Аударманың түсінігі мен түрлері
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. АУДАРМАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 АУДАРМА . ТІЛДІК ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ . ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША АУДАРМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ БӨЛІМ. АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША АУДАРУ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Аударма – бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерсек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі,адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген зерттеу курстық жұмысының мақсаты – қазақ тіл біліміндегі аударманың түрлерін зерттеу болып табылады. Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:
1) таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
2) аударманың түрлерін, оның басты қасиеттерін анықтау;
Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында, берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі.
Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді “аударма ғасыры” деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Айтбаев Ө. Ағылшын тіл білімінің мәселелері // Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы: Арыс, 2007. - 617 б.
2. Аманбаева А. Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық сипаты:
филол. ғыл. канд. ...дисс. 10.02.02. – Алматы, 2006. - 119 б.
3. Әлкебаева Д.А. Ағылшын тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. - 258 б.
4. Базарбаева З.М. Қазіргі ағылшын тілі интонациясының негіздері. – Алматы, 2002. – 248 б.
5. Буркитбаева Г.Г. Текст и дискурс. Типы дискурса: учебн. пособие для магистрантов и аспирантов филол.фак. – Алматы: Дайк-пресс, 2006. - 384 с.
6. Есенова Қ. Қазіргі медиа-мәтінінің прагматикасы (баспасөз материалдары негізінде). – Алматы: 2007. – 450 б.
7. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
8. Жунисбек А. Введение в сингармоническую фонетику. – Алматы: Арыс, 2009. – 108 б.
9. Жүнісбек Ә. Ағылшын тілінің дыбыстары // Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 б.
10. Жүнісбек Ә. Ағылшын фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009. - 344 б.
11. Кибрик Е.А. Лингвистические предпосылки моделирования языковой действительности в интелектуальных системах. – М.: Наука, 1987. –33 с.
12. Почепцов Г.Г. Теория коммуникация. М.: «Рефл-бук», К.: «Ваклер» - 2003. - 565 с.
13. Рецкер И.Я. Теория перевода и переводческая практика. – М.: Р. Валент, 2004. – 240 с.
14. Садирова Қ.К. Ағылшын тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздері. –Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы АқМУ РБО, 2008. – 428 б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. АУДАРМАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 АУДАРМА - ТІЛДІК ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
ҚҰРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5
1.2 АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША
АУДАРМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ БӨЛІМ. АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША АУДАРУ АРАСЫНДАҒЫ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
КІРІСПЕ
Аударма – бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі
толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін
негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерсек,
аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда
адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма
сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты
рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір
саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі,адамзат аударма арқылы
араласып құралады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген зерттеу курстық
жұмысының мақсаты – қазақ тіл біліміндегі аударманың түрлерін зерттеу болып
табылады. Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі
нұсқаулар:
1) таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
2) аударманың түрлерін, оның басты қасиеттерін анықтау;
Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында, берілген курстық жұмысты
зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу
жұмыстарының нәтижесі.
Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы,
халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда
әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша
маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен
шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі
дәуірді “аударма ғасыры” деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы
жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-
татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты
тіректердің бірі деп таниды.
Зерттеу жұмысының ғылыми құрылымы. Зерттеу жұмысы
кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады.
Аударманың түсінігі мен түрлері атты бірінші бөлімде Ауызша және
жазбаша аудару арасындағы айырмашылықтар атты екінші бөлімде аударма ның
түрлері қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер талқыланады.
І БӨЛІМ. АУДАРМАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
1. Аударма - тілдік және мәдениетаралық қарым - қатынас құралы
Аударма-адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында
бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы
құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне
дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық
тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып,
ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын
тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ
тәжірибе халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар
өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі
ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі.
Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты
мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға
қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік
өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.

Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет
қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы
соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма
әдебиетінің жылма-жылғы тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек аударма
ісі-қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз.
Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның
талап-мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда,
арғы-бергі тарихта, бастапқыда ауызша, кейіннен біріңғай жазбаша қалып
алған тәржіма саласынан қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-
әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады:
оның бірі–білім-ғылымды, оқу-оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни
ағартушылық қызметі; екіншісі–қаза әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің
сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет
нұсқасы ретінде тілді байыту қызмет.
Ұлттық мәдениетті өркендетудің, әлемдік әдебиет нұсқаларымен,
көршілес, туыстас халықтар әдебиетін оқып-үйренудің, жалпы алғанда, әлемдік
өркениетке жақындаудың негізгі ұтымды көзінің бірі ретінде танылған аударма
жұмысының дұрыс жолға қойылу қоғам мүшелерінің энтилектісін көтеру мен
қатар, халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды
нығайтуға жол ашатындығын ұғынған зиялы қауым өкілдері осы процеске белсене
араласты.
А.В Федоров аударманы түпнұсқасымен қатысты, екі тіл
ерекшеліктерімен байланысты, материалдың жанрлық ерекшелігімен байланысты
тілдік шығарма ретінде зерттейді.
Аудармаға байланысты, басты екі жайт бар:
1.Аударманың мақсаты – бастапқы түпнұсқа тілін білмейтін
оқырмандытыңдарманды өзге тілдегі мәтінмен мүмкіндігінше жақын таныстыру;
2. Аударма дегеннің өзі – басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді
екінші бір тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен
толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу.
Аударма мынадай тұстарда қолданылады.
1. диалектіден оның әдеби тіліне;
2. әдеби тілден оның диалектісіне (негізінен, жазбаша түрде емес,
ауызша түрде болатын үдеріс);
3. бір диалектіден екінші бір әдеби тілге (керісінше болуы мүмкін
емес, яғни бір әдеби тілден екінші бір тілдің диалектісіне аудару қажетті
жұмыс емес);
4. бір тілден екінші бір тілге;
5. туыстас тілдер арасында;
6. тегі бөлек тілдердің арасында;
7. көне дәуір тілінен жаңа дәуір тіліне аударудың адамзат
мәдениеті, қоғам дамуы үшін маңызы зор (осы тұста көне түркі жазба
жәдігерлерін, аударып жүрген ғылымдардың ұлтымыздың тарихы үшін сіңірген
еңбектерінің айрықша екенін атап кету артық емес).
Аудармада да, тіл сияқты, “адамдар қарым-қатынастың аса маңызды
құралы”. Осы маңыздылығына байланысты түпнұсқадағы ойды басқа тілде
толыққанды, айқын жеткізу қажеттігі туады, аударма тілдің түпнұсқа тілінің
қалыптарына сәйкестенуі, ыңғайлануы келіп шығады. Бұл – аударманың
түсінікті болуының негізгі шарты.
Аударма барысында мәтіннің аударылу өзгешеліктеріне байланысты аударма
екі классификациялық түрге бөлінеді. Бірінші түрі түпнұсқаның жанрлық-
стилистикалық ерекшеліктерімен байланысты, екіншісі- психолингвистикалық
ерекшеліктерімен сипатталатын аударма.
Аударманың жанрлық-стилистикалық түрі түпнұсқаның жанрлық стилистикалық
түрлеріне байланысты екі түрге: көркем аударма (әдеби) және ақпараттық
(арнайы) аударма болып бөлінеді.
Көркем аударма деп көркем әдебиетпен байланысты аударманы айтады.
Көркем әдеби шығарма басқа шығармалардан өзгешеленеді, себебі шығарманың
доминанты ретінде қарым-қатынас функциясы жатады, әсіресе функцияға
эстетика және поэтика кіреді. Осы типке жататы шығармашылықтың мақсаты
көркем образ құру, эстетикалық әсер беру. Сонымен көркем аударма-
аударылатын тілде ауызша немесе жазбаша эстетикалық- көркем әсер беруі.
The mountain tops were hidden in a grey waste of sky...
Тау шыңы сұр бұлттың арасына батты.
Батты етістігі аспандағы бұлттарды сипаттап тұр. (waste of sky)
Көркем аудармада көркем әдеби жанрларына байланысты аударма бірнеше
түрге жіктеледі. Оларға поэзия аудармасы, пьесса аудармасы, сатирикалық
шығарма аудармасы, көркем проза аудармасы, көркем өлеңдер аудармасы және
т.б.
Ақпараттық аударма дегеніміз ақпаратқа байланысты аударма, басты
функциясының міндеті болатын немесе болған жаңалықтарды хабарлау. Бұл
мәтіндерге барлық ғылыми, іскерлік, жалпылама –саяси және т.б. кіреді.
Сондай-ақ аудармаға детективтік оқиғалар, саяхатты суреттеу, очерктер, тағы
да басқа ақпараттық бірліктерден тұратын аудармалар кіреді. Көркем
аударманы қажет ететін түпнұсқаның кейбір бөліктерінде ақпараттық мәтінде
көркем аударманың құрамдас бөліктері болуы мүмкін.
Аударманың психолингвистикалық классификациясы, түпнұсқаны қабылдау
және оны аударуға негізделген. Сонымен бірге аударманы ауызша және жазбаша
түрлерге бөледі.
Жазбаша аударма түпнұсқаны жазбаша түрде аудару. Аударманың бұл түрі
аудармашыға түпнұсқаның мазмұнын қайта қарауға мүмкіндіктер береді.
Жазбаша аударманың классикалық түріне аудармашы жазбаша түпнұсқаны
көзбен шолып, содан соң жазбаша түрде аударуын айтамыз.
Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша
аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде
қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны
қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы
мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма
және ілеспелі аударма.
Түпнұсқаны ауызша немесе жазбаша қабылдау және аударма мәтін жасау
ауызша және жазбаша аудармаға сәйкес келеді, бірақ осы аударманың бірінде
аударманың басқа да түрлерінің құралдары қолданылуы мүмкін. Жазбаша
аудармашы түпнұсқаның мәтінін жазылған магниттік лентадан алуы мүмкін
немесе өзінің аудармасын машинистке немесе диктофонға жеткізуі мүмкін.
Қандай да болмасын аударма жазбаша түрде сақталады, себебі аударма
фиксивтік формасында берілген, және аудармаға қайта қарастырулар мен
толықтыруларды енгізуге мүмкіндік береді. Ауызша аудармашы түпнұсқаны
ауызша қабылдап, керек жағдайда синхрондық немесе ілеспелі аудармада
пайдалануы мүмкін. Жазбаша мәтінді ауызша аудару түрі қағаз бетінен
аудару деп аталады. Мұнда аудармашы жазбаша түпнұсқаны оратордың
қатысуынсыз ауызша аударады.
Ең бастысы, ауызша немесе жазбаша аудармада уақыт факторы басты роль
ойнайды. Жазбаша аударма барысында қатаң уақытқа шектелмейді.
Аудармашы кез-келген сәтте аудармасын тоқтатып, аударылған бөлікке
қайта оралуға, түпнұсқаның кез-келген бөлігін қайта ойлануға, сөздіктерді
пайдалануға немесе кеңесшіден не болмаса мамандардан кеңес алуына болады.
Мұндай жағдай аудармада кездесетін келеңсіздіктерді шешуге, сондай-ақ
көркем немесе ақпараттық аударманы сәтті аударуға көмегін тигізеді. Жазбаша
аударма жоғары дәрежелі баламалықты талап етеді. Ал ауызша аударма шектеулі
уақытқа негізделеді. Аудармашы оратормен бірге немесе ол тоқтағаннан кейін
аудармасын бастайды. Осыған байланысты аудармашыға ойлануға немесе
сөздіктерді пайдалануға уақыт болмайды. Сонымен қатар ауызша аудармада
аудармашы берілген ақпаратты нақты және түсінікті түрде аудару қажет.
Аудармашы аударма барысында кейбір элементтерді түсіру, қысқа түрде беру
тәсілдерін пайдалана алады. Сөйлеу мәтіні берілетін синхрондық аудармада
аудармашы үлкен физикалық немесе психологиялық зардап шегуі мүмкін.
Осыған орай синхрондық аудармашы өзінің жұмысын 20-30 минут аралығында
орындай алады. Сондықтан да синхрондық аударманың әрбір кабинасында бірнеше
аудармашылар кезегімен жұмыс атқарады.
Теоретикалық тұрғыдан аударманың жеке түрлері арнайы аударма
теориясымен байланысты. Аударманың тәжірибелік классификация жоспарында
аудармашыларды аударманың арнайы түрлеріне мамандануына мүмкіндік береді.
Қазіргі кездің өзінде-ақ аударманың арнайы теориясы толық өңделмеген.
Арнайы теориялар арасында аударманың жанрлық- стилистикалық түріне
байланысты, зерттеудің көп бөлігін аударманың ғылыми-техникалық және
газеттік ақпараттық түрлеріне назар аударады.
Аударманың арнайы теориясы аударманың психолингвистикалық
классификациясының негізінде қалыптасты, мұнда ауызша аударманың түрлі
аспектілері оқытылады, әсіресе синхрондық аударма. Синхрондық аударма
негізінде аудармашыларға арнайы бағдарламалар мен дайындық курстары
ашылған.
1.2 Ауызша және жазбаша аударма

Синхрондық аударма дегеніміз – аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай
отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі, синхрондық
аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге
асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі,
аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма
ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі
сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап,
оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі.
Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның
келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада
шешім қабылдаумен тығыз байланысты.
Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім
сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін
қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспе аудармада аудармашы айтылған бір
немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық аудармада аудармашы шектелген
уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның
екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады.
Ауызша аудармада аудармашы қарым-қатынасқа түсушілер мен тілдік
байланыспен жұмыс жасайды, мұнда жиі кері байланыстар болады.
Аудармашы ауызша айтылған ойдың дұрыс айтылуын, дұрыс темпін не
манерін тәуелсіз қабылдап, тыңдарман мен сөйлеушінің арасында тура қарым-
қатынасты орнатуы керек. Тағы бір аудармашыға айтылатын кеңес түпнұсқаны
аудару барысында қарым-қатынас принципін анықтау, егер өткізіп алған
ақпарат болса, оны толықтыру, әңгіменің мақсаты мен алдыңғы өткен
келіссөздерді анықтау. Аудармашы мен оратордың арасында кері байланыстың
сәті түссе, онда аудармашы оратордан түсінбеген терминнің мағынасын сұрап
анықтауға болады. Ал егер тыңдармандар арасында кері байланыс туындаса,
онда олардың көңіл –күйіне, аудармадағы тапқырлықтың, аудармашының сөйлеу
типін өзгерту, кейде оратордың темпін өзгертуіне мүмкіндік туады. Ал егер
аудармашы жеке қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы байланыста, олардың
қимылына, сыртқы іс-әрекетіне назар аударады. Бұндай сәттерде аударма
адаптивтік транскодтаудың көмегімен толықтырылмайды, бұл кезде қосымша
толықтырулар енгізуде аудармашының үлесі зор.
Ауызша аударманы оқытуда үш басты бағытқа негізделеді. Зерттеудің
бірінші аспектісі аудармашының түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты
қабылдауын оқытып үйретеді. Ауызша аударма дегеніміз – ауызша айтылған
оратордың сөзін, ойын ауызша аудару. Ауызша аудармада сөзді қабылдау қысқа
уақытпен, біркелкілікпен ерекшеленеді.Аудармашының толық түсінуі ритмге,
паузаға және сөйлеу темпіне байланысты.
Синхрондық аудармада мәтіннің көлемі аударылатын бөліктің ұзақтығына
байланысты. Синхрондық аудармада қысқа сөздердің аудармасы жазбаша
аудармаға қарағанда көп болады. Ұзақ сөзді аудару барысында көлемі
теңестіріледі. Абзацты немесе мәтіннің ірі бөліктерін аударғанда синхрондық
аудармада өте қысқа түрде беріледі. Сондықтан да ауызша аударма теориясы
ерекше назарды сөздік қысқартуға береді.
Бұл тәсілдерді пайдаланудың өзіндік себептері бар. Біріншіден,
оратордың жылдам темпіне байланысты аудармашыға мәтіннің толық мазмұнын
аудару қиынға түседі. Екіншіден, аудармашылардың барлығы оратор секілді
сөйлей алмайды. Үшіншіден, жылдам аударылған мәтін көп жағдайда тиімсіз
және айтушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс тудыруы мүмкін.
Сөйлемді қысқарту ауызша аудармада оңай шаруалардан емес. Мұнда тек
қана кейбір бөліктерді тастап кету емес, сонымен қатар аударылатын
ақпараттың маңызды элементтерін сақтай отырып, қысқа түрде жеткізу.
Кейде айтылған ойда бірін-бірі толықтырып тұратын элементтер
кездеседі, осы элементтерді мәтіннің мағынасын сақтай отырып түсінуге
болады. Мысалы аудармашы мына сұрақты толықтай аударды дейік: Бұл жоспар
қай кезде жүзеге асырылады? Ол мынадай жауап қайтаруы керек: Бұл жоспардың
жүзеге асырылуы 1990 жылдан басталады, мұнда аудармашы қысқаша тоқсаныншы
деп аударуына болады.
Ауызша аударманың басты бөлігі – аудармада баламалықты оқытып-үйрету.
Ауызша аудармада жазбашамен салыстырғанда кейбір ақпаратты өткізіп алуымен
ерекшеленеді. Аудармашы мәтіндегі ақпараттардың орнына басқа ақпаратпен
алмастырып, түпнұсқаның мазмұнын өзгертуі мүмкін. Осыған орай тастап кетуге
мыналар жатады: 1) эпитеттегі мағынасыз сөздерді тастап кету; 2) мәтіндегі
басты және үлкен бірліктерді тастап кету, бұл аудармашының мәтіннің бөлігін
түсінбеуінен туындайды; 3) аудармада мәтінді қайтакезіндегі тастап кету; 4)
оратордың сөзінен қалып қою кезіндегі тастап кетулер.
Айтылған аударманың 2 түрлі классификациясы бір-біріне мүлдем сәйкес
келмейді. Теоретикалық жағынан мәтіннің қандай да түрі болмасын ауызша
немесе жазбаша аударыла алады. Практикалық жағынан мәтіннің кейбір
аударылмайтын бөліктеріне байланысты ауызша аудармада шектеулілік ұғымына
түсінік береді. Көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмайды, бірақ осы
шығармаларда жеке цитаталар ауызша аудармада синхронды немесе ілеспелі
түрде аударыла алады. Ауызша аудармада көркем-эстетикалық әсер беру аса
қиын міндет болып табылады.
Ілеспе аударма – халықаралық конференцияда аудиториядан оқшаулаған
кабинада отырып, сөз сөйленетін тілде бір рет қана айтылатын ауызша
хабарламаны сөз сөйлеушімен бір мезгілде екінші тілге аударуды жүзеге
асыратын ауызша аударманың түрі. Синхрон сөзі гректің syn (бірге) +
chronos (уақыт) деген сөздерінің біріктірілуінен алынған, екі немесе
бірнеше процесті олар өтіп жатқан кезде бір-біріне дәл сәйкестікте орындау
дегенді білдіреді. Зерттеушілердің ілеспе аударма процесінің ең мәнді
бөлігі аудармашының миында жүзеге асырылатындықтан оны тікелей байқау
мүмкін емес деп атап көрсетуі бұл саланы зерттеудің күрделілігін білдіреді.
Ілеспе аударманы коммуникативтік-қоғамдық саладағы сөйлеу қызметінің дербес
бір түрі ретінде қарауға болады.
Ілеспе аударма – бұл оратордың сөзінен кейін аударылатын ауызша
аударманың түрі. Аударылатын сөздің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: әдетте
20-30 минут немесе одан да көп. Бұл аударманың түрі аудармашыдан ұзақ
уақытқа созылатын түпнұсқадан аса маңызды сегменттерін есте сақтауды талап
етеді. Оратордың сөзінен кейін аудармашы есінде ұстаған ақпаратты аударуға
кіріседі, егер түпнұсқада айтылатын сөздің көлемі жоғарыласа, онда
аудармашы түпнұсқаның басты мазмұнын жазып алып, оны аудара бастайды.
Мысалы, сөйлемді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда Советтік Союзбен
достығымызды біз мақтан тұтамыз Аудармашы аударуды бастау үшін оратордан
бастауыш пен баяндауышты күтеді.
Ілеспе аударма ауызша аударманың ішіндегі ең жауаптысы және оның
бағыты қарапайым емес. Аударманың бұл түрі аудармашының арнайы және сирек
кездесетін дағдылары мен білімін, сонымен қатар үлкен тәжірибесін талап
етеді. Зерттеушілер (Л.Виссон, А.Ф.Ширяев, А.Д.Швейцер) ілеспе аударманы
сипаттағанда оның басты ерекшелігі ретінде сөз сөйлеу мен аударма тілінде
сөз тудырудың параллельді түрде жүзеге асырылуын атап көрсетеді. Бұл –
дұрыс пікір. Бірақ, біздің ойымызша ілеспе аударма бұдан әлдеқайда
күрделірек процесс. Ол аудармашының сөз сөйленетін тіл мен аударма
жасалатын тілдегі жеткілікті тілдік құзыретіне сүйенетін аудармасын ғана
емес, аударма жасау барысында қолданылатын амал-тәсілдерді, аудармашының
жиын барысында туындауы мүмкін экстремалдық жағдайларға психологиялық
тұрғыдан әзірлігін, ілеспе аудармашының бойында болуы керек қабілеттер мен
қасиеттер жиынтығын қамтиды.
Жазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа
және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы
бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл
аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің үзінділерін қайталап қарауына,
оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға
бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне
қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың
классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап,
аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден
жазбаша аударма деген атау шыққан).
Аударма түрлерінің екі негізгі сараланушы түрлері бар: аударылатын
мәтіндердің сипатына байланысты және аударма барысында аудармашының тілдік
әрекеттерінің сипатына байланысты.
Аудармашы жазбаша түрде аударғанда тіларалық өзгертулер немесе
түпнұсқаны еркін түрде аудару тәсілдерін қолданады. Сондықтан да ауызша
аудармамен салыстырғанда жазбаша аудармаға қойылатын талаптар өзгеше:
грамматика, стилистика және орфография жағынан мөлшері ойдағыдай болу
керек. Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы ерекше. Жазбаша
аударма келесі факторларға назар аудару керек:
1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарына
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz