жағдайда аудармашы түсіндірме тәсілін қолданады.
Түсіндірме түріндегі аударма аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын әдебиеттердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін сөздер тобын, яғни баламасыз лексиканы аудару тәсілі ретінде сипатталады және бұл аудару тәсілінің ерекшелігі - түпнұсқа тіліндегі бірліктің мағынасының аударма тіліне жайылмалы синтаксистік құрылымдар арқылы берілуінде.
Түпнұсқа бірлігі мен оның аударма тіліндегі баламасының арасында лексикалық сәйкестік болмайды немесе бұл сәйкестік едәуір төмен болып келеді, аударма тіліндегі баламаның ішіндегі синтаксистік байланыс әртүрлі болады, түсіндірме түрінде аударма жасау іс-әрекетінің автоматтылығы сөзбе-сөз аударуға қарағанда әлдеқайда төмен, дегенмен түпнұсқа мәтіндегі бірлікті аудару процесі автоматты түрде жүзеге асырылмайды деп қорытындылауға да болмайды және синтаксистік-кұрылымдық үлгі тұрақты болып келмейді.
Мысалы: “The trouble with you young fellows is that you are so cocksure nothing can exist outside your own philosophy that you get the wind up when something occurs to jolt you out of that opinion”, “Жастардың бір жаман жері сол, сендер өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін сыңаржақсыңдар. Ал енді әлгі сенімдеріңді басқа біреулер жоққа шығара қалса, зәрелерің кете бастайды”. Бұл сөйлемде қолданылған зат есім әтеш және сенімді деген мағыналарын білдіретін cock және sure сөздерінен құралған. Бұл күрделі сөзге аударма сөздікте өзіне сенімді деген мағына көрсетілген. Алайда аудармада ол сыңаржақ деп берілген, яғни оған өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін деген түсіндірме беріліп отыр. Осы түсіндірме арқылы өзіне ғана сену мәні қосыла беріліп отыр. Олай болмаған жағдайда тек сыңаржақ сөзінің өзі cocksure зат есімінің мағынасын толық аша алмас еді деп ойлаймыз. Сол себепті мұнда түсіндірме тәсілі қолданылған деп санаймыз.
Келесі “Emily French had been a strong-willed old woman, willing to pay her price for what she wanted” сөйлемін қазақ тіліне “Эмили Фрэнч өз есебіне шегедей, көңіліне ұнаған нәрсенің құнын жақсы білетін кемпір болатын” деп аударған.
Негізінде, ағылшын тілінде strong-willed сын есімі қазақ тіліне тікелей аударғанда өз тілектеріне, қалауларына мықты немесе берік деген мағынада жұмсалады, бірақ аудармашы оны қазақ оқырмандарының түсінігіне сәйкестендіріп өз есебіне шегедей деген тұрақты тіркес арқылы түсіндіре беріп отыр.
Алайда өз қалауларына, өз тілектеріне мықты немесе берік деп берсе де автор қателеспеген болар еді, өйткені ол қолданыс та қазақ ұғымына жат емес.
Аудармашының мақсаты мықтылық, берік деген мағыналарды шегедей сөзін қолдану арқылы беруді жөн санаған. Шеге-мықтау, бекіту, қатайту мәндерін де өз семантикасында қамтитыны белгілі.
Сонымен, аударма – адамзаттың ой әрекетінің ежелгі түрлерінің бірі. Қоғамдық тарихта түрлі тілде сөйлейтін топтар пайда болысымен, аудармаға қажеттілік пайда болған. Екі немесе бірнеше тілді немесе диалектіні меңгерген алғашқы ауызша аудармашылар әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар мен тайпалар арасындағы бірін-бірі түсіне алмау шектеуін шешуге ықпал еткен.

1.2. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Ресми іс қағаздарды аударудағы трансформацияның түрлеріне лексикалық аудару, шендестіре аудару жатады.. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық арқылы салалас құрмалас сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде жалғаулықтар сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты анықтауда ерекше қызмет атқармайды.
Жалғаулықтар қатыспай тұрып-ақ құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы мағынаны ажырата аламыз. Ал ағылшын тілінде жалғаулықтар құрмаластың компоненттері арасындағы мағынаны айқындап тұрады. Осы себепті ағылшын тіліндегі жалғаулықты байланысты қазақ тіліне жалғаулықпен аудару міндетті емес. Бұл жердегі аударудың мәні де осында.
Лексикалық аударулар. Бұл туралы негізгі мәселелер аударманың лексикалогиялық тұрғысына қатысты айтылды. Сондықтан біз бір ғана жайтқа ғана тоқталамыз.
Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береміз. Бұның бірінші тәсілін - нақтыландыру (конкретизация), екіншісін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.
Себеп пен салдарға байланысты ауыстыруларды Л.С. Бархударов лексикалық ауыстырулардың аясында қарастырады. Біздіңше, бұл мәселсе сөйлем шегінде қарастырылғаны жөн. Тіл фактілері осыны талап сееді.
Шендестіре аудару. (Антонимический перевод), шендестіре аудару дегеніміз - түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрде я, керісінше, түпнұсқадағы болымсыз мағынаны болымды етіп аудару.
Компенсация (орын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішінде емес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.
Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмауы көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келеді, міне, осыған байланысты қосу тәсілі қолданылады:
Қосуға байланысты тағы бір байқағанымыз аударма текстің оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауымен байланысты.
Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын сөздер түсірілуі мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады. Келесі бір кездесетін құбылыс, ағылшын тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрссту міндетті болмай қалады. Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмаласты құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгертпейді. Ал ағылшын тілі синтаксисі үшін бұл - принципті нәрсе. Сондықтан ағылшын тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады.
Сөз қылып отырған трансформациямыздың ерекше бір түріне түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп аудару жатады. Сабақтастық байланысты салаластық байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемндігі компоненттері жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі. Жалғаулық арқылы байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал ағылшын тілінен сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Ағылшын тіліндегі осы сипаттагы құрмалас сөйлемдердің кейбірі қазақ тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді.
Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформациялардың төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі.
1. Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;
2. Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;
3. Басыңқы сөйлемді бағынышты етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару;
4. Сабақтастың байланысты салалас етіп немесе салалас байланысты сабақтас етіп жеткізу;
5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықты етіп аудару.
Бұл трансформациялардың бірінші түрі орыс тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетінін байқадық, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударуда жиі кездеседі.

ІІ БӨЛІМ. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ АУДАРУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ
2.1. ТІЛДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ

Ресми іс қағаздарды аударудың мәні кез келген тілде басқа тілдерге де ортақ грамматикалық ортақ әмбебаптықтың болуы - заңды құбылыс. Дей тұрғанмен тұпнұсқа тіл мен аударма тілде грамматикалық сәйкестіктердің болуы сиректеу кездеседі, Осыдан келіп аударуда морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер туады. Тілдердің грамматикалық құрылысындағы айырмашылықтарға аударма теориясында ерекше орын берілуі де осыдан.
Ресми іс қағаздарды аударудың грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты - тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек. Мұндай ерекшеліктерге, мысалы, грамматикалық формалардың ықшамдылығы, сөйлем құрылымындағы, синтаксистік күрделі бірлікті құрастырушы сыңарлар арасындағы жарыспалылық, белгілі бір сөз табын неғұрлым жиі қолдану т.б. сипаттар жатады. Осы сияқты грамматико-стилистикалық бірліктерді аудару не болмаса аударма тілде бар аналогиялық құралдарды қолдану жолымен жеткізу аударманың міндеті болып табылады.
Жат тілдегі кейбір өзгеше грамматикалық құрылымдарды игеру қиын болуы мүмкін. Алайда осы сияқты тұлғалардың аударма тілге белгілі бір схема арқылы жететіні де болады. Мысалы: Я знал, что придешь деген орыс тілінің сабақтас құрмалас сөйлемінің бағыныңқы компоненті (что придешь) қазақ тіліне көбіне тура толықтауыш болып аударылады. Мұндағы ерекшелік сол, қазақ тілінде толықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жоқ. Бұл сияқты грамматикалық сәйкессіздіктерді аудару, әдетте, сөз тіркесі, сөйлем шегінде ғана жүзеге асады.
Бұдан аударманы үлгі қалыпқа көнеді деген ұғым тумасқа керек, өйткені:
біріншіден, әр тіл үшін басқа тілмен салыстырғанда мұндай ерекшеліктердің болуы әрқашан шектеулі екен;
екіншіден, бұл сияқты құрылымдарды жеткізуде, әрине, қатып қалған стандарт жоқ, аудару өзгермейтін, тұрақты бір рецептке жүгінбейді. Мұндайда да мүмкін болатын нұсқалардың бірін таңдап алуға тура келеді.
Грамматикалық балама таңдау да сол сөйлемнің басқа сөйлемдермен қарым-қатынасы, мәтіннің жанры, типі, стилі сияқты жайттарға байланысты болады. Мұны тәптіштей айтып отырған себебіміз - шетел тілін үйретуге арналған оқулықтарда, салыстырмалы грамматикаларда кейбір грамматикалық құрылымдар белгілі бір үлгі қалыппен аударылады деген пікір орнығып, қалыптасқан. Әрине, бірыңғайлықтан аулақ болуымыз керек, дегенмен аударма жүзесінде кейбір жиі кездесетін, типтік мәні бар тәсілдер мен оның нұсқаларын белгілеуге мүмкіндік бар.
Ресми іс қағаздарды бір тілден екінші тілге аудару мәселесін қарастыруда басты назарды әр тілдің өзіне тән ерекшелігі бар грамматикалық құбылыстарға аудару керек. Дегенмен ортақ грамматикалық сипаттары бар тілдердің аударма тілден өзгеше грамматикалық құрылымдарын аударма тілге қалай жеткізудің типтік жолын, мүмкіндігін табуға болады. Әрине, бұндайда әр тілдегі ерекшеліктердің көрінісін есепке алып отыру керек болады. Мәселен, орыс тіліндегі етістіктің сыпат санаттары ондай санат жоқ түркі тілдеріне (соның ішінде қазақ тіліне) қалай аударылатыны, қазақ тілінің оны жеткізе алатын мүмкіндігі қандай дәрежеде екенін назарда ұстау керек болады. Бұндай сәтте нақты бір тілдің (бізше, қазақ тілінің) басқа тілдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару
Лексиканы аудару ерекшеліктері
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары
Лексикалық бірліктерді іріктеу таңдау принциптері
Терминдерді аудару барысында трансформациялардың қолданылуы (ағылшын және қазақ заң терминдері)
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Балалар көркем әдебиетін аудару ерекшеліктері
БАҚ мәтіндерін классификациялау
Пәндер