Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері



Тақырыбы Ағылшын тілінен көркем шығарманы аудару теориясы
Жоспар
І Көркем шығармалардың аударылу ерекшеліктері
1.1 Көркем шығармалар мәтінінің ерекшеліктері
1.2. Аударма теориясының негізгі ұғымдары
1.3 Аударманың жалпы, жеке және арнайы теориялары
ІІ . Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
2.1 Көркем шығарманы аударудың лингвистикалық сипаты
2.2. Көркем шығарманы аударудың стилистикалық сипаты
2.3 Аударманың психолингвистикалық классификациясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.
Олай дейтініміз – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы¬лық, стилистік дарын да талап етіледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын тілінде жазылған көркем шығармаларды қазақ тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы.
Зерттеу нысаны. Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға бағытталған аударма зерттеушілерінің танымдық
Пайдаланылған әдебиеттер
Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты).М.:1990.,
І.Кеңесбаев, Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977
Жақыпов Ж. А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2005
Г.Жұмайқызы, Аударма ісі Алматы 2004
А.В.Федоров, Основы общей теории перевода Санкт-Петербург 1999
Н.К.Гарбовский, Гарбовский Н.К. Теория перевода. - М.: Изд-во Моск. ун-та, 2004.
Т.А Казакова Художественный перевод. Учебное пособие Санкт-Петербург 2002

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы Ағылшын тілінен көркем шығарманы аудару теориясы
Жоспар
І Көркем шығармалардың аударылу ерекшеліктері
1.1 Көркем шығармалар мәтінінің ерекшеліктері
1.2. Аударма теориясының негізгі ұғымдары
1.3 Аударманың жалпы, жеке және арнайы теориялары
ІІ . Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу
ерекшеліктері
2.1 Көркем шығарманы аударудың лингвистикалық сипаты
2.2. Көркем шығарманы аударудың стилистикалық сипаты
2.3 Аударманың психолингвистикалық классификациясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып -
құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге
құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе
екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем
халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни
трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің
ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты
біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
 Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала.
Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы
“Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін
емес.
Олай дейтініміз – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының
лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне
қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда
ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма
теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік,
мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын тілінде жазылған көркем
шығармаларды қазақ тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға
тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен
рухани үндестігінің сәйкес болуы.
Зерттеу нысаны. Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға
бағытталған аударма зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде
зерделенген көркем шығарманы аудару теориясының басты қағидалары мен
ұстанымдары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – көркем
шығарманы аудару теориясының концептуалдық жүйесі мен когнитивтік
парадигмасын тіл білімінің аудармалық сипатын танытар әрі әлемдік қордың
маңызды ғылыми арнасын құрар қағидалар тізбегі ретінде анықтап-талдау. Ол
үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
• ағылшын тіл біліміндегі аударматану теориясының даму ерекшелігін
зерттеу, оның негізгі кезеңдері мен бағыттарына сипаттама беру;
• шетел ғалымдарының тілдік тұлғасын ағылшын тілі мен мәдениетінің,
әлемдік құндылықтарының негізгі бірліктерін жан-жақты меңгерген
зерттеушілер ретінде бағалау;
• ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың концептуалды және
когнитивтік тұжырымдамалық қорын дәстүрлі және тың бағытта негіздеп
талдау;
• аударматану теориясының танымдық негізде қалыптасып даму бағытын
уәждейтін ұғымдық бірліктерді жүйелеу, олардың халықтық дүниетаныммен
сабақтастығын, идеялық және мағыналық болмысын түсіндіру;

• көркем шығарманы аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік
парадигмасын анықтау, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын
таныту;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Ағылшын тілінің
рухани қоры мен мұрагерлік қазынасынан бастау ала отырып, бүгінгі танымдық
ұстанымдарға үйлесе жалғасқан көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми
негіздерін анықтап талдау арқылы өзекті мәселелерді шешу, көркем шығарманы
аудару теориясының өзіндік даму бағыты қазақ ұлтының заңды динамикалық
өсуінің, өркениетті өрлеуінің жемісі, қоршаған дүниені тануға талпынған
болмысының тілдегі көрінісі ретінде танылды және көркем шығарманы
аударуды жан-жақты меңгеруге ықпал ететін терминдер бір жүйеге келтіріліп,
оларға ғылыми негізде түсініктеме берілуі.
Зерттеу дереккөздері. Ағылшын тілінен көркем шығарманы аудару
теориясының даму сипатын айқындау, оның когнитивтік лингвистика
ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 20-жылдарынан
бастап аударма саласында дүниеге келген зерттеу жұмыстары, арнайы
когнитология саласында жазылған ізденістер мен лексикографиялық еңбектер
негізге алынды. Сонымен қатар осы тақырыпты зерттеу кезінде
В.Н.Комиссаровтың , І.Кеңесбаевтың, Ж.А. Жақыповтың,
Г.Жұмайқызының,А.Семеновтың, А.В.Федоровтың, Н.К.Гарбовскийдің, Т.А
Казакованың еңбектеріне сүйендік.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Көркем шығарманы аудару
теориясының ғылыми негізін анықтау арқылы, оның универсалды ұстанымдары мен
ұғымдарын талдап көрсету негізінде жалпы лингвистика салаларының даму
сипатын жүйелеу мүмкіндігі пайда болады. Зерттеудің нәтижелері, теориялық
тұжырымдары мен ғылыми ұстанымдары көркем шығарманы аудару теориясы туралы
маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Курстық жұмыста ұсынылған
көзқарастар мен пікірлер аударматану пәнін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен
семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында, сонымен қатар
көркем шығарманы аударудың тарихы мен аударма мәтінінің стилистикалық,
лексикалық сараптамасын меңгеруіне жан-жақтан қарастыру үшін пайдалануға
болады.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау,
сипаттау, жүйелеу, салыстыру, дедуктивті-индуктивті тұрғыдан жіктеу,
талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
• көркем шығарманы аударудың даму тарихы ХХ ғасырдың І жартысынан
басталған, ғылыми негізі айқындалған, өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық
бірліктері бір жүйеге түскен ілімдер қатарына жатады; аударматану
ұғымының даму сипатына орай, ағылшын тілінде танымдық бағыттың
өзектелуі объективті және субъективті алғышарттарды қамтиды;
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық зерттеу кіріспеден, әрқайсысы
бірнеше бөлімдер мен тармақшалардан топталған үш тараудан, қорытындыдан,
практикалық және теориялық бөлімдерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және авторлық қосымшалардан тұрады.

Теориялық бөлім
І Көркем шығармалардың аударылу ерекшеліктері
1.1 Көркем шығармалар мәтінінің ерекшеліктері

Көркем шығармаларды аудару мәселелерінің қалыптасып, дамуы
диалектика мен динамика заңдылықтарына сүйенетін құбылыстардың бірі деп
танылатындықтан, үнемі толығу, өзгеру үстінде болатын тұжырымдар тізбегі
деп сұрыпталады. Көркем шығармаларды аударуды зерттеу бағыттарын бір-
бірінен туындайтын логикалық байланыстар нәтижесі деп дәйектеген ғалымдар
барлық тілдерге тән қағидаларды сұрыптау мақсатында лингвистикалық
салаларды, категорияларды сипаттайтын жеке тілдік деректерді салыстыра-
салғастыра қарастыру қажет екенін ескертті (Кеңесбаев І., Комиссаров В.Н.,
Жақыпов Ж.А., Семенов А., Федоров А.В., Гарбовский Н.К., Казакова Т.А.,
В.С.Виноградов). Нәтижесінде көркем шығарманы аударудың өз даму
принциптерін сұрыптауға болатын ұстанымдар желісі анықталып, жалпы ереже -
тіл атаулының барлығына тән, күллісіне ортақ жалпы заң; жалқы ережелер –
әрбір тілдің өзіндік даму ерекшеліктерін сипаттайтын нормалар болып
есептелді. Көркем шығармаларды аударудың маңыздылығын айғақтаған тілшілер
кез келген тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін
сипаттайтын жалпы заңдылықтарымен қатар нақтылы бір тілдің өзіне тән, оны
басқа тілдерден бөліп қарауға мүмкіндік беретін жеке заңдарын ажырата білу
қажеттігіне [2; 77, 451, 456] баса назар аударды, сондықтан бүгінгі күні
олар жеке тілдік дәлелдерді жалпы тіл табиғатын да, қызметін де, өзге
құбылыстармен байланысу принциптерін де түсіндірерлік мәселелер қатарында
қарастырған дұрыс деп есептеледі. Пәлсапалық таным ұғымдарымен тығыз
байланыста, соның бір бөлігі ретінде Қазақстан халықтары үшін маңызды үш
тұғырлы тіл бағдарламасы ағылшын тіл туралы ғылымның қазірде қазақ
топырағында қалыптасу ерекшелігін айқындау, даму бағыттарын саралау,
әлемдік көркем шығармаларды аударудың концептуалды тұжырымдарымен
сабақтастығын, өзіндік үлесін талдау қажеттігі сол байланыстың уәжді
жалғасы болып табылады. ХХ ғасырдан бастап нормативті грамматикалармен
қатар, тілге жаңа қырынан зер салу, оның ішкі идеялық философиясына назар
аудару, антропоцентристік сипатын талдап қарастыру аударманы дұрыс жасау
сияқты мәселелердің өзектелуіне әсер етті.
Көркем шығармаларды аударудың тарихи қалыптасуы мен теориялық
дамуы алуан түрлі ұғымдардың да лингвистика шеңберінде қолданыс табуына
себепкер болды. Өзге ғылымдармен тығыз байланыс құрай отырып, тіл білімі
пәлсапалық, қоғамдық, психологиялық терминдерді тілдік ізденістерге арқау
етіп, ғасырлар тоғысында жаңа міндеттер шешу мүмкіндігіне ие болды, соның
арқасында қазір аударма пәнаралық шекараларды жаңаша белгілеумен қатар,
ғылыми тұтасудың да өзгеше үрдісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл процестердің
астарында адамзат болмысын ерекше қабылдау, қоғамдық қатынастарды жан-
жақты түсіну, ғылыми зерттеу мүмкіндіктерін жаңа бағытқа жұмылдыру
әрекеттері байқалады. В.С.Виноградовтың, Комиссаров В.Н. аударматану
зерттеулерінде қазіргі заманға сай аударманың ерекшелігін түсіндіре
келіп, әр түрлі жанрдағы көркем шығармаларды аударудағы кездесетін
қиындықтарды айқындай келіп аударуға ғылыми түрде нұсқау береді.Көркем
шығармаларды аударудағы кездесетін қиындықтарды атай келе, кейбір
аудармаларда автордың бейнелеуі емес,аудармашы көзқарасын білдіру сынды
мәселелер кездеседі . Атропоцентристік бағыттың өріс алуымен, тіл тарихының
зерделенуімен әрі танымдық ұстанымдардың маңыздылығымен айғақталар бұл
ұғымның мағыналық болмысы бірден айқындала қойған жоқ.
Көркем шығарманы аудару теориясы аясында байқалар ағымдық және
бағыттық ерекшеліктерге қарамастан, бұл зерттеулердің шын мәніндегі жаңа
өзгерістерді түсінуде, ең бастысы, теориялық лингвистиканың адамдық
факторды өзектеудегі орнын айқындап көрсетуде атқарар маңызы зор [4; 5],-
дей келе, зерттеуші аударматанудың лингвистика тарихындағы үлесіне, тіл
туралы көзқарастарды жүйелеудегі қажеттілігіне, сол сияқты тіл хақындағы
жаңа шындыққа негіз болар болмысына көңіл бөлді, соның негізінде дамитын
идеяларды ол келесі үлгіде топтап берді:
• аударма нақты ғылым саласында қол жеткізген нәтижелерге сүйенеді;
• ол ғылыми қауымдастықтың сол нәтижелерді қабылдауын негізге алады;
• көркем шығарманы аудару белгілі бір үлгі бойынша нақты мәселелер мен
олардың шешімін модельдеу идеясын қолдайды [4; 6].
Тілдің тарихын білу деген сөз – оның өңіп-өскен жолын білу деген.
Демек, тілдің сонау ұзақ жолда қандай өзгерістерге ұшырағанын, оған неге
ұшырағанын білу керек. Бұрынғыны білу жай әншейін мақсат емес, тілді
меңгерудің бір амалы [8; 119.],- деп аударматану ғылымының қалыптасу
тарихын зерделеген В.С.Виноградов пікіріне сүйенер болсақ, тілдің өңіп-
өскен негіздерін бағалау арқылы тіл ғылымының өзекті мәселелері өз шешімін
табары анық. Бүгінгі таңда ағылшын тіл білімінде ерекше көңіл бөлініп,
тыңғылықты зерттеулерді қажет етіп жүрген проблемалардың бірі және бірегейі
– ағылшын тіл білімі теориясының қалыптасу тарихы, әртүрлі лингвистикалық
салалар бойынша даму ерекшелігі, аударманың әлемдік деңгейде алар орны мен
қосар үлесі. Осы тұрғыдан келгенде, сан алуан тілдік тұжырымдардың орнығу
“соқпақтарына” зер салу, олардың мазмұндық сипатын жан-жақты зерделеу аса
маңызды. Өзге тілдердің қатарында ағылшын тілі де ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап зерттеушілердің нысанына ілікті.
Аудармашы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене ағылшын тіліндегі көркем
шығармаларды қазақ тіліне аударудың ғажайып мүмкіндіктері, тазалығы,
шешендік өнері сөз болып, халық қазынасына қосылды, соның нәтижесінде
ағылшын тіліндегі шығармаларды оқып, білудің мүмкін болып отыр. ХХ
ғасырдың негізгі ағылшын тілінің құрылымдық-жүйелік ерекшеліктерін,
сөзжасамдық қабілетін, ұғымдық аясын кеңейте зерттеуге бет алынды. Мысалы,
В.С.Виноградов Адам өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркемдік
құралдарды жұмылдыруға тиіс-дей келіп, бұған не көмектеседі деп өзіне өзі
сұрақ қояды да, былай жауап береді: Басқа тілдер сияқты – ағылшын тілі
кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе
алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына
сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ағылшын тіліне
сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдынаан кездескен қиындықтарды
жеңуі екіталай. Шетел жазушыларының көркем шығармаларын қазақ тіліне
аудару кезінде маңызды лингвистикалық мәселелерді жалпы теориялық және жеке
тілдік негізде саралай отырып, аса құнды тұжырымдар жасауда, ана
тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік әрі этно-мәдени мүмкіндігін дәйектеп
көрсетуде үлкен жетістіктерге жетті.

1.2. Аударма теориясының негізгі ұғымдары

Қоршаған әлемді тану, оның тілдік бейнесін жасау міндеттерін шешуден
бастау алған когнитивтік лингвистика шеңберінде ағылшын тілінен көркем
шығарманы аударудың ұғымдық бірліктері сараланып, оның алғашқы әлем
әдебиетіндегі шығармалар туған тілімізге тәржімеленіп, сөз өнеріміздің
қоржынына қосылды. Аударматануға қазақ прозасындағы таланттардың бәрі
дерлік тартылып, аударма арқылы ұлттық көркем шығармаларымыздың көркемдік
құралдары анағұрлым молыға түсті. Ағылшын және басқа да тілдердегі
көркем шығармаларға аударма жасау кең құлаш жайды. Бұл қазынаны
мыңжылдықтар межесінде, ғасырлар айрығында талдап, таразылаудың әбден жөні
бар:
• ағылшын лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму сипаты
реттілікпен жіктеліп, жекеленген теориялардың көркем шығарманы
ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың жаңа бағыттарымен
сабақтастығы көрсетілді;
• тілдік құралдардың танымдық қызметіне орай бес түрлі кезеңнің
өзгешелігі, олардың теориялық мәселелері анықталып; әр кезеңнің
объективті және субъективті алғышарттары негізінде көркем шығарманы
аударудың қалыптасуына әсер етер әлеуметтік-мәдени ортаның маңызы
айқындалды;
• танымның күрделі заңдылықтарын пайымдауға, оның тілдік бөлшектермен
ажырамас бірлігін дәлелдеуге бағытталған зерттеулердің әдіснамалық
негізі әлеуметтік, психологиялық, ұлттық-мәдени тұрғыдан
қарастырылды; көркем шығармаларды аударуда танымдық бағыттың ғылыми
негізі сұрыпталып, әр түрлі кезеңдерге сәйкес пікір-көзқарастарды
жүйелеу негізінде аударматану теориясының нақты тұжырымдамасы
жасалды;
• ағылшын тіл біліміндегі аударматану теориясының даму ерекшелігін
зерттеу, оның негізгі кезеңдері мен бағыттарына сипаттама беру;
• шетел ғалымдарының тілдік тұлғасын ағылшын тілі мен мәдениетінің,
әлемдік құндылықтарының негізгі бірліктерін жан-жақты меңгерген
зерттеушілер ретінде бағалау;
• көркем шығарманы аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік
парадигмасын анықтау, сол арқылы танымның күрделі табиғатын ғылымдар
тоғысына сүйене отырып зерделеу;
• көркем шығарманы аудару теориясының әлеуметтік негіздерін қоғамдық
факторлардың жалпы адамзаттық танымға әсер етер өзгешелігімен
дәйектеу; психологиялық табиғатын адамдық фактордың өзектелуімен
байланыстыру;
• көркем шығарманы аудару теориясының халықтық танымнан бастау алар
қағидаларына мән беру, этникалық таным, ұлттық бейне, әлемнің
тілдік бейнесі, халықтық дәстүр сынды ұғымдардың қолданылу аясына
назар аудару және мәдени нормалар мен тілтанымдық заңдылықтардың
арасалмағын айқындау, тілді экстратанымдық факторлардың тоғысымен
дәлелдеу.

1.3 Аударманың жалпы, жеке және арнайы теориялары

Қазақстанда ағылшын тіл білімінің сан салалы теориялық ұстанымдарын
бүгінгі күні тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтай отырып, көркем
шығарманы аударуда шғарманың мазмұнын сол қалпында және оқырманға әсерлі
етіп маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндіктен, олардың жалпы және
жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік белгілерін сұрыптау, өзге ізденістер
қатарында ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың алар орнын нақтылау
қажеттігі ғалымдардың алдына тың әрі көкейтесті мәселелер қойып отыр.
Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған
әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі көркем
шығарманы аудару лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік
лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп
келеді. Осыған орай, көркем шығарманы қазақ тіліне аударудың концептуалдық
қоры мен әдіснамалық негізі де құнды зерттеулердің дүниеге келуін
қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Қазақ топырағында қалыптасып,
ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан тілтаным теориясының ғылыми
негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады. Тіл
табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған
аудармашылар тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан
бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп
бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой
таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен
мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы тілдік
бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға
мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және
танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісін кеңейте түспек. Бұл күні
ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын
айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі
когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде
күн тәртібіне еніп келеді. Ағылшын лингвистикасының тарихын тілтаным
теориясының қалыптасуымен байланыстыру, соның негізінде жекеленген
тұлғалардың тілтанымдық тұжырымдарымен танысу, сол арқылы қазақ халқының
төл қазынасын құрайтын құндылықтарына зер салу, оларды зерттеу нысанына
қарай арнайы бағыттарға топтап қарастыру – барлығы дерлік ағылшын тіл
біліміндегі когнитивтік ұстанымдардың бастамасын зерделеуге, олардың
негізін әлемдік қордың бір бөлшегі есебінде бағалауға көмектеседі, яғни
ағылшын тіл білімінің тарихы негізінен бастау алатын аударматану теориясы
уақыт сұранысынан туындай келіп, қазіргі жалпы лингвистиканың көкейтесті
мәселесіне айналғаны көпшілікке мәлім.
Демек, бүгінгі көркем шығарманы аударудың атқарар қызметі де, жол
бастар соқпағы да айрықша. Оны ұсынылып отырылған көркем шығарманы аудрудың
тұжырымдары, бір жүйеге келтірілген универсалды принциптер, топталып
берілген когнитивтік ұғымдар мен бағыттар парадигмасы сөзсіз, дәйектей
түседі.
Көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері – лингвистика
заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін
сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу 
қарастыратын көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері тәржімесі –
алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы – бұған дейін ағылшын көркем
аудармасының (рас, көбіне проза аудармасы сөз етіледі) жекелеген кезеңдері,
жекелеген авторлар аудармасы,  аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби
байланыстар жайында зерттеулер, мен аударма және қазақ әдебиетінің
мәселелері ағылшын тіліне аударылу проблемалары туралы жазылғанымен,
ағылшын тіліндегі көркем шығармалар аудармасының теориялық мәселелері,
бүкіл бел-белестері, арнаулы, көлемді зерттеудің арқауына айналған емес.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
–       тәржіменің теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;
–      көркем шығармаларды аудру тәржімесінің өзіндік ерекшеліктерін
таныту;
–       қазақ – ағылшын көркем шығармалары аудармасының даму
кезеңдерін белгілеу;
–       көркем шығармаларды аударудың эволюциялық жолын зерттеу;
–       аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;
–       аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;
–       аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;
- тәржіме тағылымдарын қорытындылау.

Практикалық бөлім
ІІ . Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу
ерекшеліктері
2.1 Көркем шығарманы аударудың
лингвистикалық сипаты

Ұлттық мәдениеттердің бетбұрысты белестерінде аударманың алар орны
арта түсті. Тарихшылдық ұстанымына негізделген салғастырмалы-типологиялық
көзқарас қай елдің де әдебиетіндегі тәржіме жәдігерліктерінің идеялық-
көркемдік және эстетикалық құндылығын анықтауға мүмкіндік беретіндігі, біз
әдеби байланыстар жүйесінде ненің аударма ашып алуға ұмтылуға тиіс
екендігіміз айтылады. Алдағы кезде қазақ әдебиетіне көркем шығарманы
ағылшын тілінен аудару қазіргіден тереңірек зерттеледі деп сеніммен айтуға
болады
Төл әдебиетімізде аударма арқылы дүниеге келген шығармалардың үлкен
бір саласы – прозалық туындылар. Шынтуайтына келгенде, қазақ поэзия
аудармасының өзіндік ерекшелігінің келісті көрінетін бір тұсы да осы.
Ағылшын жазушысы Эрнест Хемингуэй шығармасының қазақша
аудармасы тұтастай алғанда тілі жеңіл,сөз саптау шеберлігі тілтанудың
заңдылықтарына сәйкес. Жазушы шығармасында сиқырлы сөз сазы да қазақ
жазушыларына алдыртпай келе жатқан асу. Эрнест Хемингуэй шығармасының
жекелеген тұстары, тұрақты сөз тіркестері қазақша жатық, табиғи
шыққанымен, тұтастай алғанда, сырлы саздылық, төгілген тіл өрнегі,
метафора айшықты ашылған. Бір мәтіннің бірнеше рет тәржімеленуі әртүрлі
мағынаны сан түрлі етіп жеткізу арқылы тілдің ішкі мол мүмкіндігін аша
түсетіндігімен де пайдалы. Оның үстіне кейбір, аса күрделі шығармалардың
аудармалары салған беттен сәтті бола қалуы мүмкін емес те екендігі тағы
бар. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ әдебиетінде ағылшын жазушысы Эрнест
Хемингуэйдің “Шал мен теңіз” хикаятының аударылу эволюциясы – өте
қызғылықты тақырып болып орын алған.. Тарауда тәржіме тарихына қысқаша шолу
жасау арқылы әлемдік аударма өнеріне тән эволюциялық бел-белестердің бәрін
ұлттық аударма өнері де басып өткені дәлелденді. Көркем шығарманы аударудың
басты өлшемі – оқырманға әсері. Аудармаға қойылар басты талап –
түпнұсқаның әсерін жасау. Ол әсерге аудармашының қалай қол жеткізетіні –
бөлек мәселе. Көркем шығармаларды аудару мәселелерін талдаған бұл тарауда
аудармашы түпнұсқаны өзге тілде орындауы үшін аспапты, яғни тілді, сол
тілдегі көркемдік құралдарды ауыстыратыны нақты мысалдармен көрсетіледі.
Бұл істе түсіну, зерттеу (идентификация) мен өзектен өткізудің (эмпатия)
орны үлкен. Қазақ аударма өнерінде герменевтика мәселесінің әлі күнге
шешілмегені алаңдатарлық. Тәржіменің бірқатарында қателіктердің біразы
мәтіннің мәнін түсінбеуден кететін қателіктердің жоқтығы, әдеби тілдің
тазалығы, стилистикалық стилі шығарманың авторының жетістігі.
Бұл тараушада пішін мен мазмұн бірлігіне қол жеткізу, эвфонияны
қалпына келтіру, бунақ, буын, ұйқас, ырғақ, метафора, перифраз, идиома,
интонация құбылыстары әртүрлі қолданыстары арқылы көрсетілді.
Кезкелген тәржіме тіліне қарап сол кезеңдегі ұлттық әдеби тіл
деңгейіне баға беруге болады, әрі тілдің тарихын қалыптастыруға да
мүмкіндік ашылады. Ағылшын тілінен көркем шығармаларды аудару көркемдік
құралдарын қалай байытқаны бұрын бізде болмаған шалыс ұйқастан, он буындық
тармақтардан, тасымалдың тың түрлері арқылы өлең мақамының өзгеруінен де
танылады.
Тілдің өзіндік сипатына байланысты тәржіменің түпнұсқадан да асып
түсуі мүмкін деген ой ортаға салынып отыр. Мәселе мынада. Аударма –
өлшемге байлаулы өнер. Ақ өлеңнің де өзінің ішкі ырғағы бар. Ақын қай
шумақты құрағанда да ырғаққа, ұйқасқа, буынға, бунаққа қарамай тұрмайды.
Соған орай оның өз ойын, өз тұлғасын, өз бояуын дәйім дәл өзінің
көздегеніндей етіп жеткізе алмауы әбден мүмкін. Мұның өзі ең мінсіз деген
шығармалардан да табылуы мүмкін. Сол ойдың, сол тұлғаның, сол бояудың өзге
тілдегі өзге ырғаққа, өзге ұйқасқа, өзге буынға, өзге бунаққа
түпнұсқадағыдан да әуездірек, әрлірек болып түсуі де мүмкін.
Ол әрбір халықтың тарихының, тұрмысының, сенім-нанымының, әдет-
ғұрыптарының, үйренген үрдістерінің, талғамының ерекшелігінен құралады.
Аудармашының еңсеруіне тура келетін қиындықтарының ең үлкенінің бірі ұлттық
пішіннің ерекшеліктерін дәл ұстай білу.
Эрнест Хеменгуэй Шал мен теңіз көркем шығармасының мазмұны тереңде
жатыр. Көркем шығарманы оқи отырып шығарманың тақырыбынан белгілі, осы
тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге
дейін баратын кейіпкердің мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келе
автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына
жетудің жолдарын көреміз. Сонымен, автор көркем шығармадағы шындықты. яки
адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтауды типтендіру
тәсілімен жүзеге асырған. Эрнест Хеменгуэйдің Шалмен теңіз көркем
шығармасын қазақ тіліне аударуда Нығмет Ғабдуллинның ойынша, мұның өзі
типтілік проблемасы — әдебиеттің жалпы мәні мен маңызына жағалай теліне
беретін жағдай, жалаң уағыз емес, жаппай жапсырыла беретін жамау емес,
терең шығармашылық сипаттағы орасан күрделі мәселе екенін аңғартады және
аударма жасауда автордың шығармасының мазмұнын толық береді.
Эрнест Хеменгуэйдің Шал мен теңіз көркем шығармасында суреткердің
жасаған уақыты мен жағдайларын ескермей оның дүниеге көзқарасының сипатын
терең талдамай, оның оқырман үшін қажеттілігн түсіну мүмкін еместігі дәл
және әділ айтылғандығын көреміз. Шығарманы қазақ тіліне аударған Нығмет
Ғабдуллин Эрнест Хеменгуэйдің Шал мен теңіз шығармашылықтың психологиясы
— тым табиғи нәрсе, оның жасандылыққа көнбейтінін, жаттампаздық жетегіне
ермейтініне басты назар аудара отырып, аударманың тек мазмұнын ғана беруді
көздемейді..
Автор шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер
образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның
ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан
адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән,
өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт
екенін көрсетеді. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан
оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де
сондықтан деп білу керек.
Эрнест Хеменгуэйдің Шал мен теңіз көркем шығармасында автор
кейіпкердің мінезін — адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдың жағдай
қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің
жиынтығы екенін жақсы суреттей білген.
Сөйтіп, ұлы жазушы адам мінезін даралауға асқан жауапкершілікпен
қараған, ол өз кейіпкерлерінің ішкі бітімін бүкіл шығармашылық әрекетінің
өн бойында бір сәт кезден таса қалдырмаған, әр адамның ақылын, ойын,
сезімін, білімін, мәдениетін ашқан үстіне аша берген. Өзінің осы әрекетінің
үстінде өз кейіпкерлері көркем шығармадағы образдан да, ақиқат өмірдегі
кәдімгі тірі кісілерге айналып, автордың еркінен тыс, бұл мүлде қаламаған
мінез жасай берген. Кейіпкердің шын тұлғасын, мінезін даралай келгенде,
келсек, күрделі, тамаша, тартымды бейне болып шыққан. Оны Эрнест
Хеменгуэйдің Шал мен теңіз көркем шығармасынан алынған үзіндіден көреміз
The old man dropped the line and put his foot on it and lifted the
harpoon as high as he could and drove it down with all his strength, and
more strength he had just summoned, into the fish’s side just behind the
great chest fin that rose high in the air to the altitude of the man’s
chest. He felt the iron go in and he leaned on it and drove it further and
then pushed all his weight after it.
Қария қармақбауды тастай беріп, табанымен басты да, қолына гарпунды
ала салып, шалқая беріп, бар пәрменімен балыққа сілтеп қалды. Гарпунды
жайынның бауыр қанатының артқы жағынан дәл бүйіріне қадады. Үшкір темір
балықтың жұмсақ етіне кірш етіп қадалған соң, шал оны енді бар салмағын
сала итеріп, бойлата берді.
Эрнест Хеменгуэйдің шығармасынан эпикалық образ — кескін-кейпі,
мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден
дараланған тип екенін көөреміз. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог,
түрліше сезімдер мен мінездерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың
көптеген амал-тәсілдері әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда
адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге терең,
әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де,
құшағы да еркін жетіп жатыр.
The old man felt faint and sick and he could not see well. But he
cleared the harpoon line and let it run slowly through his raw hands and,
when he could see, he saw the fish was on his back with his silver belly up
.
Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді. Гарпунның бауын
босатып, жаралы қолымен абайлап қана үстады.Осы мысалдан біз аудармашының
түсіріп тастау қолданысын таңдағаның байқаймыз.
Эрнест Хеменгуэйдің шығармасын зерттей отырып, шығармадағы сөздің
реңін, әдеби тілмен ажарлау жайын әңгіме еткен жағдайда айқындау мен
теңеуге арнайы тоқтау қажет.Көркем шығармада әр нәрсені терең ойлап -
толғап барып, асықпай дәл беруге тырысқан аудармашы Нығмет Ғабдуллинің
аудармашылық шеберлігіне көз жеткіземіз, білімсіздер не нәрсені болса да оп-
оңай, шолтаң еткізіп, шорт кесуге құмар ғой.Көркем шығарманы аудару кезінде
автор шығарманың түпнұсқасындағы айқындау, теңеу дегендер немесе құбылту
мен айшықтауды шебер қолдану арқылы оқырманға тартымды жеткізуге
тырысқан.Бұл әдебиетшілер мен аудармашылар үшін басты мәселе.
The old man felt faint and sick and he could not see well. But he
cleared the harpoon line and let it run slowly through his raw hands and,
when he could see, he saw the fish was on his back with his silver belly
up.The shaft of the harpoon was projecting at an angle from the fish’s
shoulder and the sea was discolouring with the red of the blood from his
heart. First it was dark as a shoal in the blue water that was more than a
mile deep.
Then it spread like a cloud. The fish was silvery and still and
floated with the waves.
Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді. Гарпунның бауын
босатып, жаралы қолымен абайлап қана үстады. Көзінің алдындағы тұман
сейілген шақта ол, бауыры жалтырап, шалқасынан сұлап жатқан балықты көрді.
Арқа жағынан гарпунның сабы шошайып көрініп тұр, балықтың жаткан жері қызыл
ала қан. Қан әуелі қошқылданып, тереңде қаптай жүзген қалың балық
шоғырындай карауытып көрінді де, бірте-бірте ыдырай жайылып, аспандағы
түйдек-түйдек бұлтқа ұқсады. Аппақ күмістей жайын балық толқында акырын
ғана тербетіліп жатты.
Осы бір үзіндіден Эрнест Хеменгуэйдің шығармасында айқындау, яғни
заттың құбылыстың айрықша сипатын суреттеу де әдеби нормаға сай
қолданылғанын және соны көркем шығарманы аудармашы Нығмет Ғабдуллиннің де
дәл бере білуі жазушының шеберлігінің тағы бір айғағы екенін көрсетеді.
Көркем шығарманың авторы идеялық, эстетикалық, мақсатына жету
аметафора мен метонимия арқылы сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту,
суреттеліп отырған құбылысты айқындай, ажарландыра түсу, әсерін күшейте
түсу үшін шебер қолданғанын, сондай-ақ аудармашының тұрақты эпитет,
тұрақты метафора, тұрақты теңеудің түрлері берілген.
1. First it was dark as a ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Қазақ әдебиетіндегі аударманың орны, маңызы
Шетелдік аударматану
Көркем аударма ерекшеліктері.Көркем аударма міндеттері. Аудармашыға қойылатын талаптар, аудармашы қызметі
Аударма дәл аударма
Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повесінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы
Поэзиялық шығармаларды аудару
Көркем әдебиетті аударудың теориялық негізі
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Пәндер