Модальді етістіктердің аудармасы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
IБӨЛІМ. МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ АУДАРМАСЫ ... ... ... ... ... ... ...5
1.1МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕР КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬ ЕТІСТІКТЕРІ, МОДАЛЬДІ КОНСТРУКЦИЯЛАР МЕН ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3.АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
II БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1.АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬ СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
2.2.АҒЫЛШЫН ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ СӨЙЛЕМНІҢ КОММУНИКАТИВТІ ФУНКЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ

Курстық жұмысымның өзектілігі. Модальдылық термины әр түрлі ғылымдарда пайдаланады. Олар: философия, тіл білімі және әдебиеттану. Ол өлшем, тәсіл деген мағынаны білдіретін «modus» латын сөзінен шығады. Философияда кез келген объектінің тіршілігінің немесе құбылыстың өтуінің тәсілін білдіретін онтологиялық модальдылық және объектіні, құбылысты және жағдайды түсіну тәсілін білдіретін гнесеологиялық (логикалық) болып бөлінеді.
Модальдылық жайлы тұжырымдарды біз Аристотельдың ізбасарлары Теофраст және Евдем Родосской, кейін ортағасырлық схоластардың жұмыстарынан табамыз. Михаил Энштейн «Мүмкіншілік философиясында» гуманитарлық ойлаудың әр-түрлі салада модальдылықты зерттеуге түрлі тәсілдерді жинақтап қорытады. Кітаптың атауы айтып тұрғандай негізгі философиялық пайымдауларды автор мүмкінділік категориясының негізінде құрады. Негізгі мәселе ретінде философиядағы болмыс және білім, болмыс және ойлау деген категориялардың өзара қатынасын қарастырған. Оның кітабында мүмкінділік осы категориялардың тұжырымдауының негізі ретінде алынып, және осындағы мүмкінділік формальді-логикалық емес, гуманитариялық ойлауда модальділіктің ерекше түрі болып саналады.
Курстық жұмысымның мақсаты.Философиядағы негізгі сұрақтардың бірі мүмкінділікпен мен шындықтың арақатынасы болып отыр. Осыған негізделе көптеген ғалымдар мүмкінділіктің шындықпен байланысын көп зерттеген. Оларға В.Лейбництің мүмкін әлемдер бары туралы идеяның авторының ойлары, және оларды жоққа шығарған номиналист Д.Армстронгтың ойлары, сонымен бірге біздің өмір мен қатар паралельді басқа әлемдердің бар болу мүмкіндігі туралы ойлаған реалист Д.Льюистің гипотезелары, субьетивті жағдайға енгізілмейтін өзгертулерсіз классикалық метафизика (әлем осындай немесе осындай емес және ол осындай болып қала
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Абрамов В.П. Ағылшын фразеологиясының негіздері / ИЯШ, 1969

2. Аракин В.Д. Практический курс английского языка. 2 курс . - М., 2002.

Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдер. – А., 2003.
3. Аракина В.Д. Сравнительная типология английского и русского языка.-М
2002.
4. Бектұров Ш.“Қазақ тілі”, Алматы, Білім, 1994. 104 б.
5. Виноградов В.В. «Избранные труды». (Лексикология и лексикография.- М. 1977г.- с 140-161).
6. Вопросы языкознания. «Наука» 1990 г. - 102-105 б.б.
7. Вежбицкая А. Лексика мен прагматика құралы арқылы мәдениеттерді салыстыру. М., 2001
8. Вежбицкая А. Тіл. Мәдениет. Таным. М., 1997
9. Васильев Л.М. Семантикалық алаң теориясы //Тіл тану мәселелері. –М. -1971.-№5
10. Гальперин И. Р. Ағылшын тілі стилистикасы бойынша очерктер— Москва, 1958
11. Качалова К.Н., Крылова Е.В. Практическая грамматика английского языка. – Москва, 1998.
12. Каушанская В.О. Грамматика английского языка. 75-79 б.б.
13. Кузнецов А.М. Лексикадағы құрылымдық -семантикалық параметрлері- Москва, 1989
14. Кронгауз М.А. Семантика - Москва, 2001
15. Мұхтар Әуезов кітабы. Абай жолы, I-томы бойынша.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I БӨЛІМ. МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ АУДАРМАСЫ ... ... ... ... ... ... .. .5
1.1 МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕР КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬ ЕТІСТІКТЕРІ, МОДАЛЬДІ КОНСТРУКЦИЯЛАР МЕН ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3.АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..16
II БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...19
2.1.АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МОДАЛЬ СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 19
2.2.АҒЫЛШЫН ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
2.3. МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ СӨЙЛЕМНІҢ КОММУНИКАТИВТІ ФУНКЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .26
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Курстық жұмысымның өзектілігі. Модальдылық термины әр түрлі ғылымдарда пайдаланады. Олар: философия, тіл білімі және әдебиеттану. Ол өлшем, тәсіл деген мағынаны білдіретін modus латын сөзінен шығады. Философияда кез келген объектінің тіршілігінің немесе құбылыстың өтуінің тәсілін білдіретін онтологиялық модальдылық және объектіні, құбылысты және жағдайды түсіну тәсілін білдіретін гнесеологиялық (логикалық) болып бөлінеді.
Модальдылық жайлы тұжырымдарды біз Аристотельдың ізбасарлары Теофраст және Евдем Родосской, кейін ортағасырлық схоластардың жұмыстарынан табамыз. Михаил Энштейн Мүмкіншілік философиясында гуманитарлық ойлаудың әр-түрлі салада модальдылықты зерттеуге түрлі тәсілдерді жинақтап қорытады. Кітаптың атауы айтып тұрғандай негізгі философиялық пайымдауларды автор мүмкінділік категориясының негізінде құрады. Негізгі мәселе ретінде философиядағы болмыс және білім, болмыс және ойлау деген категориялардың өзара қатынасын қарастырған. Оның кітабында мүмкінділік осы категориялардың тұжырымдауының негізі ретінде алынып, және осындағы мүмкінділік формальді-логикалық емес, гуманитариялық ойлауда модальділіктің ерекше түрі болып саналады.
Курстық жұмысымның мақсаты. Философиядағы негізгі сұрақтардың бірі мүмкінділікпен мен шындықтың арақатынасы болып отыр. Осыған негізделе көптеген ғалымдар мүмкінділіктің шындықпен байланысын көп зерттеген. Оларға В.Лейбництің мүмкін әлемдер бары туралы идеяның авторының ойлары, және оларды жоққа шығарған номиналист Д.Армстронгтың ойлары, сонымен бірге біздің өмір мен қатар паралельді басқа әлемдердің бар болу мүмкіндігі туралы ойлаған реалист Д.Льюистің гипотезелары, субьетивті жағдайға енгізілмейтін өзгертулерсіз классикалық метафизика (әлем осындай немесе осындай емес және ол осындай болып қала береді). Алайда осы пайымдаулардың ешқайсысы мүмкінділіктің табиғатын түсіндіре алған жоқ.
2002 жылғы философиялық энциклопедиялық сөздікте модальділік жағдай мен болмыстың мүмкін түрі немесе тәсілі болып анықталған. Ол модальдылық туралы түсінікті негіз болатындардың қатарына жатқызып, болмыстың үш шын, негізгі шындық, мүмкіншілік және қажеттілік модальдылықтарына сүйене отырып, өзінің мүмкінділік теориясын құрады. Солардың ішінде айтарлықтай маңызды деп мүмкіншілік модальдылығын атап көрсетеді, өйткені ол екі басқа модальдылықты анықтайды.
Осы айтқандарды қорытсақ, кез келген зерттеу тілдің қатысуынсыз өтпейтіндігіне көз жеткіземіз.
Модальділік категориясы жайлы лингвистикалыұ тұрғыдан ой, пікірін Ш.Балли айтқан деп саналады. Батыс Еуропалық тіл білімінде Ш. Баллидің модальдылық концепциясы кеңінен таралған. Оның мәні кез келген айтылған сөзде негізгі мазмұнын (диктум) және диктумға қатысты айтушының интеллектуалды, эмоционалды және ерікті козқарасын білдіретін модальдық бөлігі (модус) атап көрсетуінде. Ғалымдардың түсіндіруі бойынша мұндағы диктум кең мағынада белгілі бір оқиғалардың, заттардың ұалпын (предметная ситуация) көрсетсе, модус диктумдағы субьектінің кім, не туралы, қашан, кімге не айтқанын (сөйлеу жағдаятын) білдіреді. Осыдан Ш.Баллидың модусты, яғни модальділік категориясын кең мағынада түсіндіргендігін көруге болады.
Жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытындыдан, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

I БӨЛІМ. МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ АУДАРМАСЫ

1.1. Модальділік категориясының түсінігі және түрлері

Тілдік модальділік тіл біліміндегі зерттеудің ұзақ уақыт бойы нысаны болып келеді, алайда оның негізгі белгіері, функционалды қасиеттері, типологиялық сипаттамасы және көрсеткіш формаларының семантикасы оны тілдік құрылудың бір бөлінбейтін классына жатқызуға жол бермейді. Ол мағынаның кең шеңберін қамти отырып, оның типологиясын тереңрек зерттеуінде мұқтаждық туып отыр.
Модальдылық категориясы тілдің әмбебап құбылысы болып табылады. Ол тілдің түрлі деңгейлерінде (морфологиялық, синтаксистық және интонация арқылы) көрініс табады. Бұл категория күмәнсіз мәтін сипаттамасында да көрініс табады. Модальдылықты жүзеге асыру аспектілерін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан.
Мәтін-әдебиетшілердің негізгі зерттеу нысаны болғандықтан, модальдылық категориясы әдебиеттануға мәтінді жалпылай сипаттайтын категория ретінде келді. Әдебиеттанудағы бұл термин модальдылық мағынаның конгломераты ретінде философиялық-этикалық категория және тіл біліміндегі категория ретінде айқындалды.
Модальділік категориясы-субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа. Ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлем мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады.
Көптеген тілдерде ғалымдар обьективті және субьективті модальділіктердің айырмашылықтарын ажаратуымен айналысқан.
А.М.Пешковский сөздер мен сөз тіркестері арасындағы қатынасты білдіретін категориялар бар екендігін айтады. Ғалым оларды обьективті синтактикалық деп атаса, ал сөйлеушінің осы қатынастарға қатысын білдіретін категорияны субьективті-обьективті синтактикалық деп атайды.
Автор осылардың қатарына сұрақ, леп білдіру, хабарлау, болымсыздық және болымдылық категориясн; қыстырма сөздер мен сөз тіркестерін және етістік пен есімдік категорияларын жатқызады. Модальділік категориясының обьективті және субьективті түрлеріне бөлінуі логикалық модальділіктің әсерініен болып табылады. Обьективті мағына формальді-грамматикалық орындалу тарапынан кез келген сөйлемге тән болады.
Тіл ғалымдарының пікірінше обьективті модальділік белгілі жағдаятта орын алған обьективті байланыстарды көрсетеді. Ал субьективті модальділік айтылған ойдың қаншалықты шындық екендігін білдіретін, қатынастың жеке түрінің берілуі және обьективті ақпаратқа сөйлеушінің субьективті қатынасы ретінде қарастырылады.
Адам сөйлегенде ол айтылғанға өз қатысын білдірмей және айтылғанның мазмұнының шындығына қатынасысыз хабарлай алмайды. Сөйлеуші өз ойын айту барысында айтылған ойдың мазмұнына өз қатынасын білдіреді. Онсыз ешқандай сөйлем құрала алмайды.
Субъективті және объективті модальділіктің арасындағы айырмашылық тек қана айтылатын сөйлемді құрудағы рөліне ғана қатысты емес, сонымен бірге оны белгілейтін денотативке де қатысты.
Кез келген айтылымның сипаты ретінде обьективті модальділік айтылғанның орындалу, орындалмауы тарапынан шындыққа қатынасын білдіреді. Обьективті модальділік таным актісі бағытталған кез келген жағдаяттарға тән обьективті байланыстардың сипатын білдіреді, әсіресе солардың ішіне мүмкіншілік, реальділік және қажеттілік байланыстары болып табылады. Модаль етістіктері мен рай категориясы оың тілдік көрсеткіштері болып табылады. Обьективті модальділік шақ категориясымен үйлесімді байланысқан.
Т.В.Парменова модальділіктің келесі қадамдарын айтылымды құру барысында сөйлеушінің коммуникативті интенциясының жүйелі өрбуі ретінде сипаттайды: 1) пропозицияның бар болуы; 2) сөйлеушінің пропозицияға қатысты негізгі ұстанымдарын анықтайтын айтылымның мақсаты коммуникативті рамка ретінде қарастыру; 3) сөйлеушінің айтылым жайлы жағымды немесе жағымсыз көзқарасы; 4) обьективті модальділіктің айтылымның мазмұнының реальділік немес ирриальділікке қатыстылық ретінде қарастыру; 5) өзектілік сөйлеушінің айтылғанның мазмұнының орындалуына деген бағасы ретінде қарастырылуы; 6) сөйлеушіге көптеген мағыналар реңкін білдіруге мүмкіндік беретін, міндетті емес факультативті субьективті модальді баға қосымша құрал ретінде қарастыру. Осылайша ғалымның пікірінше кез келген айтылымның модальділігі бірнеше деңгейлерден тұрады.
Обьективті модальділікке қарағанда субьективті модальділік айтылымдардың факультативті сипаты болып, сөйлеушінің айтылғанға қатынасын білдіреді. Сонымен қатар ол жағдайдағы ойдың шындығының деңгейін көрсетіп, шындықтың проблематикалық және категориялық сипатын көрсетеді.
Негізінен субьективті модальділікті енгізу және қарастыру сөйлемнің грамматикалық талдауынан мәтін талдауына әкелетін жол болып табылады. Субьективті модальділікті құрайтын мағыналар бір жақты емес және дәйекті зерттеуді талап етеді. Субьективті модальділіктің семантикалық көлемі, обьективті модальділікке қарағанда кең болып табылады.Г.В.Валимованың пікірінше субьективті модальділік сөйлем құрылымының факультативті сипаты болып, сөйлемнің лексикалық құрамымен тығыз байланыста болады және мағынасы мен формасы жағынан обьективті модальділікке қарағанда түрлі болып келеді. Әдетте субьективті модальділік обьективті модальділіктің шектеген шеңберіндегі сөйлеушінің қатынасын нақтылайды.
Сонымен бірге субьективті модальділік тілде бар айтылымдардың барлық классификациясын қамти отыра, интонация, қыстырма сөздер, модаль сөздер, сөз тәртібі, модальді мағынаны қамтитын көмекші сөздер және арнайы конструкциялар арқылы беріледі. Субьективті модальділіктің кең мағыналық аясына акценттеуді, сөз тәртібінің интонациясы, қайталанатын сөздер арқылы берілетін экспрессивті бағаны жатқызады. Сонымен бірге субьективті модальділік эпитеттер, лексикалық қайталау сөздері, эмоционалды реңкі бар грамматикалық формалар, стилистикалық қарсы қою (контраст) сияқты стилистикалық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қазіргі тіл білімінде субьективті модальділікке ғалымдар түрліше анықтамалар береді. Кең мағынада кез келген бағалауыш қатынас ретінде, ал тар мағынада айтылымның шындығына сөйлеушінің белгілі қатынасы ретінде қарастырылады.
Алайда субьективті модальді мағынаны кең мағынада алып қарастырған және субьективті модальді мағыналардың қатарына қосымша ақпарат, дәлдеу, деректеу, сілтеме, шектеу, қорытындылау, жалпылау, акценттілеу, сендіру, сенімділік, сенімсіздік, болжал жасау, қарама-қарсы қою, ойдың байланысын көрсететін құралдар, олардың тәртібі мен жүйелігі, сонымен қатар ақпарат көзі және сөйлеушіге оның назарын аудару үшін қолданылған қаратпа сөздерді жатқызған жөн. Біздің жұмысымызда субьективті модальді мағына көбінесе модаль сөздер мен етістіктер арқылы, ал субьективті-бағалуыш қатынас осы тіл құралдарынан басқа стилистикалық құралдары арқылы беріледі.
Субьективті модальді мағыналар модальді-экспрессивті болып аталады, осылайша олар сөйлеушінің айтылымға қатынасының сипаттамасын қамтиды және осындай қатынас әрқашан экспрессивті сипатқа ие. Осындай мағыналардың арасында 6 топ бөлінеді: 1) акценттілеу, айқындалған шектеу немесе екпін жасау, 2) жағымды немесе жағымсыз қатынастың бағасы; 3) утверждение және отрицание; 4) қалау; 5) анықтап алу (уяснение); 6) шындық тарапынан белгілерінің сипаттамасы. Ғалымдардың көбі обьективті және субьективті модальділіктің сәйкес келмейтіндігін айтады. Айтылымды түрлі жақтан сипаттай отырып олар диалектикалық бірлік бола отырып, бір айтылымда тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып, қосымша реңктерді білдіреді. Кез келген айтылым обьективті тіл құралдары арқылысөйлеушінің шындыққа деген субьективті көзқарасын білдіреді.
Алайда көптеген лингвисттер модальділікті субьективті және обьективті түрлеріне бөлуіне қарсы келледі. Олар тек қана сөйлемнің мазмұны мен обьективті шындық арасындағы байланысты қарастырады. Е.И.Беляева өз жұмысында оларға осындай сипаттама береді. Обьективті логикалық модальділік пайымдауда айтылатын ойдың мазмұнына сәйкес келеді және зат пен оның сипаты арасындағы онтологиялық байланысының сипаттамасына қатысты. Субьективті логикалық модальділік біріншіден онң шындыққа қатыстылығы тарапынан пайымдауда берілген ойдың сипаттамасына қатысты дейді.
Біздің пайымдауымызша модальділік категориясын субьективті-обьективті категория ретінде қарастыру қажет. Өйткені сөйлеу әректі кезінде шындықты бағалау субьективтілігі обьективті қатыстармен шектеледі.

1.2. Ағылшын тіліндегі модаль етістіктері, модальді конструкциялар мен демеулік шылаулар

Модаль етістіктерінің ешбір етістіктің грамматикалық категориясы жоқ (түр және ырыс), олардың баяндауыштың көрсеткіші бола алатын тек шақ және рай формалары бола алады. Осыған және оның предикативті емес (инфинитив, герундий, причастие) формаларының жоқ болуына байланысты модаль етістіктері ағылшын тіліндегі етістіктер жүйесінің шегінде тұрған жоқ.
Сөйлемде модаль етістіктері қызметтік функцияларын атқарады. Олар негізгі етістікпен берілген іс-әрекеттің мүмкіндігін, қабілетін, ықтималдығын білдіреді. Олар іс-әрекетті емес, ал тек модальді қатынасты білдіретіндіктен, олар ешқашан сөйлемнің мүшесі бола алмайды. Модальды етістіктер әрқашан тек тұйық етістігімен (инфинитив) үйлесіп, сөйлемде күрделі модальді баяндауыш бола алатын тіркестерді құра алады.
Модаль етістіктерің басқа етістіктеріне тән барлық формалары жоқ болғандықтан тапшы немесе жеткіліксіз етістіктер (Defective Verbs) болып табылады. Оның ашық райдағы, осы шақтағы, жекеше түрдегі 3 жақта -s флексиясының жоқтығы тарихи түрде түсіндіріледі: осы шақтың қазіргі формаларыбір кезде өткен шақтың формалары болған, ал қткен шақтың 3-ші жағында мүлдем жалғау болмаған. Must, should, ought to, will-would, may-might, need модаль етістіктері болжамның түрлі реңктерін білдіре алады. Ғалымдар модаль етістіктері обьективті шындықты, ал қыстырма сөздер субьективті шындықты білдіреді деп болжайды. Can және may етістіктері мүмкіндіті, must, should, might етістіктері міндеттілік мағынасынан басқа, perhaps, possibly, probably, certainly сықылды қыстырма сөздердің мағынасымен тығыз байланысты мүмкін және ықтимал іс-әрекетті білдіреді.
Ағылшын тіліндегі модаль етістіктер бірнеше модальді мағынаға ие болуы мүмкін. Модаль етістіктері жеке сөйлем мүшелері ретінде қолданыла алмайды.
Must етістігі әдетте фактілерге, білімге негізделген және сенімділікпен шекаралас болжамды білдіреді. Must етістігінің перфекті емес инфинитивпен үйлесуі болжамды іс-әрекеттің немесе қалыптың жасалған болжаммен мезгілдес болғанын білдіреді және осындағы болжам осы шаққа да, өткен шаққа да жатады.
Мысалы:
1) Your father must be nearly eighty now.
Сіздің әкеңіз қазір сексен жаста болса керек.
2) You must be hungry after your long walk.
Сіздің осындай ұзақ серуеннен кейін қарныңыз аш болса керек.
3) We must have taken a wrong turning.
Біз бұрыс жерден бұрылған сияқтымыз.
Must етістігі басым сенімділікпен айтылатын болжамды немесе мүмкінділікті білдіру үшін қолданылады. Сөйлеуші айтылған болжамды шынға ұқсас деп таниды. Бұл мағынада Must етістігі evidently, apparently, certainly, most likely, probably сияқты модаль сөздерінің мағыналарына сәйкес келеді.
Can-could осы шақ үшін can және өткен шақ үшін could сияқты екі формалары бар және to be able to конструкциясы дәл сондай мағынаға ие.
Can-could етістіктері істей алу қабілеттілігін, мүмкінділігін, мүмкін еместігін, күмәнді және таң қалу сияқты мағыналарын білдіреді.
1. Физикалық немесе ақыл-ес қабілеттілігі. Can-could етістігі істей алу деген мағынаны білдіреді. Ол физикалық қабілетпен бірге санаға қатысты қабілетті білдіреді. Could-Can етістігінің өткен шақ формасы болып табылады.
"Please dont, Mr.Kane," she pleaded. Oh, please don't. I can't! I can't! You mustn't!.".
2. Мүмкінділік немесе болжалдылық. Can етістігі болжалдылық мағынасында көбінесе болымсыз сөйлемде қолданылады да, ал сұраулы сөйлесде сирек қолданылады. Ол перфекті және перфекті емес инфинитивпен қолданылуы мүмкін. Перфекті инфинитивпен қолданылғанда Can етістігі болымсыз сөйлемде істі орындаудың мүмкін еместігін көрсетеді.
You can't really love me, or you wouldn't hesitate.-Сен мені сүйгенінің мүмкін емес.
"He cannot hope to carry it off successfully. Nobody can. He ought to marry her or he oght to quit"
2. Істің орындалуының мүмкін еместігі, күмән және таң-қалу.Осындай жағдайларда ол сұраулы және болымсыз сөйлемдерде бірдей кездесе береді. Көбінесе таң қалу сұраулы сөйлем арқылы беріледі.
Ертеректе Should-would етістіктеріміндеттілікті білдіретін етістіктің екі формалары болған. Біртіндеп тілдің дамуы барысында осы екі етістік екі түрлі модальді мағынаға ие бола бастады және жеке қарастырылды. Біртіндеп Should етістігі қалау мағынасын жоғалтып, міндеттілік мағынасынан басқа, болжалдылық мағынасын білдіреді.
It should be about five now.
Қазір сағат 5 болса керек .
May - might модаль етістіктері осы шақта may және өткен шақта might қолдаылатын екі формалары бар және to be allowed to мен to be permitted оған синонимдес болып келеді.
may - might рұқсат беру, сенімсіздік,мүмкінділік пен кінәләу мағынысын білдіреді.
Мүмкінділік мағынасына күмән немесе сенімсіздік реңкі қосылса, онда may етістігі қолданылады. Ол істің орындалу немесе орындалмау мүмкінділігін білдіреді. May модаль етістігі осында перфекті, я болмаса перфекті емес инфинитивпен бірге қолданылады.
It may rain tomorrow.
Ертең жаңбыр жаууы мүмкін.
I may be away from home tomorrow.
Мүмкін, мен ертең үйде болмаймын.
Сөйлеуші May модаль етістігін болжамының қаншалықты шын бола алатындығына күмәнданғанда қолданады. Осы жағдайда May модаль етістігі қазақ тіліне мүмкін модаль сөзімен аударылса, инфинитив ашық райда осы немесе келер шақта беріледі.
May модаль етістігі инфинитивпен бірге болжалдылықты білдіреді.
He may know her address.-Ол оның мекeн-жайын білетін шығар.
What might have followed if the child had been homely, misshapen, peevish, or all three, can scarcely be conjectured.
May модаль етістігі қазақ тіліне мүмкін, шығар деп аударылады. Оның өткен шақ формасы might етістігі болып табылады.
Might модаль етістігі кінәләу мағынасында да қолданылады. Осы мағынада тек might қана қолданылады may қолданыла алмайды.
You might have told me about. I wouldn't have lost my chance.
Shall.
Shall таза модальді етістік емес. Ол бірде модаль етістігі, бірде көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол сөйлеуші тарапынан сөз беруді, алдын ала ескерту, бұйыру және тыйым салу, қорқыту мағыналарында қолданылады.
1. Бұйрық. She shall go out today.
2. Алдын ала ескерту немесе қорқыту. "That's the last time!" she cried. "You shall never see me again!"
3. Сөз беру. I shal take you away. I shall marry you.
Will модаль етістігі.
Ол да тек қана модаль етістігінің қызметін атқарып қана қоймай, сонымен бірге көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол көбінесе сөйлеушінің ниет-пиғылын, қалауын, мақсатын немесе сөйлеушінің табынды тілігін білдіреді.
1. Қалау, мақсат. I won't go with you any more.
Will сонымен бірге сыпайы сұраулы сөйлемдерде қолданылады.
Will you have a cup of tea?
2. Болашақта орындалатын іске қатысты табандылық.
I will prove you that you were not right.
"Well, You mustn't worry. If you knew as much about life as I do, and about your neighbors, you would not cry. Your girl will be all right.
Would.
Would модаль етістігі will етістігінің өткен шақ формасы болып саналған. Ол да тілек және табандылық мағынасында қолданылыды, да істің орындалатындығын не орыналмайтындығын білдіреді.
She was going away and would not say where she was going.
I asked him not to bang the door, but he would do it.
Dare.
Модаль етістігі бір істі істеуге батылдығы бар немес жоқ екендігін білдіреді.
He didn't dare to meet her.
Need модаль етістігі
Need модаль етістігі қажеттілікті білдіріп, қазақ тіліне керек, қажет деп аударылады.
We need talk of this no more.-Бізге осы туралы сөйлесу керек емес.
"I shan't go upstairs. I shall go hom. I must go home.".
Күмәндану мағынасындағы модальділіктің берілу тәсілдерін бірнеше топқа бөлуге болады. Осы етістіктермен қолдаылған модальді конструкциялар:
А) seem
It seems (to mehim) + that-clause, there seems (to be), It seems as if as though...
It seems to her as if the world was her.
Маған ... депсияқты көрінеді
б) appear көрінеді
It appears (to me him) + that-clause - Маған ... сияқты көрінеді.
2. Модаль сөздер және демеулік шылаулар:
hardly, scarcely - Әрең дегенде, сияқты, күмәнді.
3. Модальді фразалар: I doubt if...
I am not certain + that-clause, It is doubtful + that-clause
It looks (to me him) as if as though...
Күмәнданамын
It was doubtful that it could happen.
Ағылшын тілінде сенімділік certainly, surely, perhaps, probably, maybe күшейткіш сөздері, яғни лексикалық тәсіл арқылы беріледі сонымен бірге it seems, it is sure, unlikely to be сияқты лексика-синтактикалық формалары және конструкциялары арқылы беріледі және I suppose, I think, I guess, I'm sure, I have no doubt сияқты модальді фразалар арқылы беріледі.
Ағылшын тіліндегі демеулік шылау
Демеулік шылау деп ағылшын тілінде сөздердің немесе сөйлем ішіндегі сөз тіркестерінің мағынаны күшейту, дәлдеп айту, болымсыдықтықты білдіру үшін қолданылатын көмекші сөз табы. М.А. Беляева демеулік шылаулардың екі негізгі тобын атап көрсетеді.
Болымсыз демеулік шылау not (n't):
Ол етістіктердің болымсыз формаларын жасау үшін қолданылады.
I don't smoke. - Мен темекі шекпеймін.
My elder brother is a ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын грамматикасы
Жазбаша аударманың ережелері
Аударманың грамматикалық ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары
Ағылшын модальді етістіктері
Тұлғасыз баяндауыштың ерекшелігі
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
Пәндер