Көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І БӨЛІМ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОРЫС ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... ... .5
1.1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР МӘТІНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ...5
1.2. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... 7
1.3 АУДАРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТЕОРИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ БӨЛІМ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ МАҚСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ АУДАРУДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 АУДАРМАНЫҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі мақал-мәтелдердің ағылшын тілінен орыс тіліне аударылуы. Зерттеу жұмысы аударылу ерекшеліктері болып табылады.
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері – көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:
-таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
-көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аудару жолдарын анықтау;
-көркем шығармаларды орыс тілінен тіліне ағылшын аудару кезіндегі мәселелерді қарастыру;
-таңдалған мысалдардың мағыналарының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын талдау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.
«Көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер» атты бірінші бөлімде, «көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудың лингвистикалық сипаты» атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады. Ағылшын тілінің рухани қоры мен мұрагерлік қазынасынан бастау ала отырып, бүгінгі танымдық ұстанымдарға үйлесе жалғасқан көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негіздерін анықтап талдау арқылы өзекті мәселелерді шешу, көркем шығарманы аудару теориясының өзіндік даму бағыты орыс ұлтының заңды динамикалық өсуінің, өркениетті өрлеуінің жемісі, қоршаған
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Гарбовский Н.К., Гарбовский Н.К. Теория перевода. - М.: Изд-во Моск. ун-та, 2004.
2. Дубровин М.И. Английские и русские пословицы и поговорки. - М: Просвещение, 1993. – 678с.
3. Дубравин М. Английские и русские пословицы и поговорки в иллюстрациях. – М.: Просвещение, 1995.
4. Казакова Т.А Художественный перевод. Учебное пособие Санкт-Петербург 2002
5. Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты).М.:1990.,
6. Козырев М.А Экспрессивность текста и перевод. - Изд-во Казанского университета, 1991. – 280с.
7. Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. Воронеж: Изд-во Воронежского университета,1989. -192 с. Мақал – мәтелдерде ағылшын сабағына қолдану// Иностранные языки в школе, 2005
8. Кузьмин С.С., Шадрин Н.Л. Русско-английский словарь пословиц и поговорок. - М: Русский язык, 1989. – 835с.
9. Морозова Л.А. Художественные формы пословиц // Вопросы жанров русского фольклора. Москва: Изд-во Московского университа,1972. -с.3-16.
10. Пермяков Г.Л. Пословицы и поговорки народов Востока. Москва: Наука, 1979. -671 с.
11. Русские пословицы и поговорки. Под ред. Аникина В.П. – М: Издательство «Художественная литература», 1988. – 4с.
12. Федоров А.В., Основы общей теории перевода Санкт-Петербург 1999

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

І БӨЛІМ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОРЫС ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... ... .5
1.1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР МӘТІНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ...5
1.2. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... 7
1.3 АУДАРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ АРНАЙЫ
ТЕОРИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .11
ІІ БӨЛІМ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .13
2.1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ
МАҚСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 13
2.2. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ АУДАРУДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..18
2.3 АУДАРМАНЫҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...25
ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26

КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін,
немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі мақал-мәтелдердің ағылшын
тілінен орыс тіліне аударылуы. Зерттеу жұмысы аударылу ерекшеліктері болып
табылады.

Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері – көркем шығармаларды орыс
тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер.

Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі
нұсқаулар:

-таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;

-көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аудару жолдарын
анықтау;

-көркем шығармаларды орыс тілінен тіліне ағылшын аудару кезіндегі
мәселелерді қарастыру;

-таңдалған мысалдардың мағыналарының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын
талдау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Берілген мақсаттарды іске асыру
мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық
маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.

Көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы
ерекшеліктер атты бірінші бөлімде, көркем шығармаларды орыс тілінен
ағылшын тіліне аударудың лингвистикалық сипаты атты екінші бөлімде,
қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады. Ағылшын тілінің
рухани қоры мен мұрагерлік қазынасынан бастау ала отырып, бүгінгі танымдық
ұстанымдарға үйлесе жалғасқан көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми
негіздерін анықтап талдау арқылы өзекті мәселелерді шешу, көркем шығарманы
аудару теориясының өзіндік даму бағыты орыс ұлтының заңды динамикалық
өсуінің, өркениетті өрлеуінің жемісі, қоршаған дүниені тануға талпынған
болмысының тілдегі көрінісі ретінде танылды және көркем шығарманы
аударуды жан-жақты меңгеруге ықпал ететін терминдер бір жүйеге келтіріліп,
оларға ғылыми негізде түсініктеме берілуі.

Көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негізін анықтау арқылы, оның
универсалды ұстанымдары мен ұғымдарын талдап көрсету негізінде жалпы
лингвистика салаларының даму сипатын жүйелеу мүмкіндігі пайда болады.
Зерттеудің нәтижелері, теориялық тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары көркем
шығарманы аудару теориясы туралы маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік
береді.

Зерттеуде қолданылатын әдістемелер негізі. Зерттеуде негізгі тәсіл
ретінде аудармалардың мәтінін түпнұсқамен салыстыра талдау тәсілі
қолданылған.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, ІІ бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

І БӨЛІМ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОРЫС ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР

1.1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР МӘТІНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан
әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген
қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі
жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-
қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы
осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан
қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де
болады.

Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала.
Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы
“Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін
емес.

Олай дейтініміз – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының
лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне
қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда
ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма
теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік,
мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі.

Ағылшын тілінде жазылған көркем шығармаларды орыс тіліне аударуда
шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен
аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы.

Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға бағытталған аударма
зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде зерделенген көркем
шығарманы аудару теориясының басты қағидалары мен ұстанымдары.

Зерттеудің мақсаты – көркем шығарманы аудару теориясының концептуалдық
жүйесі мен когнитивтік парадигмасын тіл білімінің аудармалық сипатын
танытар әрі әлемдік қордың маңызды ғылыми арнасын құрар қағидалар тізбегі
ретінде анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
• ағылшын тіл біліміндегі аударматану теориясының даму ерекшелігін
зерттеу, оның негізгі кезеңдері мен бағыттарына сипаттама беру;
• шетел ғалымдарының тілдік тұлғасын ағылшын тілі мен мәдениетінің,
әлемдік құндылықтарының негізгі бірліктерін жан-жақты меңгерген
зерттеушілер ретінде бағалау;
• ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың концептуалды және
когнитивтік тұжырымдамалық қорын дәстүрлі және тың бағытта негіздеп
талдау;
• аударматану теориясының танымдық негізде қалыптасып даму бағытын
уәждейтін ұғымдық бірліктерді жүйелеу, олардың халықтық дүниетаныммен
сабақтастығын, идеялық және мағыналық болмысын түсіндіру;

• көркем шығарманы аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік
парадигмасын анықтау, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын
таныту;
Ағылшын тілінен көркем шығарманы аудару теориясының даму сипатын
айқындау, оның когнитивтік лингвистика ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын
зерделеу үшін ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап аударма саласында дүниеге
келген зерттеу жұмыстары, арнайы когнитология саласында жазылған
ізденістер мен лексикографиялық еңбектер негізге алынды.

1.2. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Көркем шығармаларды аудару мәселелерінің қалыптасып, дамуы диалектика
мен динамика заңдылықтарына сүйенетін құбылыстардың бірі деп
танылатындықтан, үнемі толығу, өзгеру үстінде болатын тұжырымдар тізбегі
деп сұрыпталады. Көркем шығармаларды аударуды зерттеу бағыттарын бір-
бірінен туындайтын логикалық байланыстар нәтижесі деп дәйектеген ғалымдар
барлық тілдерге тән қағидаларды сұрыптау мақсатында лингвистикалық
салаларды, категорияларды сипаттайтын жеке тілдік деректерді салыстыра-
салғастыра қарастыру қажет екенін ескертті. Нәтижесінде көркем шығарманы
аударудың өз даму принциптерін сұрыптауға болатын ұстанымдар желісі
анықталып, жалпы ереже - тіл атаулының барлығына тән, күллісіне ортақ
жалпы заң; жалқы ережелер – әрбір тілдің өзіндік даму ерекшеліктерін
сипаттайтын нормалар болып есептелді. Көркем шығармаларды аударудың
маңыздылығын айғақтаған тілшілер кез келген тілдің қоғамдық құбылыс
ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтарымен
қатар нақтылы бір тілдің өзіне тән, оны басқа тілдерден бөліп қарауға
мүмкіндік беретін жеке заңдарын ажырата білу қажеттігіне баса назар
аударды, сондықтан бүгінгі күні олар жеке тілдік дәлелдерді жалпы тіл
табиғатын да, қызметін де, өзге құбылыстармен байланысу принциптерін де
түсіндірерлік мәселелер қатарында қарастырған дұрыс деп есептеледі.. ХХ
ғасырдан бастап нормативті грамматикалармен қатар, тілге жаңа қырынан зер
салу, оның ішкі идеялық философиясына назар аудару, антропоцентристік
сипатын талдап қарастыру аударманы дұрыс жасау сияқты мәселелердің
өзектелуіне әсер етті.

Көркем шығармаларды аударудың тарихи қалыптасуы мен теориялық дамуы
алуан түрлі ұғымдардың да лингвистика шеңберінде қолданыс табуына себепкер
болды. Өзге ғылымдармен тығыз байланыс құрай отырып, тіл білімі
пәлсапалық, қоғамдық, психологиялық терминдерді тілдік ізденістерге арқау
етіп, ғасырлар тоғысында жаңа міндеттер шешу мүмкіндігіне ие болды, соның
арқасында қазір аударма пәнаралық шекараларды жаңаша белгілеумен қатар,
ғылыми тұтасудың да өзгеше үрдісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл процестердің
астарында адамзат болмысын ерекше қабылдау, қоғамдық қатынастарды жан-
жақты түсіну, ғылыми зерттеу мүмкіндіктерін жаңа бағытқа жұмылдыру
әрекеттері байқалады. В.С.Виноградовтың, Комиссаров В.Н. аударматану
зерттеулерінде қазіргі заманға сай аударманың ерекшелігін түсіндіре
келіп, әр түрлі жанрдағы көркем шығармаларды аударудағы кездесетін
қиындықтарды айқындай келіп аударуға ғылыми түрде нұсқау береді.Көркем
шығармаларды аударудағы кездесетін қиындықтарды атай келе, кейбір
аудармаларда автордың бейнелеуі емес,аудармашы көзқарасын білдіру сынды
мәселелер кездеседі . Атропоцентристік бағыттың өріс алуымен, тіл тарихының
зерделенуімен әрі танымдық ұстанымдардың маңыздылығымен айғақталар бұл
ұғымның мағыналық болмысы бірден айқындала қойған жоқ.

Көркем шығарманы аудару теориясы аясында байқалар ағымдық және
бағыттық ерекшеліктерге қарамастан, бұл зерттеулердің шын мәніндегі жаңа
өзгерістерді түсінуде, ең бастысы, теориялық лингвистиканың адамдық
факторды өзектеудегі орнын айқындап көрсетуде атқарар маңызы зор [4; 5],-
дей келе, зерттеуші аударматанудың лингвистика тарихындағы үлесіне, тіл
туралы көзқарастарды жүйелеудегі қажеттілігіне, сол сияқты тіл хақындағы
жаңа шындыққа негіз болар болмысына көңіл бөлді, соның негізінде дамитын
идеяларды ол келесі үлгіде топтап берді:

- аударма нақты ғылым саласында қол жеткізген нәтижелерге сүйенеді;

- ол ғылыми қауымдастықтың сол нәтижелерді қабылдауын негізге алады;

- көркем шығарманы аудару белгілі бір үлгі бойынша нақты мәселелер мен
олардың шешімін модельдеу идеясын қолдайды [4; 6].

Тілдің тарихын білу деген сөз – оның өңіп-өскен жолын білу деген.
Демек, тілдің сонау ұзақ жолда қандай өзгерістерге ұшырағанын, оған неге
ұшырағанын білу керек. Бұрынғыны білу жай әншейін мақсат емес, тілді
меңгерудің бір амалы,- деп аударматану ғылымының қалыптасу тарихын
зерделеген В.С.Виноградов пікіріне сүйенер болсақ, тілдің өңіп-өскен
негіздерін бағалау арқылы тіл ғылымының өзекті мәселелері өз шешімін табары
анық. Бүгінгі таңда ағылшын тіл білімінде ерекше көңіл бөлініп, тыңғылықты
зерттеулерді қажет етіп жүрген проблемалардың бірі және бірегейі – ағылшын
тіл білімі теориясының қалыптасу тарихы, әртүрлі лингвистикалық салалар
бойынша даму ерекшелігі, аударманың әлемдік деңгейде алар орны мен қосар
үлесі. Осы тұрғыдан келгенде, сан алуан тілдік тұжырымдардың орнығу
“соқпақтарына” зер салу, олардың мазмұндық сипатын жан-жақты зерделеу аса
маңызды. Өзге тілдердің қатарында ағылшын тілі де ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап зерттеушілердің нысанына ілікті.

Қоршаған әлемді тану, оның тілдік бейнесін жасау міндеттерін шешуден
бастау алған когнитивтік лингвистика шеңберінде ағылшын тілінен көркем
шығарманы аударудың ұғымдық бірліктері сараланып, оның алғашқы әлем
әдебиетіндегі шығармалар туған тілімізге тәржімеленіп, сөз өнеріміздің
қоржынына қосылды. Аударматануға орыс прозасындағы таланттардың бәрі
дерлік тартылып, аударма арқылы ұлттық көркем шығармаларымыздың көркемдік
құралдары анағұрлым молыға түсті. Ағылшын және басқа да тілдердегі
көркем шығармаларға аударма жасау кең құлаш жайды. Бұл қазынаны
мыңжылдықтар межесінде, ғасырлар айрығында талдап, таразылаудың әбден жөні
бар:

-ағылшын лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму сипаты
реттілікпен жіктеліп, жекеленген теориялардың көркем шығарманы ағылшын
тілінен орыс тіліне аударудың жаңа бағыттарымен сабақтастығы көрсетілді;

-тілдік құралдардың танымдық қызметіне орай бес түрлі кезеңнің
өзгешелігі, олардың теориялық мәселелері анықталып; әр кезеңнің объективті
және субъективті алғышарттары негізінде көркем шығарманы аударудың
қалыптасуына әсер етер әлеуметтік-мәдени ортаның маңызы айқындалды;

-шетел ғалымдарының тілдік тұлғасын ағылшын тілі мен мәдениетінің,
әлемдік құндылықтарының негізгі бірліктерін жан-жақты меңгерген
зерттеушілер ретінде бағалау;

-көркем шығарманы аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік
парадигмасын анықтау, сол арқылы танымның күрделі табиғатын ғылымдар
тоғысына сүйене отырып зерделеу;

-көркем шығарманы аудару теориясының әлеуметтік негіздерін қоғамдық
факторлардың жалпы адамзаттық танымға әсер етер өзгешелігімен дәйектеу;
психологиялық табиғатын адамдық фактордың өзектелуімен байланыстыру;

-көркем шығарманы аудару теориясының халықтық танымнан бастау алар
қағидаларына мән беру, этникалық таным, ұлттық бейне, әлемнің тілдік
бейнесі, халықтық дәстүр сынды ұғымдардың қолданылу аясына назар аудару
және мәдени нормалар мен тілтанымдық заңдылықтардың арасалмағын айқындау,
тілді экстратанымдық факторлардың тоғысымен дәлелдеу.

1.3 АУДАРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ АРНАЙЫ

ТЕОРИЯЛАРЫ

Қазақстанда ағылшын тіл білімінің сан салалы теориялық ұстанымдарын
бүгінгі күні тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтай отырып, көркем
шығарманы аударуда шғарманың мазмұнын сол қалпында және оқырманға әсерлі
етіп маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндіктен, олардың жалпы және
жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік белгілерін сұрыптау, өзге ізденістер
қатарында ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың алар орнын нақтылау
қажеттігі ғалымдардың алдына тың әрі көкейтесті мәселелер қойып отыр.
Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған
әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі көркем
шығарманы аудару лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік
лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп
келеді. Осыған орай, көркем шығарманы орыс тіліне аударудың концептуалдық
қоры мен әдіснамалық негізі де құнды зерттеулердің дүниеге келуін
қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Орыс топырағында қалыптасып,
ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан тілтаным теориясының ғылыми
негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады. Тіл
табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған
аудармашылар тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан
бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп
бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой
таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен
мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы тілдік
бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға
мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және
танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісін кеңейте түспек. Бұл күні
ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын
айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі
когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде
күн тәртібіне еніп келеді. Ағылшын лингвистикасының тарихын тілтаным
теориясының қалыптасуымен байланыстыру, соның негізінде жекеленген
тұлғалардың тілтанымдық тұжырымдарымен танысу, сол арқылы орыс халқының
төл қазынасын құрайтын құндылықтарына зер салу, оларды зерттеу нысанына
қарай арнайы бағыттарға топтап қарастыру – барлығы дерлік ағылшын тіл
біліміндегі когнитивтік ұстанымдардың бастамасын зерделеуге, олардың
негізін әлемдік қордың бір бөлшегі есебінде бағалауға көмектеседі, яғни
ағылшын тіл білімінің тарихы негізінен бастау алатын аударматану теориясы
уақыт сұранысынан туындай келіп, қазіргі жалпы лингвистиканың көкейтесті
мәселесіне айналғаны көпшілікке мәлім.

Демек, бүгінгі көркем шығарманы аударудың атқарар қызметі де, жол
бастар соқпағы да айрықша. Оны ұсынылып отырылған көркем шығарманы аудрудың
тұжырымдары, бір жүйеге келтірілген универсалды принциптер, топталып
берілген когнитивтік ұғымдар мен бағыттар парадигмасы сөзсіз, дәйектей
түседі.

Көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері – лингвистика
заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін
сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу 
қарастыратын көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері тәржімесі –
алдымен әдебиеттану нысаны.

ІІ БӨЛІМ. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

2.1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ МАҚСАТЫ

Тарихшылдық ұстанымына негізделген салғастырмалы-типологиялық көзқарас
қай елдің де әдебиетіндегі тәржіме жәдігерліктерінің идеялық-көркемдік және
эстетикалық құндылығын анықтауға мүмкіндік беретіндігі, біз әдеби
байланыстар жүйесінде ненің аударма ашып алуға ұмтылуға тиіс екендігіміз
айтылады. Алдағы кезде орыс әдебиетіне көркем шығарманы ағылшын тілінен
аудару қазіргіден тереңірек зерттеледі деп сеніммен айтуға болады

Төл әдебиетімізде аударма арқылы дүниеге келген шығармалардың үлкен
бір саласы – прозалық туындылар. Шынтуайтына келгенде, орыс шығарма
аудармасының өзіндік ерекшелігінің келісті көрінетін бір тұсы да осы.

Ағылшын жазушысы Эрнест Хемингуэй шығармасының қазақша аудармасы
тұтастай алғанда тілі жеңіл,сөз саптау шеберлігі тілтанудың заңдылықтарына
сәйкес. Жазушы шығармасында сиқырлы сөз сазы да орыс жазушыларына
алдыртпай келе жатқан асу. Эрнест Хемингуэй шығармасының жекелеген
тұстары, тұрақты сөз тіркестері қазақша жатық, табиғи шыққанымен, тұтастай
алғанда, сырлы саздылық, төгілген тіл өрнегі, метафора айшықты ашылған.
Бір мәтіннің бірнеше рет тәржімеленуі әртүрлі мағынаны сан түрлі етіп
жеткізу арқылы тілдің ішкі мол мүмкіндігін аша түсетіндігімен де пайдалы.
Оның үстіне кейбір, аса күрделі шығармалардың аудармалары салған беттен
сәтті бола қалуы мүмкін емес те екендігі тағы бар.

Тарауда тәржіме тарихына қысқаша шолу жасау арқылы әлемдік аударма
өнеріне тән эволюциялық бел-белестердің бәрін ұлттық аударма өнері де басып
өткені дәлелденді. Көркем шығарманы аударудың басты өлшемі – оқырманға
әсері. Аудармаға қойылар басты талап – түпнұсқаның әсерін жасау. Ол
әсерге аудармашының қалай қол жеткізетіні – бөлек мәселе. Көркем
шығармаларды аудару мәселелерін талдаған бұл тарауда аудармашы түпнұсқаны
өзге тілде орындауы үшін аспапты, яғни тілді, сол тілдегі көркемдік
құралдарды ауыстыратыны нақты мысалдармен көрсетіледі. Бұл істе түсіну,
зерттеу (идентификация) мен өзектен өткізудің (эмпатия) орны үлкен. Орыс
аударма өнерінде герменевтика мәселесінің әлі күнге шешілмегені
алаңдатарлық. Тәржіменің бірқатарында қателіктердің біразы мәтіннің мәнін
түсінбеуден кететін қателіктердің жоқтығы, әдеби тілдің тазалығы,
стилистикалық стилі шығарманың авторының жетістігі.

Бұл тараушада пішін мен мазмұн бірлігіне қол жеткізу, эвфонияны қалпына
келтіру, бунақ, буын, ұйқас, ырғақ, метафора, перифраз, идиома, интонация
құбылыстары әртүрлі қолданыстары арқылы көрсетілді.

Кезкелген тәржіме тіліне қарап сол кезеңдегі ұлттық әдеби тіл
деңгейіне баға беруге болады, әрі тілдің тарихын қалыптастыруға да
мүмкіндік ашылады. Ағылшын тілінен көркем шығармаларды аудару көркемдік
құралдарын қалай байытқаны бұрын бізде болмаған шалыс ұйқастан, он буындық
тармақтардан, тасымалдың тың түрлері арқылы өлең мақамының өзгеруінен де
танылады.

Тілдің өзіндік сипатына байланысты тәржіменің түпнұсқадан да асып түсуі
мүмкін деген ой ортаға салынып отыр. Мәселе мынада. Аударма – өлшемге
байлаулы өнер. Ақ өлеңнің де өзінің ішкі ырғағы бар. Ақын қай шумақты
құрағанда да ырғаққа, ұйқасқа, буынға, бунаққа қарамай тұрмайды. Соған орай
оның өз ойын, өз тұлғасын, өз бояуын дәйім дәл өзінің көздегеніндей етіп
жеткізе алмауы әбден мүмкін. Мұның өзі ең мінсіз деген шығармалардан да
табылуы мүмкін. Сол ойдың, сол тұлғаның, сол бояудың өзге тілдегі өзге
ырғаққа, өзге ұйқасқа, өзге буынға, өзге бунаққа түпнұсқадағыдан да
әуездірек, әрлірек болып түсуі де мүмкін.

Ол әрбір халықтың тарихының, тұрмысының, сенім-нанымының, әдет-
ғұрыптарының, үйренген үрдістерінің, талғамының ерекшелігінен құралады.
Аудармашының еңсеруіне тура келетін қиындықтарының ең үлкенінің бірі ұлттық
пішіннің ерекшеліктерін дәл ұстай білу.

Дубровин М.И. Шал мен теңіз шығармасын мына үзіндіден:

The old man looked carefully in the glimpse of vision that he had. Then
he took two turns of the harpoon line around the bitt in the bow and hid
his head on his hands ... .[1]

Шал қашан көзі бұлдырағанша, одан жанарын тайдырмады. Көзінің алды
кайтадан тұмандана бастағанда, ол гарпунның бауын діңгекке екі қайыра орады
да, басын қолына сүйеді.

Осы үзіндіде тайдырмады етістігі метафоралық тәсілмен өзінің тікелей
мағынасынан шығып, стильдік жаңа ұғымда жұмсалған. Мұндағы қолданылған
метафораның ойды бейнелі түрде жеткізгендігі.

The fish had turned silver from his original purple and silver, and the
stripes showed the same pale violet colour as his tail. They were wider
than a man’s hand with his fingers spread (cөздік гипербола)and the
fish’s eye looked as detached as the mirrors in a periscope or as a saint
in a procession.

Енді балықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ
Қазақ поэзиясының тарихи контексті
Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ
Аударма
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Аударма өнері және көркемдік түсініктері
Пәндер